Өтірікке шығару (такзиб)

ҮШІНШІ ЖАҒДАЙ:

Өтірікке шығару (такзиб)

Бұл – адамның Аллаһтың үкімдерін өтірік деп есептеп Аллаһтың түсіргеніне сәйкес басқарудан (билік құрудан) және шешім шығарудан бас тартуы.

Шариғаттың осы жағдайға қатысты үкімі: Ғалымдар бұл әрекет адамды кәпір ететініне және үлкен күпірліктің (куфруль акбар) санатына жататынына бір ауызды келісімде.

Дәлелдер:

Аллаһтың және Оның Елшісінің үкімдерін өтірік деп есептейтін адам кәпір болып табылады дегенге қатысты ғалымдардың бір ауызды пікірі.

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Егер олар: «Иман – жүрекпен мойындау немесе тілмен растау, немесе олардың екеуі де бірге», – десе, біз олардан: «Бұл мойындау жалпылама болып табылады ма, әлде нақтылаудың болуы қажет пе?» – деп сұраймыз. Мысалы, егер адам Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) – Аллаһтың елшісі екенін мойындаса, бірақ Аллаһтың сипаттаттарын білмесе, ол мүмін болып табылады ма? Егер олар: «Ол мүмін болып табылады», – десе, онда «Егер ол Аллаһтың сипаттары туралы білсе, бірақ оларды өтірік десе, ол ғалымдардың бір ауызды келісілген пікіріне сәйкес мүмін болып табылмайды», – деп айту керек болады».

Ол сондай-ақ былай деген: «Елшілер алып келген нәрселерді өтірік деп есептйтіннің әрбірі кәпір болып табылады».[1]

Бұл жағдаймен бес мәселе байланысты.

Бірінші мәселе:

Адам Аллаһтың түсіргеніне сәйкес басқаруды (билік құруды) және шешім шығаруды өтірік деп санап тұрғанынша кәпір болып табылады, тіпті егер оның өзі Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаратындардың (билік құратындардың) және шешім шығаратындардың қатарына жатпаса да.

Екінші мәселе:

Аллаһ Тағала былай деген: «Олар сені өтірікке санап отырған жоқ. Бірақ залымдар Аллаһтың аяттарына қарсы келуде[2].

Өтірікке шығарғаны үшін емес, олардың Аллаһтың аяттарын табанды түрде мойындамағаны үшін сөккені – екі ұғымның айырмашылығы да міне осыда. «Джухд» — бұл адамның Аллаһтың үкімдерін табанды түрде теріске шығаруы, бірақ жүрегінде олардың хақтығын мойындауы. Ал «такзиб» — бұл адамның Аллаһтың үкімдерін теріске шығарып қана қоймай, оларды жүрегімен өтірік деп санауы.

Үшінші мәселе:

Өтірік деп санау жүректің амалдарына жатады. Оның мәні – адам белгілі бір нәрсені сырттай көрінісімен өтірік деп есептеуі және осының өтірік екендігіне іштей сенуі.

Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Өтірік деп санағандықтың салдарынан болған күпірлік (куфр такзиб) – бұл Аллаһтың елшілерін өтірікшілер деп сену».[3]

Ал жүректің амалдарына жататын нәрселерді адамның өзі ішіндегісін білдірген кезде ғана білуге болады.[4]

Үшінші мәселе:

Байқауларға негізделген деректер харам нәрселерді істеп жатқан адам олардың харам екендігін өтірікке шығаратынына дәлел бола алмайды.[5]

Төртінші мәселе:

Кейде ғалымдар «такзиб» сөзін күнәхарлар туралы сөз етіп жатқанда қолданады, алайда онымен жүректің сенімін емес, харам нәрсенің істелгендігі фактісін ғана меңзейді. Бұл жайғдайларда адамның кәпір болып табылатындығы меңзелмейді. Бұл аталған жағдайда «такзиб» сөзі сөзбе-сөз мағынада қолданылмайды. Сондықтан оның нақты адамға қатысты қолданғандығы бізге оны кәпір деп есептеу үшін негіз бермейді (бола алмайды).


[1] Ибн Таймийя «Мәджму‘ әл-фәтауә», 2-том, 79-бет.

[2] «әл-Ән‘ам»сүресі, 33-бет.

[3] Ибн әл-Қайим «Мәдәридж әс-саликин», 1-том, 346-бет.

[4] Бірінші жағдайға тиісті түсіндірмені қараңыз.

[5] Бірінші жағдайға тиісті түсіндірмені қараңыз.