Қандайда-бір нәрсені Аллаһтың Шариғатынан абзал көру (тәфдыйль)

ТӨРТІНШІ ЖАҒДАЙ:

Қандайда-бір нәрсені Аллаһтың Шариғатынан абзал көруәфдыйль)

Бұл – адамның Аллаһтың Шариғатынан абзал бір нәрсе бар деп сеніп, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруы (билік құруы) және шешім шығаруы.

Бұл жағдайға қатысты Шариғаттың үкімі: Ғалымдар бұл әрекет адамды кәпір ететініне және үлкен күпірліктің (куфруль акбар) санатына жататынына бір ауызды келісімде.

Дәлелдер:

1. Осындай сенімге ие болған адам сонысымен Аллаһ Тағаланың мына сөздерін өтірік деп есептеген болады: «Олар жаһилиет дәуірінің үкімін іздей ме? Анық сенген ел үшін Аллаһтан жақсы үкім беруші кім?»[1] Аяттан ешкім Аллаһтың Шариғатынан жақсырақ ешнәрсе ұсына алмайтыны шығады.

2. Ғалымдардың бір ауызды пікірі. Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Кім Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарса (билік құрса) немесе шешім шығарса және осыны Аллаһтың Шариғатынан жақсырақ (абзал) деп санаса, сол кәпір болып табылады. Барлық мұсылмандардың бір ауызды пікірі осындай».[2]

Бұл жағдаймен төрт мәселе байланысты.

Бірінші мәселе:

Адам Аллаһтың Шариғатынан жақсырақ (абзал) қандайда-бір нәрсе бар деп сеніп тұрғанға дейін (тәфдыйль — تفضيل), ол кәпір болып табылады, тіпті егер оның өзі Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаратындардың (билік құратындардың) және шешім шығаратындардың қатарына кірмесе де.

Екінші мәселе:

Оның мәні – адамның бір істі өзге бір істен абзал көруі.[3] Бір нәрсені басқа бір нәрседен жақсырақ деп санау жүректің амалдарына жатады. Ал жүректің амалдарына жататын нәрселерді адамның өзі ішіндегісін білдірген кезде ғана білуге болады.[4]

Үшінші мәселе:

Байқаулардың нәтижесінде алынған деректер Аллаһтың Шариғатынан басқа бір нәрсені абзал көру (тәфдыйль) орын алып жатқанына дәлел бола алмайды.[5].

Төртінші мәселе:

Кейде ғалымдар «тәфдыйль» сөзін күнәхарлар туралы сөз етіп жатқанда, осымен Аллаһтан көре шайтанға бойұсынуды меңзеп айтады. Мұндай жағдайларда жасалып жатқан амалдарға қарау керек. Егер олармен жүректегі сенімдер байланысты болмаса, онда ғалымдар мұндай адамның күпірлігі туралы айтпайды. Осы жағдайда «тәфдыйль» сөзі кең мағынада қолданылады, сондықтан да оның нақты бір адамға қатысты қолданылғандығы бізге оны кәпір деп санауға негіз бермейді (болмайды).


[1] «әл-Мәидә» сүресі, 50-аят.

[2] Ибн Баз «әл-Фәтауә», 4-том, 416-бет.

[3] Бірінші жағдайға тиісті түсіндірмені қараңыз.

[4] «Истихләл» ұғымының түсіндірмесін қараңыз.

[5] «Истихләл» ұғымының түсіндірмесін қараңыз.