Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің жарылыстар және қопарушы әрекеттер жөніндегі шешімі

Бірінші тарау

Мұсылман және мұсылман емес мемлекеттеріндегі жарылыстар және қопарушы іс-әрекеттер туралы мәселеге байланысты  шешімге қатысты имамдардың берген жауаптары

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің

жарылыстар және қопарушы әрекеттер жөніндегі шешімі

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Тақуаларды соңында игілік күтеді, ал жауласуды тек қана залымдарға қатысты көрсету керек, және Қиямет күніне дейін Аллаһтың игілігі мен сәлемі Оның жаратқандарының ішіндегі ең абзалы болған Пайғамбарымыз Мухаммедке, оның отбасына, барлық сахабаларына және оның ең дұрыс болған жетекшілігінің арқасында тура жолға түскендердің барлығына болсын.

Хижра жыл санауы бойынша 1409 жылы, мухаррам айының 12- нен 18-дейін (1988 жылдың 24 тамызынан 30 тамызына дейін) ат-Таиф қаласында өткен Ең ірі ислам ғалымдарының  Комитеті Кеңесінің 32-сессия мәжілісі террористік актілердің орын алғандығы жөніндегі анықталған фактілері бойынша өткізілді. Бұл терактілердің салдарынан көп мұсылман және мұсылман емес мемлекеттерінде көптеген жазықсыз адамдар құрбан болды және қоғамдық мүліктің және қоғамдық мекемелердің жойылуы орын алды. Бұл келеңсіз уақиғаларға иманы пәс, немесе тіпті иманнан жұрдай, нәпсілерін дерт және жеккөрушілік жаулап алған адамдар жауапты.

Үйлерді жару, қоғамдық мүлікті өртеу, көпір мен туннельдерді жару, сондай-ақ, ұшақтарды жару немесе басып алу – қопарушылықтың осындай іс-әрекеттерінің мысалы  бола алады. Бірнеше алыс және жақын елдерде осындай қылмыстар жиілігендіктен және Сауд Арабиясы басқа да елдер сияқты осындай қопарушылық іс-әрекеттерінің объектісі болғандықтан, ең ірі ислам ғалымдарының Кеңесі, ол іс-әрекет зиян тигізу немесе қоғамдық тыныштықты бұзу мақсатымен, мейлі қоғамдық және үкіметтік мекемелерге қарсы бағытталсын, мейлі – басқа бір нәрселерге бағытталсын, қопарушылық іс-әрекетімен айналысатын адамдарға бұлтарғыш бастау бола алатын жазаны орнату мәселесін қарастыруды міндетті деп тапты.

Кеңес шариғат қағидалары жалпы алғанда бес міндетті нәрсені: атап айтқанда  – дінді, өмірді, ар-намысты, ақыл-есті және мүлікті қорғау және сақтау міндетіне қатысты екендігі туралы ғалымдардың нұсқауларымен танысты. Кеңес мұсылмандардың өміріне, ар-намысына және мал-мүлкіне қол сұғу қандай ұлы қауіптермен қаншылықты қатерлі екендігіне, сондай-ақ қопарушылық іс-әрекеті қоғамдық тыныштықтың бұзылуына, анархияға, бүлікке, мұсылмандарды үрейлендіруге және олардың мал-мүлкіне қауіп төнуіне әкелетіндігіне өзіне толық есеп береді.

Аллаһ Тағала, оған мадақтар болсын, жазаларды, олар арқылы қоғамдық және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін,  қолдануды заңдастырып, адамдардың дінін, денелерін, өмірлерін, ар-намысын, ақыл-есін және мал-мүлкін қорғады.  Аллаһтың мына сөздері осының түсіндірмесі болады: «Соның салдарынан Исраил ұрпақтарына: «Кім кісі өлтірмеген, немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған[1] біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен; және кім оны тірілтсе[2], барлық адамды тірілткенмен тең», – деп жаздық». (Мәида сүресі, 32-аят)

Аллаһ Тағала айтты: «Аллаһ және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы – өлтірілулері, не асылулары, яқи, қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері[3], немесе жерден айдалулары. Бұл – олардың дүниедегі жапасы. Және олар үшін Ахиретте ірі азап бар…» (Мәида сүресі, 33-аят)

Осы аяттарда аталған жазаларды қолдану қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз етуге және мұсылмандардың өмірі мен мал-мүлкіне қол сұғуға нәпсісі итермелеген кез келген адамды жүгендеуге кепілдеме береді.   Негізінде, ғалымдар  қалалардың ішінде соғыс әрекеттерін жүргізудің басқа жерлерде соғыс әрекеттерін жүргізуден ешбір айырмашылығы жоқ дейді, өйткені Аллаһ Тағала: «…және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің …», – деді.

Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол – өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді», – деді.  (Бақара сүресі, 204-205-аяттар).

Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Жер жүзі түзетілгеннен кейін[4] бүлікшілік қылмаңдар», – деп бұйырды. (Ағраф сүресі, 56-аят).

Ибн Касир, Аллаһ оны рахым етсін: «Аллаһ Тағала жер бетінде бұзақылық (жасауға) және ол (жер) түзетілгеннен кейін оған зиян тигізетін нәрселерді таратуға тыйым салады, өйткені, егер алғашында істер дұрыс бағытта жүрген болса, ал кейіннен барлығы бұзылған болса, бұл – Аллаһ құлдары үшін ең зиянды болып табылады, сөйтіп Аллаһ Тағала бұған тыйым салды» , – деді.

Әл-Куртуби [5]: «Аллаһ Тағала, Оған мадақтар болсын, түзетуден кейін қандай болса да, кез келген бұзақылық жасауға тыйым салды, және бұл (үкім) барлық (адамға) қатысты», – деді.

Жоғарыда баяндалғандарға негізделіп және жоғарыда аталған іс-әрекеттер материалдық немесе өзге де мүдделер үшін соғысып жатқандардың іс-әрекеттермен салыстырғанда қауіптірек болып табылатынындығына сүйеніп, өйткені, қопарушылық іс-әрекетімен айналысып жүрген адамдар қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға, мұсылман үмметін қиратуға, оның ақидасын жоюға және оны Раббымыз көрсеткен жолынан ауытқызуға ұмтылып жатқандығы себепті, Кеңес төмендегідей шешім шығарды:

  1. Егер адамның қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірген: үйлерді, мешіттерді, мектептерді, ауруханаларды, көпірлерді, қару қоймаларын, сумен қамтамасыз ету көздерін және мұнай құбырларын немесе ұшақтарды жару яки басып алу және соған ұқсас іс-әрекеттер арқылы өзге адамдардың өміріне және жеке немесе қоғамдық мүлікке қарсы қастандық жасау жолымен қопарушылық іс-әрекетімен айналысып жүргені, немесе жер бетінде бұзықтықты таратып жүргені шариғатқа сәйкес анықталса, осыған күнәлі адам өлім жазасына лайықты.

Бұған осындай әрекеттерді істеп жүргені үшін күнәлі адам өлім жазасына лайықты болады деген жоғарыда келтірілген Құранның аяттары және қопарушылық іс-әрекетімен айналысып жүрген адамдар үлкен қауіп төндіретіндігі және қарақшылардан да көп зиян әкелетіндігі нұсқау бола алады.

Жеке адамға ғана оны өлтіру немесе тонау арқылы қастандық жасаған қарақшыға Аллаһ осындай жазаны бекіткен болса, ал көптеген жазықсыз адамдарға қайғы-қасірет тигізетін террористер оған тіпті лайық.

  1. Бірінші тармақта айтылған жазаны қолданудан бұрын шариғат соттары, тергеу органдары және Жоғарғы сот тарапынан іске асатын дәлелдерді жинақтау жұмыстарын жүргізу қажет.  Бұл өз парызымызды толық өтеу үшін, абай болудың  қажетті іс-шараларын  орындау үшін және бұл мемлекет қылмыстарды тергеуге және оларға жаза белгілеуге  байланысты шариғат бекіткен барлық рәсімдерді ауытқымай ұстанатынын көрсету үшін қажет.
  2. Кеңес мұндай жазаның бекітілгендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялану қажет деп есептейді.

Аллаһтың игілігі мен сәлемі Оның құлы және елшісі – пайғамбарымыз Мухаммедке, оның отбасына және сахабаларына болсын.

Ең ірі ғалымдар комитетінің Кеңесі[6]


[1] Не көпқұдайшылдық, не қарақшылық, зорлық, қирату және сол сияқты қылмыстар айтылып тұр.

[2] Яғни оның өмірін сақтап қалады.

[3] Оң қолы мен сол аяғы айтылып тұр.

[4] Яғни адамдарға Аллаһтың елшілері жіберілгеннен кейін.

[5] Ибн Касир және Әл-Куртуби – Құранның  көпке әйгілі және көрнекті тәпсіршілері.

[6] Ислам фикхы қоғамының журналы, № 2, 181-бет. ,№ 148 – Шешім, 32-ші сессиясында қабылданған  24.08.1988 ж. (х. 12.01.1409 ж.)