Күпірлікке айыптау (такфир) – қауіпті есік

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз. Йә, Аллаһ, оған, оның отбасы мен сахабаларына, және Ақырет Күніне дейін оның жолы мен басшылығына ілескендердің барлығына рахметің мен игілігіңді сыйлай гөр!

Ал содан соң:

Ақиқатында, ең жақсы сөздер – бұл Аллаһтың Кітабы, ал ең жақсы жол – бұл Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын жолы). Ең жаман амалдар – бұл діндегі жаңалықтар, діндегі әрбір жаңалық – бидъат, әрбір бидъат – бұл адасушылық, ал әрбір адасушылық – Отта.

Шарттарды (шурут) орындамай күпірлікте айыптау және адамның Исламнан шығуына кедергі жасайтын жәйттарды (мәуәни’) назарға алмау ең ұлы күнәлардың қатарына жатады. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Мұсылманды күпірлікте айыптаған (адам) оны өлтірген (адам) сияқты!» әт-Табәрани. Хадис сахих. Қараңыз «Сахихуль-джәми’» 6269.

Имам әл-Қуртуби былай деген: “Такфир – оның алдына көптеген адамдар келіп, сүрінген қауіпті есік, ол есіктің алдында таңдаулылар ғана тоқтап, құтылды. Ал құтылумен не теңдесе алады!” “әл-Муфхим” 3/111.

Имам Ибн ‘Абидин былай дейтін: “Күпірлік – қауіпті нәрсе! Және егер мен муминнің күпірлікке түспейтініне бір ғана ақтау тапсам, оны күпірлікте айыптамаймын”. “Фәтауә-ссуғра” 4/224.

Хафиз Ибн ‘Абдуль-Бәрр былай деген: “Келіспеушілік жоқ болған нәрседен өзге нәрсенің негізінде күпірлікте айыптамау керек”. “әт-Тамхид” 17/22.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Күпірлікте айыптау нақты тұлғаның кейіпіне (жағдайына) байланысты ерекшеленуі мүмкін, өйткені, қате жасаған адамның әрбірі бидъатшы, немесе надан бола бермейді, және кез-келген адасушы да кәпір, бұзақы (фәсиқ), немесе тіпті жәй күнәһар да бола бермейді”. “Минһәджу-Ссуннә” 5/250.

Ибн Таймия сондай-ақ былай деген: «Мұсылманның ешқайсысына өзге мұсылманды, оған дәлел (хужжә) келтірмейінше, күпірлікте айыптауға рұқсат етілмейді, тіпті ол шын мағынасында қателескен болса да, немесе адасу жолына түскен болса да». “Мәджму’уль-фәтауә” 12/468.
Хафиз Ибн Хаджәр былай деген: “Кімнің Исламы айқын болса, ол одан сондай айқын дәлелдердің негізінде ғана болмаса, өзге жағдайда шықпайды”. “Фәтхуль-Бәри” 2/314.

Шейх Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уәххаб былай деп айтатын: «Менің жауларым мен туралы: «Ол өз тұжырымының негізінде ғана, немесе (адамды) кәпірлерге сүйіспеншілікте болғаны үшін күпірлікте айыптайды», не болмаса: «Ол дәлел жетпеген надан адамдарды күпірлікте айыптайды», – деп айтады. Мұның бәрі – адамдарды Аллаһ пен Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жолынан тайдыру үшін тағылған ұлы жала!» “Мәджму’у муәллифәт” 3/14.

Сондай-ақ, Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уаххаб былай деген: “Біз ешкімді ғалымдар бір ауызды келіскен нірседен өзге нәрседе күпірлікте айыптамаймыз, ал бұл – екі куәлік (лә иләһә иллә-Ллаһ, Мухаммад расулю-Ллаһ)”. Қараңыз “әд-Дурару-ссәния” 1/102.

Жоғарыда баяндалғандардың барлығы бізге күпірлікте айыптау (такфир) мәселесісінің салмақтылығына нұсқайды, оған сондай-ақ бұзақылықта (пасықтықта) айыптауды (тафсиқ) және дінге жаңалық енгізушілікте (бидъатшылықта) айыптауды (табдиъ) жатқызуға болады.

Суннетті ұстанушылар (әһлю-Суннә) күпірлік жасаған мұсылманды, оған оның амалы күпірлік (куфр) екендігі туралы дәлел ұсынылмайынша, кәпір деп атамайды. Ал дәлелді ұсыну құқығы адамның білімінің денгейіне байланысты.

Құран мен Сүннет әрекет пен оны жасаушының арасында айырмашылық жасайды, өйткені күпірлікті жасағанның әрбірі кәпірге айналмайды. Ал Исламның қандайда бір үкімін теріске шығарушы мен оған қате түсіндірме жасайтынның (тауиль) арасында айырмашылық бар, өйткені біріншісі, екіншісінен ерекше, кәпір болады.

Сондай-ақ, жалпы және жеке үкімнің (жағдайдың) арасында да айырмашылық бар, мысалы, «Құран жаратылған», – деп айтқан адам кәпір болады дегенге ғалымдардың бірауызды келісімі (иджмәъ) бар, бірақ, осыған қарамастан, осы сөзді бір нақты мұсылман айтса, онда бұл мәселені жеке қарастыру қажет болады, мұны шейхуль-Ислам Ибн Таймийя түсіндіргеніндей: «Мұсылмандардың кейбір әмірлері «Құран – жаратылған, және болашақ өмірде ешкім Аллаһты көрмейді» дейтін джәхмилердің айтатын нәрсесін айтатын. Олар осыны адамдардың арасында тарататын, және өзінің шақыруына жауап бермегендерді қинап жазалайтын, және өзіне ілеспегендерді күпірлікте айыптайтын. Біреуді тұтқынға алып, ол өздерінің Құран – жаратылған деген сенімдерін мойындамайынша босатпайтын. Олар өздерінің әкімдері етіп тек осыны мойындағандарды ғана тағайындайтын және тек осындай адамдарға ғана қазынадан көмек беретін. Осыған қарамастан, имам Әхмәд Аллаһтан оларға рақым етіуін және оларды кешіруін сұрайтын, өйткені, ол олардың өздері осынысымен Аллаһтың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен слемі болсын) қайшы келіп жатқанын түсінбейді деп есептейтін. Олар Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) алып келген нәрсесін тікелей жоққа шығармайтын, алайда, олар мәтіндерді қате тәпсірлейтін және өздерін осыған үйреткендерге соқыр түрде ілесетін”. “Мәджму‘уль-фәтауә” 3/229-231.

Шейх Ибн ‘Усаймин былай деген: «Көпқұдайшылдық, күпірлік, Аллаһтың қаһарын тудыратын нәрселерді жасаған біреуді мүшрик, кәпір, лағнеттелген деп айыптауға болмайды, өйткені бұл мәселеде үкім (хукм) шығарудың өзіндік шарттары (шурут) мен тыйымдары (мәуәниъ) бар. Біз өсім жеумен (әр-рибә) айналысушыға ол лағынеттелген деп айтпаймыз, өйткені оған Аллаһтың лағынетінің түсуіне білімсіздік, күмән секілді нәрселер кедергі болуы мүмкін. Көпқұдайшылдыққа да қатысты осылай. Біз көпқұдайшылдық (ширк) амалдарын жасап жүрген белгілі бір адамды мүшрик, деп айта алмаймыз, өйткені, сол жерді мекендейтін ғалымдардың салғарттықтарының себебінен, оған дәлел (ақиқат) жетпеген болуы мүмкін*. …Әруақтардан көмек сұрау көпқұдайшылдық болып табылады, алайда осындай амал жасап жүрген белгілі бір адамды, оған дәлелдің (ақиқаттың) жеткені толық айқын болмайынша, мүшрик деп атауға болмайды “әл-Қаулюль-муфид шәрх Китаби-ттаухид” 29-30.

* Егер шейх Ибн ‘Усәймин себеп ретінде адамдарға ақиқатты жеткізуде салғырттық көрсетіп жатқан ғалымдарды атап жатқан болса, онда ғалымдар мүлдем жоқ Ресей немесе Еуропа сияқты елдерінің мұсылмандары туралы не айтуға болады?!

Мұсылмандарды күпірлікте айыптау бидъаттарды жақтаушылардың өзгермейтін сипаты болып табылады.

Имам әл-Әсбәхани былай деп айтатын: “Әһлю-Суннә уәл-джәмә’а, бірін-бірі күпірлікте айыптайтын хауәридждер, рафидилер және қадариялар сияқты бидъаттың жақтаушыларынан ерекше, бірін-бірі күпірлікте айыптамайды! Егер олардың жетеуі бір мәжілісте бас қосса, онда бірін-бірі күпірлікте айыптауының себебімен міндетті түрде тарап кетеді. Олар – Аллаһ олар туралы: «Яхудилер: «Христиандар тура жолмен жүрмейді», – деді, ал христиандар: «Яхудилер тура жолмен жүрмейді», - деген яхудилер мен христиандар сияқты. (әл-Бақара; 113) “әл-Худджә” 2/255.

Такфир мәселесінде адамдар екі түрлі шекке шығушылыққа түсті.
Біреулер Аллаһ және Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кәпір деп атағандардың өзін, мысалы, яхудилер мен христиандарды, кәпір деп атауға қорқады. Ал өзгелері қарама-қайшы шекке шығып, өздерін осыған құқықты деп санап, мұсылмандарды күпірлікте айптай бастады. Жағдайдың жеткен шегі соншалықты – өзін және дүние жүзі бойынша бір неше адамдарды ғана мұсылман деп санайтындар пайда болды. Сондай-ақ, олар қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде Ислам жері (даруль-Ислам) жоқ деп санайды.

Хузәйфә Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Ақиқатында, мен сендер үшін Құранды оқитын және оның әдемілігі оның жүзінен байқалатын және Исламның қорғаушысына айналатын адамнан қорқамын. Кейін ол Құранды арқасына тастап қалдырады да, өзінің көршісіне қылыш алып тап береді және оны ширкте (көпқұдайшылықта) айыптайды». Хузәйфә: “Уа, Аллаһтың пайғамбары, олардың қайсысы көпқұдайшылдыққа жақын,айыптаушысы ма, әлде айыпталушысы ма?!” – деп сұрады. Ол: «Жоқ, айыптаушысы», – деді. әл-Бухари “әт-Тарих” 297, Ибн Хиббән 81. Хадистің сахихтығын имам әл-Хайсами, хафиз Ибн Кәсир және шейх әл-Әлбани растаған. Сондай-ақ, “әс-Сильсилә әс-сахиха” (3201) қараңыз.

Біз бүгінгі күні Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қорыққан нәрселер орындалып жатқанына куә болудамыз.

Қаншалықты жиі жағдайда ақиқатқа ілесіп жүргендер, дұрыс жасап жатырмын деп ойлап, өздерінің сенімдері мен әдістерін (мәнһәжін) толығымен өзгертіп жіберді!

Ақиқатқа ілесу – өте жақсы, бірақ бастысы – ақиқаттың үстінде жан тапсыру.

Аллаһ Тағала бізді Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) осы хадисте айтқан адамдардан болудан сақтасын. Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қорыққан нәрседен қорқу барлық мұсылмандарға мінМейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз. Йә, Аллаһ, оған, оның отбасы мен сахабаларына, және Ақырет Күніне дейін оның жолы мен басшылығына ілескендердің барлығына рахметің мен игілігіңді сыйлай гөр!

«Әд-да’уәту-ссаләфия» сериясы: 1-бөлім
«Ғалымдар және олардың Исламдағы орны»