Бұл – адамның Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруы (билік құруы) және шешім шығаруы және сонымен бірге жоғарыда аталған құбылыстардың ешқайсысының орын алмауы. Яғни адам осыны халәл деп тұрып алмайды (истихләл), жоққа шығармайды (джухд), өтірік деп санамайды (такзиб), Шариғаттан жақсырақ өзге қандайда-бір нәрсе бар деп айтпайды (тәфдыйль), басқа бір заңдар мен басқару жүйелерін Шариғатқа теңестірмейді (мусауә) және өзінің Шариғаттың негізінде үкім шығарып жатқандығын да айтпайды (тәбдийль).
Осы жағдайға қатысты Шариғаттың үкімі: кіші күпірлік (куфр әсғар). Басқаша айтқанда, бұл іс-әрекет (амал) адамды Исламнан шығармайды және оны кәпір етпейді.
Дәлелдер:
1. Өзінің басқаруында (билік құруында) немесе шешім шығаруында әділетсіздікке жол беруші адам осы себепті кәпір болмайды деген бір ауызды келісілген пікір. Ибн Абду-ль-Бәрр, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Басқарудағы (билік құрудағы) және шешім шығарудағы әділетсіздік (зұлымдық), егер адам осыны қасақана және істеп жатқаны туралы біліп істесе, ауыр (кабаир — كبائر) күнәларға жататындығына ғалымдар бір ауызды келіскен».[1] Ал әділетсіздікпен басқарушы (билік құрушы) және шешім шығарушы – Шариғаттың үкімін қандайда басқа үкіммен ауыстырушының өзі болып табылады және олардың арасында айырмашылық жоқ, өйткені ол Шариғаттың үкімін басқа үкіммен ауыстырғаннан кейін ғана залым болды.
2. Осы іс-әрекет адамды Исламнан шығаратын үлкен күпірлік (куфр акбар) болып табылатындығына дәлелдердің жоқ болуы. Алдын айтқанымыздай, белгілі бір бір ауызды келісілген пікірдің күшін біз тек басқа бір ауызды пікірмен жоя аламыз. Ал бізде алдын аталып кеткен, өз басқаруында (билік құруында) және шешім шығаруында әділетсіздікке жол беруші адам осы себепті кәпір болмайды деген бір ауызды келісілген пікір бар, бірақ оны Исламнан шыққан кәпір деп санауға мүмкіндік беретін бір ауызды келісілген пікір жоқ.
Бұл жағдаймен алты мәселе байланысты.
Бірінші мәселе:
«Тәбдийль» мен «истибдәл» — әр түрлі ұғымдар. Біріншіден, бұл ұғымдардың анықтамалары әртүрлі. «Тәбдийль» жасаушы адам қолданып жатқан үкімін Шариғат үкімі болып табылады деп айтады, бұл олай болмаса да. Ал «истибдәл» жасап жатқан адам мұндайды айтпайды.
Екіншіден, айырмашылық Шариғаттың осы ұғымдарға қатысты үкімдерінде де қамтылған. «Тәбдийль» жасаушы адам ғалымдардың бір ауызды келісілген пікірі бойынша кәпір болып табылады. Ал «истибдәл» жасаушы адамға келер болсақ, бізде оның кәпір болып табылатындығына дәлелдер жоқ.
Екінші мәселе:
Кім «истибдәл» жасаушы адамды кәпір деп есептесе, сол Аллаһтың түсіргеніне сәйкес басқаруды (билік құруды) және шешім шығаруды жәй қалдырған адамның әрбірін кәпір деп есептеуі қажет. Өйткені Шариғатпен бір мезгілде үкім ететін де етпейтін де, ал кейіннен шешім шығарғанда ешнәрсені басшылыққа алмайтын адамды елестету қиын! Сөйтіп, Шариғаттың үкімдерін қалдырған адам мен «истибдәл» жасаған адамның арасында айырмашылық жоқ.
Әһли-Суннәдан ешкім Аллаһтың түсіргеніне сәйкес басқаруды (билік құруды) және шешім шығаруды жәй қалдырған адамды кәпір деп есептемейді. Мұның үстіне, бұл Абдуллаһ ибн Шәқиқтың, Аллаһ оны рахым етсін, мына сөздеріне қайшы келеді: «Сахабалар қандайда-бір амалды қалдыруды күпірлік деп есептемейтін, намаздан басқа».[2]
Біреу: ««Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер!» [3] деген аяттан Аллаһтың түсіргеніне сәйкес үкім шығаруды қалдырған адам кәпір болып табылады деген келіп шықпайды ма?» – деп айтуы мүмкін. Біз оған былай деп жауап береміз: «Ия, аяттың сөзбе-сөз мағынасы осындай. Алайда Әһлю-Суннә бұл аятты сөзбе-сөз түсінбеу керек дегенге бір ауызды келіскен. Мұның үстіне, олар бұл аятты сөзбе-сөз түсінуді муътәзиләлар мен хауәридждерге айып ретінде тағады».
Әл-Әджурри, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Харурилер[4] ілесетін астарлы мағыналы (муташәбих — متشابه) аяттарға Аллаһ Тағаланың мына Сөздері жатады: «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер!»[5] Осы аятпен бірге олар әдетте: «Иман келтірмегендер Раббыларына өзгелерді теңейді»,[6] - деген аятты оқиды. Ақиқатқа сәйкес келмейтін шешімдерді шығарушы әмірді көріп, олар: «Ол кәпір! Ал кәпір болып табылатын (адам) Раббыға өзгелерді теңейді! Бұл жетекшілер – көпқұдайшылдар (мушриктер)!» – деп айтады. Сөйтіп олар сен көріп тұрған нәрселерді жасайды, өйткені олар осы аятқа (бұрыс) түсіндірме жасайды».[7]
Ибн Абду-ль-Барр, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: “Хауәридждер мен муътазиләлардан болған бидъаттардың жақтаушылары адасушылыққа түсті. Олар бұл деректерді күнахарлар кәпірлер болып табылатындығына дәлел ретінде келтіреді. Олар сондай-ақ дәлел ретінде Аллаһтың Кітабының сөзбе-сөз түсінуге болмайтын аяттарын келтіреді. Мысалы Аллаһ Тағаланың «Ал Аллаһтың түсіргеніне сәйкес үкім етпегендер, солар кәпірлер!» деген Сөздерін”.[8]
Әл-Қуртуби, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: ««Ал Аллаһтың түсіргеніне сәйкес үкім етпейтіндер кәпірлер болып табылады». Бұл аяттың сөзбе-сөз мағынасын дәлел ретінде күнәлар адамды кәпір етеді деп есептейтіндер, нақты айтқанда хауәридждер келтіреді. Алайда іс жүзінде бұл аят олардың айтып жатқандарының дәлелі болып табылмайды!»[9].
Әбу Хаййян әл-Әндалуси, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Хауәридждер осы аятты Аллаһқа мойынсұнбаған әрбір адам кәпір болады дегенге дәлел ретінде келтіреді. Олар: «Аяттан Аллаһтың түсіргенінен сәйкес шешім шығармайтынның әрбірі кәпір болып табылатындығы шығады», – деді. Ал күнә жасаушының әрбірі Аллаһтың түсіргеніне сәйкес шешім шығармайды және соның салдары ретінде кәпір болуы керек ғой».[10]
Мухаммад Рашид Рида, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: “Бұл аятты сөзбе-сөз түсіну қажет екендігі туралы бірде-бір танымал имам деп айтпаған. Бұдан қалса, осылай деп мүлде ешкім[11] айтпаған».[12]
Үшінші мәселе:
Кім «истибдәл» жасаушыны кәпір деп санаса, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаратынның (билік құратынның) және шешім шығаратының әрбірін кәпір деп есептеуі қажет. Ал ғалымдар бұл олай емес екендігіне бір ауызды келіскен. Ендеше осы пікірді жақтаушылардың тұжырымдамаларын екі фактімен теріске шығаруға болады.
1. Өзінің басқаруында (билік құруында) немесе шешім шығаруында әділетсіздікке жол беруші адам осы себепті кәпір болмайды деген бір ауызды келісілген пікір. Ибн Абду-ль-Бәрр, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Басқарудағы (билік құрудағы) және шешім шығарудағы әділетсіздік (зұлымдық), егер адам осыны қасақана және істеп жатқаны туралы біліп істесе, ауыр (кабаир — كبائر) күнәларға жататындығына ғалымдар бір ауызды келіскен».[13]
2. Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаратынның (билік құраттынның) немесе шешім шығаратынның әрбірі Шариғаттың үкімдерін өзге үкімдермен ауыстырады, яғни «истибдәл» жасайды.
Төртінші мәселе:
Кім «истибдәл» жасаушыны кәпір деп есептесе, күнә жасаушыларды да кәпірлер деп санауы қажет, өйткені Аллаһқа мойынсұнбаған адам Оның үкімдерін өзге үкімдермен ауыстырады, ал Әһлю-Суннә күнәлар адамды кәпір етпейді дегенге бір ауызды келісімде. Күнәлар – өз әуес-қалауларыңа және Шайтанның уәс-уәстарына еру.
Ибн Хазм, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп жазатын: «Аллаһ Тағала былай деген: «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер». Ол сондай-ақ былай деген: «Және кім Аллаһ түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар». Ол сондай-ақ былай деген: «Кім Аллаһтың нұсқауымен үкім етпесе, міне солар бұзақылар».[14] Сөйтіп, муътазиләлар әрбір күнәхарды, жәбірлеушіні және бұзақыны кәпір деп жариялауы қажет, өйткені олардың әрбірі Аллаһтың түсіргеніне сәйкес шешім шығармайды».[15]
Бесінші мәселе:
Кейбір құрметті ғалымдар егер адам бүкіл Шариғатты түгелімен басқа үкімдермен ауыстырса ол кәпір болады деп есептейді. Олар мұны үлкен күпірлік (куфр акбар) дейді. Алайда бұл тұжырым орынсыз, өйткені бізде Шариғаттың бір үкімін басқа үкіммен ауыстырудың және Шариғаттың бірнеше үкімдерін басқа үкімдермен ауыстырудың арасында айырмашылық бар дегенге дәлел жоқ. Біз күпірлікті немесе күпірліктің жоқтығын бізде шариғи дәлелдері жоқ нәрселермен байланыстыра алмаймыз. Әрине, бүкіл Шариғатты басқа үкімдермен ауыстырған адам, оның кейбір үкімдерін ғана басқа үкімдермен ауыстырған адамға қарағанда, ауырлау қылмыс жасайды. Алайда біз қылмыстың ауырлығы туралы емес, адам кәпір болады ма – сол туралы айтып тұрмыз, ал бұл сұраққа жауап беру үшін шариғи дәлелдерге ие болу қажет.
Егер Шариғатты басқа үкімдермен ауыстырған адам кәпір болады деп жорамал жасасақ, онда Шариғаттың жартысын ауыстырған адам туралы біз не айтуымыз қажет? Ал ол үштен бір бөлігін ауыстырса ше? Ал төрттен бір бөлігін ауыстырса, ол кім болады? Егер біз аталған жағдайларда адам кәпір болып табылады деп айтсақ, бұл осы пікірді жақтаушылар ұсынған негізге, яғни адамның Шариғатты түгел ауыстыруы оны кәпір етеді дегенге қайшы болады. Ал егер біз аталған жағдайларда адам кәпір болмайды десек, онда бұл ақылмен және парасатты санамен келіспейтін тұжырым болады.
Біз бүкіл Шариғаттың басқа үкімдермен ауыстырылуы орын алды ма, әлде ауыстырылуға тек оның қандайда-бір бөлігі ұшырады ма – мұны нақты (дәл) анықтай алмаймыз. Сондай-ақ біз бүкіл Шариғатты басқа үкімдермен ауыстыруды үлкен күпірлік (куфр акбар) деп есептейтіндердің пікірінінің негізінде адамдарды күпірлікте айыптай алмаймыз, қазір мұсылман мемлекеттерінде Шариғатпен басқармаса да (билік құрмаса да), Шариғат үкімдерінің белгілі бір саны аз болса да, бәрібір орындалуда. Сөйтіп, күпірлікте айыптау үшін сылтау да, яғни бүкіл Шариғатты басқа үкімдермен ауыстыру жоқ.
Алтыншы мәселе:
Аталған жағдайда адам кәпір болады деп есептейтін кейбір құрметке ие ғалымдар дәлел ретінде адамның жүрегіндегісінің оның амалдарымен Әһлю-Суннә тарапынан мойындалатын өзара байланыстылығын келтіреді. Алайда іс жүзінде бұл өзара байланыстылық екі себеппен дәлел ретінде қолданыла алмайды.
1. Ол олар осыны пайдаланып дәлелдеуге тырысатын нәрсеге нұсқау болмайды.
2. Дәлел ретінде келіспеушілік туғызған нәрсенің өзі келтіріледі.
Әһлю-Суннәның сенімдеріне сәйкес адамның амалдары оның жүрегіндегісіне сәйкес келеді. Яғни ізгі (салиқалы) жүрек адамның амалдарын салиқалы етеді, ал бұзақы жүрек оның амалдарын бұзақы етеді.
Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Жүрек негіз болып табылады. Егер жүректе білім және қалау болса, ол міндетті түрде денеге жеткізіледі және дене жүрек қаламаған нәрсені істей алмайды. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, денеде бір кесім ет бар, егер ол жақсы болса – бүкіл дене де жақсы болады, ал егер ол бұзылған болса – ол бүкіл денені де бұзады, ал бұл – жүрек», - деген.[16]. Ал егер жүрек білімнің және жүректің ізгі амалдарының себебімен салиқалы болса, онда мұның міндетті түрдегі салдары – иманға сәйкес келетін игі сөздер мен амалдарда көрініс табатын дененің салиқалылығы болады. Хадис білімдарлары болған имамдар былай деп айтқандарындай: сөздер мен амалдар – ішкі (жасырын) және сыртқы (айқын) сөздер, ішкі (жасырын) және сыртқы (айқын) амалдар. Сыртқы ішкінің ізінен ілеседі және онымен ажырамас байланыста болады. Егер іште салиқалылық болса, онда адам сырттай да салиқалы болады. Ал егер іште бұзақылық болса, онда адам сырттай да бұзақы болады».[17]
Аталған негізден шыға келе біз: «Ешбір күмәнсіз, бүкіл Шариғатты басқа үкімдермен ауыстырған адамның ішінде оның жаман амалына сәйкес болған бұзақылық бар. Алайда біздің міндетіміз – ішкі бұзақылықтың көрінісі болған осы сыртқы бұзақылықты бағалау және ол өз иесін үлкен күпірлікке дейін алып барды ма әлде жоқ па – соны анықтау», – дейміз.
Ал бұл сұраққа жауап беру үшін біз олардың көмегімен адамның сыртқы, яғни айқын амалдары туралы тұжырым жасайтын және біз атап кеткен өзара байланыстылық туралы ережеге ешқандай қатысы жоқ өзге шариғи дәлелдерге жүгінуіміз керек.
Қарсылас: «Бұл адамның сыртқы амалдары үлкен күпірлікке (куфр акбар) нұсқап тұр», – деп мәлімдеуі мүмкін.
Біз оған: «Ал оның амалдарының дәл осы мөлшері оны кәпір етуге және Исламнан шығаруға жеткілікті болды дегенге дәлел қайда?» – дейміз.
Егер ол дәлел ретінде ішкі мен сыртқының, яғни адамның жүрегіндегісінің оның амалдарымен өзара байланысы туралы бұлжымас қағиданы келтірсе, онда бұл оның дәлел ретінде келіспеушік туғызған нәрсенің өзін және ол соны пайдаланып дәлелдеуге тырысатын нәрсеге нұсқау болмайтын дәйекті қолдануға талпынып жатқандығын білдіреді. Осыдан егер мұндай адам өзінің тұжырымында табанды түрде тұрып алса, ол басқа дәлел келтіруі қажеттілігі келіп шығады, өйткені оның бұл дәйегі негізсіз.
Айтылғанды жақсырақ түсінуге көмектесетін мысал келтірейік. Егер біз жолдарда қарақшылық жасаумен айналысатын адамға қарасақ, ол мұны тек оның иманында бір бұзылғандық бар болғандықтан, яғни иманы толыққанды болмағандығынан істейтінін байқаймыз. Және ол осы күнәға тереңдеп батқан сайын, бұл бұзылғандық салмақты бола береді. Алайда біз осы бұзылғандықтың дәрежесіне немесе күнәның ауырлығына қарап осы адамның кәпір болғандығы немесе болмағандығы жайлы тұжырым (үкім) жасай аламыз ба? Жоқ. Біз басқа шариғи дәлелдерге жүгінуіміз қажет. Ал олар: қарақшылық күнә болып табылады, бірақ адамды кәпір етпейді – деп айтады. Бұл күнә адамның иманын толыққанды емес етеді, бірақ оны одан тартып алмайды.
Тағы бір түсіндіруші мысал. Әһлю-Суннәның арасында зинақорлық адамды кәпір етпейді, тіпті ол оны мың рет жасаса да дегенге келіспеушілік жоқ. Адам бұл күнәні қаншалықты көп қайталаған сайын оның ішкі бұзақылығы да көп болады. Бірақ ол осы көбеюден кәпір болады ма?… Мұндай адам кәпір болып табылады ма, әлде жоқ па – біз мұны адамның жүрегіндегісінің оның амалдарымен өзара байланысы туралы бұлжымас қағидадан басқа шариғи дәлелдерге жүгіну арқылы ғана біле аламыз.
Бұл мәселені түсіндіруді шейх әл-Әлбәнидің Аллаһ Тағаланың «Ал кім Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпесе, міне солар кәпірлер» - деген аятына жасаған түсіндірмесімен аяқтағым келеді: “Кім Аллаһ Тағаланың шариғатына иман келтіріп, ол кез-келген уақытқа және кез-келген орынға тура келеді деп есептесе, алайда сонымен бірге өзі Шариғатты толық немесе жартылай болсын басшылыққа алмаса, мұндай адамға қатысты да осы аят белгілі мөлшерде күшке ие болады. Алайда ол оны Исламнан шығармайтын дәрежеде күшке ие болады».[18]
[1] Ибн Абду-ль-Бәрр «Әт-тамхид», 16-том, 358-бет.
[2] Бұл хадисті әт-Тирмизи және әл-Хаким, сондай-ақ әл-Мәруәзи «Та‘зым кәдар ас-саләт» еңбегінде келтіреді. әл-Хаким оны әл-Бухари мен Муслимнің талаптарына сәйкес келетін сахих хадис деді, ал әз-Захаби онымен келісті. әл-Әлбани де «Сахих әт-тарғиб»-те (хадис № 564) оны сахих деді.
[3] «әл-Мәидә» сүресі, 44-аят.
[4] Яғни Ирактағы Харура деген жерге жиналып, халифа Али ибн Әбу Талибты, Аллаһ оған разы болсын, діннен шыққан деп есептеген ертедегі хауәридждер. Редакцияның ескертпесі.
[5] «әл-Мәидә» сүресі, 44-аят.
[6] «әл-Ән‘ам» сүресі, 1-аят.
[7] Әл-Әджурри «әш-Шәри‘а», 44-бет.
[8] Ибн Абду-ль-Бәрр, «әт-Тамхид», 16-том, 312-бет.
[9] Әл-Қуртуби «әл-Муфхим», 5-том, 117-бет.
[10] Әбу Хаййян әл-Әндалуси, «Әл-бәхр әл-мухит», 3-том, 493-бет.
[11] Оның: “Бұдан қалса, осылай деп мүлде ешкім айтпаған», - деген сөзін екі мағынада түсінуге болады: не ол хауәридждердің пікіріне қайшы келмей, Әһлю-Суннәның пікірін жеткізуде, не болмаса кіші және үлкен күнәлар аяттың жалпы мағынасына кіреді, ал хауәридждер тек үлкен күнәлар үшін күпірлікте айыптайды дегенді меңзеп тұр.
[12] Мухаммәд Рашид Рида «Тафсир әл-мәнәр», 6-том, 336-бет.
[13] Ибн Абду-ль-Бәрр «Әт-тамхид», 16-том, 358-бет.
[14] «әл-Мәида» сүресі, 44, 45, 47-аяттар.
[15] Ибн Хазм «әл-Фәсль», 3-том, 278-бет.
[16] әл-Бухари «Краткое изложение на русском языке», № 48-хадис.
[17] Ибн Таймийя «Мәджму‘ әл-Фәтауә», 7-том, 187-бет.
[18] Әл-Әлбәни «Сильсиләт әл-һудә уән-нур». Кәссета 218.