Ислам әлемі мәртебелі Меккеде 10.07.1989 ж. (х. 07.12.1409 ж.) дүйсенбі күні кешкісін орын алған жарылысқа байланысты болған келеңсіз уақиғаны қатаң айыптады. Барша мұсылмандар мұны аса ауыр және жиіркенішті қылмыс деп санайды, өйткені ол Аллаһтың қасиетті Үйіне келген қажыларға үрей салу әрекеті, қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, қасиетті аймақтарда жүріп-тұру ережелеріне қатысты тыйымдарды бұзу, және Аллаһтың құлдарына қатысты зұлымдықтың көрінісі болды. Аллаһ Тағала Меккені Ақырет күніне дейін қасиетті аймақ деп жариялады, және мұсылмандардың өміріне, ар-намысына және мүлкіне қол сұғуға Ақырет күніне дейін тыйым салды. Ол бұл тыйымдардың бұзылуын өте үлкен қылмыс және аса үлкен күнә деп жариялады да, Меккеде осығанған ұқсас бір нәрсе жасауға ниет еткен адамға қорлаушы азап тартқызатындығы туралы қорқытып айтты.
Мысалы, Аллаһ Тағала былай деді:
«…және кім бұл Мешітте зұлымдықпен жолдан шығуды қаласа[1], оған жан түршігерлік азаптың дәмін таттырамыз». (Хаж сүресі, 25-аят)
Ал қорлаушы азап қасиетті аймақта жаман бір-нәрсе істеуді қалаған әрбір адамға уәде етілген болса, мұны іс жүзінде істеген адам туралы не айтуға болады? Мұндай қылмыс ауырлау болатындығы және қорлаушы азапқа лайықтырақ екендігі – анық. Аллаһтың Елшісі (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз үмметінің мүшелерін зұлымдық танытудан сақтануды қатаң ескерткен, бұл жөнінде көптеген хадистерде баяндалады.
Осындай ескертудің бірі болып Аллаһтың Елшісі өзінің қоштасу қажылығында мұсылмандарға берген түсіндірмесі табылады. Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі:
«Ақиқатында, сендердің өмірлерің, мал-мүліктерің және ар-намыстарың тура осы айдағы, тура осы қаладағы, тура осы күндей қасиетті (болуы керек). Мен (осыны сендерге) жеткіздім ба?»
Бұған сахабалар былай деп жауап берді:
«Сен жеткіздің, және (өзіңе жүктелгенді) орындадың, және (үмметіңе) игі насихат бердің деп күәлік береміз».
Содан соң Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Я, Аллаһ, күәгер бол, я, Аллаһ, күәгер бол!» – деп қайта-қайта айтып, саусағымен бірде аспанға, бірде жерге көрсете берді. әл-Бухари «Сахих», №1741 хадис; Муслим «Сахихы», №1679 хадис.
Жарылғыш заттарды қолданып Аллаһтың қасиетті Үйінің қасында жасалған бұл жиіркенішті қылмыс аса ауыр қылмыстар және аса үлкен күнәлар қатарына жатады. Бұған Аллаһқа және Ақырет Күніне иман келтірген адам бара алмас еді, ал мұндай қылмысты Исламды, мұсылмандарды, және Аллаһтың қасиетті Үйіне қарай бет алған қажыларды жек көретін кімсе ғана жасай алалады. Ол қандай ұлы зиянға ұшырады және қандай ауыр қылмыс жасады!
Біз Аллаһтан бұл қылмыскердің жаман пиғылды амалдарын өзіне қарсы бұруын, оны өз руластары арасында масқара қылуын және Екі қасиетті Мешіттердің Қызметкерінің Үкіметіне айыптыны табуға және Оны Аллаһ белгілеп қойған жазаға тартуға көмектесуін жалбарынып сұраймыз, өйткені бұл – Аллаһқа тәуелді және Ол мұны істей алады.
Пайғамбарымыз Мухаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.
Абд әл-Азиз бин Абдуллах Ибн Баз,
Ислам әлемі Лигасының Бас Хатшысы,
Сауд Арабиясы Корольдігінің ғылыми зерттеулер,
пәтуалар, Ислам шақыруы және бағдарлауы
бойынша Басқармаларының Бас директоры[2]
[2] Шейх Абд әл-Азиз Ибн Баздың, Аллаһ оған рахым етсін, пәтуалары мен мақалаларының жинағы.