Эльмир Кулиевтің «Құран мен Сүннет әмірлерге мойынсыну туралы» атты кітабын жариялауды аяқтаймыз.
Араб елдерінде тараған Исламдағы қауіпті адасқан ағымдардың бірі – бұл хауәриждік. Оған ілесушілер күнә жасаушылардың және олардың көзқарастарына қосылмайтындардың барлығын кәпір дейді. Олар өздеріне басқалардың өміріне, ар-намысына және мал-мүлкіне қол сұғуына рұқсат етілген деп есептейді және күнәхарлар, тіпті егер олар Аллаһқа серік қоспаса да, Тозақта мәңгі болады деп сенеді. Олар өздерінің көзқарастарына қайшы келетін көптеген хадистерді тәрк етеді және әмірлер оларды қанағаттандырмаса, адамдарды оларға қарсы көтеріліске шақырады.
Хауәридждер бұрын да Исламдағы ең үлкен қасіреттердің себепкерлері болды және қазір де оның абыройына нұқсан келтіруде.
Дәл солар халифа Усмән ибн Аффәнның өліміне және мұсылмандардың арасында соған байланысты пайда болған келіспеушіліктерге айыпты болды.
Дәл солар халифа Алидің билік құру тұсында мұсылмандар арасындағы соғыстарды араңдатты. Дәл солар халифа Али ибн Әбу Талибті күпірлікте айыптап, намаздың үстінде өлтірді.
Бүгін олар терроризммен айналысып, әйелдер мен балаларды өлтіріп жүр, ал Құран мұндай іс-әрекеттерге тыйым салады. Аллаһ Тағала былай деді:
«Аллаһ дін жайында сендермен соғыспаған және елдеріңнен қуып шығармағандарға жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Расында Аллаһ әділ болғандарды жақсы көреді». (әл-Мумтәхинә 60:8).
Олардың кесірлі көзқарастары қасиетті Құран мен Пайғамбардың Сүннеттінің іліміне сәйкес келмейді, бірақ осыған қарамастан, олар шынайы мұсылман деп тек өздерін ғана есептейді. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) осындай адамдардың пайда болуын және біз үшін олардың кейбір сипаттарын суреттеп берген.
Бірде, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) адамдардың арасында алтын бөліп жатқан кезде, оған бір адам келіп: «Уа, Мухаммад, Аллаһтан қорықсайшы!» – деді. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Мен Аллаһқа бағынбағанда – кім бағынады? Маған жерді мекендеушілердің барлығы сеніп тапсырылды, ал сендер маған сенбейсіңдер ме?» – деді. Кейін ол: «Міне осындай адамдардан Құранды оқитын, бірақ ол кеңірдектерінен әрі өтпейтін халық шығады. Олар мұсылмандарды өлтіретін және көпқұдайшылдарды шақыратын болады. Олар, жебе аңды тесіп өткен сияқты, Исламнан шығып кетеді. Егер сендер оларды көріп үлгерсеңдер, кезінде ‘Ад тайпасы өлтірілген сияқты, оларды өлтіріңдер». (әл-Бухари және Муслим).
Әбу Са‘ид әл-Худри Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Менің үмметімде намазды сондай орындайтын және оразаны сондай ұстайтын адамдар пайда болады, сендер өздеріңнің намаздарыңды, оразаларыңды және барлық игі амалдарыңды олармен салыстырғанда болмашы деп есептейсіңдер. Олар Құранды оқиды, алайда ол кеңірдектерінен әрі өтпейді. Олар діннен, жебе аңды тесіп өтетіндей етіп шығып кетеді». (әл-Бухари және Муслим).
Али ибн Әбу Талиб Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Ақырзаман жақындаған кезде тістері майда және ақылы қысқа адамдар пайда болады. Олар өте әдемі сөздер айтады. Олар Құранды оқиды, бірақ ол кеңірдектерінен әрі өтпейді. Олар діннен, жебе аңды тесіп өткен сияқты шығып кетеді. Егер сендер оларды кездестірсеңдер, өлтіріңдер, өйткені оларды өлтірген Аллаһтан Қиямет Күні сый алады». (әл-Бухари және Муслим).
Мұсылмандар осыны естен шығармауы және осы сияқты адасқан ағымдардан қашықтау қажет. Ислам – бұл жер бетіне бейбітшілік және бірлік алып келуге мақсатталған дін. Ол әмбебап және барлық замандар мен халықтарға сәйкес келеді. Оның тағдыры белгіленген және бұлтартпас: ол басқа барлық діндердің, соның ішінде бұзақы адамдардың қолынан бұрмаланған иудаизм мен христиандықтың да, жалған екендігін әшкерелейді. Аллаһ Тағала былай деді:
«Ақиқат келді. Жалған нәрселер жойылды. Сөзсіз, жалған нәрселер жойылады». (әл-Исра 17:81).
Сондықтан да жүректерін өшпенділік жайлағандардың барлығы Исламға дұшпандықпен қарайды. Олар надан мұсылмандардың терроризмге жүгінуін пайдаланады да, Исламды бүкіл дүние жүзіне дәл осылай деп көрсетуге тырысады.
Барша мүміндердің міндеті болып адамзатқа шынайы ақиқатты жеткізу табылады. Ал ол – Ислам хауәридждердің көзқарастарына қатыссыз екендігінде.
Біздің дініміз адамдарға бұл дүниеде де, болашақ өмірде де жетістікке жеткізетін Раббыларының жолына түсуге көмектесу үшін түсірілген. Ол ізгілік пен адамгершіліктің заңдарына негізделген, мүміндерді Аллаһқа және салиқалы әмірлерге бағынуға үйретеді, мұсылман халықтарын өзара түсінушілікке және келісімге жетелейді.
Исламның шынайы келбеті осындай, ал оның дұшпандарының кір қолдары оны ешқашан ластай алмайды.
Жылдар өтер, бір ұрпақтардың орнына өзгелері келер, бірақ олар әр кезде адамдар және Раббысының құлдары болып қала береді. Сондықтан да, олар Оның Жоғарғы басшылығына үнемі мұқтаж болады. Тек соны ұстанып ғана олар ұлы жауыздықтан құтыла алады және игілікке қол жеткізеді. Аллаһ бізді осы тура жолға салсын және Өзінің сынақты жолдарынан аман-есен өтуге көмектессін!
Және соңында да Әлемдердің Раббысы – Аллаһты мадақтаймыз!
Эльмир Кулиев
Алынған көзі: salaf-forum.ru