Табанды түрде мойындамау (джухд)

ЕКІНШІ ЖАҒДАЙ:

Табанды түрде мойындамау (джухд)

Бұл – адамның Аллаһтың үкімін табанды түрде мойындамауы себепті Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруы (билік құруы) немесе шешім шығаруы.

Бұл жағдайға қатысты шариғат үкімі: бұл амал адамды кәпір етеді және үлкен күпірлік (куфр акбар) санатына жататынына ғалымдар бір ауызды келісімде.

Дәлелдер:

1. Әһли-Суннәның «Аллаһтың дінінен қандайда бір нәрсені мойындамаған адам кәпір болып табылады» деген бір ауызды пікірі. Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Аллаһ оны міндеттеген нәрселерден қайсысын болса да табанды түрде мойындамайтын адамға қатысты Шариғат үкімі осындай… Мұндай адам кәпір және діннен шыққан (муртад) болып табылады… Ғалымдардың бір ауызды пікірі осындай».[1]

2. Аллаһтың түсіргеніне сәйкес басқарудың (билік құрудың) және шешім шығарудың міндетті екендігін мойындамайтын адам кәпір болып табыладытындығы туралы Әһлю-Суннәның бір ауызды пікірі. Мухаммад ибн Ибраһим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл жөнінде ғалымдар арасында келіспеушілік жоқ… Мұндай адам Исламнан шыққан кәпір болады».[2]

Бұл жағдаймен төрт мәселе байланысты.

Бірінші мәселе:

Адам Аллаһ түсіргеніне сәйкес басқарудың (билік құрудың) және шешім шығарудың міндеттілігін мойындамаса, кәпір болады, тіпті оның өзі Аллаһ түсіргеніне сәйкес емес басқаратындардың (билік құратындардың) және шешім шығаратындардың қатарында болмаса да.

Екінші мәселе:

Мойындамау жүректің амалдарына жатады. Мойындамаудың мәні – адамның өз жүрегімен мойындаған нәрсесін сырттай мойындамауы. Аллаһ Тағала былай деген: «Олар мұғжизаларға көңілдері сенген бола тұра, зұлымдықпен және менмендікпен қарсы шықты».[3] Бұл аят мойындамаушы адам өзі сырттай мойындамай тұрған нәрсесін жүрегімен мойындап тұрған болуы мүмкін екендігіне нұсқайды.

Әр-Рағиб әл-Әсфахани, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «“Джухд” — бұл адамның оның жүрегі растайтын нәрсені мойындамауы, сондай-ақ оның жүрегі мойындамайтын нәрсені растауы»[4].

Әл-Фәйрузабәди, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «“Джәхада” — (мойындамайтын нәрсе туралы) білімге ие бола тұра, мойындамау».[5]

Мойындамау жүректің амалдарына жатады. Ал жүректің амалдарына жататын нәрселерді тек адамның өзі өзінің ішіндегісін білдірген кезде ғана білуге болады.[6]

Үшінші мәселе:

Байқауларға негізделген деректер харам нәрселерді істеп жатқан адам олардың харам екендігін мойындамайтынына дәлел бола алмайды.[7]

Төртінші мәселе:

Кейде ғалымдар «джухд» сөзін күнәхарлар туралы айтып жатып қолданады, алайда онымен жүректің сенімін емес, харам нәрсенің істелгендігі фактісін ғана меңзейді. Бұл жайғдайларда адамның кәпір болып табылатындығы меңзелмейді. Бұл аталған жағдайда «джухд» сөзі сөзбе-сөз мағынада қолданылмайды. Сондықтан оның нақты адамға қатысты қолданғандығы бізге оны кәпір деп есептеу үшін негіз бермейді (бола алмайды).


[1] Абдуль-Азиз ибн Баз «әл-Фәтауә», 7-том, 78-бет.

[2] Мухаммәд ибн Ибраһим «Тахқим әл-қауәнин», 14-бет.

[3] «ән-Нәмл» сүресі, 14-аят.

[4] Әр-Рағиб әл-Әсфәхани, «Әл-муфрадат», 95-бет.

[5] Әл-Файрузабәди «Әл-қамус әл-мухит», 1-том, 389-бет.

[6] Бірінші жағдайға тиісті түсіндірмені қараңыз.

[7] Бірінші жағдайға тиісті түсіндірмені қараңыз.