Мейрімді Рахымды Аллаһтың атымен!
Аллаһтың рұқсатымен сайтымыздың оқырмандары үшін Бәндар ибн Нәйиф әл-Утәйбидің «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару» тақырыбындағы ғылыми-ағартушылық пікірталас» атты кітабын жариялауды бастаймыз. Аталмыш кітапқа шейх Ибн Усәйминнің адамдарды күпірлікте айыптау (такфир) мәселесі бойынша кейінгі, бұрын жарияланбаған пәтуасы қоса басылған. Кітапқа алғысөзді Пәтуалар бойынша Тұрақты Комитеттің және Ең ірі мұсылман ғалымдары Ассоциациясының мүшесі Мухаммад ибн Хасан Әл Шейх жазған. Кітап 2010-жылғы бірінші орысша басылымнан аударылуда.
Назарларыңызға бұл еңбекке жазылған алғысөзді және автордың кіріспесін ұсынамыз және Аллаһтан осы кітапты өзімізге әрі барша мұсылмандарға пайдалы етуін сұраймыз.
Мейірімді және (мұсылмандарға) Рахымды Аллаһтың атымен!
Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ екендігіне куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.
Қадірменді оқырманның назарына ұсынылып жатқан «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару» атты кітап алғаш рет орыс (қазақ) тілінде жарияланып жатыр. Оның авторы – шейх Бәндар ибн Нәйиф әл-Утәйби – кітапты құрастыру барысында ежелгі және қазіргі заманның ең атақты мұсылман ғалымдарының айтқан сөздерін келтіріп, деректерге бай материал жинақтады.
Орыс (қазақ) тілді оқырман кітапта қозғалған Ресей және ТМД елдері мұсылмандарының арасында көкейтестілікке ие болған проблемамен танысу мүмкіндігіне алғаш рет қол жеткізген сияқты. Мұсылмандардың арасына бүлік пен бөлінушілікті түрлі ағымдар салатын орта ғасырлардан айырықша, соңғы ғасырда мұсылмандардың басына басқа бір бәле түсіп жатыр: жан-жақта өздерінің өтірік көзқарастарын дүние жүзі бойынша насихаттап және таратып жатқан әртүрлі «жамағаттар» пайда бола бастады. Бір жағынан мұсылмандардың кең бұқарасының дінді қайта жаңғыртуға деген ұмтылысы, ал екінші жағынан, Ислам туралы сахих (сенімді, шынайы) білімдердің жетіспеуі ХХ-ғасырда көбее түскен «жамағаттар» өздерінің жалған сенімдерінің астына Құран мен Сүннетті келтіріп, қарапайым мүміндердің, әсіресе жастардың арасында әйгілілікке ие болуына әкеп соқтырды.
Өкінішке орай, бұл бүлік орыс (қазақ) тілді мұсылмандарды да айналып өткен жоқ. Олардың біреуі – мұсылмандарды күпірлікте айыптау (такфир). Нақты айтқанда, Құран және Сүннетпен емес билік ететін және шешім шығаратын кез-келген мұсылманды дәлелсіз айыптау. Сонымен бірге надандықтың немесе әустердің себебімен адамды күпірлікте айыптау үшін қажетті болған ережелер, жағдайлар және алғышарттар ұмытылуда. Соның салдарынан іс, не ең жақсы болған жағдайда, айтыс-тартыспен шектеледі, не жаман болған жағдайда, мұсылмандарды қорлаумен және қантөгіспен аяқталады. Бұл кітап ақиқатқа ұмтылушы оны танып, орын алуы мүмкін болған қателіктерден сақтануы үшін дәл осы маңызды мәселені түсіндіріп беруге арналған.
Сөзімді аяқтап, Естуші және дұғаға жауап беруші Аллаһқа Оның көркем есімдері және ұлық сипаттары арқылы кітаптың авторына және барша ислам ғалымдарына үмметімізді ағартуға және насихаттауға қосқан еселі еңбектері үшін игілікпен қайыруын сұраймын!
Аллаһтың Елшісіне, оның ардақты отбасына, сахабаларына және Қиямет күніне дейін оның ізінен ауытқымай ілескендерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын! Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ!
Хиджра жыл санауы бойынша 1431-жыл, джумәда әл-аууәл айының 17-күні (1 май 2010 ж.)
Дәмир Хайруддин және Сәлим Әбу Умар
Мейірімді және (мұсылмандарға) Рахымды Аллаһтың атымен!
Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ! Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабалары Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.
Содан соң:
Мен шейх Бәндәр ибн Нәйиф әл-Утәйби жазған «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару» тақырыбындағы ғылыми-ағартушылық пікірталас» атты кітабын оқып шықтым. Автор өз жауаптарын Құран мен Сүннеттің тиісті дәлелдерімен нығайтып, сондай-ақ атақты мұсылман ғалымдарының сөздері мен пәтуаларын келтіріп, бұл тақырыпты лайықты түрде ашқан және Сүннеттің (Әһлю-с-Суннә уәл Джәмә‘аның) Аллаһ түсіргенімен үкім шығарудан бас тартатындарға қатысты ұстанымын түсіндірген.
Ұлы және Құдыретті Аллаһтан кітаптың авторына игілікпен қайыруын және оны мен оның кітабы арқылы мұсылмандарға пайда келтіруін сұраймын, өйткені, ақиқатында, Ол – Естуші және дуғаға жауап беруші!
Ең ірі мұсылман ғалымдары Ассоциациясының мүшесі
Мухаммад ибн Хасан ибн Абду-р-Рахмән Әл Шейх
Хиджраның 1427 жылы, 1-сафар (1-наурыз 2006 ж.)
Кіріспе
Ассаләму аләйкум уә рахмәтуллаһи уә бәракәтуһ!
Аллаһ түсіргенгенге сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім қабылдау мәселесі көлденеңінен тұрып, студенттер арасында көп қиындықтар туғызған кезінде – ал бұл мәселеде, өкінішке орай, тіпті құрметке ие болған ғалымдар да қателіктерден қашып құтыла алмады – мен осы кітап Пәк Аллаһ Тағаланың қалауымен мүміндерге пайда берер деген үмітпенен, оның ішінде қамтылған бұл мәселе бойынша дұрыс пікірді түсіндіруге барынша тырыстым. Сонымен бірге мен қысқа айтуға тырыстым, өйткені біздің кезімізде студенттер көлемді еңбектерді оқуға ынта танытпайды, Раббым Өзінің рахымын танытқан кейбіреулерінен басқалары.
Осы қысқа кіріспемді мұсылмандардың алғашқы буынынан болған салиқалы ізгі алдыңғы ұрпақ өкілдерінің (салиқалы саләфтардың) маңызды сөздерімен аяқтағым келеді, Аллаһ оларды рахым етсін.
Убәдә ибн әс-Самит, Аллаһ оған разы болсын, былай деген: «Ақиқатында, ақиқат нұрмен жарқырайды»[1].
Абдуллаһ ибн Мәс‘уд, Аллаһ оған разы болсын, былай деп айтқан: «Сендерден ешкім өз иманында (сенімінде) қандайда бір адамға, егер ол иман келтірсе – иман келтіріп және осы адам иман келтірмесе – иман келтірмей, еліктемесін! Ал егер сендердің біреуге ілесуден өзге амалдарың болмаса, онда бақилық болғандардан үлгі алыңдар, өйткені кез-келген тірі адам азғырылудан қорғалмаған».[2]
Ибн Умар, Aллаһ одан және оның әкесінен разы болсын, былай деп айтқан екен: «Исламды қабылдағанымнан кейін мені осы әуестердің жүрегіме кірмегенінен артық ешнәрсе қуантпады».[3]
Хузәйфә, Аллаһ оған разы болсын, былай деген: «Аллаһтың дінінде тұрақсыздықтан және өзгеріп тұрушылықтан аулақ бол, өйткені, ақиқатында, Аллаһтың діні біреу-ақ».[4]
Әл-Әуза‘и, Аллаһ оны рахым етсін былай деген: «Біз Сүннетпен бірге ол бізді алып бара жатқан жаққа барудамыз»[5].
Суфьян әс-Саури, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Сүннетке ілесушілерге жақсы қараңдар, өйткені олар адамдардың арасында дара!»[6]
Әл-Хасан әл-Бәсри, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтқан: «Уа, Сүннеттің жақтаушылары! Бір біріңе жұмсақ болыңдар, өйткені сендер адамдардың арасында азсыңдар!»[7]
Юнус ибн Убәйд, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Сүннеттен жалғызсыраған нәрсе жоқ, бірақ оны ұстанушылар одан да жалғызсырағандар»[8].
Суфьян әс-Саури, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Егер Шығыста Сүннеттің жақтаушысы және Батыста да тағы біреуі тұратынын білсең, оларға сәлеміңді жолда және Аллаһқа олар үшін дұға ет, өйткені Сүннетті және біртұтас джәмәъаны жақтаушылар өте аз».[9]
Айюб әс-Сихтияни, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Маған Сүннетті жақтаушылардың біреуінің өлімі туралы хабар жетсе, өз денемнің бір бөлігінен айырылғандай боламын».[10]
Ол, Аллаһ оны рахым етсін, сондай-ақ былай деген: «Сүннетті жақтаушыларға өлім тілейтіндер өз тілдерімен Аллаһтың нұрын сөндіргісі келеді. Бірақ Аллаһ Өзінің нұрын таратуды соңына дейін жеткізеді, тіпті бұл кәпірлерге жек көрінішті болса да».[11]
Әбу Бәкр ибн Әйяштан, Аллаһ оны рахым етсін, кімді Сүннеттің жақтаушысы деп есептеу керек деп сұрағанда, ол: «Оның көзінше олар туралы сөз болғанда әуес танытпайтынды», – деп жауап берді.[12]
Шәзз ибн Яхъя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Жәннәтқа біздің алдыңғы буынның (саләфтардың) жолымен жүруден өзге ең жақсы жол жоқ».[13]
Әл-Фудайль ибн Ийяд, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Кімге бір адам кеңес сұрап келсе, ал ол діндегі жаңалықтардың жақтаушысына сілтесе, сол Исламға опасыздық жасады»[14].
Әл-Әуза‘и, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Діндегі жаңалықтардың (бидъаттардың) жақтаушысына оның бидъатына қайшы келетін Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисін айтсаң, ол адам міндетті түрде осы хадисті жек көре бастайды».[15]
Әбу әл-Аббәс әл-Әсамм, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бірде екі хауәридж Қағбаны тауаф жасап жүріп, олардың біреуі екіншісіне: “Мені мен сенен басқа мына жаратылыстардан ешкім Жәннәтқа кірмейді!» – деді. Оның серігі: «Кеңдігі – көктер мен жердің кеңдігі болған Жәннәт тек біз екеуміз үшін жаратылған ба?» – деп жауап берді. Оның серігі: «Ия!» – деді. Сонда екіншісі: «Оны өзіңе ала сал!» – деді де, өзінің сенімдерінен бас тартты».[16]
Біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдеріміздің (саләфтарымыздың) кейбір айтқан сөздері осындай.
Мен осы кітапты төрт тарауға бөліп құрастырдым:
1. Білуге тиіс ережелер.
2. Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару мәселесіне түсіндірме құру.
3. Қосымша баптар.
4. Қарсыластардың негізгі дәйектеріне жауап.
Уа, Аллаһ! Біздің барлығымызды тура жолмен жетелеуіңді және қолдауыңды сұраймын!
[1] Әл-Ләләкаи, «Шәрх усуль и‘тиқад Әхлю-с-Суннә уәл-джәмә‘а», № 116.
[2] Сол жерде, № 130.
[3] Сол жерде. Бұл маңызды кітапты Аллаһтың қалауымен аударуды шештік, ол келесі жылдың басында басылып шығады деген үміттеміз. Аллаһ осыған себеп болған адамға есендік берсін.
[4] Әл-Ләләкәи, «Шәрх усуль и‘тиқад Әһлю-с-Суннә уәл-джәмә‘а», № 120.
[5] Сол жерде, № 47.
[6] Сол жерде, № 49.
[7] Сол жерде, № 19.
[8] Сол жерде, № 50.
[9] Сол жерде, № 23.
[10] Сол жерде, № 29
[11] Сол жерде, № 35.
[12] Сол жерде, № 53.
[13] Сол жерде, № 112.
[14] Сол жерде, № 261.
[15] Сол жерде, № 732.
[16] Сол жерде, № 2317.