Ең ірі ғалымдар Комитетінің әл-Хубар қаласында орын алған жарылысқа байланысты шешімі

Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ! Өзінен соң басқа пайғамбарлар келмейтін Мухаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына салауаттар мен сәлем болсын.

Ең ірі ғалымдар Комитетінің Кеңесі 13.02.1417 х.ж. (29.06.1996 ж.) сенбі күні ат-Таиф қаласында өткен өзінің төтенше 10-отырысында Шығыс ауданында орналасқан әл-Хубар қаласында хижра бойынша  09.02.1417 ж. (25.06.1996 ж.) сейсенбіде орын алған және қирауларға, көптеген мұсылмандар мен мұсылман емес адамдардың опат болуына, жарақат алуына және үрейленуіне әкеп соқтырған жарылыс туралы мәселені қарады.

Аталған мәселені қарап және зерттеп, Кеңес бір дауыстан төмендегі шешімді қабылдады:

1. Аталған жарылыс – қылмыстық ақция болып табылады деген пікірге мұсылмандар бірауызды келіседі, бұған төмендегі жағдайдайлар нұсқайды:

а) Аталған жарылыс баршаға аян болуға тиіс болған Ислам тыйымдарын бұзу болып табылады. Мұндай әрекеттерді жеке тұлғаға қол сұғылмауға қастандық, қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, сондай-ақ бейбіт тұрғындардың өміріне қарсы және адамдар оларсыз тұра алмайтын қоғамдық қызметтерге қарсы қастандық  болып табылады. Аллаһтың тыйымдарын бұзуға қорықпай бет алған, Оның құлдарына қатысты зұлымдыққа жол береген  және мұсылмандар мен олардың арасында өмір сүретін басқа тұрғындарды қорқытып-үрейлендіруге кіріскен кімсенің қылмысы нендей жиіркенішті және ауыр болып табылады! Оған окініш, тағы да өкініш болсын, өйткені оны Аллаһтың жазасы, кек алуы және Оның лағнеті күтіп тұр, ал біз Аллаһтан қылмыскерді әшкерелеуін және оны қорлауын тілейміз.

б) Шариғатқа сәйкес әрбір мұсылман және де мұсылмандармен бейбіт өмір сүріп жатқандардың барлығы қол сұғылмаушылық құқығына ие болып табылады; бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деген:

«Кім бір мүмінді әтейге өлтірсе, оның жазасы – ішінде мүлде қалатын Тозак болады. Сондай-ақ, оған Аллаһтың ашуы, қарғысы болып және оған зор қинау әзірлеп қойған!» (Ниса сүресі, 93-аят)

Мұсылмандардың қорғауында болған адамды[1] білместікпен өлтіру туралы айтар болсақ, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деді: «Ал егер ол (өлтірілген) сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек». (Ниса сүресі, 92-аят)

Ал егер қорғау астында болған адамды білместікпен өлтіргені үшін құн төлеп, айыпты өтеу амалдарын жасау қажет болса, онда мұндай адамды әтейі өлтіру туралы не айтуға болады?  Мұндай адам өлтіру едәуір ауыр қылмыс және едәуір салмақты күнә болып табылады, ал сахих хадистердің бірінде Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Муахадты[2] өлтірген (адам) қырық жылдық жолдан жұпар иісі сезілетін Жәннәттың иісін де сезбейді» – дегені хабарланады. (әл-Бухари «Сахих», №3166 хадис)

Сонымен, қорғау астында болған адамды өлтіріп, өте ауыр және жиіркенішті қылмыс жасау түгілі, оны ренжітуге де болмайды. Муахадты өлтірген адамға өте қорқынышты үрейлендірулер жолданған, өйткені мұндай күнә өте ауыр күнәларға жатады, және оны жасаған адамға Жәннәтқа кірмейтіндігі туралы қорқытылып айтылады, ал біз Аллаһтан пана іздейміз және Ол бізді қолдаусыз қалдырмауын тілейміз!

в) Мұндай қылмыс Ислам тыйым салған бірқатар амалдардың жасалуымен байланысты. Олардың қатарына қиянат, сатқындық, зұлымдық пен өшпенділіктің көрініс беруі, мұсылмандарды қорқыту т.б. жатады. Бұл амалдардың барлығы Аллаһ, Оның Елшісі және муминдер қайтаратын және жек көретін,  сөгіс айтылатын өте жиіркенішті істер болып табылады.

2. Кеңес мұндай қылмыстық әрекеттер шариғатпен тыйым салынғандығына анық нұсқайды және әлемге төмендегіні жариялайды:

Исламның мұндай іс-әрекеттермен ешбір ортақтығы жоқ, сол сияқты Аллаһқа және Соңғы Күнге иман келтірген кез келген мұсылманның да онымен ешқандай ортақтығы жоқ. Мұндай амалдарды тек қана бұрмаланған көзқарасқа және бұзылған сенімге ие болған адам ғана жасай алады. Ол өзінің күнәсына және өзінің қылмысына жауапкершілік тартады және оның әрекеттерін Исламмен де, іс жүзінде Исламның бекіткен ережелерін басшылыққа алып Құран мен Сүннеттің нұсқауларын ұстанатын мұсылмандармен де байланыстыруға болмайды.

Мұндай іс-әрекеттер – нағыз пасықтық және қылмыс болып табылады және шариғатпен де, адамның табиғатының өзімен де тәрк етіледі.  Дәл сол үшін де Құран мен Сүннет мұндай әрекеттерге үзілді-кесілді тыйым салады және оларды жасап жүргендермен байланыста болудан сақтану керектігі туралы қатаң ескертеді. Өйткені Аллаһ Тағала:

«Адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол – өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді. Ал қашан оған: «Аллаһтан қорық!» – делінсе, оның паңдығы ұстап, өзін күнәкар етеді. Оған тозақ жетеді, нендей жаман орын», – деді.  (Бақара сүресі, 204-206-аяттар)

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

«Аллаһ және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы – өлтірілулері, не асылулары, яқи, қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері, немесе жерден айдалулары. Бұл – олардың дүниедегі жапасы. Және олар үшін Ахиретте ірі азап бар…» (Мәида сүресі, 33-аят)

Аллаһ Тағаладан осындай істермен айналысып жүрген адамдарды шариғат бойынша соттау үшін әшкерелеп және ұстап алуға көмектесуін жалбарынып сұраймыз. Сондай-ақ, біз Одан бұл елден де, басқа мұсылман елдерінен де қайғы-қасіреттің бетін аулақ етуін, екі Қасиетті мешіттердің қызметшісі болған король  Фахд бин Абд әл-Азизге, оның үкіметіне барлық мұсылман әмірлеріне елдерге және Аллаһтың құлдарына пайда әкелетін істерді орындауға, бұзақылық пен бұзықыларды басып тастауға көмектесуін, осы әмірлер арқылы Оның дініне көмектесуін, Оның сөзін ұлықтап-биіктетуін және барша мұсылмандардың істерін ретке келтіруін тілейміз, өйткені бұл Оған ғана тәуелді және Ол мұны істей алады.

Пайғамбарымыз Мухаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Ең ірі ғалымдар Комитетінің Кеңесі[3]


[1] Қорғау астында болғандардың қатарына Кітап иелері, яғни яхуди мен христиандар жатады.

[2] «Муахад» – исламды қабылдамаған, бірақ мұсылман территориясында келім бойынша өмір сүріп жизья (жеке басына төленетін салық) төлеп тұратын адам.

[3] «Әд-Дава» журналы, №1548 18.06.1997 ж. (х. 12.02.1418 ж.).