Ислам террорға қарсы » Терактілер

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің жарылыстар мен қопарушы іс-әрекеттер туралы шығарған шешімі
Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Тақуаларды ең соңында игілік күтеді, ал жауласуды тек қана залымдарға қатысты көрсету керек және Қиямет күніне дейін Аллаһтың игілігі мен сәлемі Оның жаратылыстарының ішіндегі ең абзалы – Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына, барлық сахабаларына және оның ең дұрыс басшылығының арқасында тура жолға түскендердің барлығына болсын.

Хижра жыл санауы бойынша 1409 жылы, мухаррам айының 12-нен 18-не дейін (1988 жылдың 24-тамызынан 30-тамызына дейін) әт-Таиф қаласында өткен Ең ірі ислам ғалымдарының  Комитеті Кеңесінің 32-сессия мәжілісі террористік актілердің орын алғандығы жөніндегі анықталған фактілері бойынша өткізілді. Бұл терактілердің салдарынан көп мұсылман және мұсылман емес мемлекеттерінде көптеген жазықсыз адамдар құрбан болды және қоғамдық мүлік пен қоғамдық мекемелердің жойылуы орын алды. Бұл келеңсіз уақиғаларға имандары пәс немесе тіпті иманнан жұрдай, нәпсілерін дерт және жеккөрушілік жаулап алған адамдар жауапты.

Үйлерді жару, қоғамдық мүлікті өрттеу, көпірлер мен туннельдерді жару, сондай-ақ ұшақтарды жару немесе басып алу қопарушылықтың осындай іс-әрекеттерінің мысалы  бола алады. Бірнеше алыс және жақын елдерде осындай қылмыстар жиі қайталанатындықтан және Сауд Арабиясы да басқа да елдер сияқты осындай қопарушылық іс-әрекеттерінің нысанасы болғандықтан, Ең ірі ислам ғалымдарының Кеңесі, ол іс-әрекеттер зиян тигізу немесе қоғамдық тыныштықты бұзу мақсатымен қоғамдық және үкіметтік мекемелерге немесе басқа бір нәрселерге қарсы бағытталғанына қарамастан, қопарушылық іс-әрекетімен айналысатын адамдарға ұстамды бастау бола алатын жазаны орнату мәселесін қарастыруды міндетті деп тапты.

Кеңес шариғат қағидалары жалпы алғанда бес міндетті нәрсені: нақты атап айтқанда  – дінді, өмірді, ар-намысты, ақыл-есті және мал-мүлікті – сақтап-қорғау міндетіне қатысты екендігі туралы ғалымдардың нұсқауларымен танысты. Кеңес мұсылмандардың өміріне, ар-намысына және мал-мүлкіне қол сұғу алапат қауіптермен қаншалықты қатерлі екендігіне, сондай-ақ қопарушылық іс-әрекет қоғамдық тыныштықтың бұзылуына, анархияға, бүлікке, мұсылмандарды үрейлендіруге және олардың мал-мүлкіне қауіп төнуіне әкелетіндігіне өзіне толық есеп береді.

Аллаһ Тағала, Оған мадақтар болсын, жазаларды қолдануды, олар арқылы қоғамдық және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін,  заңдастырып, адамдардың дінін, тәндерін, өмірлерін, ар-намысын, ақыл-есін және мал-мүліктерін қорғады.  Аллаһтың мына сөздері осының түсіндірмесі болады: «Соның салдарынан Исраил ұрпақтарына: «Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған[1]  біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен; және кім оны тірілтсе[2], барлық адамды тірілткенмен тең», – деп жаздық» (әл-Мәида сүресі, 32-аят).

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Аллаһпен және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы – өлтірілулері, не асылулары, яки қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері[3], немесе елден айдалулары. Бұл – олардың дүниедегі жазасы. Және олар үшін Ақыретте ірі азап бар» (әл-Мәида сүресі, 33-аят).

Осы аяттарда аталған жазаларды қолдану қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз етуге және мұсылмандардың өмірі мен мал-мүлкіне қол сұғуға нәпсісі итермелеген кез келген адамды жүгендеуге кепілдеме береді.   Негізінде ғалымдар  қалалардың ішінде соғыс әрекеттерін жүргізудің басқа жерлерде соғыс әрекеттерін жүргізуден ешбір айырмашылығы жоқ дейді, өйткені Аллаһ Тағала: «…және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің …», – деді.

Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Адамдардан кейбіреуінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, (ол) Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол – өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді» (әл-Бақара сүресі, 204-205-аяттар), – деді .

Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Жер жүзі түзетілгеннен кейін[4] бүлікшілік қылмаңдар» (әл-Ағраф сүресі, 56-аят), – деп бұйырды.

Ибн Касир, Аллаһ оны рахымына бөлесін: «Аллаһ Тағала жер бетінде бұзақылық (жасауға) және ол (жер) түзетілгеннен кейін оған зиян тигізетін нәрселерді таратуға тыйым салады, өйткені егер алғашында істер дұрыс бағытта жүрген болса, ал кейіннен барлығы бұзылған болса, бұл Аллаһтың құлдары үшін ең зиянды болып табылады, сөйтіп Аллаһ Тағала бұған тыйым салды», – деді.

Әл-Қуртуби[5]: «Аллаһ Тағала, Оған мадақтар болсын, түзетуден кейін қандай болса да кез келген бұзақылық жасауға тыйым салды және бұл (үкім) барлық (адамдарға) қатысты», – деді.

Жоғарыда баяндалғандарға негізделіп және жоғарыда аталған іс-әрекеттер материалдық немесе өзге де мүдделер үшін соғысып жүрген жақтардың  іс-әрекеттерімен салыстырғанда анағұрлым қауіптірек екендігіне сүйене отырып, өйткені қопарушылық іс-әрекетпен айналысып жүрген адамдар қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға, мұсылман үмметін қиратуға, оның сенім жүйесін жоюға және оны Раббымыз көрсеткен жолдан тайдыруға ұмтылып жатқандықтары себепті, Кеңес төмендегідей шешім шығарды:

Егер адамның қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіргені: үйлерді, мешіттерді, мектептерді, ауруханаларды, көпірлерді, қару қоймаларын, сумен қамтамасыз ету көздерін және мұнай құбырларын немесе ұшақтарды жару яки басып алу және соған ұқсас іс-әрекеттер арқылы өзге адамдардың өміріне және жеке немесе қоғамдық мүлікке қарсы қастандық жасау жолымен қопарушылық іс-әрекетімен айналысып жүргені немесе жер бетінде бұзақылықты таратып жүргені шариғатқа сәйкес анықталса, күнәлі адам өлім жазасына лайықты.

Бұған осындай әрекеттерді істеп жүргені үшін күнәлі адам өлім жазасына лайықты болады деген жоғарыда келтірілген Құранның аяттары және қопарушылық іс-әрекетпен айналысып жүрген адамдар үлкен қауіп төндіретіндігі және қарақшылардан да көп зиян әкелетіндігі нұсқау бола алады.

Жеке адамды ғана өлтіру немесе тонау арқылы оған қастандық жасаған қарақшыға Аллаһ осындай жазаны бекіткен болса, онда көптеген жазықсыз адамдарға қайғы-қасірет тигізетін лаңкестер (терроршылар) оған тіпті лайық.

Бірінші тармақта айтылған жазаны қолданудан бұрын шариғат соттары тергеу органдары мен Жоғарғы сот тарапынан іске асатын дәлелдерді жинақтау жұмыстарын жүргізуі қажет.  Бұл өз парызымызды толық өтеу үшін, абай болудың  қажетті іс-шараларын  орындау үшін және бұл мемлекет қылмыстарды тергеуге және оларға жаза белгілеуге  байланысты шариғат бекіткен барлық рәсімдерді ауытқымай ұстанатынын көрсету үшін қажет.

Кеңес мұндай жазаның бекітілгендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануы қажет деп есептейді.

Аллаһтың игілігі мен сәлемі Оның құлы және елшісі – пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына болсын.

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің Кеңесі[6]

[1] Не көпқұдайшылық, не қарақшылық, зорлық, қирату және сол сияқты қылмыстар айтылып тұр.

[2] Яғни оның өмірін сақтап қалады.

[3] Оң қолы мен сол аяғы айтылып тұр.

[4] Яғни адамдарға Аллаһтың елшілері жіберілгеннен кейін.

[5] Ибн Касир және әл-Қуртуби – Құранның  көпке әйгілі және көрнекті тәпсіршілері.

[6] Ислам фиқхы қоғамының журналы, № 2, 181-бет. ,№ 148 – Шешім, 32-ші сессиясында қабылданған  24.08.1988 ж. (х. 12.01.1409 ж.)

Ринат Абу Мухаммадтың Қазақстанның түрмелеріндегі оқиғаларға байланысты насихаты
Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік беремін, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік беремін. Уа, Аллаһ, пайғамбарға, оның отбасы мен сахабаларына, әрі оның жолымен басшылығына Қияметке дейін ілескендердің барлығына рақымың мен берекеңді бере гөр!

Содан соң:

Балхаштағы оқиғаларды сөз етіп, осы оқиғалар орын алғанға дейін немесе орын алғаннан кейін олармен байланысты болғандардың барлығына айтпағымыз бар. Мейлі олар – бұл оқиғалардың қатысушылары, немесе осы уақиғаларды өздерінің көзқарастарының негізінде ашып көрсеткен БАҚ өкілдері, немесе олар – осы оқиғалардың барысын бақылылап отырған қарапайым Қазақстан азаматтары болсын. Мен осы мәселені қысқаша түрде, Құран мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сүйеніп түсіндіргім келеді.

Тыңдау үшін сілтеме

Шейх Жибриннің Әр-Риядтағы 2003 жылы орын алған терактілер туралы пәтуасы
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Таяуда әр-Риядта орын алған жарылыстарға қатысты Ислам жастарына насихат

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ал содан соң:

Аллаһ Тағала: «Және өз келісім-шарттарыңа берік болыңдар, өйткені олар үшін жауапқа тартыласыңдар!» («әл-Исра», 34);

«Аллаһпен жасасқан келісім-шарттарыңа берік болыңдар!» («ән-Нахль», 91);

«Аллаһпен келісім-шартқа берік болыңдар!» («әл-Әнғам», 152) – деп, келісім-шарттық міндеттерінің орындалуының маңыздылығын күшейтті.

Келісім-шарт (‘ахд) – бұл мұсылманның немесе мұсылмандардың өзге мұсылмандармен немесе кәпірлермен өзара шабуыл жасамау туралы және бірін-бірі өлтірмеу туралы келісім жасасуы. Ғалымдар мүміндер мен кәпірлердің өзара қарым-қатынасының төрт түрін келтіреді:

1. Кәпірлердің мұсылмандардың қорғауында болып, оларға жан басына төленетін салық (жизья) төлеуі;

2. Мұсылмандар мен кәпірлердің арасында Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрайштықтармен жасасқаны секілді келісім-шарттың (‘ахд) болуы;

3. Кәпірдің мұсылмандардың жеріне олардан қауіпсіздік кепілдігін (аман) алып кіруі. Бұл Аллаһтың мына сөздеріне сәйкес: «(Мухаммад) егер мүшріктерден біреу сенен пана тілесе, онда оған Аллаһтың сөзін тыңдағанға дейін пана бер. Содан соң оны бейбіт орнына жеткіз» («әт-Тауба», 6).

4. Соғыс жағдайы.

Сонымен, кәпірге берілген қауіпсіздік кепілдігі жарамды болып табылады, оны кез келген мұсылман бере алады, тіпті әйел де. Бұл Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Умму Хани былай деп жеткізген хадисіндегі сөздеріне сәйкес:  «Мекке алынған кезде мен Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бардым. Оның қызы Фатима, оған Аллаһ Тағала разы болсын, оны жамылығымен жауып тұрған болатын. Мен оған сәлем бердім, ал ол: «Бұл кім?», – деп сұрады. Мен: «Бұл – мен, Умм Хани бинт Абу Талиб!» – дедім. Ол: «Қош келдің, Умм Хани!», - деді. Шомылып болған соң, ол бір жамылығымен оранып сегіз ракағат намаз орындады. Кейін мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Менің немере бауырым Али мен қауіпсіздік кепілдігін берген Хубайраның баласын өлтіремекші», – дедім. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Умм Хани, сен қауіпсіздік кепілдігін берген әрбір адамға біз де  қауіпсіздік кепілдігін береміз», - деді. Ал оның орындаған намазы әд-Духа намазы еді». Хадисті әл-Бухари және Муслим келтірген.

Сондай-ақ, Қайс ибн Убададан жеткен мына хадиске сәйкес: «Бірде мен және әл-Аштар Алиге (оған Аллаһ разы болсын) бет алдық та, оған келген соң: «Саған Аллаһтың Пайғамбары (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзгелерге тапсырмаған нәрсені тапсырды ма?» – деп сұрадық. Ол: «Жоқ, осы хатта жазылғаннан басқа», – деді де, қылышының қынабынан ішінде: «Мүміндердің өмірлері тең. Олар өздерінің қарсыластарымен күресуде біртұтас. Олардың ең түкке тұрғысызы (ықпалы жоқ адамы) да өзгелердің барлығының атынан адамға қауіпсіздік кепілдігін бере алады…», – деп жазылған хатты алып шықты.» Бұл хадисті Ахмад, Әбу Дауд/4530 және ән-Насаи/4734 жеткізген, ал әл-Хаким хадисті сахих деді.

Қауіпсіздік кепілдемесі тура сондай келісім-шарт болып табылады. Ал егер көпқұдайшылдардың біреуі ислам мемлекетінің аумағына осы мемлекет тарапынан немесе жеке тұлғалар тарапынан қауіпсіздік кепілдігін алып кірген болса, оның қандай мақсатпен: мұсылмандардың мұқтаждығы бойынша, мысалы, жұмысшылардың қажеттігі секілді, немесе ол өзінің шаруаларымен келгендігіне қарамастан – барлық мұсылмандардың мойындарында сатқындық жасамау міндеттілігі жатады, себебі сатқындық (ғадр) екіжүзділердің бір сипаты болып табылады.

‘Абдуллаһ бин ‘Амр (Аллаһ олардың екеуіне де разы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Мына төрт сипат тән болған адам шынайы екіжүзді болып табылады, ал олардың қандай да біреуімен ерекшеленетін (адам) одан құтылмайынша, екіжүзділіктің сол сипатымен танылатын болады. (Біреу) оған өзін сеніп тапсырса – сатқындық жасайды, бір нәрсе туралы айтса – өтірік айтады, келісім-шарт жасасса – қиянат жасайды, біреумен қастасса – заңсыздықтарға барады». Бұл хадисті әл-Бухари келтіреді.

Және барлық кәпірлер Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ешқашан қиянат жасамағандығына куә болған.

Сол сияқты, Аллаһ та бізге өз келісім-шарттарымызға берік болуымызды бұйырды.

«Бұл – сендер келісім жасасқан және содан кейін оны бұзбаған және сендерге қарсы ешкімге көмектеспеген  мүшріктерге қатысты емес. Олармен келісім-шартты оның мерзімі біткенше орындаңдар. Расында, Аллаһ тақуаларды жақсы көреді» («әт-Тауба», 4).

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мүміндермен бейбіт келісім-шартта болған кәпірлерге (му’ахадтарға) құрметпен қарауға үлкен мән беретін.

Мысалы, ол былай деген: «Кім му’ахадты өлтірсе, Жәннәттың иісін де сезбейді, ал оның хош иісі қырық жылдық қашықтықтан сезіледі». әл-Бухари 2995.

Ал му’ахад кім болып табылатыны: христиандар ма, яхудилер ме, немесе басқа да кәпірлер ме – маңызды емес және олар өз елдеріне қайтып оралмайынша, оларға ешқандай зиян тигізбей, олармен жасасқан келісім-шартқа берік болу қажет.

Ал осы күндері жасалып жатқан, соның салдарынан көптеген адамдар қаза тапқан және көптеген адамдар жарақат алған  жарылыстарға келер болсақ, бұл өте жаман қылмыс екендігіне еш күмән жоқ!

Бұл жарылыстар бейбіт адамдардың ғана емес, осы үйлерде тұратын мұсылмандардың да өліміне әкеліп соқтырды. Бұл бізден қауіпсіздік кепілдігін алған адамдарға қатысты қиянатшылдықпен жасалған сатқындық пен зиян келтіру екендігіне еш күмән жоқ!

Ал бұл жарылыстардың артында тұрғандар қылмыскерлер ретінде қаралуы керек!

Бұл істерді жихад деп, бұл үйлерде тұрып жатқан кәпірлердің қанын төгу (олардың күпірліктері себепті) (шариғи турғыдан) рұқсат етілген деп сенетіндерге бұл қателік екендігін, олармен (кәпірлермен) соғысып, өлтіру тек бейбіт келісім-шарт бұзылғаннан кейін оларға соғыс жарияланғаннан кейін ғана  мүмкін екендігін түсіндіру қажет!  Яғни Аллаһтың мына сөздеріне сәйкес: «Егер бір елдің опасыздығынан секем алсаң, тең түрде сен де (келісімді бұзып) өздеріне таста. Расында, Аллаһ опасыздарды жақсы көрмейді» («әл-Әнфал», 58).

Бұл бейбіт кәпірлерді өлтіруде ешбір пайда жоқ, керісінше, мұнда шариғат тұрғысынан тек зиян бар. Өйткені мұның артынан мұсылмандарды сатқындықта және опасыздықта, сондай-ақ «олардың арасында терроршылар бар» деген жалған айыптаулар ұласады.

Ал: «Бұл кәпірлердің қанын төгу олардың елдері мұсылмандармен соғысып жатқандығы себебімен рұқсат етіледі», – деп айтатындарға біз: «Бұл дұрыс емес, өйткені мұсылмандармен соғысып жатқандар мүлде басқа адамдар, сондықтан бұл кәпірлермен, олар (кәпірлер) мұсылмандардың ешқайсысымен соғыспағандықтан және оларды өлтірмегендіктен, келісім-шартты бұзуға болмайды. Аллаһ Тағала: «Ешбір жан басқаның күнәсын көтермейді» («әл-Әнғам», 164), – деп айтты емес пе?!

Сондай-ақ, осы қылмысқа қатысқанның әрбірі: олар тікелей жарылысты жасағандар болсын немесе оларға осыда көмектескендер немесе осы жарылғыш заттарды тасымалдағандар болсын – күнә жасағандықтарында және жазаға лайықты екендіктерінде күмән жоқ. Өйткені бұл әрекеттердің барлығы «Бір-біріңе ізгілік пен тақуалықта көмектесіңдер, бірақ бір-біріңе күнә мен дұшпандықта көмектеспеңдер!» («әл-Маидә», 2) деген аяттың үкіміне түседі.

Аллаһ мұсылмандардан қауіпсіздік кепілдігін алған кәпірлерге зұлымдық жасауға тыйым салды. Аллаһ Тағала былай деді: «Біреуге деген өшпенділіктерің сендерді зұлымдыққа итермелемесін. Әділетті болыңдар, өйткені осы тақуалыққа жақын» («әл-Маида», 8);

«Және Қасиетті Мешітке кіргізбегендерге деген өшпенділіктерің сендерді қылмысқа итермелемесін» («әл-Маида», 2).

Сондықтан біз мұсылман жастарына біздің және басқа да мұсылман елдерінде фитнаның (бұліктің) есігін ашпауға насихат береміз! Өздеріңнің бауырларыңа кешірімді болыңдар, өйткені олар Аллаһқа шақыруға қатысты міндеттіліктерін Оның Өзі: «Раббыңның жолына даналықпен және игі насихатпен шақыр және олармен айтысуды ең көркем түрде жүргіз!» («ән-Нахль», 125), – деп белгілеп берген түрде орындай алсын.

Өйткені, мүмкін, Аллаһ бұл кәпірлерді тура жолға салар және олар мұсылмандар тарапынан өздеріне деген ізгі, құрметтілікпен қарайтын қарым-қатынастарын көріп,  Исламды қабылдар. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Шындығында, ізгілік кез-келген нәрсенің сәні, ал оның болмауы – кемшілігі», – деген. Бұл хадисті Муслим жеткізген.

Сондай-ақ ‘Аиша, Аллаһ оған разы болсын, былай деп баяндаған: «Бірде яхудилер Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Әс-саму ‘аләйка (Өлім саған)!» – деді. Ол оларға: «Уа ‘аләйкум (сендерге де)!» – деп жауап берді.  Ал ‘Аиша: «Сендердің өздеріңе өлім болсын! Лағнетке ұшыраңдар және сендерге Аллаһтың қахары төгілсін!» – деп айқалайды.  Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Тыныштал, ‘Аиша! Сен сыпайы болуың керек және қаталдық пен әдепсіздіктен қашқақтауың қажет!», – деді». Бұл хадисті әл-Бухари жеткізген.

Біз батылдықпен және Исламға деген жанашырлықпен әрекеттенген бұл жастарға: «Асықпаңдар және тынышталыңдар, кәпірлердің сендер көріп жүрген немесе біліп жатқан жексұрын іс-әрекеттері сендерді өздеріңнің бауырларың – мұсылмандарды айыптауға, оларға зиян мен қайғы келтіруге сылтау болатын зұлымдыққа және зорлыққа итермелемесін!  Аллаһтың ізгі құлдарын ессіз фанатиктер деп айыптауға жол ашпасын, өйткені осындай айыптаулар оларды да қамтиды ғой! Ал мұның мұсылмандарға еш пайдасы жоқ!», – дейміз.

Біз мұсылман жастарды өздерінің осындай жек көрінішті амалдарға еш қатыстары жоқ екендіктерін ашық түрде мәлімдеуге шақырамыз! Және бұл біздің кәпірлерге олардың күпірлігі үшін және олардың мұсылмандарға қатысты жексұрын іс-әрекеттері үшін жек көруімізді жасырмай танытуға және оларға деген достық пен сүйіспеншіліктен бас тартуға міндетті екендігімізге қарамастан (болуы қажет)! Өйткені Аллаһ Тағала: «Әй мүміндер! Яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар! Олар бір-бірінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда күдіксіз ол солардан. Расында, Аллаһ залым елді тура жолға салмайды» («әл-Маида», 51), – деп айтып, оларға сүю мен ұлықтауды білдіретін достық танытуға тыйым салды.

Кәпірлермен құруға болмайтын, Аллаһ тыйым салған достық оларды әртүрлі жұмыстарды және қызметтерді орындауға тарту үшін, немесе олар тигізулері мүмкін болған жамандықты тойтару үшін келісім-шарт жасасуды өзіне қамтымайтынын білу керек, өйткені бұл оларға деген сүйіспеншілікті және жақындықты білдірмейді. Өйткені Аллаһ кәпірлер мен мүміндердің арасында, тіпті олар туысқандар болса да, достықтың болуының өзін жоққа шығара отырып, Исламның артықшылықтары мен әсемдіктерін оларға таныту үшін олардың көңілін алуға тыйым салмайды. Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары кәпірлерден болған өз туысқандарымен туысқандық қатынастарын үзбей ұстап тұрғандықтары сенімді түрде белгілі. Мысалы, Умар ибн Хаттаб, оған Аллаһ разы болсын, өзінің кәпір ағасына көйлек сыйлады, сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Асма бинт Әбу Бакрға өзінің кәпір анасымен туысқандық қатынасты ұстауға әмір етті, ода Исламға деген сүйіспеншілікті ояту үшін. Осының барлығы да кәпірлердің түсініктерінде Ислам зорлықтан, зұлымдықтан және жауыздықтан алшақ,  теңдік пен әділеттіліктің дініне айналуы үшін!

Ал Аллаһқа ғана көмек тілеп жүгіну керек!

‘Абдуллаһ ибн ‘Абдур-Рахман әл-Жибрин.

хижраның 13/3/1424 ж. № 10880 пәтуә

Шейх Мукбиль ибн Хадидің Мекке және Мәдинадағы жарылыстардың артында тұрғандар туралы айтқан сөздері
Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен!

«Біз одан бізді Аллаһ Тағаладан өзге ешкім құтқара алмайтын бүліктің кезінде өмір сүрудеміз. Ал Құран мен Сүннетке қатаң түрде ілесу  – бүліктен құтылу болады, бұл жөнінде Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанындай: «Ақиқатында, сендерден кім ұзақ өмір сүрсе, көптеген келіспеушіліктерді көреді, ал сол үшін сендер менің Сүннетімді және тура жолмен жүруші ізгі (салиқалы) халифалардың Сүннетін ұстануларың қажет. Одан азу тістеріңмен ұстаныңдар!» Әбу Дауд 4607, әт-Тирмизи 2676, Ибн Мәджәһ 42».

«Менің айтайын дегенім: адамдар ғалымдарға қайта жүгінуді қалдырған кезден бастап қайғы-қасіретке түсті, ал Аллаһ Тағала былай деген: «Қашан оларға (мұсылмандарға) аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны, Пайғамбарға не өздерінің ықпалдыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын зерттей алатындар білер еді». (ән-Нисә; 83) Ал ықпалдылар  – бұл ғалымдар, әмірлер және парасатқа ие ізгілер».

«Мен: ақиқатында, біз өмір сүріп жатқан қауымдастық тәрбиеге мұқтаж деймін. Ол қоғамды дұрыс білімнің, бірқұдайшылықтың және Аллаһқа даналықпен және жұмсақтықпен шақырудың негізінде  тәрбиелейтін шейх Ибн Бәз сияқты мыңдаған адамдарға және шейх әл-Әлбәни сияқты мыңдаған адамдарға мұқтаж! Бұл екі қадірлі адамдарды хизбилер [1] жақсы көрмейді. Маған осы екі кісіне жек көрмейтін бір хизбиді болса да алып келіңдерші!»

«Біз терактілер жасаушылардан мынаны сұрағымыз келеді: Сендер осы жарылыстардың заңдылығы туралы қандайда бір ғалымнан сұрадыңдар ма?! Әлде мұның барлығы – әл-Мәсъари деген надан және ақымақтың нұсқаулары ма?! Біз соңғы жарылыс туралы: оны пәлен, немесе пәлен орындады деп айтып тұрған жоқпыз, алайда оны әл-Мәсъаридің жақтаушылары істегендігі және олар – рафиділерден екендігі түсінікті».

«Әділетсіз Хаджәдж ибн Юсуф Әнәсқа, Аллаһ оған разы болсын, жәбір тигізетін, бірақ Әнәс былай деп айтатын: «Аллаһпен ант етемін, егер менің туысқандарым болмағанда, мен оған ол мені өлтіріп тастайтын сөздерді айтар едім!» Әнәс  өз туысқандары үшін қам жейтін. Ал салдары тұтас халықты  қорқынышқа әкеп соқтыру болып табылатын жиырма американдықты өлтіретіндер туралы не айтуға болады?!

«Мән уәраа әт-тафджир филь-ард әл-Харамәйн»

Ескертпелер:

[1] Хизбилер, «хизб» – партия сөзіне шыққан. Сөз қандайда бір қайраткер негізін салған ислам ағымдары, немесе ұйымдары туралы болуда. Бұл партиялардағы дінге шақыру және Исламды тарату әдістері Құран мен Сүннеттен емес, олардың негізін қалаушыларының пікірінен туындаған. Ал бұл партиялар аз болмағандықтан, олардың барлығының өзге партиялардан ерекшеленетін өз әдістері бар. Нәтижесінде олар мұсылман үмметіне, олардың құрылуындағы пайдаға қарағанда, көбірек зиян тигізеді.

Ақиқатты таны, сонда кім хақ екенін білесің
Әбу Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабын жариялауды аяқтаймыз. Кітаптың ең көлемді бөлігін ««Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың дәйектері және оларды теріске шығару» атты тарау алады. Онда автор адасушылардың негізгі дәйектеріне бірме-бір тоқталып, оларды Құран және Сүннеттің мәтіндерімен және ғалымдардың пікірлерімен теріске шығарады. Бұл сол тараудың әрі кітаптің соңғы тақырыбы.

«Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың кейбіреулері Иорданиядағы жиырма сегіз ислам ғалымдарының докторлары Палестина жерінде мұндай актілерді өткізуге ерекше рұқсат етілгендігі туралы пәтуа шығарғандығына сілтеме жасауы мүмкін. Бұл дәйекке жауап беру үшін, осы пәтуаның мәтінін келтіру керек, ал онда нақтырақ айтқанда былай деп айтылады:

1.	Бүгінгі күні Палестина жеріне отырып алған яхудилер Ислам тұрғысынан кәпірлер, дұшпандар, мұсылмандармен соғысушылар (мухарибтар) және басқыншылар болып табылады. Олар Палестина жерін толығымен, соның ішінде әл-Қудсты (Иерусалимді), басып алды және онда Израиль деп аталатын қарақшылылық және басқыншылық жасандысын құрды. Олар әл-Қудсты өздерінің яхуди мемлекетінің мәнгі астанасы деп есептеген және есептейді де.

2.	Палестинадағы азаматтық яхуди тұрғындарын кәпірлер, дұшпандар, мұсылмандармен соғысушы адамдар және басқыншылар деп бағалау қажет. Олар – басқыншылық және террористік бағыттағы яхуди үкіметінің шақыруларына жауап беретін, соғысқа қатысушы солдаттар болып табылады. Олар  әзірленген әскери және соғыс позицияларымен таныс және кез-келген шайқасқа қатысу үшін мобилизацияланатын запастағы әскери қызметкерлер болып табылады.

3.	Палестинадағы азаматтық яхуди тұрғындар оның тұрғындарына қарсы соғысады, жазықсыз палестиналықтардың (ерлердің, әйелдердің және балалардың) қанын төгеді, немесе осыған материалдық және моральдық қолдау беру арқылы болысады.

4.	Палестина территориясында орналасқан яхудилердің барлығын – азаматтықтарын да, әскерилерін де, – әскери деп есептеу керек. Олар палестиналықтарды – мұсылмандар мен христиандарды – олардың үйлерінен қуып шығарды, осы үйлерді қиянатшылдықпен тартып алды және оларда өмір сүріп, оларды пайдаланып жатыр.

5.	Барлық яхудилер – азаматтықтары да, әскерилері де мәні – Палестина – яхудилер үшін мирас етілген жер және олар міндетті түрде әл-Ақса мешітін бұзып, оның орнында яхуди ғибадатханасын қуруы, және олар өз мемлекетін құруы үшін міндетті түрде Нілден Ефратқа дейінгі мұсылмандардың жерін басып алуы қажет – деген діни идеяны басшылыққа алып, Палестинаға жердің әр жақтарынан келген жат келімсектер болып табылады.

Жоғарыда келтірілген фактілердің негізінде мұсылмандармен соғысатын басқыншылар және оккупанттар болып табылатын яхудилерге қатысты төмендегі Шариғи қаулы шығарылады: олармен күресу және оларды Палестинаның территориясынан қуып шығару – міндетті, олармен қандайда болсын жақындасуға және дос болуға тыйым салынады.

Аллаһ Тағала былай деп айтқан:«Шын мәнінде Аллаһ сендермен дін үшін соғысқандарды, жүрттарыңнан шығарғандарды және шығарылуларыңа көмекші болғандарды ғана дос тұтуларыңа тыйым салады. Кімдер оларды дос көрсе, солар – залымдар». (әл-Мумтахана;  9).

Раббымыз, сондай-ақ, былай деп айтқан: «Оларды (көпқұдайшылдарды) кездестірген жерлеріңде өлтіріңдер және олар сендерді қуып шығарған жерден оларды қуып шығарыңдар». (әл-Бәқара; 191)». {пәтуаның соңы}. «Әл-Амән» журналы, Бейрут. № 199 29.03.1996 ж., 25-бет.

Бұл дәйекке жауап беріп, мынаны айту қажет: ешкім жоғарыда келтірілген фактілерді жоққа шығармайды да, алайда мынандай сұрақ туындайды: «Не үшін басым жағдайларда әскерилер емес, азаматтық тұрғындар шабуылдау объектілеріне айналады?» Біздің қарсыластарымыз, әрине, араб әскерлері әлсіз және Израиль армиясына қарсы соғысуға қабілетсіз деп айтады. Аллаһ Ұлы! Бірақ, осыны істеуге араб мемлекеттерінің қарулы күштері дәрменсіз болса, онда мұны істеуге қалыптасқан әскері де, территориясы да, қажетті дайындығы да жоқ бір, немесе екі топтың күші жетпек пе?!

Бұл пәтуаны шығарған докторлар адамдарға дұрыс насихат берсе, оларды дұрыс жолға бағыттаса, оларға Исламдағы джихад жүргізудің ережелері мен принциптерін түсіндіріп берсе – дұрыс болар еді. Ал бұл принциптерге топтасқандық және бөлінудің болмауы жатпайды ма? Бұл принциптерге қажетті қаруды және жарақты әзірлеу, сондай-ақ әмірге бағыну жатпайды ма? Топтардың көбі «шәһидтік» актілерді  өздерінің үкіметтерінің және басшыларының рұқсатынсыз жасайды, ал оларға бағыну, біз алдын айтып кеткеніміздей, джихадтың шарттарының бірі болып табылады ғой.

Пайғамбардың жары, мүминдердің анасы Айшаның, Аллаһ оған разы болсын, мына хадисіне ой салыңыздар. Бірде ол Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Сен үшін Ухуд (соғысы) күнінен ауырлау күн болды ма?» – деп сұрады. (Бұған жауап ретінде Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)) былай деп айтқан: «Мен сенің руластарың тарапынан (көп нәрселерді басымнан өткіздім), бірақ бәрінен ауыр – мен Ибн ‘Абд Йәләйлге (өзіме ілесуді) ұсынған, бірақ ол маған мен одан күткен жауапты бермеген ‘Акаба күні болды. Сонда мен ренішпен кетіп, тек Карн әс-Са‘алибке жеткен кезімде ғана өзіме келдім. Сол жерде мен басымды көтердім, сөйтсем, бұлттың саясына тұр екенмін. Сол бұлтқа қараған кезімде, онда Джәбраильді көрдім. Ол (маған қарап) былай деді: «Ақиқатында, Аллаһ саған тайпаластарың не айтқанын және олар саған нендей жауап бергенін біледі, және Аллаһ саған тау періштесін, сен оған олармен қалаған нәрсеңді істеуді бұйыруың үшін,  жіберді». Ал содан соң тау періштесі маған сәлем берді де, былай деді: «Уа, Мухаммад, қалағаныңды (бұйыр)! Егер қаласаң, мен оларға екі тауды тастаймын!» Мен оған: «Жоқ, мен тек Аллаһ олардан Аллаһқа ғана құлшылық қылатын және Онымен қатар ешкімге құлшылық қылмайтындарды шығаруын сұраймын!» – дедім». әл-Бухари.

Не үшін Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің иман келтірмеген тайпаластарының опат болуын қаламады? Өйткені Аллаһ оны адамдарды тура жолға насихаттау үшін жіберді. Ал «шәһидтік» актілер адамдарды Исламнан кері бұрғызады, оларды Аллаһтың жолынан тайдырады. Мұсылмандардың дұшпандары оларды өзінің Исламға қарсы үгітінде көзір қарта ретінде пайдаланады және «шәһидтік» актілер адамдардың ақиқатқа ілесуден бас тартуының себебіне айналуда.

Әлде біреу мұнымен келіспей: «Мені адамдардың не айтатыны және Ислам туралы не ойлайтыны қызықтырмайды! Мен үшін мақсатқа жету және жерімді азат ету  – ең бастысы!» – деп айтуы мүмкін.

Мұндай сөздер Макиавеллидің ізбасарларының айтатындарына ұқсас, бірақ олар біздің саф дінімізге жат, өйткені Ислам бүкіл адамзат үшін нәзіл болған дін.  Аллаһ Тағала Пағамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Біз сені әлемдерге рахым ретінде ғана жібердік» (әл-Әнбия; 107). Сондықтан, біз дініміздің адамдарға бұрмаланған және ұсқынсыз түрде емес,  өзінің алғашқы тап-таза саф күйінде жетуі үшін оның жақсы аты шығуына қамқорлық танытуымыз қажет.

Осы орайда Джәбир, Аллаһ оған разы болсын, баяндаған мына хадисті келтіру орынды: «(Бірде) біз пайғамбармен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын бірге) бір әскери жорыққа қатысқан кезімізде, оның алдында көп мухаджирлер жиналды. Олардың арасында қалжыңдасуды жақсы көретін адам болды, ол (қалжыңдап) ансарлардың біреуін арқасынан төмендеу жерінен ұрды. Әлгі ансар қаты ренжіді де, (іс) олардың (көмекке басқаларды) шақыруымен аяқталды. Ансар: «Уа, ансарлар (көмектесіңдер)!» – деп айқайлады, ал мухаджир: «Уа мухаджирлер (көмектесіңдер)!» – деп айқалады. (Сонда өз шатырынан) Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шығып: «Не үшін олар джәхилиет кезінің сөздерін (айтып тұр)?» - деді де, содан кейін: «Оларға не болды?» - деп сұрады. Оған мухаджирдің ансарды ұрғаны туралы айтып берді. Сонда Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «(Мұндай сөздерді айтуды) доғарыңдар, өйткені, ақиқатында, олар – жиіркенішті!» – деп бұйырды. Ал Абдуллаһ ибн Убәйя Ибн Салюльге келер болсақ, ол: «Олар (бірін-бірі) бізге (шабуыл жасау үшін) шақыруда, бірақ, ақиқатында, біз Мәдинаға оралған соң, құдыреттілеріміз жексұрындарды одан қуып шығарады!» – деді. (Мұны естіген)  ‘Умар: “Уа, Аллаһтың Елшісі, бұл оңбағанның басын шаппаймыз ба?» – деді. (Бұған) Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Жоқ, өткені адамдар: «(Мухаммад) өзінің сахабаларын өлтіріп жатыр!» – деп айтады», –  деді». әл-Бухари.

Назар бұрыңыз, құрметті оқырман! Абдуллаһ ибн Убәйя ибн Салюль  -Мәдина екіжүзділерінің басшысы еді. Ол Исламның құдыретінен қорқандығынан өзінің оған қатыстылығын сырт көзге көрсетіп, Аллаһқа және Оның пайғамбарына (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) иман келтірмеген және мұсылмандардың жеңілуін аңсайтын еді.  Бұл екіжүзді құрайштықтармен және Мәдина яхудилерімен келісімге кіріп, дұшпандарды Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айдап салып отырды. Бұл деректе оның ашық түрде өзін құдыретті екендігін және Пайғамбарды (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) меңзеп, жексұрынды Мәдинадан қуып шығатынын айтты. Оның сөздері нендей жиіркенішті және өтірік еді! Көптеген өркениетті елдерде мұндай адамдар  мемлекетке сатқындық жасағаны және мемлекеттік құрылысты шайқалтқаны үшін қатаң жазаға, тіпті өлім жазасына дейін, кесіледі. Алайда қарапайым адамдардың көбі, әдетте заттардың шынайы орнын біле бермейді. Оларға кім екіжүзді екені және оның әрекеттері беймәлім. Егер Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Абдуллаһ ибн Убәйяны өлім жазасына кескенде, адамдар Мухаммад (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өз сахабаларын өлтіруге кірісті деп айтар еді және бұл оларды ақиқат дініне кіруден кері қарай тартар еді. Сондықтан да, Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізге берген сабағынан өнеге-ғибратты пайда алуымыз қажет!

Адамдардың арасында Ислам туралы жақсы пікірді сақтап қалу – біздің Шариғатымыздың міндеттерінің бірі. Оны адамдармен қарым-қатынаста және саясатта орындау міндетті болып табылады. Мысалы, құрметті оқырман Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Қағбаны Ибраһимнің салған негізінде қайта құрғысы келгенін, алайда оны арабтардың: «Мухаммад Аллаһтың үйін бұзып жатыр», – деп айтатыны тоқтатып тұрғанын білсе керек.

Айша, Аллаһ оған разы болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мен Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Қабырға  Қағбаның бөлігі болып табылады ма?» – деп сұрадым. Ол. «Ия», – деді. Мен: «Ендеше не үшін олар  оны Қағбаға қосып қоймады?» – деп сұрадым. Ол: «Өйткені сенің руластарың қаржыдан жетіспеушілік көрді», – деді. Мен: «Не үшін оның есігі жерден биік көтерілген?» – деп сұрадым. Ол: «Сенің руластарың ішіне қалаған адамдарын кіргізу үшін және қаламаған адамдарын (Қағбаға) кіргізбеу үшін осылай істеді. Ал егер сенің руластарың жәхилиетке (соншалықты) жақын болмағанда және мен олардың жүректеріне мұндай нәрсе ұнамай қалуынан қорықпағанымда, мен бұл қабырғаны Қағбаға қосар едім, ал есікті жерге дейін түсірер едім», – деп айтты».  әл-Бухари және Муслим.

Исламның жақсы атын сақтау біз тарапымыздан міндетті түрде назарға алынуы керек. Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдары осы «шәһидтік» актілер туралы жар салып, мұсылмандарды рахымшылдықтан жұрдай қанпезер және аяусыз адамдар ретінде көрсетуде. Ең сорақысы – адамдардың басым бөлігі бұқаралық ақпарат құралдары таратып жатқан фото және бейне материалдарға қарап және олардың түсіндірмесін тыңдап осыған сенетіндігі.

Бұқаралық ақпарат құралдары қалыптасқан жағдайды шынайы бейнелемейді, көп жағдайда ақпаратты керісінше етіп бұрмалап тастайды: жәбірлеуші қаналған болып, ал жәбір шеккен қанаушы болып көрсетіледі. Бұқаралық ақпарат құралдары дұшпанның мұсылман балаларына, әйелдеріне, қарттарына қатысты жасап жатқан қылмыстары туралы, олардың үйлері мен бақтарын не істеп жатқандығы туралы үн қатпайды. Мұның барлығы шынайы жәбірленгендерді және ақиқатында қаналғандарды біз куә болып жатқан әрекеттерді жасауға итермелейді, өйткені адамдардың сабыры таусылды және олар «дұшпан менімен бірге опат болсын» деген принциппен күресуде.

Сөйтіп, көп жағдайда жартылай болған шешім шешімнің болмауынан жаман, ал «шәһидтік» актілерді импровициялау және олардың жасалуын жетілдіруге бағытталған сәтсіз талпыныстар олардан бас тартуға қаранда жаман.

ҚОРЫТЫНДЫ

Соңында осы еңбек оқырмандарға пайдалы болар және олар көтерілген мәселе бойынша шариғи көзқарастарды біліп, болып жатқан оқиғаларды дұрыс және сауатты түрде  түсінер деп үміт етеміз. Бұл әсіресе бүгінгі күнде ерекше маңызды болып табылады, өйткені түрлі себептермен орыс тілді оқырмандарда бұл тақырыпқа арналған жеткілікті әдебиет жоқ, ал оны бұрыс түсіну ауыр және қайта түзелмес зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін ғой.

Ескертпелер:

1. Қағбаның солтүстік-батыс қабырғасының жанында орналасқан, бірақ оған қосылмаған жартылай дөнгелек, аласа қабырға айтылып тұр. Қағбаның есігі солтүстік-шығыс қабырғасында, жерден екі метрдей биіктікте орналасқан. Ғибадатхана осындай бейнесін 603, немесе 605 жылда меккеліктер оны қайта құрған кезде алды.

2. Сөз Исламға дейінгі кезеңде Қағбаның  қорушылары болған құрайштықтар туралы болуда.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЗІМІ:

1.	Қасиетті Құран.

2.	Әл-Бухари. Әл-Джәми әс-Сахих.

3.	Муслим. Әл-Джәми әс-Сахих.

4.	Әбу Дауд. Әс-Сунән.

5.	Ибн Мәджәһ. Әс-Сунән.

6.	Ән-Нәсәи. Әс-Сунән әл-Кубра.

7.	Әт-Тирмизи. Әс-Сунән.

8.	Әл-Әлбәни. Сахих Сунән Әбу Давуд.

9.	Әл-Әлбәни. Сахих Сунән әт-Тирмизи.

10.	Әл-Әлбәни. Сахих Сунән ән-Нәсәи.

11.	Әл-Әлбәни. Сахих Сунән Ибн Мәджәһ.

12.	Ибн Таймийя. Мәджму әл-Фәтауә.

13.	Ибн Хаджәр. Фәтх әл-Бәри.

14.	Әл-Изз ибн Абд әс-Саләм. Қауәид әл-Ахкәм.

15.	Әл-Куртуби. Джәми әл-Бәйән.

16.	Ибн Кәсир. Тафсир әл-Қуран әл-Азым.

17.	Әт-Табәри. Тафсир әл-Кәбир.

18.	Ибн әл-Усәймин. Әл-Ликә әл-Мәфтух.

19.	Мәшхур Хасан Суләймән. Әс-Саләфиййун уә Кадийят Филистин.

20.	Хасан Айюбин Исламдағы джихад және ерлік.

21.	Хасан Айюбин Әл-Инджәд фи Әхкәм әл-Джихад.

22.	Әл-Әлбәни, Сахих әл-Джәми әс-Сағир.

23.	Әш-Шәфии. Әл-Умм.

24.	Ибн әл-Усәймин. Шәрх Рияд әс-Салихин.

25.	Әз-Зубейди. Мухтасар әс-Сахих әл-Бухари.

26.	Әз-Зубейди. Итхаф әс-Садат әл-Муттақин Шәрх Ихйя Улюм әд-Дин.

27.	Саләх Фәтхи Халәл. Әл-Имлә фи әл-Кабәир уә әл-Мәнәхи әш-Шәрийя ли ән-Нәсәи.

28.	Фәйсал ибн Казар әл-Джәсим. Кәшф әш-Шубухат фи Мәсәил әл-Әхд уә әл-Джихад.

29.	Мухаммад ибн Хусейн әл-Кахтани. Фәтауә әл-Аиммә фи ән-Нәуәзил әл-Мудалхимә (Салих ибн Фәузан әл-Фәузанның редакциясында). Әр-Рияд, 1424 г.

30.	Ибн Қуддамә. Әл-Муғни (Абдуллаһ Ибн Әл-Мухсин Әт-Турки және Абд әл-Фәттах Мухаммад Әл-Халуә редакциясында).

31.	Идрис Мухаммад Али, Мухаммад Халид Истанбули. Ибн Наххастың «Мәшәри әл-Ашуәк илә Мәсари әл-Ушшәк» (диссертация).

32.	«Әл-Муджтамә» журналы, Кувейт.

33.	«Әл-Амән» журналы, Бейрут.

34.	«Әл-Асалә» журналы, Иордания.

35.	«Ән-Нәхар» газеті, Ливан.

Қиянат пен зұлымдық – дінімізден емес
Әбу Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Кітаптың ең көлемді бөлігін ««Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың дәйектері және оларды теріске шығару» атты тарау алады. Онда автор адасушылардың негізгі дәйектеріне бірме-бір тоқталып, оларды Құран және Сүннеттің мәтіндерімен және ғалымдардың пікірлерімен теріске шығарады.

Исламның фундаментальдық принциптерінің бірі болып өміріне қол сұғылмайтын болып табылатындарды өлтіруге қатаң тыйым салынғандық табылады. Өлімге лайықты болмаған адамның өміріне ешкім, соның ішінде ол адамның өзі де, қол сұғуға құқықты емес. Дұшпандардан және дұшпан еместерден болған әйелдерге, балаларға, мүгедектерге, өзін ғибадатқа бағыштағандарға және мүлдем соғыспайтындарға қатысты бұл тыйым ерекше қатал болып табылады.

Аллаһ Тағала ізгі құлдар туралы: «Олар Аллаһпен бірге басқа тәңірге жалбарынбайды. Аллаһ өлтірілуін харам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді де, зина жасамайды», – дейді. (әл-Фурқан; 68);

«Аллаһ өлтіруге тыйым салған жанды өлтірмеңдер, жазықты болса ғана болады». (әл-Әнғам; 151). Тура осындай тыйым әл-Исра сүресінің 33-аятында да бар.

Сахих қудси хадисте Аллаһ Тағаланың мынандай сөздері келтіріледі: «Әй, Менің құлдарым! Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім және сендердің араларыңда да харам еттім. Ендеше, бір-біріңді жәбірлемеңдер!» Муслим.

Шейх Салих ибн Мухаммад әл-Лухәйдан былай деп айтқан: «Жазықсыз болған адамға қол сұғу да,  қылмыскер болмаған адамды өлтіру сияқты, зұлымдыққа жатады. Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) – рақымшылдықтың, жанашырлықтың, ізгіліктің Пайғамбары. Ол барлық адамдар мен жындарға айқын шақырумен жіберілген еді. Әскерді жорыққа дайындау кезінде, ол оған балаларды, әйелдерді, қарттардарды және кельяларда құлшылыққа өзін бағыштағандарды өлтіруге тыйым салып, насихат беретін. Сөйтіп, өзі де өлтірумен айналысып, соғысып және мұсылмандарға шабуыл жасап жатқандардан өзгелерді өлтіруге Ислам рұқсат етпейді. Осы орайда, емізулі нәрестелер мен әйелдер, қарт шалдар мен кемпірлер, ауыру мен сау адамдар құрбан болып жатқан осындай қылмыстар, мал-мүлікке және оның иелеріне зиян тигізіп жатқан қылмыстар – аса үлы қылмыс және қауіпті күнә болып табылады. Шариғат оларды Ислам тыйым салған жер бетінде бұзақылық таратуға, егіндер мен мал түлігін жоюға теңестіреді, өйткені мұндай амалдарға Аллаһ және Оның Елшісі тыйым салған. Бір әскери жорық барысында өлтірілген әйелді көрген Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Онымен соғыспау керек еді»(1), – деген. Сөйтіп, ол осындай адам өлтіру – мүлде тыйым салынған іс екендігіне нұсқады».

«Мұсылман адам дұшпанынының қайғы-қасіретіне де, егер оған зұлымдық жасалған болса, қуанбайды, өйткені зұлымдыққа мүлдем рұқсат жоқ, ал жазаға лайықты емес адамға қарсы өшпенділік әрекеттер жасау – харам және жиіркенішті болып табылады. Ал куәгерлердің көз алдында жасалған, ол туралы хабар кең тараған және оны көзімен көрген адамдарға үрей салған қылмыс туралы не айтуға болады, және мұсылмандар осындай әрекеттерді құптайды деп қалайша айтуға болады?!»(2)

Абдуллаһ ибн Амр, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Ең ұлы күнәлар болып Аллаһқа серік қосу, ата-аналарға құрмет көрсетпеу, адам өлтіру және жалған ант беру табылады». әл-Бухари.

Бурайда, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Аллаһ үшін Аллаһтың жолында соғысыңдар! Аллаһқа иман келтірмегендермен соғысыңдар! Соғысыңдар, бірақ сатқындық жасамаңдар, шектен шықпаңдар, мүгедек етпеңдер, балаларды өлтірмеңдер!» Әбу Дауд. Шейх әл-Әлбәни «Сахих Сунән Әби Дауд» (2613) жинағында хадисті сахих деді.

Бұл хадис джихадта қиянат пен сатқындықтың тыйым салынғандығын түсіндіреді, өйткені олар зұлымдық болып табылады. Ал, «шәһидтік» актілерге келер болсақ, олардың барлығы қиянатқа, зақымдаушылыққа, қорғаусыз азаматтарды өлтіруге негізделген. Ал енді қиянат Исламның атынан жасалып жатса, олар дұшпанның мұсылмандарға жасап жатқанынан да үлкен қылмыс және жауыздық болады, өйткені мұндайқиянатшылдық әрееттер адамдарды Аллаһтың дінінен кері итереді және оларды Оның жолынан адастырады.

Хузәйфа ибн әл-Йәмән, Аллаһ оған разы болсын, былай баяндайтын: «Маған Бәдр шайқасына қатысуға тек мына жағдай ғана мүмкіндік бермеді: мен өзімнің әкем Хусайлмен бірге (Бәдр шайқасына қатысу үшін) аттанғанымда кәпір құрайштықтар бізді ұстап алып: «Сендер Мухаммадқа барғыларың келіп тұр ма?» – деп сұрады. Біз: «Жоқ, біз Мухаммадқа барғымыз келіп тұрған жоқ, біз тек ғана Мәдинаға барып келгіміз келіп тұр», – деп жауап бердік. Сонда құрайштықтар бізден Мәдинада біз Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жағында соғыспаймыз деген Аллаһтың атымен ант алды. Біз Аллаһтың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп, оған орын алған жағдайды баяндап бергенімізде, ол: «Екеуің де (Мәдинаға) аттаныңдар. Біз олармен келісім-шартты орындаймыз және Аллаһтан оларға қарсы көмек сұраймыз», – деді». Муслим.

Бұл хадис келісім-шарттарды орындаудың қажеттілігін айқын көрсетуде. Дәл осы жағдай Хузәйфәны және оның әкесін мұсылмандар мен кәпірлердің соғыс майданында алғашқы кездесуінде қатысудан бас тартуға мәжбүрледі. Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шешімі осылай болды, ал одан өзге кім маңыздырақ және сенімдірек бола алады?!

Ендеше, мұсылман еместердің еліне рұқсат және виза алып кіріп, кейін сол елдің азаматтарына қатысты қиянаттық актілерді жасайтындар туралы не айтуға болады? Ал, осыдан соң олар тағы да өздерінің әрекеттерін Исламға жатады және джихад деп аталады деп айтады? Олардың пайымдары нендей жаман!

Әбу Рафи былай деп баяндайтын: «Құрайштықтар мені Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) елші етіп жіберді, бірақ, оны көрген сәтте мен өз жүрегімде Исламды қабылдауға деген қалауды сездім. Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Аллаһ Тағаламен ант етемін, мен оларға ешқашан қайтпаймын!» – дедім. Бұған Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Мен келісім-шарттарды бұзбаймын және елшілерді ұстап қалмаймын! Оларға қайт, ал содан кейін, егер сенің жүрегіңде қазір болған қалауың сақталып қалса, бізге қайтып кел», – деді». Әбу Дауд, ән-Нәсаи, әл-Хаким, әл-Бәйхақи, Ибн Хиббән және Әхмәд. Шейх әл-Әлбәни «Мишкәт әл-Мәсабих» кітабында (3909) оны сахих деді.

Муғира атты басқа бір сахаба Исламға келудің қарсаңында өзіне сапарлас болған адамдарды өлтірді де, олардың мүлкін иемденіп алды. Кейін ол Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп, Исламды қабылдады. Ал, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі босын) оған былай деп айтты:  «Сенің Исламға (келуіңе қатысты) айтар болсақ, мен (оны) қабылдаймын. Ал, мал-мүлікке келер болсақ, менің оған ешқандай қатысым жоқ», – деді. әл-Бухари.

Ескертпелер:

1. Бұл хадисті Әбу Дауд жеткізген. Шейх әл-Әлбәни «Сахих Сунән Әби Дауд» кітабында оны сахих деген (2324).

2. Барлық ғалымдардың бұл мәселе бойынша айтқан сөздері ұқсас болуы ерекше жағдай. Бұған дейін бірнеше ғасыр бұрын Әл-Изз ибн Абд әс-Сәләмға мынандай сұрақ қойылды: «Егер дұшпан зұлымдықпен және қиянатпен өлтірілген болса, адам осыған қуануына және шаттануына бола ма? Әлде бұған қуану – күнәнің жасалғанына қуану болып табылады ма?» Ғалым былай деп жауап берді: «Егер адам оның дұшпанына қатысты Аллаһқа мойынсұнбау жасалғанына қуанса, онда оның қуанышы жиіркенішті-ақ. Егер ол осы дұшпан көрсететін жауыздықтан өзінің құтылғанына, адамдардың  қанау мен залымдықтан құтылғанына қуанса және оның  қуанышы ол арқылы адам өлтіру орын алған Аллаһқа мойынсұнбаудан туындамаған болса, мұнда ешқандай айыпты нәрсе жоқ». «Қауәид әл-Әхкәм» (2/397).

Негіз қалаушы ережелер
Әбу Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз

Негіз қалаушы ережелер

Ғалымдардың арасындағы бұл мәселе бойынша келіспеушіліктердің бір себебі болып төменде келтірілген кейбір негізгі ережелерге әртүрлі тәсілдерді қолдану болып табылады.

Ескертпе: Атап айтқанда, бұл пікірді шейх М2шхур бин Хасан бин Салмән ұстанады. «әл-Асалә» журналың, № 37 қараңыз.

Бірінші ереже: Кез-келген әрекеттің пайдасы мен зиянын өлшеу керек.

Қандайда бір іс-әрекеттің зиянды, немесе пайдалы екендігін анықтау оның мәнін нақты тұспалдаусыз мүмкін емес. Сонымен бірге осы салада білім мен тәжірибеге ие болған адамдарға жүгіну де қажет. Әскери мамандардың пікірі бойынша «шәһидтік» актілер қарсыласты түреуішпен шаншуға ұқсайды, өйткені олар кездейсоқ жасалады, үлкен көлемге және тұрақты сипатқа ие болмайды және тіпті дұшпанға үлкен шығын да келтірмейді.   Олар қарсыластың салмақты жеңілістеріне алып келмейді және оны шегінуге мәжбүрлемейді. Олар қарсылас үстінен жеңісті де қамтамасыз  етпейді, тек оның ашу-ызасын одан сайын күшейтіп, оны жоспарлары мен тактикасын өзгертуге мәжбүрлейді және бұл оның тарапынан жылдам және күтілмеген жауапқа әкеп соқтырады. Сөйтіп, бұл операциялар соғыста қойылатын мақсаттарға қол жеткізуді де қамтамасыз етпейді және көптеген жағдайда кесірлі зардаптарға соқтырып, жағдайды одан сайын қиындата түседі.

Осы орайда пайда мен зиянды өлшеу туралы ереже – жақсылыққа үндеп жамандықтан тыюға қатысты ұйғарымға ұқсас келеді. Бұл ұйғарымның мағынасы – егер бір жамандықты жою оданда үлкен жамандыққа әкелетін болса мұндай іс-әрекетке тыйым салынады. Ал егер жамандықты жою (әрекеті) соған теңдес жамандыққа келтіретін болса, онда мұндай жағдай бір мағыналы бағалауға ие емес. Қараңыз: Мәшхур бин Хасан бин Салмән. «Ас-Саләфиййун ва Кадийят Филистин».

Көрнекті ғалым Абд әл-Ләтиф ибн Абд әр-Рахмән Әл әш-Шейх былай деп жазған: «Аллаһтың қандайда бір заң-ережелерін орнатуының мақсаты болып – мүмкіндігінше пайдаға қол жеткізу және зиянды жою болып табылады. Кейде зиянды тек қана одан зияны аздау болған іс-әрекетпен жою мүмкін болады. Және, керісінше, кейде пайдалы іс-әрекеттен бас тарту арқылы  пайдаға қол жеткізуге болады. Кез-келген жағдайда уақытты, жағдайларды және тұлғаларды есепке алу қажет. Кім осыларды елемесе, немесе назарынан тыс қалдырса, дінге және адамдарға қатысты ең үлкен күнәлардың бірін жасайды». «әд-Дурар әс-Сәнийя» (8/65).

Әскери қимылдарды және джихадты жүргізумен байланысты мәселелер едәуір маңызды және нәзік болып табылады, өйткені олар мұсылман үмметінің сақталып қалуының өзіне қатысты. Соғыс не адамдарға құтылу әкеледі, не оларды опат етеді. Бір жағынан, мұндай мәселелердегі қателіктер адамдардың қаза болуының және олардың мал-мүлкінің жойылуының себебі болады, ал басқа жағынан – олар үшін абыройсыздық пен қорлануға айналады. Тарих соғыстарды ұмытпайды, оларды ұрпақтар есте сақтайды. Сондықтан да, осындай маңызды мәселелер бойынша сөз айтатын кез-келген біреу тәжірибеге және Құран мен Сүннет, сондай-ақ, мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарынан болған ізгі алдыңғы буындарымыздың мұрасы бойынша терең білімге ие болуы қажет. Бұдан тыс, мұндай үкімдерді шығарғанда білімдері жалпы тарапынан мойындалған ғалымдармен кеңес құрып, әуес-қалаулардан және эмоциялардан бас тарту керек.

Дәл осы нәрсе Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларымен мирас етілген еді. Мысалы, Сәхл ибн Хунәйф, Аллаһ одан разы болсын, былай деген: «Уа, адамдар! Өзіндік пікір-пайымдардан аулақ болыңдар! Мен Әбу Джәндәл Күні, егер соны жасай алғанымда, Пайғамбарға мойынсунудан бас тартуға әзір болғанымды еске аламын». әл-Бухари.

Ал, Умар ибн әл-Хаттаб, Аллаһ оған разы болсын, былай деді: «Уа, адамдар! Дінде өзіндік пайымдаулардан аулақ болыңдар! Мен, өзімнің пікіріме сүйеніп, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығын қайтарғанымды еске аламын. Аллаһпен ант етемін, мен өз наразылықтарымда қателескен едім. Бұл Әбу Джәндәл Күні орын алған еді».

Ескертпе: Бұл хадисті Әбу Йә’лә және әт-Табәрани жеткізген. Әбу Джәндәл Күні туралы дерек толығымен орыс тіліне аударылған мына кітаптарда келтіріледі: «Краткое изложение Сахих аль-Бухари», 1134 (2731, 2732), толкование Священного Корана Абдуррахмана ас-Саади (комментарий к суре «Победа» №48) и «Жизнь Пророка, да благословит его Аллах и да приветствует» (в оригинале «Ар-Рахик аль-Махтум») Сафи ар-Рахмана аль-Мубаракфури.

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) күрделі әскери жағдайларда өзінің сахабаларымен кеңескендігінде таң қаларлық жәйт жоқ. Ол (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Бәдр шайқасы күні кеңес сұрап оларға жүгінгенде, Хәббәб (Аллаһ оған разы болсын), су мұсылмандардың тылында қалуы үшін, әскери лагерьді кұдықтардың төменгі жағына құруға кеңес берді. Осының арқасында олар шөлін қандыру және дәрет алу мүмкіндігіне ие болды, ал мүшриктер бұл мүмкіндіктен айырылып қалды. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сол шайқаста тұтқынға алынған көпқұдайшылдардың тағдырын шешу үшін де сахабалармен кеңесті. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) құрайштықтар Бәдр шайқасында өлтірілгендеріне өш алу үшін мұсылмандарға қарсы жорыққа шыққанын естіп, Мәдинада қорғаныс құрып тұрып алғысы келгенде де олардан кеңес сұрады. Сонда сахабалар Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшылдардың алдынан шығуға кеңес береді, ал бұл, өз кезегінде, атақты Ухуд соғысына алып келді. Бұдан тыс, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшылдардың тайпалары мұсылмандарға қарсы біріккенде сахабаларынан кеңес сұраған еді және Салмән әл Фәрси (Аллаһ оған разы болсын) Мәдинаға кіруді бөгейтін ор қазу туралы кеңес берді.

Ескертпе: Бұл оқиғалар туралы толығрақ Сафи әр-Рахмән әл-Мубаракфуридің «Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмірі» (түп нұсқасында «әр-Рахик әл-Мәхтум») және Ибн Хишәмнің «Мухаммед Пайғамбардың өмірбаяны» (түп нұсқасында «әс-Сира ән-Набәуийя») атты кітаптарынан білсе болады. Бұл екі кітап та орыс тіліне аударылған, алайда олардың біріншісінде, екіншісімен салыстырғанда, сахих деректер көбірек.

Жорымал жетістектермен соқыр болғандардың кейбіреулері: «Палестинадағы «шәһидтік» актілердің оң жақтары көп: «олар күрестегі батылдықты және Аллаһтың жолында мерт болуға дайындықты көрсетеді, мұсылман жерлерінде джихадтың басылып қалуына жол бермейді, еврей келімсектерінің Палестинаға ағылуының азаюына ықпал етеді және езгіге ұшыраған Палестинаның дауысын қалған әлемге жеткізеді», – деп айтуы мүмкін. Хамас» ұйымының сайтында «Палестина ғалымдары Одағының» ақпараттық бюллетенін қараңыз http://www.palestine-info.info.

Біз бұған: «Ешкім және ешқашан кейбір оң нәтижелерді жоққа шығармайды, алайда, өкінішке орай, бұл нәтижелер үлкен шөл далада жасалынған шыжыған күннің астындағы бассейнге ұқсайды», – деп айтуымыз қажет. Бұл бассейн суға толып үлгермей-ақ суы ұшып, ешкімге пайдасы тимей-ақ қайта құрғап қалады!

Бұдан тыс «джихадтың басылып қалуына жол бермейді» деген сөздер нені білдіреді?

Джихадтың дауысы ешқашан өшпеген. Аллаһтың Кітабы күндіз және түнде оқылып, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті сақталып тұрғанға дейін джихадтың дауысы өшпейді. Бірақ «шәһидтік» актілерді джихадқа жатқызу дұрыс емес, өйткені олар Қасиетті Құранға және Сүннетке қайшы келеді. Бұл әрекеттерді джихадқа жатқызу – джихад деген ұғымның өзін қаралау болады.

Түрлі ұлттағы әйелдер мен балаларға толы театрды басып алуды қалайша джихад деп айтуға болады?! Балалар мектебін басып алуды, ондағы жүздеген балаларды кепілдікке алуды және өлтіруді қалайша джихад деуге болады?! Жарылғыш заттарға толтырылған жүк көліктерін Найробидағы (Кения) және Дар-әс-Сәләмдағы (Танзания) Америка елшіліктерінің алдына қоюды, соның нәтижесінде жүздеген жазықсыз адамдардың қаза болуын қалайша джихад деп атауға болады?! Сөзге орай айта кететін жәйт – олар (қаза тапқандар) сол операцияның нысанасы болған американдықтар да емес еді, сол жарылыстардың құрбандары – түрлі мұсылман және мұсылман емес елдерінің жазықсыз азаматтары болды.

Айқын және баршаға жария түрде мынаны мәлімдеу қажет: Джихадтың бұл актілерге ешқандай қатысы жоқ және ол осы сияқты нәрселерден түпсіз алшақ!

Сондықтан да, ешқандай сылтаумен мұндай әрекеттерді джихад деп айтуға болмайді. Өзінің күш-қуаты жауыздықты жоюға, көзқарастер мен принциптерді, отан мен арды бағытталғанына сенетін бірде-бір солдат, бірде-бір қолбасшы мұндай актілерді орынды деп есептемейді.

Әскери джихад бұл –дұшпанмен соғыс майданында бетпе-бет кездесу кезінде адамдардың табандылық танытуы, қолбасшыға бағынуы, алға жүріп, артқа қашпауы. Солдат ақиқаттың үстем болуы үшін ыждағаттылық танытады. Ол Аллаһқа мойынсынудан бас тартпайды, зұлымдық жасамайды, жәбір тигізбейді, қанамайды және опасыздық жасамайды.  Құдайдың заңдарымен келген ақиқат – осы. Аллаһ Тағала былай деген: «Негізінде, Аллаһ әділдікті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан және жүгенсіздіктен тыяды. Сендерге насихат береді. Әрине түсінерсіңдер». (ән-Нәһл; 90);

«Расында елшілерімізді ашық мүғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітап пен Мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік». (әл-Хадид; 25);

«Әй мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ. Және Аллаһтан қорқыңдар. Күдіксіз, Аллаһ не істегендеріңнен толық хабар алушы». (әл-Мәидә; 8).

Бұл «шәһидтік» актілердің барлығы ешқашан палестиналықтарға және басқа да халықтарға жасалып жатқан зұлымдықтар мен жәбірлеулерді тоқтата алмайды. Палестиналықтардың дауысы (олар арқылы) әлемге жетпейді, әлемге түрлі елдердегі адамдарды саңырау етіп үлгерген олардың өткізіп жатқан операцияларының жаңғырығы жетіп барады. Олар наразылық және ыза тұғызды және барлық жерде ең алдымен осындай актілерді тоқтатуды талап етушілердің дауыстары шығуда. Барша тіпті қорғану мақсатында және отанды азат ету үшін осындай актілерді қолдану – орынсыз екендігіне бірауызды келіседі.

Жауыздық пен зұлымдық жауыздық және зұлымдықпен жойылмайды. Оларды тек әділдік және сабырмен жоюға болады. Бүлік пен бұзықтықты одан да жаман нәрсемен жою мүмкін емес. Оларды тек олардан жақсырақ нәрсемен жоюға болады. Дәл сол үшін де шейхуль-Ислам ибн Тәймийя былай деді: «Ақиқатында Аллаһ әділетті мемлекетке, тіпті ол кәпір болса да, көмектеседі және әділетсіз мемлекетті, тіпті ол мүмін болса да, көмексіз қалдырады». «Мәджму әл-Фәтауә» (28/63).

Әрине, түрлі орындарда және түрлі уақытта өткізіліп жатқан операциялардың нәтижелері бірдей емес. Алайда оларға қарсы ең күшті және көрнекі дәйек бұл –нақты фактілер және олардың көрнекі нәтижелері.  Сондықтан да, Палестина халқы Интифәда кезінде басынан өткізген қасіреттер туралы сандарды келтіруді жөн көрдім, оқырман оларды «шәһидтік» актілердің дұшпанға тигізген зиянымен салыстыруы және оларды жақтаушылардың тұжырымдарының негізсіз екенін түсінуі үшін.

Ескертпе: 29 қыркүйек 2000 ж. – 31 тамыз 2004 ж. аралығында израиль армиясының әрекеттерінің нәтижесінде 3529 палестиндық қаза тапты. Осыған сол мезетке тіркелген 151 адамның өлімін де қосу керек. Қаза тапқандардың арасында 18 жастан кіші 654 бала және 242 әйел бар. 115 адам бақылау өткізу пункттерінде өткізбей ұстаудың салдарынан ауырудан өлді; олардың арасында балалар, әйелдер, қарт адамдар, жүрек және бүйрек ауырумен, сондай ракпен ауратындар бар.

32 бомбылаулардың салдарынан қаза болды. 274 адам – арнайы жойылды, олардың 136  қастандық ұйымдастыру нәтижесінде. 46 палестина азаматтары еврей қоныстанушыларының шабуылдары кезінде қаза тапты.

344 қаза тапқан – ұлттық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері, 31 – жедел медициналық жәрдем  және азаматтық қорғаныс қызметкерлері, 9 – журналист және репортерлер, 220-спортсмендер болды. Жарақат алғандардың саны 42022 адам болды, олардың  тек 8435 алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

7400 қамауға және тұтқынға алынғандар израиль түрмелерінде жатыр, олардың 1318 – студенттер мен мектеп оқушылары, ұсталғандардың 465 – кәмелетке толмаған балалар.  5874 адамның қамауға алынғаны және 25 түрмелерге және изоляторларға орналастырылғаны тұтқындар істері бойынша министрлік тарапынан расталған.

196 қамауға алынған адам мұғалім және білім беру саласының қызметкерлері болып табылады. Түрмеге отырғызылғандардың 900 созылмалы ауырулармен ауырады. Қамауға алынғандардың 109 – әйелдер, олардың 41 – сотталған, 63 – уақытша ұсталған, бесеуі әкімшілік жауапкершілікке тартыумен ұақытша ұсталған.

Израиль агрессиясының нәтижесінде 583 қоғамдық ғимарат және қорғану құрылыстары қиратылды. 66095 үйлер толығымен немесе жартылай бұзылды. 12 мектеп және университеттер әскерилердің бұйрығымен жабылды, 1125 мектеп және жоғарғы оқу орындары жұмысын тоқтатты. 43 мектеп әскери казармаға айналдырылды. Оқ тиіп жарақаттанғаннан 697 оқушы және мұғалім, сондай-ақ, 4689 студен және қызметшілер қаза тапты.

62.542.480 шаршы метр жер бульдозерлермен тегістелді, 1145145 ағаш тамырымен жұлынды, 568 ауыл аруашылығы қоймалары, 581 мал және құс асырайтын фермалар, сондай-ақ, малға арналған қашалар бұзылды, 13866 бас қой мен ешкі өлтірілді, 299 құдық, 207 фермерлік үй, 1164 су қоймалары мен қауыздар бұзылды. Оққупацияның салдарынан 87 мың адам жұмысынан айырылды, ал бұл тұрғындардың 32,3 пайызын құрайды.

«Білгірлер» деп аталатындың кейбіреуі біз дұшпандарымызды олар «шәһидтік» актілерге жауап ретінде өз қылмыстарын жасап жатыр деп ақтайды деп бізге айып тағады. Бұл айыптауға жауап беріп, біз «Шәһидтік» актілер қаналғандардың дауысын қалған әлемге жеткізіп жатыр» деген тұжырымдаманы ғана теріске шығаратынымызды айтамыз. Керісінше, біз дәл осыған қарама-қарсы нәрсе болуда деп есептейміз.

«Шәһидтік» актілерді палестиналықтардың дұшпандары олардың үстінен өте аяусыз жазалауларды өткізуіне, құрбандары – екі жақтың азаматтық тұрғындары болған, күш тең болмаған соғыста олардың балаларын және мал-мүліктерін жоюына сылтау ретінде пайдалануда.

Көрнекті ғалым Ибн әл-Қаййим былай деген: “Адамдарға тек кітаптарда келтірілгеннің негізінде, олардың әдет ғұрыптарын, уақытты, орнын және жағдайларын ескермей, пәтуа беретін адам – өзі адасап, өзгелерді де адастырады. Мұндай муфтидің дінге қарсы жасап жатқан қылмысы – барлық адамдарды біріңғай медициналық кітап бойынша, жасайтын орын мен уақыттағы, темперамент пен әдеттегі ерекшіліктерді ескермей емдейтін дәрігердің қылмысынан жаман. Мұндай надан дәрігерлер мен муфтилер дінге және адамдардың денсаулығына ең үлкен зиян тигізеді. Ал біз тек Аллаһқа ғана көмек сұрап жүгінеміз”. «Иләм әл-Мууәқиин ән Рабб әл-Аләмин» (3/89).

«Шәһидтік» актілердің пайдалы нәтижелерін олардың зиянды салдарымен салыстыру – олардың спонтандық сипатымен, сондай-ақ, бүкіл дүние олардың нәтижелері туралы ақпаратты өздеріне пайдалы етіп беруге мүмкіндігі бар тек палестиналықтардың жауларынан еститінімен күрделенеді. Олар өздерінің ұйғарымы бойынша не олардың нәтижелері туралы айтпай қояды, не, керісінше, жасалған актілердің шынайы көлемін өздерінің мүдделеріне ыңғайлы етіп бұрмалап, қосып айтады. Бұдан тыс, палестиналықтардың дұшпандары, не өздерінің қолдарында, не олармен ынтымақтастықта болған бұқаралық ақпарат құралдары арқылы  қоғамдық пікірді манипуляциялап отыру мүмкіндігіне ие.

Екінші ереже: Игі ниеттің болуы амалдың ізгі болуы үшін жеткіліксіз

«Шәһидтік» актілерді жасауға барушы адамдар сол арқылы өзінің халқының жағдайын жақсартуды және дін үшін шәһид болғандардың сыйын алу үшін өзінің жанын құрбан етуді ниетенетініне күмән жоқ. Олар суицид (өзін-өзі өлтіру) туралы жоспарлар құрмайды және өзін-өзі өлтіруді көксемейді, өйткені оны орындау үшін басқа да жолдар жетіп асады. Олар, ешбір күмәнсіз, болашақ өмірлеріндегі жағдайына әсер ететін ізгі ниетке ие. Шейх-уль-ислам Ибн Тәймийя, өзін-өзі өлтіру Құранмен, Сүннетпен және ислам ғалымдарының бір ауызды келісімімен (иджмәъ) харам етілгендігін айтқан соң, былай деді: «Аллаһ тыйым салған өзін-өзі өлтіру мен Аллаһ әмір еткен жанды және мал-мүлікті саудаға салудың арасын ажырата білу қажет. Аллаһ Тағала былай деді: «Ақиқатында, Аллаһ мүміндерден олардың жандары мен мал-мүлкін Жәннәтқа айырбастап сатып алды». (әт-Таубә; 111). «Мәджму әл-Фәтауә» (25/272).

Басқа да мәселелердегідей, бұл мәселеде де критерий болып – адамның өзі дұрыс деп есептеген нәрсесі емес, Құран мен Сүннеттің заң-ережелері табылады, өйткені (бірінші аталған жағдайда) ол ізгі халифа Умар ибн Абд әл-Азиз оларды: «Аллаһқа айқын білімге сүйенбей ғибадат етуші адамдар пайда келтіретін нәрсенің басым бөлігін бүлдіреді», – деп  сипаттаған адамдардың қатарына кіріп кетуі мүмкін ғой.

Өзінің әуестері мен қалауларына бағынып, дұшпанға қарсы, ол қай жерде болса да, осындай ойсыз әрекеттерді жасауға шақыратын адасушылар дәл осындай жағдайда болып тұр. Бұған қоса, олар өздерінің әрекеттері іс жүзінде Исламның әлсіреуіне, оның жақтаушыларының опат болуына және елден айдалуына әкеп соқтыратындығы туралы ойланбайды да. Планетамыздың түкпір-түкпірінде мұсылмандардың басынан түсіп жатқан нәрселер – осындай ойсыз іс-әрекеттердің салдары болып табылады, ал бұл тағы да бір рет олардың кесірлі және бұзақы екендігін дәлелдейді.

«Аллаһтың разылы мен махабатына өз-өзіңе азап тигізу және қиындықтарға ұмтылу арқылы жеткізуге болмайтынын білу керек. Кейбір надандар амал қаншалықты қиын болса, ол соншалықты жақсы болады, сауаптың мөлшері қиындықтың дәрежесіне байланысты деп есептейді. Жоқ! Бұл – толығымен қате сенім! Амал үшін берілетін сауаптың мөлшері оның келтіретін пайдасына байланысты». Ибн Тәймийя, «Мәджму әл-Фәтауә» (25/281).

Аллаһ Тағала былай деді: «Бүкіл әкімшілік қолында болған АллаҺ – аса ұлы, Ол – әр нәрсеге күші толық жетуші. Ол – сендерді сынау үшін және кімнің амалдары жақсы болатынын көру үшін өлім мен өмірді жаратқан». (әл-Мульк; 1-2) Сөйтіп, бізден қалауларымызға ұнайтын емес,  ізгі, салиқалы және Аллаһқа ұнамды амалдарды орындау талап етіледі. Амалдар басқа адамдардың әрекеттеріне және болмыстың екпініне жауап (реакция) болмауы қажет.

Әл-Фудәйль ибн Ийәд, Аллаһ Тағаланың «кімнің амалдары жақсы болатынын» деген сөздеріне тафсир жасап, былай деді: “Бұл – кімнің амалдары дұрыс және ықыласты болады дегенді білдіреді». Одан: «Уа, Әбу Али! Ал, ықыласты және дұрыс деген нені білдіреді?» – деп сұрағанда, ол: «Ақиқатында, егер амалдар ықыласты болып, бірақ дұрыс болмаса – олар қабыл болмайды, және егер амалдар дұрыс болып, бірақ ықыласты болмаса – олар ықыласты және дұрыс болмайынша, қабыл болмайды. Ықыласты болып Аллаһ үшін орындалатыны табылады, ал дұрыс болып Сүннетке сәйкес орындалатыны табылады. Бұл жөнінде Аллаһ Тағаланың мына аятында айтылған: «Сондай-ақ, кім Раббысына жолығуды үміт етсе, сонда дұрыс амалдар істеп,  Раббысымен бірге ешкімге құлшылық етпесін”. (әл-Кәһф; 110)» Әбу Ну’айм  “әл-Хилья” 8/95.

Мүміндердің әмірі Умар ибн әл-Хаттаб, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһқа мынандай дұғамен жалбарынатын: «Уа, Аллаһ! Менің амалдарымның барлығын салиқалы және шың ықыласпен Сенің дидарың үшін орындалған, онда өзгелер үшін орындалғанның бөлшегі (де) болмайтын ет». «Мәджму әл-Фәтауә» (т.1/стр.334), Ибн Теймийя.

Шейх әл-Әлбәни, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Джихад – Аллаһ Тағала әмір еткен салиқалы амалдарға жататындығына күмән жоқ. Ол кейде – жеке міндет (фард айн), кейде – қоғамдық міндет (фард кифая)  болып табылады. Мұсылман үмметінің ұлылығы джихапен байланысты, ал егер мұсылмандар оны елемесе (оған мән бермесе), міндетті түрде ұлылықтан айырылады және сонда «Аллаһ оларға қорлық жібереді де, олар дініне қайта оралмайынша, одан оларды құтқармайды». Бұл хадисті Әбу Дауд, әт-Тирмизи және басқа да мухаддистер жеткізген. Шейх әл-Әлбәни бұл хадисті сахих деген. «Сахих Сунән Әби Дауд» (2956), «Сахих әл-Джәми’» (423), «Силсиләт әл-Ахадис әс-Сахиха» (11).

Ескертпе: Жеке міндеттілік (фард ‘айн) – әрбір мұсылманға міндетті болған бұйрық. Оларға, мысалы, күн сайын нмаза орындау, немесе Рамазан айында ораза ұстау жатады.

Ұжымдық міндеттілік (фард кифәйә) – жалпы мұсылмандарға міндетті болған бұйрық, егер мұсылмандардың жеткілікті саны оны орындаса, қалғандары бұл міндеттіліктен босатылады, алайда, егер мұсылмандардан ешкім бұл міндеттілікті орындамаса, күнә барлық мұсылмандарға түседі. Мұндай бұрықтарға, мысалы, жаназа намазы жатады.

Джихад – Аллаһқа құлшылық жасау болып табылатындығын және бұл құлшылық өте маңызды екендігін дәлелдеудің қажеті жоқ. Алайда, құлшылық партияның мүддесі, немесе туған жерді қорғау үшін емес, шын ықыласпен Аллаһ үшін болса ғана – қабыл болады. Жер түгелілімен Аллаһтың иелігінде, және Ол оның үстінен білік жүргізуді   Өзінің қалаған құлына сыйлайды.

Шейх әл-Әлбәни сондай-ақ былай деді: «Егер адам шын ықыласымен Аллаһ үшін джихад жасауды ниет етсе, ол осы үшін лайықты сыйын алатынына күмән жоқ. Алайда біз сөз етіп тұрған джихад  – Аллаһ жүргізуді бұырған джихад болып табылмайды.  Мен ниеттің өздігінше өте жақсы болып тұрғанын айтып тұрмын, өйткені адам джихад жасағысы келіп тұр ғой, алайда джихадты жүргізу үшін міндетті түрде, Аллаһ Тағала көпке белгілі: «Сендер де шамаларың келгенше әр түрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер.  Аллаһтыңның дұшпанын және өз дұшпаңдарыңды қорқыту үшін». (әл-Әнфәл 8: 60),  – аятта айтқанындай, дайындық қажет.

Джихад тек жарияланған кезде және оны жүргізуге дайындық болған жағдайда ғана джихад болады. Осы шарттар орындалғанда, джихадтан бас тартуға болмайды.

Ал, жеке біреулер, мейлі өзінің жерін қорғау мақсатымен болса да, көтеріп жүрген көтерілістерге келер болсақ, олар – джихад болып табылмайды. Әрине, дұшпан шабуыл жасағанда мұсылман жерлерін қорғау – міндетті болып табылады, бірақ, пайдаға қарағанда көбірек зиян әкелетін шабуылдаулар – барлық мұсылмандар шығуға міндетті болған джихад болып табылмайды.   Мұндай джихад туралы Аллаһ Тағала былай деген: «Егер олар шығуды қаласа, осыға дайындалар еді». (әт-Таубә 9: 46).

Сондықтан да, біз бұған бір неше рет нұсқағанымыздай, мұсылмандар ақыл тоқтатып, Шариғатты дұрыс түсініп, Аллаһтың заңына және дініне сәйкес келетін ықыласты және дұрыс амалдар жасауы керек. Міне сонда мүміндер Аллаһ Тағаланың көмегімен қуанады».  Тыңдаңыз “әт-Тахарри филь-Фәтуә” 2-кассета, Мәшхур бин Хасан бин Салмәнның «Әс-Саләфиййун уә Кадийят Филистин» кітабының негізінде (67-бет).

Сөйтіп, Аллаһқа ұнамды әрекетті жасау үшін жалғыз ниеттің өзі ғана жеткіліксіз. Шариғаттың басқа да заң-ережелерін орындау қажет. Нақтырақ айтқанда, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім өзін-өзі қандайда бір затпен өлтірген болса, Қиямет Күні сонысымен жазаланады». Бұл хадисті Әбу Хурайрадан және Саббит әд-Дәххақтан әл-Бухари және Муслим жеткізген. Дәл соны Әбу Әуәна да келтіреді.

Бұл хадис өзін-өзі қасақана өлтіргеннің барлығына, ешқандай ерекшелеусіз және мотивтер мен мақсаттарды есеп алусыз, қатысты. Ол қателікпен және мәжбүрлеумен емес, саналы түрде осындай таңдау жасап, өзін-өзі өлтіргенің барлығына қатысты қолданылады. Бұл хадисте қолданылатын арабтың «мән» (кім) сөзі, оған жалпыға бірдей маңыз береді, яғни хадис өзін-өзі өлтірген кез-келген адамды қамтиды. Бұдан тыс, хадистегі қорқыту әрекеттің мотивтері және мақсаттарына емес, әрекеттің өзіне байланысты болып тұр. Сөйтіп, өз еркімен өзін-өзі өлтірген әрбір адам күнә жасаған және рұқсат етілгеннің шегінен бұзып шыққан болады. Раббымыз: «Өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер» – деді. (ән-Нисә; 29)  Ерікті түрде өзін-өзі өлтіруге баратын адамға жоғарыда келтірілген хадистегі қорқыту таралады, алайда өзін-өзі құрбан ету актісін оның рұқсат етілгендігіне сеніп жасаған адам жазалаудан құтылады деген үміт қала береді.

Салиқалы ниет және болжамды пайда харам етілген нәрсені халәл етпейді және діндегі жаңалықтарды (биъаттарды) ақтамайды.  Ал күнә өзін-өзі өлтіруге оқталған адамды адасушылыққа салған және оған осындай «өзін-өзі құрбан етуді» халәл деп пәтуа шығарып берген адамның мойнына (да) түседі.

Үшінші ереже: Мұсылмандарға қарсы соғыспайтындарды өлтіруге тыйым салынады

Құран мен Сүннет, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), оның сахабаларының өмір баяны туралы кітаптар, мұсылман ғалымдарының еңбектері және діни-құқықтық мектептердің (мәзһабтардың) трактаттары соғыс әрекеттеріне қатысы жоқ адамдарды өлтіруге болмайтындығы туралы хабарларға толы. Бұған – әйелдер, қарттар, балалар – яғни бүгінгі күні «азаматтық тұрғындар» деп аталатындар, сондай-ақ, мұсылман жерлеріне қауіпсіздік кепілдігін (қазір бұл «кіру визасы» деп аталады) алып кірген мұсылман еместер жатады.

Ескертпе: Мұсылман еместер (غير المسلمين) төрт санатқа бөлінеді: зимми, му’ахид, мустәмән, харби.

1. Зиммий (الذمي) – мұсылман жерлерінде өмір сүруші кәпір. Ол жан басына төленетін джизья төлеуге міндетті және оған қатысты Исламның барлық заңдары жүреді. Джизья балалардан, әйелдерден, монахтардан, қарттардан, мүгедектерден және жұмыссыздардан алынбайды. Ол зиммилердің өздерінің медициналық және әлеуметтік қажеттіліктерін өтеуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге пайдаланылады. Зиммилерге әскери міндеттілік жүктелмейді.

2. Му’ахид (المعاهد) – оның мемлекеті мен мұсылман мемлекеті арасында белгілі мерзімге, немесе мерзімсіз келісім-шарт болған кәпір. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) құрайштықтармен 10 жылға соғысты тоқтату туралы бейбір келісім-шарт жасағаны мәлім. Мұндай келісім-шарттардың қазіргі заманауи нұсқаларына мемлекеттің халықаралық, немесе аймақтық ұйымдарға қатысуы жатады.

3. Мустәмән (مستأمن) – мемлекеті мұсылмандармен соғыс жағдайында болған, қандайда бір мұсылманнан мұсылман еліне рұқсат және қауіпсіздік кепілдігін алып кірген кәпір. Қауіпсіздік кепілдігінің мұндай заманауи нұсқалары болып – виза алу, кіруге рұқсат алу, кіру туралы штамп табылады.

Жоғарыда келтірілген осы үш санаттағы кәпірлердің өмірі қол сұғылмайтын болып табылады. Олар өз статустарына ие болып тұрғанынша ешкім олардың өміріне қастандық жасауға құқықты емес, өйткені Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кім муахадты өлтірсе, Жәннәттің хош иісін сезбейді, ал ол қырық жылдық жолдың ұзақтығына дейін сезіледі», – деп айтқанын баяндаған.  әл-Бухари.

Бұл хадисті әл-Бухари жеткізген. Аллаһ Тағала былай деді: «Егер (өлтірілген) сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек». (ән-Нисә; 92). Сөйтіп, тіпті қасақана жасалмаған қауіпсіздік кепілдігін алған кәпірді өлтіру үшін Аллаһ Тағала құн мен күнәні өтеуді тағайындаған. Онда қасақана өлтіру туралы не айтуға болады?! Мұндай жағдайда қылмыс едәуір ауырлау, ал күнә көбірек болады. Сондықтан да, шейх-уль-ислам Ибн Тәймийя өзін қауіпсіздеп ойлаған зиммиді қиянатшылдықпен өлтірген мұсылман өлім жазасымен жазалануы қажет деп есептеген. Осы пікірді мәлики мазхабының ғалымдары да ұстанады. Имам Әбу Ханифә мұсылман адам кез-келген зиммиді өлтіргені үшін өлім жазасына кесіледі деп есептеген. Адам өлтіруге тыйым салатын Құранның барлық аяттары сондай-ақ зиммилерге, муахадтарға және мустәмәндерге де қатысты күшке ие болып табылады.

4. Харбий (الحربي) (сөзбе-сөз »соғысқа қатысушы») – осы үш санатқа жатпайтын кәпір. Мұндай адам мұсылмандардың жеріне түсіп қалса, оның өмірі, мал-мүлкі және ар-намысы қол сұғылмайтын болып табылмайды, алайда, оларға қол сұғу тек мұсылманәмірінің рұқсатымен ғана мүмкін болады. Балалар, әйелдер және мүгедек ерлер бұларға жатпайды, оларды өлтіруге болмайды.

Мұсылмандарға жоғарыда аталған тұлғалардың санатына жататындардың өміріне қастандық жасауға тыйым салынады.

Төменде біз Сауд Арабиясы Корольдігі ірі ғалымдарының Кеңесі х.13.03.1424 ж. (15.05.2003) әр-Рияд қаласында өткен отырысында шығарған пәтуасын келтіреміз. Онда қиратулардың, сондай-ақ, көптеген мұсылмандар мен мұсылман еместердің жарақаттануына және қаза болуына себеп болған әр-Рияд қаласында х.11.03.1424 ж. орын алған жарылыстармен байланысты оқиғалар талқыланғын еді.

Кеңес, Шариғат дәлелдеріне сүйеніп, өміріне қол сұғуға болмайтындардың өміріне қастандық жасаудың тыйым салынғандығына мұсылмандар бір ауызды келіскендігі туралы қорытынды шығарды. Олардың қатарына: өміріне белгілі құқықсыз қастандық жасау тыйым салынған мұсылмандар;  мұсылман мемлекетінде өмір сүріп жатқан және оның қорғауында болған зиммилер; мұсылмандармен бейбіт келісім-шарты бар мемлекеттердің азаматтары – муахадтар; сондай-ақ, мұсылман еліне кіруге рұқсат және қауіпсіздік кепілдігін алған мустамәндар.

Абдуллаһ  инб Амр Пайғамбардың (Аллаһтың оған игіліліг мен сәлемі болсын): «Кім муахадты өлтірсе, Жәннәттің хош иісін сезбейді, ал ол қырық жылдық жолдың ұзақтығына дейін сезіледі«, – деп айтқанын баяндаған.  әл-Бухари.

Мұсылман әмірі қауіпсіздік кепілдігін беріп, мұсылман еліне кіруге рұқсат еткен адамның өмірі мен мал-мүлкіне  қол сұғылмайды және оған қастандық жасау рұқсат етілмейді. Кім осындай адамды өлтірсе, бұл жөнінде Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқандай, Жәннәттің хош иісін де сезбейді. Ақиқатында, осы – муахадтардың өміріне қастандық жасаушыларға айтылған әп-айқын қорқыту. Егер қандайда бір мұсылман қандайда бір кәпірді өзінің қорғауына алып, оған қауіпсіздік кепілдігін берген болса, бұл кепілдік үшін барша мұсылмандар жауап береді. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Барша мұсылмандардың қаны тең дәрежеде құнды, ал олардың ең ықпалсызы берген кепілдік олардың барлығының тарапынан орындалуы қажет». Бұл хадисті Әбу Дауд, әт-Тирмизи және Ибн Мәджәһ жеткізген. Шейх әл-Әлбәни хадисті хасан деген. «Сахих Сунән Аби Дауд» (2751), «Сахих әл-Джәми’» (6712), «Сахих Сунән Ибн Мәджәһ» (2172, 2173, 2174).

Бұдан тыс, өзін-өзі жарып, «шәһидтік» актілерді жасаушылар Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын):  «Кім өзін-өзі қандайда бір затпен өлтірген болса, Қиямет Күні сонысымен жазаланады», – дегендердің қатарына жатады. Бұл хадисті Әбу Хурайрадан және Саббит әд-Дәххақтан әл-Бухари және Муслим жеткізген. Дәл соны Әбу Әуәна да келтіреді.

Бұл пәтуаның соңында мұндай қылмыстарды жасау Исламның және мұсылмандардың мүддесіне қайшы келетіндігі түсіндіріледі. Онда, сондай-ақ, былай деп айтылады:  «Мұсылман халықтары бүгінгі күні жан-жақтан қол сұғып жатқан дұшпандардан зардап шегіп жатқанын және осы дұшпандар мұсылмандарға жасайтын шабуылдарын, мүміндерді қорлауды және оларға тиісті болған игіліктерді пайдалануды ақтайтын сылтаудың пайда болғанына қуанатынын барша біледі. Дұшпандарға мұсылмандарға қарсы әрекет жасауына сылтау жасап беріп, олардың мақсаттарын жүзеге асыруға көмектесетіндер мұсылмандарға айтуға келмейтін ұлы шығын тигізуге және олардың жеріне шабуыл жасауына ықпал етуде. Бұл – ең қорқынышты қылмыстардың бірі».

Өз тарапымнан мен қақысыз, адамды ғана емес, тіпті құсты да өлтіруге болмайтындығын ескертікім келеді.  Абдуллаһ ибн Амр, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндайды: «Аллаһ Тағала құсты, немесе содан үлкен нәрсені қақысыз  өлтіргеннің әрбірін жауапқа тартады». Адамдар: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Оның хақысы неде?» – деп сұрады. Ол (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Оның қақысы – оны дұрыс сойып, жеу, бірақ басын жұлып, тастау емес», – деп жауап берді. Бұл хадисті ән-Нәса’и және әл-Хаким жеткізген. Ибн Кәсир  «Иршәд әл-Фәких» (1/368) және әл-Әлбәни «әт-Тарғиб уа әт-Тархиб» (2266) кітаптарында бұл хадисті хасан деп атаған.

Төртінші ереже: Мұсылман адамға дұшпандарға олардың территориясында қиянат жасауына тыйым салынады, егер олар оған қауіпсіздік берген болса.

Ескертпе: Бұл бөлімді жазуда мен Фәйсал бин Кәзара әл-Джәсимнің «Кәшф әш-Шубухат фи Мәсәил әл-Ахд уә әл-Джихад» («Келісім-шарт және джихад мәселесінде күмәндарды жою») кітабын қолдандым.

Мұсылман емес елге кіруге ресми рұқсат және қауіпсіздік кепілдігін алып кіретін мұсылманға оның тұрғындарының өмірі мен мал-мүлкіне қол сұғуына және оларға қатысты қиянатшылдық танытуына рұқсат етілмейді, өйткені кіруге рұқсат және қауіпсіздік кепілдігі оған осы елдің тұрғындарының өміріне, мал-мүлкіне және ар-намысына оның тарапынан ешнәрсе қауіп төндірмейді деген шартпен беріледі. Бұл ережемен барлық мұсылман ғалымдары келіседі, өйткені қауіпсіздік берілген адамға деген кез-келген қол сұғушылық – қиянат және сатқындық болып табылады. Келісім-шарттарды орындауға шақыратын және оларды бұзуға тыйым салатын барлық аяттар мен хадистертердің осы проблемаға қатысы бар. Кейбір ислам ғалымдарының осы мәселе бойынша айтқан сөздерін келтіреміз.

Имам әш-Шәфи’и былай деген: «Егер мұсылмандардың тобы (дұшпан территориясына) қауіпсіздік кепілдігін беріп және алып, бейбітшілікпен кірген болса, дұшпанды, олар оның жерінен шығып кетпейінше, немесе өзара қауіпсіздік туралы келісім-шарттың мерзімі бітпейінше, мазалауға болмайды. Баяндалған жағдайда мұсылмандар оларға жамандық тигізуге және оларға қиянат жасауға құқықты емес. Ал егер дұшпан олардың территориясына  өзара қауіпсіздік кепілдігімен кірген қайдайда бір мұсылманның балалары мен әйелдерін тұтқындаған болса, мен сатқындық жасауды дұрыс деп есетемеймін, алайда бұл жағдайда мұсылмандар олардан кепілдікті қайтарып беруін және кепілдіктен бас тартуын талап етуі керек деп пайымдаймын. Осыны істеп болып, олар мұсылман әйелдері мен балаларын азат ету үшін соғысқа кірісуі қажет. «Әл-Умм», «Дұшпан елінде қауіпсіздік кепілдігін алған адам туралы» тарау.

Имам Ибн Кудама әл-Ханбали, Әл-Харакидің: “Кім дұшпан жеріне қауіпсіздік кепілдігін алып кірген болса, олардың мал-мүлкіне қиянатшылдықпен қол сұғуына, немесе олармен өсімқорлықпен айналысуына  құқығы болмайды», – деген сөздеріне қатысты былай деген: «Олардың өздеріне қатысты қиянат пен сатқындық туралы айтар болсақ, оған тыйым салынған, өйткені, олардың берген қауіпсіздік кепілдігі оларға қатысты сатқындық жасалмауын білдіреді.  Тіпті, бұл шарттар сөзбе- сөз келісілмеген болса да, мұның мәні әрекеттің өзінен айқын болып тұр. Сондықтан, мұсылман еместерден біреу бізден қауіпсіздік кепілдігін алып, бізге келіп, бізге қатысты қиянат жасаса, бұл олармен болған келісім-шарттың тоқтауын және бұзылуын білдіреді. Сөйтіп, мұсылмандарға қауіпсіздік кепілдігін алып, олардың еліне кіріп баратын мұсылман еместерге қатысты қиянат жасауға тыйым салынады, өйткені бұл – сатқындық болады, ал сатқындыққа біздің дінімізде орын жоқ. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мұсылмандар (келісім-шарттың) шарттарын адал орындаулары қажет»”. “әл-Муғни” 13/152. «Китаб әл-Джихад»(1674).

Ибн Джәзи әл-Малики былай деген: “Қауіпсіздік кепілдігін бұзу мен әскери қулықтың арасындағы айырмашылық – қауіпсіздік кепілдігі дұшпандарға қауіпсіздікке деген сенімділік ұсынады. Ал әскери қулық – әскери құпияларды жасыруға арналған шаралар болып табылады. Бұл шаралар дұшпанды жаңылыстырады және оны қарсыласы шегініп жатыр, немесе соғысқысы келмей жатыр деген қате ойға салады.  Бұл – дұшпанды абайсызда қалдырып, оның үстіне кенеттен түсу үшін жасалады. Әскери қулықтың түрлеріне (қарсыластың) назарын негізгі мақсаттан басқа жаққа аударып алып кету мақсатында (белгілі бір іс-әрекетті) симуляциялау, дұшпанның қатарына бөлінушілік салу, торуылдар ұйымдастыру, ұрыс барысындағы тактикалық шегіну т.б. жатады. Оған (әскери қулыққа) – өзіңді солардың бірі деп көрсету, дұшпанның дінін өтіріктен ұстану, дұшпан алдында ықыласты кеңесші ролін ойнап, сол арқылы дұшпанның сенімін пайдаланып, қиянатшылдықпен оны жәбірге ұшырату жатпайды. Бұл тәсілдерді қолдануға болмайды және олар – сатқындық болып табылады”. «Әл-Кәуәнин әл-Фиқхийя».

Имам Әбу Ханифаның серігі имам Мухаммад бин әл-Хасан әш-Шәйбәни былай деген: “Егер мұсылмандардың тобы олармен соғысушы кәпірлерге келіп: «Біз – халифаның елшілеріміз», – десе, және  қандайда бір қағазды халифаның хаты деп шығарып көрсетсе, немесе еш нәрсені шығарып көрсетпесе де, онда бұл – көпқұдайшылдарға қатысты сатқындық болады! Ал, егер оларға: «Кіре беріңдер!» – деп айтылса, және олар дұшпан территориясына кірсе, онда олар олардың жерінде болған кезінде дұшпандардан ешкімді өлтірулеріне және олардың мал-мүлкінен қандайда бір затты алуға  рұқсат етілмейді!” Қараңыз “әс-Сияр” 2/66.

Имам әс-Сархаси бұл сөздерге түсіндірме жасап, былай деген: «Мұндай жүріс-тұрыстың қажеттілігі, егер бұл адамдар шындығында да өздерін солар деп көрсеткендерден (халифаның адамдарынан) болғанда, оларға дұшпан тарапынан қауіпсіздік берілуге тиіс болатындығынан туындайды, дұшпанға да олардың тарапынан қауіпсіздік берілуі сияқты. Оларға дұшпандардарға қандайда бір жолмен қастандық жасауына рұқсат етілмейді. Біз алдын нұсқағанымыздай, дұшпандардың еліне кіріп барған елшілерге қатысты жүретін заң осылай».

Қауіпсіздікті алуға қандадайда бір нұсқаулар болған жағдайда да осылай болмақ.

«Егер олар дұшпандарды қиянатшылдықпен өлтіруді қалап, бірақ өздерін сауда жасау үшін келген саудагер деп атағанда да, іс осылай болуға тиіс еді. Бұл жағдайда қарсыластың өміріне қастандық жасауға болмайды, өйткені, егер осы мұсылмандар шындығында да саудагер болғанда, оларға қарсыласқа қатысты қиянат жасауға рұқсат етілмес еді. Сондықтан да, олар өздерін саудагер деп көрсеткен кезде де осылай істеуі айыпталады». Әс-Сархасидің Мухаммад ибн әл-Хасанның «әс-Сайр әл-Кәбир» кітабына жазған түсіндірмесін қараңыз («Дұшпандардың еліне кірушілердің және тұтқындардың тарапынан қауіпсіздік кепілдігі болып не табылатындығы және не табылмайтындығы туралы» тарау).

Имам әл-Мурғинани әл-Ханәфи “әл-Хидая” кітабында былай деген: “Егер мұсылман (адам) дұшпан территориясына саудагер ретінде кірсе, ол онда қауіпсіздік кепілдігін алған мұсылман сияқты болады. Оған олардың мал-мүлкіне және өміріне қастандық жасауына болмайды, өйткені ол өзіне берілген қауіпсіздік үшін оларға қарсы ешнәрсе жасамауға кепілдік берді. Осыдан кейін олардың мал-мүлкіне және өміріне қастандық жасау – дінде тыйым салынған қиянат және сатқындық болып табылады”.

Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Әрбір ғадир (сатқын, опасыз, қиянат жасаушы адам) үшін Қиямет Күні ту тігіледі. Және оның сатқындығы қаншалықты күшті болған болса – туы да соншалықты биік болады». Бұл хадисті әл-Бухари және Муслим жеткізген. Хадистің мәтіні имам Муслимнің нұсқасынан келтірілген.

Дұшпандар өздеріне зиян тигізбеу кепілдігімен азаттық берген тұтқын мұсылманға оларға қатысты қиянат жасауына рұқсат етілмейді дегенге ғалымдар бір ауызды келіскен. Имам әш-Шәфии былай деген: “Егер дұшпандар мұсылмандардан біреуді тұтқынға алып, кейін оны азаттыққа жіберсе және оны қауіпсіздікпен қамтамасыз еткен болса, онда олардың берген қауіпсіздік кепілдігі – өздеріне берілген қауіпсіздік кепілдігі де болып табылады, және оның оларды қиянатшылдықпен өлтіруіне және оларға сатқындық жасауына құқығы болмайды”. «Әл-Умм» («Джихад пен джизья мәселелері», «Дұшпандар өз мал-мүлкін тапсырған тұтқын туралы» тарау).

Егер тіпті мұсылмандарға қарсы соғысып жатқан елге зорлап әкелінген тұтқын қиянат жасамауы қажет болса, онда өз еркімен және сұранысымен мұсылмандармен келісім-шарты болған елге қауіпсіздік кепілдігін және ресми рұқсат алып кіргендер туралы не айтуға болады?! Кейбір мұсылмандар бүгінгі күні жасап жатқан ұшақтарды басып алу және адам өлтірулер – қиянат, сатқындық, ұлы жауыздық және айыпты қылмыс болып табылады. Ал, егер олар дін үшін жасалып, Аллаһтың жолындағы джихад деп аталса – бұл қылмыстардың ауырлығы өтірік және жаламен ұлғайып, одан сайын көбее түседі.

Күмәнсіз, мұндай қылмыстың ауырлығы, біріншіден, мұсылмандармен келісім-шарт барларға, демек қаны, мал-мүлкі және ар-намысы қол сұғылмайтындарға қарсы жасалғандықтан, дүркін-дүркін өседі. Екіншіден, ол осыны жасайтын мұсылманға оның тарапынан берілетін қауіпсіздіктің орнына қауіпсіздік кепілдігін беретіндерге қарсы бағытталғандықтан, ал бұл олардың қол сұғылмаушылығын одан сайын күшейтеді.  Үшіншіден, осындай жиіркенішті әрекеттерді жасайтын адамдар оларды «джихад және Манхеттенге, Нью-Йоркке және Вашингтонға жасалған діни жорықтар» деп атайтындықтан, бұл қылмыс одан сайын ауырлай түседі.

Сөйтіп, мұсылмандармен келісім-шарты бар мұсылман емес елге, немесе қауіпсіздік кепілдігін берген елге кіріп баратын мұсылман адам бұл елде кімге болсын, олар осы елдің азаматтары, не өзге елдердің азаматтары болса да, қол сұғуына шариғи рұқсаты болмайды, өйткені ол осы елге оның тұрғындарына және онда болғандардың барлығына мазасыздық және зиян тигізбеу шартымен кіреді.

Бесінші ереже: Ержүрек адамға, егер ол қажетті шарттарды орындаса, дұшпанның қатарларына өзін тастауға рұқсат етіледі

Мұсылмандардың шағын тобы, немесе олардың біреуі шайқас кезінде соғысып жатқан дұшпанның қатарларына тереңдеп енуіне, осы опат болуға әкелетіндігі ихтимал болса (да), болады. Ғалымдардың арасында мұндай әрекеттердың Шариғат тұрғысынан заңды болып табылатындығына келіспеушіліктер жоқ. Мұндай ерліктердің заңды екендігін сахабалардың және олардың ізбасарларының, сондай-ақ, олардан кейінрек өмір сүрген салиқалы мұсылмандардың өмірлерінен алынған көптеген мысалдар дәлелдейді.

Ескертпе: Бұл мысалдар туралы «Мәшәри’ әл-Әшуәк» кітабында (24-тарау: «Ержүрек адамның немесе (мұсылман) тобының Аллаһтың жолында шәһидтік өлімге ұмтылып дұшпанның сан-алуан қатарларына тереңдеп енуі туралы».

Мұндай әрекеттер олар жайында ғалымдардың арасында келіспеушіліктер болған және тіпті олар тыйым салатын әлгі амалдарға жатпайды. Керісінше, мұндай ерлік – адамды Аллаһтың разылығына жақындататын ең жақсы амалдардан болып саналады, бұл жөнінде мына аятта айтылғандай: «Адамдардың арасында Аллаһтың разылығын алуды үміттеніп, өз жанын сататын да бар». (әл-Бәқара; 207) Алайда, бұл жердегі проблема басқа нәрседе болып тұр: мұндай ерліктердің рұқсат етілгендігі «шәһидтік» деп аталатын актілерді рұқсат ететіндер тарапынан негізгі дәлел ретінде қолданылады.

Шейх-уль-ислам Ибн Тәймийя былай деген: «Муслим өзінің «әс-Сахихында» («Китаб әз-Зухд уә әр-Ракә’ик» (»Зухд және жүректі жұмсарту туралы Кітап») (3005)) Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жеткен, жасөспірім дін салтанат құруы үшін өзін өлтіруге рұқсат еткендігі туралы баяндалатын «ор адамдары» туралы деректі келтіреді. Осыған негізделіп, төрт имамның барлығы дұшпан қатарларына тереңдеп ену мұсылмандардың мүддесіне жауап беретін кезде мүмін адам осыны істеуіне рұқсат етіледі деп есептеген, тіпті ол өзінің өлтірілетіндігі туралы ойға құлап тұрса да». «Мәджму әл-Фәтауә» (28/540).

Ескертпе: Бұл жерде қарапайым халық емес, дұшпанның қаруланған қатары меңзеліп тұрғанына ерекше назар аударамын.

Әбу Хамид әл-Ғазали былай деген: «Мұсылман адам жалғыз өзі дұшпанның қатарларына өзін тастап, олармен соғысуына рұқсат етіледі дегенге ешқандай келіспеушіліктер жоқ, тіпті ол өзінің қаза болуы ихтимал екендігін білсе де. Мұсылман адамға, сондай-ақ, өлтірілгеніне дейін дұшпандармен соғысуына да рұқсат етіледі. Мұның барлығы жақсылыққа үндеп, жамандақтан қайтару ұғымына кіреді. Бірақ, егер адам өзінің шабуылы дұшпанға ешқандай зиян тигізбейтінін (мысалы, дұшпандарға зағип, немесе мүгедек адам өзін тастаса) білсе, мұндай нәрсені істеуге тыйым салынады. Бұл жағдайда дұшпандарға шабуылдау өзін өлім қауіпіне шалдықтыруға тыйым салатын аяттың («Аллаһтың жолында садақа жасаңдар да, өздеріңді опат етуге қимаңдар. Ізгілік жасаңдар, өйткені Аллаһ ізгілік жасаушыларды жақсыкөреді». (әл-Бәқара; 195)) жалпы мағынасының астына кіреді. Дегенмен, егер адам өзгені өлтірмей жатып өлтірілмейтінін және оның ержүректігі дұшпандардың жүректеріне үрей салатынын, мұсылмандардың қайратты және Аллаһтың жолында өлуді жақсы көретін екендігіне оларды сендіретінін және соның нәтижесіне олар құлайтынын білсе, дұшпанға қарай өзін тастауына болады». «Ихья Улюм әд-Дин» әз-Зубейдидің «Итхаф әс-Садат әл-Муттақиин» шархымен (7/26).

Әбу Хамид әл-Ғазалидің айтқанында сөз шайқас майданында өзін-өзі құрбан ету туралы болып тұр.  Ал, қоржынынан құрмасын алып жей бастаған және: «Мен осы құрмаларды жеп болғаныма дейін тірі қалсам, бұл – ұзақ өмір болады», – деп, құрмаларын тастай салып, шайқасқа өзін тастап, қаза тапқан Умәйр ибн әл-Хуммәм туралы дерекке келер болсақ, ол жөнінде имам ән-Науәуи былай деген: «Бұл оқиға шайқас кезінде дұшпанның қатарына енуге және дін үшін шәһид болуға ұмтылуға рұқсат етілгендігіне нұсқайды. Мұндай әрекет рұқсат етілген болып табылады және ғалымдардың басым бөлігі мұны айыпты нәрсе деп санамайды». «Шәрх Сахих Муслим» (13/46).

Ескертпе: Имам Муслим Әнас ибн Мәликтен мынаны жеткізген: «Аллаһтың елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Бусайсаны Әбу Суфьянның керуені туралы дерек жинап келуге аттандырды.Бусайса қайта оралғанда, үйде мені мен Аллаһтың Елшісінен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзге ешкім жоқ еді. Ол Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) біліп келген нәрселері туралы баяндап берді. Сонда Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шықты да: «Біз жорыққа шыққымыз келеді. Кімде дайын мінетін жануар болса, бізбен жүрсін!» - деді. Адамдар Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаның жоғары жағындағы жануарларын алып келуге рұқсат сұрады, бірақ ол: «Жоқ, тек кімнің мінетін жануарларыдайын болса ғана», – деді. Кейін Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары сапарға аттанды. Олар көпқұдайшылдардан бұрын Бәдрға келіп, оларды озды. Кейін көпкұдайшылдар келіп жетті. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Менің бұйрығымсыз ешнәрсе істемеңдер! – деді. Мүшриктер жақындаған кезде, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кеңдігі көктер мен жердің кеңдігіне тең болған Жәннәтқа барыңдар!» – деді. Умәйр ибн әл-Хуммәм атты ансар былай деді: «Уа, АллаһтыңЕлшісі, Жәннәттың кеңдігі көктер мен жердің кеңдігіндей ме?» «Ия», – деп жауап берді Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын). Умәйр: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Аллаһпен ант етемін, мен былай деп тек осы Жәннәттың тұрғындарының арасында болуды көксегендігімнен айтып тұрмын!» – деді. «Сен – солардансың!» – деді Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын). Сонда Умәйр қоржынынан құрмаларын алып, аздап жеп, кейін: «Мен осы құрмаларды жеп болғаныма дейін тірі қалсам, бұл – ұзақ өмір болады», – деп, құрмаларын тастай салып, шайқасқа өзін тастап, қаза тапты».

Шейх әл-Әлбәниге, Аллаһ оған рахым етсін, «Коммандос» деп аталатын топтар қатысатын қазіргі заманның әскери операциялары туралы: «Мұсылмандарға екпін көрсетіп жатқан дұшпандарға қарсы бағытталған бұл операциялардың мәні – өлуге оқталғандардың арнайы тағайындалған топтары дұшпан танкілеріне жақындап барып, миналауды жасайды да, нәтижесінде өздері қаза табады. Бұл өзін-өзі өлтіру болып саналады ма?» – деген сұрақ қойылғанда, шейх былай деп жауап берді: «Бұл – өзін-өзі өлтіру болып табылмайды, өйткені өзін-зі өлтіру дегеніміз бұл – мұсылман адамның өз бақытсыз өмірін тоқтатқысы келіп өзін-өзі өлтіруі. Ал бұл жағдайға келер болсақ, бұл жерде біз өзін-өзі өлтіруді емес, Аллаһтың жолындағы джихадты көреміз. Алайда бір маңызды жәйтқа назар аудару қажет: мұндай әрекеттерді кез-келген біреу өзінің ұйғарымымен жасай алмайды. Олр тек қолбасшының бұйрығымен орындалуы қажет. Егер қолбасшы қандайда бір сарбазсыз амалдай алатын болса және осы сарбазды ихтимал болған жоғалту  дұшпанның көп санының жойылуына әкеліп, үлкен пайдаға ұласады деп есептесе, ол осындай шешімді қабылдауына болады. Оған бағыну міндетті болады, тіпті сарбаздың өзі бұқған наразы болса да».

Ескертпе: Бүгінгі күні жасалып жатқан «шәһидтік» деп аталатын актілерде қолбасшы жоқ екендігі және олар әртүрлі ұйымдардың өкілдері тарапынан жеке түрде орындалатыны белгілі. Алайда, бұл жөнінде ертерек айтылғандай, джихадтыжүргізудің негіз қалаушы принциптерінің бірі болып – әскери қолбасшының және үкіметтің болуы табылады.

Шейх әл-Әлбәни әрі қарай былай деген:

«Өзін-өзі өлтіру – Ислам қатаң тыйым салған іс-әрекеттердің бірі, өйткені оны тек Раббыға қарсы үн көтерген және Аллаһтың тағдырымен келіспейтін (адам) ғана жасайды. Ал, қарастырып жатқан амал өзін-өзі өлтіру болып табылмайды. Мұндайды сахабалар істеген. Олардың біреуі қылышымен дұшпандардың тұтас тобына қарсы шабуыл жасап, өзі қаза тапқанынша дұшпандардың басын шапқан. Ол Аллаһтың сыйына үміт етіп төзімділік танытты, өйткені өзінің жолы Жәннәтқа алып баратынын білді. Джихадта осылайша өлетін (адам) мен өзін-өзі өлтіру арқылы өмірден құтылатынның, немесе мұрнын шүйіріп, өз ой-тұжырымына сәйкес әрекет етушінің арасындағы айырмашылық өлшеуге келмейді. Екіншісі өзін опат етуге тастау дегенді дәл білдіреді». «Силсиләт әл-Худа уә ән-Нур», кассета № 134.

Сөйтіп, аталған мысалдар ержүрек, батыл адамның шайқас майданында дұшпан қатарларына тереңдеп енуіне рұқсат етілгендігін дәлелдейді, бірақ олар өзін-өзі өлтірудің рұқсат етілгендігіне дәйек болып табылмайды. Бұдан тыс, ғалымдар мемлекет тарапынан тағайындалған қолбасшыға бағынудың қажеттілігіне нұсқайды.

Ғалымдардың әл-Каида, Бин Ладен, әз-Заркауи және басқалар туралы айтқан сөздері
Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Содан соң:

Бин Ладен, әз-Заркауи және солар сияқтылар кімдер? «Әл-Каида» деген қаңдай ұйым және оның әдістері дұрыс па?

Бұл – біздің кезімізде көптеген мұсылмандарды қызықтарын сұрақтар. Біреулер үшін бұл адамдар – діни және ұлттық  қаһармандар, ал «әл-Каида» – Исламның құтқару армиясы. Ал басқалар үшін олар – ислам жихадының атын жамылып, жер бетінде бұзақылық таратушы жай бандиттер ғана.

Бірақ бізді бұл адамдардың және бұл ұйымның іс-әрекеттері мен амалдарын қарапайым адамдардың бағалауы емес, тек аһлю-Сунна ғалымдары және пайғамбарлардың мирасқорлары болып табылатын ғалымдардың бағалауы қызықтырады. Білмегенімізді солардан сұрауды бізге Аллаһ Тағала бұйырып: «Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар» (ән-Нахль 16: 43), – деді.

Шейх Ибн Баздың пәтуасы:

Аллаһтың рұқсатымен осы ғасырдың имамы – шейх ‘Абдуль-‘Азиз Ибн Баздың сөзінен бастаймыз, ол: “Усама бин Ладен – жер бетінде бұзақылық таратушылардан!” – деп айтты. “Жәридатуль-муслимин” № 607. 8/5/1417 х. ж.

Кейбір адамдар шейх ибн Баздың Бин Ладенге қатысты айтқан осы сөздерінің сенімді екендігі туралы күмәндар таратып жүргенін атап кету қажет. Ал бұл әңгімелердің таралуына себеп болған – шейх Ибн Жибриннің пәтуасы. Онда ол «Усама бин Ладен, бұл жөнінде шейх ибн Баз өзінің пәтуаларында айтқанындай, жер бетінде бұзақылық таратушылардан болып табылады ма?» деген сұраққа жауап беріп: «Шейх Ибн Баз мұндай демеген, оған мұны телиді», – деп айтқан.

Ал шындығында шейх Ибн Жибрин қателескен еді және өзінің шейхы осындай сөздерді айтқанын білмеген болуы да мүмкін. Шейх Ибн Баздың бұл сөздерін басқа ғалымдар да растаған. Мысалы, шейх Салих әл-Фаузаннан бұл жөнінде: “Құрметті шейх! Аллаһ сізге игілік берсін! Сұрақ қоюшы адам былай дейді: «Менің сұрағымды тура мен жазғандай етіп оқып беруіңізді қалаймын. Аллаһпен ант етемін, керісінше болған жағдайда мен кешірмеймін және Қиямет күні Аллаһтан өзімнің хақымды талап етемін! әл-Мас’ари, әл-Фақихи және Усама бин Ладен жамаъадан аутқып кеткендер болып табылады ма? Сіз «Шейх Ибн Баз Усама бин Ладен туралы жаман пікірді ұстанбаған, ал оның атынан ол туралы берілген пәтуа – өтірік» дейтін адамдар туралы не айта аласыз, өйткені олар бұл сөздерді дәлел ретінде келтіреді»”, – деген сұрақ қойылды.

Ол былай деп жауап берді: “әл-Фақихиге, әл-Мас’ариге және Бин Ладенге қатысты айтар болсақ, сіздер олар туралы олардың сөздері, істері бойынша үкім етіңдер. Алайда оларға жалғанды телімеңдер, бірақ олар туралы қорытындыны олардың ауытқуларына сәйкес жасаңдар! Ал: «Шейх Ибн Баздың пәтуасы өтірік», – деп айтатынға келер болсақ, оның өзі – өтірікші! Бұл пәтуа ойдан шығарылмаған, біз өзіміз бұл сөздерді шейхтан, Аллаһ оны рақым етсін, естідік, ол оның пәтуаларында жазылған және бұл оған ол әлі тірі кезінде оқып берілген еді. Сондықтан «Бұл пәтуа – өтірік», – дейтіннің өзі – өтірікші!”

http://www.alfawzan.ws/AlFawzan/FatawaS … ageID=7071

Алайда шейх әл-Фаузан шейх Ибн Жибринді өтірікші деп айтты деуге мүлдем болмайды, өйткені шейх әл-Фаузан жалпылама айтып тұр, ал шейх Ибн Жибринге келер болсақ, оның қателескенінде ақылға сыймайтын ешнәрсе жоқ, өйткені ол өзінің шейхы Ибн Баздың сөздері туралы білмеген болуы мүмкін ғой!

Сондай-ақ шейх ибн Баздың Бин Ладенге және сол сияқтыларға қатысты айтқан пікіріне қатысты оның өзге бір пәтуасы айқындық енгізеді, онда шейх Ибн Баз былай дейді: “Қазіргі кезде Мухаммад әл-Мас’ари, Са’д әл-Фақихи және сол сияқты жалған шақыруды (дағуатты) таратушылар істеп жүрген нәрселер, күмәнсіз, ұлы жауыздық болып табылады! Олар – ұлы жамандықтың  және үлкен бұзақылықтың насихатшыларылары! Олардың парақшаларынан сақтандыру қажет, оларға сүйенбеу керек және бұзақылыққа, жамандыққа, өтірік пен бүлікке алып келетін нәрселерде көмектеспеу керек. Аллаһ бір-бірімізге ізгі арлылықта және тақуалықта көмектесуді және бір-бірімізге бөлінуге, қауіпсіздіктің бұзылуына тағы да сондай нәрселерге алып келетін жамандық пен бұзақылықта көмектеспеуді бұйырды. әл-Фақихи немесе әл-Мас’ари, немесе солар сияқты өтірік  пен жамандықтың уағыздаушылары таратып жүрген нәрселерге келер болсақ, оларды таратуға болмайды және бұл адамдарға осы жолдарын тастауы туралы насихат айту керек…

Менің әл-Мас’ариге, әл-Фақихиге, Бин Ладенге және солардың жолын таңдағандардың барлығына айтар насихатым – олар осы кесірлі жолдарын тастасын, Аллаһтан қорықсын және Оның ашу-ызасынан сақтансын, дұрыс басшылыққа қайта оралсын және істегендері үшін тәубе етсін!” “Фатауа Ибн Баз” 9/100.

Шейх Ибн Баздың бұл сөздері оның пәтуалар жинағына да енгізілген және аудиотаспаға да жазылған, оны мына сілтеме бойынша тыңдауға болады:

http://www.fatwa1.com/anti-erhab/Irhabion/Osamah/baz_doatbatel.rm

Шейх Салих әл-Фаузанның пәтуасы:

Шейх әл-Фаузанға сондай-ақ мынындай сұрақ қойылды: “Құрметті шейх, Аллаһ сізге есендік берсін. Усама бин Ладен жер бетінде бұзақылық таратып жатқаны және жастарды осыған шақырып жатқаны сізге сыр емес. Менің сұрағым мынандай: біз бұл адамды хауариж деп атай аламыз ба? Өйткені ол біздің елімізде де, басқа елдерде де жарылыстар жасауды қолдайды ғой».

Ол былай деп жауап берді: “Осындай сенімдерді бойында алып жүрген кез келген адам хауариж болып табылады! Сондай-ақ, осындай сенімдерді өз бойында алып жүріп, адамдарды оларға шақырып, үндейтіндер де, олардың тұратын жері және тұлғасы қандай болуына қарамастан хауариждерге жатады! Және бұл – ереже, яғни: кім адамдарды мұсылман әмірлеріне қарсы шығуға, мұсылмандарға такфир жасауға (күпірлікте айыптауға), мұсылмандарды өлтіруге шақырса, сол – хауариж!» “Фатауа әл-Фаузан” № 6587.

http://www.alfawzan.ws/AlFawzan/FatawaSearch/tabid/70/Default.aspx?PageID=6587

Шейх Ахмад ән-Нәжмидің пәтуасы:

Шейх Ахмад ән-Нәжмиден: “Кейбір адамдар Бен Ладенді ел күтіп жүрген Махди деп, оны «мүміндердің әмірі» деп те атайды. Сіздің осыған деген түсіндірмеңіз қандай?»

Ол былай деп жауап берді: “Бұл адамдар – шайтандар! Бин Ладен – жексұрын шайтан және хауариж, және оны мақтау ешкімге рұқсат етілмейді! Ал оны мақтаушыларға келер болсақ, бұл – олардың сол сияқты хауариждер екеніне дәлел!»

http://www.youtube.com/watch?v=Kc3_y8q6BSM

Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббадтың пәтуасы:

Шейх-мухаддис ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббадқа: “Кейбір адамдар біздің кезіміздегі «әл-Каида» ұйымы – хауариждер дейді, ал кейбіреулер оларды мужахидтер деп атайды. Сіздің пікіріңіз қандай?» – деген сұрақ қойылды.

Ол қысқа және анық: «Иә, олар – шайтанның жолындағы мужахидтер!» – деп жауап берді.

http://www.youtube.com/watch?v=lakUvtyR7jk

Шейх Салих әл-Люхайданның пәтуасы:

Шейх Салих әл-Люхайданға сұрақ: “Мұсылманның Бин Ладен басқаратын «әл-Каида» ұйымына деген қатынасы қандай болуға тиіс?”

Ол былай деп жауап берді: «Бұл ұйымда игілік жоқ! Олар мұсылмандарды қақ жарды, қайғы-қасіреттер мен жауыздықтардың себепкері болды және қан төге бастады!»

http://www.sohari.com/nawader_v/fatawe/ … a3edah.ram

Муфти шейх ‘Абдуль-‘Азиз Әли Шейхтың пәтуасы:

Шейх ‘Абдуль-‘Азиз Әли Шейхқа мынандай сұрақ қойылды: «Бин Ладен – адасқан деп айтуға болады ма, және жеткілікті білімі жоқ мұсылмандар оның Интернетте орналастырылған баяндамаларын тыңдауына болады ма?»

Шейх: “Уа, менің бауырларым! Олар – жауыздық пен бұзақылықтың себепкерлері! Олар өз жолдарында адасқандығына күмән жоқ. О бастан және, менің ойымша, қазір де олар  Исламның дұшпандарының туындылары болып табылады! Исламның дұшпандарының өздері оларды өсірді. Олар Исламның дұшпандарының көлеңкесінде өмір сүреді және олар, немен жабылса да, Исламның дұшпандары болып табылады және Исламның басқа да дұшпандарына көмектесуде”.

http://depositfiles.com/files/s3wodp7ad

Шейх Муқбиль ибн Хадидің пәтуасы:

Шейх Муқбиль ибн Хади былай дейтін: “Мен Бин Ладенге қатысты болудан Аллаһқа сыйынамын! Ол – үммет үшін бақытсыздық пен дерт, әрі оның амалдары – жауыздық!”

Оған: «Еуропа елдеріндегі мұсылмандарға жердің барлық бұрыштарындағы жарылыстардың себебімен қысым көрсетілуде», – деп айтылды.

Шейх: “Мен бұл жөнінде білемін. Маған Британиядан бауырлар телефон соғып, көрсетіліп жатқан қысымға байланысты арызданды және Усама бин Ладенге қатысты болудан ашық түрде бас тартуға болады ма деп сұрады. Біз оларға өзіміздің одан және оның істерінен баяғыда-ақ бас тартқанымызды айтып жеткіздік!  Қалыптасқан болмыс Еуропа елдеріндегі мұсылмандар «ихуан әл-муфлисин (сәтсіз бауырлар)» ағымының және сол сияқтылардың тарапынан осірілген түрлі партиялардың себебінен қысымға ұшырап жатқанын дәлелдеуде”. “Жәрида әр-раъюль-‘амм” № 11503.

Сондай-ақ, шейх Муқбиль былай дейтін: “Уа, Аллаһ, Усама бин Ладенді, Абу Хамзаны және ислам елдерінде бүлік таратушылардың әрбірін ал! Уа, Аллаһ, олардың омыртқасын сындыр!”

Бұл  және тағы да басқа сөздерді шейх Муқбильдің аудиотаспасын мына сілтемеден көшіріп алып, тыңдауыңызға болады:

http://depositfiles.com/files/5ozr79nly

Шейх Салих Әли Шейхтың пәтуасы:

Шейх Салих Әли Шейх былай деп айтты: “Сендер кейбір оқытушылардың Усама бин Ладенді мақтағанын естіген боларсыздар, ал бұл – Исламды түсінудегі қателік!” “Жәрида әр-Рияд” 8/11/2001ж.

Шейх Салих әс-Сухаймидің пәтуасы:

Шейх Салих әс-Сухаймиге: “«Біз әз-Заркауиді жақсы көрмейміз, бірақ оны сөкпейміз де, өйткені ол білімге қатысты адамдардың қатарынан», – дейтіндерге деген біздің қарым-қатынасымыз қандай болуға тиіс?”, – деген сұрақ қойылды.

Шейх былай жауап берді: “Атақтары кейбір жерлерге тараған бұл уағыздаушылардың себебімен біреулер адасты, басқаларға сатқындық жасалды, үшіншілер өлтірілді. Қанша мұсылмандар зұлымдықпен және өшпенділікпен өлтірілді, қаны харам етілген мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірлерді айтпағанның өзінде?! Сендерді білімсіздердің бұл сөздері адасушылыққа салмасын!

Мен сендерден мынаны сұрайын: Оның (әз-Заркауидің) ұстаздары кім?! Ол мұсылмандарға, адам өлтірулер мен қиратулардан басқа, не қалдырды?!

Ешнәрсе, ол да, Усама бин Ладен де, олардың қатарынан болған өзге уағыздаушылар да!…

Аллаһпен ант етемін, 11-қырқүектегі оқиға орын алмайынша Ислам таралып келді. Мен осы оқиғадан екі апта бұрын Америкада, Филадельфияда ислам семинарларында (даурада) болдым, адамдар Аллаһтың дініне топ-топ болып кіретін! Америкада, Британияда, Индияда, Қытайда болдым, діни мектептер ашылып жатты…

Мұның барлығы қазір қайда?! Осы оқу орындары қайда?! Олар бар ма?! Жоқ!

Қазір батыс елдерінің мұсылмандары бастарын көтеріп жүргеннен соң, бастарын төмен түсіріп жүр, хижабтар шешілді. Ал кейбір адамдардың осы (11-қыркүйектегі) оқиға адамдардың Исламға қызығуына және оны қабылдауына себеп болды деген сөздері сендерді адасушылыққа салмасын! Аллаһпен ант етемін, бұл – өтірік! Бізде қазір Америкадан 150 дағуатшы бауырларымыз Меккеде шейхтардан екі аптадан бері дәріс алып жүр. Бір апта Меккеде болды, бір апта Мәдинада. Олар Умраға келген. Міне, солардан ол жақта орын алған оқиғалар туралы сұраңдар. Олардың барлығы білім талап етуші студенттер (таләбуль ильм), олардың барлығы қазір Меккеде. Филадельфияда хижаб киген әйелдер толы болатын, ал қазір ол (қала) – хижабтар тасталған және болған (игі) нәрселердің барлығы жойылған жай қала ғана, ал оған себепкер болған – хауариждер!…

Білімді оның иелерінен алу керек! Ал бұл (әз-Заухири және Бин Ладен сияқты) адамдарға  келер болсақ, бізде оларға деген қажеттілік жоқ! Олардың біреуі өмірден өтті, және біз оның Раббысының алдындағы соңғы жағдайы қандай болғанын білмейміз. Алайда мұсылмандардың ешқайсысы одан пайда алмады, керісінше, олар Исламға және мұсылмандарға зиян келтірді, ал олардың зияны әлі де тыйылған жоқ.

Шынайы ғалымдардың ізінен ілесіңдер, оларды зиярат етіп тұрыңдар, өйткені білімге жету оған қол жеткікізуге деген ұмтылыспен іске асады. Ал білім – бұл эмоциялар емес! Білім – бұл нашидтар емес! Білім – бұл театралдық қойылымдар емес! Және білім – бұл дискілерге жазылған жай дауыстар емес! Білім – бұл оны ғалымдардан тікелей алу!

Аллаһ былай деп айтты: «Қашан оларға (мұсылмандарға) аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны, Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын зерттей алатындар білер еді» (ән-Ниса 4: 83)” Тыңдаңыз: «‘Ан әз-Заркауи уә Бин Ладен».

http://www.alsoheemy.net/play.php?catsmktba=1016

Кең таралған күдікке жауап:

Көптеген мұсылмандардың қызығушылығын туғызатын көтерілген мәселелерді түсіну үшін осынша ғалымдардың сөздерінің өзі жетіп асатын сияқты. Алайда бүліктің және күмәннің кейбір жақтаушылары пайда болады да, интернет кеңістігінде шейх Ибн ‘Усайминнің Бин Ладенді мақтаған сөздерін таратады.

Бұған жауап өте қарапайым.

Біріншіден, шейх Ибн ‘Усайминннің Бин Ладенге арналған бұл мақтауы бірінші Орыс-Ауған соғысы кезінде болған еді. Алайда ол кезден бері көп уақыт өтті, және Бин Ладен енді басқаша болды (өзгерді)!

Екіншіден, кім шейх Ибн ‘Усайминді қазіргі Бин Ладеннің жақтаушысы ретінде көрсеткісі келсе, оған өтірікті теліген болады, өйткені осылай болған жағдайда, шейх Ибн ‘Усаймин Бин Ладенмен оның Сауд Арабиясын күпірлікте айыптауында, оның осы елде ұйымдастырған жарылыстарына қатысты келіскен болып тұр ғой?!

Бірақ іс жүзінде шейх Ибн ‘Усайминнің осы нәрселер туралы пікірі өте жақсы мәлім, ал ол мұны мақұлдамады және мұндай әрекеттерді: оларды кім жасап, кім ұйымдастырса да, мейлі ол – Бин Ладен, мейлі басқа болсын – өте қатаң түрде сөкті! Сауд Арабиясында жасалған осындай терактілердің біреуінен кейін шейх Ибн ‘Усаймин былай деп айтты: “Мұндай іске ақыл-парасатқа ие, мұның үстіне иман келтірген адам разы бола алмайтыны – күмәнсіз, өйткені бұл Құран мен Сүннетке қайшы келеді. Осыда Ислам үшін іштен де, сырттан да зиян бар. Бұл – ұлы қылмыс, алайда залымдар жетістікке жетпейді. Таяу арада, инша Аллаһ, олар өзінің жазасын толығымен алады. Білім талап етуші студенттер үшін осы жолдың – кесірілі жол, көпқұдайшылдардың қанын тастап қойып, мұсылмандардың қанын төгуді халал еткен хауариждердің жолы екенін адамдарға түсіндіруі міндетті (уәжіп) болып табылады”. “Фатауа әш-шәр‘ия фи қадая әл-‘асрия” 47.

Осындайды айтқан адам Бин Ладеннің манхажын мақұлдайды деп ойлайсыңдар ма?!

Үшіншіден, бұл мәселедегі нүктені шейх Ибн ‘Усайминнің өзінің шейх Ибн Баздың: “ Менің әл-Мәс’ариге, әл-Фақихиге, Бин Ладенге және солардың жолын таңдағандардың барлығына насихатым – олар осы кесірлі жолдарын тастасын, Аллаһтан қорықсын және Оның ашу-ызасынан сақтансын, дұрыс басшылыққа қайта оралсын және істегендері үшін тәубе етсін!” (“Фатауа Ибн Баз” 9/100), – деген пәтуасын мақұлдаған  сөздері қояды.

Шейх Ибн ‘Усаймин әл-Мас’ари, әл-Фақихи т.б. таратып жүрген тура сол парақшаларға қатысты былай деді:  “Соңғы кезде әмірлерді қаралайтын біздің елімізден тыс жерлерден келген парақшалар таралып кетті, бұл парақшалар біздің елімізде жазылған болуы да мүмкін. Оларда әмірлер істеген ешбір игі нәрсе тілге алынбайды, ал бұл, күмәнсіз, ғайбат болып табылады және ғайбат болғандықтан, оларды оқу – харам! Оларды адамдардың арасында таратуға ешкімге рұқсат етілмейді, ал кім оларды көрсе, жыртып тастауы, немесе өрттеуі керек, өйткені осы нәрселер бүлікке, жауыздыққа және анархияға әкеліп соқтырады! Ақиқатында, бұл нәрседен осы елдің муфтиі – біздің шейх ‘Абдуль-‘Азиз ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, сақтандырған еді! Ол осыдан сақтандырып, бұл парақшалар – әмірлер мен халық арасындағы үлкен бүліктің себебі екендігін түсіндірді! Мен де осыдан сақтандырамын және біздің басқа ғалым бауырларымыз да өз қауымдарын осы парақшаларды таратудан сақтандырады!”

Шейх Ибн ‘Усайминнің бұл лекциясын оның сайтынан көшіріп алуға болады:

http://www.binothaimeen.com/sound/snd/a0188/a0188-45.rm

Аталған сөздер лекцияның  11-минуты, 20-секундасынан басталады.

Ал осының барлығынан кейін өзінің құмарлықтарын жақтаушы өтірікшіден өзге кім «шейх Ибн ‘Усаймин Бин Ладенді қолдайды» деп айта алады?! Егер Ибн ‘Усаймин Бин Ладеннің жама’аты таратып жүрген парақшалардан сақтандырған және Ибн Баздың Бин Ладеннің және оның жама’атының жолы – кесірлі жол деп айтқан пәтуасын қолдаған  болса, қалайша ол Бин Ладеннің манхажын қолдай алады?!

Сондай-ақ, Усама бин Ладеннен шейх ‘Абдуль-Малик Рамадани мен шейх Уалид ибн Сайф ән-Наср да сақтандырған. Оларда Бин Ладеннің адасушылықтарына және оның ғалымдарды қаралауына және оларға такфир жасауына арналған  тұтас лекциялары  бар.

Тіпті доктор Сальман әл-‘Ауда Бин Ладеннің әдістерін мақтамаған және оған мына сөздерін жолдап айтқан: “Бауырым Усама, қанша қан төгілді? Қанша жазықсыз адамдар, балалар, қарттар және әйелдер «әл-Каиданың» жалауының астында өлтірілді?!  Сен өзіңнің мойныңа жүз мыңдаған және миллиондаған құрбандардың жүгін артып алып Аллаһты кездестіргеніңнен бақытты боласың ба?”

Жолдауды мына жерде толығымен тыңдап және оқып шығуға болады:

http://www.youtube.com/watch?v=VwfOFZX01_A

Және соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ!

www.Salaf-forum.ru

Ғалымдардың Усама Бин Ладен туралы айтқан сөздері
Шейх Абдуль-Азиз Ибн Баз былай деді: “Усама бин Ладен – жер бетінде бұзақылық таратушылардан!” “Жәридатуль-муслимин” № 607. 8/5/1417х.ж.

Шейх Салих әл-Фаузанға  былай деп сұрақ қойылды: “Құрметті шейх! Аллаһ сізге игілік берсін! Сұрақ қоюшы адам былай дейді: «Менің сұрағымды тура мен жазғандай етіп оқып беруіңізді қалаймын. Аллаһпен ант етемін, керісінше болған жағдайда, мен кешірмеймін және Қиямет күні Аллаһтан өзімнің хақымды талап етемін! Әл-Мас’ари, әл-Фақихи және Усама бин Ладен – жамаъадан аутқып кеткендер болып табылады ма? Сіз «Шейх Ибн Баз Усама бин Ладен туралы жаман пікірді ұстанбаған, ал оның атынан ол туралы берілген пәтуа өтірік», – дейтін адамдар туралы не айта аласыз? Өйткені олар бұл сөздерді дәлел ретінде келтіреді»”.

Ол былай деп жауап берді: “ әл-Фақихиге, әл-Мас’ариге және Бин Ладенге қатысты айтар болсақ, сіздер олар туралы олардың сөздері мен істері бойынша үкім етіңдер. Алайда оларға жалғанды телімеңдер, бірақ олар туралы қорытындыны олардың ауытқуларына сәйкес жасаңдар! Ал: «Шейх Ибн Баздың пәтуасы өтірік», – деп айтатынға келер болсақ, оның өзі – өтірікші! Бұл пәтуа ойдан шығарылмаған, біз өзіміз бұл сөздерді шейхтан, Аллаһ оған рақым етсін, естідік, ол оның пәтуаларында жазылған және бұл оған ол әлі тірі болған кезінде оқып берілген еді. Сондықтан «Бұл пәтуа – өтірік», – дейтіннің өзі – өтірікші!”

http://www.alfawzan.ws/AlFawzan/FatawaS … ageID=7071

Шейх әл-Фаузанға тағыда мынындай сұрақ қойылды: “Құрметті шейх, Аллаһ сізге есендік берсін. Усама бин Ладен жер бетінде бұзақылық таратып жатқаны және жастарды осыған шақырып жатқаны сізге сыр емес. Менің сұрағым мынандай: біз бұл адамды хауариж деп атай аламыз ба? Өйткені ол біздің елімізде де, басқа елдерде де жарылыстар жасауды қолдайды ғой».

Ол былай деп жауап берді: “Осындай сенімдерді бойында алып жүрген кез келген адам хауариж болып табылады! Сондай-ақ хауариждерге осындай сенімдерді өз бойында алып жүріп, адамдарды оларға шақырып-үндейтіндер де жатады, олардың тұратын жері және тұлғасы қандай болуына қарамастан! Әрі бұл – ереже, яғни кім адамдарды мұсылман әмірлеріне қарсы шығуға, мұсылмандарға такфир жасауға (күпірлікте айыптауға), мұсылмандарды өлтіруге шақырса, сол хауариж болып табылады!»

http://www.youtube.com/watch?v=QOxECDhihLQ

Шейх әл-Фаузанға сондай-ақ мынандай сұрақ та қойылған: “Құрметті шейх! Сұрақ қоюшы адам: «Неліктен ірі ғалымдар Комитеті хауариждердің Усама бин Ладен, әз-Зуахири,әл-Фақихи сияқты басшылары туралы пәтуа шығармайды, және сол арқылы олар адамдарды, әсіресе олар алдайтын жастарды, олардан тосып қалмайды?»

Жауап: “Ірі ғалымдар Комитеті мұндай шешімді бірнеше рет шығарған және мұндай іс-әрекеттерді де, оларды жасайтындарды да сынаған. Бұған байланысты бірнеше шешімдер шығарылған, және бұл санаттағы адамдарға, күмәнсіз, осы әрекеттерге басшылық жасайтындар және іс-әрекеттердің жоспарларын әзірлейтіндер де кіреді».

http://www.alfawzan.ws/AlFawzan/FatawaS … ageID=7071

http://www.alfawzan.ws/AlFawzan/FatawaS … ageID=6587

http://www.alfawzan.ws/AlFawzan/FatawaS … ageID=1309

Шейх Ахмад ән-Нажмиден: “Кейбір адамдар Бин Ладенді ел күтіп жүрген Махди дейді және оны «мүміндердің әмірі» деп те атайды. Сіздің осыған деген түсіндірмеңіз қандай?

Ол былай деп жауап берді: “Бұл адамдар – шайтандар! Бин Ладен – жексұрын шайтан және хауариж, әрі оны мақтау ешкімге рұқсат етілмейді! Ал оны мақтаушыларға келер болсақ, бұл – олардың сол сияқты хауариждер екеніне дәлел!»

http://www.youtube.com/watch?v=Kc3_y8q6BSM

Шейх-мухаддис ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббадқа “Кейбір адамдар біздің кезіміздегі «әл-Каида» ұйымы – хауариждер дейді, ал кейбіреулер оларды мужәхидтер деп атайды. Сіздің пікіріңіз қандай?» деген сұрақ қойылды.

Ол былай деп қысқа әрі анық жауап берді: «Иә, олар – шайтанның жолындағы мужәхидтер!»

http://www.youtube.com/watch?v=lakUvtyR7jk

Шейх Салих әл-Люхайданға сұрақ: “Мұсылманның Бин Ладен басқаратын «әл-Каида» ұйымына деген қатынасы қандай болуға тиіс?”

Ол былай деп жауап берді: «Бұл ұйымда игілік жоқ! Олар мұсылмандарды бөліп-айырды, қайғы-қасіреттер мен жауыздықтардың себепкері болды және қан төге бастады!»

http://www.sohari.com/nawader_v/fatawe/ … a3edah.ram

Дереккөзі: www.salaf-forum.ru

Мәдиналық шейх, мухаддис, доктор Абдуллаһ әл-Бухаридің Кавказ мұсылмандарына берген жауабы
Мәдиналық шейх, мухаддис, доктор Абдуллаһ әл-Бухариге қойылған сұрақ:

«Құрметті шейх, біз – инша Аллаһ, саләфтардың мәнһәджына ілесетін сіздің Кавказдық бауырларыңыз боламыз. Біз сіздерді Аллаһ үшін жақсы көреміз, сіздер – біздің үмметіміздің ғалымдарысыз, оның ұстаздары әрі тәрбиешілерісіз, және біз Аллаһтан бізге ғалымдарымызда береке беруін тілейміз. Шейх, сіздің насихатыңыз топтық батыранқылық жағдайымызды түзетеді деп үміт етеміз, өткені, бүгінгі біздің жағдайымыздың негізі – надандық, бидъат және әуес-қалауларға ілесу болып тұр. Және біз сізге екі сұрақ қойғымыз келіп тұр:

Бірінші сұрақ: Өлген адамдардан көмек тілеуі және олардың қабірлерін ұлықтауы себепті күпірлікке жетуге дейін жақындап қалған біздің отанымыздағы бидъаттың жақтаушыларымен біздің қарым-қатынасымыз қандай болуға тиіс? Сондай-ақ, көп жағдайда саләфтардың мәнһәджына ілесетін, алайда, өздеріне террористік идеяларды қамтыған, және билікке қарсы соғысуға шақыратындар да бар. Біз осы топтарға қандай қатынаста болуымыз қажет? Сынақтарға сабыр етіп, күшіміз және мүмкіндігіміз жеткенше осы екі топты да түзелуге шақыруымыз керек пе, әлде біздің Ресейге бағынатын билігімізге қарсы соғысуды бастауымыз  және шығу жолды тек шайқасуда көріп тұрғандардың жолына ілесуіміз керек пе?

Шейх ‘Абдуллаһ әл-Бухари:

«Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Қалай болғанда да, кім бұл дүниеде де, ана дүниеде де құтылуды және жетістікке жетуді қаласа, Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), оның сахабаларының, табиъиндердің және дұрыс жол имамдарының  жолына ілессін! Міне біз намаздарымыздың әр ракаъатында: «Ихдинәс-сырат әл-мустақим», – деп сұрайтын тура жол (сырат әл-мустақим) – дәл осы. Және бұл – имам Ибн Джәрир (Аллаһ оны рақым етсін) өзінің тәпсірінде атап кеткен тура жол. Ол хасан иснәдпен келтірген мына деректі келтірген: Бірде бір кісі табиъин-имам  Әбуль-‘Алияға келіп: «Аллаһтың «Ихдинә сыратәл-мустақим» сөздеріндегі «сырат әл-мустақим» деген не?» – деп сұрағанда, ол: «Сырат әл-мустақим – бұл Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған илігі мен сәлемі болсын) және одан кейінгі оның сахабалары – Әбу Бәкр мен Умар!» – деген. Сонда бұл адам Хасан әл-Бәсриге барып: «Әбуль-‘Алия: «Сырат әл-мустақим – бұл Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған илігі мен сәлемі болсын) және одан кейінгі оның екі сахабалары – Әбу Бәкр мен Умар!» – деп айтты», – деді. Хасан әл-Бәсри: «Ол ақиқатты айтты!» – деді.

Мұның мағынасы – Аллаһтың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және сахабаларына, нақтырақ айтқанда, Әбу Бәкр мен Умарға, және қалған ізгі халифаларға, Аллаһ оларға разы болсын, ілесу – міне осы құтылу – дегенде!

Ал, сіздерге қатысты айтар болсақ, сіздер өздеріңе қайғы-қасірет пен проблемалар алып келетін істерге кіріспеңдер.

Қазір біз барлық адамдар және әмірлер туралы сөз етіп тұрмыз. Ал, қарапайым адамдарға келер болсақ, сіздер оларды (дінге) шақыруларың, оларға ақиқатты түсіндірулерің және насихат айтуларың қажет, өйткені, Муслимнің Сахихында Тамим әд-Дариден жеткеніндей, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Дін – бұл ықыластылық (ізгі ниеттілік) таныту!» – деп айтты ғой. Одан: «Кімге қатысты?» – деп сұрағанда, ол: «Аллаһқа, Оның Елшісіне, Оның Кітабына, мұсылмандардың әмірлеріне және жалпы  барлық мұсылмандарға қатысты!»  – деп жауап берді.

Мұндай адамдарға  ең абзал және ең дұрыс тәсілдермен насихат жасау – міндетті болып табылады. Қарапайым адамдар, әсіресе түрлі қалаларда, шариғаттың көптеген үкім-ережелерін білмейді. Олардың көбі өздерін Исламға телиді, өйткені, өздерінің ата-бабаларын Исламда көріп үлгерді, және: «Мен – мұсылманмын!» – деп айтады. Алайда, олардың көбі Исламның ақиқаттығын білмейді! Сондықтан да, осындай нәрселер түсіндірмелерге мұқтаж. Ал бұл мұсылмандарда надандықтың сақталуының себебі – оларды дұрыс Исламға оқытып-үйрететіндердің  болмауында, және соған қоса адасушылықтарға, күмәндарға кіргізетіндердің, тәртіпсіздік енгізіп, мұсылмандарды күпірлікпен айыптайтындардың болуында.  Ибн Бәдис деген ғалым, Аллаһ оны рақым етсін, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға екі бағыттағы шақырумен келгенін: кәпірлерді Исламға кіргізу үшін шақыру – бұл біріншісі;   және екінші түрі – мұсылмандардың өздерін дінде табандылыққа шақыру – деп  айтатын, және осы – имам Ибн әл-Қайимнің сөздерінің қысқа нұсқасы болып табылады. Және біз қазір назар салып қарайтын болсақ, онда көптеген адамдар шақырудың бірінші түрінде де, екінші түрінде де кемістік жібергенін көреміз. Және олардың басты ойы – дінді түсіндіру емес, адамдарды діннен шығару болды. Ал, Құдыретті Аллаһ Мухаммадты (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)  жібергенде, оған: «Сен адамдарға оларға түсірілгенді түсіндіруің үшін, Біз саған Ескертуді түсіріп отырдық», – деп, түсіндіруді міндет етіп жүктеді.

Сондықтан да, жаратылыс үшін ақиқатты түсіндіру қажетті болып табалады. Осы (қалыптасқан) жағдайда сіздер адамдарға түсіндіруге және оларды оқытуға мұқтажсыңдар. Және адамдарды оқытқан Аллаһтың Елшісі де (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сондай болды. Ол Му’азды,  Йәмәннің тұрғындарына жіберген кезде, бұл жөнінде екі сахих жинағында келтірілгендей, оған: «Сен Кітап иелеріне барасың, және оларды ең бірінші кезекте шақыратын нәрсең…», – деп, шақыру – бұл оқыту екендігін айтты, және: «Оларды ең бірінші кезекте шақыратын нәрсең – лә иләһә иллә Ллаһ болсын. Егер олар саған осыда бағынса, онда Аллаһ оларды күніне бес уақыт намазды орындаумен міндеттегенін білдір деді. Егер олар саған осыда да бағынса, онда Аллаһ байларды олардың кедейлеріне зекет берумен міндеттегін айт», – деді. Және бұл – яғни басқаларды да оқыту – қалаға кірген немесе одан шыққан, немесе онда тұратын, Аллаһ оған білім сыйлаған және тура жолмен жүргізген адамға міндетті болып табылады.

Ал, мұсылман қалаларында билік жүргізетін әмірлерге келер болсақ, оларға да қарау және оларға қатысты жалпыланған сөздерді қолданбау қажет, әсіресе оларды күпірлікте айыптауды, өйткені, оларды күпірлікте айыптау және діннен шығару – өте салмақты іс болып табылады! Біз: әмірлердің арасында мұсылмандар да бар және кәпірлер де бар дейміз, мен жалпы барлық әмірлерді айтып тұрмын. Мұсылман болып табылатынның – өз үкімі, кәпір болып табылатынның – өз  үкімі бар. Бірақ, қалай болған жағдайда да, әмірге қарсы шығуға және халықты соған үндеуге болмайды, әсіресе бұл әмір – иман келтірген мұсылман болса, және мұның тыйым салынғандығына (Суннеттің) мәтіндеріндегі нұсқаулар әп-айқын.  Ал, егер әмір – кәпір болып табылса, мен, мысалы, Американың, Францияның т.с.с. елдердің әмірлері сияқты, өз негізіндегі кәпірді айтып тұрмын, онда біз бұл елдерде өмір сүретін бауырларға: «Мұны істемеңдер, хурудж (қарсы шығу) жасамаңдар, халықты бұған айдап салмаңдар,өйткені, бұл әмірлерде сендерде жоқ күш пен билік бар. Және «Әлсіздік кезінде міндеттілік жоқ, және қажеттілік кезінде тыйым жоқ» – деген шариғи ереже белгілі, және бұл – оған қатысты барлық ғалымдар бір ауызды келісімде болған фиқх негіздерінің ережесі болып табылады. Әлсіздік кезінде міндеттілік жоқ, өйткені, «Аллаһ біреуге Өзі оған бергенінен артық жүктемейді» (әт-Таләқ 65:7). Және «Аллаһ кісіге шамасы келмейтінді жүктемейді» (әл-Бәқара 2:286).

Шариғат ғалымдары орындаған бұл шариғат мәтіндері мен ережелерін бізде мүмкіндік пайда болғанға дейін орындау және қолдану керек.

Бұл – жалпылама сипатта айтып өтуге болатыны. Сіздің мәселеңіз өте ауқымды, бірақ, бұл – әһли Суннә уәл-джәмәъа негіздерінің негізінде қысқаша айтып өтуге болатыны.

Сұрақ қоюшы:

«Аллаһ сізге игілігін берсін, шейх, екінші сұрақ:

Ресейдің аумағындағы және оның аумағынан тыс жерлердегі (орын алып жатқан) үйлерді, поезддерді, метроларды және адамдарды жару сияқты іс-амалдар – джихад және Аллаһтың сөзін ұлықтау болып табылады ма? Бұл істерді жасайтындар: «Бұл – кәпірлердің жәбірлеуіне және олардың өшпенділігіне жауап!» – деп дәйектейді. Олардың кейбіреуі спирттік, немесе есірткі заттарды сатушыларды, немесе мұсылмандардан болған бұзақыларды шариғат сотынсыз өлтіреді. Сондай-ақ, Кавказдағы арнайы қызмет қызметкерлерін де, олардың органдарда жұмыс істегендігі себепті, жалпылама және атымен атап такфир жасап,өлтіреді. Бірақ, арнайы қызметтердің бұл жақтаушылары өздерін мұсылмандарға телиді, және олар надандықта, олардың көбі бұл органдарда тек жалақы үшін ғана жұмыс істейді. Біз атағандардың ішінен болған жастар бір, немесе екі милициялықты өлтіру үшін қоғамдық орында бомба жарып жіберуі мүмкін. Және олар Аллаһтың: «Үкім Аллаһқа ғана тән!» – деген сөздерін басшылыққа алады. Сондай-ақ, олар Кавказдың барлық мұсылмандарын біздің қалаларымызды Кавказ Әмірлігі деп жариялаған өздерінің әміріне ант беруге шақырады. Алайда, осылай бола тұра, бұл бауырлар таулардағы және ормандардағы бірнеше телімдерден басқа Кавказ жерлерінің бөлігіне де ие емес.  Және біз олар тыңдайтын және оларға пәтуа беретін Әбу Мухаммад әл Мақдиси деген адамнан өзге қандайда бір ғалымның олардың Кавказды Әмірлік деп жариялауын қолдағанын білмейміз. Ол Сауд Арабия ғалымдарын үкіметтік деп атайды, және осыған көптеген жас мұсылмандар еліктеп кеткен. Құрметті шейх, біз өз сұрағымызды тағы да қайталаймыз және бізге насихат беруіңізді сұраймыз: біздің бұл жамағаттарға деген қатынасымыз қандай болуға тиіс, біз олармен боуымыз керек пе, әлде олардан қашықтауымыз қажет пе? Және айтылғанға байланысты сіздің насихатыңыз қандай болмақ?

Шейх ‘Абдуллаһ әл-Бухари:

«Мен бұл сөзге, Аллаһ саған береке берсін, «Бұл әдетті мен Ахзамнан бері білемін» деген арабтың мақалымен жауап беремін. Мен сендерге олармен ынтымақтастық жасамауға кеңес беремін! Өз әуестері мен қалауларының жақтаушыларымен ортақ істер жасауға және олармен ынтымақтас болуға рұқсат етілмейді, өйткені, Сүннеттің жақтаушылары көне заманнан бері Сүннеттің жақтаушыларының бидъаттың жақтаушыларымен қарым-қатынасы қандай болуы керекек ендігін түсіндіріп өткен. Бұл адамдар қазір қанды халәл етті, ал Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Адам, харам етілген қанды төкпейінше, өз дініндегі кеңшілікті сезінуді тоқтатпайды!» - деп айтқан,  бұл хадисті имам әл-Бухари өзінің жинағында келтіреді.

Адамға харам қанды төгуге тыйым салынған! Олар өздеріне қанды жорамалдарының негізінде халәл етті, ал «Жорамал ақиқатты еш ауыстыра алмайды ғой». (әл-Юнус 10:36).

Және олардың осындай амалдарды жасауы – мұның халәл екендігіне нұсқамайды! Керісінше, олардың бұл жағдайында, апат болып табылатын бұл шиеленіскен тығыршықтан  шығу үшін Құдыретті де Ұлы Аллаһтан қорқу, Аллаһтың дінін үйрену міндетті болады.

Мұндай адамдардың біреуі пайда болады да, «Имарат» жариялап және оны исламдық деп ойлап, сарайлар салады және адамдарды өзіне ант беруге міндеттейді, мұндай ант беру – бидъатшыл және мұндай Имарат – бидъат екендігіне қарамастан. Барлық аталған жарулар, құпия залымдық әрекеттер және адам өлтірулер, бұлардың барлығы шариғатқа қайшы келеді! Және олар шариғатқа қатысты надан бола тұра,  осындай істерді өздерінше халәл деп есептеуіне болмайды. Ал олардың: «Бұл – дұшпандардың жәбірлеуіне деген жауап!» – деген сөздеріне қатысты, біз оларға: «Сіздер ақиқатты айналып өттіңдер!» – дейміз. Олар (сұрақта аталып кеткендер) – сендермен, немесе сендерден болған басқалармен жауласатындардан емес. Бұл – сендер базарларда өлтіретін, жолдарда, немесе қоғамдық орындарда, немесе серуең ететін, немесе басқа да орындарда өлтіретін көпшілік адамдар. Кім сендерге мұны  жалпы рұқсат етті?! Мұсылманның қаны, Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқандай, үш себептің бірінен өзге жағдайда, рұқсат етілмейді. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), сондай-ақ: «Мұсылманның мал-мүлкі оның рұқсатынсыз рұқсат етілмейді», – деген. Сонда, осы халәл етудің барлығы ненің негізінде өзі?! Олардың әрқайсысы осындайды жорамалдың негізінде халәл етіп береді. Бірақ, кімнің Исламы нық сенімнің негізінде орнатылған болса, ол одан нық сенімнен өзге нәрсемен шықпайды. Бұл – шариғи ереже. Алайда, бұл адамдар келеді де, өзге адамдарды өлтіруді, олардың пәленшеде, немесе түгеншеде жұмыс істейтіні туралы айтып, ақтайды.  Олардың (өздерін Исламға телитін арнайы қызметтердің қызметкерлерінің) арасында надандар бар…, мен оларға ақтау іздеп тұрған жоқпын, мен іс жүзіндегі жағдай туралы айтып тұрмын! Олардың арасында надан да бар, Аллаһтың шариғаты туралы білмейтіні де бар, және олардың арасында ақшамен алданғандар, немесе ақшаның алдында әлсіздік танытатындар бар, сен бұл жөнінде сұрағыңда айтқаныңдай. Және мұндайдың күпірлігі туралы бірден үкім шығаруға болмайды. Имам Ибн әл-Кайим өзінің  «әл-Фәуәид» деген кітабында кейбір адамдардың харам етілген нәрселерді, кейде тіпті көпқұдайшылықты өздері осыған сенбей және осыны қаламай, алайда өзінің  әлсіздігінің себебімен істейтіні туралы ескертіп кетеді. Және Ибн әл-Қайим, Аллаһ оны рақым етсін, өзінің осы кітабында Аллаһтың әмірлеріне қайшы келу туралы айтқанында, «тыйым салынған істердің ең ұлығы»  дегеннен кейін, сегізінші түрін атап, иман келтіруге шақырылған адам: «Мен сенбеймін де,өтірікпен айыптамаймын да, жақсы да көрмеймін, жек те көрмеймін, Аллаһқа құлшылыққылмаймын, бірақ, Одан өзге де ешкімге құлшылық қылмаймын», – десе, мұндайды айтқан адам қалдырғандығы және бетін кері қаратқандығы үшін (и’рад) кәпір болатыны туралы айтады. Ал: «Мен Елшіге сенемін және оны жақсы көремін, және оған иман келтіремін, және маған әмір етілгенді орындаймын, алайда менің әуес-қалауым, болмысым маған үстем болуда және мен маған тыйым салынғанды тастай алмаймын. Мен мұның тыйым салынған екендігін білемін, және маған харам етілген нәрсені істеу жағымсыз, бірақ мен осыны істеуден өзімді өзім ұстап қала алмаймын» , – дейтін адамның жағдайы өзгеше болады, және бұл адам осы себепті кәпір болып есептелмейді дейді Ибн әл-Қайим. Және оның жағдайы (үкімі) біріншісінің жағдайындай (үкіміндей) емес, өйткені, мұндай адам біржақты мойынсұнған болып табылады. Және барлық әмірлерді қалдырған қандай жақтан болмасын мойынсұнған болып табылмайды. Осымен Ибн әл-Қайимның, Аллаһ оны рақым етсін, сөздері аяқталды. Және сол адамдардың кейбіреуінің  жағдайы (үкімі) дәл осыған ұқсас.

Сондықтан біз осы ауыр және опат етуші күнәләрды істеп жүрген бауырларымызға: «Аллаһтан қорқыңдар! Және Ұлы да, Құдыретті Аллаһтың алдына барып тұратындарыңды және Ол сендердіжаувапқа тартатынын біліңдер. Және адамда мұндай жағдайда қашар жері болмайды, және оны әл-Бәркәуидің – Әбу Мухаммад әл-Мақдисидің пәтуалары құтқармайды!» – деп айтамыз. Бұл адамдардың надандығы шекке шыққан болып табылады, және олар өздерінің джәхиль екендіктері және Аллаһтың шариғатына қайшы келетіндіктері туралы біледі! Олар дәлел ретінде астарлы мағыналы аяттарға сүйенеді де айқын мағыналы аяттарды тастайды. Олардың түсініксіз аяттарға сүйенуі оларға ешқашан көмектеспейді, өйткені, ғалымдардың шариғи ережесі: «Түсініксіз болғанды (муташәбих) айқынға (мухкам) қайтару керек», – деп айтады. Ал, бұл адамдар айқын нәрселерді тастап, түсініксіз нәрселерге ілеседі. Абдуллаһ ибн Умар хауәридждерді сипаттап, былай дейтін: «Бұл адамдар кәпірлерге қатысты түскен аяттарды алып, оларды мұсылмандарға қатысты қолданады!» Уа, бауырым, хауәридждер тіпті Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының қанын да күмәннің негізінде халәл етті, бұл пікірдің үстінде сарайлар құрды және Аллаһтың Елшісінен кейінгі Аллаһтың ең абзал жаратылыстарына қарсы соғысты!

Ал, бұл адам (Әбу Мухаммад әл-Мақдиси), мен әл-Барқауиді айтып тұрмын, мен Аллаһтан оны тура жолмен жүргізуін, немесе оның омыртқасын сындыруын, және үмметті оның жауыздығынан және айқын надандығынан сақтауын тілеймін! Аллаһпен ант етемін, олар Исламды да ұлықтамады, кәпірлерді де талқандамады! Ол біледі ме, әлде жоқ па, бірақ оның надан пәтуалары кәпірлерге көмек берді, ол оны сезінсе де, сезінбесе де! Ия! Өйткені, ол өзінің надан пәтуаларымен және бұзақы мақалаларымен кәпірлерге мұсылмандардың кейбір қалаларында бұзақылық таратуға сылтау берді! Осы сияқты бұзақы пәтуалар қалалардың (кәпірлерге) бағындырылуына себеп болды. Ол опат болуесіктерінің есігін ашты, ол және ол сияқтылар, зұлымдыққа, күнәға, надандыққа және Сүннеттен қашықтауға толы осындай пәтуаларды берушілер! Олардың осындай істерінде хауәридждерден өзге саләфтары жоқ. Және олардың әһлю суннәдан болған саләфтары болмайды да, сахабалардан да, табиғиндерден де,ең жақсы ғалымдардан да!

Аллаһтан жүректеріңде қорқыңдар, дінге сүңгіңдер және адамдарды оларға пайда беретін нәрсеге үйретіңдер. Адамдар дінге мұқтаж, және осы сияқты дүниелік болған нәрселерге мұқтаж емес. Адамдармен соғысып, оларды өлтіреді және өздеріне ант беруді талап етеді?! СубханАллаһ! СубханАллаһ! Міне осы – дүние игіліктерін іздеу, тіпті олар осымен бірге Ислам Имараты туралы айтса да, а’узубиЛләһ! Бұл дағуатшылар қанды, мал-мүлікті және ар-намысты халәл етті! А’узубиЛләһ! Және мен олар мұны түсініксіздіктің негізінде халәл етті деп айтпаймын, ол жерде ешқандай түсініксіздік жоқ, бұл тек әуес-қалау және надандық ғана. Аллаһтан мұсылмандарды олардан сақтауын тілейміз».

http://www.youtube.com/user/Talibulilm99#p/a/u/1/y8Otmg0kses

http://www.youtube.com/user/Talibulilm99#p/a/u/0/j8eOagZ28fU