Ислам террорға қарсы » Жанкештілер

Егер сендер Аллаһқа көмектессеңдер, Ол сендерге көмектеседі және табандарыңды нығайтады
Әбу Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Кітаптың ең көлемді бөлігін ««Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың дәйектері және оларды теріске шығару» атты тарау алады. Онда автор адасушылардың негізгі дәйектеріне бірме-бір тоқталып, оларды Құран және Сүннеттің мәтіндерімен және ғалымдардың пікірлерімен теріске шығарады.

«Шәһидтік» актілерді рұқсат ететіндер, сондай-ақ, дәлел ретінде Аллаһ Тағаланың мына сөздерін келтіреді: «Ақиқатында Аллаһ мүміндерден олардың жандарын және мал-мүліктерін Жәннәтқа айырбастап сатып алды. Олар өлтіріп және (өздері) қаза тауып Аллаһтың жолында соғысады. Оның  Таураттағы, Інжілдегі және Құрандағы уәдесі мен міндеттемесі осындай. Өз уәдесін Аллаһтан жақсырақ орындаушы кім? Ендеше, жасақан серттеріңе қуаныңдар. Міне осы – ұлы жетістік». (әт-Тәубә, 111).

Бұл дәлелді теріске шығарып, мүмін адам қалайша орнына Жәннәтті алып өзінің жаны мен мал-мүлкін құрбан етуін Шариғат нақты белгілеп бергенін айту қажет. Бұл аятта Аллаһ Тағала мүмін адамды игілікке бөлеп, оған шәһидтік өлім жібермейінше ол Раббысының жолында жанымен және мал-мүлкімен соғысады деп айтылған. Сондықтан да, жоғарыда келтірілген аятты мұсылман адамға өзін құрбан ету ретінде өзін-өзі өлтіруге рұқсат етіледі дегенге дәлел ретінде пайдалану мүлдем қате болады.  Алдын біз Аллаһ жіберген қаза мен өзін-өзі өлтірудің арасында қандай айырмашылық бар екендігін егжей-тегжейлі түсіндіріп өткенбіз. Бұл айырмашылық кез-келген ұқсастыққа орын қалдырмайды.

«Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың тағы бір дәйегі болып жалынды орға тасталған адамдар туралы деректе келтірілген ерлік жасаған жасөспірім туралы оқиға болып табылады(1).

Алайда, бұл хадисте сөз етілетін жасөспірім өзін-өзі өлтірмеді және өзін-өзі өлтіруге ұмтылмады. Керісінше, оны өлтіруді бұйырған және осының әккі тәсілдерін ойлап тапқан – патша болды. Жасөспірім өлім жазасына кесілген еді және оның әрекеті тек өлім жазасының тәсілін меңзеген болатын. Егер де ол өзінің өлтірілуіне бөгет жасайтын болса, бұл бәрібір патшаны тоқтатпас еді және оны өлім жазасына кесілген жасөспірімді өлтіруден бас тартуға мәжбүрлемес еді. Сондықтан да, жасөспірім өте көп адамның жиналған тұсында «Осы жасөспірімнің Раббысы – Аллаһтың атымен» деген сөзді пайдалануды шешті. Мұның барлығын жасөспірім өзі өте қатты көксеген адамдардың шынайы дінге бет бұруы орын алуы үшін істеді. Бұл мақсат үшін ол патшаға: «Сен мені мен саған бұйырған нәрсені істемейінше өлтіре алмайсың!» – деп, бар шындықты айтты. Жасөспірімнің сөздері Аллаһ Тағалаға деген сенімділіктің және тәуекелдің негізінде құрылған. Құранда: «Кім Аллаһқа тәукел етсе, Ол жетіп асады», – деп айтылған. (әт-Таләқ; 3)

Ал құдси хадисте  Аллаһ Тағаланың мына сөздері келтіріледі: «Құлым Мен туралы қандай ойда болса, Мен сондаймын». әл-Бухари және Муслим.

Сондықтан да, жасөспірім өзін-өзі өз қалауы бойынша өлтірді, немесе өзінің өлімін қасақана туындатты, немесе өзін өлтіруді бұйырды деп айту – қате болады.

Жасөспірімнің әрекетіне – өзін құрбандық ету үшін өзін-өзі қасақана өлтіруге рұқсат етілген деген тұжырымға дәлел ретінде  жүгіну – түбейгейлі қате болып табылады. Жасөспірімнің әрекеті мұсылман адамға, егер ол өзінің өлтірілетінін анық білсе,  мерзімнен бұрын өлуге саналы түрде ұмтылуына болады дегенге ешқандай нұсқамайды. Жасөспірімнің әрекеті тек мұсылман адамға өзі үшін өлтірілуінің ең ыңғайлы тәсілін таңдауына болады дегенге ғана нұсқайды.

Осыған орай шейх Ибн Усәймин былай деп айтқан: «Мұсылман адамға жалпының мүдделері үшін өзін қауіпке салуа болады. Ақиқатында, жасөспірім патшаға өзін өлтіруге болатын тәсілді нұсқады: патша жасөспірімнің жебелері салынған қабынан жебені шығаруы және т.с.с әрекеттер. Бұған, нақтырақ айтқанда,  шейхуль-Ислам Ибн Таймийяның мына сөздері нұсқайды: «Бұл – Аллаһтың жолындағы джихад болып табылады. Халық иман келтірді, ал жасөспірімнің өзі ешнәрсе жоғалтпады, өйткені жасөспірім бәрібір өлім жазасына тартылар еді – не осылайша, не өзгеше (тәсілмен)».

Әрі қарай шейх Ибн Усәймин былай деді: «Ал, өзіне жарылғыш құрылғыны жүктеп алып, дұшпанға жақындап келіп, олардың арасына кірген кезде өзін-өзі жарушыға келер болсақ, мұндай әрекет – өзін-өзі өлтіру болып табылады, Аллаһ бізді бұдан сақтасын! Өзін-өзі өлтіруші, бұл жөнінде Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде айтылғандай, Тозақ отына түседі және онда өте көп уақыт қалады.

«Ерлікпен» өзін-өзі өлтірулер Исламның мүддесіне сәйкес келмейді. Егер адам, осындай актілерді жасап, өзіне қоса он, жүз шақты, немесе тіпті бірнеше жүз дұшпанды өлтірсе де, ол бәрібір Исламға пайда келтірмейді және оның әрекеті, әлгі жасөспірімнің әрекетінен ерекше, адамдарды Исламды қабылдауға ынталандырмайды. Керісінше, мұндай әрекет дұшпанның ашуын туғызады, оны ызаландырады және мұсылмандарға одан сайын көбірек қаталдық көрсетуге ынталандырады.

Дәл осы нәрселер «шәһидтік» актілерден кейін израильдіктердің палестиналықтарға көрсететін жаза мен жәбірлері одан сайын қаталдап жатқан Палестинада орын алуда. Егер бір палестиналық қаза тауып, өзімен бірге 6-7 израильдіктің өмірін алып кетсе, сонғылары өш алу үшін 60 және одан да көбірек палестиналықтарды өлтіреді. Сөйтіп, мұндай әрекеттер мұсылмандарға ешқандай пайда әкелмейді». Ибн Усәймин. Шәрх Рийад әс-Салихин (1/180-181).

Шейх, сондай-ақ, былай деді: “Дәлел ретінде жасөспірім туралы хадисті қолдануға қатысты айтар болсақ, онда дұшпанға зиян тигізу емес, адамдардың дінге кіруі орын алды” «әл-Ликә әл-мәфтух» (20).

Бұл жағдайға ерекше назар қою керек. Жасөспірімнің оқиғасында дұшпанды қанды жазалау болған жоқ. Жасөспірімнің әрекеті қарсыласты талқандауға қызмет етпеген еді, ол Исламға және адамдарға пайда келтіруге, олардың шынайы дінге келуіне ықпал жасауына мақсатталған еді.

Қарсыластар: «Жасөспірім өзін өлтіруге рұқсат берді, ал Аллаһ оны қорғаған еді ғой және ол дұшпаннан қашса да болар еді», – деп, келіспеушілігін білдіруі мүмкін.

Бұған біз: ұрыс майданында шайқасып жүрген адам да қашып кетуге мүмкіндігі бар және оны да дұшпан өлтіруге ұмтылады ғой дейміз. Алайда, оған Аллаһтың сөзі ұлық болуы үшін өзінің ісін жалғастыру бұйырылған, тіпті ол өзінің өлтіруінің иқтимал екенін жорамалдаса да. Жоғарыда баяндалған деректегі жасөспірім өз халқының тура жолға түсуін қалады. Ол өзін өлтіруге рұқсат берсің-бермесін,  жауыз патша бәрібір оған адамдарды ақиқатқа шақыруға рұқсат бермес еді. Егер де ол өзінің миссиясын (мойнына жүктелген міндеттемесін) жалғастырғанда, патша оны өлтіру талпыныстарынан ешқашан бас тартпас еді. Бұдан тыс, Аллаһ бұл жасөспірімді Өзі бекіткен мерзімге дейін қорғап, оған жазылған өлім сәті бәрібір келетіні және сол кезде Аллаһ оның өліміне себеп болуды тағдырына жазған оқиға орын алатыны – әп-айқын нәрсе.  Жасөспірім патшаның ұмтылысын өз пайдасына және өз халқының пайдасын пайдаланды. Бұл – Аллаһ жасөспірімге жоғарыдан уәхи өте керемет маневр еді. Бұл – Аллаһтан келген көмек және ұлы жетістік еді, өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтты ғой: «Аллаһқа иман келтіргеннің жүрегін Ол тура жолға салады». (әт-Тағәбун; 11)

Ескертпе:

1.Сухәйб, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп баяндағанын жеткізген: «Бұрыңғы замандарда бір патша өмір сүрген еді. Оның сарайында сиқыршы бар еді. Сиқыршы қартайған кезінде патшаға былай деді: «Мен өте қартпын, сондықтан маған бір ұл баланы жібер, мен оны сиқыршылық кәсібіне үйретемін». Сонда патша сиқыршыға шәкірт етіп бір жасөспірімді тағайындады. Жасөспірім сиқыршыға дәріс алуға баратын жолдың үстінде монах өмір сүретін. Бірде жасөспірім бала әлгі монахтың жанына кіріп, оны тыңдады және оның сөздері оның жүрегіне қонды. Жасөспірім сиқыршыға дәріске баратын әрбір кезде монахқа кіріп, оның алдында отыратын болды. Ал ол сиқыршыға келген кезінде сиқыршы оны ұратын еді. Жасөспірім бұл жөнінде монахқа шағымданып айтқанында, ол оған: «Егер сен сиқыршыдан қорықсаң, оған сені жанұяң ұстап қалды деп айт, ал отбасыңнан қорыққан кезде, сені сиқыршы ұстап қалды деп айт», – деп кеңес берді.

Елде адамдардың жолын бөгейтін үлкен жануар пайда болмайынша бір шама уақыт осылайша жалғаса берді. Жасөспірім жануарға барып, өз-өзіне: «Мен бүгін сиқыршы жақсы ма, әлде монах па, соны анықтаймын», – деді. Ол қолына тас алып: «Уа, Аллаһ, егер Саған әлгі сықыршыға қарағанда монахтың ісі сүйіктірек болса, адамдар өту үшін мына жануарды өлтір», – деді. Кейін ол тасты жануарға лақтырды да, оны өлтіріп, адамдардың жолын ашып берді. Кейін ол монахқа барды да, оған болған жағдайды баяндап берді. Монах: «Уа, балам! Бүгін сен мен көріп жүргенімнен де едәуір жақсырақ болдың. Сенің биік дәрежеге жеткеніңді көрудемін. Ақиқатында сен сынаққа алынасың. Сол орын алған кезде, мені айтып қойма», – деді.

Сол кезден бастап жасөспірім зағиптар мен ала-пестерді емдей бастады, адамдардың басқа да ауруларына шипа тауып берді. Бұл жөнінде патшаның зағип болған бір жақыны біліп қалды. Ол жасөспірімге көп сыйлықтар алып келіп: «Егер мені емдесең, мынаның барлығы – саған», – деді. Жасөспіріп: «Мен ешкімге шипа бермеймін. Шипаны тек Аллаһ береді. Егер сен Аллаһқа иман келтірсең, мен Оған дұға етемін, ал Ол саған шипа береді», – деді. Патшаның жақыны Аллаһқа иман келтірді, ал Аллаһ оған шипа берді. Содан соң ол баяғысындай патшаның жанына келіп отырды. Патша: «Саған көру қабілетін кім қайтарды?» – деді. Жақыны: «Менің Раббым», – деді. Патша ашуланып: «Сенің менен басқа Раббың бар ма?!» – деді.  «Менің және сенің Раббымыз – Аллаһ», – деді жақыны. Құтырып ызаланған патша жақынын ұстап алуды бұйырып, ол жасөспірімді айтып бермейінше, оны қинай берді. Патша жасөспірімді алып келуді бұйырды, ал ол келген кезде: «Уа, балам! Сен сиқыршылықта зағиптар мен ала пестерді емдейтіндей дәрежеге жетіпсің және басқа да көптеген істерді жасай алады екенсің!» – дейді. Жасөспірім: «Мен ешкімге шипа бермеймін. Шипа беруші – тек Аллаһ!» – деп жауап берді. Сонда патша оны ұстап алып, ол монахты айтып бермейінше, оны азаптады. Монахты алып келіп, оған: «Дініңнен бас тарт!» – деді. Монах мойынсұнбады, ал патша сол кезде араны алып келуді бұйырды да, оны монахтың басындағы орта сызыққа қойғызып, оның денесі екіге бөлініп тасталғанынша аралай берді. Содан соң патшаның жақынын алып келді. Патша оған да дінінен бас  тартуды бұйырды. Ол мойынсұнбады, сонда тағы да ара алып келінді де, оны патшаның шақынының басының ортасындағы сызықтан қойып, оны екіге аралап кесіп тастады. Содан соң жасөспірімді алып келді және оған да дінінен бас тарту бұйырылды.  Жасөспірім мойынсұнбады. Сонда патша оны сақшыларына қарай лақтырып: «Оны пәлен тауға алып барып, оның төбесіне шығыңдар. Төбесіне  жеткен кезде, оған дінінен бас тартуды бұйырыңдар, ол осыны істемесе, оны төбеден төмен қарай лақтырыңдар!» – деді. Қызметкерлер жасөспіріммен бірге  тауға қарай бет алды да, оның төбесіне жеткен кезде, жасөспірім: «Уа, Аллаһ! Мені олардан өзің қалаған жолыңмен құтқар!» – деді. Кенеттен тау сілкіне түсті де, қызметкерлер төменге қарай ұшып құлады.  Ал, жасөспірім тағы да патшаның алдына барды. Патша одан: «Сенің серіктеріңе не болды?» – деп сұрады. «Аллаһ мені олардан құтқарды», – деді жасөспірім. Сонда патша оны қызметкерлерінің басқа бір тобына лақтырып: «Оны теріге орап, онымен бірге теңіздің ортасына шығып, егер ол дінінен бас тартпаса, суға тастаңдар!» – деді. Қызметкерлер патшаның бұйрығын орындауға аттанды. Ал, жасөспірім: «Уа, Аллаһ! Мені олардан Өзің қалаған жолыңмен құтқар!» – деді. Кенеттен қайық аударылды да, қызметкерлер суға кетті. Ал, жасөспірім аман-есен тағы да патшаға келді. Оны көріп, патша: «Серіктерің қайда?» – деді. «Аллаһ мені олардан құтқарды. Сен мені мен саған бұйырған нәрсені істемейінше өлтіре алмайсың» – деді. «Мен не істеуім керек!» – деді патша. Жасөспірім: «Адамдарды бір алаңға жина да, мені ағаштың діңгегіне керіп байлап таста. Сосын менің жебе қабымнан жебені ал да, оны садақтың ортасына қойып: «Бұл жасөспірімнің Раббысы – Аллаһтың атымен!» – деп айт, ал содан кейін ат. Ақиқатында, сен мені осыны істесең ғана өлтіре аласың», – деп жауап берді. Сонда (патша) бір алаңға адамдарды жинап, (жасөспірімді) ағаштың діңгегіне керіп байлап, оның жебе қабынан жебе алып, оны садақтың ортасына қойып: «Бұл жасөспірімнің Раббысы – Аллаһтың атымен!» – деп оқ атты, оқ жасөспірімнің самайына қадалды. Ол өз самайын қолымен ұстаған күйінде өлді, ал адамдар: «Біз бұл жасөспірімнің Раббысына иман келтірдік! Біз бұл жасөспірімнің Раббысына иман келтірдік! Біз бұл жасөспірімнің Раббысына иман келтірдік!» – деп айта бастады.  Содан соң патшаға (оның адамдары) келіп: «Сен өзің қауіптенген нәрсең туралы не айтасың? Аллаһтың атымен ант етеміз, сенің қорыққан нәрсең басыңа келді, өйткені адамдар иман келтірді!» – деді. Сонда патша (қала) қақпаларының қасынан орлар (қазуды) бұйырды, ал орлар қазылып болып, оларға от жағылған соң, (патша): «Өз дінінен бас тартпағанның әрбірі отқа тасталады және оларға: «Өздеріңді отқа тастаңдар!» – деп бұйырылады!» – деді.

Және адамдарды жалынды орға тастай бастады. Сол кезде бір мүмін әйел қолындағы баласымен жалынға жақындаған кезде, батылы бармай тоқтап қалды. Сол кезде оның қолындағы сәби баласы (сөйлеу қабілеті дарып): «Анашым! Табандылық таныт, өйткені сен жақта – ақиқат!» – деді». Бұл сахих хадисті имам Әхмәд жеткізген.

Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары
Сайтымыздың оқырмандарының назарына Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру  актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабын жариялауды бастаймыз

Араб тілінен орыс тіліне аударған: Дамир Хайрутдин;

Қазақ тіліне орыс тілінен аударылған

Алғы сөз

Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ, және, ақиқатында,  игілік ең соңында  тек тақуалар үшін әзірленген.

Мен осы зерттеумен мұқият танысып, онда қамтылатын тақырып толығымен ашып берілген деген қорытындыға келдім. Осы орайда мен Аллаһтан авторды марапаттауды және оның еңбегін мұсылмандар үшін пайдалы етуді тілеймін.

Осы кітап арап тілінде жарияланса – жөн болар еді деп есептеймін. Алайда, егер автор өзін-өзі өлтіруге алып келетін «шәһидтік» деп аталатын акцияларды рұқсат ететін пәтуалардың теріс салдарына, олардың мұсылман қоғамдарына  тигізетін кесірлі әсеріне, сондай-ақ, осындай «шәһидтік»актілерді рұқсат ететіндердің арасындағы келіспеушіліктерге толығырақ тоқталса, ол едәуір мазмұндырақ болар еді. Сондай-ақ, осы еңбекте мұндай актілерге тыйым салатын ғалымдардың пәтуалары кең қамтылғанын қалар едік.

Абдуллаһ әс-Сабт

Шәрджә, БАӘ

Мейрімді Рахымды Аллаһтың атымен!

Кіріспе

«Шәһидтік» акциялары соңғы кездерде кең тараған құбылыстардың қатарына жатады.  Оларды осылай деп бұл амалды рұқсат ететіндер атайды. Ал бұл әрекеттерді орынсыз деп есептейтіндер оларды жәй «өзін-өзі өлтіру» актілері деп атайды. Бұл іс-әрекеттердің кең таралуы ақыл-есі сау көптеген адамдарды «Шындығында да Ислам осылай істеуге әмір етеді ме?» – деген сұраққа жауап іздеуге итермелейді. Осыған қоса Исламды жек көрушілер осы жағдайды өздерінің мүддесіне мұсылмандарға қарсы пайдаланады да, оларға «террористер» деген ат тағып, Ислам өзінің ұстанушыларына дәл осыны бұйырады деп айтады. Сөйтіп, ақиқат осы екіуінің, яғни Исламның дұшпандарының осы құбылысты өз мүддесіне пайдаланудың және «шәһидтік» актілерді мақұлдайтын және оларды «сионистердің елу жылдық езгісінің жазасы», «тоқтаусыз жүріп жатқан адам өлтірулер, қуғын-сүргін және ойсырау үшін қасиетті кек алу» деп есептейтін езгідегі мұсылмандардың жалынды шабыттануының ортасында жоғалып қалды .

Бірнеше жылдардан бері бұқаралық ақпарат құралдарында осындай актілердің заңды статусы туралы пікірталастар жалғасуда. Алайда бұл пікірталас қоғамдық пікірді олар заңды күшке ие дегенге қарай одан сайын күштірек құлатты.  Бұдан қалса, адамдардың арасында басында доктор әл-Қардәуи тұрған кейбір ғалымдардың бұл актілер дін үшін жан пида етудің ең жоғары сатысы деген сөздері өте кең танылды. Бұл көзқарастарға деген жаппай қызығушылық басқа пікір-пайымдарды бөгеп тастады, ал халықтың пікірінің күші олардың орынсыздығы туралы айтып жүрген кейбіреулерді үнсіз болуға мәжбур етті. Мәселе діни сипатқа қарағанда, көбірек саяси сипатқа ие болды.

«Шәһидтік» актілердің рұқсат етілмейтіндігін түсіндіріп беретін кітапты жазуға мені бір неше себептер итермеледі. Олардың біріншісі – бұл «феноменнің» палестиналық нұсқасы олардың заңдылығына және орындылығына мән бермейтін көптеген жас мұсылмандарды осындай іс-әрекеттерді жасауға шабыттандырғанына деген менің қынжылғаным болды. Басқа себеп – Исламның осы актілерге деген қатынасына қызығушылық танытатын орыс тілді бауырлардан және әпке-қарындастардан  маған келіп түскен жүздеген сұрақтар болды. Тағы бір себеп – планетаның түрлі аймақтарында жасалып жатқан және адамдарды Аллаһтың дінінен теріс бұрғызатын факторлардың бірі болған «шәһидтік» актілер әкеп соқтырған мұсылмандар үшін өте қорқынышты  зардаптар болды.

Мұндай операцияларды жүзеге асырушы ұйымдар Шариғаттан өздерінің әрекеттеріне ақтау іздеуге кірісті. «Шәһидтік» актілерді іске асыруды жақтап олардың тез нәтижесіне есі кеткендер шыға келді. Олардың көбі осы ұйымдардың идеяларына ортақтас еді және олардың қатарында болды. Алайда олар мұндай әрекеттер қандай салдарға әкеп соқтыратынын ойламай ғана қоймай, бұл мәселе бойынша Құранның әмірлеріне де ақыл тоқтатқан жоқ.

Аллаһ Өзінің шексіз және мінсіз даналығымен көпқұдайшылдардың арасында өмір сүріп жатқан және мұсылмандар оларды білмейтін, сондай-ақ зиян және шығын шегуі мүмкін болған мүміндер зардап шекпеуі үшін Мекке алқабында мұсылмандар мен көпқұдайшылдардың арасында шайқастың орын алуына жол бермеді ғой. Аллаһ Тағала былай деді: «Ол сондай Аллаһ, сендерді оларға өктем еткеннен кейін Мекке ойпатында олардың қолдарын сендерден тыйып, сендердің қолдарыңды олардан тыйды. Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші. Олар сондай кәпірлер, сендерді Мәсжид Харамнан және тостырылған құбандықты орнына барудан тыйды. Бірақ егер Меккедегі сендер білмеген, мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді сендер жаныштап, білместіктен обалына қалмайтын болсаңдар еді. (Соғысқа жол қойылар еді.) Аллаһ кімді қаласа, мәрхаметіне бөлеу үшін (осылай істеді.) Ал олар өзара бөлінгенде, олардан кәпірлерді күйзелтуші азаппен қинар едік». (әл-Фәтһ, 24-25).

Бұл актілердің мәнін адамдарға түсіндірудің қажеттілігін ұғынып, мен оларға мұндай әрекеттерге жол берілмейтіндігін бірнеше рет қайталап жариялаған Абд әл-Азиз ибн Абдуллаһ ибн Баз, Мухаммад ибн Салих әл-Усәймин, Мухаммад Нәсир әд-Дин әл-Әлбәни, Абд әл-Азиз ибн Абдуллаһ Әл әш-Шейх, Салих ибн Мухаммад әс-Садлән сынды т.б. ірі ғалымдардың пәтуаларын ұсынуды жөн санадым.

Сонымен бірге, әділеттіктің және шындықтың хақысын беріп, мен «шәһидтік» актілерді рұқсат етілген деп есептейтіндердің де дәлелдері мен дәйектерін келтірдім. Әрине, ғалымдардың арасындағы бұл мәселе бойынша келіспеушіліктер – белгілі факт, алайда тіпті осындай әрекеттерді рұқсат етілген деп есептеген ғалымдар да тек қана Палестинаны меңзегені – едәуір маңыздырақ.

Мен қолданған әрбір цитата авторға деген сілтемесісімен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, бұл еңбекте мен тек қана сахих хадистерге сүйеніп, олар келтірілетін көздерге міндетті түрде нұсқау жасадым. Сонымен бірге, мен хадистердің келіп шығуына қатысты нәрселерге егжей-тегжейлі кіріспедім де, хадистің әл-Бухари мен Муслимнің жинақтарының біреуінде келтірілуін оны сахих деп тану үшін жеткілікті фактор деп санауға және оны басқа жинақтарға іздемеуге жеткілікті деп есептедім. «әс-Сунән» жинақтарына жүгінгенде, мен хадистің сахихтығын нақтылауда осы саладағы біздің заманымыздың көрнекті ғалымы шейх әл-Әлбәнидің, Аллаһ оны рахым етсін, зерттеулерін басшылыққа алдым.

Бұдан тыс мен «шәһидтік» актілерге жол берілмейтіндігі туралы ғалымдардың бір қатар пәтуаларын келтірдім. Алайда, әрине, мен бұл тақырыпқа қатысты барлық пәтуаларды қамти алмадым. Бұл еңбекті әзірлеуде мені кейбір маңызды көздермен қамтамасыз еткен ұстазым Абдуллаһ әс-Сабттың, Аллаһ оған есендік берсін, маңызы үлкен болды.

Біздің кезімізде кең таралған «шәһид» деген атау туралы
Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен!

Шейх Ибн ‘Усәймин біздің кезімізде кең таралған, белгілі мұсылманға қатысты қолданатын «шәһид» деген атау туралы былай деп айтқан: «Адам шәһид болуы үшін, ол Аллаһтың сөзі барлық нәрседен үстем болуы үшін соғысуы керек, ал бұл – ниеттің біз білмейтін жасырын болған жағы. Ал егер біз белгілі бір адам туралы: «Ол – шәһид!» – деп айтсақ, біз оның Жәннәтта екендігіне күәлік берген боламыз, ал бұл – әһлю-Суннә ұстанымына қайшы келеді. Сондықтан да, белгілі бір адам туралы Қасиетті мәтіндер болғаннан өзге жағдайда: «Ол – шәһид», – деп айтуға рұқсат етілмейді!» “Мәджму’уль-фәтауә уә расаиль” 3/116-117.

Бүгінгі күні көпшілік айтып жүрген, бірақ саләфтар бұл жөнінде бізге ешнәрсе айтып қалдырмаған «шәһидтік сипаттар» дегенге қатысты үкім де – тура осындай. Мысалы, мұндай сипаттардан деп беттің нұрлануын, мәйіттің ешқашан шірімеуін және қан хош иіс шығаруын т.с. с. айтады. Мұның барлығының шариғатта ешқандай негізі жоқ және олар – жақсы, немесе жаман өлімнің белгісі болып табылмайды, ал кім керісінше айтса – Құран мен Сүннеттен, немесе сахабалардың сөздерінен сахих дәлел келтірсін. Біздің саләфтарымыздың арасында онша жақсы болмаған жағдайларда өлгендері де болған. Мысалы, дәрет сындырып жатқан кезінде жындар өлтіріп, мәйітін қорлап кеткен кісі туралы дерек т.б.

Осыған 2005 жылдың соңында Интернетте таралған намаз орындамай өлген және өлгенінен кейін әкесі оны қайта қазып алса, мәйіті ұсқынсыз етіп қорланған  мыс Сауд Арабиялық жас жігіттің суреттерін де жатқызуға болады. Бұл суреттерді қазір де көптеген сайттарда қабір азабының дәлелі ретінде көруге болады. Мұның барлығы – бидъат болып табылады және қабір азабының бар екендігіне нұсқамайды. Қабір азабына иман келтіру Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінен келген деректерге негізделеді, ал біз өлгендердің бейнесі, түрлі түс көрулер, әртүрлі ғылыми сенсациялар, Айда азанның айтылғанын есту, тағы сол сияқты ойдан тоқылған дәлелдерге емес, Аллаһ Өзінің Пайғамбарына (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) түсірген нәрсесіне ілесуіміз және дәлелді Құран мен Сүннеттен алуымыз қажет. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге ілесіңдер де,  Одан өзгені қамқоршы тұтып ілеспеңдер». (әл-Ә’раф 7: 3).

Ал Аллаһтан түсірілген болып тек Құран мен Сүннет табылады, ал Аллаһтың шариғатында қалған нәрселер күшке ие емес!

Шейх әл-Әлбәниден: “Кейбіреулер шәһидтердің денелері, пайғамбарлардың денелері сияқты, шірімейді, бұл солай ма?” – деп сұрағанда, шейх былай деп жауап берді: “Шариғатта, пайғамбарлардың денелерінен ерекше, шәһидтердің денелері шірімейді дегенге нұсқайтын бірде-бір дәлел жоқ. Бізде: «Ақиқатында, Аллаһ Тағала жерге пайғамбарлардың денелерін жеуді харам етті», – деп айтылған хадис бар. Ал шәһидтерге келер болсақ, оларға қатысты мұндай мәтін келмеген. Алайда Исламның алғашқы жылдарында шәһидтердің арасында мәйіттері шірімегендері де болған, ал бұл – ерекше жағдай болатын. Бірақ біз осыдан «Барлық шәһидтердің денелері шірімейді»  деген ереже жасамаймыз. Адамдардың арасында шәһид болмаған,  бірақ Аллаһ оның мәйітінің шірімейтінін ғажайып еткен адамдар болуы мүмкін. Алайда біз тек пайғамбарлардың денесі ғана шірімейді деп айтуымыз керек, ал пайғамбарлардан өзге кімге болсын қатысты айтар болсақ, олардың денесінің шірімейтініне бізде дәлел жоқ” “Сильсиләтуль-худа уә-ннур” № 317.

Тура осы – шәһидтердің қанының иісіне де қатысты. Көптеген сахих хадистерде Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге шаһидтердің қаны бұл дүниеде емес, алайда Киямет күні мисктің хош иісіне ие болады деп айтады. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Адамдардан кімде-кім Аллаһтың жолында жарақат алса, міндетті түрде Қиямет Күні түсі – қанның түсіндей, ал иісі – мисктің иісі болған қанмен қансыраған жарасымен келеді». әл-Бухари 5533, Муслим 1876.

Шейх мухаддис Әхмәд ән-Нәджми «ихуәнуль-муслимин» ағымының сөздеріне қарсы пікір білдіріп былай деген: «Егер біз саләфтардың өмірбаяндарын оқумен айналыссақ, оларда өлген адамдардың қаны хош иісті болады дегендей шәһидтердің сипаты туралы ешнәрсе таппаймыз. Мұндай нәрсе Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) соғысып, шәһид болған бірде-бір сахабасы туралы да, пайғамбардан кейін де соғысып, шәһид болған сахабалар туралы да, джихад жүргізген және кәпірлермен шайқасқан алғашқы ең абзал үш ұрпақтың мұсылмандары туралы айтылмаған! Олардан кейін де ешкім осындай нәрселер туралы айтпаған. Бірақ «ихуануль-муслимин» нен болған шаһидтер Пайғамбармен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бірге соғысқан сахабалардан, немесе сахабалардың ізбасарларынан (табиъун) болған шаһидтерден жақсырақ шығар, егер біз олардың қаны, саләфтардың қанынан ерекше, бұл дүниенің өзінде мисктің иісі шықса?!  ‘Абдуллаһ ‘Азамның «Ауғаныстан джихадындағы әр-Рахманнің белгілері» деген кітапқа және ол Абу Ну’аймнан келтіретін сахабалар Са’д ибн Му’аздың қабіріне жақындаған кезде мисктің иісін сезді және Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ Пәк! Аллаһ Пәк!» - деген дерекке келер болсақ, бұл хабар сахих болып табылмайды, ал Әбу Ну’айм «әл-Хилия»да көптеген сахих емес деректерді келтіреді. Мен Аллаһтың қалауы бойынша Оның жақын құлдарымен орын алатын мұғжизаларға (кәрамәттарға) сенемін, алайда Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының муғжизасы болмаған нәрсе – ешқашан олардан кейін болғандардың және болатындардың муғжизасы болмайды!»  “әр-Раду шәр’ийюль-мә’қуль ‘аләл-муттасылиль-мәджхуль” 89-91.

Тура осы – сақтанған сияқты болып: «Ин шә Аллаһ (Аллаһ қаласа) пәлен – шәһид!» – деп айтатындарға да қатысты! «Ин шә Аллаһ» сөздері аталған жағдайда оларды ешқандай ақтамайды. Бұл: «Ин шә Аллаһ, пәлен Жәннәтта», – деп айтумен бірдей.

Ал егер біреу осымен Аллаһқа Ол оны шәһид етсін деп дұға жасап жатырмын дегенін келтірсе,  бұл да – ақтау бола алмайды, өйткені, Аллаһ онсыз-ақ қалағанын істейді және, әрине егер Аллаһтың қалауы болса, адам не Жәннәтта, не Тозақта болады, алайда бізге осылайша етіп («ин шә Аллаһ» – деп) Аллаһтан сұрауға тыйым салынады, өйткені Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерден ешкім ешқашан: «Уа, Аллаһ, қаласаң  мені кешір, уа, Аллаһ, қаласаң  мені рахмет ет», – деп айтпасын, бірақ табандылық танытсын, өйткені Аллаһты ешкім ешнәрсеге мәжбүрлей алмайды». әл-Бухари 6339, Муслим 4/2063.

«Белгілі адамның Жәннәтта, немесе Тозақта екендігі туралы куәлік етуге тыйым салынғандығы туралы» мақаласынан алынған («әд-да’уәту-ссаләфия» сериясы, 7-бөлім, «К Исламу», toislam.com сайтының редакциясы дайындаған).

Мұсылмандарды өлтіру – Жәннатқа апарар жол ма?!
Оқырмандарымыздың назарына шейх Салих әс-Сухаймидің (Аллаһ оған есендік берсін) лекциясынан кесіндіні ұсынамыз:

«…Опат етуші күнәлардың қатарына Аллаһ өлтіруге тыйым салған тірі жанды өлтіру жатады, оған заңды себеп боған жағдайдан басқа. Құдіретті де, Ұлы Аллаһ былай дейді: «Кім бір мүмінді әдейі (қасақана) өлтірсе, оның жазасы ішінде мүлде (мәңгілік) қалатын Тозак болады. Сондай-ақ, оған Аллаһтың ашуы, қарғысы болып және оған зор қинау әзірлеп қойған!» (Кұран 4: 93).

Ол оны қалай: дүние мүдделері үшін немесе дүние игіліктері үшін өлтірсе де, немесе бүгінгі күні батылдары барып жүрген «Тозақтың иттері», осы заманның хауариждері кімді өлтіруге батылы барды? Қаны харам болған, жазықсыз мұсылмандарды немесе мұсылмандардың кепілдігінің, не қорғауының астында өмір сүріп жатқан адамдарды.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты: «Аллаһ үшін бұл әлемнің опат болуынан да маңызды нәрсе..., – не? – … мұсылманның қанының төгілуі».

Көсемдері тау үңгірлерінде жасырынып жүрген, интернет сайттары арқылы немесе спутниктік каналдар арқылы немесе аудио таспалар арқылы, мейлі олар тек дауыспен, мейлі дауысқа қоса бейнелерімен болсын, пәтуаларын таратып, мұны жихадтың бір түрі деп, біздің жастарымызға пәтуа беріп жүрген авантюристтер қатарынан болған кейбір надандарға (жахильдерге) қалайша сенуге болады?! Олар мұсылмандарды бауыздайды және мұны не деп атайды?! «Аллаһтың жолындағы жихад» деп атайды. Бұл – бұзақылық тарату. Бұл әрекеттерімен олар тек Исламның жауларына ғана көмектесті.

Мүмкін, тауда жүргендердің яхудилермен, христиандармен, масондармен немесе «Ротари» клубымен немесе басқа сионистік клубтармен бір уыс ақшаға айырбастаған келісімі бар шығар. Немесе олар өздерімен әуестенген және өздерін ғалымдар деп санап, білімі иелері болғансып жүр, бірақ іс жүзінде олар өздерінің үй есектерінен де надан.

Олардың сипаттарынан – дәл жарқанаттар тәрізді тек қараңғыда сөйлейтіндері, яғни әз-Зауахири, әл-Мақдиси, Усама бин Ладен немесе олардың жолына түскен адасқандар сияқты. Олар үмметке фитна таратты, өздеріне қан мен мал-мүлікттерді халал етті, және өздерінің адасқан пәтуаларымен және ауру амалдарымен Батысқа Ауғанстан мен Иракты тапсырып берді.

Кейін, сол екі мемлекет құлаған соң, олар өз жебелерін қай жақа бағыттады? Бірнеше жыл бұрын? Өз оқтарын кімге бағыттады? Мұсылмандарға, жердің ең қасиетті бөлігі – Мекке мен Мәдинаға. Әр-Риядқа және Қасымға, Жиддаға, Юнбаға және басқа да жерлерге, дүниедегі ең қасиетті және Аллаһтың қорғалған үйінің жанындағы жерге.

Мекке мен Мәдинада жарылыстар (жасау) туралы пәтуа шығаратын біреу оны діни ой-ниетпен істейді дегенді көз алдыларыңызға келтіре аласыз ба? Білмеймін, ал Аллаһқа ғана бұл жөнінде мәлім. Егер ол осыны діни ой-ниетпен істеген болса, онда ол дінді білмейді! Бірақ ол белгілі-бір жақпен жалданған болса, онда Аллаһ оның үкімі туралы біледі.

Ал атқарушыларға келер болсақ, олар – жем, отын, оларды тартты (қанады), алдады, оларды мазаққа айналдырды, олардың кездесетіндері Жәннат болады деген уәдемен жалдады.

Бірақ іс жүзінде бұған батылы жеткен адамның кездесетіні Тозақ болады!

Өйткені, біріншіден: ол өзін өлтіреді, өзін өлтіруге батылы барды!

Екіншіден: мұсылмандарды өлтіреді, әйелдерді балаларды және сәбилерді өлтіреді!

Әлдебіреу: «Жәннатқа апарар жол мұсылмандарды өлтіру, қарияларды өлтіру, сәбилерді өлтіру, әйелдерді өлтіру, қорқытып-үрейлендіру арқылы өтеді», – деп айтты ма?

«Кім бізге қару көтерсе, – ол…? – бізден емес!»

«Кім бізге қару бағыттаса, ол – бізден емес!»

Ал оны (қаруды) қолданушы және бағыттаушы туралы не айтуға болады? Оны Исламның жаулары діннің атымен мұсылмандардың арасын қирату үшін, пайдаланады, бірақ діннің оған да, оның істеген амалдарына да қатысы жоқ.

Мен ішіне өшпенділігін жасырған бұларды ауру деп атауда қиыншылық көріп тұрған жоқпын. Олар не өздерін адасушылыққа тастаған мушриктердің (көпқұдайшылардың) немесе такфиршілердің пәтуаларымен немесе жалданған, адасушылардың пәтуаларымен, олар мұны білсе де, білмесе де, тәрбиеленген.

Назар аудар! Аллаһ заңды (орынды) болған жағдайдан басқа,  өлтіруге тыйым салған тірі жанды өлтіру. Егер ертең (Ақырет күні) саған (ол) қолында өз басын алып келсе, ей, өзін-өзі алдаған, әл-Макдисидің, Ибн Ладеннің және әз-Заухиридің пәтуаларын оларға мойынсұнып, алған және ақиқатпен билік еткен, әділетті қолдаған атақты ғалымдардың пәтуаларын тастаған сен. Олар – Құдіретті де, Ұлы Аллаһтың Кітабынан шектен шығушылардың бұрмалауларын, өтірікшілердің адасушылықтарын және надандардың түсіндірмелерін қайтаратындар.

Ей, анау ақымақтардың пәтуаларын алған және «Аллаһ айтты» және «Оның Елшісі айтты» дегендерді тастаған. Адам өлтіруге тыйым салатын аяттар мен хадистерді тастадың және оларға назар аудармадың және өрттеуге батылың барды! Мұсылмандарды өрттеуге және оларға қаруыңды бағыттауға батылың барды.

Өзін-өзі ұмытқан ессіз немесе өзін-өзі ессіз деп көрсетуші.

«Кім бір мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы ішінде мүлде қалатын Тозақ болады. Сондай-ақ, оған Аллаһтың ашуы, қарғысы болады».

Өзін-өзі ұмытқан ессіз немесе өзін-өзі ессіз деп көрсетуші.

«Бұл дүниенің опат болуының маңызы мұсылманның қанының төгілуінен артық маңызды емес».

Өзін-өзі ұмытқан ессіз немесе өзін-өзі ессіз деп көрсетуші.

«Бізге қару көтерген – бізден емес».

Сен осы аяттар мен хадистерді әйтеуір бір естіп пе едің?! Пайымдаған күйде және ойланған күйде кідір. Сұра. Өз-өзіңе сұрақ қой. Ертең басын қолына ұстап келсе және: «Я, Раббым! Сұра одан, ол мені не үшін өлтірді, мені не үшін өлтірді?!», – десе.

Осы жоспарларды орындап жүргендер – олар ең жаман қауым және ең жаман жаратылыстар. Бұл – кімнің сөздері? Бұл – кімнің сөздері, бауырлар?! Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздері: «… аспанның астында өлтірілген ең жаман қауым және ең жаман жаратылыстар….»

Біздің қауіпсіздік қызметкерлерімізге қуанышты хабарды жеткізу керек, оларға Аллаһ жетістік берсін! Олардың (хауариждердің) қолымен өлтірілген әрбіреуі адамдардың ең жақсысы болып табылатындығы туралы қуанышты хабар.  Олардың қолдарынан өлтірілген әрбір қауіпсіздік қызметкері адамдардың ең жақсысы болып табылады. Аллаһтан олар үшін шахид дәрежесін сұраймыз!

Біз, олардың істеп жүргендеріндей, белгілі біреудің шахиттігі туралы сенімді түрде айтпаймыз, олар мұсылмандарды сояды және (өздерін) кім деп айтады?! Шахид деп.

Біз қауіпсіздік қызметкерлерінен болған бауырларымыз үшін айтып отырмыз, біз олар үшін Аллаһ Тағаладан шахид дәрежесін тілейміз, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Өлтірілгеннің ең жақсысы …, - кім? – …олар (хауариждер) өлтірген (мұсылман)», – деді.

Мен осы мәселеге тоқтадым, шейх ибн Баз (Аллаһ оған рахым етсін) атап өткен мәселеге, өйткені біз осы мәселемен өмір сүрудеміз.

Осы жерде мен сұрақ қоямын, оларды Аллаһ қорласын, Аллаһ оларды масқара қылып қойды және қолдаусыз қалдырып қойды, олар біздің еліміздегі «Абқиқа» ауданындағы қанша мұнай орындарын жарып жібергілері келді, сендер көз алдарыңа елестете аласыңдар ма, қаншасын, Аллаһ оларды қорлап қойды және Ақырет күніне дейін қорлайды, Аллаһ қаласа!

Сендер елестете аласыңдар ма, осыдан кейін қаншама құрбандар болуы мүмкін еді. Аллаһпен ант етемін, Әл-Ахса және Даммам, және, және, және,…. олардың барлығы жойылар еді, бірақ Пәк және Құдіретті Аллаһ – олар үшін торуыл, Ол оларды Құдіреттінің, Барлық нәрсеге Күші Жетушінің  ебімен ұстап алды!

Оларға қауіпсіздік қызметкерлерін бағыттады, Аллаһтан оларға Ислам мен мұсылмандар үшін игілікпен қайыруын тілейміз!

Назар аударыңыздар! Аллаһ, заңды болған жағдайдан басқа,  өлтіруге тыйым салған тірі жанды өлтіру жеті опат қылушы күнәлардың бірі болып табылады.

Жарылысты атқаруға батылы барған және орындаған сорлы алдымен өзін өлтіреді, ал өзін өлтірген (қайда түседі)? Жауап беріңдер?! Ол – Тозақта!

Одан кейін, екіншіден, ол мұсылмандарды өлтіреді, сендер бұл туралы жеткізілген хадистерді естідіңіздер.

Сенің осы аяттарға сәйкес жағдайың қандай?!

Сен балаларды жетім, әйелдерді жесір қылғаныңа, артыңнан балаларынан айырылған әйелдерді қалдырғаныңа және қиратқаныңа және зиян тигізгеніңе Раббыңа не (уәж) айтасын?!

Бұлардың бәрінен де жаманы, сен Исламның дұшпандарына олар еврейлерге елу, алпыс жылда көрсетпеген көмекті бердің.

Мен аттарын атаған хауариждер сондай қызмет көрсетті – еврейлердің өздері оны Палестинада көрсеткен жоқ. Қалай? Мұсылмандарды бір-бірімен айналыстырып қойды да, оларды Палестинадан да, Палестина еместен де аударып алып кетті…

Мұсылмандарды өздері мұсылман мемлекеттерінің арасында таратқан фитналарымен аударып алып кетті. Мұсылмандарды болашаққа дайындаудың орнына, Палестинадағы болашақ жихадқа дайындаудың орнына, Ауғанстандағы болған жихад сияқты, бірақ ауғандар бір-біріне қарсы соғыса бастағаннан кейін – жихад қалмады.

Тіпті палестиналықтарды бір-біріне қарсы айдап салып, (назарларын) аударып алып кетті. Оларды топтарға бөлді. Құдіретті де, Ұлы Аллаһ былай дейді: «Әрбір партия өзінде бар нәрсесіне қуанады».

Дұшпан не істегісі келсе, ол соны істеуде.

Аздап тоқтаңдар және мәселе жөнінде ойланыңдар. Адам өлтіру туралы мәселе. Бауырлар, біздің арамызда бұл келелі мәселеге жасырын сенетін жастар бар. Сен оған аяушылықпен сөйлеуің керек, ол туралы күдікті болсаң, оны алуың керек. Оны ал да, оған былай деп айт: «Балам, бауырым, сен – жас мұсылмансың, ол әуестенгердерге өзіңді алдандырма. Еврейлер мен христиандардың қызметшілеріне өзіңді алдауға жол берме! Америка мен Батыстың қызметкерлеріне өзіңді алдандырма! Аллаһпен ант етемін, олар – Американың қызметшілері!»

Хауариждер – қазір Америка мен Батыстың қызметшілері, оларға қажет барлық нәрселерін ұсынып берді. Олар қазір тыныш және демалуда.

Иракта қазір жихадтың атымен жүргендердің көбісі Сүннетті ұстанушыларды сойып жүр! Аллаһпен ант етемін, олар рафидилерге де, батыстың әскерлеріне де тиіспейді. Бірақ олармен бірге тұрмайтын Сүннеттің жақтаушыларын жихадтың атымен өлтіруде. Ал жихадтың жақтаушылары оларға не рафидилердің, не БААС[1]-шылардың, не зайырлылардың қатарынан не белгісіз біреулерді, не хауариждерді және солар сияқтыларды әмір етіп тағайындайды.

Бұған қарап отырып, өздеріңнің балаларыңа бұл крематорияға баруға рұқсат етпеңдер.

Екі-үш жыл бұрын біреу маған: «Менің ұлымды шахидтікпен марапаттаған Аллаһқа мадақ», – деді.

Мен айтамын: «Сен қайдан білесің? Егер ол мұсылмандарды өлтіруге қатысқандарың қатарынан болып қалса, онда ол Тозақтықтар қатарынан. Сен қайдан білесің? Ол Жәннатта деп үкім шығарасың, ал ол ішінде жүздеген мұсылмандары болған үйді қирататын еді. Сенде қайдан мұндай сенімділік бар? Ол Жәннатқа кірді деген?!»

Бауырлар, абай болыңдар!

Аллаһпен ант етемін, кім ол жақа барса, ол – қауіпте, тіпті өзінің дінінде, тіпті бүкіл Ислам үшін.

Аллаһ тыйым салған жанды өлтіру.

Бұл мәселемен көп рет ойлан. Сенің батылың барғанша, және сені алдамайынша, және саған өздері адасып өзгелерді адастырып жүрген өтірікші муфтилер тарапынан пәтуа берілмейінше.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын былай деп айтты: «Мен үмметім үшін…, – кімдерден қорқамын деді? Жалғастыр! – …адастыратын имамдардан!»

«әл-Каиданың» муфтилері – солар біздің заманымызда адасушылыққа кіргізетін имамдар.

Ал қарайықшы, біздің жетпістен аса ұлдарымызды қалалардан және барлық жерлерден алып келіп, оларды  «Нахруль-баридте» (Ливандағы өзен) салқын қанды түрде өлтіреді.

Дұрыс па, әлде жоқ па?

Жүз адам, машаа Аллах, Ливанды азат етеді, кейін қалған елдерді де. Жүз адам. Сен қайдан білесің, оларды жинап қаруландырған – ол еврей еместігін, немесе христиан еместігін, немесе масон, не олардың қызметшісі еместігін?

Қандай ұйым? Ол қалай деп аталатын еді? «Фатхуль-Ислам».

Аллаһ сақтасын, бұл ұйым – Исламның қиратылуы. Бәрін өлтірді! Ешкімді қалдырмады, бейшара палестиналық қуғындардың лагерін қиратты.

Қандай басшылықпен (Кітаппен) және қандай Сүннетпен сен пәтуа жариялайсың, сен, жахиль және ақымақ! Қандай кітаппен, қандай Сүннетпен бұл жастарға пәтуа шығарасың және оларды жердің түкпір-түкпірінен алып келіп шығын етесің. Оларды салқынқандылықпен өлтіру үшін, Шарурдан, Уадидан, Жиддадан, Юнбудан «Нахруль-баридке» жібересің?!

Бұл – далбаса. Бұл мәселеге ұзақ уақыт тоқтаңдар, я, бауырлар! Осында немесе интернет жүйесі арқылы мені естіп жатқандар. Білмеймін, мүмкін жүйе қосулы шығар?

Сондағы біреу шейхқа: «Қосылмаған», – деп айтып жатыр.

Шейх: «Не үшін қосылмаған?

Аллаһпен ант етемін, өкінішті, осы сөздерді интернет арқылы естуін қалаймын және жеткізуді сұраймын, жарайды ма? Сөздерді жеткізіңдер, Аллаһ сендерге есендік берсін.

Жақсы.

Мен бұл мәселеге  ұзақ тоқтадым, өйткені біз зиян шегіп жатырмыз. Күнде қауіпсіздік қызметкерлері осы адасушылыққа салынған бөлімшелерден бөлімше табуда.

Өз уақытын жоғалтты, оқуынан айырылды және кетті. Олардың әкелері жылап жатыр, шешелері жылап жатыр, бірақ олар өздерінің пайымдауларынша Жәннатты іздеп жүр.

Әй, бақытсыз! Жәннатқа апарар жол – бұл мұсылмандарды өлтіру ме? Өзіңді өлтіру – бұл Жәннатқа апарар жол ма? Керісінше, сен Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кім өзін өлтірсе, ол Тозақта», – деген хадисіне қарсы келудесің! Және сен тірі жанды өлтіру – бұл Жәннатқа жол дейсің бе?!

Қалайша? Бұл керісінше.

Жетер саған, науқас!

Өлімде шипаны көру,

әрі арман болар нәрсені өлімге есептеу». (өлең)

Сендерден осы сөздерді интернет жүйесі арқылы жеткізулеріңді сұраймын».

Аудиотаспа жазылған бейнероликті сіздер, иншаа Аллаһ, таяу уақытта көре аласыздар.

[1] БААС – Араб социалистік қайта жаңғыру партиясы (аудармашыдан).

Шейх Мухаммад бин Салих әл-Усайминннің (Аллаһ оны рахымына бөлесін) өзін-өзі өлтіру актілері туралы мәселе бойынша жауаптары
Қазылған орлардағы от-жалынға тасталып өлтірілген иман келтіргендер[1] туралы айтылатын хадистің мағынасын түсіндіріп және одан алынатын пайдаларға нұсқап, шейх, Аллаһ оны рахымына бөлесін, былай деп айтты: «Адам барша мұсылмандардың игілігі үшін өзін қиюы мүмкін. Сөйтіп, осы жасөспірім патшаға, ол оның айтқандарын жасаса, өзінің қаза болуына әкелетін нәрсені нұсқады.

Шейх-уль-ислам Ибн Таймия былай деді: «Бұл Аллаһтың жолындағы жихад болғандықтан, адамдар иман келтірді, ал ол ешнәрсе жоғалтпады, өйткені ол ерте ме, кеш пе өлер еді».

Ал өзінің денесіне жарылғыш заттарды орап алып, өзге діндегілердің аламан арасына кіріп, өзін олармен қоса жарып жіберетін кейбір адамдардың әрекеттеріне келер болсақ, бұл өзін-өзі өлтіру болып табылады, бұдан бізді Аллаһ сақтасын, өйткені өзін-өзі өлтіруші Тозақ отында мәңгі қалады, бұл жөнінде сахих хадистердің бірінде айтылады[2]. Мұндай өзін-өзі өлтірушілік мұсылмандардың мүддесіне сәйкес келмейді, өйткені адам өзі-өзін опат етсе және өзімен қоса он, жүз немесе екі жүз өзге өмірлерді алып кетіп жатса, бұл Исламға пайда әкелмейді, өйткені бұдан кейін өзге адамдар хадисте келтірілген жасөспірімнің өлімінен кейін оның дінін қабылдаған оның өлімінің куәгерлері сияқты Исламды қабылдамайды. Бұдан қалса, мұндай әрекеттер дұшпандарды одан әрі ызаландырады, сөйтіп олар мұсылмандарды ең сұрапыл тәсілдермен қыруға кіріседі.

Израиль үкіметінің палестиналықтарға қатысты істеп жатқан әрекеттері бұған мысал бола алады. Палестиналық біреу өзін-өзі жарып, бес-алты адамды өлтіргеннен кейін билік одан он есе көп палестиналықтарды тұтқындайды, ал бұл мұсылмандарға да, араларында осындай жарылыстар  орын алып жатқан адамдарға да ешқандай пайда әкелмейді.

Міне, сондықтан біз осылайша істеп жатқан адамдар хақысыз өздерін-өздері өлтіріп жатыр және бұл оларды міндетті түрде Тозаққа әкеледі деп есептейміз, Аллаһ бізді одан сақтасын. Мұндай адам шахид[3] емес. Егер ол мұны қателесіп, өзінің істеп жатқанын рұқсат етілген амал деп есептеп істесе, біз оның күнәсі кешіріледі деп үміттенеміз, алайда ол шахид болып табылмайды, өйткені ол шахид істеуге тиіс болған амал істеген жоқ.

Сұрақ: «Өзге діндегілердің ортасында, олардан кек алу үшін, өзін-өзі жарып жіберетін адам туралы қандай шариғи шешім шығару керек? Мұндай әрекеттерді өзін өлтіруді нұсқаған жасөспірім туралы хадиске жүгініп  ақтауға болады ма?»

Жауап: «Дұшпандарды өлтіру үшін өзін-өзі жарылғышпен орап алатын адам – өзін-өзі өлтіруші және бұл жөнінде сахих хадистердің бірінде айтылғандай, ол Тозақ отында өзін-өзі өлтірген нәрсесімен мәңгі азапталады.

Міне, сондықтан Аллаһ Тағаланың: «…өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер, (өйткені) ақиқатында Аллаһ сендерге рахымды» (ән-Ниса сүресі, 29-аят), – деген сөздерін оқып, кейін осындай амалдарды жасайтын адамдар таң қалдырады.  Олардың амалдарының нәтижесінде дұшпан жеңіліс табуда ма? Әлде мұндай жарылыстардан кейін, Израильде болып жатқандай, дұшпандар мұсылмандарға қатысты бұрыңғысынан да бетер тәкәппарлық пен сұрапылдық танытуда ма? Ал қазірше біз ол жақтағы соңғы референдумда арабтарды өлтіріп-жоюды қалаған оңшылдар жетістікке жеткенін көрудеміз.

Алайда біз Аллаһ Тағаладан мұндай қадамға надандықпен, осы оны Аллаһқа жақындатады деп барған адамдарды жазаламауын тілейміз.

Жасөспірім туралы хадиске жүгіну туралы айтар болсақ, онда ол жерде дұшпаннан кек алу туралы емес, адамдар Ислам қабылдағаны туралы айтылып жатқанын ұмытпау керек. Патша адамдарды жинап, жасөспірімнің қорамсағынан жебені алып: «Осы жасөспірімнің Раббысы – Аллаһтың атымен!», – деген кезде, барлық адамдар: «Бұл жасөспірімнің Раббысы Раббы болып табылады!», – деп айқайлай бастады. Сөйтіп, осының себебімен көп адамдар Исламды қабылдады. Ал егер жарылыстардан кейін де осылай болғанда, онда біз: «Бұл хадисті дәлел ретінде келтіруге болады және  Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оны бізге соған сәйкес келетін қорытындылар шығару үшін жеткізді», – деп айтар едік. Ал іс жүзінде, өз өмірін қиып, он немесе жүз шақты дұшпанды өлтіруді қажетті деп есептейтін адамдардың әрекеттері, дұшпандардың одан сайын ызалануына және өздерінің ұстанымында  одан сайын табанды тұруына әкеледі.

Алынған көзі: «Мұсылман діндар ғалымдарының қазіргі заманның үндеулеріне жауаптары», құрастырушы шейх Мухаммад бин Хусайн бин Саад әл-Суфран әл-Кахтани, редакциясын басқарған Сауд Арабиясы Корольдігі Ең ірі ғалымдары Комитетінің мүшесі, шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузан, Кувейт, 2008 ж.

[1] Муслим «Сахих», № 3005 хадис. Бұл хадисте бір патша оған өз дінінен бас тартуды бұйырған жасөспірім туралы баяндалады. Жасөспірім бұған келіспеді, сонда патша оны өлтіруді әмір етті, бірақ оның қызметкерлері бұл әмірді орындауға қанша тырысса да, оған еш нәрсе істей алмады. Әрі қарай бұл хадисте былай баяндалады:

«Жасөспірім патшаға: «Менің бұйырғанымды істемесең, Сен мені ешқашан өлтіре алмайсың!» – деді. Патша одан: «Ол не?», – деп сұрады. (Жасөспірім): «Адамдарды бір төбеге жина да, мені пальма ағашының діңгегіне байлап таста. Сосын менің қорамсағымнан жебені ал да, оны садақтың ортасына қойып: «Осы жасөспірімнің Раббысы – Аллаһтың атымен!», – деп айт та, содан соң ат. Ақиқатында, сен мені осыны істесең ғана өлтіре аласың», – деп жауап берді. Сонда (патша) бір төбеге адамдарды жинап, (жасөспірімді) пальманың діңгегіне байлап, оның қорамсағынан жебе алып, оны садақтың ортасына қойып: «Осы жасөспірімнің Раббысы – Аллаһтың атымен!», – деп оқ атты. Оқ жасөспірімнің самайына қадалды. Ол өз самайын қолымен ұстаған күйінде өлді, ал адамдар: «Біз жасөспірімнің Раббысына иман келтірдік!», – деп айта бастады.  Содан соң патшаға (оның адамдары) келіп: «Сен өзің сескенген нәрсең туралы не айтасың? Аллаһтың атымен ант етеміз, сенің қорыққан нәрсең басыңа келді, өйткені адамдар иман келтірді!», – деді. Сонда патша (қала) қақпаларының қасынан орлар (қазуды) бұйырды, ал орлар қазылып болып, оларға от жағылған соң, (патша): «Өз дінінен бас тартпағанның әрбірін отқа тастаңдар!», – деді».

[2] Бұл хадисте Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кім өзін таудан (арнайы) тастап опат етсе, өзі мәнгілікке (тасталатын) Тозақтың (отына) үздіксіз төмен қарай құлай береді; кім (қасақана) у ішіп өзін опат етсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) оны қолында ұстап, үздіксіз ішеді; кім өзін темірмен өлтірсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) сол темірді қолына ұстап, онымен өзінің қарнын үздіксіз соға береді», – деп айтқаны жеткізіледі. Әл-Бухари «Сахих», № 5778.

[3] Шахид — дін үшін болған соғыста қаза болған адам.

Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың (Аллаһ оны рахымына бөлесін) шерулер мәселесі бойынша берген жауаптары
1992 ж. (х. 1412 ж.) шағбан айында Джидда қаласында шейхқа мынадай сұрақ қойылды: «Ерлер мен әйелдер қатысатын әмірлерге қарсы бағытталған шерулерді Исламға шақырудың құралы деп қарастыруға және де осындай шеруге қатысу барысында қаза тапқан адамды шахид немесе Аллаһ жолында жүрген адам деп санауға бола ма?»

Жауап: «Мен ерлер мен әйелдер қатысатын шерулерді қандай да бір мәселелерді шешудің құралы деп есептемеймін, мен оларды бүліктердің, жамандықтың, бір адамдардың өшпенділігін оятудың және басқа адамдардың құқықтарының бұзылуының себепшісі деп қарастырамын. Шариғи әдістер деп шариғатқа сәйкес іске асырылатын хат алмасуды, игі насихаттарды және жақсылыққа шақыруды айтады. Бұл әдістердің мәнін ислам ғалымдары, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары және оларға таза жүрекпен ілескендер түсіндірген, ал олар, жоғарыда айтқанымыздай, хат алмасудан, әңгімелесуден және «Әмір пәлен нәрсені істеді», немесе «Оның күнәсынан пәлен нәрсе орын алды» деп мінберлерден жарияламай, әмірмен байланыс орнатудан  тұрады, ал көмек сұрап Аллаһқа жалбарыну керек».

Шейх Абд әр-Рахман Абд әл-Халикке жауап беріп, шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баз былай деді: «Өзіңіздің «Шариғат басқаруы туралы тараулар» атты кітабыңыздың 31-ші және 32-ші беттерінде сіз: «Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шерулерді ислам шақыруының құралы ретінде пайдаланды», – деп айтып өтесіз, алайда маған бұл жөнінде ешқандай нұсқаулар мәлім емес, сондықтан бұл жөнінде кім айтқанын және мұны сіз қандай кітаптан тапқаныңыз жайлы хабарлауыңызды сұраймын.

Егер де мұның Сүннетте ешбір мысалы болмаса, онда сіз өз сөзіңізден бас тартуыңыз керек, ал мен бұған нұсқайтын бірде-бір хадис немесе басқа да бір дереккөз көріп тұрған жоқпын. Шерулер қандай зиян әкелетіні белгілі болғандықтан, бұған сахих нұсқаулар болған жағдайдың өзінде де, бұзақылық таратушы адамдар өз мақсаттары үшін шерулер ұйымдастырмауы үшін, оларда нақты не айтылғандығын толық түсіндіру керек.

Аллаһтан сіз бен бізге пайдалы ілім беруін, жүректерімізді және барлық амалдарымызды салиқалы етуін және бізді тура жолмен жүрушілердің және онымен өзгелерді де жетелейтіндердің қатарынан етсін деп сұраймын. Сізге Аллаһтың сәлемі, рахметі және берекесі болсын».[1]

«Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздан шейх Абд әр-Рахман Абд әл-Халикке.

Аллаһ Сізге Өзіне ұнайтын амалдарды жасауға көмектессін және сіздің қолыңызбен Өз дініне көмектессін, әмин.

Сізге Аллаһтың сәлемі, рахметі және берекесі болсын!

Мен сіздің кітабыңызды алдым және сіз менің ұсыныстарыммен келісетіңізді қуанышпен қабылдадым. Аллаһтан сізге бұдан да артық  деңгейде қолдау көрсетуін және Ол сізді тура жолмен жүрушілердің және өзгелерді де тура жолға жетектейтіндердің қатарына қоссын.

Мен сіздің шерулер туралы жазғандарыңызбен танысып шықтым, ал сіз келтірген нұсқадағы дерек әлсіз деректер санатына жатады. Өйткені оны жеткізушілердің бірі – Исхақ бин Абу Фәруа; ал оның жеткізгендері шариғи дәлел ретінде қолданыла алмайды. Алайда бұл дерек сахих болған жағдайда да, онда Ислам тарихының ең алғашқы, яғни мұсылмандар Мәдинаға әлі көшпеген, ал шариғат әлі толық қалыптаспаған кезеңі туралы айтылып жатқанын ұмытпау керек.

Алайда үндеу немесе тыйым салу мәселелерінде, басқа да діни істердегідей, Мәдинаға көшкеннен кейін қалыптасқан шариғатттың ережелеріне негізделу керек. Ал жұма және айт намаздарына, сондай-ақ басқа да, күн тұтылуда оқылатын, немесе жаңбыр тілеу сияқты Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үндеген болуы мүмкін намаздарға келер болсақ, олар мұсылмандық діни рәсімдерге жатады және олардың шерулерге ешқандай қатысы жоқ.

Аллаһтан бізге, сізге және барлық бауырларымызға бұдан да көбірек пайдалы білім беруін, жүректерімізді және барлық амалдарымызды салиқалы етуін және бізді, сізді, сондай-ақ барлық мұсылмандарды бүліктермен байланысты болған адасушылықтардан және шайтанның азғыруынан сақтауын тілеймін. Расында, ең жақсысы – Аллаһқа ғана тілектермен жалбарыну. Сізге Аллаһтың сәлемі, рахметі және берекесі болсын!»[2]

[1] «Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың пәтуалар жинағы», 8/245.

[2] «Шейх Абд аль-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың пәтуалар жинағы», 8/246.

Аллаһтың жолындағы жихадтың артықшылығы
шейх ‘Абд әр-Раззақ әл-Бадрдің «Жихадтың даналықтары мен ережелерінен жақсы жемістер» кітабын жариялауды жалғастырамыз:

Бесінші тарау: Аллаһтың жолындағы жихадтың артықшылығы

Егер осыдан алдынғы тарау Аллаһтың жолындағы жихадтың мақсаттары мен даналығының түсіндірмесі болған болса, онда Құран мен Сүннетте жихадтың артықшылығы және оған қатысушылардың артықшылығы туралы дәлелдер келтірілгендігі – таңданатын нәрсе емес.

Атақты ғалым Ибн әл-Қаййим былай деп айтты: “Жихадты марапаттайтын, оны жасаушыларды мақтайтын және ол үшін  Раббылары оларға түрлі құрмет көрсетулер мен мол сыйлықтар түрінде ұлы сый дайындап қойғандығымен сүйіншілейтін Аллаһтың Кітабынан аяттар және Сүннеттің мәтіндері өте көп. Және бұл үшін Аллаһ Тағаланың айтқан мына сөздері жеткілікті: «Әй, мүміндер! Сендерге жан түршігерлік азаптан қүтқаратын бір сауда көрсетейін бе?» Және адамдар Аса Білімді және Дана Аллаһтың нұсқаған саудасын қатты қалаған соң, Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһқа және Оның Елшісіне иман келтіріңдер және Аллаһтың жолында мал-мүліктеріңмен және жандарыңмен соғысыңдар!». Адам жаны қауіпсіздікте болуды қалайтын сияқты, сондықтан Аллаһ: «Егер сендер білсеңдер еді, осы сендерге қайырлы», – деді. Яғни жихад сендер үшін өз өмірлерің мен денсаулықтарыңды сақтап қалу үшін қарап отырудан жақсы. Және жан: «Ал жихадта бізге қандай енші бар?» – деп сұрап жатқан сияқты. Ал Аллаһ: «Ол сендердің күнәларыңды жарылқайды», – деп, әрі жарылқап: «Сендерге астарынан өзендер ағатын Жәннат бақтарына, Ғадын Жәннатындағы орындарға кіргізеді. Зор табыс осы», – деп жауап берді. Содан соң жандар былай деп айтқандай болды: «Бұл соңғы өмірде. Ал бұл өмірде бізге не беріледі?» Әрі Аллаһ былай деп жауап берді: «Тағы басқа сендер жақсы көретін бір нәрсе бар: Аллаһ жақтан бір көмек және жақын бір жеңіс бар. Мүміндерді қуандыр!» (Саф, 10-13). Аллаһпен ант етемін, бұл сөздерден не тәтті болуы мүмкін! Және олардан артық жүректерге не жақын болуы мүмкін! Олар нендей күшті етіп өздеріне тартады және Раббыларына апарар нендей (керемет) жолға салады! Олардың үкімі (Аллаһты) сүйетін әрбір жүрекке нендей ізгі!  Жүректің байлығы нендей ұлы! Және осы сөздердің мәні оған жеткеннен соң оның өмірі нендей сүйсінерлі! Және біз Аллаһтан Ол бізге Өзінің рахметін жаудыруын тілейміз!  Ақиқатында, Ол – Аса Жомарт, Ерекше Рахымды!” “Тариқ әл-хиджратайн” 583-584.

Жихадтың артықшылығын хадистер де дәлелдейді. Солардың ішінде Му’аз ибн Жәбәлдің мына хадисі де бар: «Бұл істің (діннің) басы – Ислам, тірегі – намаз, ал шыңы – Аллаһтың жолындағы жихад». Ахмад 5/231, әт-Тирмизи № 2616.

Сондай-ақ ‘Убада ибн әс-Самиттің, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһтың жолында соғысыңдар, өйткені Аллаһтың жолындағы жихад – Аллаһ олар арқылы уайым мен қайғыдан құтқаратын  Жәннат қақпаларының бірі», - дегені жеткізіледі. Ахмад 5/314.

Абу Хурайраның, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде былай деп айтылады: «Аллаһтың жолында күресуші ораза ұстаушыға, намаз орындаушыға, Аллаһтың аяттарының алдында бас ұрып, оразадан да, намаздан да шаршамайтынға ұқсас. (Және оның жағдайы) ол Аллаһтың жолынан оралғанша осылай. Және Аллаһ Өзінің жолында күресушіге оның жанын алып оны Жәннатқа кіргізуге деген, немесе оны аман-сау сый-сыяпатпен не олжамен оралуға деген үміт берді». әл-Бухари № 2787, Муслим № 1878.

Жихадтың және Аллаһ жолында күресушілердің артықшылығы туралы және шынайы (шын ықыласты) мужжахидтерге  Аллаһ бұл және Соңғы өмірде әзірлеп қойған жоғары мәртебелер мен аса зор сыйын түсіндіретін Кұран аяттары мен пайғамбарлық хадистер өте көп.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Жихадты орындау туралы әмірлер мен оның артықшылы туралы ескертпелер Кітап пен Сүннетте соншалықты көп болғандықтан, оларды санау мүмкін емес. Сондықтан жихад адамның ерікті амалдарының ең абзалы болып табылады, және ғалымдардың бірауызды келісімі бойынша ол қажылық пен умрадан да, нәпіл намаздан да,  нәпіл оразадан да абзал, бұл жөнінде Кітап пен Сүннет нұсқағандай…

Бұл – кең тақырып, және амалдарға берілетін сый мен олардың артықшылығында оған ұқсас ешнәрсе келтірілмеген.  Және бұл – назар салғанда ап-айқын. Өйткені жихадтан келетін пайда оны орындаушыға да, басқаларға да дін мен дүние тіршілігінде ортақ болады. Ол ішкі және сыртқы ғибадаттардың барлығын өзіне қамтиды. Ол өзіне Аллаһ Тағалаға деген махаббатты, Оған деген ықыласты, Оған деген тәуекелді,  Ол үшін жан мен мал-мүлікті пида етуді, сабыр мен ұстамдылықты, Аллаһты зікір етуді және басқа да өзге амалдар қамтымайтын ғибадаттарды біріктіреді.

Және оны орындаушы тұлға немесе қауым үнемі екі игіліктің арасында болады: не жәрдем мен жеңіс, не шахидттік пен Жәннат. Өйткені жаратылғандарда міндетті түрде өмір және өлім болады. Осыда (жихадта) олардың өмірі мен өлімін олардың бұл дүниеде және Ақыретте бақытқа жетуі үшін пайдалану бар.  Ал оны тастауда (қалдыруда) екі дүниеде де (бақытты болуда) қаза және кемшілік бар. Өйткені адамдардың арасында дінде және дүние тіршілігінде қуатты амалдарды жасауға ұмтылатындар бар, алайда олардың пайдасы аз.  Ал жихад, бұл амалдардың әрқайсысымен салыстырғанда, екі өмірде де пайдалырақ. Кейде тұлға өлімге тап келер болса да, жанын жеңілдетуге ұмтылады. Ал шахидтің өлімі барлық өлімнен жеңіл және барлық өлімнен абзал”. “Мәжму’ әл-фатауа” 28/352-354.

Құрметті шейх Ибн Баз былай деп айтты: “Ақиқатында, Аллаһтың жолындағы жихад Аллаһқа жақындаудың ең жақсы жолдарына және ең үлкен ғибадаттарға жатады, және бұл тіпті Аллаһқа жақындататын нәрселердің және міндетті болған амалдардан кейін жарысатын нәрселердің ең абзалы болып табылады. Бұл – оның мүміндерге көмек көрсетудің, Аллаһтың сөзінің үстем болуының, кәпірлер мен екіжүзділерді басудың, Исламға шақыруды халықтар арасында таратудың, Аллаһтың құлдарын қараңғылықтардан жарыққа шығарудың, барлық жаратылыстардың арасында Исламның керемет сипаттары мен әділетті шешімдерін таратудың және мұсылмандарға келетін өзге де көптеген пайдалардың және мақтаулы нәтижелердің себебі болғандығынан”. Қз.: “Мәжму’ фатауа уә мәқаләт мутанәууи’ә” 18/61-62.[1]

[1] Бұл артықшылықтардың барлығы шынайы, Аллаһ Тағала заңды еткен жихадқа қатысты екенінде күмән жоқ. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия айтатын: “Құран мен Сүннет жихадты жасау туралы бұйрықтарға  және оның артықшылықтарына толы. Алайда шариғатта заңдастырылған, Аллаһ және Оның Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұйырған жихадтпен, кейбір адасушылықтың жақтаушылары жүргізіп жүрген бидғат-жихадтың арасындағы айырмашылығын білу қажет! Олар жихадты шайтанға бағынып жүргізуде, алайда өздері жихадты Рахманға бағынып жүргізудеміз деп ойлайды. Бұл – хауариждердің және солар сияқты, исламның жақтаушыларымен соғысып жүрген, өз құмарлықтары мен дінге жаңалық енгізудің өзге де жақтаушыларының жихады сияқты!» “Раду ‘аләл-Ахнаи” 326.

Шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузанның (Аллаһ оған есендік берсін) қопарушылық іс-әрекеттерге байланысты сұрақтарға берген жауаптары
Сұрақ: «Аллаһ Сізді рахымына бөлесін. Мұсылман емес мемлекеттерде адамдарды өлтіру және үкіметтік мекемелерді жару сияқты әрекеттер қажеттілік болып табылады ма, әрі осыны жихад деп атауға болады ма?[1]»

Жауап: «Адам өлтіру мен жарылыстарға тыйым салынған, өйткені олар мұсылмандарға қайғы-қасірет шақырады және олардың өлтірілуіне, сондай-ақ қудалануына әкеледі. Ал Аллаһтың жолындағы жихадқа қатысты айтар болсақ, онда тек ашық шайқас және тек белгілі шарттарға сәйкес амалдар болуы тиіс.  Бұл істе Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өнегесіне ілесу міндетті болып табылады. Ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Мәдинаға көшуге дейін Меккеде кәпірлердің арасында болған кезде мына аяттар түсті:  «Сондай оларға: «Қолдарыңды тыйындар, намазды орындап, зекет беріңдер!» – делінгендерді көрмедің бе?» (ән-Ниса сүресі, 77-аят).

Сөйтіп оған кәпірлермен соғысудан бас тарту бұйырылған еді, өйткені олардың біреу болса да өлтірілсе, кәпірлер барлық мұсылмандарды опат қылар еді. Мұсылмандар өмір сүріп жатқан елдердегі адам өлтірулер мұсылмандардың өлтірулеріне әкеп соғады, ал бұл қазір де орын алып жатыр. Мұның Ислам шақыруына (дағуатына) ешбір қатысы жоқ және де ол Аллаһтың жолындағы жихад болып табылмайды. Мұсылмандарды қайғы-қасіреттің қойнауына тастап жатқан жарылыстар туралы да осыны айтуға болады».

Сұрақ: «Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және оның сахабалары Меккеде өмір сүрген кездерінде осы сияқты әрекеттер жасады ма?»

Жауап: «Жоқ! Ешқашан, өйткені оларға бұл тыйым салынған еді».

Сұрақ: «Ол Меккеде өмір сүрген кезінде кәпірлердің мал-мүлкін жойды ма?»

Жауап: «Ешқашан, өйткені бұған тыйым салынған еді, ал оған тек Исламға шақырумен айналысу және адамдарға Аллаһтың Жолдауын жеткізу бұйырылған еді».

[1] Жихад (тілдік мағынасы – күшті барынша жұмылдыру) – мазмұны өте сыйымды ислам термині. Жалпы қолданыста дін үшін күресті білдіреді, оған жүректің жихады да (өз нәпсісінің жаман жақтарымен күресу), тілдің жихады да (жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтару), қылыштың жихады да (дінді қарумен қорғау) т.б.кіреді.

Еуропалық қоғамдық санада жихад туралы тек «қылыш жихады» деген түсінік қалыптасып қалған, алайда Құран мен Сүннетке сәйкес бұл ұғым көп мағыналы болып табылады.

Шейх Салих бин Мухаммад әл-Люхайданның (Аллаһ оған есендік берсін) АҚШ-тағы Дүниежүзілік сауда Орталығының ғимаратына жасалған әуе шабуылына байланысты айтқан сөзі
Шейх Салих бин Мухаммад әл-Люхайданның (Аллаһ оған есендік берсін) сөзі[1]

Құрметті телекөрермендер, сіздерге Аллаһтың сәлемі, игілігі және берекесі болсын.

Не орын алса да – Аллаһқа мадақ, Оның рахметімен игілік жасалып жатқан Аллаһқа мадақ, бүкіл нәрсенің тағдырын белгілеп және бекітіп қойған  Аллаһқа мадақ!

Адамдар орын алған жайтқа қатысты пікірлердің ұштаспауына не әкеп соққаны туралы және АҚШ-тың басына келген опат туралы бізге және бір-біріне сұрақтар қойып, осындай оқиғалар шариғат тұрғысынан қандай бағаланатынын білгісі келеді.

Ислам шариғаты кез келген уақиғаларға қолданыла алатын, құрамында кез келген мәселелердің шешімі бар және кез келген апаттармен – соның  ішінде жақын күндерде орын алғандары да бар – олардың көлемі туралы үкім шығаруға мүмкіндік беретін,  бүкіл нәрсені қамтитын діни заң екендігіне күмән жоқ. Көбіне адамдар «Шариғаттың осындай оқиғаларға қатынасы қандай?», «Шариғат осыны рұқсат етеді ме?»,  «Мұсылман ғалымдары осындай іс-әрекеттерді құптайды ма?» деген сұрақтарды жиі қояды.

Исламның мұндай оқиғаларға қатынасы қандай екендігі туралы не айту керек? Мұсылман ғалымдары барлық орын алып жатқан жағдайлар туралы айтуы керек және мұсылмандар мен мұсылман еместердің басына түсіп жатқан сәтсіздіктерге шариғаттың қатынасын түсіндіруі керек.

Барлық нәрсе Аллаһтың тағдыры мен үкімі бойынша орын алып жатқанына және шариғат кез келген оқиғаларға қолдануға жарамды екеніне еш күмән жоқ. Аллаһ – даналардың Ең Данасы, рахымдылардың Ең Рахымдысы және Ол Әділетті Би болып табылады. Ол әділетсіздікті (зұлымдықты) Өзіне харам етті және оны Өз құлдарының арасындағы қарым-қатынаста да харам етті, бұл жөнінде құдси хадистердің бірінде Аллаһ былай деп айтады: «Әй, Менің құлдарым, ақиқатында, Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім және Оны сендердің араларыңда харам еттім; ендеше, біріңе бірің жәбір көрсетпеңдер!» Муслим «Сахих», №6572 хадис.

Жазықсыз адам  зорлыққа ұшырап жатса және ешбір қылмыс жасамаған адам өлтіріліп жатса, бұл зұлымдықтың көрінісі болып табылады. Тек адамдарға ғана емес, жындарға да рахымшылдықтың, мейірімділіктің және жанашыршылықтың пайғамбары етіп жіберілген Мухаммад пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға барлық қажетті нұсқауларды түгел етіп берді. Ол әскери жорықтарға және соғыс әрекеттеріне қатысты, ал қолды жорыққа дайындау кезінде сарбаздарға: «Сендер баланы да, әйелді де, әлсіз қартты да, өзінің кельясында ғибадат етушіні де[2] өлтірмеуге міндеттісіңдер», - деп бұйыратын. Муслим «Сахих», №4522 хадис.

Бұл дегеніміз: Ислам басқаларды өлтіретін, соғысатын және мұсылмандарға шабуыл жасайтындарды ғана өлтіруге рұқсат береді.

Осыған орай, емізулі нәрестелер мен әйелдер, қарт шалдар мен кемпірлер, ауру мен сау адамдар құрбан болып жатқан осындай қылмыстар, мал-мүлікке және оның иелеріне зиян тигізіп жатқан қылмыстар аса үлы қылмыс және қауіпті күнә болып табылады. Шариғат оларды Ислам тыйым салған жер бетінде бұзақылық таратуға, егіндер мен мал түлігін жоюға теңестіреді, өйткені мұндай амалдарға Аллаһ және Оның Елшісі тыйым салған. Бір әскери жорық барысында өлтірілген әйелді көрген Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Онымен соғыспау керек еді», – деген. Абу Дауд «Сунан», №2669 хадис.  Ал бұл – оны (әйелді) өлтіру – мүлде тыйым салынған іс екендігін көрсетеді.

Мен теледидардан бұл ғимараттарға қалайша соққы берілгенін және олардың қирауының дәл қарсаңында адамдарды Қиямет күні басталғандай  қорқыныш баулағанын көрдім, бұл сасқандарынан қай жаққа қашуын білмей жан-жаққа ұрынғандардың жүздерінен көрінді.

Міне, сондықтан осыны жасаған адамдар және осындай қылмыстарды жасаушылардың барлығы да Ислам тұрғысынан өте қауіпті қылмыскерлер болып табылады және олар ең жаман амалдар жасап жатыр.   Ал кімде-кім: «Шариғаттың, Құран мен Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінің мақсатын білетін мұсылман діндарларының әйтеуір  біреуі осындай әрекеттерді кұптайды», – десе, ол олар туралы жаман ойда болғаны.

Мұсылман адам дұшпанынының қайғы-қасіретіне де, егер оған зұлымдық жасалған болса, қуанбайды, өйткені зұлымдыққа мүлдем рұқсат жоқ, ал жазаға лайықты емес адамға қарсы өшпенділік әрекеттер жасау харам және жиіркенішті. Ал куәгерлердің көз алдында жасалған, ол туралы хабар кең тараған және оны көзімен көрген адамдарға үрей салған қылмыс туралы не айтуға болады, әрі мұсылмандар осындай әрекеттерді құптайды деп қалайша айтуға болады?!

Орын алған оқиғаны ақтап, дәлелдеу үшін не ойланып табылса да, бұндай негіздемелер (дәлелдер) орынсыз болып табылады, ал мұндай әрекеттер, оларды Ислам критерийлерінің негізінде бағаласақ,  ақтала алмайды. Аллаһ Тағала қасиетті Құранда мұсылмандарға былай дейді:  «…және бір елдің өшпенділігі сендерді әділетсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ….» (әл-Мәидә сүресі, 8-аят).

Әділетке жер мен көктер сүйеніп тұр, ал жаппай жазалауға келер болсақ, бұл әділеттілікпен еш ұштаспайды және ол – әділетсіздіктің көрінісі, сондай-ақ зорлық-зомбырлық пен жиіркенішті амал болып жазылады.  Өйткені бір ғана жазықсыз адамды өлтірудің өзі – ұлы қылмыс, ал енді арасында сәбилер мен жас балалар және Қиямет күні келген сияқты қорыққанынан түсік тастаған болуы мүмкін жүкті әйелдер бар көптеген адамдарды өлтіру қаншалықты ауыр болмақ!

Мұсылманның ақыл-санасы бұл қылмыстың жасалу салдарынан адамдар куә болған жан түршігерлік көріністерді мақұлдай алмайды, сондай-ақ оны жасаған адамдардың ақталуы да қабылданбайды, тіпті олар мұсылман ортасында және мұсылман елінде өскен болса да; ал маңыздысы – бұл ғалымдардың айтып жатқан сөздері және шариғаттың мұндай әрекеттерді қауіпті қылмыстардың санатына жатқызатындығы.

Ұшақтарды алғашқы алып қашулар туралы хабарлар Сауд Арабиясы Корольдігінде мәлім болғанда, ол ұшақтардың арасында сол кезде бірде-бір саудиялық ұшақ жоқ болатын және бұл елдің ғалымдары мұндай әрекеттерге, ұшақтағы жолаушылар мұсылман немесе мұсылман емес болуына қарамастан, тыйым салынғандығы туралы шешім шығарған еді. Ғалымдар мұндай зұлымдық – харам (тыйым салынған), ал негізсіз зорлық-зомбырлық және адамдарға үрей салуға оқшалану ең ұлы жамандықтардың қатарына жатады және бұзақылықтың (пасықтықтың) көрінісі болып саналады деп тапты.

Ислам мемлекеті болып табылатын және шариғат нұсқауларына ілесетін Сауд Арабиясы Корольдігінің мұндай әрекеттерді және оларды жасаушыларды өз тарапынан ашық айыптауы таңданарлық жайт емес, өйткені бұл мемлекет қандай бастамаса жаса да, оның бұл жолдағы қадамдары Исламға қайшы келмеуі керек.

Бұл дегеніміз, мұндай әреккетерді айыптай отырып, мемлекет діннің қағидаларын басшылыққа алады және Ислам ұстанымы атынан сойлейді, өйткені оның аймағында екі мұсылмандық Қасиетті орындар бар және бұл жерден Исламның жолдауы жан жаққа тарала бастады, сондықтан-да оның мұндай жексұрындықты кұптамайтындығына, оны жасаушылардың қылмыстарына сөгіс жасайтынына және қылмыскерлерге пана беріп оларды жасыратындардың және олардың әрекеттерін құптайтындардың әрбірін айыптайтынына таңданудың қажеті жоқ.  Исламды ұстанатын, шариғаттың мақсаттарынан хабары бар және шариғаттың Аллаһтың құлдарына қаншалықты мейірімді және аяушы екендігін білетін мұндай әрекеттерді өте жеккөрінішті және адамдарға ең көп зиян әкелетін амалдар деп санайды.

Мен теледидарға шығуымнан алдын маған көптеген сұрақтар қойылды. Олардың көптігін және адамдардың Сауд Арабиясы Корольдігі әділет органдарының ұстанымын түсіну үшін сот мекемесі басшысының сөздерін естуді қалауын ескере отырып, мен шығып сөйлеуді және мыналарды айтуды жөн көрдім: мұндай әрекеттер айыптауға лайықты, алайда Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жасалған қылмысқа оны жасаған қылмыскердің өзі ғана айыпты», – деген сөзін ұмытпау керек.  Әт-Тирмизи «Сунан», №2159 хадис; Ибн Мажжаһ «Сунан», №3659 хадис.

Бұл дегеніміз: егер біреу қылмыс жасаса немесе белгілі қағидалар мен ережелерді бұзса, ол үшін жауапкершілікті оның өзі ғана көтереді және жауапкершіліктерді өзгелерге жүктемеу керек. Осы камераның алдына шығып сөйлеуден бірнеше сәт бұрын, мен бір газеттің сұрақтарына жауап беріп, бұл жан түршігерлік акцияның ақтауы жоқ екендігін және ол тек өшпенділіктің көрініс беруіне және мұндай әрекеттерді кұптамаған да, мақтамаған да мұсылмандарға қарсы бағытталған өш алу актілеріне әкеп соғатынын түсіндірген болатынмын.  Алайда әділеттілік пен ақыл әркім тек өзінің күнәсі үшін жауап беруін және жеке біреулерден де, адамдардың топтарынан да өзге біреулердің күнәлары үшін есеп талап етілмеуін талап етеді. Бұл жөнінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жасалған қылмысқа оны жасаған қылмыскердің өзі ғана айыпты, - деп айтқанындай. Ал Құранда былай деп айтылған: «Ешкім басқаның (күнәсінің) жүгін көтермейді» (Нәжм сүресі, 38-аят).

Бұл дегеніміз: жазықсыз адамға жамандық жасаған адамның күнәсінің айыбын жүктемеу керек, ал өзгелерге зиян тигізбейтін біреуді қылмыскердің жасаған қылмысы үшін жазаламау керек.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында  Америка халқына қатысты сұрақтар және американдықтар енді сол елде өмір сүріп жатқан мұсылмандарға немесе ол елге баратын арабтарға немесе өзге ұлт өкілдеріне белгілі бір теріс ұстаныммен қарайтын болады деген мәселелер көтерілген болатын. Адамдарды «Осы ақылға қонымды ма?» деген сұрақтар қызықтырады.

Мен алдында да айтушы едім, қазір де мынаны қайталаймын: өздерін демократияның көрнекті қорғаушылары және әділеттің  жақтаушылары деп атайтын американдықтардан олар өз азаматтарына және еліне келуші арабтарға немесе өзге мұсылмандарға немесе мұсылман емес арабтарға мұндай қарым-қатынас жасайтынын күту екіталай. Табандылығымен, ақыл-пайымымен және көптеген басқа да жақсы сипаттарымен ерекшеленетін американдықтар еш жамандық жасамаған адамдарға залымдар ретінде қарайды деу мүмкін емес, өйткені қылмыскер мен жазықсыз тең емес, ал бейбіт адамға зорлық акцияларын жасап жатқан адамның айыбын тағуға болмайды.

Мен тағы да бір рет қайталаймын: Ислам мұндай әрекеттерді мүлдем орынсыз деп санайды. Алдында мен соғыс кезінде әскери қимылдың қатысушылары әдетте бейбіт тұрғындарға тиетін зиян туралы да, олардың опат болуы туралы да ойланбайтынын айтқан болатынмын. Алайда Ислам балаларды, соғысқа қатыспайтын әйелдерді, қарт кісілерді және өз кельяларында ғибадат істерімен айналысатын монахтарды өлтіруге тыйым салған сияқты, соғыс қимылдарында қатыспайтындарды да өлтіруге тыйым салады. Осындай көзқарастарды ұстанған, Елшісі түрлі халықтарға және жеке адамдарға жіберілген діннің ұстанушылары мұндай аса зымиян залым амалдарды құптай алмайды. Бұл әрекеттер өте үлкен және бұрын орын алмаған қауіп болып табылады, ал оларға қатысу немесе болысу  барлық жағдайда қылмысқа теңестірілуі керек. Бұдан тыс, мұндай әрекеттерді болдырмауға қажетті мамандарға белгілі болған барлық шараларды қолдану керек.

Шариғат өз құрамында дененің ғана емес, әлеуметтік науқастардың да алдын алу құралдарына ие екендігіне және ауырудың алдын алу оны емдеуден жақсы екендігіне еш күмән жоқ, өйткені қауіп-қатерді болдырмау  шариғаттың мақсаттарына және ақыл санасы дұрыс адамдардың талабына жатады.

Сөзді көбейтпей-ақ, мұсылман үмметінің атынан оның ғалымдары мен саяси басшылығы мұндай әрекеттерді кұптай алмайтынын ерекше қадап айтамын. Сондай-ақ, мен Америка қоғамы да, жалпы батыс қоғамы да азаматтары оның қалауынсыз қылмыс жасап жатқан мемлекетке келіспеушік талаптарын қоя алмайды және мұндай мемлекетке қарсы, мұндай әрекеттер жасауға ешбір рұқсат алмай  және мемлекетін хабардар етпей, осындай әрекет жасаушылардың амалдары үшін, дұшпандық қадамдар жасай алмайды деп нық сенемін, өйткені осы жиіркенішті қылмысты жасаушылардың біреуі де өз ниеттері туралы өз мемлекетінің ресми өкілдерін хабардар етті деп ойламаймын. Ресми тұлғалар кез келген жерде өз отандастары туралы дұрыс және біржақты ғана болмаған пікірде болуы керек, әсіресе ол елдерде тұрақты немесе уақытша тұратын көптеген мұсылмандар оларға қарсы айыптаулар тағылған елдерден шыққандығын ескерген түрде. Ал Исламға қатысты айтар болсақ, ол мұсылмандарды түсі немесе тілі бойынша алаламайды.

Тағы да бір рет қайталаймын, АҚШ зардап тартқан іс-әрекеттер жабайы айуандардың іс-әрекеттерінен де, біз әдетте көріп үйренген лаңкестер (терроршылар) мен қылмыскерлердің іс-әрекетінен де жан түршігерлік сипатта. Орын алғанның барлығы ерекше қауіпті және жиіркенішті болып табылады.

Аллаһ Тағаладан бізді бұл дүниеде кез келген жамандықтан сақтауын, әрбір адасқанға тура жол сілтеуін, ақиқатқа және оны жақтаушыларға көмектесуін, жалғанды және оны жақтаушыларды көмексіз қалдыруын, біздің барлық істеріміз Оған ұнамды болуын және бізге рахымын төгуін тілейміз, өйткені Аллаһ Өзінің рахымына бөлемегендерге ешкім көмектесе алмайды.

Аллаһтың Елшісіне, оның бауырлары болған өзге пайғамбарлар мен елшілерге және шынайы ықыласпен ақиқатты ұстанатындарға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Әлемдердің Раббысы болған Аллаһқа мадақ, Ұлы, Жоғары Аллаһтан өзге ешкімде күш те, қуат та жоқ.

[1] Бұл жерде шейхтың Сауд Арабиясы Корольдігінің теледидарына шығып сөйлеген сөзінің мәтіні келтірілген.

[2] Яғни монахтың.

Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ әл әш-Шейхтың (Аллаһ оған есендік берсін) АҚШ-тағы Дүниежүзілік сауда Орталығының ғимаратына жасалған әуе шабуылына байланысты жасаған жолдауы
Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, пайғамбарлар мен елшілердің ең ардақтысына, оның отбасына және барлық сахабаларына игілік пен сәлем болсын.

Бізге 11-қыркүйекте АҚШ-та орын алған уақиғаларға қатысты өте көп сұрақтар келіп түсуде. Адамдар: «Шариғат бұған қалай қарайды? – және, – Осы сияқты істерді Ислам діні мақұлдайды ма?», – деп сұрайды.

Мен Аллаһтан көмек сұрап, мынаны айтамын: адамдарға Исламды сыйлаған Аллаһ бізге рахым етті. Ол бұл діннің іске асуы ретінде кез келген орын мен кез келген уақытқа жарамды, жеке адамдармен қауымдардың жағдайларын жақсылыққа қарай өзгерте алатын, ізгілікке, әділеттілікке және қайырымдылыққа шақыратын, көпқұдайшылдықтан, жамандықтан, зұлымдықтан және қиянатшылдықтан бас тартуға үндейтін кемел шариғатты бекітті.

Аллаһ бізді осы дінге қарай бағыттағаны және оның ұстанушылары мен жақтаушылары еткені Оның ұлы нығметтерінің бірі болды, өйткені шариғаттың үкімдеріне бағынатын, Аллаһтың Елшісінің Сүннетіне ілесетін және ешбір нәрседе бұл діннен ауытқымайтын мұсылман екі дүниеде де ешбір зиян шекпейді.

Мыңдаған адамдардың өліміне әкеп соқтырған АҚШ-тағы  қайғылы уақиға, күмәнсіз,  шариғат құптамайтын амалдардың қатарына жатады, Исламға ешқандай қатысы жоқ және оның шариғатының негіздерімен үйлеспейді. Бұл төменде келтірілген нұсқаулармен расталады:

1. Аллаһ Тағала әділеттен таймауға бұйырды, өйткені әділеттіліктің үстінде жер мен көктер сүйеніп тұр және адамдарға жіберілген елшілер мен көктен түскен Кітаптар оларды әділеттілікке шақырып отырды.

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Негізінде Аллаһ әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан және зорлық-зомбылықтан тыяды. Сендерге насихат береді. Әрине, түсінерсіңдер» (ән-Нахль сүресі, 90-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Расында, елшілерімізді ашық мүғжизаларымызбен[1] жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, Таразыны (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік» (әл-Хадид сүресі, 25-аят).

Сондай-ақ әділеттілігі Мінсіз, Кемел Аллаһ ешкімге өзгенің күнәсін жүктеуге болмайтындығы туралы үкім етті: «Ешкім басқаның (күнәсының) жүгін көтермейді» (ән-Нәжм сүресі, 38-аят).

2. Аллаһ, Оған мадақтар болсын, зұлымдықты Өзіне Өзі харам етті және оны құлдарының өзара қатынасында да харам деп жариялады. Бұл жөнінде сахих хадистердің бірінде Аллаһтың былай дегені жеткізілген:  «Әй, Менің құлдарым, ақиқатында, Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім және Оны сендердің араларыңда харам еттім; ендеше, біріңе бірің жәбір жасамаңдар!» Муслим «Сахих», №6572 хадис.

Бұл Оның барлық құлдарына, олардың мұсылман, мұсылман еместігіне қарамастан, қатысты айтылған,  сондықтан да олардың ешбіріне басқа біреуіне қатысты зұлымдық жасауға рұқсат етілмейді және де  ешкім бұған дұшпандықтың немесе өшпенділіктің әсерімен де  жол бермеуі керек.

Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділетсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ» (әл-Мәидә сүресі, 8-аят).

Сөйтіп, дұшпандық пен өшпенділік сезімдері зорлық пен зұлымдыққа заңды негіз бола алмайды.

Жоғарыда баяндалғандарды ескеріп, барлық елдер мен халықтар, олар Исламды ұстанатынына немесе ұстанбайтынына қарамастан, мыналарды білуге тиіс:

1.    АҚШ-та орын алған, сондай-ақ осыған ұқсас басқа да: ұшақтарды басып алып қашу, бейбіт тұрғындарға үрей салу немесе жазықсыз адамдарды өлтіру сияқты – іс-әрекеттер зұлымдық пен езгінің бір түрі болып табылады. Мұндай әрекеттерді шариғат құптамақ түгілі, оларға тыйым салады және ең ауыр күнәлар қатарына жатқызады.

2. Өз дінінің қағидаларымен таныс және іс жүзінде Құран мен өзінің пайғамбарының Сүннетінің нұсқауларын ұстанатын  мұсылман мұндай әрекеттерге қатысудан қашады, өйткені олар адамға Аллаһтың қаһарын төктіреді және зиян келтіреді.

3. Мұсылман үмметінің ғалымдары мұндай оқиғалардың шынайы мәнін көрсетуге міндетті, бүкіл әлемге шариғаттың ұстанымын және Ислам діні мұндай әрекеттерді еш құптамайтынын түсіндіруі керек.

4. Бүлік тарату, Исламды және мұсылмандарды қаралау және адамдардың жүрегінде дұшпандық сезімдерді лаулату мақсатымен мұсылмандарға қарсы айып тағып, бұл ақиқат дінді қаралап, Исламға қатысты болмаған нәрсені оған таңыған ақпарат құралдарының артында тұрғандар ақылға тоқтап, өз дінінің ереже-қағидаттарымен таныс кез келген әділетті және ақылды адам туралы былай айтуға жол берілмейтіндігін, сол сияқты оған қарсы мұндай айып тағуға болмайтындығын түсінуге тиісті. Өйткені Исламды ұстанатын халықтар ғасырлар бойы үнемі адамдардың құқықтарын құрметтейтін және зұлымдық пен зорлық көрсетуден сақтанатын.

Айтылғандардың барлығы ақиқатты түсіндіреді және түсінбеушіліктерді жояды. Аллаһтан бізге ақыл-парасат беруін, бізді бейбітшілік жолдарымен жүргізуін, Өзінің дінін нығайтуын және Өзінің Сөзін ұлықтауын тілеймін. Пайғамбарымыз Мұхаммадқа, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ бин Мухаммад Әл әш-Шейх,

Сауд Арабиясы Корольдігінің Бас мүфтиі,

Ең ірі ғалымдар Комитетінің және

Ғылыми зерттеулер мен пәтуа бойынша

Басқарманың басшысы

[1] Аллаһтың елшілері көрсеткен мұғжизалары және олар өзімен алып келген заңдары айтылып тұр.