Ислам террорға қарсы » Өзін-өзі жару

Ақиқатты таны, сонда кім хақ екенін білесің
Әбу Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабын жариялауды аяқтаймыз. Кітаптың ең көлемді бөлігін ««Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың дәйектері және оларды теріске шығару» атты тарау алады. Онда автор адасушылардың негізгі дәйектеріне бірме-бір тоқталып, оларды Құран және Сүннеттің мәтіндерімен және ғалымдардың пікірлерімен теріске шығарады. Бұл сол тараудың әрі кітаптің соңғы тақырыбы.

«Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың кейбіреулері Иорданиядағы жиырма сегіз ислам ғалымдарының докторлары Палестина жерінде мұндай актілерді өткізуге ерекше рұқсат етілгендігі туралы пәтуа шығарғандығына сілтеме жасауы мүмкін. Бұл дәйекке жауап беру үшін, осы пәтуаның мәтінін келтіру керек, ал онда нақтырақ айтқанда былай деп айтылады:

1.	Бүгінгі күні Палестина жеріне отырып алған яхудилер Ислам тұрғысынан кәпірлер, дұшпандар, мұсылмандармен соғысушылар (мухарибтар) және басқыншылар болып табылады. Олар Палестина жерін толығымен, соның ішінде әл-Қудсты (Иерусалимді), басып алды және онда Израиль деп аталатын қарақшылылық және басқыншылық жасандысын құрды. Олар әл-Қудсты өздерінің яхуди мемлекетінің мәнгі астанасы деп есептеген және есептейді де.

2.	Палестинадағы азаматтық яхуди тұрғындарын кәпірлер, дұшпандар, мұсылмандармен соғысушы адамдар және басқыншылар деп бағалау қажет. Олар – басқыншылық және террористік бағыттағы яхуди үкіметінің шақыруларына жауап беретін, соғысқа қатысушы солдаттар болып табылады. Олар  әзірленген әскери және соғыс позицияларымен таныс және кез-келген шайқасқа қатысу үшін мобилизацияланатын запастағы әскери қызметкерлер болып табылады.

3.	Палестинадағы азаматтық яхуди тұрғындар оның тұрғындарына қарсы соғысады, жазықсыз палестиналықтардың (ерлердің, әйелдердің және балалардың) қанын төгеді, немесе осыған материалдық және моральдық қолдау беру арқылы болысады.

4.	Палестина территориясында орналасқан яхудилердің барлығын – азаматтықтарын да, әскерилерін де, – әскери деп есептеу керек. Олар палестиналықтарды – мұсылмандар мен христиандарды – олардың үйлерінен қуып шығарды, осы үйлерді қиянатшылдықпен тартып алды және оларда өмір сүріп, оларды пайдаланып жатыр.

5.	Барлық яхудилер – азаматтықтары да, әскерилері де мәні – Палестина – яхудилер үшін мирас етілген жер және олар міндетті түрде әл-Ақса мешітін бұзып, оның орнында яхуди ғибадатханасын қуруы, және олар өз мемлекетін құруы үшін міндетті түрде Нілден Ефратқа дейінгі мұсылмандардың жерін басып алуы қажет – деген діни идеяны басшылыққа алып, Палестинаға жердің әр жақтарынан келген жат келімсектер болып табылады.

Жоғарыда келтірілген фактілердің негізінде мұсылмандармен соғысатын басқыншылар және оккупанттар болып табылатын яхудилерге қатысты төмендегі Шариғи қаулы шығарылады: олармен күресу және оларды Палестинаның территориясынан қуып шығару – міндетті, олармен қандайда болсын жақындасуға және дос болуға тыйым салынады.

Аллаһ Тағала былай деп айтқан:«Шын мәнінде Аллаһ сендермен дін үшін соғысқандарды, жүрттарыңнан шығарғандарды және шығарылуларыңа көмекші болғандарды ғана дос тұтуларыңа тыйым салады. Кімдер оларды дос көрсе, солар – залымдар». (әл-Мумтахана;  9).

Раббымыз, сондай-ақ, былай деп айтқан: «Оларды (көпқұдайшылдарды) кездестірген жерлеріңде өлтіріңдер және олар сендерді қуып шығарған жерден оларды қуып шығарыңдар». (әл-Бәқара; 191)». {пәтуаның соңы}. «Әл-Амән» журналы, Бейрут. № 199 29.03.1996 ж., 25-бет.

Бұл дәйекке жауап беріп, мынаны айту қажет: ешкім жоғарыда келтірілген фактілерді жоққа шығармайды да, алайда мынандай сұрақ туындайды: «Не үшін басым жағдайларда әскерилер емес, азаматтық тұрғындар шабуылдау объектілеріне айналады?» Біздің қарсыластарымыз, әрине, араб әскерлері әлсіз және Израиль армиясына қарсы соғысуға қабілетсіз деп айтады. Аллаһ Ұлы! Бірақ, осыны істеуге араб мемлекеттерінің қарулы күштері дәрменсіз болса, онда мұны істеуге қалыптасқан әскері де, территориясы да, қажетті дайындығы да жоқ бір, немесе екі топтың күші жетпек пе?!

Бұл пәтуаны шығарған докторлар адамдарға дұрыс насихат берсе, оларды дұрыс жолға бағыттаса, оларға Исламдағы джихад жүргізудің ережелері мен принциптерін түсіндіріп берсе – дұрыс болар еді. Ал бұл принциптерге топтасқандық және бөлінудің болмауы жатпайды ма? Бұл принциптерге қажетті қаруды және жарақты әзірлеу, сондай-ақ әмірге бағыну жатпайды ма? Топтардың көбі «шәһидтік» актілерді  өздерінің үкіметтерінің және басшыларының рұқсатынсыз жасайды, ал оларға бағыну, біз алдын айтып кеткеніміздей, джихадтың шарттарының бірі болып табылады ғой.

Пайғамбардың жары, мүминдердің анасы Айшаның, Аллаһ оған разы болсын, мына хадисіне ой салыңыздар. Бірде ол Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Сен үшін Ухуд (соғысы) күнінен ауырлау күн болды ма?» – деп сұрады. (Бұған жауап ретінде Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)) былай деп айтқан: «Мен сенің руластарың тарапынан (көп нәрселерді басымнан өткіздім), бірақ бәрінен ауыр – мен Ибн ‘Абд Йәләйлге (өзіме ілесуді) ұсынған, бірақ ол маған мен одан күткен жауапты бермеген ‘Акаба күні болды. Сонда мен ренішпен кетіп, тек Карн әс-Са‘алибке жеткен кезімде ғана өзіме келдім. Сол жерде мен басымды көтердім, сөйтсем, бұлттың саясына тұр екенмін. Сол бұлтқа қараған кезімде, онда Джәбраильді көрдім. Ол (маған қарап) былай деді: «Ақиқатында, Аллаһ саған тайпаластарың не айтқанын және олар саған нендей жауап бергенін біледі, және Аллаһ саған тау періштесін, сен оған олармен қалаған нәрсеңді істеуді бұйыруың үшін,  жіберді». Ал содан соң тау періштесі маған сәлем берді де, былай деді: «Уа, Мухаммад, қалағаныңды (бұйыр)! Егер қаласаң, мен оларға екі тауды тастаймын!» Мен оған: «Жоқ, мен тек Аллаһ олардан Аллаһқа ғана құлшылық қылатын және Онымен қатар ешкімге құлшылық қылмайтындарды шығаруын сұраймын!» – дедім». әл-Бухари.

Не үшін Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің иман келтірмеген тайпаластарының опат болуын қаламады? Өйткені Аллаһ оны адамдарды тура жолға насихаттау үшін жіберді. Ал «шәһидтік» актілер адамдарды Исламнан кері бұрғызады, оларды Аллаһтың жолынан тайдырады. Мұсылмандардың дұшпандары оларды өзінің Исламға қарсы үгітінде көзір қарта ретінде пайдаланады және «шәһидтік» актілер адамдардың ақиқатқа ілесуден бас тартуының себебіне айналуда.

Әлде біреу мұнымен келіспей: «Мені адамдардың не айтатыны және Ислам туралы не ойлайтыны қызықтырмайды! Мен үшін мақсатқа жету және жерімді азат ету  – ең бастысы!» – деп айтуы мүмкін.

Мұндай сөздер Макиавеллидің ізбасарларының айтатындарына ұқсас, бірақ олар біздің саф дінімізге жат, өйткені Ислам бүкіл адамзат үшін нәзіл болған дін.  Аллаһ Тағала Пағамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Біз сені әлемдерге рахым ретінде ғана жібердік» (әл-Әнбия; 107). Сондықтан, біз дініміздің адамдарға бұрмаланған және ұсқынсыз түрде емес,  өзінің алғашқы тап-таза саф күйінде жетуі үшін оның жақсы аты шығуына қамқорлық танытуымыз қажет.

Осы орайда Джәбир, Аллаһ оған разы болсын, баяндаған мына хадисті келтіру орынды: «(Бірде) біз пайғамбармен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын бірге) бір әскери жорыққа қатысқан кезімізде, оның алдында көп мухаджирлер жиналды. Олардың арасында қалжыңдасуды жақсы көретін адам болды, ол (қалжыңдап) ансарлардың біреуін арқасынан төмендеу жерінен ұрды. Әлгі ансар қаты ренжіді де, (іс) олардың (көмекке басқаларды) шақыруымен аяқталды. Ансар: «Уа, ансарлар (көмектесіңдер)!» – деп айқайлады, ал мухаджир: «Уа мухаджирлер (көмектесіңдер)!» – деп айқалады. (Сонда өз шатырынан) Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шығып: «Не үшін олар джәхилиет кезінің сөздерін (айтып тұр)?» - деді де, содан кейін: «Оларға не болды?» - деп сұрады. Оған мухаджирдің ансарды ұрғаны туралы айтып берді. Сонда Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «(Мұндай сөздерді айтуды) доғарыңдар, өйткені, ақиқатында, олар – жиіркенішті!» – деп бұйырды. Ал Абдуллаһ ибн Убәйя Ибн Салюльге келер болсақ, ол: «Олар (бірін-бірі) бізге (шабуыл жасау үшін) шақыруда, бірақ, ақиқатында, біз Мәдинаға оралған соң, құдыреттілеріміз жексұрындарды одан қуып шығарады!» – деді. (Мұны естіген)  ‘Умар: “Уа, Аллаһтың Елшісі, бұл оңбағанның басын шаппаймыз ба?» – деді. (Бұған) Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Жоқ, өткені адамдар: «(Мухаммад) өзінің сахабаларын өлтіріп жатыр!» – деп айтады», –  деді». әл-Бухари.

Назар бұрыңыз, құрметті оқырман! Абдуллаһ ибн Убәйя ибн Салюль  -Мәдина екіжүзділерінің басшысы еді. Ол Исламның құдыретінен қорқандығынан өзінің оған қатыстылығын сырт көзге көрсетіп, Аллаһқа және Оның пайғамбарына (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) иман келтірмеген және мұсылмандардың жеңілуін аңсайтын еді.  Бұл екіжүзді құрайштықтармен және Мәдина яхудилерімен келісімге кіріп, дұшпандарды Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айдап салып отырды. Бұл деректе оның ашық түрде өзін құдыретті екендігін және Пайғамбарды (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) меңзеп, жексұрынды Мәдинадан қуып шығатынын айтты. Оның сөздері нендей жиіркенішті және өтірік еді! Көптеген өркениетті елдерде мұндай адамдар  мемлекетке сатқындық жасағаны және мемлекеттік құрылысты шайқалтқаны үшін қатаң жазаға, тіпті өлім жазасына дейін, кесіледі. Алайда қарапайым адамдардың көбі, әдетте заттардың шынайы орнын біле бермейді. Оларға кім екіжүзді екені және оның әрекеттері беймәлім. Егер Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Абдуллаһ ибн Убәйяны өлім жазасына кескенде, адамдар Мухаммад (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өз сахабаларын өлтіруге кірісті деп айтар еді және бұл оларды ақиқат дініне кіруден кері қарай тартар еді. Сондықтан да, Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізге берген сабағынан өнеге-ғибратты пайда алуымыз қажет!

Адамдардың арасында Ислам туралы жақсы пікірді сақтап қалу – біздің Шариғатымыздың міндеттерінің бірі. Оны адамдармен қарым-қатынаста және саясатта орындау міндетті болып табылады. Мысалы, құрметті оқырман Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Қағбаны Ибраһимнің салған негізінде қайта құрғысы келгенін, алайда оны арабтардың: «Мухаммад Аллаһтың үйін бұзып жатыр», – деп айтатыны тоқтатып тұрғанын білсе керек.

Айша, Аллаһ оған разы болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мен Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Қабырға  Қағбаның бөлігі болып табылады ма?» – деп сұрадым. Ол. «Ия», – деді. Мен: «Ендеше не үшін олар  оны Қағбаға қосып қоймады?» – деп сұрадым. Ол: «Өйткені сенің руластарың қаржыдан жетіспеушілік көрді», – деді. Мен: «Не үшін оның есігі жерден биік көтерілген?» – деп сұрадым. Ол: «Сенің руластарың ішіне қалаған адамдарын кіргізу үшін және қаламаған адамдарын (Қағбаға) кіргізбеу үшін осылай істеді. Ал егер сенің руластарың жәхилиетке (соншалықты) жақын болмағанда және мен олардың жүректеріне мұндай нәрсе ұнамай қалуынан қорықпағанымда, мен бұл қабырғаны Қағбаға қосар едім, ал есікті жерге дейін түсірер едім», – деп айтты».  әл-Бухари және Муслим.

Исламның жақсы атын сақтау біз тарапымыздан міндетті түрде назарға алынуы керек. Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдары осы «шәһидтік» актілер туралы жар салып, мұсылмандарды рахымшылдықтан жұрдай қанпезер және аяусыз адамдар ретінде көрсетуде. Ең сорақысы – адамдардың басым бөлігі бұқаралық ақпарат құралдары таратып жатқан фото және бейне материалдарға қарап және олардың түсіндірмесін тыңдап осыған сенетіндігі.

Бұқаралық ақпарат құралдары қалыптасқан жағдайды шынайы бейнелемейді, көп жағдайда ақпаратты керісінше етіп бұрмалап тастайды: жәбірлеуші қаналған болып, ал жәбір шеккен қанаушы болып көрсетіледі. Бұқаралық ақпарат құралдары дұшпанның мұсылман балаларына, әйелдеріне, қарттарына қатысты жасап жатқан қылмыстары туралы, олардың үйлері мен бақтарын не істеп жатқандығы туралы үн қатпайды. Мұның барлығы шынайы жәбірленгендерді және ақиқатында қаналғандарды біз куә болып жатқан әрекеттерді жасауға итермелейді, өйткені адамдардың сабыры таусылды және олар «дұшпан менімен бірге опат болсын» деген принциппен күресуде.

Сөйтіп, көп жағдайда жартылай болған шешім шешімнің болмауынан жаман, ал «шәһидтік» актілерді импровициялау және олардың жасалуын жетілдіруге бағытталған сәтсіз талпыныстар олардан бас тартуға қаранда жаман.

ҚОРЫТЫНДЫ

Соңында осы еңбек оқырмандарға пайдалы болар және олар көтерілген мәселе бойынша шариғи көзқарастарды біліп, болып жатқан оқиғаларды дұрыс және сауатты түрде  түсінер деп үміт етеміз. Бұл әсіресе бүгінгі күнде ерекше маңызды болып табылады, өйткені түрлі себептермен орыс тілді оқырмандарда бұл тақырыпқа арналған жеткілікті әдебиет жоқ, ал оны бұрыс түсіну ауыр және қайта түзелмес зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін ғой.

Ескертпелер:

1. Қағбаның солтүстік-батыс қабырғасының жанында орналасқан, бірақ оған қосылмаған жартылай дөнгелек, аласа қабырға айтылып тұр. Қағбаның есігі солтүстік-шығыс қабырғасында, жерден екі метрдей биіктікте орналасқан. Ғибадатхана осындай бейнесін 603, немесе 605 жылда меккеліктер оны қайта құрған кезде алды.

2. Сөз Исламға дейінгі кезеңде Қағбаның  қорушылары болған құрайштықтар туралы болуда.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЗІМІ:

1.	Қасиетті Құран.

2.	Әл-Бухари. Әл-Джәми әс-Сахих.

3.	Муслим. Әл-Джәми әс-Сахих.

4.	Әбу Дауд. Әс-Сунән.

5.	Ибн Мәджәһ. Әс-Сунән.

6.	Ән-Нәсәи. Әс-Сунән әл-Кубра.

7.	Әт-Тирмизи. Әс-Сунән.

8.	Әл-Әлбәни. Сахих Сунән Әбу Давуд.

9.	Әл-Әлбәни. Сахих Сунән әт-Тирмизи.

10.	Әл-Әлбәни. Сахих Сунән ән-Нәсәи.

11.	Әл-Әлбәни. Сахих Сунән Ибн Мәджәһ.

12.	Ибн Таймийя. Мәджму әл-Фәтауә.

13.	Ибн Хаджәр. Фәтх әл-Бәри.

14.	Әл-Изз ибн Абд әс-Саләм. Қауәид әл-Ахкәм.

15.	Әл-Куртуби. Джәми әл-Бәйән.

16.	Ибн Кәсир. Тафсир әл-Қуран әл-Азым.

17.	Әт-Табәри. Тафсир әл-Кәбир.

18.	Ибн әл-Усәймин. Әл-Ликә әл-Мәфтух.

19.	Мәшхур Хасан Суләймән. Әс-Саләфиййун уә Кадийят Филистин.

20.	Хасан Айюбин Исламдағы джихад және ерлік.

21.	Хасан Айюбин Әл-Инджәд фи Әхкәм әл-Джихад.

22.	Әл-Әлбәни, Сахих әл-Джәми әс-Сағир.

23.	Әш-Шәфии. Әл-Умм.

24.	Ибн әл-Усәймин. Шәрх Рияд әс-Салихин.

25.	Әз-Зубейди. Мухтасар әс-Сахих әл-Бухари.

26.	Әз-Зубейди. Итхаф әс-Садат әл-Муттақин Шәрх Ихйя Улюм әд-Дин.

27.	Саләх Фәтхи Халәл. Әл-Имлә фи әл-Кабәир уә әл-Мәнәхи әш-Шәрийя ли ән-Нәсәи.

28.	Фәйсал ибн Казар әл-Джәсим. Кәшф әш-Шубухат фи Мәсәил әл-Әхд уә әл-Джихад.

29.	Мухаммад ибн Хусейн әл-Кахтани. Фәтауә әл-Аиммә фи ән-Нәуәзил әл-Мудалхимә (Салих ибн Фәузан әл-Фәузанның редакциясында). Әр-Рияд, 1424 г.

30.	Ибн Қуддамә. Әл-Муғни (Абдуллаһ Ибн Әл-Мухсин Әт-Турки және Абд әл-Фәттах Мухаммад Әл-Халуә редакциясында).

31.	Идрис Мухаммад Али, Мухаммад Халид Истанбули. Ибн Наххастың «Мәшәри әл-Ашуәк илә Мәсари әл-Ушшәк» (диссертация).

32.	«Әл-Муджтамә» журналы, Кувейт.

33.	«Әл-Амән» журналы, Бейрут.

34.	«Әл-Асалә» журналы, Иордания.

35.	«Ән-Нәхар» газеті, Ливан.

Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар
Әбу Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Кітаптың ең көлемді бөлігін ««Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың дәйектері және оларды теріске шығару» атты тарау алады. Онда автор адасушылардың негізгі дәйектеріне бірме-бір тоқталып, оларды Құран және Сүннеттің мәтіндерімен және ғалымдардың пікірлерімен теріске шығарады.

«Шәһидтік» актілерді рұқсат етілген деп есептеушілер өзге дәлелдерінің қатарында Аллаһ Тағаланың мына аятын да келтіреді: «Ал Біз үшін күресетіндерді, Біз міндетті түрде, Біздің жолдарымызбен жүргіземіз. Ақиқатында, Аллаһ ізгілік жасаушылармен бірге!» (әл-Анкәбут; 69). Және осымен бірге олар: «Бұл аят муджәхидтер тура жолмен жүруде және джихадтың олар ойлап тапқан тәсілдері әрқашан нәтижелі болады!» – дейді.

Бұл адамдар өз сөздерінде джихад мәселелері бойынша пәтуаларды тек онда қатысқан адамдар ғана беруге құқықты деп айтуға дейін барады. Ал соғыс майдандарынан алыстағылар олармен келісуі қажет дейді.

Мұндай тұжырымдар ақиқаттан алыс, өйткені олар Аллаһтың: «Біз үшін күресетіндерді» деген сөзідерінің мәнін шектейді және оларды тек әскери джихадтың қатысушыларына ғана қатысты қолданады, алайда осымен бірге олар осы аяттың мазмұнын осылайша етіп нақтылауға рұқсат беретін ешқандай дәлелге ие емес. Өздерінің білімдеріне сәйкес әрекет жасаушы және Аллаһтың ризалығына ұмтылушы ізгі және тақуа ғалымдар да Раббымыздың жолында өзінің джихадын жүргізіп, ыждағаттылық танытады. Олар ақиқаттың нұры арқылы адасушылықтың қараңғылығымен күреседі, білім арқылы надандықпен соғысады және Сүннеттің көмегімен діндегі бидъаттармен айқасады. Аллаһ Тағала былай деп айтқан:

«Аллаһтан қорқыңдар – Аллаһ сендерді үйретеді». (әл-Бәқара; 282);

«Аллаһқа иман келтіргендердің жүрегін Ол тура жолға салады». (әт-Тағәбун; 11);

«Кім тура жолмен жүрсе, Ол олардың тура жолға берілгендігін арттырады да, оларға тақуалық сыйлайды». (Мухаммад; 17).

Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Ізгі бол, сонда адамдардың ішіндегі ең құдайшылы боласың». «Сахих әл-Джәми» (4580);

«Ең жақсы дін – бұл ізгі болу». «Сахих әл-Джәми» (3308);

«Джихадтың ең абзалын Аллаһ Тағала үшін өзінің нәпсісімен күресетін адам жасайды». «Силсиләт әл-Ахадис әс-Сахиха» (1491). Бұл хадиске байланысты шейх әл-Әлбәни: «Оның иснәді сахих, ал жеткізушілері сенімге лайықты», – деген.

Өз нәпсіңнің жамандығына қарсы күрес – мұсылман үмметіне едәуір күштірек ықпал ететін джихадтың түрі екені ешбір күмәнсіз, өйткені әрбір жеке мұсылман жасап жатқан күнәлар үмметіміздің барлық қасіреттерінің, жеңілістерінің және қорлануының негізінде жатыр. Бұл жөнінде нақтырақ Ибн әл-Қайимнің «Заад әл-Мә’ад» кітабының үшінші томын қараңыз (джихадтың сатылары туралы бөлімде).

Аллаһ Тағала былай деп айтқан: «Сендер оларды екі есесіне ұшыратқан бір қайғыға, өздерін ұшырағандықтан: «Бұл қайдан келді?» – дедіңдер. «Ол өздеріңнен!» – деп айт. Шәксіз, Аллаһтың әр нәрсеге күші жетуші». (Әли-Имран; 165).

Бұл дегеніміз, мұсылман үмметінің қорлық көріп, жеңілістерге ұшырап жүруі, немесе күш-қуатқа ие болып, үстем болуы әрбір мұсылманның өзіне, оның амалдарына, әрекеттеріне, жүрегінің күйіне тәуелді. Кім Аллаһтың ризалығына ие болуы үшін білім үйренсе және алған білімдеріне сәйкес әрекет жасаса, сол үмметіміздің жеңісіне ықпалын тигізеді. Ол әскери шайқастарға қатыспаса да, ол арқылы дініміз күш-қуатқа ие болады. Сонымен бірге ол  жеңіске соғыс майдандарында шайқасып жүргендердің көбісінен артығырақ ықпал етуі де мүмкін.

Саад ибн Әбу Уәққас, Аллаһ оған разы болсын, бірде өзін Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) маңызы аздау болған сахабаларынан артық деп пайымдаған кезде, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Ақиқатында, Аллаһ бұл үмметке оның әлсіз мүшелері арқылы: олардың дуғалары, намаздары және ықыластылығы арқылы көмек көрсетеді», – деді. ән-Нәсәи. Шейх әл-Әлбәни «Сахих Сунән ән-Нәсәи» (2978) жинағында бұл хадисті сахих деді.

Ал діни әмірлерді ұстануға селқостық танытатындар және оның тыйымдарына жеңіл қарайтындар, күмәнді нәрселерден қашқақтамайтындар және Аллаһтың жолында өздерінің әуес-қалауларымен күреспейтіндер мұсылмандардың әлсіздігінің, олардың жеңілістерінің және қорлануының себебі болуда, тіпті егер олар өздерінің мал-мүліктерін құрбан етіп, өздерінің өмірлерін қауіпке салып жатқан болса да.  «әл-Фәуәид әл-Джәми’а».

Ал джихад мәселелері бойынша пәтуаларды тек джихадқа қатысушы адамдар ғана шығара алады деген пікірге келер болсақ, онда оның жақтаушыларынан: «Сіздер мұны қайдан алдыңыздар? Ешқашан джихадқа қатысып және шайқасушыларға көмектесіп көрмеген жиырма жеті иорданиялық діндар-докторлардың берген пәтуаларына жүгінетін – сендер емес пе? Егер сендердің пікірлеріңе ілессек, онда мұндай діндарлардан джихадқа қатысты пәтуаларды алуға болмайды ғой. Сондай-ақ, Қатарда өмір сүріп жатқан әл-Қардауидің, Еуропада өмір сүріп жатқан әл-Мәуләуидің, Кувейтте өмір сүріп жатқан Джәиль ән-Нәшмидің, Сауд Арабиясында тұрып жатқан әш-Шу’әйбидің пәтуаларын да алуға болмайды. Бұл адамдардың барлығы соғыс майдандарынан алыс.

Сіздердің ой-тұжырымдарыңызды басшылыққа алсақ, қажылық туралы пәтуаларды тек қажылар, сауда бойынша пәтуаларды тек саудагерлер, ал әйелдердің мәселелері бойынша пәтуаларды – тек әйелдердің өздері ғана бере алады деуге дейін баруға болады ғой! Аллаһпен ант етемін, бұл мен естіген және оқыған нәрселердің ішіндегі ең қисынсызы! Ия, олармен тікелей бетпе-бет болған адамдарға ғана мәлім мәселелер болады.  Мұны – іс жүзіндегі тәжірибе деп айтады. Алайда, ғалымдар «шәһидтік» актілер туралы және джихад туралы барлық мәселелер бойынша білімге және толық түсінікке  ие. Егер оларға бір нәрселелер таныс болмаса, олар бұл жөнінде жеке тәжірибесінен түсінікке ие болғандардан сұрайды.

Қарсыластарымыздың мұндай мәлімдемелерінде ғалымдарды жасырын түрде қаралаудың дәмі сезіледі. Олар бізге: «Шәһидтік» актілердің тыйым салынғандығы туралы пәтуа беретіндер – надандар. Ғалымдар өздері білмейтін нәрселер туралы, өздерінің әуес-қалауларына негізделіп сөйлейді», – деп айтқысы келгендей.

Аллаһ ұлы! Мұндай ойлардың болуының өзі тура жолдан тайып кету үшін жетіп асады!(1)

Ғалымдар  джихадттың заң ережелерімен, оның шарттарымен, рукіндерімен, мустахаб амалдарымен байланысты бірде-бір мәселені түсіндірусіз қалдырмағанын білу қажет. Олар муджәхидтің өзі, оның мінез-құлқы қандай болуға тиіс, дұшпанмен қарым-қатынас жасау қалай болуы қажет, әскери олжаны қалай бөлу керек, бітім мен бейбітшілік келісім-шартын қалай жасау керек деген мәселелерге қатысты бірде-бір проблеманы қарастырмай айналып өткен жоқ.   Ғалымдар бұл проблемаларға жүздеген томдар арнады. Ал ендеше муджәхидтер біліп, ғалымдар білмейтін не бар екен?! Мен ашық түрде мынаны мәлімдеймін: біздің үмметке соғыспен байланысты қасіреттер жас мұсылмандар кеңес алу үшін ғалымдарға жүгінбей,  өзінше әрекет жасай бастаған кезде келіп тиді. Дәл осы нәрсе жергілікті жастары шариғат сотын жүргізуге асыққан Шешеністанда орын алды. Бірақ ол жерде соттың ролін атқарғандардың кім болғанына қараңдаршы!

Адамдардың өміріне, мал-мүлкіне және ар-намысына қатысты шешімдерді шығаратын соттар – шариғаттың кейбір мәселелерін бір неше ай бойы ғана оқып үйренген және тілдері Құран оқуды игеріп үлгермеген, пісіп жетілмеген жастар болды. Олар Шариғаттың заңдарымен тіпті тәрбиеленбеген адамдарға сот үкімін жүргізді. Мұның барлығын мен шешендердің өздерінен естідім. Аллаһ біздің барлығымызды кешірсін және ақиқат жолына салсын!

Бұл актілердің жақтаушылары екі имамға – Абдуллаһ ибн әл-Мубәракка және Әхмәд ибн Ханбәлға жүгінеді, ал олар былай деп айтқан: «Егер адамдар бір нәрселерде тартысса, шекараға жақын аудандардың тұрғындары (әхл әс-суғур) қандай пікірді ұстанатынына қараңдар. Ақиқат – солармен бірге, өйткені Аллаһ Тағала былай дейді: «Ал Біз үшін күресетіндерді, Біз міндетті түрде Біздің жолдарымызбен жүргіземіз. Ақиқатында, Аллаһ ізгілік жасаушылармен бірге!» (әл-Анкәбут; 69).

Олар, сондай-ақ, Ибн Таймияның мына сөздерін келтіреді. «Егер Исламды уағыздаушылар белгілі бір мәселеде келіспесе, онда оларға муджәхидтердің пікіріне тоқтау қауіпсіздеу болады».

Екі имамның және Ибн Таймияның сөздері әділетті және біз олармен толық келісеміз. Алайда, өте маңызды жайтты, яғни шекараға жақын аудандардың тұрғындары (ахль әс-суғур) дегенде кімдер нақты айтылып тұрғанын түсіндіріп өту қажет. «Шекараға жақын аудандардың тұрғындары» деп өз өлкесін қалдырып, мұсылмандар мен кәпірлердің жерлерін бөлетін шекараға, дұшпанға қарсы тұру үшін аттанған ғалымдарды айтады. Ал «шәһидтік» актілер ең көп таралған Палестинаға қатысты айтар болсақ, ол жерде тұратын ғалымдардың көбі бұл құбылысқа үзілді-кесілді қарсылығын білдіреді. Егер палестиналықтарды шекаралас аудардың тұрғындары және муджәхид деп есептесек, онда кімнің пікірін ұстануымыз қажет? Әлде біз соғыс туын көтеріп, өзінің осы әрекеттерін джихад деп атайтынның әрбірінің пікірін ұстана беруіміз қажет пе?

Бұл актілерді жақтаушылардың басқа дәйегі болып Әбу Имранның дерегі табылады. Онда былай деп айтылады: «Біз Константинопольға жорыққа аттану үшін Мәдинадан шықтық. Әскердің басшылығында Абдуррахман ибн Халид ибн әл-Уәлид тұрды. Византиялықтар қала қабырғаларына келіп тіреліп, жабысып алған кезде, бізден біреу дұшпанға қарай өзін тастады және адамдар: «Оған не болған? Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешкім жоқ! Ол өзін өлімге қиып жатыр!» – деп дауыстай бастады. Сонда Әбу Айюб әл-Әнсари былай деп айтқан: «Ақиқатында бұл аят біз туралы түсірілген. Аллаһ Исламға жеңіс сыйлап, Өзінің пайғамбарына көмек берген кезде, біз – ансарлар: «Енді өзімізді мал-мүлкімізге қамқор болуға және жағдайымызды жақсартуға бағыштасақ па екен?!» – дей бастадық. Сонда Аллаһ Тағала: «Аллаһ жолында мал сарып қылыңдар. Өздеріңді опат болуға тастамаңдар», – деген аятты түсірді. (әл-Бақара; 195). «Опат болу» дегенде  мал-мүлікке қамқорлық етуге өзін бағыштау және джихадтан бас тарту меңзеліп тұр». (Әрі қарай осы хадистің жеткізушісі) Әбу Имран былай деп айтқан: «Әбу Айюб (қаза болып) Константинопольдің қабырғаларының астында жерленгенге дейін Аллаһтың жолында джихад жүргізуін тоқтатпады». Бұл хадисті Әбу Дауд жеткізген. Шейх әл-Әлбәни «Сахих Сунән Әби Дауд» жинағында (2512) оны сахих деген. Бұл хадисті, сондай-ақ, Муқбиль әл-Уәди’и «әс-Сахих әл-Муснәд мин Әсбәби-н-Нузуль»  кітабында (№ 327) келтірген.

Біз: «Жалғыз өзі дұшпанның әскеріне өзін тастаған адам өзін опат етіп жатыр», – деп айтпаймыз.  «Өзін опат ету» деп дүниелік нәрселерге беріліп, джихадты тастау болады. «Шәһидтік» актілердің тыйым салынғандығына нұсқайтын ғалымдар джихадтан бас тартуды айтып тұрған жоқ. Керісінше, джихад Қиямет Күніне дейін жалғаса береді, алайда оның өз құралдары және шарттары, сондай-ақ, тиімді миссиясы бар».

Джихад мұсылман үмметін қорғау үшін және оның дұрыс тіршілік етуінің жағдайларын қамтамасыз ету үшін әмір етілген. Мұндай джихад қорғану джихады (джихад әд-дафъ) деп аталады. Егер дұшпан мұсылман жеріне шабуыл жасаған болса, мұсылмндар агрессияны тойтаруға міндетті. Ал егер олар мұны жасауға қабілетсіз болса, олар материалдық және рухани күшке ие болуға қажетті шараларды іске асырып, осыған дайындалуы керек. Мұсылмандарда қалған азғантай күштің де жойылуына әкелетін джихадтың ешқандай мәні жоқ. Кез келген революцияны, ол агрессорларға, жәбірлеушілерге және оккупанттарға қарсы бағытталғандығы үшін ғана джихад деп атаудың ешқандай мәні жоқ. Сонымен бірге джихадтың мақсаты тек елді агрессордан азат етуге ғана келіп тірелмейді. Оның мақсаты – жерді күпірліктен азат ету, оның келіп шығуы қандай болса да. Джихадтың мәні «жат» кәпірді қуып жіберіп, билікке «өз» кәпірін келтіру емес. Джихадта күпірліктің ұлттық шығу тегі ешқандай роль атқармайды. Өз халқынан болған адам мұсылмандарға жат біреуге қарағанда көбірек жамандық әкелуі де мүмкін. Біз бұны Саддам Хусайнның Кувейттегі арабтарға және Ирақтағы күрдтерге деген қатынасынан көруге мүмкіндігіміз болды. Аллаһтың Шариғаты ұлттық шығу текті ескермейді. Барлық адамдар – Адамнан, Ал Адам – топырақтан(2).

Джихад Исламды тарату үшін, оны империялар тарапынан қаналған, кісендерге салынған және Исламның нұрын көруден махрум қылынған халықтарға жеткізу үшін әмір етілді. Халықтар ақиқатты есту құқығын алуы және оны еркін таңдауы үшін бұл империяларды жою қажет еді. Мұсылмандар женген елдердерді мекендеген көптеген халықтармен осылай болды да. Мұсылмандардың мақсаты – қан төгу емес еді, оларды адам өлтіруге және мал-мүлік иемденуге деген махаббат жетелеген жоқ. Мұсылмандар жерлерді басып алып, оларда тұрушы халықтарға өз еріктерімен үш мәртебенің біреуін таңдауды ұсынатын. Ол мәртебелер туралы нақтырақ айтқанда Бурайданың мына хадисінде риуаят етіледі.

Бурайда, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) әскердің немесе әскери жорықтың қолбасшысын тағайындаған кезінде, оған Аллаһтан қорқуды және қоластындағы мұсылмандарға жақсы қарым-қатынаста болуды насихаттайтынын және былай деп айтатынын жеткізген: «Аллаһ үшін Аллаһтың жолында соғысыңдар! Аллаһқа иман келтірмейтіндермен соғысыңдар! Соғысыңдар, бірақ сатқындық жасамаңдар, шектен шықпаңдар, мүгедек етпеңдер, балаларды өлтірмеңдер! Егер көпқұдайшылдардан болған дұшпандармен кездессең, оларды үш мәртебенің біреун қабылдаға шақыр, және олардың қайсы бірін таңдаса да, олардан қабыл ет те,  олармен соғусудан өзіңді тарт. Оларды Исламға кіруге шақыр, ал егер олар келіссе, олардан қабыл ал да, олармен соғысудан өзіңді ұста. Кейін оларды оздерінің өлкелерінен мухаджирлердің өлкесіне көшуге шақыр және егер олар осыны істесе, оларда да мухаджирлердегі құқықтар мен міндеттер болатынын оларға жеткіз. Ал егер олар өздерінің өлкелерін қалдырғысы келмесе, онда олар бәдәуи мұсылмандар ие болған мәртебеге ие болатынын: оларға қатысты Аллаһтың муминдерге қатысты заңдары күшке ие болатынын, ал әскери олжадан үлес оларға тек мұсылмандармен бірге джихадқа қатысса ғана  тиетінін хабарла. Егер де олар бұл ұсыныстардың барлығына жауап беруден бас тартса, онда олардан жан басына төленентін салықты (джизьяны) төлеуді талап ет, ал олар келіссе, олардан қабыл ет те, олармен соғысудан өзіңді ұста.  Егер олар бұдан да бас тартса, Аллаһқа тауекел ет те, олармен шайқасуға кіріс». Әбу Дауд. Шейх әл-Әлбәни «Сахих Сунән Әби Дауд» жинағында бұл хадисті хасан деді. (2613).

Мен құрметті оқырманнан осы үш сөйлемге назар бұруын және Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) соғысқа аттанып жатқан сарбаздарға  орындауды өсиет еткен адамгершілік нормалар жөнінде ой шолуын өтінемін. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оларды адам өлтіруі үшін соғысқа аттандырған жоқ. Егер бұл осылай болғанда, ол оларға тас үстінде тас қалдырмай, барлық нәрсені қатарынан қырып жоюды бұйырар еді. Егер бұл солай болғанда, ол өзінің қас дұшпаны болған және мұсылмандарға қарсы жиырма жыл соғысқан Әбу Суфьян ибн Харбты кешірмес және оның Исламға келуін қабылдамас еді. Ол Халид ибн Уәлидті, Икримә ибн Әбу Джәхлді, Амр ибн әл-Асты кешірмес еді. Ол Меккені бағындырған күні меккеліктерді кешірмес еді және олардың өмірлері мен мал-мүлкінің қол сұғылмайтындығына кепілдік бермес еді. Ол оларға былай деп айтпас еді: «Кім Қасиетті Мешітке кірсе – қауіпсіздікте. Кім өзінің үйінің есігін жауып қойса – қауіпсіздікте. Кім Әбу Суфьянның үйіне кірсе – қауіпсіздікте». Нақтырақ Сафи әр-Рахмән әл-Мубаракфуридің «Жизнь Пророка, да благословит его Аллах и да приветствует» («Әр-Рахик әл-Мәхтум») кітабында және Ибн Хишамның «Мухаммед пайғамбардың омірбаяны» («Әс-Сира ән-Нәбәуийя») кітабында қараңыз.

Бұл – кешірімділіктің шынайы мысалы. Бұл – күшке ие және өш алуға мүмкіндігі болғанның кешірімі. Бұл – шынайы рахымшылық. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оны өзінің сахабаларымен бірге өз үйлерінен қуып салған, жат өлкелерге көшуге мәжбүрлеген және мұнымен шектелмеген адамдарға қатысты танытты. Олар Пайғамбарды (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өлтіру үшін бірікті, алайда Аллаһ Тағала оны құтқарды. Олар оны өтірікші деп мазақ етті, оған қарсы тайпаларды айдап салып отырды, оны және оның сахабаларын қинап, азаптады. Олар мұсылмандарды тіпті олар Мәдинаға көшіп кеткен кезде де тыныш қоймады және оларды жойып тастау үшін бар мүмкіндіктерін сарп етті. Бірақ, бұған қарамастан Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оларды кешірді. Мұндай аса ұлы рахымшылыққа тап болған олар топ-топ болып Аллаһтың дініне кіре бастады!

Құрметті оқырман, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Хайбар қамалына әскери жорықтың қарсаңында Али ибн Әбу Талибке қолбасшының туын беріп, оны насихаттаған сөздеріне назар аударыңыз! Ол оған не деп айтты?! Ол ең алдымен қарсыласты жойып тастауды емес, оны дұрыс жолға шақыруды бұйырды.

Сахль ибн Саад, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Алиге былай деп айтқанын баяндаған: «Олардың қонысының қасына барып орналасқаныңа дейін абайлықпен жүріп отыр. Кейін оларды Исламға шақыр да, оларға міндеттері туралы хабарла. Ал сен арқылы бір адам болса да тура жолға түссе, Аллаһпен ант етемін, бұл сен үшін қызыл түйелерден жақсырақ болады». әл-Бухари.

«Шәһидтік» актілерді жақтаушылар, сондай-ақ, дәйек ретінде Ибн Мәсудтың, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан хадисін келтіреді: «Біздің Ұлы және ізгілік Сыйлаушы  Раббымыз, жолдастары (соғыс майданынан) қашқан кезде өзінің парызын ұғынып, (соғыс майданына) қайта оралып, қаны тогілгенше шайқасатын Аллаһтың жолында соғысатын адамға таңданады. Сол кезде Ұлы және Құдыретті Аллаһ Өзінің періштелеріне: «Менің құлыма қараңдар! Ол Мендегі бар нәрсені қалап, және Мен әзірлеп қойған нәрсеге ұмтылып, қаны төгілгенше (шайқасып, шайқас майданына) оралды».  Әбу Дауд, Әхмәд, Әбу Йәълә және Ибн Хиббән. Шейх әл-Әлбәни «Сахих әт-Тарғиб» жинағында (1384) бұл хадисті хасан деді.

Бірақ бұл жерде сөз өзін-өзі өз бастамасы бойынша өлтірген адам туралы болып тұр ма?! Жоқ, бұл жерде шайқас алаңына қайта оралып, дұшпанның қылышынан мерт болғанынша шайқасуды жалғастырған адам туралы баяндалуда! Осы жағдайда адамда азғантай болса да құтылуға деген мүмкіндік сақталып қалады. Мұндай адам өзгелерді мерт қылу үшін өзін-өзі өлтірмейді. Міне осы – оның әрекетін қазіргі заманның «шәһидтік» актілерінен едәуір ерекшелейтін жайт. Мұндай актілерді жасайтындар ең алдымен өздерін-өздері өлтіреді. Өздерінің өлімімен олар өзгелердің өмірін үзгісі келеді. Олардың қаруы – олардың өздерінің өлімі. Ал бұған ислам тарихында ұқсас нәрсе бар ма? Әрине, жоқ. Алайда, біздің кезімізде біздің қарсыластарымыз өздері адасқан топтардан мирас етіп алған нәрселеріне негіз келтіру қою үшін кез-келген шөпке жармасады. Ия, тура осылай, өйткені осындай өзін-өзі өлтіру актілері жоғары мәртебелі адамдарға және мұсылман ғалымдарына шабуыл жасап, өлтіре алғандарын қиянатшылдықпен өлтіретін, кейін өздерін де өлтіретін исмәъилилер және әссасиндер сияқты  адасқан секталарға тән еді (3).

«Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың тағы бір дәйегі болып Йәмәмәда орын алған оқиға табылады. Сол кезде Бану Ханифә тайпасы жалған пайғамбар Мусәйлимәның «Өлім бағы» деп танылған бағына бекініп алған болатын.  Әл-Бәра бин Мәлик сонда өзінің серіктеріне: «Мені олардың ішіне лақтырыңдар», – деп айтқан еді. Мұсылмандар оны бекіністің ішіне лақтырды, ал ол мұсылмандарға қақпаны ашып бермейінше олармен соғыса берді. әл-Бәйхақи.

Олар, сондай-ақ, мұсылман әскерлері Көпір шайқасында парсылармен кездескендігі туралы деректі де пайдаланады. Сол кезде мұсылмандардың аттары парсылардың пілдерінен үркіп, жан-жаққа қаша бастады. Сонда мұсылмандардың біреуі балшықтан пілге ұқсайтын бейне жасады да, атын оған жақындап баруға үйрете бастады. Сойтіп оны пілге ұқсас жасанды бейнеге үйренуге мәжбүрледі. Таң ертең оның аты пілдерден қашпайтын болды, ал ол атының үстіне мініп, келе жатқан пілге қарсы батылдықпен тап берді. Адамдар оған: «Тоқтай тұр, бұл піл сені өлтіреді ғой!» – деді. Ал ол: «Оқасы жоқ! Мейлі мен өлейін, бірақ мұсылмандар жеңіске жетеді ғой!» – деп жауап берді.  «Тарих әт-Табәри»-ді (2/363) қараңыз.

Йәзид ибн Әбу Убейда риуаят еткен басқа хадисте: «Мен Саләма ибн әл-Акуәдан: «Худәйбия күні сендер Аллаһтың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) не нәрселерге ант бердіңдер?» – деп сұрадым. Ол: «Өлімге», – деп жауап берді», – деп айтылады. әл-Бухари және Муслим.

Мухаммадтың сөзінен баяндалған Ибн Әуннан келген тағы бір деректе былай деп айтылады: «Бірде шығыстан кәпірлердің бір отряды келді. Ансарлардың біреуі оларды қарсы алды да, оларға қарай шабуыл жасады. Ол қарсыластың қатарларын кесіп өтті де, арғы жағынан шықты және осыны екі, немесе үш рет қайталап жасады. Саад ибн Хишәм бұл жөнінде Әбу Хурайраға баяндап бергенде, ол: «Адамдардан Аллаһтың ризалығын іздеп, жанын сататындар да бар. Аллаһ құлдарына тым жұмсақ», – деген аятты оқыды». (әл-Бәқара; 207). Бұл хадисті Ибн Әбу Шәйбә жеткізді. (5/322).

«Шәһидтік» актілерді қолдайтындардың дәйектері осындай. Бірақ бұл деректердің қай жерінде өзін-өзі өлтіруге, өзінің өмірін өзі мерзімінен бұрын үзуге нұсқау бар?! Суреттелген ерліктердің барлығы Ибн Мәсудтың хадисінде баяндалған шайқасуға қайта оралған адамның ерлігіндей. Бұл хабарлар, осы актілердің жақтаушылары келтіретін өзге де барлық дәйектері сияқты, өзін-өзі өлтірулерді ешқандай ақтамайды. Бекіністің ішіне лақтырылған сахаба құтылды да, қақпаны ашты, ал өзін-өзі жарып тастаушы аман қалып құтылуға еш мүмкіндігі қалмайтынын біледі.

Біздің қарсыластарымыздың: «Бірақ сахаба өзін бекіністің ішіне лақтыруын талап етіп тұрып алып, өз өмірін анық түрде қауіпке салды ғой! Оның өлтірілуі толық иқтимал еді ғой!» – деген келіспеушіліктеріне біз: «Өмірін қауіпке салып, өлутірілуі мүмкін болған адам мен құтылуға деген ешқандай мүмкіндікке ие болмаған, өлімнен еш қашып құтыла алмайтын   өзін-өзі өлтірушінің арасында өте үлкен айырмашылық бар!» – деп жауап береміз.

Сахабалар Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Худәйбияда өлімге берген сертіне келер болсақ, ол соңғы тамшы қан қалғанша шайқасуды және соғыс майданынан қашпауды білдірді және өзін-өзі өз қолымен өлтіруді еш білдірмейді!

Бұдан тыс, жоғарыда аталған актілердің жақтаушылары сүйенетін барлық деректерде сөз сарбаздың дұшпан позицияларына енетін, немесе қарсыласқа шабуыл жасайтын жағдайлары туралы болуда, бірақ бейбіт қалаға, ауылға, ауруханаға немесе бекетке емес.  Олармен автоматтық қарумен, немесе бір бұда гранаталармен дұшпанның қарулы кешенінің ішіне кіріп, қарсыласты қару-жарағы біткенше өлтіретін, кейін оны дұшпандар не ұстап алатын, не өлтіретін адамның әрекеттерін ақтауға болады. Мұндай ситуацияда адам дұшпанның қолынан мерт болады, ал оның әрекеттері қарсыластың күш-қуатына сезілетін шығын тигізеді. Ал егер оның әрекеттерінің нәтижесінде дұшпан салмақты шығындар шекпесе, онда мұндай шабулдарды жасауға болмайды, өйткені шабуылдаушы мұндай жағдайда дұшпан әскерлерінің қатарына өзін тастаушы соқыр адам сияқты болады.(4)

Бір сөзбен айтқанда, жоғарыда сипатталған әскери ерліктерді жасауға белгілі жағдайлар (шарттар) болғанда ғана рұқсат етіледі. Бұл жағдайлар (шарттар) ғалымдар тарапынан әртүрлі етіп келтіріледі, алайда олардың барлығы мазмұны бойынша бір-біріне жақын:

•	Ерлік жасайтын адам өзі өлтірмейінше өлтірілмейтінін білуі қажет.

•	Адам өзінің шабуылымен дұшпанға сезілетін шығын келтіре алатынын білсе ғана оған мұндай ерліктерді жасауға рұқсат етіледі.

•	Бұл, егер адам осынысымен дұшпанға қиратушы соққы берсе, немесе оның ерлігі мұсылмандарға пайда әкелсе, рұқсат етіледі.

•	Бұл, егер адам дұшпандарға мұсылмандардың батылдығын көрсетіп, олардың моральдық рухын сындыратынын білсе, рұқсат етіледі.

•	Бұл, егер нәтиже мұсылмандардың әлсіреуіне соқтырмаса, рұқсат етіледі.

Ал олардың барысында адам денесіне жарылғыш қондырғыны байлап алып, немесе автокөлікті жарылғышпен толтырып алып, дұшпанға тұтқынға беріліп жатқандығын көрсетіп, немесе оның сеніміне кіріп алып, содан кейін оны өлтіретін операцияларға келер болсақ, бұл операциялар мен рұқсат етілген ерліктердің арасында бір қатар нәзік айырмашылықтар бар. Мұндай актілерді, тарихи деректерге сүйеніп, рұқсат етушілер оларды байқамайды, немесе байқағысы келмейді. Бұл айырмашылықтар мыналарға келіп тіреледі:

1. Тарихи деректерде баяндалған ерліктерде өлім қарсылас тарапынан келді және ерлік жасаушыларда азғантай болса да құтылу мүмкіндігі болды. Ал қазіргі замандағы «шәһидтік» актілерге келер болсақ, оның атқарушылары өз қолдарынан мерт болуда және соған қоса олардың өлімі – міндетті түрде орын алады.

2. Мұндай актілердің негізінде адамның өзін-өзі өлтіруі, ал содан кейін барып өзгелерді өлтіруі жатыр. Белгілі бір себептермен адам өзінен басқа ешкімді өлтіре алмай қалуы да мүмкін. Мұндай жағдайларда о бастан опат болуға ұмтылуға рұқсат етілмейді.  (5) Өмірді сақтап қалу – Шариғаттың ең басты міндеттерінің бірі. Қалайша енді мұсылман адам дұшпанның өлімі үшін өз жанын мақсатты түрде опат ете алады?! Мұсылманның өмірін сақтап қалу дұшпанның өмірін үзуден артығырақ. Сөйтіп, мұндай актілердің барлығы Шариғаттың негізгі принциптерінің біреуіне қайшы келетіні толығымен анық болды.

Абдуллаһ ибн Амр, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Қағбаны тауап жасап жүріп былай деп айтқанын көргенін баяндаған: «Сен нендей әдемісің және сенің хош иісің нендей әдемі! Сен недей ұлысың және сенің қасиеттілігін нендей ұлы! Бірақ Мухаммадтың жаны Қолында болғанмен ант етемін, Аллаһ үшін муминнің қасиеттілі мен қол сұғылмайтындығы сенің қол сұғылмайтығыңа қарағанда ұлы. Муминнің мал-мүлкі мен өмірі қол сұғылмайтын және біз ол туралы тек жақсы ойда болуымыз керек». Ибн Мәджәһ. Шейх әл-Әлбәни «Силсиләт әл-Ахадис әс-Сахиха» (3420) жинағында бұл хадисті сахих деген.

Шейх әл-Әлбәниге  Әбу Бәсыр(6)  деген сахабаның оқиғасына сілтеме жасап, жалғыз түрде «джихад» жүргізуді және «шәһидтік» актілер деп аталатын әрекеттерді жасауды мақұлдайтын ұйымдарға қатысты сұрақ қойылды. Шейхтан Исламның бұл актілерге қатынасы туралы сұрады. Жауап ретінде шейх былай деп сұрақ қойды:

— Сендер сұрап жатқандар қанша жыл әрекет етуде?

— Төрт жыл.

— Олар жетістікке жетті ме, әлде шығынға ұшырады ма?

— Шығын шекті.

— Олардың жемістері бойынша олар туралы біле беріңдер, – деп қорытындылады шейх. Тыңдаңыз «Силсиләт әл-Худа уә ән-Нур», кассета № 527.

Ендеше, осыдан кейін «Ихуан әл-муслимин» ағымының қазіргі заман идеологтарының бірі, аты танымал Юсуф Кардауи қалайша мұндай актілерді рұқсат етілген деп санайды. Ол: «Муджәхид отанды құтқару үшін және Құдайдың жолындағы шәһидтікке ұмтылып,  Аллаһқа жанын сататын, өз басын оның Қолына қоятын шәһид-ердің алдында әлсіз болып қалатын Аллаһтың дұшпандарын жою үшін белгілі жерде және белгілі уақытта жарылатын тірі бомбаға айналады. Бұл жасөспірімдер өз жерін – мұсылмандардың жерін, өз дінін, ар-намысын, ұлтын қорғауда… Олар – өз өмірін аямайтын және Аллаһтың жолында оларды ерікті түрде құрбан ететін шынайы шәһидтер. Олар таза ниетке ие және өз агрессиясын табанды түрде жалғастырып жатқан, өз күш-қуатымен және оларды басқа да ірі күштер қолдайтындығымен сүйсінген Аллаһтың дұшпандарын қорқыту үшін күрестің осындай түріне баруға мәжбүр. Бұл жасөспірімдер олардың жерлерін басып алғандарға, олардың отбасыларын осы жерден қуып жібергендерге қарсылық жасауда. Олар өздерінің құқықтарына қол сұққандарға және оларды болашақтан айырғандарға қарсы күресуде. Ал дұшпандар оларға және олардың дініне қарсы өз агрессиясын тоқтатпайынша, олар өзін қорғауға міндетті, оларға Исламның Ұлы жерінің бөлігі болған өз жерлерін өз еркімен беруге рұқсат етілмейді», – дейді.

Бұл жалынды және эмоционалды сөз қандайда бір дәлелдерге сүйенбейді, және тәжірибе «шәһидтік» актілер олардың жақтаушылары мақтанатын нәтижелерге қарама-қарсы болған нәтижелерге келтіретінін көрсетуде. Израильдіктер өлтірген палестиналықтардың саны палестиналықтардың жасаған «шәһидтік» актілерден зардап шеккендерден көп есе асады. Бұдан тыс израильдіктер палестина қозғалысының көптеген белсеңділері мен жетекшілерін қиянатшылдықпен өлтірді. Олардың қысымы соған дейін жетті, олар  Палестина халқынның барлығын үлкен гетто сияқты жерге, қабырғамен қоршалған қазіргі заманның «концлагеріне» қамап тастады.  «Шәһидтік» актілер дұшпанның ызалануына әкеп соқтырды және оның өшпенділігін арттырды, біз бұл жөнінде алдын айтқанымыздай. Бұл актілер дұшпанның қолын босатты және оларды мұсылмандарға қарсы жаңа қылмыстарға ынталандырды. Мұның үстіне, бұл актілер дүние жүзіндегі барлық мұсылман еместерді әрбір мұсылман ер мен әйелге қарсы бағыттап қойды. Ал ендеше, сендер бұл актілердің қандай пайдасы және қандай игілігі туралы айтып тұрсыңдар?!

Изрильдіктер темірді бетоннан қабырға тұрғызып, палестиналықтардың қалалары мен елді мекендерін шынайы түрмеге айналдыруда. Бұл құрылыстың нәтижесінде мыңдаған гектар палестиналықтардың жері тәркіленуде. Сонымен бірге израильдіктер осы қабырғаның тұрғызылуына миллиондаған доллар ақша жұмсап, мухиттың арғы жағынан миллиардтаған доллармен өлшенетін көмек алуда.

Егер сіз, құрметті доқтор, бұл актілерді палестинада рұқсат беріп жатқан болсаңыз, онда сіздің логикаңызға ілесіп, сіз олардың орындалуын дүние жүзінің барлық жерінде де: мысалы, Америкада, Индонезияда, Сауд Арабиясында, Кувейтте, немесе Мароккода орындалуын да рұқсат етуіңіз керек, – өйткені оларды осы елдерде орындап жатқандардың да дәйегі – тура сондай. Олар сионисттермен және оларға ерекше қолдау көрсетіп жатқандармен күресіп жатыр мыс. Онда, құрметті доктор, сіз реттілікті сақтап, Ресейде орын алған оқиғаларды да мақұлдауыңыз керек ғой, өйткені, осының барлығының негізінде бір-ақ принцип – өзгелердің қаза болуы үшін өзін-өзі өлтіру жатыр.

Доктор әл-Кардауи Палестинадан тыс жасалып жатқан актілерді айыптайды және тіпті оларға тыйым салады. Алайда: «Мұндай актілер қай жерде өткізілетінінің қандай айырмашылығы бар және оларды жер бетінің бір бөлігінде жасауға рұқсат беруде және басқа бір бөлігінде тыйым салуда не нәрселер өлшем болады?» – деп сұрағымыз келеді.

Ескертпелер:

1. «Шәһидтік» актілердің ұйымдастырушылары және жақтаушылары жиі жағдайда  ғалымдарды «сарай діндарлары», «хайыз бен нифәс  діндарлары», «сары қағаз діндарлары» деп т.б. атап,  қаралайды және олардан адамдарды кері бұрғысы келеді. Олар бұл ғалымдар тәуелді және қаналған деп ойлайды. Аллаһ бізді мұндай көзқарастардан сақтасын! Бұл – идеологиялық террордан өзге еш нәрсе емес, өйткені бұл көзқарастарды насихаттаушылардың мақсаты – адамдарды қорқытып, оларды ірі ғалымдарға жүгінуден, әсіресе олардың ішіндегі өзін-өзі өлтіру және зорлық актілерге қарсы шығатындарына жүгінуден бас тартқызу болып табылады. Ал, осы актілердің жақтаушылары өздерінің пікірімен келісетіндерді тауып алса, оларға арнап мақтау дифирамбтарын (салтанатты мақтау өлеңі) сайрай бастайды, бұл әш-Шуәйбимен, әл-Ульуәнмен және әл-Мәуләуимен орын алғандай.

2.Осыған байланысты көрнекті ғалым Ибн Баздың «Араб ұлтшылдығын әшкерелеу» деген шағын мақаласы  бар.  Аллаһ Тағала маған да ұлтшылдық философияны және нәсілшілдікті әшкерелеуге арналған қарапайым, түсінікті очерк жазуды жеңілдетті.

3.«Ассасидердің құпиялары» кітабын қараңыз. Шәрджә, Дар әл-Фәтх.

4.Бұл тақырыпқа алдын имам әл-Ғазалидің сөздері келтірілген еді.

5.Хасан Айюб, «Джихад и подвиг в Исламе», 166-167 – беттер.

6.Әбу Бәсырдің уақиғасы Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) құрайштықтармен Худайбия келісімін жасасқаннан кейін орын алды. Бұл келісім бойынша мұсылмандар Исламды қабылдап, Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келген кез-келген адамды құрайштықтарға қайтаруға міндетті болды. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл келісім-шартқа қол қойған соң Мәдинаға қайтып келгенде, оған құрайштықтардан қашып келген Әбу Бәсыр келді. Алайда, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), келісім-шарттың шарттарын орындап, Әбу Бәсырды оның ізінен қуып келген екі құрайштықтарға қайтып берді.  Құрайштықтар оны өздерімен бірге Мәдинадан алып кетті. Зуль-Хуләйфәға жеткен кезде, олар құрма жеу үшін аттарынан түсті. Әбу Бәсыр олардың біреуіне: «Аллаһпен ант етемін, Сенің қылышың өте мықты екені көрініп тұр!» – деді. Сонда екіншісі қылышын қынынан шығарып: «Аллаһпен ант етемін, ол шындығында да өте мықты және мен оны бір неше рет іс жүзінде көрдім», – деді. Әбу Бәсыр: «Мен оны көрсем болады ма?» – деді, ал ол оған қылышты берген кезде, Әбу Бәсыр онымен  кәпірді өлгенінше шауып тастады. Ал, екінші құрайштық қашып үлгерді де, Мәдинаға жеткенге дейін тоқтамады. Ол мешітке жүгіріп кірген кезде Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Мына адам бір нәрседен қорыққан сияқты ғой», – деді. Ал ол Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жақындап келіп: «Аллаһпен ант етемін, менің жолдасым өлтірілді, мен де!» – деді. Кейін Әбу Бәсыр келді де: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Аллаһпен ант етемін, Аллаһ сені барлық міндеттемелерден босатты, өйткені сен мені оларға қайтарып бердің, ал содан соң Аллаһ мені олардан құтқарды», – деді. Ал, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Оның шешесіне қасірет! Егер онымен бірге тағы біреу болғанда, ол (бізді) соғысқа алып келер еді», – деді. Бұл сөздерді естіген Әбу Бәсыр Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оны құрайштықтарға қайтарып беретінін түсінді де, мешіттен қашып шықты және теңіздің жағалауына жеткенше тоқтамай қаша берді.   Ол жерде ол Әбу Джәндәлмен кездесіп, онымен бірге қарулы отряд құрып, құрайштықтардың керуендеріне шабуылдар жасай бастады. Сөйтіп, олар құрайштықтарды Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп, оған келетін мұсылмандарды қабылдауын (құрайштықтарға қайтармауын) сұрап, өтініш жасауға мәжбүр етті. Бұл хадисті әл-Бухари жеткізген.

Жер бетінде тәртіп орнатылғаннан кейін онда бұзақылық таратуға болмайды
Әбу Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Кітаптың ең көлемді бөлігін ««Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың дәйектері және оларды теріске шығару» атты тарау алады. Онда автор адасушылардың негізгі дәйектеріне бірме-бір тоқталып, оларды Құран және Сүннеттің мәтіндерімен және ғалымдардың пікірлерімен теріске шығарады.

«Шәһидтік» актілерді рұқсат етушілер, өзге дәйектерінің қатарында Аллаһ Тағаланың мына сөздерін де атап кетеді: «Өйткені, олардың Аллаһ жолындағы  шөлге душар болуы, шаршауы, ашығуы, кәпірлерді ызаландыратын әрбір басқан қадамы және дұшпанға тигізген әрбір жеңілісі оларға міндетті түрде жақсы амал ретінде жазылады». (әт-Таубә; 120).

Дұшпанның ашуын туғызуға қабілетті әрекеттерді жасауға тек олар Шариғатқа сәйкес болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Ал, егер дұшпанның ызасын тудыратын әрекеттер Шариғатқа қайшы келсе, онда олар игі болып есептелмейді. «Шәһидтік» актілер Шариғатқа қайшы келеді, өйткені бізге кәпірлердің әйелдері мен балаларын қасақана өлтіруімізге рұқсат етілмейді, тіпті бұл жоғарыда келтірілген аятта айтылған жеңіліске жатса да. Тура сол сияқты, мұсылман адамға өзін-өзі өлтіруге де рұқсат етілмейді.

Дұшпанның бір нәрсесін ұрлау арқылы да оның ашуын туғызуға болады. Алайда Ислам ұрлықты рұқсат етеді ме? Әрине, жоқ!

Егер дұшпанның әйелін ұстап алып, онымен зина жасаса да – оның қахарын туғызуға болады. Кітаптарды, кітапханаларды және құжаттарды өртеу, көпірлерді, мектептерді, ауруханаларды, заводтарды және туннелдерді жару, ұшақтарды басып алу, өзендерді және су көздерін улау, малды өлтіру – бұл әрекеттердің барлығы дұшпанның ызасын туғыза алады. Алайда осы олардың рұқсат етілгендігін білдіреді ме? Жоқ және мың рет жоқ!

Аллаһ Тағала былай деп айтқан: «Адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол – өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді». (әл-Бақара; 204-205);

«Жер жүзі түзетілгеннен кейін бүлікшілік қылмаңдар». (әл-Әғраф; 56)

Ибн Касир, Аллаһ оны рахымына бөлесін, бұл аятқа тәпсір жасап: «Аллаһ Тағала жер бетінде бұзақылық (жасауға) және ол (жер) түзетілгеннен кейін оған зиян тигізетін нәрселерді таратуға тыйым салды. Аллаһтың құлдары үшін олардың істері тәртіпке келтірілгеннен және оларға дұрыс бағыт берілгеннен кейін жасалған бүлік пен бұзушылықтан не зиянды болады? Аллаһ Тағала бұған тыйым салды!» – деді.

Әл-Қуртуби былай деп айтқан: «Аллаһ Тағала кіші, немесе үлкен түзетуден кейін қандай болса да, көп немесе аз дәрежедегі бұзақылық пен бүлдіру жасауға тыйым салды  және ең дұрыс пікір бойынша бұл үкім барлық адамға қатысты».

Ал, егер де біреу: «Мақсатқа жеткізетін құралдарға мақсаттың өзіне қарағандай тәсілмен қарау керек», – деп айтса, біз оған былай деп жауап береміз: «Бұл ереже дұрыс, егер құралдар өздігінше тыйым салынған (харам) болмаса, өйткені біздің дінімізде мақсат құралдарды еш ақтамайды. Біздің дініміз Макиавеллидің өз мақсаттарына жету үшін кез-келген нормаларды елемеу принципін үзілді-кесілді түрде теріске шығарады».

Қиянат пен зұлымдық – дінімізден емес
Әбу Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Кітаптың ең көлемді бөлігін ««Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың дәйектері және оларды теріске шығару» атты тарау алады. Онда автор адасушылардың негізгі дәйектеріне бірме-бір тоқталып, оларды Құран және Сүннеттің мәтіндерімен және ғалымдардың пікірлерімен теріске шығарады.

Исламның фундаментальдық принциптерінің бірі болып өміріне қол сұғылмайтын болып табылатындарды өлтіруге қатаң тыйым салынғандық табылады. Өлімге лайықты болмаған адамның өміріне ешкім, соның ішінде ол адамның өзі де, қол сұғуға құқықты емес. Дұшпандардан және дұшпан еместерден болған әйелдерге, балаларға, мүгедектерге, өзін ғибадатқа бағыштағандарға және мүлдем соғыспайтындарға қатысты бұл тыйым ерекше қатал болып табылады.

Аллаһ Тағала ізгі құлдар туралы: «Олар Аллаһпен бірге басқа тәңірге жалбарынбайды. Аллаһ өлтірілуін харам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді де, зина жасамайды», – дейді. (әл-Фурқан; 68);

«Аллаһ өлтіруге тыйым салған жанды өлтірмеңдер, жазықты болса ғана болады». (әл-Әнғам; 151). Тура осындай тыйым әл-Исра сүресінің 33-аятында да бар.

Сахих қудси хадисте Аллаһ Тағаланың мынандай сөздері келтіріледі: «Әй, Менің құлдарым! Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім және сендердің араларыңда да харам еттім. Ендеше, бір-біріңді жәбірлемеңдер!» Муслим.

Шейх Салих ибн Мухаммад әл-Лухәйдан былай деп айтқан: «Жазықсыз болған адамға қол сұғу да,  қылмыскер болмаған адамды өлтіру сияқты, зұлымдыққа жатады. Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) – рақымшылдықтың, жанашырлықтың, ізгіліктің Пайғамбары. Ол барлық адамдар мен жындарға айқын шақырумен жіберілген еді. Әскерді жорыққа дайындау кезінде, ол оған балаларды, әйелдерді, қарттардарды және кельяларда құлшылыққа өзін бағыштағандарды өлтіруге тыйым салып, насихат беретін. Сөйтіп, өзі де өлтірумен айналысып, соғысып және мұсылмандарға шабуыл жасап жатқандардан өзгелерді өлтіруге Ислам рұқсат етпейді. Осы орайда, емізулі нәрестелер мен әйелдер, қарт шалдар мен кемпірлер, ауыру мен сау адамдар құрбан болып жатқан осындай қылмыстар, мал-мүлікке және оның иелеріне зиян тигізіп жатқан қылмыстар – аса үлы қылмыс және қауіпті күнә болып табылады. Шариғат оларды Ислам тыйым салған жер бетінде бұзақылық таратуға, егіндер мен мал түлігін жоюға теңестіреді, өйткені мұндай амалдарға Аллаһ және Оның Елшісі тыйым салған. Бір әскери жорық барысында өлтірілген әйелді көрген Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Онымен соғыспау керек еді»(1), – деген. Сөйтіп, ол осындай адам өлтіру – мүлде тыйым салынған іс екендігіне нұсқады».

«Мұсылман адам дұшпанынының қайғы-қасіретіне де, егер оған зұлымдық жасалған болса, қуанбайды, өйткені зұлымдыққа мүлдем рұқсат жоқ, ал жазаға лайықты емес адамға қарсы өшпенділік әрекеттер жасау – харам және жиіркенішті болып табылады. Ал куәгерлердің көз алдында жасалған, ол туралы хабар кең тараған және оны көзімен көрген адамдарға үрей салған қылмыс туралы не айтуға болады, және мұсылмандар осындай әрекеттерді құптайды деп қалайша айтуға болады?!»(2)

Абдуллаһ ибн Амр, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Ең ұлы күнәлар болып Аллаһқа серік қосу, ата-аналарға құрмет көрсетпеу, адам өлтіру және жалған ант беру табылады». әл-Бухари.

Бурайда, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Аллаһ үшін Аллаһтың жолында соғысыңдар! Аллаһқа иман келтірмегендермен соғысыңдар! Соғысыңдар, бірақ сатқындық жасамаңдар, шектен шықпаңдар, мүгедек етпеңдер, балаларды өлтірмеңдер!» Әбу Дауд. Шейх әл-Әлбәни «Сахих Сунән Әби Дауд» (2613) жинағында хадисті сахих деді.

Бұл хадис джихадта қиянат пен сатқындықтың тыйым салынғандығын түсіндіреді, өйткені олар зұлымдық болып табылады. Ал, «шәһидтік» актілерге келер болсақ, олардың барлығы қиянатқа, зақымдаушылыққа, қорғаусыз азаматтарды өлтіруге негізделген. Ал енді қиянат Исламның атынан жасалып жатса, олар дұшпанның мұсылмандарға жасап жатқанынан да үлкен қылмыс және жауыздық болады, өйткені мұндайқиянатшылдық әрееттер адамдарды Аллаһтың дінінен кері итереді және оларды Оның жолынан адастырады.

Хузәйфа ибн әл-Йәмән, Аллаһ оған разы болсын, былай баяндайтын: «Маған Бәдр шайқасына қатысуға тек мына жағдай ғана мүмкіндік бермеді: мен өзімнің әкем Хусайлмен бірге (Бәдр шайқасына қатысу үшін) аттанғанымда кәпір құрайштықтар бізді ұстап алып: «Сендер Мухаммадқа барғыларың келіп тұр ма?» – деп сұрады. Біз: «Жоқ, біз Мухаммадқа барғымыз келіп тұрған жоқ, біз тек ғана Мәдинаға барып келгіміз келіп тұр», – деп жауап бердік. Сонда құрайштықтар бізден Мәдинада біз Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жағында соғыспаймыз деген Аллаһтың атымен ант алды. Біз Аллаһтың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп, оған орын алған жағдайды баяндап бергенімізде, ол: «Екеуің де (Мәдинаға) аттаныңдар. Біз олармен келісім-шартты орындаймыз және Аллаһтан оларға қарсы көмек сұраймыз», – деді». Муслим.

Бұл хадис келісім-шарттарды орындаудың қажеттілігін айқын көрсетуде. Дәл осы жағдай Хузәйфәны және оның әкесін мұсылмандар мен кәпірлердің соғыс майданында алғашқы кездесуінде қатысудан бас тартуға мәжбүрледі. Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шешімі осылай болды, ал одан өзге кім маңыздырақ және сенімдірек бола алады?!

Ендеше, мұсылман еместердің еліне рұқсат және виза алып кіріп, кейін сол елдің азаматтарына қатысты қиянаттық актілерді жасайтындар туралы не айтуға болады? Ал, осыдан соң олар тағы да өздерінің әрекеттерін Исламға жатады және джихад деп аталады деп айтады? Олардың пайымдары нендей жаман!

Әбу Рафи былай деп баяндайтын: «Құрайштықтар мені Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) елші етіп жіберді, бірақ, оны көрген сәтте мен өз жүрегімде Исламды қабылдауға деген қалауды сездім. Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Аллаһ Тағаламен ант етемін, мен оларға ешқашан қайтпаймын!» – дедім. Бұған Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Мен келісім-шарттарды бұзбаймын және елшілерді ұстап қалмаймын! Оларға қайт, ал содан кейін, егер сенің жүрегіңде қазір болған қалауың сақталып қалса, бізге қайтып кел», – деді». Әбу Дауд, ән-Нәсаи, әл-Хаким, әл-Бәйхақи, Ибн Хиббән және Әхмәд. Шейх әл-Әлбәни «Мишкәт әл-Мәсабих» кітабында (3909) оны сахих деді.

Муғира атты басқа бір сахаба Исламға келудің қарсаңында өзіне сапарлас болған адамдарды өлтірді де, олардың мүлкін иемденіп алды. Кейін ол Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп, Исламды қабылдады. Ал, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі босын) оған былай деп айтты:  «Сенің Исламға (келуіңе қатысты) айтар болсақ, мен (оны) қабылдаймын. Ал, мал-мүлікке келер болсақ, менің оған ешқандай қатысым жоқ», – деді. әл-Бухари.

Ескертпелер:

1. Бұл хадисті Әбу Дауд жеткізген. Шейх әл-Әлбәни «Сахих Сунән Әби Дауд» кітабында оны сахих деген (2324).

2. Барлық ғалымдардың бұл мәселе бойынша айтқан сөздері ұқсас болуы ерекше жағдай. Бұған дейін бірнеше ғасыр бұрын Әл-Изз ибн Абд әс-Сәләмға мынандай сұрақ қойылды: «Егер дұшпан зұлымдықпен және қиянатпен өлтірілген болса, адам осыған қуануына және шаттануына бола ма? Әлде бұған қуану – күнәнің жасалғанына қуану болып табылады ма?» Ғалым былай деп жауап берді: «Егер адам оның дұшпанына қатысты Аллаһқа мойынсұнбау жасалғанына қуанса, онда оның қуанышы жиіркенішті-ақ. Егер ол осы дұшпан көрсететін жауыздықтан өзінің құтылғанына, адамдардың  қанау мен залымдықтан құтылғанына қуанса және оның  қуанышы ол арқылы адам өлтіру орын алған Аллаһқа мойынсұнбаудан туындамаған болса, мұнда ешқандай айыпты нәрсе жоқ». «Қауәид әл-Әхкәм» (2/397).

Дұшпанмен кездесуге күш әзірлеңдер, бірақ, рұқсат етілгеннің шекарасынан шықпаңдар
Әбу Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Кітаптың ең көлемді бөлігін ««Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың дәйектері және оларды теріске шығару» атты тарау алады. Онда автор адасушылардың негізгі дәйектеріне бірме-бір тоқталып, оларды Құран және Сүннеттің мәтіндерімен және ғалымдардың пікірлерімен теріске шығарады.

«Шәһидтік» актілерді рұқсат етушілер, сондай-ақ, дәлел ретінде Аллаһ Тағаланың мына сөздерін келтіреді: «Сендер де оларға қарсы шамаларың келгенше әр түрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер. Аллаһтыңның дұшпанын және өз дұшпаңдарыңды қорқыту үшін». (әл-Әнфәл; 60)

Бұл аятқа қатысты айтар болсақ, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)  оны тәпсірлеп, ондағы «күш» дегенде не аталып тұрғанын түсіндірді. Жоғарыда аталған аятты оқып болып, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Күш – бұл атуға қабілетті болудан өзге ешнәрсе емес», – деді де, осыны үш рет қайталады.  Муслим.

Сөйтіп, күш әзірлеу (жинау) туралы бұйрық мұсылман адамға мергендікпен атып үйренуді білдіреді. Ал, жарылыстарға келер болсақ, онда бұл принцип бұл жерде жүрмейді, өйткені, оларды ұйымдастыру үлкен ептілікті (машықтықты) және жаттығуларды талап етпейді және оларды тіпті әйелдер де жасай алады(1).

Бұдан тыс біздің дінімізде кез-келген істің Исламның принциптеріне сәйкес келуі қажеттігі туралы ешқандай келіспеушіліктер жоқ. Мұндай принциптерге өзін-өзі өлтіруге деген қатаң тыйым жатады. Бұл жөнінде Құранның аяттары және Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистері айтады.

Әбу Хурайра, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Кім өзін таудан (арнайы) тастап, өлтірсе, өзі мәнгілікке (тасталатын) Тозақтың (отына) үздіксіз төмен қарай құлай береді; кім (арнайы) у ішіп өзін опат етсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) оны өз қолымен үздіксіз ішеді; кім өзін темірмен өлтірсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) өз қолымен  сол темірмен өзінің қарнына үздіксіз соға (шанша) береді».   әл-Бухари және Муслим.

Мұсылман адамға өзін-өзі өлтіруге тыйым салынады, тіпті ол осыған баруға мәжбүр болса да, мысалы, егер ол тұтқынға түскен және әскери құпияның жария болуынан қауіптенген ірі қолбасшы болса да. Ғалымдар кез-келген жағдайда өзін-өзі өлтіруге тыйым салады, тіпті бұл әрекет армияның құтқарылуына алып келсе де.

Пәлен М.Х.М. деген мырза Мысыр Пәтуалар Академиясына осы мәселе бойынша сұрақ қойып, жүгінеді. Оған жауап беріп, Академия алдымен Құран мен Сүннеттің дәлелдерінің үш бет мәтінді алған түсіндірмесін келтірді де, соңынан мынадай қорытынды шығарды: «Мұндай адам өзін-өзін өлтіруіне рұқсат етілмейді. Шариғатқа сәйкес, қинаулар мен азаптауларға сабырлықпен төтеп беріп, құпияны ашпауы қажет. Мүмкін Аллаһ оның жағдайын жақсартар. Сабырлық танытып, ол Аллаһтан болған ұлы сыйға ие болады және Раббы, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), дін және отан риза болатын әрекет жасайды». «әл-Фәтауә әл-Исләмия» (74/527-2530). Пәтуаны шейх Хасан Мә’мун (№ 74-585-сұрақ, 384-бет; 1 раджәб, 1375 жыл (13 ақпан 1965 жыл).

Шейх Салих бин Фәузанға мына сұрақ қойылды: «Дұшпан елдерінде (жасалып жатқан) адамдарды өлтіру және үкіметтік мекемелерді жару сияқты әрекеттер – қажеттілік болып табылады ма, және осыны джихад деп атауға болады ма?»

Шейх  былай деп жауап берді:  «Адам өлтіру мен жарылыстар – тыйым салынған (харам) болып табылады, өйткені, олар мұсылмандарға қайғы-қасірет шақырады және олардың өлтірілуіне, сондай-ақ, қудалануына әкеледі. Ал Аллаһтың жолындағы джихадқа қатысты айтар болсақ, онда тек ашық шайқас және тек белгілі шарттарға сәйкес амалдар болуы тиіс.  Бұл істе Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өнегесіне ілесу міндетті болып табылады. Ол (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға көшуге дейін Меккеде, кәпірлердің арасында болған кезде мына аяттар түсті:  «Сондай оларға: «Қолдарыңды тыйындар, намазды орындап, зекет беріңдер!» – делінгендерді көрмедің бе?» (ән-Нисә; 77)

Сөйтіп, оған кәпірлермен соғысудан бас тарту бұйырылған еді, өйткені олардың біреуі өлтірілсе де, кәпірлер барлық мұсылмандарды опат қылар еді. Мұсылмандар өмір сүріп жатқан елдердегі адам өлтірулер, мұсылмандардың өлтірулеріне әкеп соғады, ал бұл қазір де орын алып жатыр. Мұның Ислам шақыруына ешбір қатысы жоқ, және де ол – Аллаһ жолындағы джихад болып табылмайды. Мұсылмандарды қайғы-қасіреттің қойнауына тастап жатқан зорлық пен жарылыстар туралы да осыны айтуға болады.

Ал, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға көшкен және онда армия мен көмекшілер пайда болған кезде Аллаһ мұсылмандарға қарсы дұшпандық танытып, соғысып жатқан көпқұдайшылдарға қарсы қарулы күресті бастауды бұйырды.

Ал, енді, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары Меккеде болған кездерінде кейбір мұсылмандар бүгінгі күні жасап жүрген әрекеттерге ұқсас нәрселер жасады ма? Жоқ! Керісінше, дұшпандарға қарсы кез-келген әрекеттерге тыйым салынған еді. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Меккеде бола тұра, кәпірлерге материалдық зиян тигізді ме? Жоқ! Оларға мұндай нәрсе тыйым салынған еді. Оларға Исламға шақыру және адамдарға ақиқатты жеткізу әмір етілген еді. Күш қолдану және жаулармен шайқасу тек мұсылман мемлекеті пайда болған мәдиналық кезеңде мүмкін болды!» «Фәтауә әл-әиммә фи ән-Нәуәзил әл-Мудалхимә», с. 41

Қазіргі замандағы «шәһидтік» актілер сияқты әрекеттер Мекке кезеңінде Исламға жат болғаны айдай анық, өйткені олар, дұшпандардың күштілігінің және мұсылмандардың әлсіздігінің себебінен, мұсылмандарға өте үлкен қайғы-қасіреттер және шығындар алып келер еді. Сондай-ақ, олар Мәдина кезеңінде де Исламға жат болғаны – әп-айқын. Өйткені, сол кезде мемлекет құрылған еді және қолбасшысы бар армия пайда болған еді, ал олардың болуы тұсында жеке шешім қабылдау мүмкін болмайды және радикалдық топтарға бірігуге жол берілмейді. Мемлекеттің және армияның болуы тұсында не жеңіс, не дін үшін қаза болу мүмкін болған джихад және әскерлердің соғыс майданында шайқасуы мүмкін болады. Ал Аллаһ Өзінің құлдарынан қалағанына жеңісті сыйлайды.

Әлде-кім: «Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) тұсында бикфорд баулары болмады ғой!» – деп пәлсапалауға түсіуі мүмкін.

Жауап ретінде біз: «Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) біреуге жасырынған түрде дұшпанның территориясына, зорлық жасап, немесе адам өлтіріп, кейіннен өзін-өзі өлтіруі үшін кіріп баруды бұйырды ма?!» – деп сұраймыз. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) біреуді кемені батыруға және сонымен қоса өзіде суға кетуге жіберді ме?! Хузәйфә ибн әл-Йәмән, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Соғысқа қатысудың екі түрі бар. Кім  тек қана Аллаһ үшін соғысса, әмірге бағынса, ең қымбаттысын (Аллаһ үшін) жұмсаса және серігіне қатысты жұмсақтық танытса, өзінің ұйықтағаны үшін де, ояу сәттеріне де сауап алады. Ал кім мақтауға ие болу және өзгелерге көрсету үшін соғысса, әмірге бағынбаса және жер бетінде бұзақылық таратса, сарп еткеніне мұндай (сауапты) ала алмай оралады». Бұл хадисті ән-Нәсаи жеткізген. Шейх әл-Әлбәни «Сахих Сунән ән-Нәсәи» атты жинағында бұл хадисті хасан деген. (3911).

Жоғарыда келтірілген хадисте баяндалған соғысты жүргізудің екінші түрі қастандықтар мен жарылыстар ұйымдастырушы радикалдық қозғалыстарға тән. Егер сіз, құрметті оқырман, олардың мәні туралы ой жүгіртсеңіз, бұл топтардың барлығы өз мемлекеттерінде қудаланатынын, өздерінің үкіметтеріне қарсы жүретінін, жер бетінде ешбір қақысыз бұзықтық таратып жүргенін көресіз.

Шейх-уль-ислам Ибн Таймийя былай деген: «Адамдарды басқару – ең ұлы діни міндеттілік екенін білу керек. Діннің тіршілік етуі және дүние тіршілігін реттестіру әмір болған жағдайда ғана мүмкін болмақ. Адамдардың мүдделері, егер олар бір-бірінің мүдделерін қанағаттандыру үшін біріксе ғана, толық мөлшерде сақталады. Мұндай бірігуде олар әмірсіз амалдай алмайды.

Аллаһ Тағала жақсылыққа үндеуді және жамандықтан ұстап қалуды бұйырды. Бұл міндеттілікті орындау күш-қуат және билік болса ғана мүмкін болмақ. Бұл – Аллаһтың басқа да – джихад, қажылық, жұма және айт намаздарын өткізу, жәбірленгенге көмек көрсету және қылмыстар үшін шариғат белгілеген жазаларды іске асыру сияқты әмірлеріне де қатысты. Мұның барлығы тек күш пен биліктің болуы тұсында ғана мүмкін болады». «әс-Сийәсә әш-Шәрийә фи әр-Раи уә әр-Раийя»

Ескертпе:

1.  Сонғы кездерде мұндай фактілер жиілене түсті, мұның үстіне кейбір жакешті-әйелдер өздерін-өздері уақыттан бұрын жарып жіберуде.

Азаматтық тұрғындарды өлтіруде пайда жоқ
Әбу Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Кітаптың ең көлемді бөлігін ««Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың дәйектері және оларды теріске шығару» атты тарау алады. Онда автор адасушылардың негізгі дәйектеріне бірме-бір тоқталып, оларды Құран және Сүннеттің мәтіндерімен және ғалымдардың пікірлерімен теріске шығарады.

«Шәһидтік» актілердің жақтаушылары, сондай-ақ, дәйек ретінде шейх-уль-Ислам Ибн Теймийяның мына сөздерін пайдаланады: «Егер дұшпан әскерлері өздерінің қолындағы тұтқындармен қалқан ретінде қорғанса және егер шайқасудан бас тартылса, мұсылмандар шығынға ұшырайды деген қауіп болса, онда шайқасқа кірісу қажет, тіпті егер бұл қалқан ретінде пайдаланылған мұсылмандардың қаза болуына алып келсе де». «Мәджму әл-Фәтауә» (20/52, 28/537-546).

«Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың бұл дәйегіне былай жауап беруге болады:

Адамдардан жасалған қалқан, яғни кәпірлер тарапынан қалқан ретінде өлтіруге болмайтындарды (мысалы, әйелдер мен балаларды, немесе оларға тұтқынға түскен мұсылмандарды) пайдалану туралы тек мұсылмандармен соғыс жағдайында болған және олармен бейбіт келісім-шартқа да, не өзара қауіпсіздік кепілдіктеріне де ие емес кәпірлермен шайқас орын алған кезде сөз етуге болады. Ал, егер кәпірлер мұсылмандармен келісім-шарты болғандардың, немесе қауіпсіздік кепілдігі берілгендердің қатарына кіретін болса, онда олардың әйелдерімен балалары түгілі, олардың өздеріне шабуыл жасауға да, оларға қарап оқ атуға да болмайды.

Бұдан қалса, тіпті әйелдермен және балалармен қалқан ретінде пайдаланып, соғысып жатқан дұшпандарды атқылауды рұқсат ету мәселесі ғалымдардың арасында келіспеушіліктер тұғызған. Олардың бір бөлігі мұндай дұшпандарды атқылауға тыйым салады және тек одан басқа шығу жолы болмаған, мысалы, шайқасудан бас тарту мұсылмандарға жеңіліс алып келу, немесе ислам дінін жою қауіпін төндірген жағдайды ерекшелейді. Мұндай пікірді имам Мәлик және имам Шәфиъи ұстанған.

Ғалымдардың басқа бөлігі, соғыстың сипатына қарамастан, әйелдермен және балалармен қорғанатын дұшпандарды атқылауды рұқсат етеді, дегенмен атқылау нысанасы әйелдер мен балалар емес, солдаттар болу керек деген шартпен.

Сонымен бірге, әйелдермен және балалармен қорғанған дұшпандарға шабул жасау және оларды атқылау тек әмірдің, немесе ол тағайындаған әскербасшының бұйрығымен ғана болады дегенге барлық ғалымдар бір ауызды келіскен. Олардың қол астындағылардан ешкім өзінің қалауы бойынша мұндайды істей алмайды, өйткені бұл – әмірге жала және жалған жабу болады.

Дұшпан қалқан ретінде пайдаланған өлтіруге болмайтын адамдарды өлтіру  – тек ол қасақа және мақсатты болмаған жағдайда, ал олардың қаза болуына алып келетін себептерден қашып құтылу мүмкін болмағандықтан орын алса ғана  рұқсат етіледі дегенге де ғалымдар бір ауызды келіскен. Егер Ислам мүмін адамға соғысушы кәпірлердің әйелдері мен балаларын өлтіруге тыйым салған болса, онда соғыспайтын кәпірлердің әйелдері мен балаларын қалайша қасақана өлтіруге болмақ?

«Шәһидтік» актілерді рұқсат ететіндер олардың барысында әйелдердің, балалардың және мұсылмандармен соғысуды еш қаламайтындар да абайсызда қаза болуы мүмкін болған қарсыласқа түнгі шабуылдарды(1) жасаудың рұқсат етілгендігін дәйек ретінде келтіреді. Олар имам әш-Шәфиъидің мына сөздеріне жүгінеді: «Тіпті егер дұшпан қамалының ішінде әйелдер, балалар және тұтқын мұсылмандар болса да, катапульталарды қолдану рұқсат етіледі… Мұнай және жалын катапульталар сияқты. Су мен түтін де – тура солай». «әл-Умм» (4/287).

Алайда имам Шәфиъиге жасалған мұндай сілтеме жөнсіз, өйткені оның өзі мұндай тұжырымдамаларды теріске шығарып, былай дейтін: «Мұсылмандардан ешкімге мақсатты түрде әйелдердер мен балаларды өлтіруіне рұқсат етілмейді, өйткені Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұған тыйым салған… Сондай-ақ, монахтарды өлтіруден де тартыну керек, олар қай жерде болса да: кельяларда да, монарстырларда да, шөлдер де де. Біз өзін монахтыққа бағыштаған әрбір адамды өлтіруден бас тартамыз, өйткені осылайша етіп Әбу Бәкр, Аллаһ оған разы болсын, істейтін».  «әл-Умм» (4/239-240).

Алайда, өздерін-өздері ресторандарда, театрларда, автобус аялдамаларында, жарып тастайтындар өлтіруге тыйым салынған адамдарды өлтіруге мақсатты түрде барады.

«Шәһидтік» актілердің жақтаушылары өздерінің ұстанымдарының дұрыстығына дәлел ретінде, сондай-ақ, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Таифтың тұрғындарына қарсы катапульталарды қолданды дегенді келтіреді, ал олармен атқылау соғысушы да, соғыспаушы да адамдарды зақымдайды.

Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) әт-Таиф тұрғындарына қарсы катапульталарды қолдану фактісі өзінің сенімділігін дәлелдеуге мұқтаж. Барлық имамдардан ол туралы тек Ибн Хишәм ғана жеткізеді: «Маған өзім сенетін адам Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Исламда алғашқы рет әт-Таиф тұрғындарына қарсы катапульта қолданданғанын айтып берді». Ибн Хишәм. Жизнеописание Пророка Мухаммада, М.: Умма, 2001 г. – стр. 380.

Сөйтіп, бұл хадистің жеткізушілерінің тізбегі үзіліссіз болып табылмайды(2). Әт-Тирмизидің «әс-Сунән» жинағына келер болсақ, онда бұл дерек Умар ибн Харунның риуаятында келтіріледі, ал оның хадистері қабылданбайтын болып табылады, бұл туралы Ибн Хаджәр өзінің «Тахзиб әт-Тахзиб» кітабында айтқанындай. Сондықтан да, шейх әл-Әлбәни бұл деректі әлсіз деді. «Даиф Сунән Әби Дауд» (2762).

Ибн Саад та бұл деректі «әт-Табақат» кітабында басы Мақхульге барып тірелетін жеткізушілер тізбегімен келтіреді. Алайда бұл хадис «қайтарылып жіберілген» (мурсаль) болып табылып, әлсіз хадистер санатына жатады. Имам Муслим өзінің «әс-Сахих» жинағында Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілілігі мен сәлемі болсын) әт-Таифті қырық күн бойы қоршауда ұстағаны туралы жеткізеді. Алайда ол катапульта қолдану туралы еш нәрсе айтпайды.

Егер тіпті Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) катапульталарды қолдануы туралы дерек сахих дегеннің өзінде де, одан тек түнгі шабуылдаулар кезінде соғысқа қабілетсіз тұрғындардың өліміне қасақана емес түрде ықпал етуге рұқсат етіледі деген қорытынды ғана шығаруға болады. Ал қасақана өлтіруге қатаң тыйым салынады.  Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) катапульталарды қолдануға мәжбүр болған болуы мүмкін, өйткені Сәкиф тайпасы қамалға бекініп, оларды атқылап, күніне он екі мұсылманнан өлтіріп,  мұсылмандарды қатты мазалаған еді. Сондықтан Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) катапульталарды адамдарды өлтіру үшін емес,  тек қабырғаларды бұзу үшін қолдануға мәжбүр болған болуы мүмкін еді, бұл кенеттен жасалынған түнгі шабуылдың барысында орын алған болса да.

Бұдан тыс, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мұсылман адамға шайқас кезінде өз өмірін өлім қауіпіне салуға рұқсат ететін еді, алайда ол өзін-өзі қасақана өлтіруге тіпті шайқас кезінде де тыйым салған. Жанама түрде өз қазасына себепші болу – өзін-өзі қасақана өлтіруге рұқсат етілгендікті білдірмейді.

Қалай болған жағдайда да, айтылғанның барлығы азаматтық киім киіп алған адамдар автобекеттерге, ресторандарға, магазиндерге, театрларға кіріп барып, сол жерде жарылыстар жасайтын жағдайларға емес, екі жақ та шайқасуға дайын болған тек соғыс майданында орын алатын нәрсеге қатысты. Мұндай операциялардың нәтижесінде кімдер өледі? Шариғат бойынша өлтіруге тыйым салынған бейбіт азаматтар! Бұдан тыс, бұл жарылыстардан зардап шеккендердің арасында дұшпандарға ешқандай қатысы жоқ адамдар, соның ішінде мұсылмандардың өздері де,  болуы мүмкін.

Жиі жағдайда дәл солай болады да, өйткені мұндай операциялар соқыр түрде жасалады және орындаушыларының таңдауна тәуелді болады.

Егер, мысалы, Мароккода, Ресейде, Индонезияда және Сауд Арабиясында орын алған актілерді мұқият талдау жасаса, олардан тек бейбіт тұрғындар ғана зардап тартқанын көреміз.

Сондықтан да, азаматтық ұшақтарды басып алу «модасы» пайда болған кезде, Сауд Арабиясынан және өзге елдерден болған Сүннеттің жақтаушылары бұған қарсы шығып, бүкіл әлемге осы әрекеттердің тыйым салынған (харам) және Ислам тарапынан айыпталатын қылмыс екендігін жариялады. Сауд Арабиясы зардап шекпесе де, Саудияның әт-Таиф қаласында Сауд Арабиясының ірі ғалымдары Кеңесінің толығымен осы мәселеге арналған 32-отырысы өтті. Бұл отырыс 1409 жылдың 12-18 мухаррамында (31.08.1988) өтті. Кейбір мұсылман және мұсылман емес елдерінде жазықсыз адамдардың қаза болуына және азаматтық мал-мүлік пен қоғамдық объектілердің жойылуына келтірген бірнеше зорлық және зиянкестік актілер туралы мәліметтердің негізінде, ұзаққа созылған талқылаулардан және дәлелдер мен қасиетті мәтіндерді зерттеген соң бір ауызды  ғалымдардың мына шешімі қабылданды: мұндай зорлық актілерін жасаушылар өлім жазасына лайықты(3).

Ескертпелер:

1. Түнгі шабуылдау (әл-баят) – дұшпанға түнгі мерзімде жасалатын кенеттен шабуыл жасау. Ол іске асырылған кезде шайқасқа қатыспайтындар да (әйелдер, балалар, т.б.) зардап шегуі мүмкін.

2. Бұл оқиға,  сондай-ақ, әл-Мубаракфуриде әт-Таифті қоршауға алуды сипаттаған кезде келтіріледі, бірақ автор да бұл хадистің жеткізушілерінің тізбегін келтірмейді.

3. Хиджра жыл санауының 12.01.1409 ж. № 148-шешім (Ислам құқығы Академиясының журналынан, № 2, 181-бет).

Мүмін адамға өзін-өзі өлтіруіне тыйым салынады, оны бұған не мәжбүрлесе де
Әбу Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Кітаптың ең көлемді бөлігін ««Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың дәйектері және оларды теріске шығару» атты тарау алады. Онда автор адасушылардың негізгі дәйектеріне бірме-бір тоқталып, оларды Құран және Сүннеттің мәтіндерімен және ғалымдардың пікірлерімен теріске шығарады.

Мәжбүр болған қажеттілік кезінде өзін-өзі өлтіру рұқсат етілетіндігі туралы пікір – қате болып табылады. Шариғат мұсылман адамға өзін-өзі қасақана өлтіруге тыйым салады. Аллаһ Тағала мүміндерге былай деп айтады: «Және өздеріңді-өздерің (бір-біріңді) өлтірмеңдер. Өйткені Аллаһ сендерге ерекше мейірімді. Ал кім осы айтылғанды дұшпандықпен және зұлымдықпен істесе, оны жақында отқа саламыз. Бұл Аллаһқа оңай». (ән-Нисә; 29-30).

Аллаһ Тағала: «…дұшпандықпен және зұлымдықпен», – деп айтып, өзін-өзі не өзгелерді абайсыздықпен (қасақана емес) өлтіруді, сондай-ақ, Шариғат бойынша өлім жазасына лайық болғандарды, немесе мұсылман әмірі яки оның орынбасары тарапынан жаза тағайындалған адамды өлім жазасымен жазалауды (бұл аяттың үкімінен) бөліп шығарды.

Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Сендерден бұрын өмір сүргендердің арасында жарақаты бар бір адам өмір сүрген еді. Ол, сабырлық танытпай, пышақты алып, өзінің қолын кесті. Төгіле бастаған қан ол өлгенге дейін тоқтамады. Ал сонда Аллаһ Тағала былай деді: «Құлым өзін-өзін өлтіріп, Мені озды және Мен оған Жәннәтті харам етемін». (1)    әл-Бухари.

«Шәһидтік» актілер рұқсат етілген деп санайтындар өздерінің ұстанымын кез-келген сарбаз шайқасқа кірісіп, өзін-өзі қаза болуға қияды дегенмен дәйектейді. Ал, өлімді шарт ету де – тікелей өлтіруге тең өлтірудің себебіне айналады (дейді).

Бұл дәйекке жауап беріп, мен мынаны айтамын: өлтіру қасақана түрде шарт етілетін жағдай мен өлімнің себебі қасақана емес түрде туындатқызылатын жағдайдың арасында қияс жасау (оларды бірдей көріп, үкім шығару) – қате болып табылады. Қандайда бір адамның өлтірілуне қасақана себепкер болған адам – адам өлтіруші болып табылады. Егер адам өзінің өлуінің себебін өзі мақсатты түрде туындатса, онда оны өзін-өзі өлтіруші деп есептеу және ол өзін-өзі өлтіріп, Раббысының алдына озып шықты деп айту – әділетті болады, өйткені ол Аллаһ оған жеңілдік, немесе өлім, жеңіс, немесе дін үшін шәһидтік өлім сыйлауын күтпеді. Алайда, шайқас майданында қаза тапқан сарбаз өзін-өзі қасақана өлтірді деп есептеу – қате болып табылады. Ол мерзімінен бұрын өзін-өзі өлтірді деп айту да – тура сол сияқты, қате сөз болып табылады, өйткені, сарбаз қаза болуы жорамалданатын нәрсеге ұмтылып, Раббысының жолындағы шәһидтік өлімді көксесе де, ол мұны Аллаһ Тағаланың рахметі және мейірімімен жасаған  сыйы ретінде күтеді.

Аллаһ Тағала былай деген: «Мүміндерден, Аллаһқа деген уәделерін шындыққа шығарған ерлер бар: Олардан кейбіреуі жанын құрбан қылды. Және кейбіреуі күтуде. Олар серттерін әсте ауыстырмады». (әл-Әхзаб; 23).

Сөйтіп, Аллаһ Тағала, бұл аятта қазірше тірі қалған мүмін ерлерді сипаттап, олар шайқаста және сертті орындауда бекем болып, өздерінің мерзімін күтетініне нұсқады. Ал, өлімді күту оған деген Аллаһ тыйым салған мерзімнен бұрын ұмтылумен үйлеспейді.

Әбу Саид әл-Худри, Аллаһ оған разы болсын, баяндаған хадисте Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Қиямет Күні Аллаһтың алдындағы ең жақсы джихад – бірінші қатарда шайқасатын және өлтірілгенінше бетін кері бұрмайтындардың джихады болады. Олар Жәннәттің ең жоғарғы мекендерінде болады және оларға Раббысы күлімсіреп қарайды. Ал егер Раббың кімге күлімсіреп қараса, оның есеп беруі болмайды». Бұл хадисті Ибн Әбу Шәйба (4/569), әт-Табәрани, Әбу Йәълә, Ибн әл-Мубәрак «әл-Джихад» кітабында, Әбу Нуәйм «әл-Хилья» кітабында т.б. жеткізген. Әл-Мунзири бұл хадистің жеткізушілері шыншыл деген. Шейх әл-Әлбәни «Сахих әт-Тарғиб уә әт-Тархиб» (1372) жинағында оны хасан деп берген.

Аталған аятта және хадисте айтылған нәрселер Шариғат мақұлдаған барлық әскери қимылдар мен ерліктерде болады. Алайда бұл ерліктер, егер мұсылман адам осыны өзін-өзі құрбан ету және ерлік ретінде жасаса, ол өз қолымен өзін-өзі өлтіре алады, деп есептейтіндер тарапынан қателікпен дәйек ретінде қолданылады.

«Шәһидтік» актілердің жақтаушылары өздерінің дәйектерінің қатарында Әбу Талха шайқас кезінде өзімен Пайғамбарды (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қорғағанын (2) , Али Меккеден Мәдинаға қоныс тебу (хиджра) түнінде Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) төсегіне жатқанын, ал бір мұсылман қорғаусыз және сауытсыз болған күйде көп санды кәпірлерге шабуыл жасағанын да атап кетеді(3) .

Бұл дәйектердің барлығына жауап беріп, мынаны айту қажет: қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін әрекеттерді жасаумен қоса Аллаһ Тағаланың рахметін, Оның әмірі мен шешімін күту – Шариғат мақұлдайтын әскери операциялардың және ерліктердің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады, алайда олар мерзімнен бұрын асығыстықпен өлімге ұмтылумен сыйыспайды. Ал, өзін құрбан ету ретінде өзін-өзі мақсатты түрде өлтіретіннің әрекеті өзіне бір мерзімде істі орындауы мен мақсатқа жетуі болған күтуді қамтымайды.  Жоқ, мұндай адам өзінің таңдауы бойынша өзін өлтіріп, өзінің жанын өзі алып, Раббысынынан озып кетеді.

Ескертпелер:

1. Өзін-өзі өлтіру актілерін рұқсат ететіндер бұл хадистің мағынасын жөнді түсінбеген. Олар Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) «Сабыр етпей» деген сөздеріне жармасып алып: «Дәл осы сөздер осы адамның әрекеті өзін-өзі өлтіру болғанына нұсқап тұр. Ал, өздерін жарып тастауға батылдығы жеткен муджәхидтерге келер болсақ, олар бұл әрекеттерді өмірлік қиындықтарға сабыр ете алмағандығынан жасамайды», – дейді.

Ешкім бұл ескертуді теріске шығармайды да. Алайда өзін-өзі өлтіру актілерінің жақтаушылары хадистегі басқа да өте маңызды сөздерге назар салмады, нақты айтқанда Аллаһ Тағаланың: «Менің құлым өзін-өзі өлтіріп, Мені өзды», – деген сөздеріне. Бұл сөздер сөзболып жатқан адамның өз қолымен өзін-өзіөлтіруге асыққанына нұсқайды. Міне осы – барлық өзін-өзі өлтірушілерді, суицидтің мотиві қандай болғанына қарамастан, біріктіретін нәрсе. Қалайша өзгеше болуы мүмкін, өйткені дұшпанмен күресуде нәтижелі және өзін-өзіөлтіруді талап етпейтін өзін-өзі құрбан етудің және өзін қиюдың жүздеген ерекше түрлері бар емес пе?!

Менің ойымша, өзін-өзі өлтіруді өздері айтпақшы «өзін құрбан ету» ретінде барушылар да сабырлықты жоғалтып, күдер үзді, өйткені ұсталып, жазаланудан қорқып, табандылық танытқысы келмей, осылайша дұшпаннан құтылуды көксейді.

Өзін-өзі өлтіруде олар дұшпанның өздері төзе алмайтын қинауынан құтылуды көреді. Бұл – күдерсіздік пен табансыздықтан өзге не? Сонымен бірге мен адамның шынайы ниеті жүректер мен жандар жасырып жатқанның барлығын білетін тек Аллаһқа ғана аян екендігін толығымен және тұтас мойындаймын.

2. Әнәс, Аллаһ оған разы болсын, Әбу Тальханың Ухуд соғысы кезінде садақ атып, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) алтында тұрғанын баяндаған. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оның артында қалқанның артында тұрғандай тұрды. Әбу Тальха керемет мерген еді.  Әрбір жебесін атқан кезде, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мойнын созып, ол кімге барып тигенін қарайтын. Сол кезде Әбу Тальха көкірегін керіп: «Уа, Аллаһтың Елшісі, Менің ата-анам сен үшін төлеу болсын! Сені оқ алмайды, өйткені менің көкірегім сенің көкірегіңнің алдында ғой!» – дейтін. Әбу Тальха Пайғамбардың алдыннан кетпей: «Мен табандымын, уа Аллаһтың Елшісі, мені өзің қажет деп санаған жеріңе бағытта және маған қалағаныңды бұйыр». (әл-Бухари).

(3)Әл-Бәйхақи өзінің«әс-Сунәнында», «Өз еркімен өлімге баратындар туралы» тарауында: «әш-Шәфиъи былай деп айтқан: «Бәдр күні ансарлардың біріне Пайғамбар осыда қандай игілік бар екендігін мәлімдегенде, ол қорғалмаған күйінде көпқұдайшылдардың тобына өзін тастап, қаза тапты». Әл-Бәйхақи: «Бұл адамның есімі – Әуф ибн Әфраа еді. Бұл жөнінде Ибн Исхақ атап кеткен», – деді. Тура сол тарауда әл-Бәйхақи  Умейр ибн  Әл-Хумәмның, Әнәс ибн ән-Нәдрдің және басқа да сахабалардың оқиғаларын келтіреді.

«Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың дәйектері және оларды теріске шығару
Әбу Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Кітаптың ең көлемді бөлігін ««Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың дәйектері және оларды теріске шығару» атты тарау алады.Онда автор адасушылардың негізгі дәйектеріне бірме-бір тоқталып, оларды Құран және Сүннеттің мәтіндерімен және ғалымдардың пікірлерімен теріске шығарады.

Күмәндіден қашқақтаудың қажеттілігі

Қазіргі заманның кейбір діндар-ғалымдары мұсылман адамға, егер ол осыны өзін құрбан ету ретінде жасаса, мақсатты түрде өзінің жанын қиюына(1)  рұқсат етіледі деп есептейді. Алайда көптеген ғалымдар, соның ішінде имам Абд әл-Азиз ибн Баз, имам Мухаммад әл-Усәймин, имам-мухаддис Мухаммад Нәсир әд-Дин әл-Әлбәни, шейх Салих ибн Фәузан әл-Фәузан, шейх Абд әл-Азиз ибн Абдуллаһ Әл әш-Шейх т.б. сынды көрнекті діндарлар, мұндайға тыйым салған.

Рұқсат етілген мен тыйым салынғанның арасындағы маңызды келіспеушіліктер бар барлық нәрселер  күмәндіге (шубухәт) жатады, өйткені Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында рұқсат етілген де – айқын, тыйым салынған да – айқын, ал олардың арасында  – ол туралы көп адамдарда білім болмаған күмәнді нәрселер бар.  Сондықтан, кім күмәндіден қашқақтаса – діні мен ар-намысын қауіп-қатерден қоршайды, ал кім күмәндіге түссе – тыйым салынғанға түсудің ернеуінде болады». әл-Бухари және Муслим.

Сауд Арабиясы Корольдігінің бас муфтиі шейх Абд әл-Азиз ибн Абдуллаһ Әл әш-Шейх қазіргі замандағы «шәһидтік» актілеріне байланысты былай деген: «Мен бұл операциялар үшін ешбір шариғи негізді білмеймін және оларды Аллаһтың жолындағы джихад деп есептемеймін. Олар өзін-өзі өлтіруге жататады деп қорқамын».(2)

Бұл әп-айқын сөздер «шәһидтік» актілерді жақтаушылар жүгінетін ислам тарихынан алынған фактілер – бұл актілердің рұқсат етілгендігіне дәлел болып табылмайтындығын нақты түсіндіреді. Демек, біз қарап жатқан актілер – қашқақтау қажетті болған күмәнді нәрсеге жатады. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Өзіңде күмән туғызатынды таста да, күмән туғызбайтынға жүгін». Бұл сахих хадисті әт-Тирмизи, ән-Нәсаи және басқа мухаддистер жеткізген.

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), сондай-ақ, былай деген: «Өздерің мен тыйым салынғанның арасында рұқсат етілгеннің қорғанын орнатыңдар». Бұл сахих хадисті әт-Тирмизи және ибн Хиббән жеткізген.

Күмәнді нәрселерге жеңіл-желпі қарау – тақуа емес адамдарға тән сипат. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Аллаһтың құлы айыпталатын нәрселерден қауіптеніп қандайда бір айыпталмайтын нәрсені тастамайынша тақуалыққа қол жеткізбейді». Бұл хадисті әт-Тирмизи және басқа мухаддистер жеткізген. Әл-Хаким және әз-Захаби бұл хадисті сахих деген.

Мұның үстіне, сахих шариғи мәтіндер өзін-өзі өлтірудің тыйым салынғандығына нақты түрде нұсқайды. Сондықтан да келіспеушіліктің болғанын есепке алмаған жөн. Білім – білімсіздікке қарсы дәйек, соның ішінде осы мәселе бойынша да.

Ескертпелер:

1. Қалайша өзін-өзіөлтіру өзін құрбан ету болып саналатынын мен білмеймін. Бұл екі нәрсе үйлеспейді, өйткені өзін-өзі өлтіруші, бірінші кезекте, өзінен өзі құтылады. Қалайша ол өзгелер үшін құрбан бола алады? «Шәһидтік» актілерді рұқсат ететіндер оларды  өзін-өзі құрбан етумен салыстырғанда, мұндай актілерді орындаушылардың ниеті өзін-өзі өлтіру болмайтынынын меңзейді, өйткені олар бұған өздерін өзгелер үшін құрбандық етуді қалап барады дейді. Мұндай идеялар жауыздыққа кең есік ашады, өйткені олардың негізінде мүмін адам, егер оны өзін-өзі құрбан етумен ұқсас келетін жақсы ниет итермелесе, өзінің омірін өзі тоқтата алады деген қорытынды шығарылуы мүмкін. Алдын біз жақсы ниет харам нәрсені халәл етпейді дегенге нұсқаған болатынмыз. Мысалы, мүмін адам солдат әйелден қандайда бір әскери құпияларды біліп алу үшін онымен достық қатынас орнатады және ол оған сенуге дайын делік, бірақ ол үшін әлгі мүмін онымен зина жасауы керек. Шариғат осындайға баруға рұқсат етеді ме?! Ешқандай күмәнсіз, мұндай нәрсеге жол берілмейді, тіпті егер адам ең ізгі ниеттермен әрекеттенсе де. Ал өзін-өзі өлтіру зинақорлыққа қарағанда едәуір ауыр қылмыс болып табылады. Сондықтан да, өзін-өзі құрбандық ету ретіндегі өзін-өзі өлтірудің тыйым салынғандығы туралы пікір, зинақорлықтың тыйым салынғандығы туралы пікірден де дәйектірек болып табылады.

2.Мен бұқаралық ақпарат құралдарының бұл актілердің барлығы уахабилер тарапынан ұйымдастырылады деп, адамдарды адасушылыққа салып жатқанынына таң қаламын. Сіздің алдыңызда шейх мухаммад ибн Абд әл-Уәххабтың шақыруының шынайы мәнін түсінбейтіндер «уәххаби» деп аталатын мемлекеттің бас муфтиінің сөзі.

Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Әл әш-Шейхқа дейін тура осыны Сауд Арабиясының бұрыңғы муфтиі шейх Ибн Баз және оның көрнекті оқушысы шейх Ибн Усаймин айтқан болатын. Ал, не үшін олардың барлығы бұл актілердің тыйым салынғандығы туралы айтқан еді? Өйткені, Исламның шынайы үкімі осындай. Бұл мәселені ашып көрсетуге объективті және әділетті түрде кірісу және бұл екі ұғымның, яғни «уаххабизм» мен экстремизмнің арсын жіктеп бөлу қажет. Бұл сөздер синоним болып еместігін және синоним болыла алмайтынын  ұғып алу қажет, өйткені орыс тіліндегі Үлкен Энциклопедиялық Сөздіктің (Большой Энцеклопедический словарь) берген анықтамасы бойынша: «экстремизм – шеткі көзқарастарды, іс-шараларды (әдетте саясатта) жақтау («экстремизм – приверженность к крайним взглядам, мерам (обычно в политике)»), ал «уәххабизм – Исламды (діни жаңалықтардан – ред. еск.) тазалауды және әдет-салттардың қарапайымдылығын жақтайтын діни-саяси ағым («ваххабизм – религиозно-политическое течение, ратующее за очищение ислама (от религиозных нововведений – прим. редактора) и простоту нравов». (См. Большой Энциклопедический Словарь под редакцией А.М. Прохорова)). Ал, «уәххабизм» терминіне келер болсақ, РҒА Африка Институтының директоры және «Азия и Африка сегодня» журналының бас редакторы А.М.Васильев былай деп жазады: «Уәххабизм» – бұл қозғалысқа оның қарсыластары, немесе жәй арабиялық еместер берген атауы» (»«Ваххабизм» – это название, данное этому движению его противниками или же просто неаравийцами». )

Басқа жағынан мына сұраққа жауап алу да қажет: егер осы операциялардың барлығының себебі «уәххабизм» болса, онда не үшін олар «уәххаби» мемлекетінің өзін сілкіндіруін тоқтатпайды?! Жауап анық: өйткені солай деп аталатын «уәххабизм» осы жиіркенішті қылмыстарға еш қатыссыз!

Бұл жерде анық және ашық түрде мынаны мәлімдеу қажет: экстремизмнің заманауи көріністерінің 2.және «шәһидтік» деп аталып кеткен актілердің тамырын 20-ғасырдың бірінші жартысында пайда болған адасқан ағымдардың идеологиясында іздеу қажет. Сөз, ең алдымен, Мысырда Хасан әл-Бәннә тарапынан құрылған «ихуән әл-муслимун» («Мұсылман-бауырлар») қозғалысы жайында болуда. Саид Кутб тарапынан жасалынған бұл қозғалыстың идеологиясы өз актілер өткізуде ислам атын жабылатын қазіргі заман экстремистік ұйымдарының басым бөлігінің негізінде жатыр.

Негіз қалаушы ережелер
Әбу Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз

Негіз қалаушы ережелер

Ғалымдардың арасындағы бұл мәселе бойынша келіспеушіліктердің бір себебі болып төменде келтірілген кейбір негізгі ережелерге әртүрлі тәсілдерді қолдану болып табылады.

Ескертпе: Атап айтқанда, бұл пікірді шейх М2шхур бин Хасан бин Салмән ұстанады. «әл-Асалә» журналың, № 37 қараңыз.

Бірінші ереже: Кез-келген әрекеттің пайдасы мен зиянын өлшеу керек.

Қандайда бір іс-әрекеттің зиянды, немесе пайдалы екендігін анықтау оның мәнін нақты тұспалдаусыз мүмкін емес. Сонымен бірге осы салада білім мен тәжірибеге ие болған адамдарға жүгіну де қажет. Әскери мамандардың пікірі бойынша «шәһидтік» актілер қарсыласты түреуішпен шаншуға ұқсайды, өйткені олар кездейсоқ жасалады, үлкен көлемге және тұрақты сипатқа ие болмайды және тіпті дұшпанға үлкен шығын да келтірмейді.   Олар қарсыластың салмақты жеңілістеріне алып келмейді және оны шегінуге мәжбүрлемейді. Олар қарсылас үстінен жеңісті де қамтамасыз  етпейді, тек оның ашу-ызасын одан сайын күшейтіп, оны жоспарлары мен тактикасын өзгертуге мәжбүрлейді және бұл оның тарапынан жылдам және күтілмеген жауапқа әкеп соқтырады. Сөйтіп, бұл операциялар соғыста қойылатын мақсаттарға қол жеткізуді де қамтамасыз етпейді және көптеген жағдайда кесірлі зардаптарға соқтырып, жағдайды одан сайын қиындата түседі.

Осы орайда пайда мен зиянды өлшеу туралы ереже – жақсылыққа үндеп жамандықтан тыюға қатысты ұйғарымға ұқсас келеді. Бұл ұйғарымның мағынасы – егер бір жамандықты жою оданда үлкен жамандыққа әкелетін болса мұндай іс-әрекетке тыйым салынады. Ал егер жамандықты жою (әрекеті) соған теңдес жамандыққа келтіретін болса, онда мұндай жағдай бір мағыналы бағалауға ие емес. Қараңыз: Мәшхур бин Хасан бин Салмән. «Ас-Саләфиййун ва Кадийят Филистин».

Көрнекті ғалым Абд әл-Ләтиф ибн Абд әр-Рахмән Әл әш-Шейх былай деп жазған: «Аллаһтың қандайда бір заң-ережелерін орнатуының мақсаты болып – мүмкіндігінше пайдаға қол жеткізу және зиянды жою болып табылады. Кейде зиянды тек қана одан зияны аздау болған іс-әрекетпен жою мүмкін болады. Және, керісінше, кейде пайдалы іс-әрекеттен бас тарту арқылы  пайдаға қол жеткізуге болады. Кез-келген жағдайда уақытты, жағдайларды және тұлғаларды есепке алу қажет. Кім осыларды елемесе, немесе назарынан тыс қалдырса, дінге және адамдарға қатысты ең үлкен күнәлардың бірін жасайды». «әд-Дурар әс-Сәнийя» (8/65).

Әскери қимылдарды және джихадты жүргізумен байланысты мәселелер едәуір маңызды және нәзік болып табылады, өйткені олар мұсылман үмметінің сақталып қалуының өзіне қатысты. Соғыс не адамдарға құтылу әкеледі, не оларды опат етеді. Бір жағынан, мұндай мәселелердегі қателіктер адамдардың қаза болуының және олардың мал-мүлкінің жойылуының себебі болады, ал басқа жағынан – олар үшін абыройсыздық пен қорлануға айналады. Тарих соғыстарды ұмытпайды, оларды ұрпақтар есте сақтайды. Сондықтан да, осындай маңызды мәселелер бойынша сөз айтатын кез-келген біреу тәжірибеге және Құран мен Сүннет, сондай-ақ, мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарынан болған ізгі алдыңғы буындарымыздың мұрасы бойынша терең білімге ие болуы қажет. Бұдан тыс, мұндай үкімдерді шығарғанда білімдері жалпы тарапынан мойындалған ғалымдармен кеңес құрып, әуес-қалаулардан және эмоциялардан бас тарту керек.

Дәл осы нәрсе Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларымен мирас етілген еді. Мысалы, Сәхл ибн Хунәйф, Аллаһ одан разы болсын, былай деген: «Уа, адамдар! Өзіндік пікір-пайымдардан аулақ болыңдар! Мен Әбу Джәндәл Күні, егер соны жасай алғанымда, Пайғамбарға мойынсунудан бас тартуға әзір болғанымды еске аламын». әл-Бухари.

Ал, Умар ибн әл-Хаттаб, Аллаһ оған разы болсын, былай деді: «Уа, адамдар! Дінде өзіндік пайымдаулардан аулақ болыңдар! Мен, өзімнің пікіріме сүйеніп, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығын қайтарғанымды еске аламын. Аллаһпен ант етемін, мен өз наразылықтарымда қателескен едім. Бұл Әбу Джәндәл Күні орын алған еді».

Ескертпе: Бұл хадисті Әбу Йә’лә және әт-Табәрани жеткізген. Әбу Джәндәл Күні туралы дерек толығымен орыс тіліне аударылған мына кітаптарда келтіріледі: «Краткое изложение Сахих аль-Бухари», 1134 (2731, 2732), толкование Священного Корана Абдуррахмана ас-Саади (комментарий к суре «Победа» №48) и «Жизнь Пророка, да благословит его Аллах и да приветствует» (в оригинале «Ар-Рахик аль-Махтум») Сафи ар-Рахмана аль-Мубаракфури.

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) күрделі әскери жағдайларда өзінің сахабаларымен кеңескендігінде таң қаларлық жәйт жоқ. Ол (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Бәдр шайқасы күні кеңес сұрап оларға жүгінгенде, Хәббәб (Аллаһ оған разы болсын), су мұсылмандардың тылында қалуы үшін, әскери лагерьді кұдықтардың төменгі жағына құруға кеңес берді. Осының арқасында олар шөлін қандыру және дәрет алу мүмкіндігіне ие болды, ал мүшриктер бұл мүмкіндіктен айырылып қалды. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сол шайқаста тұтқынға алынған көпқұдайшылдардың тағдырын шешу үшін де сахабалармен кеңесті. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) құрайштықтар Бәдр шайқасында өлтірілгендеріне өш алу үшін мұсылмандарға қарсы жорыққа шыққанын естіп, Мәдинада қорғаныс құрып тұрып алғысы келгенде де олардан кеңес сұрады. Сонда сахабалар Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшылдардың алдынан шығуға кеңес береді, ал бұл, өз кезегінде, атақты Ухуд соғысына алып келді. Бұдан тыс, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшылдардың тайпалары мұсылмандарға қарсы біріккенде сахабаларынан кеңес сұраған еді және Салмән әл Фәрси (Аллаһ оған разы болсын) Мәдинаға кіруді бөгейтін ор қазу туралы кеңес берді.

Ескертпе: Бұл оқиғалар туралы толығрақ Сафи әр-Рахмән әл-Мубаракфуридің «Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмірі» (түп нұсқасында «әр-Рахик әл-Мәхтум») және Ибн Хишәмнің «Мухаммед Пайғамбардың өмірбаяны» (түп нұсқасында «әс-Сира ән-Набәуийя») атты кітаптарынан білсе болады. Бұл екі кітап та орыс тіліне аударылған, алайда олардың біріншісінде, екіншісімен салыстырғанда, сахих деректер көбірек.

Жорымал жетістектермен соқыр болғандардың кейбіреулері: «Палестинадағы «шәһидтік» актілердің оң жақтары көп: «олар күрестегі батылдықты және Аллаһтың жолында мерт болуға дайындықты көрсетеді, мұсылман жерлерінде джихадтың басылып қалуына жол бермейді, еврей келімсектерінің Палестинаға ағылуының азаюына ықпал етеді және езгіге ұшыраған Палестинаның дауысын қалған әлемге жеткізеді», – деп айтуы мүмкін. Хамас» ұйымының сайтында «Палестина ғалымдары Одағының» ақпараттық бюллетенін қараңыз http://www.palestine-info.info.

Біз бұған: «Ешкім және ешқашан кейбір оң нәтижелерді жоққа шығармайды, алайда, өкінішке орай, бұл нәтижелер үлкен шөл далада жасалынған шыжыған күннің астындағы бассейнге ұқсайды», – деп айтуымыз қажет. Бұл бассейн суға толып үлгермей-ақ суы ұшып, ешкімге пайдасы тимей-ақ қайта құрғап қалады!

Бұдан тыс «джихадтың басылып қалуына жол бермейді» деген сөздер нені білдіреді?

Джихадтың дауысы ешқашан өшпеген. Аллаһтың Кітабы күндіз және түнде оқылып, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті сақталып тұрғанға дейін джихадтың дауысы өшпейді. Бірақ «шәһидтік» актілерді джихадқа жатқызу дұрыс емес, өйткені олар Қасиетті Құранға және Сүннетке қайшы келеді. Бұл әрекеттерді джихадқа жатқызу – джихад деген ұғымның өзін қаралау болады.

Түрлі ұлттағы әйелдер мен балаларға толы театрды басып алуды қалайша джихад деп айтуға болады?! Балалар мектебін басып алуды, ондағы жүздеген балаларды кепілдікке алуды және өлтіруді қалайша джихад деуге болады?! Жарылғыш заттарға толтырылған жүк көліктерін Найробидағы (Кения) және Дар-әс-Сәләмдағы (Танзания) Америка елшіліктерінің алдына қоюды, соның нәтижесінде жүздеген жазықсыз адамдардың қаза болуын қалайша джихад деп атауға болады?! Сөзге орай айта кететін жәйт – олар (қаза тапқандар) сол операцияның нысанасы болған американдықтар да емес еді, сол жарылыстардың құрбандары – түрлі мұсылман және мұсылман емес елдерінің жазықсыз азаматтары болды.

Айқын және баршаға жария түрде мынаны мәлімдеу қажет: Джихадтың бұл актілерге ешқандай қатысы жоқ және ол осы сияқты нәрселерден түпсіз алшақ!

Сондықтан да, ешқандай сылтаумен мұндай әрекеттерді джихад деп айтуға болмайді. Өзінің күш-қуаты жауыздықты жоюға, көзқарастер мен принциптерді, отан мен арды бағытталғанына сенетін бірде-бір солдат, бірде-бір қолбасшы мұндай актілерді орынды деп есептемейді.

Әскери джихад бұл –дұшпанмен соғыс майданында бетпе-бет кездесу кезінде адамдардың табандылық танытуы, қолбасшыға бағынуы, алға жүріп, артқа қашпауы. Солдат ақиқаттың үстем болуы үшін ыждағаттылық танытады. Ол Аллаһқа мойынсынудан бас тартпайды, зұлымдық жасамайды, жәбір тигізбейді, қанамайды және опасыздық жасамайды.  Құдайдың заңдарымен келген ақиқат – осы. Аллаһ Тағала былай деген: «Негізінде, Аллаһ әділдікті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан және жүгенсіздіктен тыяды. Сендерге насихат береді. Әрине түсінерсіңдер». (ән-Нәһл; 90);

«Расында елшілерімізді ашық мүғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітап пен Мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік». (әл-Хадид; 25);

«Әй мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ. Және Аллаһтан қорқыңдар. Күдіксіз, Аллаһ не істегендеріңнен толық хабар алушы». (әл-Мәидә; 8).

Бұл «шәһидтік» актілердің барлығы ешқашан палестиналықтарға және басқа да халықтарға жасалып жатқан зұлымдықтар мен жәбірлеулерді тоқтата алмайды. Палестиналықтардың дауысы (олар арқылы) әлемге жетпейді, әлемге түрлі елдердегі адамдарды саңырау етіп үлгерген олардың өткізіп жатқан операцияларының жаңғырығы жетіп барады. Олар наразылық және ыза тұғызды және барлық жерде ең алдымен осындай актілерді тоқтатуды талап етушілердің дауыстары шығуда. Барша тіпті қорғану мақсатында және отанды азат ету үшін осындай актілерді қолдану – орынсыз екендігіне бірауызды келіседі.

Жауыздық пен зұлымдық жауыздық және зұлымдықпен жойылмайды. Оларды тек әділдік және сабырмен жоюға болады. Бүлік пен бұзықтықты одан да жаман нәрсемен жою мүмкін емес. Оларды тек олардан жақсырақ нәрсемен жоюға болады. Дәл сол үшін де шейхуль-Ислам ибн Тәймийя былай деді: «Ақиқатында Аллаһ әділетті мемлекетке, тіпті ол кәпір болса да, көмектеседі және әділетсіз мемлекетті, тіпті ол мүмін болса да, көмексіз қалдырады». «Мәджму әл-Фәтауә» (28/63).

Әрине, түрлі орындарда және түрлі уақытта өткізіліп жатқан операциялардың нәтижелері бірдей емес. Алайда оларға қарсы ең күшті және көрнекі дәйек бұл –нақты фактілер және олардың көрнекі нәтижелері.  Сондықтан да, Палестина халқы Интифәда кезінде басынан өткізген қасіреттер туралы сандарды келтіруді жөн көрдім, оқырман оларды «шәһидтік» актілердің дұшпанға тигізген зиянымен салыстыруы және оларды жақтаушылардың тұжырымдарының негізсіз екенін түсінуі үшін.

Ескертпе: 29 қыркүйек 2000 ж. – 31 тамыз 2004 ж. аралығында израиль армиясының әрекеттерінің нәтижесінде 3529 палестиндық қаза тапты. Осыған сол мезетке тіркелген 151 адамның өлімін де қосу керек. Қаза тапқандардың арасында 18 жастан кіші 654 бала және 242 әйел бар. 115 адам бақылау өткізу пункттерінде өткізбей ұстаудың салдарынан ауырудан өлді; олардың арасында балалар, әйелдер, қарт адамдар, жүрек және бүйрек ауырумен, сондай ракпен ауратындар бар.

32 бомбылаулардың салдарынан қаза болды. 274 адам – арнайы жойылды, олардың 136  қастандық ұйымдастыру нәтижесінде. 46 палестина азаматтары еврей қоныстанушыларының шабуылдары кезінде қаза тапты.

344 қаза тапқан – ұлттық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері, 31 – жедел медициналық жәрдем  және азаматтық қорғаныс қызметкерлері, 9 – журналист және репортерлер, 220-спортсмендер болды. Жарақат алғандардың саны 42022 адам болды, олардың  тек 8435 алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

7400 қамауға және тұтқынға алынғандар израиль түрмелерінде жатыр, олардың 1318 – студенттер мен мектеп оқушылары, ұсталғандардың 465 – кәмелетке толмаған балалар.  5874 адамның қамауға алынғаны және 25 түрмелерге және изоляторларға орналастырылғаны тұтқындар істері бойынша министрлік тарапынан расталған.

196 қамауға алынған адам мұғалім және білім беру саласының қызметкерлері болып табылады. Түрмеге отырғызылғандардың 900 созылмалы ауырулармен ауырады. Қамауға алынғандардың 109 – әйелдер, олардың 41 – сотталған, 63 – уақытша ұсталған, бесеуі әкімшілік жауапкершілікке тартыумен ұақытша ұсталған.

Израиль агрессиясының нәтижесінде 583 қоғамдық ғимарат және қорғану құрылыстары қиратылды. 66095 үйлер толығымен немесе жартылай бұзылды. 12 мектеп және университеттер әскерилердің бұйрығымен жабылды, 1125 мектеп және жоғарғы оқу орындары жұмысын тоқтатты. 43 мектеп әскери казармаға айналдырылды. Оқ тиіп жарақаттанғаннан 697 оқушы және мұғалім, сондай-ақ, 4689 студен және қызметшілер қаза тапты.

62.542.480 шаршы метр жер бульдозерлермен тегістелді, 1145145 ағаш тамырымен жұлынды, 568 ауыл аруашылығы қоймалары, 581 мал және құс асырайтын фермалар, сондай-ақ, малға арналған қашалар бұзылды, 13866 бас қой мен ешкі өлтірілді, 299 құдық, 207 фермерлік үй, 1164 су қоймалары мен қауыздар бұзылды. Оққупацияның салдарынан 87 мың адам жұмысынан айырылды, ал бұл тұрғындардың 32,3 пайызын құрайды.

«Білгірлер» деп аталатындың кейбіреуі біз дұшпандарымызды олар «шәһидтік» актілерге жауап ретінде өз қылмыстарын жасап жатыр деп ақтайды деп бізге айып тағады. Бұл айыптауға жауап беріп, біз «Шәһидтік» актілер қаналғандардың дауысын қалған әлемге жеткізіп жатыр» деген тұжырымдаманы ғана теріске шығаратынымызды айтамыз. Керісінше, біз дәл осыған қарама-қарсы нәрсе болуда деп есептейміз.

«Шәһидтік» актілерді палестиналықтардың дұшпандары олардың үстінен өте аяусыз жазалауларды өткізуіне, құрбандары – екі жақтың азаматтық тұрғындары болған, күш тең болмаған соғыста олардың балаларын және мал-мүліктерін жоюына сылтау ретінде пайдалануда.

Көрнекті ғалым Ибн әл-Қаййим былай деген: “Адамдарға тек кітаптарда келтірілгеннің негізінде, олардың әдет ғұрыптарын, уақытты, орнын және жағдайларын ескермей, пәтуа беретін адам – өзі адасап, өзгелерді де адастырады. Мұндай муфтидің дінге қарсы жасап жатқан қылмысы – барлық адамдарды біріңғай медициналық кітап бойынша, жасайтын орын мен уақыттағы, темперамент пен әдеттегі ерекшіліктерді ескермей емдейтін дәрігердің қылмысынан жаман. Мұндай надан дәрігерлер мен муфтилер дінге және адамдардың денсаулығына ең үлкен зиян тигізеді. Ал біз тек Аллаһқа ғана көмек сұрап жүгінеміз”. «Иләм әл-Мууәқиин ән Рабб әл-Аләмин» (3/89).

«Шәһидтік» актілердің пайдалы нәтижелерін олардың зиянды салдарымен салыстыру – олардың спонтандық сипатымен, сондай-ақ, бүкіл дүние олардың нәтижелері туралы ақпаратты өздеріне пайдалы етіп беруге мүмкіндігі бар тек палестиналықтардың жауларынан еститінімен күрделенеді. Олар өздерінің ұйғарымы бойынша не олардың нәтижелері туралы айтпай қояды, не, керісінше, жасалған актілердің шынайы көлемін өздерінің мүдделеріне ыңғайлы етіп бұрмалап, қосып айтады. Бұдан тыс, палестиналықтардың дұшпандары, не өздерінің қолдарында, не олармен ынтымақтастықта болған бұқаралық ақпарат құралдары арқылы  қоғамдық пікірді манипуляциялап отыру мүмкіндігіне ие.

Екінші ереже: Игі ниеттің болуы амалдың ізгі болуы үшін жеткіліксіз

«Шәһидтік» актілерді жасауға барушы адамдар сол арқылы өзінің халқының жағдайын жақсартуды және дін үшін шәһид болғандардың сыйын алу үшін өзінің жанын құрбан етуді ниетенетініне күмән жоқ. Олар суицид (өзін-өзі өлтіру) туралы жоспарлар құрмайды және өзін-өзі өлтіруді көксемейді, өйткені оны орындау үшін басқа да жолдар жетіп асады. Олар, ешбір күмәнсіз, болашақ өмірлеріндегі жағдайына әсер ететін ізгі ниетке ие. Шейх-уль-ислам Ибн Тәймийя, өзін-өзі өлтіру Құранмен, Сүннетпен және ислам ғалымдарының бір ауызды келісімімен (иджмәъ) харам етілгендігін айтқан соң, былай деді: «Аллаһ тыйым салған өзін-өзі өлтіру мен Аллаһ әмір еткен жанды және мал-мүлікті саудаға салудың арасын ажырата білу қажет. Аллаһ Тағала былай деді: «Ақиқатында, Аллаһ мүміндерден олардың жандары мен мал-мүлкін Жәннәтқа айырбастап сатып алды». (әт-Таубә; 111). «Мәджму әл-Фәтауә» (25/272).

Басқа да мәселелердегідей, бұл мәселеде де критерий болып – адамның өзі дұрыс деп есептеген нәрсесі емес, Құран мен Сүннеттің заң-ережелері табылады, өйткені (бірінші аталған жағдайда) ол ізгі халифа Умар ибн Абд әл-Азиз оларды: «Аллаһқа айқын білімге сүйенбей ғибадат етуші адамдар пайда келтіретін нәрсенің басым бөлігін бүлдіреді», – деп  сипаттаған адамдардың қатарына кіріп кетуі мүмкін ғой.

Өзінің әуестері мен қалауларына бағынып, дұшпанға қарсы, ол қай жерде болса да, осындай ойсыз әрекеттерді жасауға шақыратын адасушылар дәл осындай жағдайда болып тұр. Бұған қоса, олар өздерінің әрекеттері іс жүзінде Исламның әлсіреуіне, оның жақтаушыларының опат болуына және елден айдалуына әкеп соқтыратындығы туралы ойланбайды да. Планетамыздың түкпір-түкпірінде мұсылмандардың басынан түсіп жатқан нәрселер – осындай ойсыз іс-әрекеттердің салдары болып табылады, ал бұл тағы да бір рет олардың кесірлі және бұзақы екендігін дәлелдейді.

«Аллаһтың разылы мен махабатына өз-өзіңе азап тигізу және қиындықтарға ұмтылу арқылы жеткізуге болмайтынын білу керек. Кейбір надандар амал қаншалықты қиын болса, ол соншалықты жақсы болады, сауаптың мөлшері қиындықтың дәрежесіне байланысты деп есептейді. Жоқ! Бұл – толығымен қате сенім! Амал үшін берілетін сауаптың мөлшері оның келтіретін пайдасына байланысты». Ибн Тәймийя, «Мәджму әл-Фәтауә» (25/281).

Аллаһ Тағала былай деді: «Бүкіл әкімшілік қолында болған АллаҺ – аса ұлы, Ол – әр нәрсеге күші толық жетуші. Ол – сендерді сынау үшін және кімнің амалдары жақсы болатынын көру үшін өлім мен өмірді жаратқан». (әл-Мульк; 1-2) Сөйтіп, бізден қалауларымызға ұнайтын емес,  ізгі, салиқалы және Аллаһқа ұнамды амалдарды орындау талап етіледі. Амалдар басқа адамдардың әрекеттеріне және болмыстың екпініне жауап (реакция) болмауы қажет.

Әл-Фудәйль ибн Ийәд, Аллаһ Тағаланың «кімнің амалдары жақсы болатынын» деген сөздеріне тафсир жасап, былай деді: “Бұл – кімнің амалдары дұрыс және ықыласты болады дегенді білдіреді». Одан: «Уа, Әбу Али! Ал, ықыласты және дұрыс деген нені білдіреді?» – деп сұрағанда, ол: «Ақиқатында, егер амалдар ықыласты болып, бірақ дұрыс болмаса – олар қабыл болмайды, және егер амалдар дұрыс болып, бірақ ықыласты болмаса – олар ықыласты және дұрыс болмайынша, қабыл болмайды. Ықыласты болып Аллаһ үшін орындалатыны табылады, ал дұрыс болып Сүннетке сәйкес орындалатыны табылады. Бұл жөнінде Аллаһ Тағаланың мына аятында айтылған: «Сондай-ақ, кім Раббысына жолығуды үміт етсе, сонда дұрыс амалдар істеп,  Раббысымен бірге ешкімге құлшылық етпесін”. (әл-Кәһф; 110)» Әбу Ну’айм  “әл-Хилья” 8/95.

Мүміндердің әмірі Умар ибн әл-Хаттаб, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһқа мынандай дұғамен жалбарынатын: «Уа, Аллаһ! Менің амалдарымның барлығын салиқалы және шың ықыласпен Сенің дидарың үшін орындалған, онда өзгелер үшін орындалғанның бөлшегі (де) болмайтын ет». «Мәджму әл-Фәтауә» (т.1/стр.334), Ибн Теймийя.

Шейх әл-Әлбәни, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Джихад – Аллаһ Тағала әмір еткен салиқалы амалдарға жататындығына күмән жоқ. Ол кейде – жеке міндет (фард айн), кейде – қоғамдық міндет (фард кифая)  болып табылады. Мұсылман үмметінің ұлылығы джихапен байланысты, ал егер мұсылмандар оны елемесе (оған мән бермесе), міндетті түрде ұлылықтан айырылады және сонда «Аллаһ оларға қорлық жібереді де, олар дініне қайта оралмайынша, одан оларды құтқармайды». Бұл хадисті Әбу Дауд, әт-Тирмизи және басқа да мухаддистер жеткізген. Шейх әл-Әлбәни бұл хадисті сахих деген. «Сахих Сунән Әби Дауд» (2956), «Сахих әл-Джәми’» (423), «Силсиләт әл-Ахадис әс-Сахиха» (11).

Ескертпе: Жеке міндеттілік (фард ‘айн) – әрбір мұсылманға міндетті болған бұйрық. Оларға, мысалы, күн сайын нмаза орындау, немесе Рамазан айында ораза ұстау жатады.

Ұжымдық міндеттілік (фард кифәйә) – жалпы мұсылмандарға міндетті болған бұйрық, егер мұсылмандардың жеткілікті саны оны орындаса, қалғандары бұл міндеттіліктен босатылады, алайда, егер мұсылмандардан ешкім бұл міндеттілікті орындамаса, күнә барлық мұсылмандарға түседі. Мұндай бұрықтарға, мысалы, жаназа намазы жатады.

Джихад – Аллаһқа құлшылық жасау болып табылатындығын және бұл құлшылық өте маңызды екендігін дәлелдеудің қажеті жоқ. Алайда, құлшылық партияның мүддесі, немесе туған жерді қорғау үшін емес, шын ықыласпен Аллаһ үшін болса ғана – қабыл болады. Жер түгелілімен Аллаһтың иелігінде, және Ол оның үстінен білік жүргізуді   Өзінің қалаған құлына сыйлайды.

Шейх әл-Әлбәни сондай-ақ былай деді: «Егер адам шын ықыласымен Аллаһ үшін джихад жасауды ниет етсе, ол осы үшін лайықты сыйын алатынына күмән жоқ. Алайда біз сөз етіп тұрған джихад  – Аллаһ жүргізуді бұырған джихад болып табылмайды.  Мен ниеттің өздігінше өте жақсы болып тұрғанын айтып тұрмын, өйткені адам джихад жасағысы келіп тұр ғой, алайда джихадты жүргізу үшін міндетті түрде, Аллаһ Тағала көпке белгілі: «Сендер де шамаларың келгенше әр түрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер.  Аллаһтыңның дұшпанын және өз дұшпаңдарыңды қорқыту үшін». (әл-Әнфәл 8: 60),  – аятта айтқанындай, дайындық қажет.

Джихад тек жарияланған кезде және оны жүргізуге дайындық болған жағдайда ғана джихад болады. Осы шарттар орындалғанда, джихадтан бас тартуға болмайды.

Ал, жеке біреулер, мейлі өзінің жерін қорғау мақсатымен болса да, көтеріп жүрген көтерілістерге келер болсақ, олар – джихад болып табылмайды. Әрине, дұшпан шабуыл жасағанда мұсылман жерлерін қорғау – міндетті болып табылады, бірақ, пайдаға қарағанда көбірек зиян әкелетін шабуылдаулар – барлық мұсылмандар шығуға міндетті болған джихад болып табылмайды.   Мұндай джихад туралы Аллаһ Тағала былай деген: «Егер олар шығуды қаласа, осыға дайындалар еді». (әт-Таубә 9: 46).

Сондықтан да, біз бұған бір неше рет нұсқағанымыздай, мұсылмандар ақыл тоқтатып, Шариғатты дұрыс түсініп, Аллаһтың заңына және дініне сәйкес келетін ықыласты және дұрыс амалдар жасауы керек. Міне сонда мүміндер Аллаһ Тағаланың көмегімен қуанады».  Тыңдаңыз “әт-Тахарри филь-Фәтуә” 2-кассета, Мәшхур бин Хасан бин Салмәнның «Әс-Саләфиййун уә Кадийят Филистин» кітабының негізінде (67-бет).

Сөйтіп, Аллаһқа ұнамды әрекетті жасау үшін жалғыз ниеттің өзі ғана жеткіліксіз. Шариғаттың басқа да заң-ережелерін орындау қажет. Нақтырақ айтқанда, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім өзін-өзі қандайда бір затпен өлтірген болса, Қиямет Күні сонысымен жазаланады». Бұл хадисті Әбу Хурайрадан және Саббит әд-Дәххақтан әл-Бухари және Муслим жеткізген. Дәл соны Әбу Әуәна да келтіреді.

Бұл хадис өзін-өзі қасақана өлтіргеннің барлығына, ешқандай ерекшелеусіз және мотивтер мен мақсаттарды есеп алусыз, қатысты. Ол қателікпен және мәжбүрлеумен емес, саналы түрде осындай таңдау жасап, өзін-өзі өлтіргенің барлығына қатысты қолданылады. Бұл хадисте қолданылатын арабтың «мән» (кім) сөзі, оған жалпыға бірдей маңыз береді, яғни хадис өзін-өзі өлтірген кез-келген адамды қамтиды. Бұдан тыс, хадистегі қорқыту әрекеттің мотивтері және мақсаттарына емес, әрекеттің өзіне байланысты болып тұр. Сөйтіп, өз еркімен өзін-өзі өлтірген әрбір адам күнә жасаған және рұқсат етілгеннің шегінен бұзып шыққан болады. Раббымыз: «Өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер» – деді. (ән-Нисә; 29)  Ерікті түрде өзін-өзі өлтіруге баратын адамға жоғарыда келтірілген хадистегі қорқыту таралады, алайда өзін-өзі құрбан ету актісін оның рұқсат етілгендігіне сеніп жасаған адам жазалаудан құтылады деген үміт қала береді.

Салиқалы ниет және болжамды пайда харам етілген нәрсені халәл етпейді және діндегі жаңалықтарды (биъаттарды) ақтамайды.  Ал күнә өзін-өзі өлтіруге оқталған адамды адасушылыққа салған және оған осындай «өзін-өзі құрбан етуді» халәл деп пәтуа шығарып берген адамның мойнына (да) түседі.

Үшінші ереже: Мұсылмандарға қарсы соғыспайтындарды өлтіруге тыйым салынады

Құран мен Сүннет, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), оның сахабаларының өмір баяны туралы кітаптар, мұсылман ғалымдарының еңбектері және діни-құқықтық мектептердің (мәзһабтардың) трактаттары соғыс әрекеттеріне қатысы жоқ адамдарды өлтіруге болмайтындығы туралы хабарларға толы. Бұған – әйелдер, қарттар, балалар – яғни бүгінгі күні «азаматтық тұрғындар» деп аталатындар, сондай-ақ, мұсылман жерлеріне қауіпсіздік кепілдігін (қазір бұл «кіру визасы» деп аталады) алып кірген мұсылман еместер жатады.

Ескертпе: Мұсылман еместер (غير المسلمين) төрт санатқа бөлінеді: зимми, му’ахид, мустәмән, харби.

1. Зиммий (الذمي) – мұсылман жерлерінде өмір сүруші кәпір. Ол жан басына төленетін джизья төлеуге міндетті және оған қатысты Исламның барлық заңдары жүреді. Джизья балалардан, әйелдерден, монахтардан, қарттардан, мүгедектерден және жұмыссыздардан алынбайды. Ол зиммилердің өздерінің медициналық және әлеуметтік қажеттіліктерін өтеуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге пайдаланылады. Зиммилерге әскери міндеттілік жүктелмейді.

2. Му’ахид (المعاهد) – оның мемлекеті мен мұсылман мемлекеті арасында белгілі мерзімге, немесе мерзімсіз келісім-шарт болған кәпір. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) құрайштықтармен 10 жылға соғысты тоқтату туралы бейбір келісім-шарт жасағаны мәлім. Мұндай келісім-шарттардың қазіргі заманауи нұсқаларына мемлекеттің халықаралық, немесе аймақтық ұйымдарға қатысуы жатады.

3. Мустәмән (مستأمن) – мемлекеті мұсылмандармен соғыс жағдайында болған, қандайда бір мұсылманнан мұсылман еліне рұқсат және қауіпсіздік кепілдігін алып кірген кәпір. Қауіпсіздік кепілдігінің мұндай заманауи нұсқалары болып – виза алу, кіруге рұқсат алу, кіру туралы штамп табылады.

Жоғарыда келтірілген осы үш санаттағы кәпірлердің өмірі қол сұғылмайтын болып табылады. Олар өз статустарына ие болып тұрғанынша ешкім олардың өміріне қастандық жасауға құқықты емес, өйткені Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кім муахадты өлтірсе, Жәннәттің хош иісін сезбейді, ал ол қырық жылдық жолдың ұзақтығына дейін сезіледі», – деп айтқанын баяндаған.  әл-Бухари.

Бұл хадисті әл-Бухари жеткізген. Аллаһ Тағала былай деді: «Егер (өлтірілген) сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек». (ән-Нисә; 92). Сөйтіп, тіпті қасақана жасалмаған қауіпсіздік кепілдігін алған кәпірді өлтіру үшін Аллаһ Тағала құн мен күнәні өтеуді тағайындаған. Онда қасақана өлтіру туралы не айтуға болады?! Мұндай жағдайда қылмыс едәуір ауырлау, ал күнә көбірек болады. Сондықтан да, шейх-уль-ислам Ибн Тәймийя өзін қауіпсіздеп ойлаған зиммиді қиянатшылдықпен өлтірген мұсылман өлім жазасымен жазалануы қажет деп есептеген. Осы пікірді мәлики мазхабының ғалымдары да ұстанады. Имам Әбу Ханифә мұсылман адам кез-келген зиммиді өлтіргені үшін өлім жазасына кесіледі деп есептеген. Адам өлтіруге тыйым салатын Құранның барлық аяттары сондай-ақ зиммилерге, муахадтарға және мустәмәндерге де қатысты күшке ие болып табылады.

4. Харбий (الحربي) (сөзбе-сөз »соғысқа қатысушы») – осы үш санатқа жатпайтын кәпір. Мұндай адам мұсылмандардың жеріне түсіп қалса, оның өмірі, мал-мүлкі және ар-намысы қол сұғылмайтын болып табылмайды, алайда, оларға қол сұғу тек мұсылманәмірінің рұқсатымен ғана мүмкін болады. Балалар, әйелдер және мүгедек ерлер бұларға жатпайды, оларды өлтіруге болмайды.

Мұсылмандарға жоғарыда аталған тұлғалардың санатына жататындардың өміріне қастандық жасауға тыйым салынады.

Төменде біз Сауд Арабиясы Корольдігі ірі ғалымдарының Кеңесі х.13.03.1424 ж. (15.05.2003) әр-Рияд қаласында өткен отырысында шығарған пәтуасын келтіреміз. Онда қиратулардың, сондай-ақ, көптеген мұсылмандар мен мұсылман еместердің жарақаттануына және қаза болуына себеп болған әр-Рияд қаласында х.11.03.1424 ж. орын алған жарылыстармен байланысты оқиғалар талқыланғын еді.

Кеңес, Шариғат дәлелдеріне сүйеніп, өміріне қол сұғуға болмайтындардың өміріне қастандық жасаудың тыйым салынғандығына мұсылмандар бір ауызды келіскендігі туралы қорытынды шығарды. Олардың қатарына: өміріне белгілі құқықсыз қастандық жасау тыйым салынған мұсылмандар;  мұсылман мемлекетінде өмір сүріп жатқан және оның қорғауында болған зиммилер; мұсылмандармен бейбіт келісім-шарты бар мемлекеттердің азаматтары – муахадтар; сондай-ақ, мұсылман еліне кіруге рұқсат және қауіпсіздік кепілдігін алған мустамәндар.

Абдуллаһ  инб Амр Пайғамбардың (Аллаһтың оған игіліліг мен сәлемі болсын): «Кім муахадты өлтірсе, Жәннәттің хош иісін сезбейді, ал ол қырық жылдық жолдың ұзақтығына дейін сезіледі«, – деп айтқанын баяндаған.  әл-Бухари.

Мұсылман әмірі қауіпсіздік кепілдігін беріп, мұсылман еліне кіруге рұқсат еткен адамның өмірі мен мал-мүлкіне  қол сұғылмайды және оған қастандық жасау рұқсат етілмейді. Кім осындай адамды өлтірсе, бұл жөнінде Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқандай, Жәннәттің хош иісін де сезбейді. Ақиқатында, осы – муахадтардың өміріне қастандық жасаушыларға айтылған әп-айқын қорқыту. Егер қандайда бір мұсылман қандайда бір кәпірді өзінің қорғауына алып, оған қауіпсіздік кепілдігін берген болса, бұл кепілдік үшін барша мұсылмандар жауап береді. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Барша мұсылмандардың қаны тең дәрежеде құнды, ал олардың ең ықпалсызы берген кепілдік олардың барлығының тарапынан орындалуы қажет». Бұл хадисті Әбу Дауд, әт-Тирмизи және Ибн Мәджәһ жеткізген. Шейх әл-Әлбәни хадисті хасан деген. «Сахих Сунән Аби Дауд» (2751), «Сахих әл-Джәми’» (6712), «Сахих Сунән Ибн Мәджәһ» (2172, 2173, 2174).

Бұдан тыс, өзін-өзі жарып, «шәһидтік» актілерді жасаушылар Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын):  «Кім өзін-өзі қандайда бір затпен өлтірген болса, Қиямет Күні сонысымен жазаланады», – дегендердің қатарына жатады. Бұл хадисті Әбу Хурайрадан және Саббит әд-Дәххақтан әл-Бухари және Муслим жеткізген. Дәл соны Әбу Әуәна да келтіреді.

Бұл пәтуаның соңында мұндай қылмыстарды жасау Исламның және мұсылмандардың мүддесіне қайшы келетіндігі түсіндіріледі. Онда, сондай-ақ, былай деп айтылады:  «Мұсылман халықтары бүгінгі күні жан-жақтан қол сұғып жатқан дұшпандардан зардап шегіп жатқанын және осы дұшпандар мұсылмандарға жасайтын шабуылдарын, мүміндерді қорлауды және оларға тиісті болған игіліктерді пайдалануды ақтайтын сылтаудың пайда болғанына қуанатынын барша біледі. Дұшпандарға мұсылмандарға қарсы әрекет жасауына сылтау жасап беріп, олардың мақсаттарын жүзеге асыруға көмектесетіндер мұсылмандарға айтуға келмейтін ұлы шығын тигізуге және олардың жеріне шабуыл жасауына ықпал етуде. Бұл – ең қорқынышты қылмыстардың бірі».

Өз тарапымнан мен қақысыз, адамды ғана емес, тіпті құсты да өлтіруге болмайтындығын ескертікім келеді.  Абдуллаһ ибн Амр, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндайды: «Аллаһ Тағала құсты, немесе содан үлкен нәрсені қақысыз  өлтіргеннің әрбірін жауапқа тартады». Адамдар: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Оның хақысы неде?» – деп сұрады. Ол (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Оның қақысы – оны дұрыс сойып, жеу, бірақ басын жұлып, тастау емес», – деп жауап берді. Бұл хадисті ән-Нәса’и және әл-Хаким жеткізген. Ибн Кәсир  «Иршәд әл-Фәких» (1/368) және әл-Әлбәни «әт-Тарғиб уа әт-Тархиб» (2266) кітаптарында бұл хадисті хасан деп атаған.

Төртінші ереже: Мұсылман адамға дұшпандарға олардың территориясында қиянат жасауына тыйым салынады, егер олар оған қауіпсіздік берген болса.

Ескертпе: Бұл бөлімді жазуда мен Фәйсал бин Кәзара әл-Джәсимнің «Кәшф әш-Шубухат фи Мәсәил әл-Ахд уә әл-Джихад» («Келісім-шарт және джихад мәселесінде күмәндарды жою») кітабын қолдандым.

Мұсылман емес елге кіруге ресми рұқсат және қауіпсіздік кепілдігін алып кіретін мұсылманға оның тұрғындарының өмірі мен мал-мүлкіне қол сұғуына және оларға қатысты қиянатшылдық танытуына рұқсат етілмейді, өйткені кіруге рұқсат және қауіпсіздік кепілдігі оған осы елдің тұрғындарының өміріне, мал-мүлкіне және ар-намысына оның тарапынан ешнәрсе қауіп төндірмейді деген шартпен беріледі. Бұл ережемен барлық мұсылман ғалымдары келіседі, өйткені қауіпсіздік берілген адамға деген кез-келген қол сұғушылық – қиянат және сатқындық болып табылады. Келісім-шарттарды орындауға шақыратын және оларды бұзуға тыйым салатын барлық аяттар мен хадистертердің осы проблемаға қатысы бар. Кейбір ислам ғалымдарының осы мәселе бойынша айтқан сөздерін келтіреміз.

Имам әш-Шәфи’и былай деген: «Егер мұсылмандардың тобы (дұшпан территориясына) қауіпсіздік кепілдігін беріп және алып, бейбітшілікпен кірген болса, дұшпанды, олар оның жерінен шығып кетпейінше, немесе өзара қауіпсіздік туралы келісім-шарттың мерзімі бітпейінше, мазалауға болмайды. Баяндалған жағдайда мұсылмандар оларға жамандық тигізуге және оларға қиянат жасауға құқықты емес. Ал егер дұшпан олардың территориясына  өзара қауіпсіздік кепілдігімен кірген қайдайда бір мұсылманның балалары мен әйелдерін тұтқындаған болса, мен сатқындық жасауды дұрыс деп есетемеймін, алайда бұл жағдайда мұсылмандар олардан кепілдікті қайтарып беруін және кепілдіктен бас тартуын талап етуі керек деп пайымдаймын. Осыны істеп болып, олар мұсылман әйелдері мен балаларын азат ету үшін соғысқа кірісуі қажет. «Әл-Умм», «Дұшпан елінде қауіпсіздік кепілдігін алған адам туралы» тарау.

Имам Ибн Кудама әл-Ханбали, Әл-Харакидің: “Кім дұшпан жеріне қауіпсіздік кепілдігін алып кірген болса, олардың мал-мүлкіне қиянатшылдықпен қол сұғуына, немесе олармен өсімқорлықпен айналысуына  құқығы болмайды», – деген сөздеріне қатысты былай деген: «Олардың өздеріне қатысты қиянат пен сатқындық туралы айтар болсақ, оған тыйым салынған, өйткені, олардың берген қауіпсіздік кепілдігі оларға қатысты сатқындық жасалмауын білдіреді.  Тіпті, бұл шарттар сөзбе- сөз келісілмеген болса да, мұның мәні әрекеттің өзінен айқын болып тұр. Сондықтан, мұсылман еместерден біреу бізден қауіпсіздік кепілдігін алып, бізге келіп, бізге қатысты қиянат жасаса, бұл олармен болған келісім-шарттың тоқтауын және бұзылуын білдіреді. Сөйтіп, мұсылмандарға қауіпсіздік кепілдігін алып, олардың еліне кіріп баратын мұсылман еместерге қатысты қиянат жасауға тыйым салынады, өйткені бұл – сатқындық болады, ал сатқындыққа біздің дінімізде орын жоқ. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мұсылмандар (келісім-шарттың) шарттарын адал орындаулары қажет»”. “әл-Муғни” 13/152. «Китаб әл-Джихад»(1674).

Ибн Джәзи әл-Малики былай деген: “Қауіпсіздік кепілдігін бұзу мен әскери қулықтың арасындағы айырмашылық – қауіпсіздік кепілдігі дұшпандарға қауіпсіздікке деген сенімділік ұсынады. Ал әскери қулық – әскери құпияларды жасыруға арналған шаралар болып табылады. Бұл шаралар дұшпанды жаңылыстырады және оны қарсыласы шегініп жатыр, немесе соғысқысы келмей жатыр деген қате ойға салады.  Бұл – дұшпанды абайсызда қалдырып, оның үстіне кенеттен түсу үшін жасалады. Әскери қулықтың түрлеріне (қарсыластың) назарын негізгі мақсаттан басқа жаққа аударып алып кету мақсатында (белгілі бір іс-әрекетті) симуляциялау, дұшпанның қатарына бөлінушілік салу, торуылдар ұйымдастыру, ұрыс барысындағы тактикалық шегіну т.б. жатады. Оған (әскери қулыққа) – өзіңді солардың бірі деп көрсету, дұшпанның дінін өтіріктен ұстану, дұшпан алдында ықыласты кеңесші ролін ойнап, сол арқылы дұшпанның сенімін пайдаланып, қиянатшылдықпен оны жәбірге ұшырату жатпайды. Бұл тәсілдерді қолдануға болмайды және олар – сатқындық болып табылады”. «Әл-Кәуәнин әл-Фиқхийя».

Имам Әбу Ханифаның серігі имам Мухаммад бин әл-Хасан әш-Шәйбәни былай деген: “Егер мұсылмандардың тобы олармен соғысушы кәпірлерге келіп: «Біз – халифаның елшілеріміз», – десе, және  қандайда бір қағазды халифаның хаты деп шығарып көрсетсе, немесе еш нәрсені шығарып көрсетпесе де, онда бұл – көпқұдайшылдарға қатысты сатқындық болады! Ал, егер оларға: «Кіре беріңдер!» – деп айтылса, және олар дұшпан территориясына кірсе, онда олар олардың жерінде болған кезінде дұшпандардан ешкімді өлтірулеріне және олардың мал-мүлкінен қандайда бір затты алуға  рұқсат етілмейді!” Қараңыз “әс-Сияр” 2/66.

Имам әс-Сархаси бұл сөздерге түсіндірме жасап, былай деген: «Мұндай жүріс-тұрыстың қажеттілігі, егер бұл адамдар шындығында да өздерін солар деп көрсеткендерден (халифаның адамдарынан) болғанда, оларға дұшпан тарапынан қауіпсіздік берілуге тиіс болатындығынан туындайды, дұшпанға да олардың тарапынан қауіпсіздік берілуі сияқты. Оларға дұшпандардарға қандайда бір жолмен қастандық жасауына рұқсат етілмейді. Біз алдын нұсқағанымыздай, дұшпандардың еліне кіріп барған елшілерге қатысты жүретін заң осылай».

Қауіпсіздікті алуға қандадайда бір нұсқаулар болған жағдайда да осылай болмақ.

«Егер олар дұшпандарды қиянатшылдықпен өлтіруді қалап, бірақ өздерін сауда жасау үшін келген саудагер деп атағанда да, іс осылай болуға тиіс еді. Бұл жағдайда қарсыластың өміріне қастандық жасауға болмайды, өйткені, егер осы мұсылмандар шындығында да саудагер болғанда, оларға қарсыласқа қатысты қиянат жасауға рұқсат етілмес еді. Сондықтан да, олар өздерін саудагер деп көрсеткен кезде де осылай істеуі айыпталады». Әс-Сархасидің Мухаммад ибн әл-Хасанның «әс-Сайр әл-Кәбир» кітабына жазған түсіндірмесін қараңыз («Дұшпандардың еліне кірушілердің және тұтқындардың тарапынан қауіпсіздік кепілдігі болып не табылатындығы және не табылмайтындығы туралы» тарау).

Имам әл-Мурғинани әл-Ханәфи “әл-Хидая” кітабында былай деген: “Егер мұсылман (адам) дұшпан территориясына саудагер ретінде кірсе, ол онда қауіпсіздік кепілдігін алған мұсылман сияқты болады. Оған олардың мал-мүлкіне және өміріне қастандық жасауына болмайды, өйткені ол өзіне берілген қауіпсіздік үшін оларға қарсы ешнәрсе жасамауға кепілдік берді. Осыдан кейін олардың мал-мүлкіне және өміріне қастандық жасау – дінде тыйым салынған қиянат және сатқындық болып табылады”.

Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Әрбір ғадир (сатқын, опасыз, қиянат жасаушы адам) үшін Қиямет Күні ту тігіледі. Және оның сатқындығы қаншалықты күшті болған болса – туы да соншалықты биік болады». Бұл хадисті әл-Бухари және Муслим жеткізген. Хадистің мәтіні имам Муслимнің нұсқасынан келтірілген.

Дұшпандар өздеріне зиян тигізбеу кепілдігімен азаттық берген тұтқын мұсылманға оларға қатысты қиянат жасауына рұқсат етілмейді дегенге ғалымдар бір ауызды келіскен. Имам әш-Шәфии былай деген: “Егер дұшпандар мұсылмандардан біреуді тұтқынға алып, кейін оны азаттыққа жіберсе және оны қауіпсіздікпен қамтамасыз еткен болса, онда олардың берген қауіпсіздік кепілдігі – өздеріне берілген қауіпсіздік кепілдігі де болып табылады, және оның оларды қиянатшылдықпен өлтіруіне және оларға сатқындық жасауына құқығы болмайды”. «Әл-Умм» («Джихад пен джизья мәселелері», «Дұшпандар өз мал-мүлкін тапсырған тұтқын туралы» тарау).

Егер тіпті мұсылмандарға қарсы соғысып жатқан елге зорлап әкелінген тұтқын қиянат жасамауы қажет болса, онда өз еркімен және сұранысымен мұсылмандармен келісім-шарты болған елге қауіпсіздік кепілдігін және ресми рұқсат алып кіргендер туралы не айтуға болады?! Кейбір мұсылмандар бүгінгі күні жасап жатқан ұшақтарды басып алу және адам өлтірулер – қиянат, сатқындық, ұлы жауыздық және айыпты қылмыс болып табылады. Ал, егер олар дін үшін жасалып, Аллаһтың жолындағы джихад деп аталса – бұл қылмыстардың ауырлығы өтірік және жаламен ұлғайып, одан сайын көбее түседі.

Күмәнсіз, мұндай қылмыстың ауырлығы, біріншіден, мұсылмандармен келісім-шарт барларға, демек қаны, мал-мүлкі және ар-намысы қол сұғылмайтындарға қарсы жасалғандықтан, дүркін-дүркін өседі. Екіншіден, ол осыны жасайтын мұсылманға оның тарапынан берілетін қауіпсіздіктің орнына қауіпсіздік кепілдігін беретіндерге қарсы бағытталғандықтан, ал бұл олардың қол сұғылмаушылығын одан сайын күшейтеді.  Үшіншіден, осындай жиіркенішті әрекеттерді жасайтын адамдар оларды «джихад және Манхеттенге, Нью-Йоркке және Вашингтонға жасалған діни жорықтар» деп атайтындықтан, бұл қылмыс одан сайын ауырлай түседі.

Сөйтіп, мұсылмандармен келісім-шарты бар мұсылман емес елге, немесе қауіпсіздік кепілдігін берген елге кіріп баратын мұсылман адам бұл елде кімге болсын, олар осы елдің азаматтары, не өзге елдердің азаматтары болса да, қол сұғуына шариғи рұқсаты болмайды, өйткені ол осы елге оның тұрғындарына және онда болғандардың барлығына мазасыздық және зиян тигізбеу шартымен кіреді.

Бесінші ереже: Ержүрек адамға, егер ол қажетті шарттарды орындаса, дұшпанның қатарларына өзін тастауға рұқсат етіледі

Мұсылмандардың шағын тобы, немесе олардың біреуі шайқас кезінде соғысып жатқан дұшпанның қатарларына тереңдеп енуіне, осы опат болуға әкелетіндігі ихтимал болса (да), болады. Ғалымдардың арасында мұндай әрекеттердың Шариғат тұрғысынан заңды болып табылатындығына келіспеушіліктер жоқ. Мұндай ерліктердің заңды екендігін сахабалардың және олардың ізбасарларының, сондай-ақ, олардан кейінрек өмір сүрген салиқалы мұсылмандардың өмірлерінен алынған көптеген мысалдар дәлелдейді.

Ескертпе: Бұл мысалдар туралы «Мәшәри’ әл-Әшуәк» кітабында (24-тарау: «Ержүрек адамның немесе (мұсылман) тобының Аллаһтың жолында шәһидтік өлімге ұмтылып дұшпанның сан-алуан қатарларына тереңдеп енуі туралы».

Мұндай әрекеттер олар жайында ғалымдардың арасында келіспеушіліктер болған және тіпті олар тыйым салатын әлгі амалдарға жатпайды. Керісінше, мұндай ерлік – адамды Аллаһтың разылығына жақындататын ең жақсы амалдардан болып саналады, бұл жөнінде мына аятта айтылғандай: «Адамдардың арасында Аллаһтың разылығын алуды үміттеніп, өз жанын сататын да бар». (әл-Бәқара; 207) Алайда, бұл жердегі проблема басқа нәрседе болып тұр: мұндай ерліктердің рұқсат етілгендігі «шәһидтік» деп аталатын актілерді рұқсат ететіндер тарапынан негізгі дәлел ретінде қолданылады.

Шейх-уль-ислам Ибн Тәймийя былай деген: «Муслим өзінің «әс-Сахихында» («Китаб әз-Зухд уә әр-Ракә’ик» (»Зухд және жүректі жұмсарту туралы Кітап») (3005)) Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жеткен, жасөспірім дін салтанат құруы үшін өзін өлтіруге рұқсат еткендігі туралы баяндалатын «ор адамдары» туралы деректі келтіреді. Осыған негізделіп, төрт имамның барлығы дұшпан қатарларына тереңдеп ену мұсылмандардың мүддесіне жауап беретін кезде мүмін адам осыны істеуіне рұқсат етіледі деп есептеген, тіпті ол өзінің өлтірілетіндігі туралы ойға құлап тұрса да». «Мәджму әл-Фәтауә» (28/540).

Ескертпе: Бұл жерде қарапайым халық емес, дұшпанның қаруланған қатары меңзеліп тұрғанына ерекше назар аударамын.

Әбу Хамид әл-Ғазали былай деген: «Мұсылман адам жалғыз өзі дұшпанның қатарларына өзін тастап, олармен соғысуына рұқсат етіледі дегенге ешқандай келіспеушіліктер жоқ, тіпті ол өзінің қаза болуы ихтимал екендігін білсе де. Мұсылман адамға, сондай-ақ, өлтірілгеніне дейін дұшпандармен соғысуына да рұқсат етіледі. Мұның барлығы жақсылыққа үндеп, жамандақтан қайтару ұғымына кіреді. Бірақ, егер адам өзінің шабуылы дұшпанға ешқандай зиян тигізбейтінін (мысалы, дұшпандарға зағип, немесе мүгедек адам өзін тастаса) білсе, мұндай нәрсені істеуге тыйым салынады. Бұл жағдайда дұшпандарға шабуылдау өзін өлім қауіпіне шалдықтыруға тыйым салатын аяттың («Аллаһтың жолында садақа жасаңдар да, өздеріңді опат етуге қимаңдар. Ізгілік жасаңдар, өйткені Аллаһ ізгілік жасаушыларды жақсыкөреді». (әл-Бәқара; 195)) жалпы мағынасының астына кіреді. Дегенмен, егер адам өзгені өлтірмей жатып өлтірілмейтінін және оның ержүректігі дұшпандардың жүректеріне үрей салатынын, мұсылмандардың қайратты және Аллаһтың жолында өлуді жақсы көретін екендігіне оларды сендіретінін және соның нәтижесіне олар құлайтынын білсе, дұшпанға қарай өзін тастауына болады». «Ихья Улюм әд-Дин» әз-Зубейдидің «Итхаф әс-Садат әл-Муттақиин» шархымен (7/26).

Әбу Хамид әл-Ғазалидің айтқанында сөз шайқас майданында өзін-өзі құрбан ету туралы болып тұр.  Ал, қоржынынан құрмасын алып жей бастаған және: «Мен осы құрмаларды жеп болғаныма дейін тірі қалсам, бұл – ұзақ өмір болады», – деп, құрмаларын тастай салып, шайқасқа өзін тастап, қаза тапқан Умәйр ибн әл-Хуммәм туралы дерекке келер болсақ, ол жөнінде имам ән-Науәуи былай деген: «Бұл оқиға шайқас кезінде дұшпанның қатарына енуге және дін үшін шәһид болуға ұмтылуға рұқсат етілгендігіне нұсқайды. Мұндай әрекет рұқсат етілген болып табылады және ғалымдардың басым бөлігі мұны айыпты нәрсе деп санамайды». «Шәрх Сахих Муслим» (13/46).

Ескертпе: Имам Муслим Әнас ибн Мәликтен мынаны жеткізген: «Аллаһтың елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Бусайсаны Әбу Суфьянның керуені туралы дерек жинап келуге аттандырды.Бусайса қайта оралғанда, үйде мені мен Аллаһтың Елшісінен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзге ешкім жоқ еді. Ол Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) біліп келген нәрселері туралы баяндап берді. Сонда Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шықты да: «Біз жорыққа шыққымыз келеді. Кімде дайын мінетін жануар болса, бізбен жүрсін!» - деді. Адамдар Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаның жоғары жағындағы жануарларын алып келуге рұқсат сұрады, бірақ ол: «Жоқ, тек кімнің мінетін жануарларыдайын болса ғана», – деді. Кейін Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары сапарға аттанды. Олар көпқұдайшылдардан бұрын Бәдрға келіп, оларды озды. Кейін көпкұдайшылдар келіп жетті. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Менің бұйрығымсыз ешнәрсе істемеңдер! – деді. Мүшриктер жақындаған кезде, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кеңдігі көктер мен жердің кеңдігіне тең болған Жәннәтқа барыңдар!» – деді. Умәйр ибн әл-Хуммәм атты ансар былай деді: «Уа, АллаһтыңЕлшісі, Жәннәттың кеңдігі көктер мен жердің кеңдігіндей ме?» «Ия», – деп жауап берді Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын). Умәйр: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Аллаһпен ант етемін, мен былай деп тек осы Жәннәттың тұрғындарының арасында болуды көксегендігімнен айтып тұрмын!» – деді. «Сен – солардансың!» – деді Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын). Сонда Умәйр қоржынынан құрмаларын алып, аздап жеп, кейін: «Мен осы құрмаларды жеп болғаныма дейін тірі қалсам, бұл – ұзақ өмір болады», – деп, құрмаларын тастай салып, шайқасқа өзін тастап, қаза тапты».

Шейх әл-Әлбәниге, Аллаһ оған рахым етсін, «Коммандос» деп аталатын топтар қатысатын қазіргі заманның әскери операциялары туралы: «Мұсылмандарға екпін көрсетіп жатқан дұшпандарға қарсы бағытталған бұл операциялардың мәні – өлуге оқталғандардың арнайы тағайындалған топтары дұшпан танкілеріне жақындап барып, миналауды жасайды да, нәтижесінде өздері қаза табады. Бұл өзін-өзі өлтіру болып саналады ма?» – деген сұрақ қойылғанда, шейх былай деп жауап берді: «Бұл – өзін-өзі өлтіру болып табылмайды, өйткені өзін-зі өлтіру дегеніміз бұл – мұсылман адамның өз бақытсыз өмірін тоқтатқысы келіп өзін-өзі өлтіруі. Ал бұл жағдайға келер болсақ, бұл жерде біз өзін-өзі өлтіруді емес, Аллаһтың жолындағы джихадты көреміз. Алайда бір маңызды жәйтқа назар аудару қажет: мұндай әрекеттерді кез-келген біреу өзінің ұйғарымымен жасай алмайды. Олр тек қолбасшының бұйрығымен орындалуы қажет. Егер қолбасшы қандайда бір сарбазсыз амалдай алатын болса және осы сарбазды ихтимал болған жоғалту  дұшпанның көп санының жойылуына әкеліп, үлкен пайдаға ұласады деп есептесе, ол осындай шешімді қабылдауына болады. Оған бағыну міндетті болады, тіпті сарбаздың өзі бұқған наразы болса да».

Ескертпе: Бүгінгі күні жасалып жатқан «шәһидтік» деп аталатын актілерде қолбасшы жоқ екендігі және олар әртүрлі ұйымдардың өкілдері тарапынан жеке түрде орындалатыны белгілі. Алайда, бұл жөнінде ертерек айтылғандай, джихадтыжүргізудің негіз қалаушы принциптерінің бірі болып – әскери қолбасшының және үкіметтің болуы табылады.

Шейх әл-Әлбәни әрі қарай былай деген:

«Өзін-өзі өлтіру – Ислам қатаң тыйым салған іс-әрекеттердің бірі, өйткені оны тек Раббыға қарсы үн көтерген және Аллаһтың тағдырымен келіспейтін (адам) ғана жасайды. Ал, қарастырып жатқан амал өзін-өзі өлтіру болып табылмайды. Мұндайды сахабалар істеген. Олардың біреуі қылышымен дұшпандардың тұтас тобына қарсы шабуыл жасап, өзі қаза тапқанынша дұшпандардың басын шапқан. Ол Аллаһтың сыйына үміт етіп төзімділік танытты, өйткені өзінің жолы Жәннәтқа алып баратынын білді. Джихадта осылайша өлетін (адам) мен өзін-өзі өлтіру арқылы өмірден құтылатынның, немесе мұрнын шүйіріп, өз ой-тұжырымына сәйкес әрекет етушінің арасындағы айырмашылық өлшеуге келмейді. Екіншісі өзін опат етуге тастау дегенді дәл білдіреді». «Силсиләт әл-Худа уә ән-Нур», кассета № 134.

Сөйтіп, аталған мысалдар ержүрек, батыл адамның шайқас майданында дұшпан қатарларына тереңдеп енуіне рұқсат етілгендігін дәлелдейді, бірақ олар өзін-өзі өлтірудің рұқсат етілгендігіне дәйек болып табылмайды. Бұдан тыс, ғалымдар мемлекет тарапынан тағайындалған қолбасшыға бағынудың қажеттілігіне нұсқайды.

«Шәһидттік» актілердің шығу тарихы
Сайтымыздың оқырмандарының назарына Умар әл-Ғаззидің “Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары” атты кітабын жариялауды жалғастырамыз

«Шәһидттік» актілердің шығу тарихы

Өзін-өзі құрбан ету актілері АҚШ-тағы Азаматтық соғыс (1861-1865), сондай-ақ, Екінші Дүниежүзілік соғыс (1939-1945) кезінде кең танылды. Қарсылық көрсетудің мұндай түрі әскери тактиканың ажырамас бөлігіне және әскери оқу орындары мен академияларда үйретілетін пәнге айналды.

Таяу Шығыста соғыс жүргізудің мұндай тактикасымен едәуір кейінрек танысты. Оны өз күресуінде алғашқы болып қолып қолданған – шиғалардың «Хезболлаһ» деген әскери тобы еді. Бұл 1982 жылы, Израиль армиясы Ливанға басып кіріп, израиль танкілері Бейрутқа дейін барған кезде орын алды. Дәл сол кезде Бейрутты, Сайданы және Ливанның оңтүстігіндегі өзге де елді мекендерді қамтыған күшті қарсылық қозғалысы басталған еді. Қарсылық қозғалысы тез арада күшее түсті, ал сол кезде шиғалардың «Хезболлаһ» тобы өзінің ең алғашқы «шәһидтік» актісін жүзеге асырды. Жарылғыш затқа толтырылған үлкен жүк тасу көлігін жарудың нәтижесінде Сур қаласында әскери коменданттың резиденциясы қиратылды, окуппациялық армияның жүздеген солдаттары жарақаттанды және өлтірілді. Бірте-бірте мұндай актілердің саны өсе берді. «Шәһидтік» актілердің таралу қарқынының жылдам болуы мұндай операцияларға дайын болмаған окупанттар үстінен бір қатар жеңістерге қол жеткізуді қамтамасыз етті.

Біраз уақыт өткен соң бұл індет Палестинаға өтті және бұл – таң қаларлық жағдай емес, өйткені «Ислам джихады» деп аталатын палестиналық ұйымның тамырлары мен қаржыландыру көздері шиғаларға барып тіреледі.