Ислам террорға қарсы » Анархия

Видео: Шейх Салих әл-Фаузан: «Біз жихадты жақсы көреміз, бірақ бұл – жихад емес»
Сұрақ:

Сұраушы былай деді: «Құрметті шейх, жихадқа деген  мұндай жеккөрушілік пен адамдарды оған қатыспауға ынталандыру қайдан (келуде)? Ислам үмметі жихадқа мұқтаж екендігі, ал дұшпандар оны қаламайтыны белгілі ғой. Біз неліктен олармен (дұшпандармен) келісеміз? «Турхибун»/ «қорқытыңдар»  (8:60) деген сөздің мағынасы қандай? Аллаһ сізге игілікпен қайырсын!»

Жауап:

» Біз жихадты жақсы көреміз, бірақ бұл жихад емес! Біз алдын да мұның жихад еместігін айтқан болатынбыз. Бұл қирату! Адамдарды қақысыз өлтіру жихад болып табылады ма? Ал кейде адам тіпті өзін өзі қақысыз өлтіріп жатады!   Бұл – жихад емес! Жихадтың өз ережелері, шарттары және қағидалары бар. Оған мұсылман әмірі шақырады және ол оған басшылық жасайды. Тіпті Бану Исраиль де өз пайғамбарына: «Біз Аллаһтың жолында шайқасуымыз үшін бізге патша тағайында» (2:246), – деп айтты. Олар соғысу үшін өздерімен өздері қаруланып шықпады, бірақ: «Біз Аллаһтың жолында шайқасуымыз үшін бізге патша, – яғни басшы, – тағайында», – деді. Олар мұны кімнен сұрады? Өздерінің пайғамбарларының біреуінен, әмірден!   Билік мәселелеріне қатысты жихад  әмірдің құзыры болып табылады. Ол – жихад жасауға бұйрық беруші және оны басқарушы. Ол әскерді мобилизациялайды, қару-жарақ дайындайды. Ал «қорқытыңдар» деген сөзге келер болсақ, бұл Аллаһтың дұшпандарына қатысты. «Аллаһтың дұшпанын қорқытыңдар» (8:60). Аллаһ мұсылмандарды немесе олармен келісімі барларды  (муахадин) қорқытыңдар деп айтқан жоқ. Аллаһ: «Аллаһтың дұшпанын және өз дұшпандарыңды қорқытыңдар», – деді. Ия.

Көру үшін сілтеме

Ринат Абу Мухаммадтың Қазақстанның түрмелеріндегі оқиғаларға байланысты насихаты
Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік беремін, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік беремін. Уа, Аллаһ, пайғамбарға, оның отбасы мен сахабаларына, әрі оның жолымен басшылығына Қияметке дейін ілескендердің барлығына рақымың мен берекеңді бере гөр!

Содан соң:

Балхаштағы оқиғаларды сөз етіп, осы оқиғалар орын алғанға дейін немесе орын алғаннан кейін олармен байланысты болғандардың барлығына айтпағымыз бар. Мейлі олар – бұл оқиғалардың қатысушылары, немесе осы уақиғаларды өздерінің көзқарастарының негізінде ашып көрсеткен БАҚ өкілдері, немесе олар – осы оқиғалардың барысын бақылылап отырған қарапайым Қазақстан азаматтары болсын. Мен осы мәселені қысқаша түрде, Құран мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сүйеніп түсіндіргім келеді.

Тыңдау үшін сілтеме

Сауд Арабиясы Корольдігі ірі ғалымдары Комитетінің мәлімдемесі
Сауд Арабиясы Корольдігі ірі ғалымдары Комитетінің мәлімдемесі

әр-Рияд қаласы, 01 раби-әл-сани, хижраның 1432 жылы (06 наурыз, 2011ж.)

Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ! Аллаһтың құлы әрі сенімді Елшісіне, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Содан соң:

Ұлы Аллаһ Тағала адамдарға білімді жеткізіп түсіндіруге қатысты ғалымдардан келісім мен уәде алды. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай деді (мағынасының аудармасы): «Сол уақытта Аллаһ Кітап берілгендерден: «Әлбетте оны адамдарға түсіндіріңдер және жасырмаңдар», – деп сенім (уәде) алған» (Әли Имран, 3:187).

Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Расында, Біз түсірген айқын белгілерді және дұрыс басшылықты, Біз осыны адамдарға Кітапта түсіндіріп бергеннен кейін, жасыратындарды Аллаһ лағынеттейді, әрі лағынеттеушілер де лағынеттейді» (әл-Бақара, 2:159).

Ғалымдардың осы мәлімдемесі бүліктер мен тоқырау кезінде жасалған. Қазіргі кезде дүниенің әр түкпірінде қайғылы оқиғалардың, өзара соғыстардың орын алып жатқандығы жасырын емес. Ірі ғалымдар  Комитеті Ұлы әрі Құдіретті Аллаһ Тағаладан мұсылман үмметі үшін әмірлерге де, олардың қоластындағыларына да  сәттілік пен тұрақтылықты және ақиқатқа негізделген бірлікті сұрайды.

Сауд Арабиясы Корольдігінде Аллаһтың Кітабы мен Мухаммад пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінің негізінде және Аллаһ Тағаланың Шариғатына сәйкес басқарудың астында нағыз Бірқұдайшылық пен Аллаһ Тағаланың Сөзінің салтанат құрып тұрғандығы үшін Аллаһ Тағалаға мадақтар болсын. Ол бізді қорғасын және рахым етсін.

Ақиқатында, жамағатты (мұсылмандардың бірлігін) сақтау – Исламның ең ұлы негіздерінің бірі. Әрі бұл – Аллаһ Тағаланың Құран Кәрімде белгілеп айтқан парыздарының ең ұлысы және мүміндердің Оның (тура) жолындағы ең бекем байланысы.  Аллаһ Тағала былай деді (мағынасының аудармасы): «Түп-түгел Аллаһтың жібіне (дініне) бекем жабысып ұстаныңдар да, бөлінбеңдер. Сондай-ақ өздеріңе Аллаһтың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені бір-біріңе дұшпан едіңдер, Ол жүректеріңнің арасын жарастырды, әрі Оның игілігімен туысқа айналдыңдар. Отты бір шыңыраудың ернеуінде едіңдер, сендерді одан құтқарды. Осылайша тура жолға түсулерің үшін Аллаһ сендерге аяттарын баян етеді» (Әли Имран, 3:103).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді (мағынасының аудармасы): «Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін, сондай бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне соларға зор азап бар»  (Әли Имран, 3:105).

Аллаһ Тағала тағыда былай деді: «Күдіксіз, діндерінде бөлініп, топтарға айрылғандарға сенің ешқандай қатысың жоқ. Сөзсіз, олардың ісі Аллаһтың алдында, әрі кейін Ол оларға істеген істері туралы хабарлайды» (әл-Әнғам, 6:159).

Бұл ұстанымның мәні жамағатты сақтауда, әрі ол Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз ілесушілерінің барлығына және әрқайсысына жеке бағытталған ұлы өсиеттерінің бірі болып табылады. Бұл туралы Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһтың қолы жамағатпен бірге», – деп айтқанындай. Тирмизи.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Кім өзінің антынан бас тартса Ақыретте Аллаһтың алдында дәлелсіз күйде болады, ал кім әмірге ант бермей өлсе, жахилиет (Исламға дейінгі надандық) өлімімен өледі».  Муслим.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тағы да былай деп айтқан: «Болашақта әртүрлі оқиғалар орын алады және олардың арасында бұл үмметтің билігіне ұрыс-керіс кіргізуді қалайтынның пайда болуы да бар, ал мұсылман үмметі – біртұтас. Оны, кім болуына қарамастан, қылышпен шабыңдар».  Муслим.

Жоғарыда келтірілгеннен алынатын ең ұлы ғибрат – үммет бірлігінің маңыздылығы, әрі бұл ең  маңызды басымдылыққа ие. Ал бұған қарама-қайшы нәрсе – жауыздықтың таралуының әсерінен болған зиян, әрі бұл кез келген ақыл иесіне айқын түсінікті және өткен уақытта да, қазіргі кезеңде де жиі расталуда.

Аллаһ Тағала бұл елдің халқын әмірлерінің  төңірегінде Аллаһтың Кітабы мен Сүннетке сәйкес бірігу нығметіне бөледі және олардың арасын бөліп-жармады, әмірлерін сырттың ықпалымен бөлектенуге салмады, оларды бір-біріне жат болған партияларға бөлмеді. Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай (мағынасының аудармасы): «Аллаһқа бой ұсынған түрде, Одан қорқа отырып, намазды орындаңдар. Әрі серік қосушылардан болмаңдар. Сондай-ақ діндерін бөлшектеп, топтарға бөлініп, әрбірі өз алдындағыларына мәз болғандардан (болмаңдар)» (Рум, 30:31-32).

Корольдық (Сауд Арабиясы) Исламның ұстанымдарын сақтайды, оларға ілесіп, соларға сәйкес дамып, діннің мүмкін болған ережелеріне негізделеді. Ал Аллаһ Тағаланың қалауымен және құдіретімен ешқашан рұқсат етілмеген және рұқсат етілмейтін нәрсе – бұл біздің ұстанымдарымызды төмен түсіретін және қоғамға бөліну салатын жат идеяларды батыстан болсын, не шығыстан болсын қабылдау.

Пәк және Ұлы Аллаһ Тағаланың рахымымен бұл елдің халқы: билік астындағылар да, оның әмірлері де – Аллаһ Тағаланың рахымымен Сауд Арабиясы Корольдігі үкіметінің тұрақты қамқорлығында болған Екі Қасиетті Орынның сақтаушысы болу абыройына ие.  Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай (мағынасының аудармасы): «Сол уақытта үйді (Қағбаны) адам баласы үшін орталық әрі бейбітшілік орны етіп жасадық. Ибраһимның орнын намаз орны қылып алыңдар. Және Ибраһим, Исмаил екеуінен: «Үйімді (Қағбаны) тауап етушілер, ғибадат етіп отырушылар және рукуғ, сәжде қылушылар үшін тап-таза ұстаңдар», – деп, уәде алғанбыз» (әл-Бақара, 2:125).

Осы қызметке байланысты  бұл корольдік ислам әлемінде ерекше орынға ие болды, бұл – мұсылмандардың қыбласы, әрі Екі Қасиетті Орынның  елі. Қажылық маусымында да, жыл бойында да мұсылмандар жан-жақтан қажылық пен умра жасау үшін осында келеді.

Ірі ғалымдар Комитеті баршаны Құран мен Сүннетке ілесуге сәйкес, солардың дана басшылығымен бірауыздан топтасып бірігу үшін, қажетті шарттарды жасауға және бұған қарама-қайшы нәрселерге соқтыртатын себептердің алдын алуға шақырады. Әрі осының негізінде ізгілік пен тақуалықта өзара көмектесудің, түсінушіліктің қолдаудың және күнәлар мен дұшпандықтан аулақ болу қажеттігі туралы айтады, әрі ізгілікке қарама-қарсы болған зұлымдықтан, қанаудан, құқықтарды таптаудан сақтандырып ескертеді.

Бұл елдің халқы алдынғы ізгі буынға (саләфтарға) және олардың ізбасарларына ілесуде  біріккен біртұтас жамағат болып табылатындықтан, ірі ғалымдар Комитеті (Сүнеттен) ауытқыған ойшылдардармен де, топтармен де байланысудан сақтандырады. Бұл біртұтас жамағат қалыптасқан жағдайдың кемел еместігін және орын алған қателіктерді кез келген жерде және кез келген уақытта түзету қажет екендігін мойындап, бұрыңғы және қазіргі имамдардың ізгілік жасауда бірлікті сақтауға және кесірлі алауыздық пен бытыраңқылыққа жол бермеуге  қатысты  ұстанған пікірлерін де ұстанады.

Сондай-ақ Комитет «кеңесу ұстанымы дінде жоғары орынға ие» деп мәлімдейді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Дін бұл ізгілік таныту», – деп айтқанындай. Одан: «Кімге?» – деп сұрағанда, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһқа және Оның Кітабына, Аллаһтың пайғамбарына, мұсылмандардың басшыларына және қарапайым мұсылмандарға», – деп жауап берді. Муслим.

Бұл әмірге кеңес айтуға болатындығын растайды, өйткені Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқанындай: «Ақиқатында, Аллаһ сендердің үшеулеріңе разы: Оған ешбір серік қоспаған түрде құлшылық ететінге; Аллаһтың жібінен бекем ұстанып, топтарға бөлінбейтінге және сендердің үстілеріңнен билікке ие болғандарға кеңес беретіндерге». Ахмад.

Комитет  реформалар және билік иесіне кеңес беру Шариғатта орынды екендігін баса айтады, өйткені бұл пайда әкеледі және жамандықты жояды. Бірақ Комитет мәлімдеген нәрселерге шиеленісті қоздыру және бүлікті тарату мүлдем жатпайды. Мұны Аллаһ Тағаланың Құранда сақтаулы мына сөздері растайды (мағынасының аудармасы): «Қашан оларға аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны Пайғамбарға, не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын білер еді. Егер сендерге Аллаһтың кеңшілігі мен мейірімі болмағанда, шайтанға ермегендерің өте аз болар еді» (ән-Ниса, 4:83)

Сауд Арабиясы Корольдігі Аллаһтың Кітабына, Сүннетке және әмірге адал болу антына, қоғамның бірлігін сақтау мен билік иесіне бағынуға негізделген. Ал реформаларды және әмірлерге (шариғат бойынша) кеңес беруді шерулер түрінде іске асыруға болмайды, өйткені мұндай әдістер мен құралдар бүлік пен қоғамның бөлінуін араңдатады. Ал біздің еліміздің үмметінің қазіргі заман ғалымдарының да, ертедегі ғалымдарының да шешімі – шерулердің тыйым салынғандығы және олардан сақтандырып ескерту.

Комитет елімізде шерулер жасауға тыйым салынғандығын растайды, өйткені заңды мүдделерге қол жеткізу үшін, Шариғат заңдастырылған тәсілдер бар, ал ол тәсілдерге жамандық жасау жатпайды. Бізге мұны Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әмір еткеніндей және ардақты сахабалар мен олардың ізбасарлары көрсеткендеріндей мұндай тәсілдерге билік иесіне деген кеңестер жатады.

Комитет заңды жолдарды, мемлекетті басқару жүйесінің қолданысындағы нормативтер мен регламенттерді пайдаланудың, сондай-ақ әмірлерге мойынсұнудың және кемшілікке жол бергендердің барлығының жауапкершілігінің маңыздылығын баса айтады.

Аллаһ Тағаладан елімізді және мұсылман жерлерін түрлі жамандықтар мен апаттардан сақтауын және дінімізде кемел болумыз үшін, сөздерімізді ақиқатта бір жерден шығаруын, ақиқатқа ілесуіміз үшін, оны (ақиқатты) бізге көрсетуін және адасудан аман қалуымыз үшін, оны (адасуды) бізге айқын етуін, адасқан мұсылмандарды ақиқат жолына бағыттауын, билік иелері халыққа қызмет етуге қабілетті болулары үшін, ел мен халық игілігі үшін әмірлермен келісімде болуға болысуын сұраймыз.  Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Сауд Арабиясы Корольдігі  Ірі ғалымдарының Комитеті

Ірі ғалымдар Комитетінің төрағасы: Абдуль Азиз ибн Абдуллаһ ибн Мухаммад әл-Шейх;

Комитеттің мүшелері:

Абдуллаһ ибн Сулейман әл-Муниға

Салих ибн Мухаммад әл-Люхайдан

д-р Салих ибн Фаузан әл-Фаузан

д-р Абдуль Уаххаб ибн Ибраһим Абу Сулейман

д-р Абдуллах ибн Абдуль Мухсин әт-Турки

д-р Абдуллах ибн Мухаммад әл-Шейх

д-р Ахмад ибн Али Сайар әл-Мубараки

д-р Салих ибн Абдуллаһ ибн Хумайд

д-р Абдуллаһ ибн Мухаммад әл-Мутләқ

д-р Мухаммад ибн Абдуль Карим әл-Аиси

Салих ибн Абдуррахман Хусайн

Абдуллаһ ибн Мухаммад бин Хниин

д-р Абдуль Карим ибн Абдуллаһ әл-Худайр

Мухаммад ибн Хасан әл-Шейх

д-р Яқуб ибн Абдуль Уаххаб әл-Бахсайн

д-р Али ибн Аббас Хаками

д-р Мухаммад ибн Мухаммад әл-Мухтар Мухаммад

д-р Қайас ибн Мухаммад әл-Шейх Мубарак

Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары
Сайтымыздың оқырмандарының назарына Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру  актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабын жариялауды бастаймыз

Араб тілінен орыс тіліне аударған: Дамир Хайрутдин;

Қазақ тіліне орыс тілінен аударылған

Алғы сөз

Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ, және, ақиқатында,  игілік ең соңында  тек тақуалар үшін әзірленген.

Мен осы зерттеумен мұқият танысып, онда қамтылатын тақырып толығымен ашып берілген деген қорытындыға келдім. Осы орайда мен Аллаһтан авторды марапаттауды және оның еңбегін мұсылмандар үшін пайдалы етуді тілеймін.

Осы кітап арап тілінде жарияланса – жөн болар еді деп есептеймін. Алайда, егер автор өзін-өзі өлтіруге алып келетін «шәһидтік» деп аталатын акцияларды рұқсат ететін пәтуалардың теріс салдарына, олардың мұсылман қоғамдарына  тигізетін кесірлі әсеріне, сондай-ақ, осындай «шәһидтік»актілерді рұқсат ететіндердің арасындағы келіспеушіліктерге толығырақ тоқталса, ол едәуір мазмұндырақ болар еді. Сондай-ақ, осы еңбекте мұндай актілерге тыйым салатын ғалымдардың пәтуалары кең қамтылғанын қалар едік.

Абдуллаһ әс-Сабт

Шәрджә, БАӘ

Мейрімді Рахымды Аллаһтың атымен!

Кіріспе

«Шәһидтік» акциялары соңғы кездерде кең тараған құбылыстардың қатарына жатады.  Оларды осылай деп бұл амалды рұқсат ететіндер атайды. Ал бұл әрекеттерді орынсыз деп есептейтіндер оларды жәй «өзін-өзі өлтіру» актілері деп атайды. Бұл іс-әрекеттердің кең таралуы ақыл-есі сау көптеген адамдарды «Шындығында да Ислам осылай істеуге әмір етеді ме?» – деген сұраққа жауап іздеуге итермелейді. Осыған қоса Исламды жек көрушілер осы жағдайды өздерінің мүддесіне мұсылмандарға қарсы пайдаланады да, оларға «террористер» деген ат тағып, Ислам өзінің ұстанушыларына дәл осыны бұйырады деп айтады. Сөйтіп, ақиқат осы екіуінің, яғни Исламның дұшпандарының осы құбылысты өз мүддесіне пайдаланудың және «шәһидтік» актілерді мақұлдайтын және оларды «сионистердің елу жылдық езгісінің жазасы», «тоқтаусыз жүріп жатқан адам өлтірулер, қуғын-сүргін және ойсырау үшін қасиетті кек алу» деп есептейтін езгідегі мұсылмандардың жалынды шабыттануының ортасында жоғалып қалды .

Бірнеше жылдардан бері бұқаралық ақпарат құралдарында осындай актілердің заңды статусы туралы пікірталастар жалғасуда. Алайда бұл пікірталас қоғамдық пікірді олар заңды күшке ие дегенге қарай одан сайын күштірек құлатты.  Бұдан қалса, адамдардың арасында басында доктор әл-Қардәуи тұрған кейбір ғалымдардың бұл актілер дін үшін жан пида етудің ең жоғары сатысы деген сөздері өте кең танылды. Бұл көзқарастарға деген жаппай қызығушылық басқа пікір-пайымдарды бөгеп тастады, ал халықтың пікірінің күші олардың орынсыздығы туралы айтып жүрген кейбіреулерді үнсіз болуға мәжбур етті. Мәселе діни сипатқа қарағанда, көбірек саяси сипатқа ие болды.

«Шәһидтік» актілердің рұқсат етілмейтіндігін түсіндіріп беретін кітапты жазуға мені бір неше себептер итермеледі. Олардың біріншісі – бұл «феноменнің» палестиналық нұсқасы олардың заңдылығына және орындылығына мән бермейтін көптеген жас мұсылмандарды осындай іс-әрекеттерді жасауға шабыттандырғанына деген менің қынжылғаным болды. Басқа себеп – Исламның осы актілерге деген қатынасына қызығушылық танытатын орыс тілді бауырлардан және әпке-қарындастардан  маған келіп түскен жүздеген сұрақтар болды. Тағы бір себеп – планетаның түрлі аймақтарында жасалып жатқан және адамдарды Аллаһтың дінінен теріс бұрғызатын факторлардың бірі болған «шәһидтік» актілер әкеп соқтырған мұсылмандар үшін өте қорқынышты  зардаптар болды.

Мұндай операцияларды жүзеге асырушы ұйымдар Шариғаттан өздерінің әрекеттеріне ақтау іздеуге кірісті. «Шәһидтік» актілерді іске асыруды жақтап олардың тез нәтижесіне есі кеткендер шыға келді. Олардың көбі осы ұйымдардың идеяларына ортақтас еді және олардың қатарында болды. Алайда олар мұндай әрекеттер қандай салдарға әкеп соқтыратынын ойламай ғана қоймай, бұл мәселе бойынша Құранның әмірлеріне де ақыл тоқтатқан жоқ.

Аллаһ Өзінің шексіз және мінсіз даналығымен көпқұдайшылдардың арасында өмір сүріп жатқан және мұсылмандар оларды білмейтін, сондай-ақ зиян және шығын шегуі мүмкін болған мүміндер зардап шекпеуі үшін Мекке алқабында мұсылмандар мен көпқұдайшылдардың арасында шайқастың орын алуына жол бермеді ғой. Аллаһ Тағала былай деді: «Ол сондай Аллаһ, сендерді оларға өктем еткеннен кейін Мекке ойпатында олардың қолдарын сендерден тыйып, сендердің қолдарыңды олардан тыйды. Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші. Олар сондай кәпірлер, сендерді Мәсжид Харамнан және тостырылған құбандықты орнына барудан тыйды. Бірақ егер Меккедегі сендер білмеген, мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді сендер жаныштап, білместіктен обалына қалмайтын болсаңдар еді. (Соғысқа жол қойылар еді.) Аллаһ кімді қаласа, мәрхаметіне бөлеу үшін (осылай істеді.) Ал олар өзара бөлінгенде, олардан кәпірлерді күйзелтуші азаппен қинар едік». (әл-Фәтһ, 24-25).

Бұл актілердің мәнін адамдарға түсіндірудің қажеттілігін ұғынып, мен оларға мұндай әрекеттерге жол берілмейтіндігін бірнеше рет қайталап жариялаған Абд әл-Азиз ибн Абдуллаһ ибн Баз, Мухаммад ибн Салих әл-Усәймин, Мухаммад Нәсир әд-Дин әл-Әлбәни, Абд әл-Азиз ибн Абдуллаһ Әл әш-Шейх, Салих ибн Мухаммад әс-Садлән сынды т.б. ірі ғалымдардың пәтуаларын ұсынуды жөн санадым.

Сонымен бірге, әділеттіктің және шындықтың хақысын беріп, мен «шәһидтік» актілерді рұқсат етілген деп есептейтіндердің де дәлелдері мен дәйектерін келтірдім. Әрине, ғалымдардың арасындағы бұл мәселе бойынша келіспеушіліктер – белгілі факт, алайда тіпті осындай әрекеттерді рұқсат етілген деп есептеген ғалымдар да тек қана Палестинаны меңзегені – едәуір маңыздырақ.

Мен қолданған әрбір цитата авторға деген сілтемесісімен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, бұл еңбекте мен тек қана сахих хадистерге сүйеніп, олар келтірілетін көздерге міндетті түрде нұсқау жасадым. Сонымен бірге, мен хадистердің келіп шығуына қатысты нәрселерге егжей-тегжейлі кіріспедім де, хадистің әл-Бухари мен Муслимнің жинақтарының біреуінде келтірілуін оны сахих деп тану үшін жеткілікті фактор деп санауға және оны басқа жинақтарға іздемеуге жеткілікті деп есептедім. «әс-Сунән» жинақтарына жүгінгенде, мен хадистің сахихтығын нақтылауда осы саладағы біздің заманымыздың көрнекті ғалымы шейх әл-Әлбәнидің, Аллаһ оны рахым етсін, зерттеулерін басшылыққа алдым.

Бұдан тыс мен «шәһидтік» актілерге жол берілмейтіндігі туралы ғалымдардың бір қатар пәтуаларын келтірдім. Алайда, әрине, мен бұл тақырыпқа қатысты барлық пәтуаларды қамти алмадым. Бұл еңбекті әзірлеуде мені кейбір маңызды көздермен қамтамасыз еткен ұстазым Абдуллаһ әс-Сабттың, Аллаһ оған есендік берсін, маңызы үлкен болды.

Ғалымдардың Усама Бин Ладен туралы айтқан сөздері
Шейх Абдуль-Азиз Ибн Баз былай деді: “Усама бин Ладен – жер бетінде бұзақылық таратушылардан!” “Жәридатуль-муслимин” № 607. 8/5/1417х.ж.

Шейх Салих әл-Фаузанға  былай деп сұрақ қойылды: “Құрметті шейх! Аллаһ сізге игілік берсін! Сұрақ қоюшы адам былай дейді: «Менің сұрағымды тура мен жазғандай етіп оқып беруіңізді қалаймын. Аллаһпен ант етемін, керісінше болған жағдайда, мен кешірмеймін және Қиямет күні Аллаһтан өзімнің хақымды талап етемін! Әл-Мас’ари, әл-Фақихи және Усама бин Ладен – жамаъадан аутқып кеткендер болып табылады ма? Сіз «Шейх Ибн Баз Усама бин Ладен туралы жаман пікірді ұстанбаған, ал оның атынан ол туралы берілген пәтуа өтірік», – дейтін адамдар туралы не айта аласыз? Өйткені олар бұл сөздерді дәлел ретінде келтіреді»”.

Ол былай деп жауап берді: “ әл-Фақихиге, әл-Мас’ариге және Бин Ладенге қатысты айтар болсақ, сіздер олар туралы олардың сөздері мен істері бойынша үкім етіңдер. Алайда оларға жалғанды телімеңдер, бірақ олар туралы қорытындыны олардың ауытқуларына сәйкес жасаңдар! Ал: «Шейх Ибн Баздың пәтуасы өтірік», – деп айтатынға келер болсақ, оның өзі – өтірікші! Бұл пәтуа ойдан шығарылмаған, біз өзіміз бұл сөздерді шейхтан, Аллаһ оған рақым етсін, естідік, ол оның пәтуаларында жазылған және бұл оған ол әлі тірі болған кезінде оқып берілген еді. Сондықтан «Бұл пәтуа – өтірік», – дейтіннің өзі – өтірікші!”

http://www.alfawzan.ws/AlFawzan/FatawaS … ageID=7071

Шейх әл-Фаузанға тағыда мынындай сұрақ қойылды: “Құрметті шейх, Аллаһ сізге есендік берсін. Усама бин Ладен жер бетінде бұзақылық таратып жатқаны және жастарды осыған шақырып жатқаны сізге сыр емес. Менің сұрағым мынандай: біз бұл адамды хауариж деп атай аламыз ба? Өйткені ол біздің елімізде де, басқа елдерде де жарылыстар жасауды қолдайды ғой».

Ол былай деп жауап берді: “Осындай сенімдерді бойында алып жүрген кез келген адам хауариж болып табылады! Сондай-ақ хауариждерге осындай сенімдерді өз бойында алып жүріп, адамдарды оларға шақырып-үндейтіндер де жатады, олардың тұратын жері және тұлғасы қандай болуына қарамастан! Әрі бұл – ереже, яғни кім адамдарды мұсылман әмірлеріне қарсы шығуға, мұсылмандарға такфир жасауға (күпірлікте айыптауға), мұсылмандарды өлтіруге шақырса, сол хауариж болып табылады!»

http://www.youtube.com/watch?v=QOxECDhihLQ

Шейх әл-Фаузанға сондай-ақ мынандай сұрақ та қойылған: “Құрметті шейх! Сұрақ қоюшы адам: «Неліктен ірі ғалымдар Комитеті хауариждердің Усама бин Ладен, әз-Зуахири,әл-Фақихи сияқты басшылары туралы пәтуа шығармайды, және сол арқылы олар адамдарды, әсіресе олар алдайтын жастарды, олардан тосып қалмайды?»

Жауап: “Ірі ғалымдар Комитеті мұндай шешімді бірнеше рет шығарған және мұндай іс-әрекеттерді де, оларды жасайтындарды да сынаған. Бұған байланысты бірнеше шешімдер шығарылған, және бұл санаттағы адамдарға, күмәнсіз, осы әрекеттерге басшылық жасайтындар және іс-әрекеттердің жоспарларын әзірлейтіндер де кіреді».

http://www.alfawzan.ws/AlFawzan/FatawaS … ageID=7071

http://www.alfawzan.ws/AlFawzan/FatawaS … ageID=6587

http://www.alfawzan.ws/AlFawzan/FatawaS … ageID=1309

Шейх Ахмад ән-Нажмиден: “Кейбір адамдар Бин Ладенді ел күтіп жүрген Махди дейді және оны «мүміндердің әмірі» деп те атайды. Сіздің осыған деген түсіндірмеңіз қандай?

Ол былай деп жауап берді: “Бұл адамдар – шайтандар! Бин Ладен – жексұрын шайтан және хауариж, әрі оны мақтау ешкімге рұқсат етілмейді! Ал оны мақтаушыларға келер болсақ, бұл – олардың сол сияқты хауариждер екеніне дәлел!»

http://www.youtube.com/watch?v=Kc3_y8q6BSM

Шейх-мухаддис ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббадқа “Кейбір адамдар біздің кезіміздегі «әл-Каида» ұйымы – хауариждер дейді, ал кейбіреулер оларды мужәхидтер деп атайды. Сіздің пікіріңіз қандай?» деген сұрақ қойылды.

Ол былай деп қысқа әрі анық жауап берді: «Иә, олар – шайтанның жолындағы мужәхидтер!»

http://www.youtube.com/watch?v=lakUvtyR7jk

Шейх Салих әл-Люхайданға сұрақ: “Мұсылманның Бин Ладен басқаратын «әл-Каида» ұйымына деген қатынасы қандай болуға тиіс?”

Ол былай деп жауап берді: «Бұл ұйымда игілік жоқ! Олар мұсылмандарды бөліп-айырды, қайғы-қасіреттер мен жауыздықтардың себепкері болды және қан төге бастады!»

http://www.sohari.com/nawader_v/fatawe/ … a3edah.ram

Дереккөзі: www.salaf-forum.ru

Мәдиналық шейх, мухаддис, доктор Абдуллаһ әл-Бухаридің Кавказ мұсылмандарына берген жауабы
Мәдиналық шейх, мухаддис, доктор Абдуллаһ әл-Бухариге қойылған сұрақ:

«Құрметті шейх, біз – инша Аллаһ, саләфтардың мәнһәджына ілесетін сіздің Кавказдық бауырларыңыз боламыз. Біз сіздерді Аллаһ үшін жақсы көреміз, сіздер – біздің үмметіміздің ғалымдарысыз, оның ұстаздары әрі тәрбиешілерісіз, және біз Аллаһтан бізге ғалымдарымызда береке беруін тілейміз. Шейх, сіздің насихатыңыз топтық батыранқылық жағдайымызды түзетеді деп үміт етеміз, өткені, бүгінгі біздің жағдайымыздың негізі – надандық, бидъат және әуес-қалауларға ілесу болып тұр. Және біз сізге екі сұрақ қойғымыз келіп тұр:

Бірінші сұрақ: Өлген адамдардан көмек тілеуі және олардың қабірлерін ұлықтауы себепті күпірлікке жетуге дейін жақындап қалған біздің отанымыздағы бидъаттың жақтаушыларымен біздің қарым-қатынасымыз қандай болуға тиіс? Сондай-ақ, көп жағдайда саләфтардың мәнһәджына ілесетін, алайда, өздеріне террористік идеяларды қамтыған, және билікке қарсы соғысуға шақыратындар да бар. Біз осы топтарға қандай қатынаста болуымыз қажет? Сынақтарға сабыр етіп, күшіміз және мүмкіндігіміз жеткенше осы екі топты да түзелуге шақыруымыз керек пе, әлде біздің Ресейге бағынатын билігімізге қарсы соғысуды бастауымыз  және шығу жолды тек шайқасуда көріп тұрғандардың жолына ілесуіміз керек пе?

Шейх ‘Абдуллаһ әл-Бухари:

«Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Қалай болғанда да, кім бұл дүниеде де, ана дүниеде де құтылуды және жетістікке жетуді қаласа, Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), оның сахабаларының, табиъиндердің және дұрыс жол имамдарының  жолына ілессін! Міне біз намаздарымыздың әр ракаъатында: «Ихдинәс-сырат әл-мустақим», – деп сұрайтын тура жол (сырат әл-мустақим) – дәл осы. Және бұл – имам Ибн Джәрир (Аллаһ оны рақым етсін) өзінің тәпсірінде атап кеткен тура жол. Ол хасан иснәдпен келтірген мына деректі келтірген: Бірде бір кісі табиъин-имам  Әбуль-‘Алияға келіп: «Аллаһтың «Ихдинә сыратәл-мустақим» сөздеріндегі «сырат әл-мустақим» деген не?» – деп сұрағанда, ол: «Сырат әл-мустақим – бұл Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған илігі мен сәлемі болсын) және одан кейінгі оның сахабалары – Әбу Бәкр мен Умар!» – деген. Сонда бұл адам Хасан әл-Бәсриге барып: «Әбуль-‘Алия: «Сырат әл-мустақим – бұл Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған илігі мен сәлемі болсын) және одан кейінгі оның екі сахабалары – Әбу Бәкр мен Умар!» – деп айтты», – деді. Хасан әл-Бәсри: «Ол ақиқатты айтты!» – деді.

Мұның мағынасы – Аллаһтың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және сахабаларына, нақтырақ айтқанда, Әбу Бәкр мен Умарға, және қалған ізгі халифаларға, Аллаһ оларға разы болсын, ілесу – міне осы құтылу – дегенде!

Ал, сіздерге қатысты айтар болсақ, сіздер өздеріңе қайғы-қасірет пен проблемалар алып келетін істерге кіріспеңдер.

Қазір біз барлық адамдар және әмірлер туралы сөз етіп тұрмыз. Ал, қарапайым адамдарға келер болсақ, сіздер оларды (дінге) шақыруларың, оларға ақиқатты түсіндірулерің және насихат айтуларың қажет, өйткені, Муслимнің Сахихында Тамим әд-Дариден жеткеніндей, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Дін – бұл ықыластылық (ізгі ниеттілік) таныту!» – деп айтты ғой. Одан: «Кімге қатысты?» – деп сұрағанда, ол: «Аллаһқа, Оның Елшісіне, Оның Кітабына, мұсылмандардың әмірлеріне және жалпы  барлық мұсылмандарға қатысты!»  – деп жауап берді.

Мұндай адамдарға  ең абзал және ең дұрыс тәсілдермен насихат жасау – міндетті болып табылады. Қарапайым адамдар, әсіресе түрлі қалаларда, шариғаттың көптеген үкім-ережелерін білмейді. Олардың көбі өздерін Исламға телиді, өйткені, өздерінің ата-бабаларын Исламда көріп үлгерді, және: «Мен – мұсылманмын!» – деп айтады. Алайда, олардың көбі Исламның ақиқаттығын білмейді! Сондықтан да, осындай нәрселер түсіндірмелерге мұқтаж. Ал бұл мұсылмандарда надандықтың сақталуының себебі – оларды дұрыс Исламға оқытып-үйрететіндердің  болмауында, және соған қоса адасушылықтарға, күмәндарға кіргізетіндердің, тәртіпсіздік енгізіп, мұсылмандарды күпірлікпен айыптайтындардың болуында.  Ибн Бәдис деген ғалым, Аллаһ оны рақым етсін, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға екі бағыттағы шақырумен келгенін: кәпірлерді Исламға кіргізу үшін шақыру – бұл біріншісі;   және екінші түрі – мұсылмандардың өздерін дінде табандылыққа шақыру – деп  айтатын, және осы – имам Ибн әл-Қайимнің сөздерінің қысқа нұсқасы болып табылады. Және біз қазір назар салып қарайтын болсақ, онда көптеген адамдар шақырудың бірінші түрінде де, екінші түрінде де кемістік жібергенін көреміз. Және олардың басты ойы – дінді түсіндіру емес, адамдарды діннен шығару болды. Ал, Құдыретті Аллаһ Мухаммадты (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)  жібергенде, оған: «Сен адамдарға оларға түсірілгенді түсіндіруің үшін, Біз саған Ескертуді түсіріп отырдық», – деп, түсіндіруді міндет етіп жүктеді.

Сондықтан да, жаратылыс үшін ақиқатты түсіндіру қажетті болып табалады. Осы (қалыптасқан) жағдайда сіздер адамдарға түсіндіруге және оларды оқытуға мұқтажсыңдар. Және адамдарды оқытқан Аллаһтың Елшісі де (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сондай болды. Ол Му’азды,  Йәмәннің тұрғындарына жіберген кезде, бұл жөнінде екі сахих жинағында келтірілгендей, оған: «Сен Кітап иелеріне барасың, және оларды ең бірінші кезекте шақыратын нәрсең…», – деп, шақыру – бұл оқыту екендігін айтты, және: «Оларды ең бірінші кезекте шақыратын нәрсең – лә иләһә иллә Ллаһ болсын. Егер олар саған осыда бағынса, онда Аллаһ оларды күніне бес уақыт намазды орындаумен міндеттегенін білдір деді. Егер олар саған осыда да бағынса, онда Аллаһ байларды олардың кедейлеріне зекет берумен міндеттегін айт», – деді. Және бұл – яғни басқаларды да оқыту – қалаға кірген немесе одан шыққан, немесе онда тұратын, Аллаһ оған білім сыйлаған және тура жолмен жүргізген адамға міндетті болып табылады.

Ал, мұсылман қалаларында билік жүргізетін әмірлерге келер болсақ, оларға да қарау және оларға қатысты жалпыланған сөздерді қолданбау қажет, әсіресе оларды күпірлікте айыптауды, өйткені, оларды күпірлікте айыптау және діннен шығару – өте салмақты іс болып табылады! Біз: әмірлердің арасында мұсылмандар да бар және кәпірлер де бар дейміз, мен жалпы барлық әмірлерді айтып тұрмын. Мұсылман болып табылатынның – өз үкімі, кәпір болып табылатынның – өз  үкімі бар. Бірақ, қалай болған жағдайда да, әмірге қарсы шығуға және халықты соған үндеуге болмайды, әсіресе бұл әмір – иман келтірген мұсылман болса, және мұның тыйым салынғандығына (Суннеттің) мәтіндеріндегі нұсқаулар әп-айқын.  Ал, егер әмір – кәпір болып табылса, мен, мысалы, Американың, Францияның т.с.с. елдердің әмірлері сияқты, өз негізіндегі кәпірді айтып тұрмын, онда біз бұл елдерде өмір сүретін бауырларға: «Мұны істемеңдер, хурудж (қарсы шығу) жасамаңдар, халықты бұған айдап салмаңдар,өйткені, бұл әмірлерде сендерде жоқ күш пен билік бар. Және «Әлсіздік кезінде міндеттілік жоқ, және қажеттілік кезінде тыйым жоқ» – деген шариғи ереже белгілі, және бұл – оған қатысты барлық ғалымдар бір ауызды келісімде болған фиқх негіздерінің ережесі болып табылады. Әлсіздік кезінде міндеттілік жоқ, өйткені, «Аллаһ біреуге Өзі оған бергенінен артық жүктемейді» (әт-Таләқ 65:7). Және «Аллаһ кісіге шамасы келмейтінді жүктемейді» (әл-Бәқара 2:286).

Шариғат ғалымдары орындаған бұл шариғат мәтіндері мен ережелерін бізде мүмкіндік пайда болғанға дейін орындау және қолдану керек.

Бұл – жалпылама сипатта айтып өтуге болатыны. Сіздің мәселеңіз өте ауқымды, бірақ, бұл – әһли Суннә уәл-джәмәъа негіздерінің негізінде қысқаша айтып өтуге болатыны.

Сұрақ қоюшы:

«Аллаһ сізге игілігін берсін, шейх, екінші сұрақ:

Ресейдің аумағындағы және оның аумағынан тыс жерлердегі (орын алып жатқан) үйлерді, поезддерді, метроларды және адамдарды жару сияқты іс-амалдар – джихад және Аллаһтың сөзін ұлықтау болып табылады ма? Бұл істерді жасайтындар: «Бұл – кәпірлердің жәбірлеуіне және олардың өшпенділігіне жауап!» – деп дәйектейді. Олардың кейбіреуі спирттік, немесе есірткі заттарды сатушыларды, немесе мұсылмандардан болған бұзақыларды шариғат сотынсыз өлтіреді. Сондай-ақ, Кавказдағы арнайы қызмет қызметкерлерін де, олардың органдарда жұмыс істегендігі себепті, жалпылама және атымен атап такфир жасап,өлтіреді. Бірақ, арнайы қызметтердің бұл жақтаушылары өздерін мұсылмандарға телиді, және олар надандықта, олардың көбі бұл органдарда тек жалақы үшін ғана жұмыс істейді. Біз атағандардың ішінен болған жастар бір, немесе екі милициялықты өлтіру үшін қоғамдық орында бомба жарып жіберуі мүмкін. Және олар Аллаһтың: «Үкім Аллаһқа ғана тән!» – деген сөздерін басшылыққа алады. Сондай-ақ, олар Кавказдың барлық мұсылмандарын біздің қалаларымызды Кавказ Әмірлігі деп жариялаған өздерінің әміріне ант беруге шақырады. Алайда, осылай бола тұра, бұл бауырлар таулардағы және ормандардағы бірнеше телімдерден басқа Кавказ жерлерінің бөлігіне де ие емес.  Және біз олар тыңдайтын және оларға пәтуа беретін Әбу Мухаммад әл Мақдиси деген адамнан өзге қандайда бір ғалымның олардың Кавказды Әмірлік деп жариялауын қолдағанын білмейміз. Ол Сауд Арабия ғалымдарын үкіметтік деп атайды, және осыған көптеген жас мұсылмандар еліктеп кеткен. Құрметті шейх, біз өз сұрағымызды тағы да қайталаймыз және бізге насихат беруіңізді сұраймыз: біздің бұл жамағаттарға деген қатынасымыз қандай болуға тиіс, біз олармен боуымыз керек пе, әлде олардан қашықтауымыз қажет пе? Және айтылғанға байланысты сіздің насихатыңыз қандай болмақ?

Шейх ‘Абдуллаһ әл-Бухари:

«Мен бұл сөзге, Аллаһ саған береке берсін, «Бұл әдетті мен Ахзамнан бері білемін» деген арабтың мақалымен жауап беремін. Мен сендерге олармен ынтымақтастық жасамауға кеңес беремін! Өз әуестері мен қалауларының жақтаушыларымен ортақ істер жасауға және олармен ынтымақтас болуға рұқсат етілмейді, өйткені, Сүннеттің жақтаушылары көне заманнан бері Сүннеттің жақтаушыларының бидъаттың жақтаушыларымен қарым-қатынасы қандай болуы керекек ендігін түсіндіріп өткен. Бұл адамдар қазір қанды халәл етті, ал Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Адам, харам етілген қанды төкпейінше, өз дініндегі кеңшілікті сезінуді тоқтатпайды!» - деп айтқан,  бұл хадисті имам әл-Бухари өзінің жинағында келтіреді.

Адамға харам қанды төгуге тыйым салынған! Олар өздеріне қанды жорамалдарының негізінде халәл етті, ал «Жорамал ақиқатты еш ауыстыра алмайды ғой». (әл-Юнус 10:36).

Және олардың осындай амалдарды жасауы – мұның халәл екендігіне нұсқамайды! Керісінше, олардың бұл жағдайында, апат болып табылатын бұл шиеленіскен тығыршықтан  шығу үшін Құдыретті де Ұлы Аллаһтан қорқу, Аллаһтың дінін үйрену міндетті болады.

Мұндай адамдардың біреуі пайда болады да, «Имарат» жариялап және оны исламдық деп ойлап, сарайлар салады және адамдарды өзіне ант беруге міндеттейді, мұндай ант беру – бидъатшыл және мұндай Имарат – бидъат екендігіне қарамастан. Барлық аталған жарулар, құпия залымдық әрекеттер және адам өлтірулер, бұлардың барлығы шариғатқа қайшы келеді! Және олар шариғатқа қатысты надан бола тұра,  осындай істерді өздерінше халәл деп есептеуіне болмайды. Ал олардың: «Бұл – дұшпандардың жәбірлеуіне деген жауап!» – деген сөздеріне қатысты, біз оларға: «Сіздер ақиқатты айналып өттіңдер!» – дейміз. Олар (сұрақта аталып кеткендер) – сендермен, немесе сендерден болған басқалармен жауласатындардан емес. Бұл – сендер базарларда өлтіретін, жолдарда, немесе қоғамдық орындарда, немесе серуең ететін, немесе басқа да орындарда өлтіретін көпшілік адамдар. Кім сендерге мұны  жалпы рұқсат етті?! Мұсылманның қаны, Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқандай, үш себептің бірінен өзге жағдайда, рұқсат етілмейді. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), сондай-ақ: «Мұсылманның мал-мүлкі оның рұқсатынсыз рұқсат етілмейді», – деген. Сонда, осы халәл етудің барлығы ненің негізінде өзі?! Олардың әрқайсысы осындайды жорамалдың негізінде халәл етіп береді. Бірақ, кімнің Исламы нық сенімнің негізінде орнатылған болса, ол одан нық сенімнен өзге нәрсемен шықпайды. Бұл – шариғи ереже. Алайда, бұл адамдар келеді де, өзге адамдарды өлтіруді, олардың пәленшеде, немесе түгеншеде жұмыс істейтіні туралы айтып, ақтайды.  Олардың (өздерін Исламға телитін арнайы қызметтердің қызметкерлерінің) арасында надандар бар…, мен оларға ақтау іздеп тұрған жоқпын, мен іс жүзіндегі жағдай туралы айтып тұрмын! Олардың арасында надан да бар, Аллаһтың шариғаты туралы білмейтіні де бар, және олардың арасында ақшамен алданғандар, немесе ақшаның алдында әлсіздік танытатындар бар, сен бұл жөнінде сұрағыңда айтқаныңдай. Және мұндайдың күпірлігі туралы бірден үкім шығаруға болмайды. Имам Ибн әл-Кайим өзінің  «әл-Фәуәид» деген кітабында кейбір адамдардың харам етілген нәрселерді, кейде тіпті көпқұдайшылықты өздері осыған сенбей және осыны қаламай, алайда өзінің  әлсіздігінің себебімен істейтіні туралы ескертіп кетеді. Және Ибн әл-Қайим, Аллаһ оны рақым етсін, өзінің осы кітабында Аллаһтың әмірлеріне қайшы келу туралы айтқанында, «тыйым салынған істердің ең ұлығы»  дегеннен кейін, сегізінші түрін атап, иман келтіруге шақырылған адам: «Мен сенбеймін де,өтірікпен айыптамаймын да, жақсы да көрмеймін, жек те көрмеймін, Аллаһқа құлшылыққылмаймын, бірақ, Одан өзге де ешкімге құлшылық қылмаймын», – десе, мұндайды айтқан адам қалдырғандығы және бетін кері қаратқандығы үшін (и’рад) кәпір болатыны туралы айтады. Ал: «Мен Елшіге сенемін және оны жақсы көремін, және оған иман келтіремін, және маған әмір етілгенді орындаймын, алайда менің әуес-қалауым, болмысым маған үстем болуда және мен маған тыйым салынғанды тастай алмаймын. Мен мұның тыйым салынған екендігін білемін, және маған харам етілген нәрсені істеу жағымсыз, бірақ мен осыны істеуден өзімді өзім ұстап қала алмаймын» , – дейтін адамның жағдайы өзгеше болады, және бұл адам осы себепті кәпір болып есептелмейді дейді Ибн әл-Қайим. Және оның жағдайы (үкімі) біріншісінің жағдайындай (үкіміндей) емес, өйткені, мұндай адам біржақты мойынсұнған болып табылады. Және барлық әмірлерді қалдырған қандай жақтан болмасын мойынсұнған болып табылмайды. Осымен Ибн әл-Қайимның, Аллаһ оны рақым етсін, сөздері аяқталды. Және сол адамдардың кейбіреуінің  жағдайы (үкімі) дәл осыған ұқсас.

Сондықтан біз осы ауыр және опат етуші күнәләрды істеп жүрген бауырларымызға: «Аллаһтан қорқыңдар! Және Ұлы да, Құдыретті Аллаһтың алдына барып тұратындарыңды және Ол сендердіжаувапқа тартатынын біліңдер. Және адамда мұндай жағдайда қашар жері болмайды, және оны әл-Бәркәуидің – Әбу Мухаммад әл-Мақдисидің пәтуалары құтқармайды!» – деп айтамыз. Бұл адамдардың надандығы шекке шыққан болып табылады, және олар өздерінің джәхиль екендіктері және Аллаһтың шариғатына қайшы келетіндіктері туралы біледі! Олар дәлел ретінде астарлы мағыналы аяттарға сүйенеді де айқын мағыналы аяттарды тастайды. Олардың түсініксіз аяттарға сүйенуі оларға ешқашан көмектеспейді, өйткені, ғалымдардың шариғи ережесі: «Түсініксіз болғанды (муташәбих) айқынға (мухкам) қайтару керек», – деп айтады. Ал, бұл адамдар айқын нәрселерді тастап, түсініксіз нәрселерге ілеседі. Абдуллаһ ибн Умар хауәридждерді сипаттап, былай дейтін: «Бұл адамдар кәпірлерге қатысты түскен аяттарды алып, оларды мұсылмандарға қатысты қолданады!» Уа, бауырым, хауәридждер тіпті Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының қанын да күмәннің негізінде халәл етті, бұл пікірдің үстінде сарайлар құрды және Аллаһтың Елшісінен кейінгі Аллаһтың ең абзал жаратылыстарына қарсы соғысты!

Ал, бұл адам (Әбу Мухаммад әл-Мақдиси), мен әл-Барқауиді айтып тұрмын, мен Аллаһтан оны тура жолмен жүргізуін, немесе оның омыртқасын сындыруын, және үмметті оның жауыздығынан және айқын надандығынан сақтауын тілеймін! Аллаһпен ант етемін, олар Исламды да ұлықтамады, кәпірлерді де талқандамады! Ол біледі ме, әлде жоқ па, бірақ оның надан пәтуалары кәпірлерге көмек берді, ол оны сезінсе де, сезінбесе де! Ия! Өйткені, ол өзінің надан пәтуаларымен және бұзақы мақалаларымен кәпірлерге мұсылмандардың кейбір қалаларында бұзақылық таратуға сылтау берді! Осы сияқты бұзақы пәтуалар қалалардың (кәпірлерге) бағындырылуына себеп болды. Ол опат болуесіктерінің есігін ашты, ол және ол сияқтылар, зұлымдыққа, күнәға, надандыққа және Сүннеттен қашықтауға толы осындай пәтуаларды берушілер! Олардың осындай істерінде хауәридждерден өзге саләфтары жоқ. Және олардың әһлю суннәдан болған саләфтары болмайды да, сахабалардан да, табиғиндерден де,ең жақсы ғалымдардан да!

Аллаһтан жүректеріңде қорқыңдар, дінге сүңгіңдер және адамдарды оларға пайда беретін нәрсеге үйретіңдер. Адамдар дінге мұқтаж, және осы сияқты дүниелік болған нәрселерге мұқтаж емес. Адамдармен соғысып, оларды өлтіреді және өздеріне ант беруді талап етеді?! СубханАллаһ! СубханАллаһ! Міне осы – дүние игіліктерін іздеу, тіпті олар осымен бірге Ислам Имараты туралы айтса да, а’узубиЛләһ! Бұл дағуатшылар қанды, мал-мүлікті және ар-намысты халәл етті! А’узубиЛләһ! Және мен олар мұны түсініксіздіктің негізінде халәл етті деп айтпаймын, ол жерде ешқандай түсініксіздік жоқ, бұл тек әуес-қалау және надандық ғана. Аллаһтан мұсылмандарды олардан сақтауын тілейміз».

http://www.youtube.com/user/Talibulilm99#p/a/u/1/y8Otmg0kses

http://www.youtube.com/user/Talibulilm99#p/a/u/0/j8eOagZ28fU

Кавказ жастарына насихат: Шейх ‘Али әт-Тууәйджири
Шейх ‘Али әт-Тууәйджириге —тафсир докторына және шейх Ибн Баз бен шейх Ибн Усәйминнің оқушысына қойылған сұрақ:

«Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен. Аллаһқа мадақ, Мухаммадқа Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және әрі қарай…

Аллаһ Сізге есендік берсін, йә, шейх. Менде мынандай сұрақ: Аллаһтың сөзін үстем етуде және Шариғат заңдарын қолдануда  ыждаһаттылық танытып жатқан, алайда мұны қатаңдық жолымен, мысалы, өздерін Исламға телитін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін  күпірлікте айыптау арқылы іске асырып жатқан Кавказдық бауырларға айтар насихатыңыз қандай?  Бұл милиция қызметкерлері – халқымыздың перзенттері болып табылады және өздерін мұсылман деп санайды, бірақ, олардың арасында коммунизм жүйесінің қоластында тәрбиеленгендері де бар, және олардың көпшілігінде надандық басым. Алайда, олардың көбісі намаз оқиды, ораза ұстайды және жұма намаздарына қатысады. Әрине, олардың арасында бидғат істейтіндері де бар, бірақ, олардың бидғаттары оларды Исламнан шығаратын деңгейге дейін бармайды. Соғысып жатқан бауырлардың қатарынан болған кейбір уағыздаушылар: «Бұл милицияшылар – діннен шыққан муртад деген мәлімдемелер қате болып табылады, өйткені олар ешқашан мұсылман болмады», – дейді. Және оларды өлтіру және жару міндетті болады деп уағыздайды. Ия, милицияшылардың барлығы, әрине, шыншыл адамдардан бола бермейді, олар да бауырларымыз бен сіңілдерімізді өлтіріп, қинап, отырғызуда, бірақ, өкінішке орай, бұл озбырлыққа тауда жүрген соғысушы бауырлардың әрекеттері әкелді.  Негізінен олардың көсемдері – жастар, бірақ олар үлкен ғалымдар сияқты пәтуалар  жәриялайды. Олар Құран мен Сүннеттен дәйектер келтіріп, жастарды шабыттандырады және «өзін пида ету» актілеріне үгіттеп-итермелейді.

Оларды қолдайтындардан – бұл Әбу Мухаммад әль Мақдиси әл Барқауи. Ол оларға пәтуалар береді, бұл жөнінде олар өздерінің интернет сайттарында жазады. Және бұл бауырлар, сондай-ақ, әл-Мақдисидің еңбектерін интернет арқылы ыждағаттылықпен таратып та жатыр.

Біз фитнада және қантөгісте өмір сүрудеміз, адамдарға көмектесуге және оларды осы шекке шығушылықтандан және асығыстықтан сақтандырып-қорғауға ұмтылатын және: «Джихад даналықтың және білімнің көмегімен жүргізіледі, джихад күштің болуымен шартталады,  және пайда мен зиян мәселелерін ескеру қажет», – дейтіндер олар үшін – қорқақ, муржия және жеңілуді жақтаушы болып табылады. Олардың ішінде дағуатшыларға қауіпті ескертпелерін жіберіп қорқытушылар да бар. Бұл нақты қалыптасқан жағдай бүгіңгі күні Кавказда орын алуда. Сіз бұл туралы не ойлайсыз? Жауап беруіңізді өтінемін, Аллаһ сізге сауабынан жазсын!»

Шейх ‘Али әт-Тууәйджиридің жауабы:

«Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен! Әлемдердің Раббысы – Мейірімді Рахымды Аллаһқа мадақ! Мухаммад Пайғамбарға, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!   Біріншісі: Күпірлікте айыптау – бұл (тек) Аллаһтың және Оның елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) құқығы. Тек Аллаһ және Оның елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан кәпір деп аталғандар ғана күпірлікте айыпталады. Ешкім біреуді, оған дәлелдерді жеткізбейінше, анықталмайынша және оған дәлел жетпеінше, және одан күмән алып тасталмайынша күпірлікте айыптауына болмайды, бұл жөнінде шейх уль-Ислам Ибн Таймия (Аллаһ оған разы болсын) айтқанындай. Оларға күпірлікте айыптау мәселесін тастау және Аллаһқа шақырумен айналысу уәжіп болады, мұны Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Меккеде істегеніндей. Ол бірінші кезекте бастаған нәрсесі – Бірқұдайшылыққа шақыру, адамдарға діннің ережелерін оқыту, оларды намазға үйрету, оларға Исламның қағидаларын үйрету еді.

ол елдерде өмір сүрушілер, менің ойымша, олардың көпшілігі надандықта, және көпшілігі Исламның ережелерін  білмейді. Оларды күпірлікте айыптауға асықпау керек, алдын оларды оқыту керек, оларға дәлелдерді жеткізу қажет, оларға Құдыретті Аллаһтың дінін түсіндіру керек, олардан күмәндарды алшақтату қажет, міне осы – Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жолын қалайтындар үшін дұрыс жол болады.    Ал соғысып жатқан және Барқауиге (әл-Мақдисиге) сүйеніп жатқан бауырлар, біз оларға айтатынымыз: «Құдыретті және Ұлы Аллаһтан қорқыңдар!» Егер сендер «такфир» істемеуде қателессеңдер, бұл сендер үшін «такфир» (мусылмандарды күпірлікте айыптау) жасауда қателескеннен жақсырақ болады, өйткені Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтады: «Кім өзінің бауырына: «Кәпір!» – десе, оның екеуінің біреуі сондай болады». Кім қателессе (күпірлікте айыпталуға лайықтыны кәпір деп атамаса), бұл айыптауға лайықты болмаған адамды кәпір деп айыптауынан жақсырақ, өйткені екі ердің арасында: күпірлікте айыптағаны және айыпталушысы, олардың біреуі сондай болуы керек.

Кейін бұл адамдарға мынаны айту керек: «Шариғат білімдерін алыңдар, білімді ғалымдардан алыңдар!» Джихад білімге мұқтаж, өйткені білімсіз джихад жоқ! Ал кім надан болған күйінде джихад жасаса, ол көп қателіктер жасайды.  Олар Ұлы және Құдыретті Аллаһтан қорқуы керек, және өздері ілесіп бара жатқан жолдан сақ болуы қажет, өйткені олар опат болуға бара жатыр!  Аллаһтың діні – әуес-қалаулардың және құмарлықтың пайымы болып табылмайды, Аллаһтың діні толығымен қабылданады, ол мақұлданатын нәрселерді орындауды және айыпталатын нәрселерден бас тартуды бұйырады. Олар такфир мәселелерін білімдар болып табылатын ғалымдарға қайтаруы қажет, олар (ғалымдар) адамды қашан күпірлікте айыптау жөнінде біледі, күпірлікте айыптауда бөгет болатын нәрселерді біледі, және күпәрлікте айыптау (такфир) шарттарын да біледі.

Өздерінің жандары үшін сақ болсын, өйткені олар опат етуші жолмен ілесіп кетуде, олар ұлы қылмыс жасауда. Олар өздерін Жәннәтқа апаратын жол таңдады деп есептейді. Аллаһтың діні ізгі алдыңғы бұынның (салиқалы саләфтардың) түсінуіндегі  Құран мен Сүннеттен, ғалымдарға жүгініп алынады.    Ал, жас мұсылмандарға, және қандайда бір білімдерді алғандарға қатысты айтар болсақ, олар Аллаһтан қорқуы қажет, және ақиқаттың білімпаздары болуы үшін білімді оның иелерінен алуы керек. Өйткені, егер дәрігер емдесе, бірақ маманданған болмаса, онда барша оны осы үшін сөгеді ғой. Ал шариғаттық білімдер бұдан едәіур маңыздырақ, өйткені олар – Аллаһтан және Аллаһтың Елшісінен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын).

Мен баршаға Аллаһтан қорқуға және білім алуға, және осы әл-Мақдисиден аулақ болуға насихат беремін, ақиқатында, ол – атақты хауәридж және адасқан идеялардың жақтаушыларынан!  Одан өте сақ болу, және оған ілеспеу, оны тыңдамау және оның кітаптарын да оқымау қажет!  Аллаһқа шүкір, бұл үмметтің ғалымдарында кітаптар да, кассеталар да бар. Сондықтан олар Аллаһтан қорқуы керек, оларды өздерінің мүмкіндігінше Аллаһқа шақыру керек, мұсылмандарды күпірлікте айыптаудан және қауіпсіздікті бұзып, оларды жарудан аулақ болуы керек, өйткені, бұл күнәлар үшін олар тіпті бұл дүниенің өзінде де Қиямет Күніне дейін жазалануы мүмкін.   Ал барлық нәрсе туралы тек Аллаһқа жақсырақ мәлім!

Аудио таспаны тыңдау: www.youtube.com/watch?v=HdOy_WzWOlc

Алыңған көзі: salaf-forum.ru

Кавказ жастарына насихат: шейх Салих ибн Са’д әл-Люхайдан
Шейх Салих ибн Са’д әл-Люхайданға қойылған сұрақ:

Сұраушы:

«Әс-Саләму алейкум уә рахмәтуЛлахи уа бәракәтух құрметті шейх!

Біз – сіздердің Солтүстік Қавказдық діндегі бауырларыңбыз, және біз үлкен, ақиқи халымдардың насихатына өте мұқтажбыз. Құрметті шейх, кейде Иблис бұл (біздің) жерлердегі жастарды уәс-уәстап адастырады, және олар (шариғат тарапынан) айыпталатын энтузиазмға салынып, джихадтың атымен адам өлтіру, қорқыту және қирату мәселелерінде асығыстық танытып жатады. Күштің болуы Аллаһтың заңымен үкім етпейтіндерге қарсы соғысуға шарт болып табылады ма? Және күш – қорғану джихадының шарты болып табылады ма?

шейх әл-Люхайданның жауабы:

«Аллаһтың атымен, Аллаһтың Елшісіне Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Джихад өз шарттарына ие, джихад өз рукндеріне (тіректеріне) ие! Және біздің кезіміздегі джихадты осы шарттармен салыстырғанымызда, бұл жөнінде «Бәраа» сүресінде, «әл-Әнъам» сүресінде, және «әл-Аъраф» сүресінде айтылатындай, біз мұның бүгінгі күні джихад деп аталатын нәрселерде іске асырылып жатқанын көрмейміз. Өйткені, бүгінгі күні бар болған «джихад», қауіпсіздіктің бұзылуы, ар-намысқа қол сұғу, сондай-ақ, жазықсыздарды өлтіру, ақиқатпен пен өтірікті, шыншылдар мен бұзақыларды араластырып жіберу сияқты ұлы қасіреттер әкелуде. Аллаһтың жолындағы джихад бүгінгі күнде, біріншіден, шақыруға, ықыластылыққа, шыншылдыққа және бекем сенімділікке мұқтаж. Ал билікпен соғысу үшін күш қолдану, тіпті олар – ауытқыған болса да, және тіпті – адасқан болса да, адам өлтіру мен жарылыстар мұсылман үмметі үшін қауіпті зардаптар әкеледі. Өйткені, осының себебімен Исламның жаулары мұсылмандардың қалаларын, олардың қажеттіліктері мен экономикасын иемденіп алуы мүмкін! Жас мұсылман үшін және мұсылмандардың топтары үшін Ұлы және Құдыретті Аллаһтан қорқу, ізгі алдыңғы буынның жолын пайдалану, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалар ұстанған нәрселерде тақуалық танытуға ұмтылу – маңыздырақ болады!»

Аудио таспаға сілтеме: http://www.youtube.com/user/Talibulilm99#p/a/u/1/pmDqIFtDOns

Алыңған көзі: salaf-forum.ru

Фитналар (бүліктер) кезінде және мұсылмандардың халифасы болмаған кезде не істеу керек?
Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Бірде Хузайфадан (Аллаһ оған разы болсын): «Қандай фитна ең жаман болып табылады?» – деп сұрағанда, Ол: “Сенің алдыңда игілік пен жамандық болып, сенің қайсысын істеу абзал екендігін білмеген кезің!” – деп жауап берді. Ибн ‘Абдуль-Барр “әл-Исти’аб” 1/335, Ибн әл-Асир “Асад әл-ғаба” 1/468.

Хузайфа айтатын: «Әдетте адамдар Аллаһтың Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, игілік туралы сұрақтар қоятын еді, ал мен жамандық туралы сұрайтынмын, өйткені ол (жамандық) менің басыма түседі деп қауіптенетінмін. (Бірде) мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Надандық кезінде біз ең нашар хәлде едік; кейін Аллаһ бізді осы игілікке жеткізді, ал осы игіліктен кейін жамандық қайта оралып келеді ме?» – деп сұрадым.  Ол: «Иә», - деп жауап берді.  Мен: «Ал сол жамандықтан кейін игілік қайта оралып келеді ме?» – деп сұрадым. Ол: «Иә, бірақ онда бір кемшілік болады», – деп жауап берді. Мен: «Оның кемшілігі не нәрседе болады?» – деп сұрадым. Ол: «Басқаларды мен басқаратынымнан өзгеше басқаратын адамдар пайда болады, және сендер олардың істерін көресіңдер және оларды тәрк етесіңдер», – деді. Мен: «Сол игіліктен кейін қандай да бір жамандық келеді ме?» – деп сұрадым. Ол: «Иә, Тозақтың қақпаларына шақырушылар (пайда болады), және (олардың шақыруына) жауап бергенді олар оған (Тозаққа) тастатады», – деді. Мен: «Я, Аллаһтың Елшісі, бізге оларды сипаттап бер», – деп сұрадым. Ол: «Иә. (Олар) біздің халқымыздың адамдарынан (болады) және біздің тілімізде сөйлейді», – деді. Мен: «Я, Аллаһтың Елшісі! Менің өмір сүруімнің тұсында осылар орын алса, (менің не істеуім керек) деп ойлайсың?» – деп сұрадым. Ол: «(Шынайы) мұсылмандардың әл-жама’асынан және олардың әмірінен кетпей ұстан», – деді. Мен: «Ал олардың ішінде (осындай) әл-жама’а да, әмір де болмаса ше?» – деп сұрадым. Ол: «Онда ол топтардың  барлығынан алшақ бол, тіпті талдың тамырына тістеріңмен қатты жабысып алып, өлгеніңе дейін осындай жағдайда қалуға тура келсе де!» – деді».  әл-Бухари 3606, Муслим 1847.

Осы хадистің имам Табарани жеткізген риуаятында Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты: «Егер сен халифаны көрсең, оған ілес, тіпті ол сені арқаңнан ұрса да! Егер халиф болмаса, онда қаш!» Қараңыз “Фатхуль-Бари” 14/321.

Ал бұл хадистің имам Ибн Мажжаһ келтірген нұсқасында: «Және өлу сен үшін солардың біреуіне ілескеннен жақсы болады!» – деп айтылады. Қараңыз “Фатхуль-Бари” 14/322.

Имам әл-Бухари өзінің Сахихындағы осы хадисті келтірген тарауды «Әл-жама’а болмайтын кезде іс қалай болмақ?» деп атаған.

Хафиз Ибн Хаджар бұл сөздерге қатысты былай деп айтты: “Яғни мұсылман осындай келіспеушіліктердің  және бір халифаның төңірегінде бірлік жоқ болған кезінде не істеуі керек”. Қараңыз “Фатхуль-Бари” 14/321.

Имам Бадруддин әл-‘Айни былай деп айтты: «Бұл тарауда мұсылман келіспеушіліктер мен фитна кезінде, егер халифтың төңірегіне жиналған әл-жама’а болмаса, не ол оны таппаса, не істеуі керектігі жайлы айтады. Егер келіспеушіліктер басталып және халиф болмаса, онда мұсылман адам халифаның төңірегінде бірлік болғанға дейін не істеуі керек? Бұл тараудағы хадис «мұндай жағдайда ол барлық адамдардан сақтануы керек, тіпті бұл үшін ол өзіне өлім келіп жеткенше талдың тамырынан ұстап алу керек болса да» деп осыны түсіндіріп береді. Және әртүрлі көзқарастардың себебінен жағдайдың бұзылуынан, қарама-қайшы құмарлықтардан қашқақтау үшін осылай істеу ол үшін әмірі жоқ топқа кіруден жақсы болады». Қараңыз  «‘Умдатуль-қари» 24/288.

Имам әл-Байдауи былай деп айтты: “Хадистің мағынасы – егер жер бетінде халифа болмаса, онда саған оңашаланып, бұл ауыр уақытта сабыр таныту керек болады!”

Имам әт-Табари былай деп айтты: “Бұл хадис адамдарда халифа болмай, олар партияларға бөлінген кезде, жамандыққа түсіп қалмау үшін, олардың ешқайсысына ілеспей, мүмкіндік болса баршадан сырт қалу керектігін нұсқайды!” Қараңыз “Фатхуль-Бари” 14/323.

Имам Ибн Батталь: “Егер мұсылмандарда әмір болмаса және олар жіктерге бөлінсе, онда Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұйырғандарына ілесіп, олардың барлығынан сырт қалу – уәжіп болып табылады!” – деп айтқан. Қараңыз “Шарх Сахих әл-Бухари” 10/36.

Имам Абуль-‘Аббас әл-Қуртуби «ол топтардың барлығынан алшақ бол» деген сөздерге қатысты былай деген: “Бұл – фитна кезінде оңашалану бұйрылғанына нұсқайды, және бұл бұйрық міндетті сипатта болады, өйткені осыйлайша істеуден өзгеше өз дініңді сақтап қалу мүмкін болмай қалады! Және осы топтардан сырт қалу, бытыраңқылықтың себебінен билік жүргізуі толыққанды болмағандардың қатарына кіруден бас тартқандық үшін, ғибадат болып табылады”. Қараңыз “әл-Муфхим” 4/58.

Шейх әл-Әлбани бұл хадис туралы былай деп айтты: “Бұл хадисте егер мұсылман хадисте айтылған осындай жағдайға тап болса, ант берілген әмір басқаратын жама’а болғанша, ол қандай да бір партияға кірмеуі қажет және қандай да бір жама’атпен немесе топпен бірге болмауы керек екендігін нұсқайды!” Қараңыз “әд-Дауа иля-Ллах” 98.

Шейх Сафийю-Ррахман әл-Мубәракфури былай деп айтты: “Яғни билік жасауға ұмтылғандардан сақ бол. Және бұл хадисте кез келген ағымдардан және саяси топтардан қашықтау – міндетті (уәжіп) болатынына нұсқау бар”. Қараңыз “Миннатуль-мун’им фи шарх Сахих Муслим” 3/260.

Я, мұсылмандар, бұл ұлы хадиске және оған қатысты ғалымдардың айтқан сөздеріне назар аударыңыздар!

Және бұл – осыған ұқсас жағдайларға қатысты айтылған жалғыз хадис емес:

‘Абдуллаһ ибн ‘Амр, бірде өз сахабаларының арасында отырған Аллаһ Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) фитна туралы ескертіп, былай дегені туралы баяндайды: «Сендер адамдардың келісім-шарттарды бұзып жатқандығын, сенімді жоғалтқандығын және мынандай болғандығын көрсеңдер», – осыдан кейін Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) саусақтарын өрді. Сонда ‘Абдуллаһ тұрып, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жанына келді де, одан: “Сондай кезде мен не істейін?!” – деп сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты: «Өзіңнің үйіңде бол, тіліңді тарт, білетін нәрсеңді істе  және сөгуге тұрарлық нәрселерді таста. Және жалпыға қатысты істерді тастап, өзіңмен байланысты болғаннан ұстан!» Ахмад 2/212, Әбу Дауд 4342, Ибн Мажжаһ 3957, әл-Хаким 4/525. Бұл хадистің сахихтығын әл-Хаким, әл-Мунзири, әл-‘Ирақи, әз-Захаби, әл-Мунауи, Ахмад Шакир, әл-Әлбани және Шу’айб әл-Арнаут растаған.

Я, мұсылмандар! Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) фитна кезіне тиісті осы әмірлеріне, әсіресе жалпыға қатысты істерді тастау әміріне назар аударыңдар!

Имам әл-Мунауи осы хадистің бір нұсқасына жасаған шархында былай деп айтты: “«Адамдарды көрсең» деген сөздері – яғни сен оларды көріп үлгерсең. «Келісім-шарттары бұзылуға келген» деген сөздер – яғни шатысып-бытысып ретсіздікке келеді, олардың діндарлығы және (Аллаһтың және адамдардың алдындағы міндеттіліктерін орындаудағы) сенімділігі әлсірейді.

Келісім-шарт – бұл ант, қауіпсіздік, борыш (жауапкершілік), бұзуға болмайтын нәрселерді қорғау және қамқорлыққа алу.

Сатқындықтың кереғарлығы болған  берілгендікті, «сенімділікті жоғалтады».

«Содан кейін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) саусақтарын өрді» – яғни адамдар сенімдіні сатқыннан, ізгіні бұзақыдан ажырату мүмкін болмайтындай араласып кетеді, және олардың діні абдырап қалады.

«Өзіңнің үйіңде бол» – яғни барлық адамдардан қашықта, және бұған қажеттілік болған жағдайлардан өзге кезде, олардан бекін.

«Тіліңді тарт» – яғни оны сақта және оған бақылау жаса, және одан өзіңе пайда келтіретіннен өзге нәрсе шықпасын. Немесе бұл сөздердің мағынасы – тіліңді саған қатысы жоқ нәрселерден тарт (тый).

Тіл, басқа мүшелердің қатарынан ерекшеленді, өйткені барлық мүшелер оған бағынады, егер ол дұрыс болса, онда қалған мүшелер дұрыс болады, егер ол қисайса, онда қалған мүшелер де қисаяды.

Діннің ережелерінен «білетін нәрсеңді істе». Яғни оған қытысты өзіңде «бұл – ақиқат» – деген білім болған, саған дүниеде де, ақыретте де пайда әкелетін нәрсені істе.

Адамдар істеп жатқандардың ішінен шариғатқа қайшы келетін «сөгуге тұрарлық нәрселерді таста», және өзіңнің жүрегіңмен Аллаһ оларды қалайша басқарып жатқанына қара. Ақиқатында, Ол, адамдардың арасында олардың ризығын бөліп үлестіргендей, игі адамгершілік сипаттарды да бөліп үлестірді, және Ол қаласа, оларды бір бейнемен және кейіппен жаратар еді. Міне сондықтан Аллаһ Тағала олардың арасын басқаруына қырағылықпен қара, және сен Аллаһ сенен бұрып алып кеткен Оған деген мойынсынбаушылықты көрсең, Аллаһқа мадақ айт. Жұмсақ түрде, сабырлылықпен және байсалдылықпен жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтар, және егер сенен насихатты қабылдаса, Аллаһқа мадақ айт, ал егер сен осыны істемесең, бұл кемістігің үшің Одан кешірім тіле «және өзіңе келген барлық нәрсені сабырлықпен көтер. Ақиқатында, бұл істерде батылдық таныту керек» (31:17).

«Ең әуелі өзіңнің қамыңды ойла», өзіңе қатысты болған нәрсемен айланыс және өзіңнің дініңнен  ұстан, адамдарды таста да, оларға ілеспе.

«Жалпыға қатысты істерді тастап» – барлық адамдарды таста. Және егер сенің қайтарып-сөгуің айыпталатын нәрсені, ол барлық адамдарды қамтып алғаны, немесе осы айыпталатын нәрсені істеушінің үстемдік етуі себепті, өзгерте алмауы иқтимал болып тұрса, немесе сен өзің үшін қорқсаң, онда сен – айыпталатын нәрсені тек жүрекпен ғана жек көріп, оны өзгертуді тастай алатындардансын! Және осыда ең жаман адамдардың саны көбейіп, ізгілердің саны азайған кезде айыпталатын нәрсені өзгертуге деген жеңілдік бар!” Қараңыз “Файдуль-Қадир” 626.

Шейх ‘Али ибн Адам әл-Асьюби: «Кім (мұсылман әміріне) мойынсұнудан және әл-жама’адан шығып өлсе, ол жахилиет өлімімен өледі!» Муслим, 1848, – хадисіне жасаған шархында былай дейді: «Бұл мұсылмандарда әл-жама’а және әмір бар болған, және ол (адам), олармен бірге болуға мүмкіндігі болғандығына қарамастан, оларды тастап кеткен жағдайға қатысты. Ал мұсылмандарда бірлік болмаған, одан тыс олардың арасында тәртіпсіздікпен анархия кезіне келер болсақ, ол ешнәрсе істеуге міндетті емес. Керісінше, жалпыға қатысты істерді тастап, өзінің үйінде болып, өз-өзімен айналыссын!»  Қараңыз “Шарх Сунан ән-Насаи” 32/118.

Және ең соңында әлемдерің Раббысы – Аллаһқа мадақ!

www.salaf-forum.ru

«Анкабут» сүресінің соңғы аятының түсінігі
Мейірімді, Рахымды Аллаһтың атымен

Аллаһ Тағала: «Ал Біз үшін соғысатындарды Біз міндетті түрде Біздің жолдарымызбен жүргіземіз. Ақиқатында, Аллаһ ізгілік жасаушылармен бірге!» (әл-Анкабут 29: 69), - деді.

Біріншіден, бұл аят Меккеде түскен. Бұл жөнінде имам әс-Судди былай деп айтқан: «Бұл аят шайқасу парыз етілгенге дейін түсті».  Қз.: “Тафсир әл-Мухаррар әл-уажжиз” 4/326.

Және бірде-бір муфассирдің оның бұл сөздеріне қарсы болғандығы жайлы белгісіз! Демек, осының өзі біздің бауырларымыз «Бұл аятта дәл кәпірлермен жихад туралы  айтылып жатыр» дегенге бас иетін түсінікті жоққа шығарады, өйткені кәпірлермен жихад хижрадан кейін, мадиналық кезеңде бұйырылған еді.

Екіншіден, саләфтар бұл аятты тек кәпірлермен шайқасумен ғана нақты айқындаған жоқ, онда Аллаһтың дінінде жалпы тырысу (ыждағаттылық), Аллаһтың әмірлерін орындау және нәпсінің құмарлығына қарсы күресу туралы айтылады дейтін!

Ибн ‘Аббас бұл аятқа қатысты былай деген: “Яғни Аллаһқа бағыну үшін өзінің нәпсісімен соғысқандар, оларға берілген нығметтерге шүкіршілік еткендер және бастарына түскен қайғыларға сабырлық танытқандар!” Қараңыз “Тафсир әл-Бахр әл-мухит” 7/155.

Раби’а бұл аятқа қатысты: “Жер бетінде өзінің Раббысына мойынсұнатын, Оған шақыратын және Ол тыйым салған нәрселерден тыйылатын, және (сонысымен) ол Аллаһтың разылығы үшін соғысушы болып табылмайтын Аллаһтың құлы жоқ!” – деді.  Қараңыз “Тафсир Ибн Әби Хатим” № 17450.

Имам әс-Судди былай деді: “Иманның жолында төтеп беру үшін «Біз үшін соғысатындарды» – Жәннатқа – «Біз міндетті түрде Біздің жолдарымызбен жүргіземіз»!” Қараңыз “Тафсир әл-Бахр әл-мухит” 7/155.

Абу Сулейман әд-Дарани: “«Соғысты» - яғни өздері білетіндеріне сәйкес амал жасады. «Біздің жолдарымызбен жүргіземіз» – яғни олар білмеген нәрсесіне оқытып-үйретеміз!” – деп айтты. Қараңыз “Тафсир әл-Бахр әл-мухит” 7/155.

Имам Ибн Әби Заманин былай деп айтты: “«Біз үшін соғысатындарды» – яғни Біз үшін амал жасаушыларды. «Біз міндетті түрде Біздің жолдарымызбен жүргіземіз» - яғни тура жолмен жүргіземіз!” Қараңыз “Тафсир Ибн Әби Заманин” 3/353.

Имам Ибн ‘Атыйя бұл аятқа қатысты былай дейтін: “Әс-Судди: «Бұл аят шайқасу парыз етілгенге  дейін түсті!» – деді.  Бұл аят жихадтың белгілі түсінігіне  дейін түсірілді. Ақиқатында, бұл – жихадтың жалпы түсінігіндегі, Аллаһтың дінінде тырысудағы және Оның разылығына жетудегі жихад! Әл-Хасан ибн Абиль-Хасан былай деді: «Бұл аятта ғибадат етушілер туралы айтылған». Имам Әбу Сулейман әд-Дарани: «Бұл аяттағы жихад тек дұшпанмен соғысумен ғана шектелмейді! Керісінше, мұнда дінге көмектесуге, адасушыларды әшкерелеуге, жәбірлеушілерді басып жаншуға және осылардың ішіндегі ең маңыздысы – жақсылыққа бұйырып, жамандықтан қайтаруға жөн сілтенген! Бұған сондай-ақ жихадтың ең ұлы түрі – Аллаһқа мойынсұнуда нәпсімен күресу де жатады!»  Суфьян ибн ‘Уяйна Ибн әл-Мубаракқа былай деп айтқан: «Егер адамдардың келіспеушілікке түскенін көрсең, мужахидтерден ұстан, өйткені Аллаһ: «Ал Біз үшін  соғысатындарды Біз міндетті түрде Біздің жолдарымызбен жүргіземіз!» - деді». Имам әд-Даххак былай деп айтты: ««Біз үшін соғысатындарды» аятының мағынасы – яғни хижра жасаушыларды; «Біздің жолдарымызбен жүргіземіз» – оларды иманның жолында бекем етеміз».  Юнус ибн Асбат: «Сөз амалдардағы ниеттерді тазарту жөнінде болып тұр!»” Қараңыз “Тафсир әл-Мухаррар әл-уажиз” 4/326.

Шейх Ибн әл-Қайим бұл аятқа қатысты былай деді: “Ұлы Аллаһ тура жолды жихадпен байланыстырды. Және кімнің жихады маңыздырақ (дұрыс) болса, сол тура жолмен толық жүрген болады. Ал жихад өз-өзіңмен, құмарлығыңмен, шайтанмен және бұл дүниемен болу керек. Және жихадтың осы төрт түрін Аллаһ үшін орындайтын адамды Ол Жәннатқа апаратын тура жолмен жүргізеді. Кім бұл жихадты тастаса, ол жихадтан қаншалықты айырылып қалған болса, соншалықты басшылықтан да айырылып қалады.  Әл-Жунайд (бұл аяттың мағынасы жөнінде) былай деді: «Тәубеге келу арқылы Біз үшін күресетіндерді, Біз туралық жолымен жүргіземіз».  Осы ішкі (жасырын) дұшпандармен күреспей, сыртқы дұшпандармен соғысу мүмкін болмайды. Кім осы ішкі дұшпандарын (құмарлық, шайтан, нәпсі) жеңсе, сол сыртқы жауларды да жеңеді!” Қараңыз “әл-Фауаид” 58.

Имам әш-Шаукани бұл аятқа қатысты былай деді : “Яғни Аллаһтың разылығына жетуді көздеп және Аллаһтағы бар нәрсені қалап, Аллаһ үшін тырысқандар (ыждағат еткендер). Біз мұндай адамдарды Бізге алып келетін жолға саламыз!” Қараңыз “Фатх әл-Қадир” 2/108.

Сөйтіп, біз бұл аяттың мағынасы жалпылама екендігін көріп тұрмыз, және муфассирлердің көпшілігі оның мағынасын тек кәпірлермен соғысумен шектеген жоқ!

Саләфтардан тек Ибн Зәйд бұл аятта дұшпандармен соғысу жайлы сөз болып тұр деген. Ибн Уахб: “Мен Ибн Зәйдтен бұл аят жөнінде: «Соғысқандар жайлы сөз болуда ма?» – деп сұрадым. Ол: «Иә», – деп жауап берді”, – деп баяндайды. Қараңыз “Тафсир ат-Табари” № 21215.

Сондай-ақ, бұл аят жөніндегі имам әл-Қуртубидің: «Яғни Біздің разылығымызға жету үшін Біз үшін кәпірлермен соғысатындарды», – деген сөздерін немесе имам әл-Бағауидің: «Біздің дінімізді ұлықтау үшін мушриктермен (көпқұдайшылармен) соғысқандарды!» – дегенін келтіретін бауырлар олардың сөздерінің жалғасын айтпай қалдырады! Мысалы, имам әл-Қуртуби өзінің: «Яғни Біздің разылығымызға жету үшін Біз үшін кәпірлермен соғысатындарды», – сөздерінен кейін бірден әс-Судди мен  Ибн ‘Атыйяның бұл аят кәпірлермен соғысу бұйырылғаннан бұрын түсті деп айтқандарын келтіреді!  Қараңыз “Тафсир әл-Қуртуби” 13/242.

Сондай-ақ, имам әл-Бағауи да өзінің сөздерінен кейін былай дейді: “«Бұл аяттағы «соғысу» – жүктелген міндеттерді орындаудағы сабырлық таныту» деп те айтылған! Хасан әл-Басри: «Ең жақсы жихад – өз нәпсіңе қарсы тұру!» – деді.  Әл-Фудайль ибн ‘Ийяд: «Кім білім алу жолында күрескен болса, Біз оны осы білімдерге сәйкес амал істеу жолымен жүргіземіз!» – деп айтты. Сахль ибн Абдуллаһ: «Кім Сүннетті ұстанып соғысқан болса, Біз оны Жәннатқа апарамыз!» – деген.  Сондай-ақ, Ибн Аббастан: «Бізге бағынуда күш жұмсағанды, Біз сый (сауап) жолдарымен жүргіземіз!”- деп айтқаны жеткізіледі. Қараңыз “Тафсир әл-Бағауи” 5/210.

Оның үстіне, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларынан бұл аятты тек Ибн ‘Аббастың тәпсірлегені жеткен, және ол былай деді: “Яғни Аллаһқа бағыну үшін өздерінің құмарлықтарымен күрескендер, оларға көрсетілген нығметтерге алғыс білдіргендер (оларға берілген нығметтерге шүкіршілік еткендер) және бастарына келген қайғы-қасіреттерге сабыр еткендер!” Қараңыз “Тафсир әл-Бахр әл-мухит” 7/155.

Ендеше, қалайша біз өзге біреудікін оның бұл аятты тәпсірлеуінен және түсінудіруінен артық көре аламыз?!

Бірақ бұл аятты біздің бауырларымыз айтып жатқандарындай етіп қабылдасақ та, яғни бұл аятта сөз дәл кәпірлермен соғыс туралы болып жатыр десек, онда «Егер адамдар бір нәрселерде келіспеушілікте болса, онда шекаралас аудандардың тұрғындары (ахль ас-суғур) қандай пікірде екеніне қараңдар», – деген сөз бәрібір жихад жүргізіп жатқан діни білімі жоқ адамдарға қатысты айтылмаған! «Ахль әс-суғур» деген сөздердің астарында жихадта жүрген, немесе соғыс орындарына жақын аудандарда тұратын және болып жатқан жағдай туралы жақсырақ хабары бар білім иелері туралы айтылуда. Ал жихад мәселелерін мужахидтерден зерттеп сұрау қажет дегенге келер болсақ, бұл мәлімдеме Аллаһ Тағаланың: «Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар!» - деп мужахидтерден емес, ғалымдардан сұрауды бұйырған сөздеріне қайшы келеді.  (ән-Нахль /Нақыл 16: 43).

Сондай-ақ, олардың осы аяттан алған жихад жүргізуші ешқашан тура жолдан ауытқымайды деген дәлелдері де қателік болып табылады! Дүние жүзінде қаншама адам әл-Фатиха сүресін оқиды?! Алайда олардың қаншасы – адасқандар?! Бірақ әл-Бухари мен Муслимнен жеткен сахих хадисте Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын былай деп айтты ғой: «Құдіретті және Ұлы Аллаһ: «Мен намазды Өзім мен Өзімнің құлымның арасында тең бөлдім, және Менің құлыма оның сұрағаны тиеді», - деді». Содан соң Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Оқыңдар! Егер де Аллаһтың құлы: «Саған ғана құлшылық етеміз және Сенен ғана көмек тілейміз» – десе, Аллаһ: «Бұл – Мені мен Менің құлымның арамызда, және Менің құлыма оның сұрағаны тиеді!» – дейді».

Алайда бұл уәдеге қарамастан, біз дүние жүзінде миллиондаған адасқан мұсылмандарды көрудеміз!

Мұсылман адам белгілі бір амал үшін белгілі бір сый әзірленгені туралы Құран мен Сүннеттің мұндай мәтіндерін дұрыс түсінуі қажеттігін атап өту керек. Адам күнәлардың кешірілуі уәде етілген нәрсені орындап болып, енді күнәсіз болдым деп немесе тура жол уәде етілген нәрсені орындап болып, енді 100 пайыз тура жолдамын деп сенім артуына болмайды.

Өйткені ешкім Аллаһ одан істеген белгілі бір амалын қабыл еткеніне толыққанды сенімде бола алмайды. Аллаһтың әмірлерін орындаушы мұсылман «Аллаһ одан қабыл етеді деп үміттенуі керек, бірақ бұған шешімді түрде «ол амал қабыл болды» деген сенімде болмауы керек. Ибн Малик әл-Муқри былай деп айтатын: “Мен Әбу ад-Дарданың былай дегенін естігенмін: «Аллаһ менен бір намазымды болса да қабыл еткеніне нық сенімде болу мен үшін бұл дүниенің барлығы мен ондағы барлық нәрседен абзал болар еді. Өйткені Аллаһ: «Ақиқатында, Аллаһ тек тақуалардан ғана қабыл етеді!» – дейді»”. Ибн Әби Хатим 1/327.

Сондықтан да, біз Аллаһтың уәде еткеніне тек үміт ете аламыз, бірақ бұл бізге бірден берілді деп сенуімізге болмайды! Өйткені Ислам тарихында жихад жүргізіп жүрміз деген қаншама адасушылар болды?! Және қаншама адасушылар күніне 20 рет әл-Фатиханы намаз уақытысында оқи тұра, өз адасушылықтарында қала береді?! Адамның белгілі бір әрекеті Аллаһтың оған басқа белгілі бір амалы үшін уәде еткен сыйын беруіне кедергі болуы да мүмкін!

Және мен өзімді және барлық мұсылмандарды Құран мен Сүннетті әлдебіреулердің кейін бұлжымас ақиқатқа айналып кететін пікірлері мен тұжырымдарымен шектелуге тырыспай, олардың жалпылама (толық) мағынасында түсінуге шақырамын!

Аллаһтан қорқу керек және Аллаһтың дінінен еш нәрсені жасырып қалмау керек.

www.salaf-forum.ru