Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ, одан кейін пайғамбарлар келмейтін Мухаммадқа, оның отбасына және оның сахабаларына салауаттар мен сәлем болсын.
Комитет: «Бұл қастандық – күнә, жиіркенішті қылмыс, қиянаттың көрінісі, сатқындық және адамдардың өмірі мен мүлкіне қол сұғылмаушылыққа, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатысты діни тыйымдарды бұзу болып табылады», – деп шешті.
Мұндай қылмысты бойын жеккөрушілік, қиянатшылдық, көреалмаушылық, әділетсіздік, дұшпандық және өмір мен игілікке деген жиіркеніш баулап алған пасық қана істей алады. Мұсылмандар бұл қылмыстың тыйым салынғандығы, жиіркеніштілігі және өте үлкен күнә екендігі жөнінде бірауызды пікірді ұстанады, ал осы және осы сияқты қылмыстарға тыйым салынғандығына нұсқайтын Құранның аяттары және хадистер өте көп және аян.
Осыдан шыға келе, Комитет бұл қылмысқа тыйым салынатындығы жөнінде шешім шығарады, әйгі (жаман) ағымдарға, бұзақы идеялық көзқарастарға және опатқа соқтыратын бағыт-бағдарларға ілесуден сақтану керектігін ескертеді, өйткені егер адам жамандыққа үндейтін өз нәпсіне ерік берсе, ол оны опат болуға жетектейді. Тұла бойын жеккөрушілік баулап алған адамдар осы әрекеттерде өздері үгіттеп жүрген жақсаруға деген шақырулары түріндегі өздерінің мақсаттары мен қалауларын іске асыруға мүмкіндік табады. Ал осы қопарғыш элементтер туралы бір нәрсе болса да білген әрбір адам, олар туралы құзырлы органдарға мәлімдеу керек.
Құранда Аллаһ адамдарды жамандыққа шақыратындардан және жер бетінде бұзақылық пен пасықтық жасап-таратушылардан сақтануды ескертті. Аллаһ Тағала айтты: «Аллаһ және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы – өлтірілулері, не асылулары, яқи, қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері немесе жерден айдалулары. Бұл – олардың дүниедегі жапасы. Және олар үшін Ахиретте ірі азап бар…» (Мәида сүресі, 33-аят)
Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол – өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді. Ал қашан оған: «Аллаһтан қорық!» – делінсе, оның паңдығы ұстап, өзін күнәкар етеді. Оған тозақ жетеді[1], нендей жаман орын», – деді. (Бақара сүресі, 204-206-аяттар)
Біз Оған ғана мадақтар айтылатын және Одан ғана дұға тілейтін Аллаһ Тағаладан бейтбіт тұрғындарға қастандық қылатындарды әшкерелеуін, бізден және барша мұсылмандардан зұлымдықтын бетін бұруын, осы және өзге де мұсылман елдерін барша жаман және қайтарылатын нәрселерден қорғауын және біздің мұсылман әмірлерімізге сондай-ақ барлық мұсылман мемлекеттерінің әмірлеріне адамдар мен мемлекеттерге пайда беретін амалдар жасауға көмектесуін жалбарынып сұраймыз. Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын.
Ең ірі діндарлар Комитетінің Кеңесі