Терактілер мен терроризм джихад еместігі туралы ғалымдардың айтқан сөздері

Шейх Ибн ‘Усаймин Аллаһ тағаланың: «Маған осы Құран, ол арқылы сендерді, сондай-ақ кімге ол жетсе, соларды қорқытуым үшін уахи етілді» (Әнғам 6: 19), – аятына берген өзінің түсіндірмесінде былай деп айтады: «Аллаһ тағаланың: «ол арқылы сендерді қорқытуым үшін», - деген сөздері Мен сендерді оған қайшы келуден қорқыттым, – дегенді білдіреді. «Кімге ол жетсе», – деген сөздерде Кұран жетпегендерге  дәлел жетпегенгендігі көрсетіледі, тура сол сияқты, дәлел бұрмаланған түрде жеткізілген кісіге де дәлел жетпеген болып есептеледі. Алайда, Ислам бұрмаланған күйде болса да жеткен кісі, Ислам мүлде жетпеген адам сияқты ақталу құқығына ие бола алмайды, және өзі ақиқатты іздеуге міндетті болады.

Бүгінде Ислам діні кәпірлердің көпшілігіне өзінің тап-таза бұрмаланбаған күйінде жеткізілді ме?! Әрине, жоқ! Кейбір бауырларымыз өздерінің қалауымен, ешбір хикметсіз амалдар істеп жатқанда, еуропалықтарға және басқаларға Ислам туралы бұрмаланған түсінікті қосып ұлғайтады. Мен адамдардың арасында жарылыстар ұйымдастырып, соны – Аллаһтың жолындағы джихад дейтіндер туралы айтудамын. Шындығында, олар Исламға және мұсылмандарға, пайдаға қарағанда, көбірек зиян алып келуде. Олардың (қол жеткізген) нәтижелері қандай, сіздерге сұрақ: кәпірлер Исламға жақындай түсті ме, әлде одан сайын Исламнан алшақтады ма? Адамның, оны өзгелер осы қарбаластық туғызатын үрейлі топқа жатқызбауы үшін, өзінің бетін бүркеп алуға дейін жетуі – Исламнан деп ойлайсыңдар ма? Ислам бұның барлығынан алшақ, Ислам бұның барлығынан алыс! Тіпті джихад парыз болғаннан кейін де сахабалар, джихадты жүргізе алатын әміршінің туының астындағы джихадтан бөлек, кәпірлердің қауымына оларды өлтіру үшін кеткен жоқ. Ал мына террор туралы айтар болсақ, онда Аллаһпен ант етемін – бұл мұсылмандар үшін шектелу (тежелу) ғана. Біз (бұның) нәтижесі мен пайдасын көріп тұрған жоқпыз, керісінше, мұнда Ислам туралы түсініктің тек бұрмалануы және дұрыс болмауы ғана тұр.

Егер біз хикмет жолын таңдап, жүректерімізде Аллаһтан қорқып, ең алдымен өзімізді, содан кейін айналамыздағыларды  түзесек еді, және шариғат жолымен жүрсек еді, онда нәтиже міндетті түрде игі болар еді!»  (“Шарх усуль ат-тафсир” 1 кассета, «А» – бетін тыңдаңыз. )

ШейхСалих әл-Фаузанға қойылған сұрақ:

«Мұсылман емес елдерінде орын алып жатқан адам өлтіру және үкімет ғимараттарын жару сияқты іс-әрекеттерді қажеттілік болып табыладыма, және осыны джихад деп атауға болады ма?»

Жауап: «Адам өлтіру мен жарылыстар мүлде рұқсат етілмейді, өйткені олар мұсылмандарға қайғы-қасіреттер шақырады және олардың өлтірілуіне және қудалануына әкеледі.  Аллаһтың жолындағы джихадқа келер болсақ, бұл – тек белгілі шарттармен жүргізілетін ашық шайқасу ғана. Бұл істе Пайғамбардың (Аллаһтың оған сәлемі мен игілігі болсын) өнегесіне ілесу керек. Ол Мединаға қоныс аудармаған және кәпірлердің арасында тұрған кезде мына аят түсірілген еді:  «(Мұхаммед Ғ.С.) сондай оларға: «Қолдарыңды (соғыстан) тыйыңдар, намазды орындап, зекет беріңдер!»,- делінгендерді көрмедің бе?» (ан-Ниса 4: 77).

Осылайша оған кәпірлермен соғысудан бас тарту бұйырылған еді, өйткені олардың біреуі болсын өлтірілген жағдайда, кәпірлер барлық мұсылмандарды қаза қылар еді. Мұсылмандар өмір сүріп жатқан елдердегі жасалып жатқан адам өлтірулер, қазір орын алып жатқандығы өздеріңізге белгілі,  мұсылмандардың өздерінің өлтірілуіне әкелетіні – айқын.  Бұл – исламға шақыруға еш қатысы жоқ  және Аллаһтың жолындағы джихад болып табылмайды. Мұсылмандарды қасірет тасқынына тастап жатқан жарылыстар туралы да дәл осыны айтуға болады». (“Фатауа әл-аимма фи ан-науазиль әл-мудәлхима” 41. )

Сұрақ: «Ғимараттарды жару және кәпірлерге қарсы иғтияләт біздің заманымызда, ислам үмметі әлсіз және жүдеу болған сәтте, тіпті міндетті болып табылады деп айтатын адамның сөзіне Сіз қандай түсіндірме берер едіңіз?»

Шейх әл-Фаузанның жауабы:

«Мұның мәні неде?! Біз одан сайын әлсіреуміз үшін ба?! Қазіргі кезде әлсіз және жүдеу болған үммет біздің күнәміздің себебінен одан сайын әлсіреп, сөйтіп кәпірлер оның үстінен билеп-төстеп оны опат етуі үшін бе?! Бұлай істеу – даналық емес, даналық емес! Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)  Меккеде он үш жыл өмір сүрді, және билік сол кезде кәпірлердің қолында еді, алайда, осыған қарамастан пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)  өз сахабаларының ешқасысына кәпірлерге қарсы иғтияль жасауды, немесе біреудің үйін қиратуды,  немесе кәпірлердің біреуінің мал-мүлкін тартып алуды бұйырған жоқ. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) осы сияқты нәрселерді бұйырмады, өйткені мұның салдары мұсылмандарға  жамандық  және ауыр зардаптар әкеледі. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)  Мәдинаға хиджра жасаған соң, және оның өз мемлекеті мен көмекшілері пайда болғанан соң ғана кәпірлерге соғыс және джихад жариялады”. ( “Джихад уа дауабитуху-шшар’ия” 48.)

Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббад:

«Ақиқатында, Әр-Риядтағы терактілердің себебімен орын алған нәрселер, және осы жылдың басында (х. 1424 ж.) Мекке және Мәдинада орын алған жәйттар – міне осылар – шайтанның шектен шығушылықты әшекелеуіне ергендерге жасаған уәс-уәсінің нәтижесі. Орын алған нәрсе – қылмыстардың ішіндегі ең лас әрекет және жер бетіндегі бұзықылық болып табылады. Бірақ, шайтанның осындай іс-әрекеттерді жасаған адамдарды: «Осы – джихад!» – деп ойлауға мәжбүрлейтіні – бұдан да лас болып табылады!   Қандай дін және ақыл мұсылмандарды және олармен келісімде отырған кәпірлерді өлтіруді, адамдарға үрей салуды, оларды жетім-жесір етуді, сондай-ақ ғимараттарды олардың ішіндегі адамдарымен қоса қиратуды  – джихад деп  атайды?!»  ( “Би айи ‘ақли уа дин якуну ат-тадмир уа-ттафджир джихадан?!” 17.)

Шейх Салих ас-Сухайми туралы:

«Өзін «әл-джихад» деп атайтын, бірақ джихадқа ешқандай қатысы жоқ топ  – біздің ғасырымыздың хауаридждері!  Хауаридждер,  ‘Усман  мен ‘Али  олар тарапынан өлтірілген заманда пайда болды және олар, пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын ) бұл жөнінде айтқанындай, Даджәлдің пайда болуына дейін болады. Олар пұтқа табынушыларды жайына қалдырып, мұсылмандарды өлтіреді. Олар Құранды оқиды, бірақ ол олардың өңешінен төмен түспейді.

Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оларды «Оттың иттері» деп атады. Олар ислам елдерін «кәпірлердің жері» – деп, олардағы мұсылдарды өлтіреді. Өздерінің іс-әрекетімен олар кәпірлердің Исламға және мұсылмандарға қарсы агрессиясын араңдатты және кейбір мұсылман қалаларын басып алуға оларға мүмкіндік берді. Осының барлығының артында кімдер тұрғанын, сионистер ма, массондар ма немесе басқа біреулер ме, олар осының барлығын тікелей басқарады ма әлде жоқ па – Аллаһ жақсы біледі.

Олардың бұзықтықтары таралмауы үшін әрбір мұсылманға мүмкідігі жеткенше олардың адасуларын ашу және әшкерелеу міндетті болып табылады. Және олардың ешқайсысын жасыруға болмайды, өйткені бұл  – Аллаһ Тағала: «Бір біріңе игі және тақуалық істерінде жәрдемдесіңдер де,  күнә мен дұшпандықта біріңе біріңе көмектеспеңдер!» – деп айтқандай, күнә мен дұшпандыққа көмек болып табылады. Оларды жасыратын, немесе қорғайтын, немесе олардың амалдарын жасайтын адамдарға келер болақ, ондай адамдар – олардың істеріндегі, яғни мұсылмандардың арасынан жазықсыз болғандарды және бейбіт келісімшартта болған кәпірлерді  өлтіру істеріндегі ортағы және көмекшісі болып табылады. Және мұндай адам, пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ бидғат істеген адамның өзін немесе бидғатшыны жасырған адамды лағнеттеді», – деп айтқандай, Аллаһтың қарғысына ұшырайды. ( әл-Бухари 4/73, Муслим 1371. См. «әл-Ирхаб асбабуху уа ‘иляджуху» 7.)

Шейх ‘Абдур-Рахман әл-Баррак айтты:

«Кәпірлерге қатысты олардың елдерінде өмір сүріп жүрген кейбір надан мұсылмандардың ұрлық, олардың құқықтарын бұзу, хақысыз оларды ұрып-соғу және балағаттау сияқты қылмыстары ислам шариғатында тыйым салынған болып табылады! Мұндай адамдардың істеп жүргендері – Исламға ешқандай қатысы жоқ! Бұдан да сорақысы – бұл түрлі мекемелерді жарып жүрген кейбір адасқандардың жасап жүрген терактілері. Ақиқатында, бұның Аллаһ Тағала жер бетінде әділеттілікті тарату және Өзінің Сөзін ұлықтау үшін өзінің құлдарының арасында заңдастырған  джихадқа еш қатысы жоқ! Тіпті,  бұл – тыйым салынған бұзақылық болып табылады!» (“И’тида ‘аля ғайриль-муслимин” 3.)

әл-Ляджнату-ддаима (Тұрақты Комитеттің) пәтуасы

Ғалымдардың Жоғарғы кеңесі хиджраның 02/04/1419 жылында (26.07.1998ж.) Таиф қаласында өткен 49-сессиясында күпірлікте заңсыз-негізсіз айыптауға қатысты мәселені түсіндіріп, өзге нәрселер қатарында мынаны жариялады:

«Кейбір елдерде орын алып жатқан жазықсыз адамдарды өлтіру, тұрғын үйлерді, көлік құралдарын, мемлекеттік және жеке мекемелерді жару туралы айтар болсақ, бұл іс-әрекеттер – қылмыс болып табылады, және Исламның олармен ешқандай ортақтығы жоқ.  Дәл солай, Аллаһқа және Ақыретке иман келтірген кез келген шынайы мұсылманның да мұнымен ешқандай ортақтығы жоқ. Мұндай адамдардың іс-әрекетін Исламмен де, Исламның қағидаларын басшылыққа алатын және Құран мен Сүннеттің нұсқауларына ауытқымай ілесетін мұсылмандармен де байланыстырмау керек, өйткені олардың іс-әрекеттері – сотқарлықтың таза күйіндегі көрінісі және шариғат та, адам табиғаты да тәрк ететін қылмыс болып табылады.  Мұндай іс-әрекеттерге Құран мен Сүннет тыйым салады, және оларды істеп жүрген адамдармен араласудан сақ болуға үндейді. АллаһТағала айтқандай: «(Мұхаммед Ғ.С.) адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Алайда ол өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады. Алла жауыздықты жақсы көрмейді. Ал қашан оған: «Аллаһтан қорық!» - делінсе, оның тәкаппарлығы өзін күнәға итереді. Оған тозақ жеткілікті, ол – нендей жаман орын!» (Бақара 2:204-206).

Сондай-ақ, құрамында: шейх ‘Абдуль-‘Азиз Али Шейх, шейх Салих әл-Люхайдан, шейх ‘Абдуллах ибн Сулейман әл-Мани’, шейх ‘Абдуллах әл-Ғудаян, шейх Салих әл-Фаузан, шейх Хасан әл-‘Атми, шейх Мухаммад ибн ‘Абдуллах ас-Сабиль, шейх ‘Абдуллах ибн Мухаммад ибн Ибхарим Али Шейх, шейх Мухаммад ибн Сулейман әл-Бадр, шейх ‘Абдуллах ат-Турки, шейх Мухаммад ибн Зайд Али Сулейман, шейх Бакр Абу Зайд, шейх ‘Абдуль-Уаххаб ибн Ибрахим, шейх Салих ибн ‘Абдуллах ибн Хумайд, шейх Ахмад ибн ‘Али әл-Мубараки, шейх ‘Абдуллах ибн ‘Али ар-Рукбан және шейх ‘Абдуллах ибн Мухаммад әл-Мутляқ деген ғалымдар бар Ғалымдардың Жоғарғы Кеңесі  Әр-Риядта хиджраның 11/6/1424 жылы (2003г.) орын алған жарылыстан кейін жасаған өзінің мәлімдемесінде өзге нәрселердің қатарында мынаны да айтты:

«Кім: «Түрлі терактілер және (жазықсыздарды) өлтіру  – бұл джихад!» – деп айтса, ол – надан (джахиль) және адасқан болып табылады. Мұның барлығы Аллаһтың жолындағы джихадқа ешбір қатысы жоқ!»

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия, «джихад» ұғымына анықтама беріп, былай деді:  “Джихадтың мәні – иман, салиқалы амалдар сияқты Аллаһ сүйетін  нәрселерге қол жеткізуге, және күпірлік, бұзақылық , құлақ аспау сияқты Аллаһ жек көретін нәрселерді жоюға барынша ұмтылу”. ( “Маджму’уль-фатауа” 10/192.)