Мұсылман мемлекеттеріндегі жарылыстар және жарылыстарды ұйымдастыру іс-әрекеттері туралы мәселеге байланысты шешімге (үкімге) қатысты имамдардың берген жауаптары
ЕҢ ІРІ ИСЛАМ ДІНДАРЛАРЫНЫҢ жарылыстар және жарылыстарды ұйымдастыру іс-әрекеттері жөніндегі ШЕШІМІ
Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Тақуаларды соңында игілік күтеді, ал жауласуды тек қана залымдарға қатысты көрсету керек, және Қиямет күніне дейін Аллаһтың игілігі мен сәлемі Оның жаратқандарының ішіндегі ең абзалы болған Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына, барлық сахабаларына және оның ең дұрыс болған жетекшілігінің арқасында тура жолға түскендердің барлығына болсын.
Хижра жыл санауы бойынша 1409 жылы мухаррам айының 12- нен 18-дейін (1988 жылдың 24 тамызынан 30 тамызына дейін) ат-Таиф қаласында өткен Ең ірі ислам діндарларының Комитеті Кеңесінің 32-сессия мәжілісі террористік актілердің орын алғандығы жөніндегі анықталған фактілері бойынша өткізілді. Бұл терактілердің салдарынан көп мұсылман және мұсылман емес мемлекеттерінде көптеген жазықсыз адамдар құрбан болды және қоғамдық мүліктің және қоғамдық мекемелердің жойылуы орын алды. Бұл келеңсіз уақиғаларға иманы пәс, немесе тіпті иманнан жұрдай, нәпсілерін дерт және жеккөрушілік жаулап алған адамдар жауапты.
Үйлерді жару, қоғамдық мүлікті өртеу, көпір мен туннельдерді жару, сондай-ақ, ұшақтарды жару немесе басып алу – жарылыстарды ұйымдастудың осындай іс-әрекеттерінің мысалы бола алады. Бірнеше алыс және жақын елдерде осындай қылмыстар жиілігендіктен және Сауыд Арабиясы басқа да елдер сияқты осындай жарылыстарды ұйымдастыру іс-әрекеттерінің объектісі болғандықтан, ең ірі ислам діндарларының Кеңесі жарылыстарды ұйымдастыру іс-әрекетімен айналысатын адамдарға бұлтарғыш бастау бола алатын жазаны орнату мәселесін қарастыруды міндетті деп тапты, ол іс-әрекет зиян тигізу немесе қоғамдық тыныштықты бұзу мақсатымен мейлі қоғамдық және үкіметтік мекемелерге қарсы бағытталсын, мейлі – басқа бір нәрселерге бағытталсын.
Кеңес шариғат қағидалары жалпы алғанда бес міндетті нәрсені: атап айтқанда – дінді, өмірді, ар-намысты, ақыл-есті және мүлікті қорғау және сақтау міндетіне қатысты екендігі туралы діндарлардың нұсқауларымен танысты. Кеңес мұсылмандардың өміріне, ар-намысына және мал-мүлкіне қол сұғу қандай ұлы қауіптермен қаншылықты қатерлі екендігіне, сондай-ақ жарылыстарды ұйымдастыру іс-әрекеті қоғамдық тыныштықтың бұзылуына, анархияға, бүлікке, мұсылмандарды үрейлендіруге және олардың мал-мүлкіне қауіп төнуіне әкелетіндігіне өзіне толық есеп береді.
Аллаһ Тағала, оған мадақтар болсын, жазалаларды олар арқылы қоғамдық және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қолдануды заңдастырып, адамдардың дінін, денелерін, өмірлерін, ар-намысын, ақыл-есін және мал-мүлкін қорғады. Аллаһтың мына сөздері осының түсіндірмесі болады: «Соның салдарынан Израил ұрпақтарына: «Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған[1] біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе [2], барлық адамды тірілткенмен тең», - деп жаздық». (Мәида сүресі, 32-аят)
Аллаһ Тағала айтты: «Алла және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы - өлтірілулері, не асылулары, яқи, қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері [3] немесе жерден айлдалулары. Бұл олардың дүниедегі жапасы. Және олар үшін ахиретте ірі азап бар...» (Мәида сүресі, 33-аят)
Осы аяттарда аталған жазаларды қолдану қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз етуге және мұсылмандардың өмірі мен мал-мүлкіне қол сұғуға нәпсісі итермелеген кез келген адамды жүгендеуге кепілдеме береді. Негізінде, діндарлар қалалардың ішінде соғыс әрекеттерін жүргізудің басқа жерлерде соғыс әрекеттерін жүргізуден ешбір айырмашылығы жоқ дейді, өйткені Аллаһ Тағала: «…және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің …», – деді.
Аллаһ Тағала сондай-ақ: «(Мұхаммед Ғ.С.) адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол - өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді», – деді. (Бақара сүресі, 204-205-аяттар).
Аллаһ Тағала сондай-ақ : «Жер жүзі түзетілгеннен кейін бүлікшілік қылмаңдар [4]», – деп бұйырды. (Ағраф сүресі, 56-аят).
Ибн Касир, Аллаһ оны рахым етсін: «Аллаһ Тағала жер бетінде бұзақылық және ол түзетілгеннен кейін оған зиян тигізетін нәрселерді таратуға тыйым салады, өйткені, егер алғашында істер дұрыс бағытта жүрген болса, ал кейіннен барлығы бұзылған болса, бұл Аллаһ құлдары үшін ең зиянды болып табылады, сөйтіп Аллаһ Тағала бұған тыйым салды» , – деді.
Әл-Куртуби [5]: «Аллаһ Тағала, Оған мадақтар болсын, түзетуден кейін қандай болса да, кез келген бұзақылық жасауға тыйым салды, және бұл (үкім) барлық (адамға) қатысты», – деді.
Жоғарыда баяндалғандарға негізделіп және жоғарыда аталған іс-әрекеттер материалдық немесе өзге де мүдделер үшін соғысып жатқандардың іс-әрекеттермен салыстырғанда қауіптірек болып табылатынындығына сүйеніп, өйткені, жарылыстарды ұйымдастыру іс-әрекетімен айналысып жүрген адамдар қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға, мұсылман үмметін қиратуға, оның ақидасын жоюға және оны Раббымыз көрсеткен жолынан ауытқызуға ұмтылып жатқандығы себепті, Кеңес төмендегідей шешім шығарды:
Бұған осындай әрекеттерді істеп жүргені үшін күнәлі адам өлім жазасына лайықты болады деген жоғарыда келтірілген Құранның аяттары және жарылыстарды ұйымдастыру іс-әрекетімен айналысып жүрген адамдар үлкен қауіп төндіретіндігі және қарақшылардан да көп зиян әкелетіндігі нұсқау бола алады.
Жеке адамға ғана оны өлтіру немесе тонау арқылы қастандық жасаған қарақшыға Аллаһ осындай жазаны бекіткен болса, ал көптеген жазықсыз адамдарға қайғы-қасірет тигізетін террористер оған тіпті лайық.
Аллаһтың игілігі мен сәлемі Оның құлы және елшісі – пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына болсын.
Ең ірі діндарлар комитетінің Кеңесі [6]
“Мұсылман діндарларының қазіргі заман үндеулеріне жауабы ” кітабынан, 1- Тарау
_________________________
Түсініктемелер:
[1] Не көпқұдайшылдық, не қарақшылық, зорлық, қирату және сол сияқты қылмыстар айтылып тұр.
[2] Яғни оның өмірін сақтап қалады.
[3] Оң қолы мен сол аяғы айтылып тұр.
[4] Яғни адамдарға Аллаһтың елшілері жіберілгеннен кейін.
[5] Ибн Касир және Әл-Куртуби – Құранның көпке әйгілі және көрнекті тәпсіршілері.
[6] Ислам фикхы қоғамының журналы, № 2, 181-бет. ,№ 148 – Шешім, 32-ші сессиясында қабылданған 24.08.1988 г. (х.12.01.1409 ж.)