Шейх Мукбиль ибн Хадидің Мекке және Мәдинадағы жарылыстардың артында тұрғандар туралы айтқан сөздері

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен!

«Біз одан бізді Аллаһ Тағаладан өзге ешкім құтқара алмайтын бүліктің кезінде өмір сүрудеміз. Ал Құран мен Сүннетке қатаң түрде ілесу – бүліктен құтылу болады, бұл жөнінде Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанындай: «Ақиқатында, сендерден кім ұзақ өмір сүрсе, көптеген келіспеушіліктерді көреді, ал сол үшін сендер менің Сүннетімді және тура жолмен жүруші ізгі (салиқалы) халифалардың Сүннетін ұстануларың қажет. Одан азу тістеріңмен ұстаныңдар!» Әбу Дауд 4607, әт-Тирмизи 2676, Ибн Мәджәһ 42».

«Менің айтайын дегенім: адамдар ғалымдарға қайта жүгінуді қалдырған кезден бастап қайғы-қасіретке түсті, ал Аллаһ Тағала былай деген: «Қашан оларға (мұсылмандарға) аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны, Пайғамбарға не өздерінің ықпалдыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын зерттей алатындар білер еді». (ән-Нисә; 83) Ал ықпалдылар – бұл ғалымдар, әмірлер және парасатқа ие ізгілер».

«Мен: ақиқатында, біз өмір сүріп жатқан қауымдастық тәрбиеге мұқтаж деймін. Ол қоғамды дұрыс білімнің, бірқұдайшылықтың және Аллаһқа даналықпен және жұмсақтықпен шақырудың негізінде тәрбиелейтін шейх Ибн Бәз сияқты мыңдаған адамдарға және шейх әл-Әлбәни сияқты мыңдаған адамдарға мұқтаж! Бұл екі қадірлі адамдарды хизбилер [1] жақсы көрмейді. Маған осы екі кісіне жек көрмейтін бір хизбиді болса да алып келіңдерші!»

«Біз терактілер жасаушылардан мынаны сұрағымыз келеді: Сендер осы жарылыстардың заңдылығы туралы қандайда бір ғалымнан сұрадыңдар ма?! Әлде мұның барлығы – әл-Мәсъари деген надан және ақымақтың нұсқаулары ма?! Біз соңғы жарылыс туралы: оны пәлен, немесе пәлен орындады деп айтып тұрған жоқпыз, алайда оны әл-Мәсъаридің жақтаушылары істегендігі және олар – рафиділерден екендігі түсінікті».

«Әділетсіз Хаджәдж ибн Юсуф Әнәсқа, Аллаһ оған разы болсын, жәбір тигізетін, бірақ Әнәс былай деп айтатын: «Аллаһпен ант етемін, егер менің туысқандарым болмағанда, мен оған ол мені өлтіріп тастайтын сөздерді айтар едім!» Әнәс өз туысқандары үшін қам жейтін. Ал салдары тұтас халықты қорқынышқа әкеп соқтыру болып табылатын жиырма американдықты өлтіретіндер туралы не айтуға болады?!

«Мән уәраа әт-тафджир филь-ард әл-Харамәйн»

__________________________

Ескертпелер:

[1] Хизбилер, «хизб» – партия сөзіне шыққан. Сөз қандайда бір қайраткер негізін салған ислам ағымдары, немесе ұйымдары туралы болуда. Бұл партиялардағы дінге шақыру және Исламды тарату әдістері Құран мен Сүннеттен емес, олардың негізін қалаушыларының пікірінен туындаған. Ал бұл партиялар аз болмағандықтан, олардың барлығының өзге партиялардан ерекшеленетін өз әдістері бар. Нәтижесінде олар мұсылман үмметіне, олардың құрылуындағы пайдаға қарағанда, көбірек зиян тигізеді.