Кавказ жастарына насихат: Шейх ‘Али әт-Тууәйджири

Шейх ‘Али әт-Тууәйджириге —тафсир докторына және шейх Ибн Баз бен шейх Ибн Усәйминнің оқушысына қойылған сұрақ:

«Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен. Аллаһқа мадақ, Мухаммадқа Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және әрі қарай…

Аллаһ Сізге есендік берсін, йә, шейх. Менде мынандай сұрақ: Аллаһтың сөзін үстем етуде және Шариғат заңдарын қолдануда ыждаһаттылық танытып жатқан, алайда мұны қатаңдық жолымен, мысалы, өздерін Исламға телитін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін күпірлікте айыптау арқылы іске асырып жатқан Кавказдық бауырларға айтар насихатыңыз қандай? Бұл милиция қызметкерлері – халқымыздың перзенттері болып табылады және өздерін мұсылман деп санайды, бірақ, олардың арасында коммунизм жүйесінің қоластында тәрбиеленгендері де бар, және олардың көпшілігінде надандық басым. Алайда, олардың көбісі намаз оқиды, ораза ұстайды және жұма намаздарына қатысады. Әрине, олардың арасында бидғат істейтіндері де бар, бірақ, олардың бидғаттары оларды Исламнан шығаратын деңгейге дейін бармайды. Соғысып жатқан бауырлардың қатарынан болған кейбір уағыздаушылар: «Бұл милицияшылар – діннен шыққан муртад деген мәлімдемелер қате болып табылады, өйткені олар ешқашан мұсылман болмады», – дейді. Және оларды өлтіру және жару міндетті болады деп уағыздайды. Ия, милицияшылардың барлығы, әрине, шыншыл адамдардан бола бермейді, олар да бауырларымыз бен сіңілдерімізді өлтіріп, қинап, отырғызуда, бірақ, өкінішке орай, бұл озбырлыққа тауда жүрген соғысушы бауырлардың әрекеттері әкелді. Негізінен олардың көсемдері – жастар, бірақ олар үлкен ғалымдар сияқты пәтуалар жәриялайды. Олар Құран мен Сүннеттен дәйектер келтіріп, жастарды шабыттандырады және «өзін пида ету» актілеріне үгіттеп-итермелейді.

Оларды қолдайтындардан – бұл Әбу Мухаммад әль Мақдиси әл Барқауи. Ол оларға пәтуалар береді, бұл жөнінде олар өздерінің интернет сайттарында жазады. Және бұл бауырлар, сондай-ақ, әл-Мақдисидің еңбектерін интернет арқылы ыждағаттылықпен таратып та жатыр.

Біз фитнада және қантөгісте өмір сүрудеміз, адамдарға көмектесуге және оларды осы шекке шығушылықтандан және асығыстықтан сақтандырып-қорғауға ұмтылатын және: «Джихад даналықтың және білімнің көмегімен жүргізіледі, джихад күштің болуымен шартталады, және пайда мен зиян мәселелерін ескеру қажет», – дейтіндер олар үшін – қорқақ, муржия және жеңілуді жақтаушы болып табылады. Олардың ішінде дағуатшыларға қауіпті ескертпелерін жіберіп қорқытушылар да бар. Бұл нақты қалыптасқан жағдай бүгіңгі күні Кавказда орын алуда. Сіз бұл туралы не ойлайсыз? Жауап беруіңізді өтінемін, Аллаһ сізге сауабынан жазсын!»

Шейх ‘Али әт-Тууәйджиридің жауабы:

«Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен! Әлемдердің Раббысы – Мейірімді Рахымды Аллаһқа мадақ! Мухаммад Пайғамбарға, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын! Біріншісі: Күпірлікте айыптау – бұл (тек) Аллаһтың және Оның елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) құқығы. Тек Аллаһ және Оның елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан кәпір деп аталғандар ғана күпірлікте айыпталады. Ешкім біреуді, оған дәлелдерді жеткізбейінше, анықталмайынша және оған дәлел жетпеінше, және одан күмән алып тасталмайынша күпірлікте айыптауына болмайды, бұл жөнінде шейх уль-Ислам Ибн Таймия (Аллаһ оған разы болсын) айтқанындай. Оларға күпірлікте айыптау мәселесін тастау және Аллаһқа шақырумен айналысу уәжіп болады, мұны Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Меккеде істегеніндей. Ол бірінші кезекте бастаған нәрсесі – Бірқұдайшылыққа шақыру, адамдарға діннің ережелерін оқыту, оларды намазға үйрету, оларға Исламның қағидаларын үйрету еді.

ол елдерде өмір сүрушілер, менің ойымша, олардың көпшілігі надандықта, және көпшілігі Исламның ережелерін білмейді. Оларды күпірлікте айыптауға асықпау керек, алдын оларды оқыту керек, оларға дәлелдерді жеткізу қажет, оларға Құдыретті Аллаһтың дінін түсіндіру керек, олардан күмәндарды алшақтату қажет, міне осы – Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жолын қалайтындар үшін дұрыс жол болады. Ал соғысып жатқан және Барқауиге (әл-Мақдисиге) сүйеніп жатқан бауырлар, біз оларға айтатынымыз: «Құдыретті және Ұлы Аллаһтан қорқыңдар!» Егер сендер «такфир» істемеуде қателессеңдер, бұл сендер үшін «такфир» (мусылмандарды күпірлікте айыптау) жасауда қателескеннен жақсырақ болады, өйткені Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтады: «Кім өзінің бауырына: «Кәпір!» – десе, оның екеуінің біреуі сондай болады». Кім қателессе (күпірлікте айыпталуға лайықтыны кәпір деп атамаса), бұл айыптауға лайықты болмаған адамды кәпір деп айыптауынан жақсырақ, өйткені екі ердің арасында: күпірлікте айыптағаны және айыпталушысы, олардың біреуі сондай болуы керек.

Кейін бұл адамдарға мынаны айту керек: «Шариғат білімдерін алыңдар, білімді ғалымдардан алыңдар!» Джихад білімге мұқтаж, өйткені білімсіз джихад жоқ! Ал кім надан болған күйінде джихад жасаса, ол көп қателіктер жасайды. Олар Ұлы және Құдыретті Аллаһтан қорқуы керек, және өздері ілесіп бара жатқан жолдан сақ болуы қажет, өйткені олар опат болуға бара жатыр! Аллаһтың діні – әуес-қалаулардың және құмарлықтың пайымы болып табылмайды, Аллаһтың діні толығымен қабылданады, ол мақұлданатын нәрселерді орындауды және айыпталатын нәрселерден бас тартуды бұйырады. Олар такфир мәселелерін білімдар болып табылатын ғалымдарға қайтаруы қажет, олар (ғалымдар) адамды қашан күпірлікте айыптау жөнінде біледі, күпірлікте айыптауда бөгет болатын нәрселерді біледі, және күпәрлікте айыптау (такфир) шарттарын да біледі.

Өздерінің жандары үшін сақ болсын, өйткені олар опат етуші жолмен ілесіп кетуде, олар ұлы қылмыс жасауда. Олар өздерін Жәннәтқа апаратын жол таңдады деп есептейді. Аллаһтың діні ізгі алдыңғы бұынның (салиқалы саләфтардың) түсінуіндегі Құран мен Сүннеттен, ғалымдарға жүгініп алынады. Ал, жас мұсылмандарға, және қандайда бір білімдерді алғандарға қатысты айтар болсақ, олар Аллаһтан қорқуы қажет, және ақиқаттың білімпаздары болуы үшін білімді оның иелерінен алуы керек. Өйткені, егер дәрігер емдесе, бірақ маманданған болмаса, онда барша оны осы үшін сөгеді ғой. Ал шариғаттық білімдер бұдан едәіур маңыздырақ, өйткені олар – Аллаһтан және Аллаһтың Елшісінен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын).

Мен баршаға Аллаһтан қорқуға және білім алуға, және осы әл-Мақдисиден аулақ болуға насихат беремін, ақиқатында, ол – атақты хауәридж және адасқан идеялардың жақтаушыларынан! Одан өте сақ болу, және оған ілеспеу, оны тыңдамау және оның кітаптарын да оқымау қажет! Аллаһқа шүкір, бұл үмметтің ғалымдарында кітаптар да, кассеталар да бар. Сондықтан олар Аллаһтан қорқуы керек, оларды өздерінің мүмкіндігінше Аллаһқа шақыру керек, мұсылмандарды күпірлікте айыптаудан және қауіпсіздікті бұзып, оларды жарудан аулақ болуы керек, өйткені, бұл күнәлар үшін олар тіпті бұл дүниенің өзінде де Қиямет Күніне дейін жазалануы мүмкін. Ал барлық нәрсе туралы тек Аллаһқа жақсырақ мәлім!

Аудио таспаны тыңдау: www.youtube.com/watch?v=HdOy_WzWOlc

Алыңған көзі: salaf-forum.ru