Мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек көрсету мәселесіне түсіндірме жасау

Назарларыңызға www.salaf-forum.ru дайындаған «Мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек көрсету мәселесіне түсіндірме жасау» мақаласының бірінші бөлімін ұсынамыз

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек көрсету мәселесінің түсіндірмесі

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Ал содан соң:

Бұл еңбекті құрастыруға таяу арада жарық көрген «Данқты сахаба Хатыб ибн Бальта’аға тағылған жаланы теріске шығару» («В опровержение наговора на славного сподвижника») атты мақала, сондай-ақ орыс тілінде шығайын деп жатқан, онымен мұсылмандарды, тіл алмайтын кішкентай балаларды қорқынышты әңгімелермен қорқытатындай етіп, қорқытатын Нәсыр әл-Фәхдтың «әт-Тибьян фи куфри мән а‘анә әл-әмрикан» атты кітабы болды.

Бұл мақаланы оқып, әрбір мұсылман, Аллаһ қаласа, құрастырылуының негізіне оны теріске шығару алынған мақаламен де, діннің белгілі бір ережелеріне деген қате көзқарастарды санаға енгізетін осы сияқты басқа шағын мақалалармен де адасушылыққа түсуге жол бермейтін негіз алады.

«Данқты сахаба Хатыб ибн Бальта’аға тағылған жаланы теріске шығару» атты мақаланың құрастырушысы Расул Дагестани, Аллаһ оны да, бізді де тура жолмен жүргізсін, өз мәлімдемелерімен және қорытындыларымен едәуір асықты. «Тағуттардың қорғаушыларының бұл оқиғадан шығарған қорытындысы, ешбір күмәнсіз, Пайғамбардың (оған Алаһтың игілігі мен сәлемі болсын) данқты сахабасына жабылған жала және ғайбаттау болып табылады», - деп айтып, автор Расул Дагестани тағуттарды қорғаушылықта осы үмметтің ертедегі көптеген атақты имамдарын айыптағанын ойланған да жоқ! Тіпті оларды күпірлік жасауда айыптады, өйткені тағутты қорғау – күпірлік болып табылады, ал автор, оның еңбегіне қарағанда, дәл кәпірлерді тұспалдап тұр.

Ол, сондай-ақ, былай деп жазады:

«Егер сен жан-жағынан сұрақтармен қапталатын, оған саусағымен көрсетілетін, білімді және өнегелі адам деп саналатын, ал оның өзі күпірліктің имамдарын мұсылмандардың әмірлері деп атайтын және осыны мойындамайтындардың әрбіріне, тіпті ол бірқұдайшыл болса да, қарсы көмектесетін болса, таң қалма».

Мен бірден ешқандай тағуттарды қорғамағандығымды және қорғамайтындығымды айтудан бастағым келеді, Аллаһ бұдан мені де, барлық мұсылмандарды да қорғасын! Бірақ мен мұсылмандарды ауыр күнә жасаудан сақтандыру үшін барлық нәрсені үлкен күпірлік, діннен шығу т.с.с. деп атайтын, ал осындай мәлімдемелермен келіспейтіндерді мурджиялықта, мадхалилікте тағы да осындай шатпақта айыптайтын кейбір ойшылдардың әдістерімен ешқандай келісе алмаймын!

Сонда бауырларымыз біздің ғасырымыздағы такфирдің фитнасын имам Әхмәдтың кезінде орын алған Құранды жаратылған деп айту фитнасымен салыстыруға келетіндігін ұмытып, осы әдісті біздің уақытымызда ең жақсы деп есептегені ме?

Күнәні өз атымен атау оның ауырлығын және зардаптарын жеңілдетпейді, бірақ қандайда бір күнәні оның өз атымен атамау Аллаһ Тағаланың шариғатына өтірік жапсыру болып табылады!

Сонда осы кездің мұсылмандарының арасында өсімқорлықтың, есірткіқұмарлықтың, зинақорлықтың тарағаны себепті біз осы ұлы күнәлардан сақтандыруымыз үшін енді олардың барлығын діннен шығаратын күпірлік деп атауымыз қажет пе?!

Айқындық үшін мынандай бір оқиғаны келтіргім келеді:

Бірде бір адам өз заманының ұлы имамы болып саналған Ибн әл-Мубәрактан: «Сен зина жасайтын және шарап ішетін (адам) туралы не деп айтасын?! Ол мүмін болып табылады ма?!» – деп сұрады. Ол: «Мен оны иманнан шығармаймын!» – деді. Әлгі адам: «Қартайған шағыңда сен мурджиге айналыпсың ғой!» – деді. Сонда имам Ибн әл-Мубәрак оған: «Ақиқатында мурджилер мен айтатын нәрсені айтпайды! Мен иман азаяды және көбееді деп айтамын, ал мурджилер: «Бұлай деп айтпа!» – дейді. Мурджилер өздерінің игі амалдары қабыл болатынын мәлімдейді, ал мен өзімнің игі амалдарымның қабыл болатынын не қабыл болмайтынын білмеймін! Ал сен тақтайды алып, ғалымдардың алдында отыруға (яғни ғалымдардан білім алуға) мұқтажсың!» – деп айтты. Исхақ ибн Рахауәйх “әл-Муснәд” 3/670.

Міне, осылайша зина жасаушыны және шарап ішушіні кәпір деп есептемегені үшін ұлы имам мурджилікте айыпталған еді!

Бауырымыз Расул Дагестанидің мақаласына келер болсақ, осындай нәрселерді оқып алып, жастар және жас та емес мұсылмандар араб елдерінің әмірлерінің барлығын аттарын атап күпірлікте, ал әмірлерді күпірлікте айыптаумен шықпаған әрбір ғалымды тағуттардың қорғаушылары деп айыптауға асығады. Сондай-ақ, Татарстандағы және Кавказдағы барлық полицияшыларды кәпірлер мен муртадтар, өйткені, олардың пікірі бойынша, олар – өздері бұл туралы білсе де, білмесе де, кәпірлердің мұсылмандарға қарсы көмекшілері болып табылады т.с.с. деп атауға да асығады.

Бұл мақала авторының шулы сөздеріне назар аударыңдар:

«Тек білім арқылы ғана адам өзінің дұшпанын, оның азғыруын, бүркелген ұрандары мен сәнделген сөздерін айыра алады, әсіресе Аллаһтың дініндегі маңызды мәселелер туралы кез-келген ойына келген адам сөйлейтін және пікір білдіретін кезде. Бүгіңгі күні мұсылмандардың проблемалары туралы ой-пікір қозғайтын осындай «білгірлерді» аудио және видео таспаларда, интернет беттерінде, телебағдарламаларда, газеттерде т.б. жерлерде өте жиі кездестіруге болады, кейде осындай түрлі пікірлердің авторлары болып барып тұрған надандар табылады, тіпті кейбіреулер оларды білімді деп атап, білгірлердің қатарына жатқызса да. Олар өте күрделі мәселелерге, оларды ғана емес діндегі олардан да қарапайым мәселелерді түсінбей, «өздерінің тұмсықтарын сұғады». Осы себепті олар Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жалпыға қатысты істер туралы сөйлейтін ақымақ (надан)», – деп, олардан ескертіп сақтандырған «рууәйбида» деген атаққа бәрінен де лайықтырақ. Сонымен бірге олар өз надандығымен шайтанның қолындағы қаруға айналуда, тіпті олардың ниеттері ықыласты болып, олар тек жақсылықты қаласа да».

Бірақ, осымен бір мезетте, автордың өзі де өзі атап тұрғандардың қатарына жатады, өйткені ол айтқан салмақты сөздерді мәлімдеу үшін оның мақаласында келтірілген нәрселер жеткіліксіз екендігі әп-анық. Ал бұл жауапты оқып шыққанның әрбіреуі, ин ша Аллаһ, автор бұл мәселені сыртай болса да зерттемегенін көреді.

Salaf-forum сайтына оның мақаласына деген сілтемені қойғанда, мен оны бірден оқып шықтым және осы Расул Дагестанидің мәлімдемелеріне қатты таң қалдым. Мен автордың бұл мәселемен мұқият таныспағандығын және, мүмкін, осы тақырыпқа байланысты жазылған бір дайын мақаланы аудара салғанын түсіндім. Өйткені, ол имамдардың Хатыб туралы хадиске жасаған бір неше түсіндірмелерін және кәпірлерге достық және көмек көрсету туралы аяттарға жасаған бірнеше тәпсірлерін болса да оқып шыққанда, мұндай салмақты мәлімдемелер жасауға асықпас еді! Мысалы, егер ол имам әл-Қуртубидің өз тәпсірінде Хатыбқа қатысты түскен аяттардың тәпсіріне қатысты айтқандарын оқығанда, онда ол жерде: «Кім мұсылмандарды аңдып, олардың дұшпандарын олар туралы хабардар етсе, егер оның осындай істеуінің себебі болып дүниелік нәрсе болып, сенімі дұрыс болып қала бесе, осы себепті кәпір болмайды! (Кәпірлерден) көмек алғысы келген және осынысымен діннен шығуды қаламаған Хатыбтың іс-әрекеті тура осындай болды», - деген сөздерді табар еді. Қараңыз “Тафсир әл-Қуртуби” 20/399.

Бұл – бауырымыз Расул Дагестанидің осындай салмақты мәселеде асығыстық танытқанына нұсқайтың шағын мысал ғана.

Ол былай дейді:

«Мен сондай-ақ сендер кәпірлерге Исламға және мұсылмандарға қарсы күресте көмек көрсетуді діннен шығу деп санамайтынның әрбірі осы нәрседе Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайшы келетінін және мүміндердің жолына ілеспейтінін білгендеріңді және осыған кәміл сенгендеріңді қалаймын. Бұл мәселе айқын және анық болатыны соншалықты, қалайша оған, қарапайым мұсылмандарды айтпағанның өзінде, кейбір ғалымдардың түсінбестік енгізгеніне таң қаласың».

Бізге қызығы – ол имам Қуртубиді де осылайша оп-оңай мүміндердің жолымен жүрмейтін, жүрегі ауытқыған тағуттардың жақтаушысы деп атайды ма?!

Шындығында да, зерделі адам осы жауапты оқып шығып, қалайша бұл мәселеде бір ауызды келісім бар деп мәлімдеуге болатынына таң қалып, ашуланады. Осы бауырымыз бұл мәселеде ең көбі әһлю-Суннә арасында келіспеушіліктер бар деп айта алар еді, бірақ бұл да – қателік болар еді, өйткені автор ілгерілетіп жатқан пікірдің әлсіздігі және бізге Құранды түсіндіретін таза Сүннетке қайшы келетіндігі соншалықты, оған артықшылық беруге еш болмайды.

Кәпірлерге достық, көмек және сүйіспеншілік көрсетуге байланысты терминдердің анықтамасы

Бұл тақырыпты қарастырудан алдын әл-уәлә уәл-бара (достық және қатыссыздық) мәселесіне қатысты кейбір терминдер және олардың түсіндірмелері туралы ескертіп өткім келеді, өйткені бұл мәселе Исламдағы әл-уәлә уәл-бара мәселесіне тікелей байланысты. Сөз «әл-уәлә», «әл-уәләйә», «әл-мууәлә» және «әт-тауәлли» терминдері туралы болуда.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: “Әл-Уәлә – бұл дұшпандықтың қарама-қарсысы. «әл-Уәлә» сөзіндегі негіз – бұл сүйіспеншілік және жақындық, ал «өшпенділік» сөзіндегі негіз болып – алыстық және өшпенділік табылады. Ал «әл-Уәли» – бұл «жақын»”. Қараңыз “әл-Фурқан” 7.

Имам әш-Шәукани былай деген: “ «әл-Уәләйә» – бұл сүйіспеншілік және қолдау, мұны тілтанушылар түсіндіргендей”. Қараңыз “Қатр әл-уәли” 223.

Сондай-ақ «әл-уәләйә» сөзі көмекті, құрметті, және сүйіктіңмен бірге болуға деген іштей және сыртай қалауды білдіреді. Қараңыз “Тайсируль-‘Азизиль-Хамид” 422.

«әл-Мууәлә» терминіне келер болсақ, онымен кәпірлерге ашық түрде сүйіспеншілік таныту меңзеледі, мейлі ол сөздермен, мейлі істер және ниетпен болсын. Қараңыз “Китабуль-имән” 145.

Шейх ‘Абдул-Ләтыф ибн ‘Абдур-Рахман Әли Шейх былай деген: “«әл-Мууәлә»дағы негіз – бұл сүйіспеншілік, ал «әл-му’ада»дағы негіз – бұл жек көрушілік! Осы екі нәрседен дененің және жүректің амалдары танылады (келіп шығады)!” Қараңыз “әд-Дурару-ссәния” 2/157.

Шейх Ибн ‘Усаймин былай деп айтатын: “әл-Мууәләтуль-куффәр – бұл кәпірлерге олардың күпірлігі себепті көмек және қолдау көрсету! ” Қараңыз “Лиқаәт Бәбуль-мәфтух” № 20.

Аллаһтың рұқсат етуімен бауырымыз Расул Дагестанидің айтқандарына өтеміз:

«Егер тағуттардың жақтаушылары өздерінің адасушылықтарын құрған Хатыбпен (Аллаһ оған разы болсын) орын алған оқиғаға қарасақ, бізге оның – муташәбихтан өзге ешнәрсе емес екендігі айқын болады».

Қарапайым сұрақ: «Осы тақырыпта осы дәлелдерді пайдалану - муташәбихтердің қатарынан болады деп имамдардан кім айтты?!»

Бұл – қарапайым жауапты талап ететін, қарапайым сұрақ!

Бірақ сендер, бауырларым, мұны ешқашан естімейтіндеріңе таң қалмаңдар, бұған қоса, сендер сөгіс немесе жеке жек көрушілікпен байланысты, бірақ талқыланып жатқан мәселеге қатысы жоқ нәрселерді естуіңіз де мүмкін! Аллаһпен ант етемін, біздің кезіміздің көптеген қайраткерлерінен және уағыздаушыларынан болған біреу бір нәрсе жазып, кейін одан осындайды айтқан имамдардың біреуіне сілтеме жасауды сұрағанда, ол өзінің ішінде жасырын болған барлық ластық пен жексұрындықтарын ұрысып-балағаттау, ғайбаттау және қорлау түрінде сыртқа шашатыны көп рет орын алған еді.

Бірақ, осы мақаланың авторы болған бауырымыз мұндай адамдардан емес және өзінің едәуір батыл және салмақты мәлімдемесіне сілтеме келтіреді, ал кері жағдайда, осындай салмақты сөздерде қателескенін жазады деп үміт етеміз.

Ол, солай-ақ, былай дейді:

«Сондықтан біз мазмұны бойынша анық (мухкәм) болған аяттарға қайтуымыз керек, содан соң Хатыбпен орын алған оқиға – ауытқыған жүректерге қарсы дәлел екендігі бізге айқын болады.

Ендеше, егер Хатыбтың хадисін автор «тағуттардың жақтаушылары» және жүрегінде дерті бар адамдар қолданатын муташәбихтердің қатарынан деп, ал кәпірлерге достық таныту және көмек көрсету туралы аяттарды мухкәм деп санаса, онда мына төменде келтірілген хадистерді де автор ешқандай түсіндірмелерге мұқтаж емес мухкәмға жатқызатын шығар:

«Көпқұдайшылмен бірге болатын, немесе онымен бірге тұрушы – сол сияқты!» Әбу Дауд 2787. Шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.

«Мүшриктердің арасында туратынның әрбіріне менің қатысым жоқ!» Әбу Дауд 2645, әт-Тирмизи 1530. Хафиз Ибн Хаджәр иснәдін сахих деді.

«Кім қайсы бір халыққа ұқсауға тырысса, ол – солардан!» Әбу Дауд 4031, Әхмәд 2/50. Хадистің сахихтығын шейхуль-Ислам Ибн Таймия, хафиз Ибн Хаджәр, хафиз әл-‘Ирақи және шейх әл-Әлбани растаған.

Демек, бұл хадистер де, муәләтуль-куффәрдың тыйым салынғандығына нұсқайтын аяттар сияқты мухкәм ба?!

Онда сөздерінде, істері мен дәстүрлерінде кәпірлерге ұқсап-еліктейтіндерге, сондай-ақ, кәпірлердің жерінде және кәпірлердің арасында өмір сүрушілерге такфир жасаудың уақыты жетті!

Әрбір мұсылман адам қандайда бір мәселеге қатысты үкімді белгілі аяттардың және хадистердің негізінде ғана, тұтас дінге қарамай және Құран мен Сүннеттің басқа да мәтіндеріне назар бұрмай, шығару рұқсат етілмейтігін білуі қажет. Және бұл белгілі бір мәтіннің мазмұнын дұрыс түсіну үшін қажет. Мысалы, аталған хадистерден кәпірлердің жерінде өмір сүруге кесімді түрде болмайды, бұдан тыс сырттай: бұл – күпірлікке кіру деп түсініледі! Алайда іс жүзінде сөз қорқыту туралы, сондай-ақ кәпірлердің жерінде өмір сүру барысында Аллаһқа ашық түрде ғибадат жасауына мүмкіндігі болмай, ал ол жерден хиджра жасауға мүмкіндігі бола тұра, мұны жасамайтын адам туралы болуда. Ал адам кәпірлердің жерінде өмір сүріп, өзінің діні үшін фитнадан (бүліктен) қауіптенбесе, ол бұл тараудан шығады.

Мысалы, имам әл-Байхақи өзінің жинағында жоғарыда келтірілген кейбір хадистерді кәпірлердің жерінен хиджра жасау қажеттілігі туралы тарауда айтып өтіп, кейін келесі тарауды: «Өзінің діні үшін фитнадан (бүліктен) қауіптенбеген адамға кәпірлердің жерінде болуға рұқсат етіледі», – деп атады да, имам әш-Шәфи’идің: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір адамдарға олар Исламды қабылдағаннан соң Меккеде қалуға рұқсат етті, олардың арасында әл-‘Аббас ибн ‘Абдуль-Муталиб және өз діні үшін қауіптенбейтін басқалар да бар еді! ” – деген сөздерін келтіреді. Қараңыз “әс-Сунән әл-кубра” 10/25.

Осы тақырыпты дұрыс түсіну үшін авторға қойылатын мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмектесу мәселесіне байланысты кейбір сұрақтар

Автор былай деп жазады:

«Біл, Аллаһ сені рахымына алғай, мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек беру - Исламнан шығаратын екіжүзділік болып табылады және жүректегі дертке нұсқайды».

Ғажап-ақ! Барлы да осындай әшейін бе екен?! Ешқандай шарттарсыз, сондай-ақ дәл неде, нендей түрде және қандай көмек туралы ешқандай нақтылауларсыз ба?» Көмек деген нені білдіреді?! Барлық мұсылман үмметіне қатысты көмек болуы керек пе, әлде тіпті жалғыз мұсылманға қатысты ма?! Адам көмек берген болып саналуы үшін мұсылмандармен соғысып жатқандардың қатарында жеке қатысуы қажет пе, әлде оларға жәй ақпарат берудің, немесе қару-жарақ сатудың өзі жеткілікті болады ма? Мәжбүрлеу – ақталу болып табылады ма, әлде жоқ па?!

Мұндай жалпылама мәлемдемеде автор және сол сияқтылар осы мақаланы түсіндірмесіз және қандайда бір шартсыз оқып, мынандай сұрақ қоятындарға қандай жауап бермек:

«Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Худайбия бітімі жасалған кезде және одан соң мушриктердің қойған талаптарына сәйкес кәпірлерге Әбу Бәсырды және Әбу Джәндәлді қайтарып берді ғой, бұл жөнінде әл-Бухаридің жинағында келтірілген хадисте хабарланатынындай. Осы – мұсылмандарға қарсы көмек беру болып табылады ма?!

Өйткені бұл хадисте былай деп айтылады ғой: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Әбу Джәндәлді әкесіне қайтып беруге келіскен кезде, ол (Әбу Джәндәл): «Уа, мұсылмандар, мен мұсылман болғаннан кейн де мені көпқұдайшылдарға қайтып береді ме, не?! Сендер менің нелерді басымнан өткізгенімді көрмейсіңдер ме?!» – деді, ал оны Аллаһқа иман келтіргені үшін қатал қинаған болатын». әл-Бухари 2731, 2732.

Сіздерде осындай нәрсе тек Пайғамбарға ғана (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) рұқсат етілген деп санау үшін бұл іс-әрекетті нақтылайтын бір нәрсе бар ма?! Егер біреу Худайбия келісімі тек Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жасалған ерекшелеу болған деп айтса, онда әлсіздік тұсында кәпірлермен бітім жасасуға да болмайды ғой?! Ал егер біреу бітім жасасуға болады, алайда мұсылмандарды кәпірлерге қайтып беру сияқты шарттарға келісуге болмайды десе, біз мұндай шек қоюларға дәлел сұраймыз! Егер біреу имам Ибн әл-‘Арабидің: “Исламды қабылдағандарды кәпірлерге қайтып беру шартымен жасалатын келісім-шартқа келер болсақ, бұл Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейін ешкімге рұқсат етілмеген!” – деген сөздерін келтірсе, Қараңыз “Ахкәмуль-Қуран” 4/187, оған жауап былай болмақ: «Бір немесе бір неше имамдардың сөздері Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) іс-әрекетін нақтылау үшін дәлел бола алмайды. Мұндайды айту үшін ерекшелейтін дәлел, немесе иджмәъ керек. Бірақ бұл мәселеде ғалымдардың пікірлері бөлінген. Сондықтан біз екі жақтың да дәлелдеріне қарауымыз керек.

Мысалы, ханбәли мазхабының ең білгір имамдарының бірі – имам Ибн Қудамә кәпірлермен бітім жасасу мәселелерін қарастырып және олардың түрлерін тізбектеп атап, былай деді: “Кәпірлермен оларға алым төлеу, немесе оларға қажет болған кезде көмек көрсету шартымен, немесе Исламды қабылдап келген ер адамдарды, немесе келісім-шарт кепілдемесімен кіргендерді қайтару шартына келісумен бітім жасасуға рұқсат етілген. Бірақ шәфиъилер былай деп айтатын: «Мұсылманды қайтарып беру сияқты шартқа келісуге болмайды, тек оны қорғайтын отбасына берсе ғана (болады)». Алайда біз үшін дәлел – Худайбия бітімінде Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы шартты қабылдауы және осының негізінде Әбу Джәндәл мен Әбу Бәсырды қайтарып беруі болып табылады. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны тек отбасына қайтару деген шартты талқылаған жоқ. Өйткені, егер Исламды қабылдаған адамның отбасы оны қинап, азаптаса, бұл – оның отбасы болмағанымен бірдей. Алайда мұндай шарт рұқсат етілмеген, тек өте қатты қажеттілік және пайдасы басым болған кезден басқа!” Қараңыз “әл-Муғни” 10/117.

Сондай-ақ, шейх Ибн әл-Қайим де, Худайбия бітімінен алынатын пайдаларды тізбектеп айтып, былай дейді: «Мушриктермен мұсылмандар қарсы кейбір ауыр шарттармен бітім жасасу, басым пайдаға қол жеткізу және басым зиянды қайтару үшін рұқсат етілген! Осыда екі жамандықтан кішісін таңдау қажеттілігіне нұсқау бар». Қараңыз “Задуль-мә’ад” 3/306.

Ал имам әс-Сан’ани, Худайбия бітімі туралы хадиске келтірген түсіндірмесінде былай деген: «Бұл хадисте бізге дұшпандар жағынан келгендерді қайтарып беру шартымен бітім жасасуға рұқсат етілгеніне нұсқау бар!» Қараңыз “Субулю-Ссаләм” 7/269.

Сөйтіп, мұндай шартқа келісу тек Пайғамбарға ғана (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) рұқсат етілген еді деп айтатындардың сөзінде дәлел жоқ және бұл мәселеде иджмәъ жоқ. Бірақ тіпті имамдардан біреу кәпірлермен бітім жасасудағы шарттың мұндай түрі рұқсат етілмеген деп айтқан болса да, мысалы, мұны Қады Әбу Бәкр ибн әл-‘Араби, сондай-ақ имам Ибн Хазм айтқандай, олар осыны істеген адам, Расулдың жұмысынан түсінілетіндей мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек көрсеткендігі себебімен муртад болады деп айтпады ғой?!

Ал осындай жағдайда, мүмкін, біреу: «Исламды қабылдаған мұсылмандарды кәпірлерге қайтарып беру – кәпірлерге көмектесу болып табылмайды», – деп айтар! Осындай ерсі мәлімдеме жасалған жағдайда, қандайда бір мұсылман әмірінің осындай іс-әрекеті мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмектесуге жатпайды деп түсіндірме беруі қажет, ал бұл да – ерсі нәрсе.

Айқындық үшін мысал келтіре кетейік: Пәлен мұсылман әмірі бір кәпір елімен бітім жасасты, өйткені олармен соғысу үшін әлсіз болды делік. Міне, мұсылмандардың бір тобы кәпірлердің түрмесінен осы әмірге қашып келеді, ал кәпірлер оларды қайтарып беруді талап етеді, керісінше болса, келісім-шартты бұзады да, мұсылмандарға соғыс ашады делік.

Бұл мұсылмандардың әмірі, Худайбия бітімінің тарихын біліп және оған сүйеніп, әлгі мұсылмандарды кәпірлерге қайтарып берді деп есептейік.

Сұрақ: «Осы әрекет – мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмектесу болып табылады ма?! Ал осындай адам осынысы үшін кәпір болады ма?!»

Мұны қалай деп атауды қалауларың білсін: иджтихад па, қателік пе, тағы да өзгеше ме, бірақ факт факт болып қала бермек, Ислам негіздерінен бір тамшы болса да білімі бар адамдардан ешкім: «Бұл әмір осы себепті кәпір болды», – деп айтпайды! Ал егер атақты имамдар Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) іс-әрекетіне сүйеніп, осыны тіпті рұқсат етілген деп есептеген болса, онда қалайша осы себепті мұсылман адам кәпір болады деп айтуға болмақ?!

Басқа сұрақ: «Егер мұсылман адам кәпірлерге қару-жарақ сатса және олар оны мұсылмандарға қарсы соғыста қолданатынын білсе, бұл іс-әрекет – мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек беру болып табылмайды ма?! Әрине, табылады! Ал сондықтан автордың: «Біл, Аллаһ сені рахымына алғай, мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек беру Исламнан шығаратын екіжүзділік болып табылады және жүректегі дертке нұсқайды»;

«Бұл шағын еңбекті мен бұрыс негізге құрылған бір ауытқуға, нақты айтқанда Исламға және мұсылмандарға қарсы күресуде кәпірлерге көмектесетін адам, егер осыны (яғни кәпірлерге көмектесуді) рұқсат етілген деп санамаса, діннен шыққан (муртад) болмайды деген тұжырымға арнағым келеді», - деген сөздерінен кәпірлер осы қару-жарақты мұсылмандарға қарсы күресте қолданатынын біле тұра, оларға қару-жарақ сатушы адамның өзі кәпір болады деген тұжырым келіп шығады, осылай ғой?!»

Барлық имамдар кәпірлер мұсылмандарға қарсы пайдаланатын нәрселерді оларға сатуға тыйым салынатындығын сауда туралы тарауларда мұқият қарастырып, оған бір ауызды келіскен. Ал олар осы әрекет – діннен шығаратын үлкен күпірлік болады деп тіпті тіл қатпаған!

Хасан әл-Бәсри былай деп айтатын: “Мұсылман адам дұшпандарға олар мұсылмандарға қарсы қолданатын қаруды беруіне рұқсат етілмейді!” Қараңыз “әл-Мәусу’әтуль-фиқхия” 25/153.

Имам ән-Науәуи былай деген: “Мұсылмандармен соғысатындарға қару-жарақ сатуға тыйым салынғандығына ғалымдар бір ауызды (иджмәъ) болған”. Қараңыз «әл-Мәджму’» 9/432.

Имам әс-Сан’ани былай деп айтатын: “Кәпірлерге және бүлікшілерге (көтерілісшілерге) олар мұсылмандарға қарсы соғыста пайдаланатын қару-жарақты сатуға рұқсат етілмейді!” Қараңыз “Субулю-Ссаләм” 5/67.

Осындай іс-әрекет жасаушының күнәсының ауырлығында күмән жоқ, бірақ бұл тақырыпта сөз бұл жөнінде болып тұрған жоқ! Егер осы мақаланың авторы дұрыс айтып тұрған болса, онда кәпірлерге олар мұсылмандарға қарсы пайдаланатын қару-жарақты сатқан адам діннен шыққан (муртад) болады деген ертедегі бір имамның болса да сөзін келтірсін! Немесе ол және оның мақаласын таратушылар бұл тармақты да «Мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек көрсету» деген тараудан шығарып тастауға мәжбүр болады.

Тағы сұрақ: «Ал егер мұсылмандардың әмірі өз әлсіздігінің себебінен оның елінде көтеріліс бастаған бүлікші (буғәт) мұсылмандармен соғысу үшін өнымен келісім-шарты болған кәпірлердің көмегіне жүгінген болса шы? Және әмір бүлікшілерге қарсы кәпірлерге бар көмегін көрсетсе, осы іс-әрекет мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмектесу болып табылады ма және осы нәрсе оны Исламнан шығарады ма?!»

Басқа сұрақ: «Сексенінші жылдарда Ауғаныстанмен болған соғыста СССР-дің жағында шыққан мұсылмандарды біз кім деп есептеуіміз қажет?! Олардың мотивтарын және сол кездегі СССР тарапынан мәжбүрленгенін ескермей, оларды кәпір деп есептеуіміз керек пе?! Кавказ республикаларынан, Татарстаннан, Қазақстаннан, Өзбекістаннан, Тәжікістаннан әскерде қызмет еткендердің қаншасы 10 жыл ішінде сол соғыста болып қайтты?! Олардың барлығы, Расул Дагестанидің сөздеріне сәйкес, бірмағыналы түрде кәпір болып табылады ма?».

Бауырлар, мұқият оқыңыздар және маған ізінен мен айтпаған нәрселерді жапсырмаңыздар! Мен күнәның ауырлығы, одан қалса келтірілген мысалдардағы әрекеттердің рұқсат етілгендігі туралы айтып тұрған жоқпын, барлық мәселе КҮПІРЛІКТЕ! Яғни осы – бірмағыналы түрде діннен шығаратын күпірлік болып табылады ма, әлде жоқ па?

Осыған орай тағы да көптеген мысалдар келтіруге болар еді, бірақ аталғандардың өзі автордың осындай жалпылама мәлімдемелер жасауға асықпауына және болашақта мұсылмандарға қарсы кәпірлерге дәл қандай жағдайда және қалай көмектескен кезде мұсылман адам діннен шыққан (муртад) болатынын нақты шектеп көрсетуі қажет екендігін түсінуі үшін жетіп асады!

Автор Дагестани былай деп айтады:

«Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Мүміндер мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтпасын. Әлде кім осыны істесе, Аллаһқа еш қатысы жоқ. Бірақ олардан сақтану үшін болса басқа. Аллаһ сендерді Өзінен сақтандырады. Және барар орын - Аллаһ жақ». (Құран, Әли Имран сүресі, 28-аят)

Бұл аятта ең жоғары сатысы мұсылмандарға қарсы күресуде көрінетін кәпірлерге деген жақтаушылыққа және жақындыққа Аллаһтан келген бар. Ал кім осыны істесе, діннен шыққан (муртад) болып табылады, өйткені Аллаһ одан күпірлігінің себебімен бас тартты. (Қараңыз Тафсир әт-Табәри 3, 140)»

Ал автордың имам әт-Табәридің тәпсіріне жасаған сілтемесіне келер болсақ, ол оқырманды осы тұжырым авторға емес, дәл әт-Табәриге тиісті деген ойға бұрады. Ал шындығында муфәссир Ибн Джәрир әт-Табәри бұл аятқа қатысты былай деп айтады: “Бұл аяттың мағынасы: «Әй, иман келтіргендер! Кәпірлерді сендер оларға дінінде көмектесетін және мұсылмандарға қарсы көмектесетін жақындарың және көмекшілерің етіп алмаңдар!»”. Кейін ол былай дейді: «Аллаһ мұндай адамға қатыссыз, өйткені ол діннен шықты және күпірлікке кірді!» Қараңыз “Тафсир әт-Табәри” 5/315.

Неліктен бауырымыз әт-Табәридің дәл өзінің кәпірлерге көмектесу және қамқоршылық жасау туралы айқын айтқан, олардың қатарына кәпірлерге дінінің себебімен көмектесуді жатқызған, ал бұл – осыны жасаушы адамның күмәнсіз және даусыз үлкен күпірлігіне нұсқайтынын көрсететін сөздерін келтірмеді екен?! Өйткені кәпірден өзге ешкім Исламнан басқа дінге разы болма алмайды ғой!

Сондай-ақ имам әт-Табәридің мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмектесудегі пікірін шейх Мухаммад Рәшид Рида да өзінің тәпсірінде өте жақсы түсіндіріп, былай деді: “Ибн Джәрир кәпірлерге қатысты қамқорлық пен көмектесуді дәл олардың дінімен байланыстырды!” Қараңыз “Тафсир әл-Мәнәр” 6/430.

Міне тағы да саләфтардың және басқа да имамдардың тура осы аят туралы айтқан сөздері:

Имам әс-Судди «жақындарың (аулия)» сөздері туралы былай деген: “Яғни кәпірлерге дінде қамқорлық көрсету және оларға мұсылмандарға қарсы көмектесу. Кім осыны істесе, сол мушрик!” Қараңыз “Тафсир әт-Табәри” 5/318, “Тафсир Ибн Әби Хәтим” 2/629.

Қатада осы аятқа қатысты былай деген: “Мүмін адамға кәпірді өзіне дінде уәли етіп алуына рұқсат етілмейді!” Қараңыз “Тафсир әт-Табәри” 3/227, “Тафсир әл-Джәссас” 2/290.

Алайда, егер адам өзінің жақын айналасына кәпірлерді олардың күпірлігі себебінен емес, дүние пайдасы т.с.с. себебімен дос ретінде алса, мұндай жағдайда ол Исламнан шықпайды және осы жағдайда бұл аятты: «Аллаһқа шынайы қатысы жоқ», – деп түсіну қажет. Имам әл-Қуртуби былай деген: “Яғни Аллаһтың және Оның жақын (аулия) құлдарының партиясынан емес!” Қараңыз “Тафсир әл-Қуртуби” 5/87.

Ал мұны бұдан да айқынрақ етіп имам Ибн ‘Атыйя түсіндіріп беріп, «Ал кім мұны істесе, Аллаһқа ешқандай қатысы жоқ» – деген сөздер туралы былай деген: “Мұның мағынасы: осындай адам Аллаһқа деген толыққанды және дұрыс қатынасқа ие еместігінде. Бұл – Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздеріндей: «Кім бізді алдаса – бізден емес!»” Қараңыз “Тафсир әл-Мухаррар әл-уәджиз” 1/419.

Тура осыны имам әс-Са’аләби де өзінің тәпсірінде айтқан. Қараңыз “әл-Джәуәхир әл-хисан” 2/29.

Шейх Джәмәлюддин әл-Қасими бұл аяттың тәпсірінде былай деген: “Егер біреу: «Бірақ көптеген имамдар кәпір әйелдермен(Кітап иелеріне) некелесуге рұқсат еткен, ал осыда өзің үшін қауіпсіздік сезінбей, кәпірге сүйіспеншілік пен достық таныту бар ғой?!» – десе, бұған жауап былай болмақ: «Мууәләттың мәнінің мағынасы – бұл кәпірлерге олардың діндерінің мәселелерінде және оларды ұлықтайтын нәрселерде қолдау және көмек көрсету!» Қараңыз “Тафсир Мәхасин әт-туиль” 4/824.

Имам Ибн ‘Адиль әл-Ханбәли былай деген: “Мууәләтуль-куффәр үш түрлі болады:

Біріншісі – олардың күпірлігіне разы болу, олар ақиқатта деп санау және осының себебімен оларға қолдау көрсету. Мұндай адам кәпір болып табылады, өйткені ол күпірлікке разы және мұны дұрыс деп есептейді!

Екіншісі – кәпірлермен болған сырттай (тұрмыстық) жақсы қарым-қатынас. Бұл харам болып табылмайды.

Үшіншісі – кәпірлерге не туысқандық байланыстардың себебімен, не оларға деген махаббаттың себебімен, бірақ олардың діні өтірік екендігіне деген кәміл сеніммен көмек көрсету. Бұл да тыйым салынған болып табылады, бірақ діннен шығармайды!” Қараңыз “Тафсир әл-Любәб” 5/143.

Сөйтіп, кім кәпірлерге көмек көрсетсе және сонымен бірге олардың күпірлігін мақұлдаса, сол кәпір болып табылады!

Ал олардың күпірлігі мен адасушылығын мақұлдау себебімен емес осындай іс-әрекет жасаушыға келер болсақ, ол ұлы күнә жасайды, бірақ күпірлік емес!

Сондай-ақ автор былай деп айтады:

«Аллаһ Тағала, сондай-ақ былай деген: «Әй мүміндер! Яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар! Олар бір-бірінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда күдіксіз ол олардан. Расында, Аллаһ залым елді тура жолға салмайды».ұран, әл-Мәидә сүресі, 51-аят)

Ибн Хазм, Аллаһ оны рахым етсін, бұл аяттың тәпсірінде былай дейді: «Ол – кәпір және кәпірлердің бір бөлігі болып табылады деген тек сыртқы көріністің негізіндегі айқын шешім – тіпті екі мұсылман өзара келіспеушілікке түспейтін ақиқат». (Мухаллә 13, 35)

Оның сөздерінде де бұл мәселедегі бір ауызды пікірге (иджмәға) нұсқау бар, бұл жөнінде шейх Абдуль-Азиз ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтқанындай: «Ислам ғалымдары мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмектің кез-келген түрімен көмектескен адам олар сияқты кәпір болады дегенге келіскен, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Әй мүміндер! Яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар! Олар бір-бірінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда күдіксіз ол солардан. Расында, Аллаһ залым елді тура жолға салмайды». ұран, әл-Мәидә сүресі, 51-аят)». (Фәтауә Ибн Баз 1, 274)».

Автордың бұл сөздеріне ерекше тоқталғым келіп тұр, өйткені автор дәл осыған сүйеніп, бұл мәселеді иджмәъ бар деп мәлімдеді!

Имам Ибн Хазмның бұл сөздеріне келер болсақ, бұл – оның айтқан сөздерін бұрмалау болып табылады және бұл – тадлис (шындықты бұрмалап көрсету) деп аталады. Ал шындығында ол бұл сөзінде кәпірлерге қосылып кеткен діннен шыққандар, яғни муртадтар туралы айтқан болатын. Осы сөздерді ол өзінің «әл-Мухаллә» кітабында, жазалар (худуд) туралы тарауда ескертіп айтқан. Ал мына төменде келтірілгендер – оның шындығында айтқан сөздері және осы сөздерді неге байланысты айтқаны:

“Егер біреу мушриктерге қосылып кетсе, оның мойнынан оларға қосылуынан бұрынғы (алуына тиісті болған) жазасы кейін де түспейді. Өйткені Аллаһ Тағала Құранда жазаны қолдануды Өзінің Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тілімен әмір етті және ол, егер оны қолдану мүмкіндігі болса, муртадтан да, соғысушыдан да, бүлікшіден де түспейді!”

Кейін ол былай дейді: “Біз: «Аллаһ Тағала жазаны мушрик немесе муртад болған адамнан, егер ол жазаға осыған дейін лайықты болған болса, түсірмегеніне Аллаһпен ант етеміз!»

Сосын ол: “Біреу: «Ал Аллаһ Тағала: «Күпірлікке түскендерге айт, егер олар тыйылса, оларға болған нәрселер кешіріледі!» – деп, және: «Сендерден кім оларға көмектессе, ол – солардан!» – деген аятты да айтпады ма, ал бұл – муртад күмәнсіз кәпірлердің қатарынан екендігіне нұсқайды, ендеше ол олардың қатарынан болса, онда оған кәпірлерге жүретін үкімдер жүреді!» – деп айтуы мүмкін”, – деді. Кейін ол Аллаһ Исламды қабылдаған адамның барлық күнәларын кешіреді дегенге тағы да дәлелдер келтірді де, былай деді: «Мұның барлығы – ақиқат, бірақ мұнда айтысушылар үшін дәлел жоқ! «Күпірлікке түскендерге айт, егер олар тыйылса, оларға болған нәрселер кешіріледі!» - деген аятқа келер болсақ, бұл – тура осылай және біз оларға осыда қайшы келмейміз, алайда біздің мәселе басқада: Біз оларға (олар қайтадан Исламды қабылдағаннан кейін) олардың мойнында болған жазаны қолданамыз ба, әлде жоқ па?! Адамның күнәлары кешірілетіндігі, одан жаза түседі дегенге нұсқамайды!”

Кейін ол былай деді: “Ал: «Ал сендерден кім оларға көмектессе, ол солардан!» - деген аятқа келер болсақ, онда да олар үшін дәлел жоқ, өйткені онда кәпірлерге қосылып кеткен немесе муртад болған адамнан жазалау (хадд) түседі дегенге нұсқау жоқ. Бұла ятта муртад – тура сол сияқты кәпір дегенге нұсқау бар!”

Кейін муртад пен Кітап иелері арасындағы айырмашылықтарды ескертіп отіп, Ибн Хазм былай деген: “Аллаһ Тағаланың: «Ал сендерден кім оларға көмектессе, ол солардан!» - деген сөздеріндегі дұрысы – сырттай ол (яғни муртад) олардан, өйткені кәпірлердің қатарынан болып табылады, ал бұл – оған қатысты тіпті екі мұсылман келіспеушілікке түспейтін ақиқат! Ал, егер олар муртадтан джизья алынбайды және оның құрбанды желінбейді деп айтса және осығын иджмәъ келтірсе, онда бұл – осыны айтқанның надандығы мен өтірігіне нұсқайды. Өйткені кейбір саләфтардан олар муртадтардан джизья алғандығы туралы сахих түрде мәлім!”

Сөйтіп Ибн Хазмның бұл сөздері діннен шыққан муртадтың үкімдеріне қатысты екендігі және «мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмектесу» мәселесіне еш қатыссыз екендігі, мұның үстіне, ойдан шығарылған иджмәға нұсқамайтыны айқын болды!

Шейх Ибн Баздың келтірілген сөздеріне қатысты да тура осындай жағдай. Ибн Баздың бұл сөздері де олардың шынайы мағынасын және олар кімге арналғандығын түсіндіретін сөздердің ішінен кесіп алынған, мүмкін, осы себепті де олар толығымен келтірілмеген. Ибн Баздың айтқан сөздері мынау: “Ақиқатында, коммунизм мен социализмге және сол сияқты Исламды бұзатын идеяларға шақырушылар – яхудилер мен христиандардан да жаман адасқан кәпірлер болып табылады! Өйткені олар – Аллаһқа да, Ақыретке де сенбейтін атеистер. Оларды мұсылмандардың мешіттерінде уағыздаушылар және имамдар етуге болмайды және олардың артында оқылған намаз жарамсыз болып табылады! Оларға адасушылықтарында көмектесетін, олар шақырып жатқан нәрселерді игі деп санайтын, Исламға шақырушыларды сөгетіннің әрбірі – адасқан кәпір! Және оның жағдайы – оларға ұмтылыстарында көмекші болған құдайсыздардың жағдайы сияқты. Ислам ғалымдары мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмектің кез-келген түрімен көмектескен адам олар сияқты кәпір болады дегенге келіскен, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Әй мүміндер! Яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар! Олар бір-бірінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда күдіксіз ол олардан. Расында Аллаһ залым елді тура жолға салмайды»”. Қараңыз “Мәджму’уль-фәтауә уәл-мәқаләт” 1/274.

Ибн Баздың толық сөздерінен ол кім туралы және қандай көмектесу туралы айтып тұрғаны айқын емес пе?!

Осы жерде ешкімге социализм мен коммунизмнің құдайсыз идеяларын түсіндірудің, сондай-ақ осы қозғалыстарға мұны жақсы деп көмектесетіндердің және соған қоса Исламды уағыздаушыларды сөгетіндердің үкіміне қатысты ерекше назар қоюдың қажеті жоқ шығар! Екі мұсылман осындай адамның күпірлігі туралы қалайша келіспеушілікке түсуі мүмкін?!

Мен осы жолдауды құрастырған бауырымыз Расулға тек оның барлық нәрсені біреудің дайын мақаласынан, қалай жазылған болса тура солай етіп, аудара салғанымен және сол себепті ғалымдардың сөздерінің осылайша бұрмаланғандығы туралы білмегенімен ақтау таба аламын. Мен мұны осы бауырымыз құрастырған үлгіде араб тілінде жазылған көптеген мақалалар бар болғандықтан айтып тұрмын, ал ең таң қаларлығы – олардың ішінде өз еңбектерінде шейх Ибн Базды тура сол тағуттарды қорғауда және сол сияқты нәрселерде айыптай тұра, жоқ иджмәъны бекіту үшін оның сөздерінің осы үзіндісін келтіретіндер де бар!

Бұл – осы мәселедегі иджмәны қарастыруға кірісуден бұрын назар бұрғымыз келген оған қатысты нәрселер еді.

Осы жолдауды құрастырған бауырымызға, сондай-ақ бәрімізге де белгілі бір мәселеде иджмәъ бар деп мәлімдеуге асықпау қажеттілігі туралы насихат бергіміз келеді, ал бұл фиқх мәселелеріне де, күпірлік пен иман мәселелеріне де қатысты!

Тіпті егер Ибн Хазм мен Ибн Баздың жоғарыда келтірілген сөздері өздерінің құрамында шындығында да осы мәселеде иджмәъ бар дегенге нұсқайтын болғанда да, бұл да осылай деп мәлімдеу үшін жеткіліксіз болар еді! Өйткені өте жиі жағдайларда көптеген имамдар тікелей және бірмағыналы түрде бір мәселеде иджмәъ бар екендігі туралы жариялағанда, сол мәселеде үлкен келіспеушіліктер бар болып шығатын еді ғой! Мысалы, Ибн ‘Абдуль-Барр, Ибн әл-‘Араби, Ибн Хазм, ән-Нәуәуи, Ибн әл-Қайим, Ибн Хаджәр және басқа да осы сынды имамдар: «Қан – нәжес (лас) болып табылатындығы туралы ғалымдар бір ауызды келісімде», – деп айтқан. Қараңыз “әт-Тамхид” 22/230, “Әхкәмуль-Қуран” 1/79, “Иғасәту-лләхфән” 1/240, “Фәтхуль-Бәри” 1/420.

Бірақ, осыған қарамастан, бұл мәселеде келіспеушілік бар екендігі туралы жақсы белгілі, мысалы Хасан әл-Бәсридің мына бір ғана хабарын алайық: «Мұсылмандар жарақаттарынан қансырап тұрса да намаздарын орындауды тоқтатпаған!» әл-Бухари 1/116.

Мұның үстіне Ибн ‘Умар, Әбу Хурайра және ‘Абдуллаһ ибн Әби Ауф секілді сахабалардан олар қанды нәжіс және дәретті бұзатын себеп деп санамағандығы сенімді (сахих) түрде жеткен. ‘Абдур-Раззақ 1/148, Ибн әл-Мунзир 1/182, әл-Бәйхақи 1/141.

Ал иджмәға тіпті ым жасалмаған мәселе туралы не айтуға болады?! Имам әш-Шафи’и: “Келіспеушілік анық болмаған мәселеге қатысты: онда иджмәъ бар деп айтуға болмайды!» – деп ақиқатты айтқан. Қараңыз “әс-Сауә’иқ әл-мурсалә” 581.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймияның шәкірті Хафиз Ибн ‘Абдуль-Хади шейхуль-Исламның мынандай дана сөздері мен насихаттарын жеткізген: «Ал: «Пәленнің мазхабы пәлендей…», «Әһлю-Суннә мазхабы пәлендей» , – деп айтатын адамның сөздеріне келер болсақ, ол оларға өзінің сенімдерін әшейін жапсырып жатқан болуы да мүмкін!» Қараңыз «‘Уқуд әд-дария» 95.

Сондай-ақ осында кәпірлерге дүние пайдасы үшін көмектесу – үлкен күпірлік болып табылады дегенге дәлел ретінде сүйенетін және олар да бұрмалануға түскен имам Ибн Хазмның басқа да сөздерін келтігім келеді. Алайда автор оларды келтірмеді, бірақ мен оларды, сіздер оларды да білуіңіз үшін, келтіргім келеді.

Сөйтіп Ибн Хазмға мына сөздер телінеді: «Егер мұсылмандарға қарсы соғысушылар болса, ал оларға біреу қызметпен, немесе жазбаша көмек көрсетсе, ол – кәпір, тіпті ол ол жерде дүние игіліктері үшін жүрген болса да!»

Ал мынау – бұл сөздердің толығымен айтылуы: «Егер мұсылмандарға қарсы соғысушылар болса, ал оларға біреу қызметпен, немесе жазбаша көмек көрсетсе, ол – кәпір. Ал егер ол дүние пайдасы үшін сол жақта жүрсе, ол кәпірлер үшін зиммий сияқты, ал егер оның мұсылмандарға қосылуға және олардың жеріне көшуге мүмкіндігі болса, ол күпірліктен алыс болмағаны және біз оған ақтау таба алмаймыз!» Қараңыз “әл-Мухаллә” 11/200.

Сөйтіп, имам Ибн Хазм екі жағдайдың арасында айырмашылық жасап, оларды бөлді, өйткені екінші жағдайда ол кәпірлерге дүние пайдасы үшін көмектескеннің күпірлігі туралы бірмағыналы түрде бекітіп айтпады. Бірақ тіпті біреу бұл сөздерде Ибн Хазм мұндай адамды кәпір деп санайтынына нұсқау бар деп табанды түрде айтса да, бұл – осы мәселеде иджмәъ бар дегенге нұсқау болмайды және ең көбі оның жеке пікіріне ғана нұсқайды. Алайда мұнымен келісу қиын, өйткені оның мынандай деп айтқан сөздері бар: «Егер шекаралас аудандарға жақын болған мұсылмандардан біреуді ашу-ызасы соғысушы мүшриктердің көмегін олар оған қайшы келген мұсылмандарды өлтіру, немесе олардың мал-мүліктерін тартып алу үшін пайдалануға итермелеген болса, және ол олардың арасында басшы болып, ал кәпірлер оған ілесушілер сияқты болса да, ол бұзақылықтың шыңында болады, алайда осы себепті кәпір болмайды! Өйткені ол Құран мен иджмәъ нұсқаған күпірлікке соқтыратын нәрсе істемеді!» Қараңыз “әл-Мухаллә” 11/201.

Ал: «Әй мүміндер! Яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар! Олар – бір-бірінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда күдіксіз ол солардан. Расында, Аллаһ залым елді тура жолға салмайды!» (әл-Маида 5: 51), – деген аятқа келейік.

Имамдар оның тәпсірінде былай деп айтқан:

‘Али ибн Аби Тәлха бұл аятқа қатысты: “Кім қандайда бір халықтың дініне кірсе, ол – солардан!” – деген. Қараңыз “Тафсир Ибн Әби Хәтим” № 6508.

Имам Ибн Әби Замәнин Аллаһтың: «Яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар!» - деген аятқа қатысты: “Дінде!” – деген. Қараңыз “Тафсируль-Қуръаниль-‘Азиз” 2/32.

Әз-Зуджәдж аяттың мағынасы: “Оларға дінде қамқорлық жасамаңдар! – деген. Қараңыз “Задуль-мәсир” 2/378.

Имам Ибн Мәнзур бұл аятқа қатысты былай деген: “Яғни кім оларға ілессе және оларға көмектессе, – деген. Қараңыз “Лисануль-‘араб” 15/415.

Имам Ибн әл-Джәузи: «ол солардан», – деген сөздерге қатысты былай деген: “Бұған қатысты екі пікір бар: Біріншісі – кім оларға дінде қамқорлықлық етсе, ол күпірлікте солардан! Екіншісі – кім оларды өзіне қандайда бір келісім-шартта дос және жақтас етсе, ол мойынсынбауда солардан! ” Қараңыз“Тафсир Задуль-мәсир” 2/223.

Имам Әбу Хайян әл-Әндалуси бұл аяттың тәпсірінде былай деп жазған: “Кім яхудилер мен христиандарға өзінің істерімен, сенімсіз және иманнан бас тартусыз көмектессе, ол жек көрушілік пен сөгіс білдіруде солардың қатарынан! Ал кім оларға сенімдерінде көмектессе, ол күпірлігімен солардан!” Қараңыз “Тафсир әл-Бәхр әл-мухит” 3/519.

Сөйтіп, егер осы үмметтің имамдарының тәпсірлеулеріне сүйенсек, бұл аяттың мағынасы өте айқын болады. Бұл аяттың мағынасы мына хадис сияқты: «Кім қандайда бір халыққа ұқсап-еліктесе, ол солардан!»

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: «Кім қандайда бір халыққа ұқсап-еліктесе, ол солардан!» – деген хадиске қатысты былай деген: «Бұл хадис ең азы кәпірлерге ұқсап-еліктеуге тыйым салынғандығына нұсқайды, тіпті егер сырттай ол оларға ұқсап-еліктеушінің күпірлігіне нұсқаса да! Бұл Аллаһ Тағаланың мына сөздеріндей: «Ал сендерден кім оларға көмектессе, ол солардан». Және Ибн Умардың мына сөздері осы туралы: «Кім көпқұдайшылдардың жерінде өмір сүріп, олардың Науырыз мерекесін атап, өлгеніне дейін оларға ұқсап-еліктеген болса, сол Ақыретте солардың арасында қайта тіріледі!» Мұның мағынасы толық ұқсап-еліктеу туралы, өйткені тек сол ғана күпірлікке соқтырады! Және адам кәпірлерге қаншалықты ұқсап-еліктеуіне байланысты олардан болады, ал бұл – күпірлік те, күнә да болуы мүмкін!» Қараңыз “Иқтида әс-сырәт әл-мустақим” 1/271.

Әрі қарай автор былай дейді:

«Аллаһ Тағала бұл аяттың соңында былай деген: «Расында, Аллаһ залым елді тура жолға салмайды!», ал басқа бір аятта Ол былай деп айтқан: «Ал сендерден кім оларды өздеріне қамқоршы және дос ретінде алса, залымдар болып табылады». (Қуран, Таубә сүресі, 23-аят)

Зұлымдық, егер ол өздігінше сөзбе-сөз мағынасына нұсқайтын жанама дәлелдерсіз аталып өтсе, өзімен үлкен ширкті меңзейді, бұл жөнінде Ірі ғалымдардың Тұрақты Комиссиясының пәтуасында айтылғанындай (Қараңыз Фәтауә ләджнә әд-даимә 2, 78)».

Бұл тақырып бойынша екі сұрақ бар:

1. Егер мәууләтуль-куффәр туралы осы аяттар, бұл жөнінде автор өз мақаласының басында айтқанындай, мухкәм болса, онда не үшін ол осы аяттардың тәпсірлеріне жүгінеді?! «Мухкам» түсінігінің бір анықтамасы – бұл өздігінше түсінікті және тәпсірлеуге және түсіндіруге мұқтаж емес нәрсе ғой?!

2. Білгіміз келгені, автор сілтеме жасаған Тұрақты Комитеттің (әл-Ләджнәту-ддаимә) ғалымдары ол үшін тағуттың жақтаушылары болып табылмайды ма?! Егер жоқ болса, онда олардың біреу болса да ол мәлімдеген нәрселерді айтады ма?!

Ал енді автор келтірген: «Әй, иман келтіргендер! Егер әкелерің мен бауырларың иманнан күпірлікті абзал көрген болса, оларды өздеріңе жақындарың етіп алмаңдар. Ал сендерден кім оларды өзіне дос етіп алса, залымдар болып табылады!» (әт-Таубә 9: 23), – деген аятқа тоқталып өтейік.

Имам әл-Қуртуби Ибн ‘Аббастың бұл аятқа қатысты айтқан мынандай сөздерін келтіреді: «Мұндай адам – солар сияқты мушрик, өйткені кім көпқұдайшылдыққа разы болса, көпқұдайшыл болып табылады!» Қараңыз “Тафсир әл-Қуртуби” 10/140.

Бауырлар, Ибн ‘Аббаса тәпсіріне назар ауарыңыздар!

Әрі қарай Расул Дагестани былай деп келтіреді:

«Мухаммад ибн Абдуль-Уәххаб, Аллаһ оны рахым етсін. Ол тек қана мұсылмандардың бірауызды келісімі бойынша адамды Исламнан шығаратын он тармақты жинақтады, өйткені Исламды бұзатын басқа да іс-әрекет бар, бірақ оларда ғалымдар өз пікірлерінде өзара келіспеді. Сегізінші тармақ ретінде ол: «Мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек және қолдау көрсету, бұған Аллаһ Тағаланың: «Ал егер сендерден кім оларды өздеріне көмекші және жақтас етіп алса, ол солардан…» – деген сөздері нұсқайды. (Құран, Таубә сүресі, 51-аят)», – деп келтіреді».

Біріншіден, шейх Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уәххаб дәлел ретінде: «Ал егер сендерден кім оларды өздеріне көмекші және жақтас етіп алса, ол солардан…» - деген аятты келтіретінінен бастайық, ал біз бұл аяттың мағынасын қарап шығып, кәпірлерге дәл қандай көмектесуден кейін адам солардан болатындығын түсіндірген муфассирлердің сөздерін келтірген едік!

Екіншіден, кейбір ғалымдар осы аятта айтылып кететін «тауәлли» термині мен «мууәлә» терминінің арасында айырмашылық жасайтын, сондай-ақ тауәлли – бұл мууәләт дегендер де бар. Ал кейбір ғалымдар тіпті бұл терминдердің арасын ажратпаған.

Ал Нәдж шейхтарының мектебіне, шейх Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уәххабтың шәкірттері мен немерелеріне келер болсақ, олар бұл терминдердің арасын ажыратып бөлетін және осы аятта аталып кететін «әт-таууәли» термині кәпірлерге олардың діні себепті сүйіспеншілік таныту, осы үшін оларға көмектесу және осыған разы болу дегенді білдіреді, ал бұл – күмәнсіз үлкен күпірлік болып табылады деп айтатын. Ал «мууәлә» терминін олар күнәға жатқызатын, бірақ күпірлікке емес. Мысалы, шейх ‘Абдул-Ләтыф Әли Шейх былай деп айтатын: “«әл-Мууәләт» деп аталатын нәрсенің адамды Исламнан шығаратыны, сондай-ақ бұдан аз болған, үлкен күнәлардан және харам етілген іс-әрекеттерден болған бір неше түрлері бар екендігі сендерге мәлім болды!” Қараңыз “әд-Дурару-ссания” 8/342.

Ол, сондай-ақ былай деп айтатын: «Ақиқатында, мууәләның екі түрі болады! Біріншісі – анық күпірлік болып табылатын толық мууәлә, ал мууәләның бұл түрі таууәллиді білдіреді, және оның дәл осы түріне осыған тыйым салатын қорқытушы дәлелдер нұсқайды! Екіншісі – бұл нақты белгілі бір мууәлә, мысалы, дұрыс сенімнің сақталғандығымен және күпірлік пен діннен шығуды қаламағандығымен дүние пайдасы себепті жасалған мууәллә. Ал дәл осы Елшінің Меккеге жасайтын жорығына қатысты құпиясын мушриктерге ашып берген және оған қатысты әл-Мумтаханә аятының сүрелері түсірілген Хәтыб ибн Әби Бәлта’амен орын алды”. Қараңыз “әд-Дурару-ссания” 1/235.

Автор осы шейхты тура солайша оп-оңай түрде күмәнді дәйектерге сүйенетін және данқты сахабаға өтірік жапсыратын тағуттардың жақтаушысы деп атайды ма екен, осыны білгіміз келеді?!

Әрі қарай бауырымыз былай деп жазады:

«Шейх уль-Ислам ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, бұл аят туралы былай дейді: «Егер олар Аллаһқа, Пайғамбарға және оған түсірілген нәрсеге сенсе, оларға көмектеспес еді және олардың жақтаушылары болмас еді. Бұл – аталған иман оларға жақтаушы болуға жол бермес еді және осыған қайшы болар еді дегенге нұсқайды. Бір жүректе иман мен оларды жақтаушылық қосылмайды. Демек, бұл, сондай-ақ кім олардың жақтаушысына айналса және олардың жақын досы болса, ол Аллаһқа, Пайғамбарға және оған жіберілген нәрсенің міндетті болған бөлігін орындамады дегенге де нұсқайды. Бұған Аллаһтың мына сөздері ұқсас: «Яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар! Олар – бір-бірінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда күдіксіз ол солардан. Расында, Аллаһ залым елді тура жолға салмайды». (Құран, әл-Мәидә сүресі, 51-аят)»

Ақиқатында, Ол сол аяттарда соларға жақтаушылық танытқанның мүмін болып табылмайтынын, ал бұл аятта оның – солардың (кәпірлердің) біреуі екендігін хабарлады. Құранның бір бөлігі оның басқа бір бөлігін растайды». (Әл-Имән 13-14, Мәджму фәтауә 7, стр. 17 и 542)»

Шейхуль-Исламның бұл сөздері жалпылама болып табылады. Және ол осы аталған жағдайда толыққанды иманды меңзеп тұр, өйткені оның бұл тақырыпқа байланысты екі мағыналы емес сөздері оның нені меңзейтінін айқын түсіндіреді. «Жалпыланған және нақтылайтын сөздер» деген ұғымдар және жалпылама сөздерді нақтылайтын сөздерге қайтару қажеттілігі Құранда мен Сүннетте де, ғалымдардың өздерінің сөздерінде де жиі кездеседі. Және бұл туралы шейхуль-Исламның өзі былай деп айтқан: «Фақихтардың мазхабын, олардың негіздерін түсіндіретін нақтылаушы сөздеріне жүгінбей, алу жаман мазхабтың туындауына әкеп соқтырады!» Қараңыз “ас-Саримуль-мәслюль” 2/512.

Ал, ендеше, шейхуль-Исламның бұл мәселедегі пікірін түсіну үшін оның нақтылаушы сөздеріне жүгінейік. Мысалы, шейхуль-Ислам оның кезінде мұсылмандармен соғысқан монғол-татарлардың үкімін түсіндіріп, былай деген: “Исламды ұстанбайтын екіжүздіден, немесе рафидилер, джәхмилер және солар сияқты бидъаттардың ең жаман жақтаушыларынан өзге ешкім монғол-татарлармен солардың елінде бірге болмайды. Немесе сол жерде болып қажылық жасауға мүмкіндігі болып оны жасамайтын ең бұзақы және күнәхар адамдар. Ал тіпті олардың ішінде намазды орындайтындары болса да, олардың көбі намазды орындамайды және зекет төлемейді!» Қараңыз “Мәджму’уль-фәтауә” 28/520.

Сондай-ақ шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Екіжүздіден немесе бұзақыдан өзге ешкім монғол-татарларға ерікті түрде қосылмайды! Ал егер олар өздерінің қатарында соғысуға біреулерді мәжбурлеп шығарған болса, ол өзінің ниетіне сәйкес тіріледі, ал біз олардың барлық әскерімен соғысуымыз қажет, олардың араларында мәжбүрленгендердің бар-жоқтығына қарамастан!” Қараңыз “Мәджму’уль-фәтауә” 28/535.

Сондай-ақ ол былай деп айтатын: Мәжбүрленгенді санамағанда, бұзақыдан (фәсиқ), бидъаттың жақтаушысынан (мубтади’), немесе екіжүздіден (зиндиқ) басқа ешкім монғол-татарлар үшін соғыспайды!” Қараңыз “Маджму’уль-фәтауә” 28/552.

Егер біреу шейхуль-ислам бұл үш: бұзақы, бидъаттың жақтаушысы, екіжүзді деген терминдермен тек кәпірлерді меңзеп тұр деп айтса, ол өзін-өзі алдайды және өзгелерді алдағысы келеді! Егер ол мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек көрсету – өздігінше ешбір шарттарсыз үлкен күпірлік болып табылады деп санағанда, кәпірлермен бір қатарда мұсылмандарға қарсы соғысатындарды бұзақылар және бидғатшылар деп атамас еді!

Сондай-ақ шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтатын: “Егер жүректе нық сенім, таным, Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) деген махаббат күшейсе, Аллаһтың дұшпандарына деген дұшпандық парызға айналады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Аллаһқа, Ақырет Күніне иман келтірген адамдардың арасында Аллаһқа, Елшісіне қарсы келгендерді сүйетіндерді көрмейсің, тіпті олар – аталары, не балалары, яки ағайын-туыстары болса да(әл-Муджәдалә 58: 22). Алайда адамнан оларға (Аллаһтың дұшпандарына) қатысты туысқандық байланыстың немесе мұқтаждықтың себебімен көмек, қолдау көрініс табуы мүмкін, ал бұл – иманды әлсірететін, бірақ оны кәпірге айналдырмайтын күнә болады! Осындай нәрсе Хәтыб ибн Әби Бәлта’амен ол мушриктерге Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір жоспарлары туралы жазып жіберіп, содан кейін Аллаһ ол туралы: «Әй мүміндер! Менің дүшпандарымды да, өз дүшпандарыңды да қамқоршы және көмекші етіп алмаңдар. Олар сендерге келген шындыққа қарсы келсе де, оларга сүйіспеншілікпен ашыласыңдар» (әл-Мумтаханә 60: 1), – деген аятты түсірді. Тура сол сияқты нәрсе Са’д ибн ‘Убадамен, ол Ибн Убәйға (екіжүзділердің басшысы) араша түскен кезде орын алды, бұл жөнінде Айшаға жабылған жала туралы деректе келтірілетіндей. Сол кезде ол Са’д ибн Му’азға: «Аллаһпен ант етемін, сен өтірік айттың! Сен оны өлтірмейсің және мұны істей де алмайсың!» – деді. Ал Айша былай деген: «Ол бұған дейін салиқалы адам болатын, алайда оны (тайпасы үшін) ашу-ыза билеп алды». Және осындай көмескіліктің себебімен ‘Умар да: «Рұқсат ет, мен бұл екіжүздінің басын шауып тастайын!» – деп Хатыбты екіжүзді деп атады. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол – Бәдр шайқасының қатысушысы». Ал ‘Умар Хатыбтың істегені себепті оны екіжүзді деп атағанда тауиль жасаған еді. Сондай-ақ Усайд ибн Худайрдың Са’д ибн ‘Убадәға: «Сен өтірік айттың, біз оны (Ибн Убәйді) өлтіреміз, ал сен – екіжүзділерді қорғайтын екіжүздісің!» – деген сөзі де. Бұл да сөз болып жатқан нәрсеге қатысты. Сондай-ақ бұған Мәлик ибн Духшумнің екіжүзділерге жақсықарым-қатынас және достық көрсеткені үшін оны екіжүзді деп атаған сахабаның сөзі де жатады”. Қараңыз “Мәджму’уль-фәтауә” 7/522.

Шейхуль-Исламның бұл сөздеріне, нақты айтқанда: “Алайда адамнан оларға (Аллаһтың дұшпандарына) қатысты туысқандық байланыстың немесе мұқтаждықтың себебімен көмек, қолдау көрініс табуы мүмкін, ал бұл – иманды әлсірететін, бірақ оны кәпірге айналдырмайтын күнә болады!” – дегендеріне назар аударыңыздар!

Шейхуль-Исламның бұл сөздерінде оның бұл мәселедегі шынайы пікірі түсіндірілгені аз болса, оларда, сондай-ақ осы тақырыпты түсінгісі келгеннің әрбіріне едәуір ғибратты насихат бар!

‘Абдуль-Мәджид ибн Салим әл-Мәш’әби құрастырған «Такфир мәселелеріндегі Ибн Таймияның мәнһәжі» деген өте пайдалы еңбек бар! Осы кітапты мәдиналық шейх Салих әс-Сухайми өте ұсынған. Міне сол кітаптың бірінші томында, 150-бетте шейхуль-Исламның, ол үлкен күпірлік деп өзінің құрамына олардың күпірлігі себепті көмекті қамтыған кәпірлерге деген тек толық қамқорлық пен көмектесуді санаған пікірін де келтірілген.

Сондай-ақ бауырымыз Дагестани мыналарды да келтірген:

«Аллаһ Тағала, сондай-ақ былай деген: «Шынында, өздеріне туралық айқындалғаннан кейін арттарына қайтқандардікін шайтан жақсы көрсетіп, оларға үміт берді. Өйткені олар Аллаһтың түсіргенін жек көргендерге: «Сендерге кейбір істе бағынамыз», - деді. Аллаһ олардың сырларын біледі». (Құран, Мухаммад сүресі, 25-26-аят)

Ибн Хазм былай дейді: «Ол оларды олар ақиқатты білген соң және оларға тура жол айқын болған соң, олар кәпірлерге айтқандары үшін, тек олардың сөздері үшін діннен шыққан кәпір етті, және Аллаһ бізге олардың не жасырғанын білетінін айтты». (Әл-Фәсль 3, 263)»

Іс жүзінде бұл адамдар: «Сендерге тек кейбір істе бағынамыз», деп айтудан бұрын кәпірлерге айналған болатын, бұл жөнінде Аллаһ осыдан алдынғы аятта: «Шынында, өздеріне туралық айқындалғаннан кейін арттарына қайтқандардікін», – деп айтатындай.

Ибн ‘Аббас, әд-Даххақ және әс-Судди осы аяттың тәпсірінде былай деген: «Сөз екіжүзділер туралы болуда!» Қараңыз “Тафсир әт-Табәри” 21/218, “Тафсир әл-Қуртуби” 16/249.

Қатада және Ибн Джурайдж осы аяттың тәпсірінде былай деген: Сөз Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сипаттамасын біліп, ол туралы Таурат пен Инжилде оқыған Кітап иелерінен (яхудилер мен христиандардан) болған Аллаһтың дұшпандары туралы болуда!” ‘Абдур-Раззақ 10212, әт-Табәри 21/217, “Тафсир әд-Дурруль-мәнсур” 13/449.

Ал имам әт-Табари аятта сөз өздеріне тура жол айқын болғаннан кейін Аллаһтың әмірлеріне қасарысу танытып, Аллаһқа қатысты кәпір болғандар туралы болуда деп айтады! Қараңыз “Тафсир әт-Табәри” 21/217.

Имам әл-Бағауи: «арқасына қайтқандар» сөзіне қатысты былай деген: “Кәпір болғандар!” Қараңыз “Тафсир әл-Бәғауи” 7/288.

Хафиз Ибн Касир: «арқасына қайтқандар» деген сөздеріне қатысты: «Иманды қалдырып, кәпірге айналды», - деген. Қараңыз “Тафсир Ибн Касир” 5/172.

Осы аяттардың мағынасын, яғни оларда о бастан сөз екіжүзділерден және муртадттардан болған кәпірлер туралы болып тұрғанын түсіну үшін Құранның осы тәпсіршілерінің сөздері жетіп асатын шығар.

Ал Расул дәйек ретінде пайдаланған имам Ибн Хазмның сөзіне келер болсақ, оған ерекше тоқталу қажет. Ибн Хазм бұл сөздерді Ахталдың: «Барлық сөздер жүректегіге нұсқайды», – деген сөзін дәйек еткен мурджилермен айтысуы кезінде айтқаны белгілі.

Осындай негіз қалыптастырушы мәселелерде ғалымдардың сөздерінің тіпті басқа тақырыптарға қатысты үзінділеріне сүйену не үшін қажет екендігі түсініксіз?! Біз пәлен имамның немесе шейхтың біреулердің қателерін түсіндіру ретінде айтып жатқан сөздері мен дұрыс ақиданы түсіндіру сөздерінен ажыратып қарауымыз қажет емес пе?!

Мысал келтірейік:

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия «Минхадж әс-Суннә» кітабында: “Пәлен мәселеде аһлю-Суннәның кейінгі өкілдері былай деп санайды», – деп жиі айтады да, кейінгі деген сөздерде ашәрилерді меңзейді, ал ол бұл кітапта ашәрилерді әһлю-Суннәға телігенінің себебі – шиғаларға қарсы пікір жазғандығы. Бірақ осы сөздерге сүйеніп: «Әһлю-Суннә ашәрилердің сенімдеріндей сенімдерге ие», – деп айту дұрыс болмайды ғой! Өйткені, Ибн Таймияның ашәрилердің қателіктеріне қатысты шынайы пікірін оның тікелей осы тақырыпты талқылайтын еңбектерінен алу қажет!

Сондай-ақ Аллаһ Тағаланың Кітабындағы тағы бір аят туралы ескерткіміз келеді, ал ол мына танымал аят: «Аллаһқа, Ақырет Күніне иман келтірген адамдардың арасында Аллаһқа, Елшісіне қарсы келгендерді сүйетіндерді көрмейсің, тіпті олар – аталары, не балалары, яки ағайын-туыстары болса да!» (әл-Муджәдалә 58: 22)

Бұл аятқа қатысты екі түрлі тәпсірлеу бар.

Егер сөз кәпірлерді олардың күпірлігі себепті емес сүйетіндер туралы болып жатқан болса, онда: «иман келтірген адамдардың» деген сөздерінде жалпы иманды жоққа шығару туралы емес, толыққанды иманды жоққа шығару туралы айтылып тұр. Имам әл-Алюси былай деген: “Бұл аяттың мағынасына қатысты былай деп айтылған: «Сен осындай (істеген) жағдайда иманы толыққанды болатын мүминді таппайсын» ”. Қараңыз “Тафсир Рух әл-мә’ани” 28/35.

Екінші пікір: бұл аятта сөз дәл кәпірлерді күпірлігі үшін сүйетіндер туралы болып тұр, мұны шейх Джәмалюддин әл-Қасими өзінің тәпсірінде нақтылағанындай. Қараңыз “Махасин әт-тауиль” 16/5732.

Ал егер сөз кәпірлерді олардың күпірлігі себепті сүйетіндер туралы болып тұрған болса, онда бұл осындай адамда толыққанды емес және әлсіз иманның болуына емес, мүлде иманның болмауына нұсқайды.

Ал кәпірлерге деген табиғи сүйіспеншілікке келер болсақ, мысалы, кәпір ата-аналарға немесе балаларға, онда бұл тыйым салынбаған және, күпірлік түгілі, күнә да болып табылмайды. Кәпірлерден болған туысқандарға қатысты тума сүйіспеншілік харам болып табылмайтынына нұсқау болып Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің кәпір болған көкесі Әбу Талибті жақсы көргені табылады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп хабарлағанындай: «Жақсы көретіндеріңді тура жолмен сен жүргізбейсін». (әл-Қасас 28: 56)

Имам әз-Зуджәдж былай деген: “Құранның барлық тәпсіршілері бұл аят Әбу Талибке қатысты түсірілді дегенге бір ауызды келіскен”. Қараңыз “Задуль-мәсир” 6/231.

Бұл аятқа қатысты екі түрлі тәпсірлеу бар:

Біріншісі: «Олардың тура жолға түскенін сүйетін адамдарыңды тура жолмен сен жүргізбейсің».

Екіншісі: «Туысқандық байланыс себепті сүйетін адамдарыңды тура жолмен сен жүргізбейсің».

Бұл екі тәпсір де дұрыс болып табылады. Қараңыз “Тафсир әт-Табәри” 18/282, “Тафсир Ибн әл-Джәузи” 6/232.

Ал егер біреу тек бірінші тәпсірлеу ғана дұрыс болып табылады деп мәлімдесе, мұны дәлелдеу қажет, мұның үстіне аяттың сыртқы мағынасы да екінші тәпсірлеуді растайды! Және егер қандайда бір аяттың бір біріне қайшы келмейтін бірнеше тәпсірлеулері болса, онда барлық пікірлер дұрыс деп саналады.

Мууәләттың әрбірі Исламнан шығара бермейтініне дәлелдер

‘Итбан ибн Малик Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде: «Мәлик ибн Духшум қайда?» – деп сұрағанын баяндайды. Сол жерде болған сахабалардың бірі: «Ол – Аллаһты да, Оның Елшісін де сүймейтін екіжүзді!» – деді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Олай деп айтпа! Сен оның Аллаһтың дидарына ұмтылып: «Лә иләһә илләЛллаһ!» – деп айтқанын білмейсің бе? Ал Аллаһ Аллаһтың дидарына ұмтылып: «Лә илләһә илләЛлаһ», – деп айтқан адамды Отқа харам етті!» – деді. Әлгі (сахаба) былай деді: «Бірақ біз оның екіжүзділерге көмектесетінін және оларға жақсы қарым-қатынас жасайтынын көрудеміз». әл-Бухари 425, Муслим 33.

Осы хадистің имам Муслим келтірген риуаятында Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ал ол: «Лә иләһә илләЛллаһ!» – деп айтпайды ма?» – деген сөздеріне әлгі сахаба: «Ия, ол мұны айтады, бірақ оның жүрегінде бұл нәрсе жоқ!» - деп айтқаны келтіріледі.

Ал Әхмәдтың риуаятында әлгі сахаба: «Алайда біз оның жүзі мен сөздері екіжүзділерге қарай бұрылғанын көрудеміз!» – деп айтқан. Әхмәд 4/44.

Өйткені келтірілген мууәләтуль куффәр туралы аяттардың сыртқы мағынасын алатын болсақ, бұған мақаланың авторы (оқырманды) жыққысы келетіндей, онда әлгі сахабаның Мәлик ибн Духшумды екіжүзділікте айыптауы дұрыс болған болып тұр ғой, өйткені олар онда мууәлләтқа тікелей қатысты нәрселерді көргені күмәнсіз болып тұр.

Бірақ іс жүзінде Мәликтің тарапынан жасалған қателікке қарамастан, ол мұны Исламның хақтығына күмән келтіргендіктен, немесе күпірлік пен екіжүздікті сүйгеннен істемеді! Мұның үстіне, Мәлик ибн Духшумның өзі – Бәдр шайқасының қатысушысы, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екіжүзділер зиян тигізу үшін салдырылған мешітті әсджиду-ддырар) бұзуға жіберген адам еді, және ол екіжүзді болудан да аулақ еді. Қараңыз «‘Умдәтуль-қари» 4/249.

Қады ‘Ийяд Муслимнің Сахихына жазған шархында былай деп айтқан: «Мәликтің осы іс-әрекеті себепті сол сахабаларда ол туралы жаман ой-жорамалдар күшее түсті және оған қатысты ашу-ыза пайда болды. Алайда Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл адам екі шахаданы (куәлікті) айтатын адамдардың қатарынан еді. Сондықтан да, екіжүзділігі айқын танылмаған адам ішіндегісіне (екіжүзділігіне) қатысты күмәнданудың себебімен сыртқы шынайылығын (Исламды) жоғалтпайды!” Қараңыз “әл-Икмәл” 1/268.

Шейх Сафийю-Ррахман әл-Мубаракфури Муслимнің Сахихына жасаған шархында былай деп жазған: “Бұл сахабалар екіжүзділердің жаман үкімін (жағдайын) және олардың жаман іс-әрекеттерін айтып, оларды Мәлик ибн Духшумға жапсырды. Бұл Мәлик ансарлардан еді және ғалымдар оның Бәдр шайқасының қатысушысы болғандығы туралы келіспеушілікте болмаған. Және ол екіжүзді емес еді! Мұның үстіне Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның ішкі иманы туралы куәлік берді және оның екіжүзділерге қатыссыздығы туралы айтты. Алайда Мәлик ибн Духшумның жаман ниеті және екіжүзділігі болмаса да, одан екіжүзділерге деген қандайда бір жақындық және олардың ортасында болу байқалды, алайда әлгі сахабалар дәл солай деп ойлап қалды және осы себепті оны екіжүзділікте айыптады. Бірақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның екіжүзділікке қатыссыздығы туралы куәлік берді!” Қараңыз “Миннәуль-мун’им” 1/76.

Осыны зерделеңдер, уа, бауырлар!

Сондай-ақ екіжүзділікте айыптауға асығатын әрбір адам бұл хадисте мұсылманды қандайда бір жорамалдың, тіпті екіжүзділерге тән болған қате іс-әрекет жасауының негізінде екіжүзді деп айыптауға тыйым салынғандық бар екендігі туралы ойлансын! Хафиз Ибн Раджәб әл-Бухаридің Сахихына жасаған шархында бұл хадис туралы былай деген: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Олай деп айтпа!» – деген сөздерінде, мәлім болған іс-әрекеттің негізінде екіжүзділікте айыптауға тыйым салынғандық бар! Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Исламның екіжүзділерге қатысты сыртқы үкімдерін, олардың кейбіреуінің екіжүзділігі туралы білуіне қарамастан, қолданбады. Ендеше, шынайы мұсылманды қандайда бір алғышарттың негізінде екіжүзділікте айыптау туралы не айтуға болады?! Сондай-ақ бұл хадисте егер біреу біреуді оның жасаған қандай-да бір жаман іс-әрекетінің негізінде екіжүзділікте айыптаса, айыпталғанның жақсы ісін айтып оның жаман сөз сөйлеуін теріске шығару қажеттігіне нұсқау бар». Қараңыз “Фәтхуль-Бәри” 3/188.

Сондай-ақ ‘Аишадан жеткен, екіжүзділер оған жала жауып, зинақорлықта айыптаған оқиға туралы хадисте былай деп жеткізіледі: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мінберге көтерілді де, оған ‘Абдуллаһ ибн Убәй ибн Салюлді жазалауға біреу көмектесуін сұрады. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім маған менің әйеліме жала жауып, ренжіткен адамды жазалауға көмектеседі? Аллаһпен ант етемін, әйелім туралы маған тек жақсы нәрселер ғана мәлім, ал, бұған қоса, олар мен оны тек жақсы жағынан ғана білетін және менің үйіме тек менімен бірге ғана кірген адам туралы да жаман сөздер айтуда!» – деді. Сол кезде орнынан Са‘д ибн Му‘аз тұрды да, былай деді: «Уа, Аллаһтың елшісі, Аллаһпен ант етемін мен сені одан құтқарамын: егер ол Әус тайпасынан болса, біз оның басын шауып тастаймыз, ал егер ол біздің бауырларымыз болған Хазрадж тайпасынан болса, онда сен бұйырсаң болды, біз онымен сен бұйырған нәрсені істейміз!» – деді. Мұны естіген, хазрадждықтардың жетекшісі, бұған дейін салиқалы адам болған, бірақ осы жағдайда оны ашу-ыза билеп алған Са‘д ибн ‘Убәда: «Аллаһпен ант етемін, сен өтірік айттың! Сен оны өлтірмейсін де осыны істей де алмайсың!» – деді. Осыдан соң орнынан Усайд ибн әл-Худайр тұрды да, былай деді: “Аллаһпен ант етемін, сен өтірік айтып тұрсын! Аллаһпен ант етемін, біз оны өлтіреміз, ал сен – екіжүзділерді қорғайтын екіжүздісің!” әл-Бухари 2661, 4750, Муслим 2770.

Өйткені сырт көзге Са’д ибн ‘Убәда баршаға өзінің екіжүзділігімен танылған, бұл аз болса Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ренжіткен және мүміндердің анасы Айшаны зинақорлықта айыптаған адамға араша түсе бастағаны көрінді! Алайда Са‘дтың өзі екіжүзді емес еді және осы себепті кәпір болмады, өйткені бұл ситуацияда оны ашу-ыза және тайпалық ұлтшылдықтың бір түрі билеп алған еді.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймияның мына айтқан сөздеріне назар бұрыңыздар: «Алайда адамнан оларға (Аллаһтың дұшпандарына) қатысты туысқандық байланыстың немесе мұқтаждықтың себебімен көмек, қолдау көрініс табуы мүмкін, ал бұл – иманды әлсірететін, бірақ оны кәпірге айналдырмайтын күнә болады! Осындай нәрсе Хәтыб ибн Әби Бәлта’амен ол мушриктерге Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір жоспарлары туралы жазып жіберіп, содан кейін Аллаһ ол туралы: «Әй мүміндер! Менің дүшпандарымды да, өз дүшпандарыңды да қамқоршы және көмекші етіп алмаңдар. Олар, сендерге келген шындыққа қарсы келсе де, оларга сүйіспеншілікпен ашыласыңдар» (әл-Мумтаханә 60: 1), – деген аятты түсірді. Тура сол сияқты нәрсе Са’д ибн ‘Убадамен, ол Ибн Убәйға (екіжүзділердің басшысы) араша түскен кезде орын алды, бұл жөнінде Айшаға жабылған жала туралы деректе келтірілетіндей. Сол кезде ол Са’д ибн Му’азға: «Аллаһпен ант етемін, сен өтірік айттың! Сен оны өлтірмейсің және мұны істей де алмайсың!» – деді. Ал Айша былай деген: «Ол бұған дейін салиқалы адам болатын, алайда оны (тайпасы үшін) ашу-ыза билеп алды». Және осындай көмескіліктің себебімен ‘Умар да: «Рұқсат ет, мен бұл екіжүздінің басын шауып тастайын!» – деп Хатыбты екіжүзді деп атады. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол – Бәдр шайқасының қатысушысы». Ал ‘Умар Хатыбтың істегені себепті оны екіжүзді деп атағанда тауиль жасаған еді. Сондай-ақ Усайд ибн Худайрдың Са’д ибн ‘Убадәға: «Сен өтірік айттың, біз оны (Ибн Убәйді) өлтіреміз, ал сен – екіжүзділерді қорғайтын екіжүздісің!» – деген сөзі де. Бұл да сөз болып жатқан нәрсеге қатысты. Сондай-ақ бұған Мәлик ибн Духшумнің екіжүзділерге жақсы қарым-қатынас және достық көрсеткені үшін оны екіжүзді деп атаған сахабаның сөзі де жатады”. Қараңыз “Мәджму’уль-фәтауә” 7/522.

Самак ибн Харб бірде ‘Умар ибн әл-Хәттаб оған (қазнадан) алынған және қайтарылған нәрселер туралы есеп беруді бұйырғандығы, ал Әбу Муса әл-Әш’ариде осымен айналысатын бір христиан хатшы болғаны баяндалады. Және бірде ‘Умар: “Бізде Шамнан бір хатшы бар, оны шақыр, ол бізге оқып берсін!» – деді. Әбу Муса сонда: “Ол мешітке кіре алмайды, – деп айтты. ‘Умар: “Ол не, жүніп болып қалған ба?!” – деп сұрады. Әбу Муса: “Жоқ, ол христиан!» – деді. Мұны естіген ‘Умар Әбу Мусаны салып қалды да: “Саған не болған, Аллаһ сені опат етсін?! Сен не, Аллаһ Тағаланың: «Әй мүміндер! Яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар! Олар – бір-бірінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда күдіксіз ол солардан. Расында, Аллаһ залым елді тура жолға салмайды». (Құран, әл-Мәидә сүресі, 51-аят), – деген аяттарын естімегенсің бе? Сен не, Бір Аллаһқа ғана иман келтірген біреуді таңдай алмадың ба?!» – деп дауыстап айтты. Әбу Муса: «Уа, мүміндердің әмірі, Аллаһпен ант етемін, мен оған қамқорлық және көмек көрсетпедім, ол жәй ғана хатшы!» – деді. Сонда ‘Умар былай деген: “Егер Аллаһ оларды жек көріп атаған болса, мен оларға құрмет көрсетпес едім, ал, егер Аллаһ оларды қорлаған болса, мен оларды ұлықтамас едім, және, егер Аллаһ оларды алыстатқан болса, мен оларды жақындатпас едім!” әл-Байхақи: “әс-Сунән әл-кубра” 10/127 және “әш-Шу’әбуль-имән” 9384, Ибн Әби Хәтим: “Тафсир әл-Қуръан әл-‘Азым” 4/1156. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия және шейх әл-Әлбани сахихтығын растаған. Қараңыз “әл-Иқтида” 161 және “Ируәуль-ғалиль” 2630.

Бұл оқиғадан біз ‘Умар Әбу Мусаның іс-әрекетіне: «Ал сендерден кім оларға көмек көрсетсе, ол солардан!» – деген аятты қолданғанын көріп тұрмыз, алайда ол Әбу Мусаның істеген амалын күпірлік деп санамады, мұндай мұсылмандардың істерін кәпірлерге сеніп тапсыру сырттай мууәләға қатысты екініне қарамастан.

Ал мынау шейха ‘Абдул-Ләтыф Әли Шейхтың бауырымыз Дагестани мухкәм деп атаған аяттар туралы айтқан сөздері: Ал Аллаһ Тағаланың: «Ал сендерден кім оларға көмек көрсетсе, ол солардан!», немесе: ««Аллаһқа, Ақырет Күніне иман келтірген адамдардың арасында Аллаһқа, Елшісіне қарсы келгендерді сүйетіндерді көрмейсің», немесе: «Әй, иман келтіргендер! Сендерден бұрын Кітап берілген және сендердің діндеріңді келеке етіп, оны алданыш деп санайтындарды және кәпірлерді өздеріңнің көмекшілерің және достарың деп есептемеңдер!»деген сөздеріне келер болсақ, бұл аяттарды Сүннет түсіндіріп берді де, оларда сөз кәпірлерге толық қамқорлық көрсету туралы болып тұрғанына нұсқады!” Қараңыз “әр-Расәиль уәл-мәсаиль ән-нәдждия” 3/10.

Шейх Сыддық Хасан Хан былай деп айтәтын: “Кәпірлерді олардың күпірлігі себепті мақтау – Исламнан шығу болып табылады! Ал оларды осыдан басқа себеппен мақтау – сөгіс білдірілуге тиіс болған үлкен күнә болып табылады!” Қараңыз “әл-‘Ибра фимә уәрада әл-ғазуә уә-шшәхадә уәл-хиджра” 246.