Әбу Хурайрадан (Аллаһ оған разы болсын), Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кім әскери жорық (ғазуа) жасамай және оны (жасауды) іштей қаламаған күйінде өлсе, екіжүзділіктің бір көрінісінен құтылмай өлген болады». Және бұл хадистің жеткізушісі Мухаммад ибн Сахм былай деп айтты: «‘Абдуллаһ ибн әл-Мубәрак: “Біз мұны – Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) уақытына қатысты деп есептейміз ”, – деген». Муслим 1910.
Имам Әбуль-Аббас әл-Қуртуби былай деп айтты: “Бұл хадисте: кім ізгі амал істей алмаса, оны істеуге деген нық шешімі болуы керек делінген, егер оны жасай алатын болса. Немесе, ол оны істеуге деген ниеті болуы керек, ал ол – (оны істеу тіпті мүмкін болмаған) осындай жағдайда, оның өтеуі болады. Ал, егер адам оны сырттай (амалмен) да, іштей ниетімен де істеуден бас тартса, онда бұл – ізгілікті істемейтін және істеуді ниеттенбейтін екіжүзділердің жағдайы болады. Және, нақтырақ айтқанда, бұл – ол арқылы Аллаһ Исламды ұлықтаған, және, мұны көпқұдайшылдар жек көрсе де, осы дінді өзге діндерден айқын еткен джихадқа қатысты!” Ал Ибн әл-Мубәрактың: ““Біз мұны – Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) уақытына қатысты деп есептейміз” – деген сөзіне келер болсақ, әл-Қуртуби былай деп айтты: “Яғни джихад міндетті болған және ол екіжүзділікті шынайы екіжүзділік деп түсіндіретін кезде. Бірақ, бұл – барлық уақытқа қатысты да болуы мүмкін, ал онда хадистің мәні – осындай жағдайдағының әрбірі – егер тіпті кәпір болмаса да – екіжүзділер сияқты болады”. “әл-Муфхим” 3/750.
Қады ‘Ийяд: «Екіжүзділіктің бір көрінісінен құтылмай өлген» деген сөздер туралы былай деп айтты: “Мұны Ибн әл-Мубәрак, джихад міндетті болған тек Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі ме сәлемі) уақытына қатысты, сондықтан ол екіжүзділікті шынайы екіжүзділікке жатқызды, деп түсіндірді. Бірақ, бұл – жалпы сөздер болуы мүмкін және хадистің мағынасы – мұндай адам екіжүзділердің сипаттарына ұқсап кетеді, ал олардың сипатарының бірі – джихадты қалдыру. Бұл – екіжүзділіктіктің тармақтарының және олардың сипаттарының бірі”. “Икмәлюль-му’лим” 6/335.
Имам әс-Синди: «оны жүрегімен (іштей) қаламаған күйінде» деген сөздер туралы былай деп айтты: “Мұның мағынасы – адам өз жүрегінде (іштей): «О, егер мен әскери жорыққа шықсам еді!» – деуде деп айтылған. Немесе оның мағынасы – кім джихадты және оның күш әзірлеу сияқты сипатын орындамаған болса, бұл жөнінде Аллаһ Тағала: «Егер олар (екіжүзділер) жорыққа шығуды қаласа еді, оған дайындалар еді » (әт-Тәубә 9: 46), – деп айтқандай, мұндай адам джихадты қалдырып қоятын екіжүзділер сияқты болады деп айтылған. Бұл – тура Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) уақытымен байланысты болған болуы мүмкін, бұл жөнінде Ибн әл-Мубәрактан жеткеніндей”. “Хашия ‘алә ән-Нәсәи” 3/314.
Имам ән-Нәуәуи былай деп айтты: “Ибн әл-Мубәрактың айтқаны – бір-ақ мағыналы кесімді сөз емес, өйткені, басқалар: «Бұл хадис – жалпылама, және оның мағынасы – осындайды істеген адам – джихадты қалдырушы екіжүзділер тәрізді болады, және джихадты қалдыру – екіжүзділіктің сипаттарынан!» – деген.” “Шәрх Сахих Муслим” 13/56.
Бұл ертеректегі имамдардың сөздері, ал енді біздің заманымыздың ғалымдарының бұл хадиске байланысты айтқан сөздері мынандай.
Шейх Сафийю-Ррахмән әл-Мубаракфури «әскери жорық жасамай» деген сөздер туралы былай деп айтты: “Яғни діннің дұшпандарымен соғыспады. «Жүрегінде (іштей) мұны қаламай», яғни соғысудың мүмкіндігі болып, және оның уақыты келіп жеткенде олармен соғысуды қаламады да, оған ниеті де болмады”. “Миннатуль-мун’им” 3/292.
Шейх Салих әл-Фаузанннан бұл хадистің мағынасы жөнінде сұрағанда, ол былай деді: “Хадистің мағынасы – егер джихад басталса, оны жасауға деген бекем шешімде. Ол өзінің жүрегінде (іштей) әскери жорықты қалайтынын айтуы керек, яғни джихад басталған кезде оны Аллаһтың жолында жасауға ниет етуі керек. Ақиқатында, Аллаһ оған осы игі ниеті үшін сауап жазады ”. “Фәтауә әл-Фәузан” № 19.
Джихадты қалдыру жөніндегі тағы да бір осындай қорқытушы хадис – Әбу Умәмадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен. Онда Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кім өзі әскери жорықтарға қатыспаған болса, немесе мұндай жорыққа қатысушылардың ешқайсысын саймандамаған болса, немесе олардың отбасы мүшелеріне қамқорлық көрсетпеген болса, оны Аллаһ Қайта тірілу Күні жеткенше-ақ ұрып қояды». Әбу Дауд 2503, Ибн Мәджәһ 2762, әл-Байхақи 9/48. Хадис сахих. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 2561.
Алайда, бұл хадистерді дұрыс түсіну керек, өйткені джихад жасау және оны жасауға деген ниеттің болуы мұсылман адам дұшпандармен кездесуді міндетті түрде қалауы керек дегенді білдірмейді! Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Йә, адамдар, дұшпандармен кедесуді қаламаңдар және Аллаһтан құтылуды сұраңдар, бірақ олармен кездесіп қалған болсаңдар, сабырлық танытыңдар, және Жәннәт сендердің қылыштарыңның көлеңкелерінің астында екенін біліңдер!» әл-Бухари 2965, 2966, Муслим 1742.
Өйткені, дұшпанмен кездесуге ұмтылуда мұны қалаған адам ұшырауы мүмкін болған көптеген жақсы емес және қауіпті нәрселер орын алуы мүмкін, мысалы, бұл жөнінде имам Мәнәуи айтқанындай: «Және шәхид болу қалауы дұшпанды кездеру қалауымен байланысты емес!» “Фәйдуль-қадир” 6/127.
Сондай-ақ, бұған тыйым салыңғандықтың даналығы, бұл жөнінде имам әл-Қуртуби айтқанындай, дұшпанның жағдайы туралы хабардар болмау және онымен кездесуге әзірлік көруді елемеу, сондай-ақ, ол: осыда муминге игілікті ғана көбейтетін мұсылмандардың өмірлерін сарп ету бар деді.
Және ол сондай-ақ, былай деді: “Және: «Дұшпандармен кездесу және олармен шайқасу – бұл олардың үстінен не жеңіс, не шәхидтік дәрежесін алып келетін мойынсынушылық, ендеше, ол қалайша тыйым салынған болады?! Оның үстіне, шариғат шәхид болуға ұмтылдырады, бұл жөнінде хадисте айтылғандай: «Кім Аллаһтан ықыласты түрде шын жүрекпен шәхидтік дәрежесін тілесе, Оған Аллаһ шәхидтердің дәрежесін береді, тіпті ол өз төсегінде жатып өлсе де» (Муслим 1909)!» – деп айтуға болмайды.
Біз былай дейміз: «Дұшпандармен кездесу, егер джихад және мойынсынушылық болып табылса, екі жақты болады, және аталған жақтан мұны қалауға тыйым салынбайды.
Алайда, алдын аталып кеткен, орын алуы мүмкін болған нәрселер жағынан мұны қалауға тыйым салынады. Және де осыда аяқ жағы немен ұласып кететіні беймәлім жаза мен сынық та болуы мүмкін. Және джихадтан олжа да, шәхидтік дәреже де келмеуі мүмкін! Тіпті керісінше болуы да ықтимал. Бір сөзбен айтқанда, дұшпандармен кездесуге деген тыйым салынған қалау – оған ұмтылдыру бар шәхид болуға деген қалауға қатысты емес. Және дұшпандармен кездесу шәхада мен олжаға әкелмеуі де мүмкін»”. “әл-Муфхим” 3/524.
Шейх Сафийю-Ррахман әл-Мубәракфури былай деп айтты: “Ақиқатында, дұшпанмен кездесу, тіпті жеңіс болған жағдайда да, зиянмен жарақаттан жұрдай емес. Және хадистің жалғасында айтылғандай: «Аллаһтан құтылуды тілеңдер». Бұл – Аллаһ дұшпандардың жүрегіне үрей ұялатып, оларды шайқассыз жеңу үшін. Бұл – адам істің соңы қалай болатынын білмегендіктен әмір етілді”. “Миннәтуль-мун’им” 3/173.
Имам әл-Мазири былай деп айтты: “Бұл хадисте түсінбеушілікті мынандай сұрақ туғызуы мүмкін: «Егер джихад мойынсынушылық болса, онда мойынсынушылықты қалау – игі іс болып табылады, ал қалайша бұл тыйым салыңған болуы мүмкін?!» Бұған жауап ретінде былай деп айтылды: «Мұның мағынасы – дұшпанмен кездесуге ұмтылудың салдары, егер бұған үстіртін және салғырттықпен қараса, бүлік немесе зиян әкелуі мүмкін. Ал кім дұшпандарын елемей қойса, ол ақылдылықты жоғалтады! Және мұның мағынасы мынада болуы мүмкін: «Сақтықты жоғалтпау үшін дұшпандарыңды елемей қоймаңдар, өздеріңнің жандарыңды және мұсылмандарды сақтаңдар!», немесе: «Дұшпандарың сендерді жеңетінін шамалаған жағдайда, немесе олар сендердің әйелдеріңді иемдену, жандарыңды және мал-мүлікті жоғалту, немесе олардан зиян шегу қауіпі болса, олармен кездесуді қаламаңдар (тілемеңдер)»”.
Оның сөздерінен кейін Қады ‘Ийяд былай деп айтты: “Кейбіреулер: «Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің үмметіне қиындықты тілеуге (қалауға) тыйым салды, сондықтан кейбір ізгі саләфтар былай дейтін: «Бүлік пен сынақтан есендікте болу адамдардың сабырлығына қарай түрленеді!» – дейтін.” “Икмәлюль-му’лим” 6/43.
Сондықтан бұл хадистерді біріктіріп қарау керек!
Шейх Ибн әл-Қайим Исламдағы джихадтың түрлерін санап өтіп, былай деді: “Кәпірлер және екіжүзділермен джихадқа келер болсақ, ол төрт деңгейге ие: жүрекпен, тілмен, мал-мүлікпен және өмірмен. Және кәпірлермен күрес негізінен қолмен, ал екіжүзділермен джихад тілмен (сөзбен) орындалады. Жәбірлеушілікті, бидғаттарды және күнәлі істерді жасаушылармен джихадқа келер болсақ, ол үш деңгейге ие. Біріншісі: қолмен, күштің (қудра) болғанында. Егер күш болмаса, онда тілге көшеді. Егер бұл да мүмкін болмаса, онда – жүрекпен. Және бұл джихадтың он үш деңгейі. Ал кім, джихад жасамай, тіпті оны жасау туралы ойламай, өліп кетсе, ол өлгеніне дейін екіжүзділіктің бір көрінісімен сырқаттанып өткен болады”. “Задуль-мә’ад” 3/16.
Ал, мұсылмандар джихад жасауға қабілеті болмай, алайда ол ақиқат екендігін біліп, оны жасауға деген ниеті болған жағдайға қатысты айтар болсақ, онда оларда күнә болмайды, және олар осыдан тыс амал етуге міндетті болмайды, бұл жөнінде муджәхид-имам Мухаммад ибн ‘Али әл-Кәраджи әл-Қассаб өзінің тәпсірінде былай деп айтқанындай: “Кім өзінің жанымен және мал-мүлкімен джихад жасауға қабілетті болмаса, алайда оған сенсе және оны ақиқат деп есептесе, ол – джихад жасаушылардың қатарынан! Және ол басқасын істеуге міндетті емес!” “Нукт әл-Қуран” 4/187.
Ал, шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: «Кім дінді күшпен және джихадпен орнатуға мүмкіндігі болмаса (әлсіз болса), жүрегімен игілікті қалау (насиха), үммет үшін дұға ету және игілікті тілеу сияқты өзінің күші жеткенін істейді!» «Мәджму’уль-фәтауә» 28/396.
Алыңған көзі: www. salaf-forum.ru