“Соғыс – бұл айлакерлік” хадисінің дұрыс түсінігі

Әбу Хурайра және Жәбир Аллаһ Елшісінің, оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын, “соғыс – бұл айлакерлік” әл-Бухари 3029, 3030, Муслим 1739, 1740 деп айтқанын жеткізеді.

Осы хадиске сүйене отырып, көптеген мұсылмандар жиһадтағы әскери әрекеттердегі айла мен сатқындық және опасыздық түсініктерін шатастырып алды. Бірақ та, Құран аяттары мен пайғамбар хадистерін дұрыс түсіну үшін, әсіресе осындай маңызды мәселелер жөнінде сөз болғанда, осы үмбеттің имамдарының сөзіне назар аудару қажет:

Къады Ийяд жоғарыда айтылған хадис жөнінде былай дейді: “ғалымдар осы хадис негізінде соғыста алдаудың мүмкін болған барлық түріне рұқсат, егер де келісімшарт (ахд) және қауіпсіздік кепілдігі (аман) сақталатын болса,- деген”. Қараңыз: “әл-икмал” 6/42.

Имам ан-Науауи айтқан: “ғалымдар егер де келісімшарт пен қауіпсіздік кепілдігі бұзылмайтын болса, соғыста кәпірлерді кез келген әдіспен алдауға болады деген бірауызды пікірде болған. Одан басқа жағдайда рұқсат берілмейді. Жалған айтуға үш жағдайда, соның бірі-соғыста, рұқсат екені хасан хадистерден белгілі.” Қараңыз: “Шарх Сахих Муслим” 12/45.

Ғалымдар жиі айтқандай, соғыстағы алдаудың да шегі бар. Мысалы, имам Ибн Джаузий фикх бойынша аса танымал “аль-Къауанинуль-фикъхия” кітабында былай деп жазған: “қауіпсіздік кепілдігін (аман) бұзу мен әскери айла арасындағы айырмашылық, қауіпсіздік кепілдігі дұшпанға сенімділік беретінінде. Ал, әскери айла -әскери құпияны жасыру бойынша шаралар болып табылады. Бұл шаралар жауды дұрыс ойдан жаңылыстырады және қарсыластары артқа шегінді немесе соғысудан бас тартты деген қате пікірде қалдырады. Бұл –аңдаусызда жаудың үстіне түсу үшін жасалынады. Әскери айла түрлеріне негізгі міндеттен жауды алдандыру мақсатымен, (қандай да бір әрекетті) сылтаурату, жау қатарына бүлік салу, торуыл ұйымдастыру, ұрыс барысында тактикалық шегіну және т.б. жатады. Ал, бұған мынадай шаралардың қатысы жоқ: өзін дұшпанының дінін ұстанатындай көрсету, дұшпанының сенімін пайдалана отырып, дұшпанының алдында шынайы кеңесші рөлінде болу, оларға опасыздықпен сазайын тартқызу. Барлық осы әдістерді қолдану кешірілмейді және ол сатқындық болып табылады.” Қараңыз: “Кашфу шубухат фи масаиль аль –ахд уаль-джихад ” 57.

Хафиз Ибн Абдуль-Барр: “имамдар опасыздық жасауға тыйым салынған деген бірауызды  пікірде”,-деп айтқан. Қараңыз: “ат-Тамхид” 24/233.

Имам Абу Бакр ибн аль –Араби: “мұсылмандармен соғысып жатқандарға да, соғыспағандарға да әділеттілік көрсету-парыз!”,-деген. Қараңыз: “Ахкамуль-Къуран” 4/288.

www.Salaf-forum.ru