Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Менің үмметімнен бір топ[1] ақиқатты ашық ұстануын тоқтатпайды, және оларға қарсы шығушылар зиян тигізе алмайды!» әл-Бухари 4/187.
Сондай-ақ, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Меннің үмметімнен болған адамдардың бір тобы ақиқат үшін соғысуды Ақырет күніне дейін тоқтатпайды!» Муслим 1037.
Сондай-ақ, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Менің үмметімде көмек көрсетілетін топтың болуы тоқтамайды!» Әхмәд 3/436, әт-Тирмизи 2192, Ибн Хиббән 6834, Ибн әл-Джа’д 1076. Хадистің сахихтығын имам Әбу Иса әт-Тирмизи және шейх әл-Әлбәни растаған.
Бұл хадистерде жеңімпаз қауымның сипаттары көрсетіледі:
1. Олар ақиқатты ашық және айқын ұстанады;
2. Олар Ақырет күніне дейін ақиқат үшін соғысады[2];
3. Оларға үнемі Аллаһтан көмек және жеңіс беріледі.
«Жеңімпаз қауым» кімдер екендігі туралы үмметіміздің ұлы имамдарының айтқан сөздері:
Ибн әл-Мубәрак: «Олар – хадис білімпаздары (асхәбуль-хадис)», – деді. «Шәрафу әсхабиль-хадис» 26.
Ибн Мәдини былай деді: «Олар – хадис білімпаздары». «Сунәну-тТирмизи» 6/356.
Имам Әхмәд былай деді: «Егер олар – хадис білімпаздары болмаса, онда мен олардың кім екендігін білмеймін!» әл-Хаким «Ма’рифәту ‘улюмиль-хадис» 4.
Әхмәд ибн Синән: «Олар – алдыңғы буын өкілдерінің (саләфтардың) жолына ілесуші білім иелері!» – деп айтқан. «Шәрафу асхабиль-хадис» 26.
Имам әл-Бухари Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Меннің үмметімнен болған адамдардың тобы ақиқат үшін соғысуды Ақырет күніне дейін тоқтатпайды!» хадисін келтіріп: «Олар – білім иелері!» – деді. «Фәтхуль-Бәри» 13/205.
Имам Ибн Хиббән, тарауды «Хадис білімпаздарына Ақырет Күніне дейін көмек көрсетілетінін ескерту» деп атап: «Менің үмметімде көмек көрсетілетін топтың болуы тоқтамайды!» – деді. «Сахих Ибн Хиббән» 1/153.
Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: «Адамдардың арасынан «Жеңімпаз қауым» болуға баршадан көбірек лайықтылары – бұл хадис пен Сүннетті білетін ғалымдар». «Мәджму’уль-фәтәуа» 3/347.
Жеңімпаз қауым – бұл ғалымдар және хадис білімпаздары екендігі туралы, саләфтардан (алдыңғы буын өкілдерінен) және оларға ілесушілерден болған мына имамдар да айтқан: Язид ибн Харун, Ибн Қутайба, әт-Тирмизи, Ибн Джәрир әт-Табари, Ибн Әбу ‘Асым, әл-Әджурри, Ибн Бәтта, әл-Ләләкәи, әл-Хаким, Хатыб әл-Бағдади, Ибн Сабит, әл-Бағауи, Ибн әл-Джәузи, Ибн Муфлих, әш-Шәтыби, Ибн Әбиль-‘Изз, ән-Нәуәуи, Ибн Хаджәр, Ибн Раджәб, әл-‘Айни, әс-Саффәрини, әл-Қасталәни, әс-Синди, Әбу Бәтын, Сиддық Хасан Хан, Шәмсуль-Хақ ‘Азым Әбәди, Әхмәд әл-Хакими, ‘Абдур-Рахман әс-Са’ди, әл-Әлбәни, ‘Убәйдуллах әл-Мубәракфури, Ибн Бәз, Хамәд әл-Әнсари, Ибн ‘Усәймин және басқалар. Сонымен бірге, барлық әһлю-Суннә ғалымдары таифатуль-мәнсура — бұл білім иелері екендігі туралы келісімде болған. Имам ән-Нәуәуи былай деді: «Ғалымдардардың “таифәтуль-мәнсура” — бұл білімді алып жүрушілер деген пікірі бір жерден шықты». «Тахзибу әсмәи уә-ллюғат» 1/18.
Алыңған көзі: www.toislam.ws
____________________________
Ескертпелер:
[1] «Менің үмметімнен болған адамдардың тобы» деген сөздерде сөз жалпы үммет туралы емес, мұсылмандардың нақты бір тобы туралы болып тұрғанына нұсқау бар.
[2] Өз кезінде хауариждер бұл хадистің мағынасын үстіртін түсініп, өздерін жеңімпаз қауым деп санады, өйткені сол кезде олардан өзге өзге ешкім соғыспады. Хадисті осылайша түсіну дұрыс емес, өйткені мұны айтқан Пайғамбардың өзі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) үзіліссіз шайқасқан жоқ және мұсылмандардың әлсіз болуы себепті тіпті он жыл мерзімге кәпірлермен бітім де жасасты. Шейх Әбу Бәтын бұл хадис жөнінде былай деді: “Бұл – олар үнемі қылыштың көмегімен соғысады деген сөз емес! Жоқ, үнемі дәлел (хужжә) арқылы және кейде қылыш арқылы соғысады! ” “әр-Расаилю-Ннәдждия” 9/228.
Бұл хадисті дәл осылай, яғни джихад Ақырет күніне дейін жалғаса береді, алайда ол үзіліссіз бола береді дегенді бірдірмейді деп түсіну керек. Бұл – хиджра туралы айтылған: «Хиджра тәубе қабыл етіле бергенше және күн батыстан шығып, қабыл етілуі тоқтамайынша үзілмейді!» – деген хадистер сияқты. Әхмәд, Әбу Дауд. Хадис сахих. «Сахихуль-джәми’» 7469. Алайда, осыдан жиджра күн сайын Ақырет күніне дейін үзілмей жасала береді деп түсінуге болады ма?!
Осыған қоса, осы «Меннің үмметімнен болған адамдардың тобы ақиқат үшін соғысуды Ақырет күніне дейін тоқтатпайды!» деген хадисте сөз хадис білімпаздары туралы болып жатыр, бұл жөнінде Язид ибн Харун, Әхмәд және әл-Бухари сынды имамдар айтқанындай. “Шәрафу әсхабиль-хадис” 1/26-43. “Фәтхуль-Бәри” 13/205.
«Күмәнсіз, бұл қауым Қайта тірілу Күніне дейін джихад жүргізуді тоқтатпайды, және ол, қуатқа (қууә) және қабілетке (қудра) ие болса, қарудың көмегімен шайқасады, және тіл мен дәлел арқылы әлсіз және күшінің болмауы кезінде (шайқасады)». “Дауәбитуль-джихад фи Суннәти-ннәбәуия” 11.
Сондай-ақ, кейбір адамдар Исламдағы джихад – бұл тек қана кәпірлермен қарулы соғыс деп, джихадтың қалған түрлерінің, мейлі ол нәпсімен, немесе шайтанмен, немесе екіжүзділер және бидғатты жақтаушылармен джихад болсын, маңыздылығы мен мәнділігін жоққа шығарады немесе төмендетіп жібереді. Шейх Ибн әл-Қайим былай деді: “Білім және дәлелдің көмегімен жүргізілетін джихад – бұл пайғамбарлардың және Аллаһтың елшілерінің, сондай-ақ, Оның таңдаулы құлдарының джихады! Және дәлел мен тіл арқылы жасалатын джихад қылыш және найза көмегімен жүргізілетін джихадтан маңыздырақ! ” “әл-Кәфия әш-шәфия” 19.
Сондай-ақ Ибн әл-Қайим былай деді: “Джихад дұшпанмен және өз нәпсіңмен болады, және нәпсіңмен болған джихад дұшпандармен джихад жүргізуден артық. Ақиқатында, кім өзіне бұйрылған нәрсені орындау және өзіне тыйым салынған нәрселерден қашықтау үшін өз нәпсісімен соғыспайтын(адам) дұшпандарымен джихад жасай алмайды. Алайда, үшінші дұшпан да бар, және онымен шайқаспай, дұшпандармен де, нәпсімен де джихад жасау мүмкін болмайды. Ол – шайтан. Және онымен джихад жүргізу – дұшпандар және нәпсімен джихад жүргізуге негіз болып табылады. Аллаһ Тағала былай деді: «Ақиқатында, шайтан сендерге дұшпан болып табылады, ендеше оған дұшпан ретінде қараңдар. Ол өзінің партиясын Тозақ тұрғындары болуға шақырады». (Фатыр 35: 6). Шайтанға дұшпан ретінде қарау бұйрығы оған қарсы шайқасуда және джихад жүргізуде барлық күш-жігерді сарп етудің маңыздылығына нұсқайды, өйткені шайтан – әлсіремейтін және Аллаһтың құлымен соғысуын тоқтатпайтын дұшпан! ” “Задуль-ма‘ад” 3/6.
Сондай-ақ, Ибн әл-Қайим былай деді: “Дін білім және джихадпен орнатылады, сондықтан да джихад екі түрлі болады: біріншісі – бұл қолдың және қылыштың көмегімен жасалатын джихад, және бұл – көпшілік қатысатын (джихад). Екінші түрі – бұл дәлел және түсіндірудің көмегімен жасалатын джихад, ал ол Аллаһтың таңдаулы құлдарыңың джихады және имамдардың джихады еді. Джихадтың бұл түрі, оның пайдасының ұлықтығы және дұшпандарының көптігі себепті, екеуңін ішінен ең жақсысы болып табылады. Аллаһ Тағала Меккеде түскен «Фурқан» сүресінде былай деді: «Егер біз қаласақ, әрбір мекенге сақтандыратын ескертуші жіберер едік. Сондықтан, кәпірлерге бағынба және ол (Құран) арқылы ұлы джихад жүргіз!» (әл-ФурҚан 25: 51-52). Және бұл – кәпірлерге қарсы Құранның көмегімен жүргізілетін джихад, ол сондай-ақ, екіжүзділерге де қарсы джихад болып табылады. Ақиқатында, екіжүзділер мұсылмандарға қарсы соғыспады, керісінше олармен бірге болды, тіпті мұсылмандармен бірге дұшпандарға қарсы соғысты, бірақ, бұған қарамастан, Аллаһ Тағала былай деді: «Йә, Пайғамбар! Кәпірлермен және екіжүзділермен шайқас және оларға қатал бол!» (әт-Тахрим 66: 9). Ал екіжүзділерге қарсы джихад дәлел және Құранның көмегімен болғаны бізге мәлім. “Мифтаху дари-сса’адә” 1/70.
Сондай-ақ, Ибн әл-Қайим былай деді: “Екіжүзділерге қарсы джихад кәпірлерге қарсы джихадтан ауырлау, және бұл – таңдаулылардың және пайғамбарлардың мирасқорларының джихады, және осы джихадты дүние жүзінде санаулылар ғана жүргізеді. Және бұл джихадты жасаушылар аз болғанымен, олар Аллаһтың құзырындағы ұлы орынға ие». “Задуль-мә’ад” 3/15.