Сұрақ: «Кейбір ислам елдерінде кейбір бұзақылық орындарын жоюмен айналысып немесе кейбір бұзақыларды және кәпірлерді өлтіріп, осы – жихад және жақсылыққа бұйырып жамандықтан қайтару дегенге сүйеніп жүрген кейбір жас мұсылмандарға осы нәрселердің тигізетін зиянын ескере отырып, қандай насихат айтар едіңіз?»
Жауап: «Ақиқатында, кейбір Ислам елдерінде біреу-міреулер жасап жүрген адам өлтіру, қирату, қан төгу т.с.с. амалдар тыйым салынған болып табылады, өйткені мұны рұқсат ететін себеп жоқ! Ал мұны рұқсат ететін себеп – Аллаһтың заңы, бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), ізгі халифалардың және мұсылмандардың басқа да әмірлерінің кезінде болғандай. Егер мұсылмандардың әмірі сұрақта аталған жазаға лайықты кейбір күнәхарларды, немесе мұсылмандармен соғысып жатқан кәпірлерді өлтіру сияқты нәрселерді орындауды бұйырса, сонда ғана мұны істеу керек». Тыңдаңыз “Сильсиләтуль-худа уа-ннур” № 691.
Шейх әл-Әлбанидің шын ықыласпен жихад жасағысы келетіндерге берген насихаты:
«Егер адам шын ықыласымен Аллаһ үшін жихад жасауды ниет етсе, ол осы үшін лайықты сыйын алатынына күмән жоқ. Алайда біз сөз етіп тұрған жихад Аллаһ жүргізуді бұырған жихад болып табылмайды. Мен ниеттің өздігінше өте жақсы болып тұрғанын айтып тұрмын, өйткені адам жихад жасағысы келіп тұр ғой, алайда жихадты жүргізу үшін міндетті түрде, Аллаһ Тағала көпке белгілі аятта: «Сендер де шамаларың келгенше әр түрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер. (Сондай-ақ заманауи техникалық құралдар дайындаңдар.) Аллаһтыңның дұшпанын және өз дұшпаңдарыңды қорқыту үшін» (әл-Әнфәл 8: 60), – деп айтқанындай, дайындық қажет.
Жихад тек жарияланған кезде және оны жүргізуге дайындық болған жағдайда ғана жихад болады. Осы шарттар орындалғанда, жихадтан бас тартуға болмайды.
Ал жеке біреулердің көтеріп жүрген көтерілістеріне келер болсақ, олар жихад болып табылмайды. Әрине, дұшпан шабуыл жасағанда мұсылман жерлерін қорғау міндетті болып табылады, бірақ пайдаға қарағанда көбірек зиян әкелетін шабуылдаулар барлық мұсылмандар шығуға міндетті болған жихад болып табылмайды. Мұндай жихад туралы Аллаһ Тағала былай деген: «Егер олар шығуды қаласа, осыған дайындалар еді» (әт-Таубә 9: 46).
Сондықтан да, біз бұған бірнеше рет нұсқағанымыздай, мұсылмандар ақыл тоқтатып, Шариғатты дұрыс түсініп, Аллаһтың заңына және дініне сәйкес келетін ықыласты және дұрыс амалдар жасаулары керек. Міне сонда мүміндер Аллаһ Тағаланың көмегімен қуанады».
Тыңдаңыз “әт-Тахарри филь-Фатуа” 2-кассета.