Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен!
Пайда мен зиян туралы мәселе діннің негізінде жатыр, бірақ, өкінішке орай, көптеген мұсылмандар бұл мәселеге ешқандай назар бөлмейді, және нәтижесінде Исламға да, мұсылмандарға да үлкен зиян тигізетін істерді жасайды. Хасан әл-Бәсри былай дейтін: “Бүлік (фитна) орын алайын деп жатқанда, ол туралы тек ғалым біледі, ал ол бітіп жатқанда ол туралы енді әрбір джахиль біледі”. Ибн Са’д “әт-Табәқат” 7/166.
Имам Ибн әл-Мубәрак былай дейтін: “Шынайы ғалым – халәл мен харам мәселелерін түсінуші емес, өйткені бұл мәселелерді көпшілік біледі. Алайда, шынайы ғалым – пайда мен зиян мәселесін түсінуші!” Қараңыз “Әлуияту-ннәср” 1/103.
Үмметіміздің ұлы имамдары тарапынан пайда мен зиян тақырыбында көптеген еңбектер жазылған, олардың арасында Ибн Таймияның, Ибн әл-Қайимнің, әш-Шәтыбидің т.б. еңбектері де бар.
Ұлы Аллаһ: «Олардың Аллаһтан өзге сиынғандарын боқтамаңдар. Олар білмей шектен шығып Аллаһқа тіл тигізеді», – деп бұйырды. (әл-Ән’ам 6: 108).
Имам әш-Шәукәни бұл аятты тәпсірлеп, былай дейтін: “Бұл аятта егер ақиқатқа шақырып, бидғатқа тыйым салушы (адам) өзінің әрекеті одан да көбірек харам істелуіне, ақиқатқа қайшы келуге және одан да артық адасушылыққа салынуға алып келуінен қауіптенсе, онда ол үшін мұны тастау (қалдыру) абзал болады дегенге дәлел бар. Тіпті бұл – міндетті (уәжіп) болады”. Қараңыз “Фәтхуль-Қадир” 2/214.
О бастан пұттарды сөгу – рұқсат етілген іс, тіпті Аллаһқа жақындататын амал, бірақ, ол одан да үлкенрек болған жамандыққа, нақты айтқанда Аллаһтың өзіне тіл тигузуге әкелуі мүмкін болғандықтан, бұл іс харам болады.
Кейбіреулер: «Ғалымдар белгілі пәтуаларын араб елдерінің әмірлеріне, немесе Америкаға, немесе тағы біреулерге жағу үшін беріп жатыр!» – деп айтады, ал шын мәнінде олар тек дінді ол қандай болса солай жеткізуде. Осында мынандай сұрақ туындайды: Сонда Аллаһ: «Олардың Аллаһтан өзге сиынғандарын боқтамаңдар», – деген аятын, мушриктерге жағу үшін түсірді деп айтуға олардың батылы барады ма екен?!
‘Аиша, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бірде оған: «Йә, ‘Аиша, егер сенің халқың соншалықты надандыққа (жәһилиетке) жақын болмағанда, мен міндетті түрде Қағбаны бұзуды бұйырар едім, ал кейін оған одан ажыратылған нәрсені қосар едім, және оның есігін жердің деңгейіне дейін түсірер едім, және онда екі – батыс және шығыс есіктерін жасар едім, және оны Ибраһим қалаған іргетастың негізінде қайта көтерер едім», – деп айтқанын баяндаған. әл-Бухари 1586, Муслим 1333.
Бұл сөздерді Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Меккені бағындырғаннан кейін, мұсылмандарда күш те, билік те болған кезде айтты, бірақ бұған қарамастан, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), пайда мен зиянды ескеріп, пайдадан көбірек зиян келтіруі мүмкін болған нәрсені істеуден бас тартты.
Сондай-ақ, Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оның сахабалары: “Біз не үшін екіжүзділерді[1] өлтірмейміз?!” – деп сұрағанда, ол: «Сендер сонда адамдар: «Мухаммад өзінің сахабаларын өлтіріп жатыр», – деп айтуларын қалайсыңдар ма?!» – деп жауап берді. Муслим 2584.
Екіжүзділер Аллаһтың дініне кәпірлерден де көбірек зиян тигізетін, бірақ, бұған қарамастан, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оларды өлтірудің салдарынан келуі мүмкін болған зиянды ескеріп, оларды өлтіруге тыйым салды!
Пайда мен зиян мәселесі барлық кезде және барлық жерде ескерілуі керек: джихадта да, күнәлі істерден тыйюда да, кәпір болған әмірді тақтан құлатуда да, барлық нәрседе!
Мынау – ғалымдардың барлық нәрседе пайда мен зиян мәселесін қалайша ескергенінің мысалдары:
Имам әл-‘Изз ибн ‘Абду-Ссәләм былай деді: “Дұшпанға шығын әкелмейтін кәпірлермен кез-келген шайқасуды қалдыру қажет, өйткені өмірді қауіпке салу тек дінді ұлықтауға және мүшриктерге шығын алып келуге пайдалы болса ғана рұқсат етіледі. Егер осылар болмаса, шайқасуды қалдыру міндетті болып табылады, өйткені онда жандардың бос шығыны, кәпірлерге қуаныш әкелу және мұсылмандар үшін қорлық болады. Және бұл – ешбір пайдасы жоқ түгелімен зиян болады![2]” Қараңыз “Қауа’идуль-ахкәм” 1/95.
Имам әл-‘Иззаның бұл сөздерінде «Джихадты жүргізу үшін қарсылық көрсетуге деген қабілет (қудра) болса жеткілікті!» дейтіндерді әшкерелеу бар. Бұл – қателік, өйткені қарсылық көрсетуге деген қабілеттілік меккелік кезеңде пайғамбарымызбен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оның жанындағы сахабаларында да болды, алайда Аллаһ оларға шайқасуға тыйым салды, өйткені олардың шайқасуы көбірек зиян келтіруі мүмкін еді. Ибн әл-Қайим былай деді: “Аллаһ Тағала мұсылмандарға Меккеде шайқасуға тыйым салды, және олардың шайқасуы зұлымдыққа сабыр ету қажеттілігінен де үлкен зиянға әкелмеуі үшін, оларға сабыр етуді бұйырды. Және олардың жандарын, дінін және ұрпақтарын сақтаудың пайдасы оларға шайқасу алып келетін пайдадан басым еді”. Қараңыз “И’ләм әл-мууәқи’ин” 2/150.
Аллаһ Тағала джихадты ол арқылы дінді ұлықтау үшін әмір етті. Шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са’ди былай дейтін: “Джихад кәпірлердің қанын төгіп, олардың мал-мүлкін меншіктену үшін жүргізілмейді. Джихад Аллаһтың діні басқа діндерден үстем болу үшін және жер бетінде көпқұдайшылық және хақ дінге қайшы нәрсенің барлығы жойылу үшін жүргізіледі. Міне осы – бүлік (фитна), және егер осы фитна жойылса, мұсылмандар қан төгуді және шайқасуды тоқтатуы міндетті болады”. Қараңыз “Тайсируль-Кәрими-Ррахмән” 78.
Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Бүлікшілердің тобымен соғысу әмірі қабілеттілік пен күштің болуымен шартталады, және олармен жүргізілетін соғыс көпқұдайшылар және кәпірлермен жүргізілетін соғыстан маңыздырақ емес, ал бұл да, сондай-ақ, қабілеттілілік және күшпен шартталатыны белгілі. Кейде шариғи пайда (кәпірлерге) алым-салық төлеуде де, немесе бітімдесуде, немесе келісім-шарт жасасуда да болуы мүмкін, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) осылайша бірнеше рет істегеніндей. Және егер имам (әмір) күштің болуын көріп, бірақ (шайқасудан) пайда келуін көрмесе, онда оны қалдыру абзалрақ болады! Және кім шайқасу пайдадан көбірек зиян келтіретінін көріп тұрса, және бұл шайқас – бүлік (фитна) екенін көріп тұрса, ол әмірге бағынуға міндетті болмайды[3]”. Қараңыз “Мәджму’уль-фәтауә” 4/442.
Шейхуль-Ислам сондай-ақ, былай дейтін: “Әмірге қарсы шығатын топ олардың шығуында өздері түзеткісі келгеннен де көбірек зиян болуы мүмкін екенін білуі керек!” Қараңыз “Минхаджу-Ссуннә” 3/391.
Сондай-ақ, Ибн Таймия Бәну Умәйя әмірлеріне қарсы шыққан Ибн әл-Аш’ас пен Ибн әл-Мухалләб туралы былай деді: “Олар, өздерімен бірге болғандар сияқты, жеңіліске ұшырады! Олар дінді де орнатпады, дүниеге қатыстыны да түзетпеді. Ал Аллаһ Тағала дінге немесе дүние тіршілігіне пайда келтірмейтін нәрсені істеуді әмір етпейді, тіпті осыны істеуші – Аллаһқа жақын адамдардан, тақуалардан және Жәннәт тұрғындарының![4] қатарынан болса да! Олар Алиден, Айшадан, Тәлхадан, әз-Зубәйрдан және бүлік кезінде соғысқандығы үшін, мақталмағандардың басқаларынан жақсырақ емес еді, және олар Аллаһтың алдында ұлы орынға ие болуына және басқа кез-келген біруден жақсырақ ниетте болғанына қарамастан!” Қараңыз “Минхаджу-Ссуннә” 4/528.
Шейх Ибн ‘Усәймин кәпір болған әмірге қарсы шығу туралы айтып, былай деді: “Егер біз оны құлатуға қабілетті болсақ, онда біз оған қарсы шығамыз, ал егер мұны істеуге қабілеттілігіміз жетпесе – онда жоқ, өйткені шариғаттың барлық міндеттері (уәжібәт) мүмкіндіктің (қудра) болуымен шартталады. Әрі қарай, егер біз шықсақ, бұл осы әмірдің тұсында болғаннан да көбірек зиянға әкелуі мүмкін. Және біз оған қарсы шықсақ, ал ол бізден күштірек болса, онда осыдан кейін біз бұрыңғыдан қорланған күйге түсеміз, ал ол өзінің күпірлігінде және жауыздығында бұрыңғыдан да табанды түрде тұрып алады. Бұл сұрақтар шариғатты басшылыққа алатын ақылға мұқтаж. Және осындай мәселелерде біз өзіміздің сезімдерімізден қашықтауымыз керек. Бізге сезімдер рухтандыру үшін керек, бірақ біз опат болуға жетелейтін сезімдердің соңынан ілесіп кетпеуіміз үшін ақыл мен шариғатқа мұқтажбыз!” Қараңыз “Бәбуль-мәфтух” 3/126.
Сондай-ақ, Ибн Таймия да айыпталатын нәрсені түзетуде пайда мен зиян туралы маңызды ережені ескерудің керемет үлгісін көрсетті. Ол былай деп баяндайтын: «Монғол-татарлар Дамаскке шабуыл жасап, оны алған соң мен өзімнің жақтаушыларыммен бірге олардан болған бір шарап ішіп отырған топтың жанынан өттім. Және менің жолдастарымның біреуі оларға сөгіс айтайын деді, бірақ мен оған: «Ақиқатында, Аллаһ шарапты, ол намаздан және Аллаһты зікір етуден тосып қалатын болғандықтан, тыйым салды, ал мыналарды шарап адам өлтіруден, балаларды тұтқындаудан және мал-мүлікті тартып алудан тосады. Сондықтан оларды қоя сал», – дедім.”. Қараңыз “әл-Истиқамә” 2/168.
Сондай-ақ, пайда мен зиян туралы мәселесіне байланысты көптеген ережелерді шейх Ибн әл-Қайим де өзінің «»“И’лямуль-мууаққи’ин” 3/145-173 кітабында қарастырған.
Мақала «www.toislam.ws» дайындаған «Ғалымдар және олардың Исламдағы орны еңбегінен алынған»
Ескертпелер:
[1] Бұл жерде екіжүзділігі жүректерінде болған, яғни сырттай иман келтіргенін көрсетіп, кәпір болып ала берген шынайы екіжүзділер туралы айтылуда. Ал «екіжүзді» деген сөзге келер болсақ, белгілі бір мұсылманға қатысты оны қолдануға тыйым салынған, өйткені Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кім өзінің бауырына: «Кәпір!», немесе: «Екіжүзді!», немесе: «Жексұрын!», немесе: «Аллаһтың дұшпаны!» – деп айтса, ал ол ондай болмаса, онда бұл – айтушының өзіне қайта оралады». Муслим 1/79.
Ал «Мына төрт сипат тән болған адам шынайы екіжүзді болады, ал олардың біреуімен ерекшеленетін адам одан құтылмайынша екіжүзділіктің бір сипатымен байқалады. Бұл сипаттармен: оған сеніп тапсырылғанда сатқындық жасайтын; бір нәрсе туралы баяндағанда өтірік айтатын; келісім-шарт жасағанда қиянат жасайтын және біреумен жауласқанда рұқсат етілгеннің шекарасын бұзып шығатын (адам) ерекшеленеді», – деген хадиске келер болсақ (әл-Бухари 34, Муслим 57), бұл хадисте жүректегі емес, амалдардағы екіжүзділік туралы айтылып тұр. Имәм ан-Науауи былай деп айткан: “Бұл сипаттар ізгі мұсылмандар да көрініп қалуы мүмкін. Кім тілінде және жүрегінде шыншыл болса, бірақ осы сипаттардан біреуін істесе, ол туралы: «Ол – күпірліке түсті, немесе ол – Тозақта мәнгі қалатын екіжүзді», – деп айтылмайды. Және, ақиқатында, бұл сипаттардың барлығы Юсуф пайғамбардың бауырларының барлығында көрінді!» “Шәрх Сахих Муслим” 1/235.
Екіжүзділік екі түрлі болады: үлкен және кіші. Үлкен екіжүзділік – бұл адамның иман келтіргенін сырттай танытып, бірақ жүрегінде кәпір болуымен сипатталатын жүректегі екіжүзділік. Мұндай еіжүзділік туралы тек Пайғамбар ғана (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) біле алатын еді, өйткені жүректердің жағдайын Өзінің уахиларын тек пайғамбарларға жіберген Аллаһ ғана біледі. Сондықтан да, мұндай сипаттар бойынан көрінетін мұсылманға: «Сен – екіжүздісің!» – деп айтпай: «Бұл – екіжүзділіктің көріністері болып табылады», – деп айту керек, өйткені ол иманының әлсіздіген бұл жаман сипаттардан әлі арылып үлгірмеген болуы мүмкін.
[2] Имам әл-‘Иззаның бұл сөздерінде «Джихадты жүргізу үшін қарсылық көрсетуге деген қабілет (қудра) болса жеткілікті!» дейтіндерді теріске шығару бар. Бұл – қателік, өйткені қарсылық көрсетуге деген қабілеттілік меккелік кезеңде пайғамбарымызбен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оның жанындағы сахабаларында да болды, алайда Аллаһ оларға шайқасуға тыйым салды, өйткені олардың шайқасуы көбірек зиян келтіруі мүмкін еді. Ибн әл-Қайим былай деді: “Аллаһ Тағала мұсылмандарға Меккеде шайқасуға тыйым салды, және олардың шайқасуы зұлымдыққа сабыр ету қажеттілігінен де үлкен зиянға әкелмеуі үшін, оларға сабыр етуді бұйырды. Және олардың жандарын, дінін және ұрпақтарын сақтаудың пайдасы шайқасу оларға алып келетін пайдадан басым еді”. Қараңыз “И’ләм әл-мууәқи’ин” 2/150.
Аллаһ Тағала джихадты ол арқылы дінді ұлықтау үшін әмір етті. Шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са’ди былай дейтін: “Джихад кәпірлердің қанын төгіп, олардың мал-мүлкін меншіктену үшін жүргізілмейді. Джихад Аллаһтың діні басқа діндерден үстем болуы үшін және жер бетінде көпқұдайшылық және хақ дінге қайшы нәрсенің барлығы жойылуы үшін жүргізіледі. Міне осы – бүлік (фитна), және егер осы фитна жойылса, мұсылмандар қан төгуді және шайқасуды тоқтатуы міндетті болады”. Қараңыз “Тайсируль-Кәрими-Ррахмән” 78.
[3] Егер бүлік және мұсылмандар үшін таза зиян болған шайқаста әмірге мойынсұнбау рұқсат етілген болса, онда өз негізінде әмір болып табылмайтын, оған қоса зиян тигізуші болып табылатынға мөйынсұну туралы не айтуға болады?!
[4] Ал бүгінгі күні қандайда бір адамның кесірлі ақидаға ие болуына, немесе оның жер бетінде бұзақылық таратуына қарамастан ізгі амалдарына және ыждағатты ғибадатына сүйсініп, ол дұрыс істеп жатыр деп ойлайтындар қаншама көп десеңізші!
Аллаһтың Пайғамбары (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Оның ненің үстінде өлгенін көрмейінше ешкімнің амалына сүйсінбеңдер!» Әхмәд, Ибн Әбу ‘Асым. Хадис сахих. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 1334. Имәм әл-Ауза’и былай деп айткан: “Маған, шайтан бидъат жасаушының ғибадатын жақсы көруге мәжбүрлейтіні жетті. Ол оны бой ұсынушылыққа және жылауға салып, сол арқылы оны азғырады». Суфьян әс-Саури былай деп айткан: “Жылау он түрлі болады. Оның оны Аллаһ үшін емес, біреуі ғана Аллаһ үшін. Ал Аллаһ үшін жау жылына бір рет орын алса, бұл да көп!» “әл-Хилия” 7/11.