Сұрақ: «Қай кезде джихад фард ‘айн, ал қай кезде фард кифая болады?»
Жауап: «Мен сабақтың басында айтқанымдай, егер мұсылмандардың әмірі шығуды талап етсе, онда барлығына шығу міндетті болады, бұл Табук шайқасында болғандай. Сондай-ақ, егер дұшпан мұсылмандарға шабуыл шасаса да, джихад фард ‘айн болады. Мұндай кезде барлығына шығып дұшпанның бастырып келуін қайтару міндетті болады. Және бұл джихад даф’ (қорғану джихады) деп аталады».
Сабақта кітап оқушы: «Тағы үшінші жағдайда айтылады, ол – екі қолдың бет пе бет шығып кездесіп қалуы»
Шейх: «Ия, оларға сабырлық танытып, соғыс майданынан қашпау міндетті болады».
Оқушы : «Қабілеттіліктің болуы джихадтың осы үш түрінде де міндетті болып табылады ма?»
Шейх: «Қабілеттілік дегенде адамның ауыру болғаны тұспалданса, онда ол ақталды. Бірақ, егер қабілеттілік дегенде адамның Аллаһтың жолындағы джихад таләбқа (шабуыл джихадына) шықса, онда ол мінетін жануарға (көлікке) мұқтаж, бұл – оған жатпайды. Алайда, егер адам дұшпанмен кездесіп қалса, немесе дұшпан оған тап берсе (шабуылдаса), онда қабілеттілік дене күшінің жоқтығында көрінеді. Мысалы, ол – науқас, оның денесі әлсіс, т.б.с. Бірақ, оның дене күші болса, бірақ көлігі болмаса, онда бұл джихад таләбқа қатысты болады. Ал джихад даф’қа қатысты айтар болсақ, кімде дене күші болса, ол қорғануға міндетті болады, және бұл – әрқайсысының міндеті болады».
Оқушы: «Джихадтың бұл түріне кейбір мемлекеттерде орын алып жатқан соғысулар жатады ма?
Шейх: «Бүгінгі күні көптеген елдерде орын алып жатқан нәрселер, бұл түрге жатпайды, өйткені қазір соғысып жатқандардың кейбіреуі террористер деп аталатындар болып табылады. Яғни бүгіңгі күні джихад жүргізіп жатқан кейбір муджәхидтер – ислам елдерінде жарылыс жасайтындардың және мұсылмандарды өлтірушілердің қатарынан! Кім осылай жасайтын болса – солардан (террористерден).
Сондай-ақ шейх әл-‘Аббадқа былай деп сұрақ қойылды:
Сұрақ: «Бүгіңгі күні қалайша Аллаһтың жолындағы джихадты орындауға болады? Мен шайқасу джихадтын айтып тұрмын».
Жауап: «Егер бір жерде джихад жүріп жатса және мұсылмандарда күш-қуат болса және олар Аллаһтың жолындағы джихадты орындап жатқан болса, онда шықсын да, солармен бірге соғыссын. Бүгіңгі күннің джихадына келер болсақ, бұл – өз нәпсісімен джихад. Әрбір адамға өз нәпсісімен джихад жүргізу және өзгелермен, оларды Аллаһ Тағалаға шақырып (дағуат жасап) джихад жүргізу парыз болып табылады. Және шақыру (дағуат) мұсылмандарға жолданады ма, кәпірлерге ма – онда айырмашылық жоқ. Ал, шайқасу джихадына келер болсақ, егер Аллаһ оның есігін ашса және мұсылмандарда күш болса, және олар Аллаһ жолында шайқасса, онда олармен бірге шықсын!»
Сұрақ: «Бүгіңгі күні джихадтың артықшылығы туралы айтатын адамды террорист деп атайды»
Жауап: «Бұл – ақымақтық, нақұрыстық. Аллаһтың жолындағы джихад адамдарды қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін арналған. Ал террориззм деп аталатын үйлерді жару, такфир, мұсылмандарға зиян келтіру, олардың мал-мүлкін жою және жазықсыз жандарды өлтіру сияқтылар бұл – шайтанның жолындағы джихад, және бұл – Аллаһтың жолындағы джихад болып табылмайды! Ақиқатында, Аллаһтың жолындағы джихад бұл – мұсылмандарда күш-қуат және олармен бірге Аллаһтың жолындағы джихадқа шақыратын әмір болған, және олар кәпірлермен, оларды бірқұдайшылыққа және иманға шақыратын, ал олар шақыруды қабылдамаса, онда олармен соғысатын джихад.
Ал бүгіңгі жағдайға қатысты айтар болсақ, онда бүгінгі күні шындығында да орындауға болатын джихад бұл – мұсылмандардың өз нәпсілерімен джихады. Әрбір мұсылман өз нәпсімен джихад жүргізеді, сондай-ақ басқалармен, оларды шақырып (дағуаттап), олар мұсылмандар не кәпірлер бола ма – бәрібір. Мұсылмандарды дінді ұстауға және онда кемшіліктер жібермеуге шақырады, және кәпірлермен, олар осы бірқұдайшылық дініне кіру үшін, джихад жасайды».
Сондай-ақ шейх әл-‘Аббадқа былай деп сұрақ қойылды:
Сұрақ: «сіз оларға джихад туралы ғалымдардың сөздері жеткізілген кезде: «Бұл – үкіметтің ғалымдары» – деп айтатындар туралы не айтасыз?
Жауап: «Адамға міндетті болып табылатын нәрсе – өзінің орнын білу және Аллаһтан қорқу! Ол ғалымдардың сөздерін тастап, зиян мен жамандық жаққа құламауы үшін оны өз-өзімен әуестену билеп алмасын! Мұндай адам оқуы керек. Және мұндайды негізінен такфиршілер және жарылыс жасаушылар (тафджир) айтады.
Сұрақ: «Бүгіңгі күні біз қалайша өлтіріліп жатқан бауырларымызға көмек көрсете аламыз, мысалы Палестинада және Ғазада?»
Жауап: «Мүмкіндіктерінің шеңберінде көмектеседі, мысалы оларға қаржылай көмек жібереді».
Сабақ: «Шәрх Китаб әл-джихад».
Мәдина. Сауд Арабиясы. 8 мамыр 2009 ж.