`Уляма (ғұламаларды) – `умаля (жұмысшылар) деп атайтындар туралы

Сұрақ:

“Құрметті шейх, біз кәпір елінде өмір сүреміз әрі бүлінушілік те көбейіп жатыр, осы (Сауд Арабиясы) елінің ғұламалары туралы адамдардың ашық тіл тигізудерін жиі еститін болдық. Олар үлкен ғұламалар туралы: «Үлкен жұмысшылар(кибар ‘умаля)» дей келе, ғұламаларды жағымпаз деп кінәлайды. Тіпті, олардың арасында ғұламаларды күпірлікте айыптайтындары да бар, сондай-ақ олар зәбірлеуші залымдарға көмектеседі дейді. Осындай пікірлерді қалайша дұрыстасақ болады және оларды қалай теріске шығаруға болады?”

Шейх Салих әл-Фаузанның жауабы:

“Ондай сөздер бұл елдің ғұламаларына еш зиянын тигізбейді! Осы сөздер оларды айтқандардың өздеріне зиянын тигізеді және арқалаған жүктері өздеріне қарсы айналып қайтады! Сіздерге олардың күнә мен жамандыққа батып кеткендеріне қызғанудың еш қажеті жоқ және олар үшін қайғырмаңыздар! Аллаһ Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, туралы бұдан да жаман сөздер айтылғанан еді. Адамдар оны сиқыршы, жынды(мәджнун), өтірікші деп айтқан. Сондықтан, бұндай сөздер – таңқаларлықтай нәрсе емес және еш уақытта бұл елдің ғұламаларына зиянын тигізбейді! Аллаһқа мадақ, бұл сөздер оларды айтқандардың өздеріне қарай күнә мен зиян болып қайтады, ал сіздер олардың сөздері үшін қайғырмаңыздар!”

http://www.sohari.com/nawader_v/fatawe/ … 3ulama.ram

Ақпарат көзі: salaf-forum.ru