Эльмир Кулиевтің «Құран мен Сүннет әмірлерге мойынсұну туралы» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз
Билік астындағылардың әмірлері алдындағы тағы да бір міндеті болып – олар үшін Аллаһқа дұға етуі табылады. Сондықтан да, қады Фудәйл ибн ‘Ийәд және имам Әхмәд сияқты ұлы мұсылман ғалымдары былай деп айтатын: «Егер бізде Аллаһ оған міндетті түрде жауап беретін дұға болғанда, біз өзіміздің сұлтанымыз үшін жалбарынар едік». (шейх-уль-ислам Ибн Теймийяның пәтуалар жинағы, 28/391). Мұның себебі – егер сұлтан немесе әмір салиқалы болса, оның ізінен бүкіл халық ілеседі. Ал егер олар күнәға және жамандықтарға батса, бұл ауыртпалық бүкіл халықтың басына да түседі. Сондықтан да, Усмән ибн Аффән бірде былай деп айтқан: «Ақиқатында Аллаһ сұлтанның қолымен, бір Құранмен таратуға мүмкін болмаған нәрселерді таратады».
Имам әл-Хасан ибн Али әл-Бәрбәхари (хиджраның 329 жылы қайтыс болды) өзінің «Шәрх әс-Суннә» кітабында (стр. 51) былай деп жазған: «Егер сен біреудің өз әмірін лағнеттеп жатқанын көрсең, оның ақылсыз адам екенін біл. Ал егер біреудің Аллаһтан өз әмірін тура жолға салуын тілеп жатқанын көрсең, оның, Аллаһ Тағала қаласа, әһлю-Суннәдан екенін біл».
Әбу Али әл-Фудәйл ибн Ийәд былай деген: “Менде міндетті түрде қабыл болатын дұға болса, мен онымен әмір үшін дұға етер едім”. Одан: “Бұл – қалайша, уа, Әбу ‘Али?!” – деп сұрағанда, ол: “Егер мен оны өзіме тиісті ғана пайдалансам, менің дұғам өзімнен өзге ешкімге тимейді, ал егер оны әмір үшін қолдансам, және ол салиқалы болып кетсе, нәтижесінде тұтас халықтар мен елдер салиқалы болады!» Бізге әмірлеріміз үшін дұға жасау және ешбір жағдайда оларды лағнеттемеу бұйырылған, тіпті олар жауыз және залым болса да. Өйткені олардың жауыздығымен зұлымдығы олардың өздеріне ғана күнә болып жүктеледі, ал олардың салиқалығы оларға да, барша мұсылмандарға да пайда келтіреді. (имам әл-Бәрбәхари:«Шәрх әс-Суннә», 116-бет).
Тура осы ізгі мұсылман ғалымдарына да қатысты. Мүміндер оларға ізгі насихаттар беруі және олардың жандары үшін Аллаһқа дұға етуі қажет. Алайда Аллаһтың тақуа құлы оларды қаралайтын қателіктері туралы айтпауы және олар туралы адамдардың арасында жарияламау керек. Бұл үлкен зиян әкеледі. Сондықтан да, Ибн ‘Асакир: «Ғалымдардың еті уланған, және олардың адамдардан жасырын болған кемшіліктерін жариялап, оларды масқаралағысы келгендермен Аллаһ не істейтіндігін біз жақсы білеміз. Егер кімде-кім ғалымдардың ар-намысын төгуге талпынса, Аллаһтың қалауымен оның өзі өлгенге дейін оның жүрегі өледі». («Ғалымдардың еті уланған» мақаласы, 14-бет).