Әділдік – әмірдің ең жақсы сипаты

Эльмир Кулиевтің «Құран мен Сүннет әмірлерге бағыну туралы» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз

Ұлы Иеміз – жалғыз Үкім етуші болып табылады және заң шығару құқығына Оның Өзі ғана ие. Сондықтан, Аллаһ жер бетіндегі Өзінің құлдарының үстінен билік берген кез-келген адам Аллаһтың заңын ұстануы керек. Тек сонда ғана ол Аллаһтың игілігіне ие болады, ал ол басқаратын қоғам есендікке және ізігілік пен қайырымдылыққа толы болады. Аллаһтың шариғатына бағыну және онымен қанағаттану иманның ең маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан барлық мұсылман әмірлері Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етуге, ал олардың қоластындағылары үкім шығарту үшін Аллаһ Өзінің Кітабында және Елшісінің Сүннетінде түсіргенге жүгінуге міндетті.

Аллаһ Тағала былай деді:

«Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, сонсоң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай , толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды». (ән-Нисә 4: 65).

Ақиқатында, иман Аллаһтан түсірілгеннен өзгеге үкім шығарту үшін жүгінумен үйлеспейді. Аллаһ былай деп айтқан:

«Саған түсірілген Құранға және сенен бұрын түсірілген кітаптарға сендік деп, кұр өршеленгендерді көрмейсің бе? Олар үкім үшін шайтанға жүгінуді қалайды. Негізінде оларға, оған қарсы болу әмір етілген болатын. Өйткені, шайтан, оларды мүлде ұзаққа адастыруды қалайды». (ән-Нисә 4:60).

Сөйтіп, Аллаһ Өзіне және Өзінің Елшісіне үкім шығарту үшін жүгінбейтіндерде және осы шешіммен қанағат етпей, оған бағынбайтындарда иманның болуын кесімді түрде жоққа шығарады. Аллаһ Тағала Аллаһтың шариғатының негізінде үкім етпейтін әмірлерді кәпірлер, залымдар және бұзақылар деп атады. Аллаһ Тағала былай деді:

«Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар қарсы болушылар». (әл-Мәидә 5: 44);

«Және кім Аллаһ түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар». (әл-Мәидә 5:45);

«Кім Аллаһтың нұсқауымен үкім етпесе, міне солар бұзақылар». (әл-Мәидә 5:47).

Шейх Салих ибн Фаузан «Бірқұдайшылық» кітабында ( 49-50 – беттер, орыс тілінде) былай деп жазған: «Мұсылман ғалымдарының арасында, олар діни сипаттағы мәселелерді өздігінше шешуге жүгінгенде, туындайтын барлық даулы мәселелер бойынша да Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім шығару және үкім шығарту үшін осыған жүгінуі қажет. Сонымен бірге, мұсылман адам белгілі бір мазхабқа немесе имамға соқыр түрде берілгендіктің себебімен Құран мен Сүннеттің мәтіндерімен дәйектелмеген пікірлерді қабылдамауы қажет. Тура сол, тіпті басқа мәселелер бойынша сот дауларына және іс қарауларына да қатысты болуы қажет, оның үстіне, кейбір Ислам елдерінде есептейтіндей, тек жеке басқа немесе азаматтық хәлге қатысты мәселелерге ғана емес, өйткені Ислам – бұл біртұтас және бөлінбейтін бүтін, ал Аллаһ Тағала:

«Әй мүміндер! Исламға бүтіндей кіріңдер». (әл-Бақара 2:208);

«Сендер Кітаптың бір бөлігіне сеніп, басқасына қарсы келесіңдер ме?» (әл-Бәқара 2:85).

Сондықтан да, барлық мазхабтардың жақтаушылары өздерінің имамдарының сөздерін Құран және Сүннетпен сәйкестендіріп, Құран мен Сүннетке сәйкес келетінді ұстанып және өзге барлық нәрсені тәрк етіп, соқыр фанатизмнен бас тартуы қажет. Бұл әсіресе сенім және идеологиямен байланысты барлық нәрсеге қатысты. Бұған барлық имамдар, Аллаһ оларды рақым етсін, нұсқаған, ал егер адам осыған қайшы амал жасаса, онда ол – имамдардың ізбасары болып табылмайды, тіпті ол өзін соларға ілесушілердің қатарына жатқызса да, ал сондайлар туралы Аллаһ Тағала былай деп айтқан:

«Олар (яһуди, христиандар) ғалымдары мен машайыхтарын және Мәриям ұлы Ғисаны Аллаһтан өзге тәңір етіп алды…» (әт-Таубә 9:31).

Бұл аятта тек христиандар ғана емес, олар сияқты істейтіндердің барлығы аталып тұр, өйткені Аллаһтың және Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) әмірлеріне қайшы амал істейтіндердің және адамдарға Аллаһтың түсіргенімен билік етпейтіндердің, немесе өзінің әуестері мен қалауларын қанағаттандыру үшін осындай шешім шығаруды талап ететіннің кез-келгені Исламнан және иманнан ауытқыды, тіпті ол өзін мүмін деп санаса да. Өйткені, Аллаһ Тағала осындайды қалайтындардың барлығына сөгіс білдірді және олар өз-өздерін мүмін деп жариялауларын өтірік деп атады».

Сөйтіп, Құдайдың заңынан бет бұрушыларды Аллаһ кәпірлер деп атады. Алайда, бұл кейде адамды мұсылман үмметінен тыс ететін үлкен күпірліктің түрін қабылдайды, ал кейде оны істеу арқылы адам мұсылман болып қала беретін кіші күпірлікке соқтырады. Бұл нақты жағдайларға байланысты. Шейх Салих ибн Фәузан «Бірқұдайшылық» кітабында(51-52 беттер, орыс тілінде) былай деп жазған:

«Мысалы, егер адам Аллаһ түсіргенінің негізінде пайымдау (үкім шығару) міндетті емес және ол бұл мәселеде таңдау құқығына ие, немесе ол Аллаһтың шешімін елемесе және басқа заңдар мен азаматтық ережелер біздің уақытымызға жарамсыз болған Аллаһтың түсіргенінен жақсырақ деп есептесе, және егер ол шешімді, кәпірлер мен екіжүзділерге жарамсақтану үшін, Аллаһтың түсіргенінің негізінде шығармаса, онда бұл – оның тарапынан үлкен күпірлік таныту болады. Алайда егер адам билік етуде (үкім шығаруда) Аллаһ түсірген шариғатқа сүйену керек деп есептесе, бірақ тәжірибеде бұдан ауытқыса, бірақ осымен бірге өзінің жазаға лайықты екендігін мойындаса, онда ол кіші күпірлік күнәсіна түскен бағынудан бас тартушы болып табылады. Ал егер адам Аллаһтың әмірлері туралы білмесе, бұл жөнінде білуге барынша тырысса, бірақ қателессе, онда ол – өзінің тырысқаны үшін сауап алатын қателесуші, ал оның қателіктері кешіріледі».

Шейх-уль-ислам Ибн Таймия «Минхадж әс-Суннә ән-Нәбәуийә» кітабында былай деп жазады: «Өз пікір-пайымдарында Аллаһ Өз Елшісіне түсіргенге сүйену қажет деп есептемеуші адам кәпір болып табылатындығында күмән жоқ. Бұл, сондай-ақ, адамдардың арасында билік етуді Аллаһтың түсіргенінен ұстанбай, өзі әділ деп санаған нәрсесінің негізінде өзіне өзі рұқсат етушіге де қатысты. Ақиқатында, әділ билікке ұмтылмаған қауым жоқ, бірақ жиі жағдайда бұл қауымдардың діндері олардың ақсақалдары ұстанатын нәрселерді әділ деп санайды. Алайда өздерін мұсылман деп санайтындардың арасында да пікір-пайымдауларында Аллаһ түсірген шариғатта олар туралы ешнәрсе деп айтылмаған өздерінің әдет-ғұрыптарына сүйенетіндер де бар. Осы сияқты нәрселер, мысалы, Құран мен Сүннетке назар бұрмай, тура осылай етіп әмір ету керек деп есептеген, дәл осы күпірлік болып табылса да, тәуелсіз әмірлер болған ата-бабаларының дәстүрлерін ұстанатын бәдәуилер арасында байқалады. Олардың көбі Исламды қабылдағанына қарамастан, олар сонда да өздерінің әмірлері ұстанған салт-дәстүрлердің негізінде билік етеді (үкім шығарады). Егер ол адамдар Аллаһтың түсіргенінің негізінде ғана үкім ету керек екендігін білген болса, бірақ тәжірибеде осыны ұстанбаған болса және осыған қайшы амал етуге болады деп есептеген болса, онда олар кәпір болды».

Шейх Мухаммад ибн Ибрахим былай деді: «Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпеген адам, сонымен бірге өзінің күнәсін және тек жалғыз Аллаһтың ғана шешімін әділдігін мойындап, кіші күпірлікке немесе «күпірліксіз күпірлікке» түскенге қатысты айтар болсақ, онда бұл жерде сөз осыны тек бір-екі рет істеген адам туралы болып тұр. Ал егер ол Аллаһтың шариғатына қайшы келетін заңдардың жинағын жасаған болса, бұл – шынайы күпірлік, тіпті егер оны жасаушылар өздерінің қателескенін және шариғаттың ережелері әділеттірек деп айтса да. Мұндай күпірлік адамды мұсылман үмметінен тыс қояды». (шейх Мухаммад ибн Ибрахимнің пәтуалар жинағы, 12/280.)

Раббымыз өзінің жердегі халифаларына Өзінің кәміл шариғатының негізінде үкім етуді және әділ болуды бұйырды. Ол былай деді: «Егер үкім шығарсаң, әділдікпен үкім ет». (әл-Мәидә 5: 42).

Аллаһтың қалауына шынайы ықыласты түрде тек Ол үшін ғана бағыну керек, өйткені бұл – ғибадаттың түрлерінің бірі болып табылады. Аллаһ шариғат заңдарына тек өздерінің дербес мақсаттарын және жеке мүдделерін көздеп бағынатындардың барлығын сөгеді. Жүрегінде дерті барлар туралы ол былай деп айтты:
«Қашан олар, араларына үкім беру үшін Аллаһқа, Пайғамбарына шақырылса, сол уақытта олардың бір бөлігі бас тартады. Ал егер ақиқат олар жақта болғанда, оған бой ұсынған түрде келер еді». (ән-Нур 29: 48-49).

Мұндай адамдар тек өздерінің қалауларына сәйкес келетін нәрселер жайында қам жейді де, өздеріне қайшы келетіннің барлығынан бас тартады, өйткені үкім үшін Аллаһқа және Оның елшісіне жүгінуі арқылы мұсылман адам өзінің Раббысына құлшылық ететінін олар ұмытады.