Ислам террорға қарсы

Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар – кәпірлер» деген аятқа жасаған тәпсіріндегі «Күпірліктен кіші күпірлік» деген сөздерінің сенімділігі (сахихтығы) туралы
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

Содан соң:

Үлкен өкінішке орай, кейбір мұсылмандардың өз түсінуіне немесе өздерінің тұжырымы бойынша өте күшті дәйек болып табылатын нәрселерге сүйеніп салмақты мәселелерді талқылап жатқанын жиі кездестіруге болады.  Мұндай мәселелердің қатарында осы күндерде кең таралған  Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар – кәпірлер»  (әл-Маида 5: 44) деген аятқа қатысты: «Бұл күпірліктен кіші күпірлік (Куфр дуна куфр)», – деп айтқан хабарының сенімділігін теріске шығару да бар.

Ең таң қаларлығы – Ибн ‘Аббастың бұл хабарының әлсіздігі туралы тек кейбір қазіргі замандастарымыздың айтқаны, әрі мұны оларға дейін ертедегі имамдардың ешқайсысы істемегені.

Осыған дәйектер ретінде бұл замандастар келесілерді келтіреді:

«Ибн ‘Аббастың бұл хабарын әл-Маруази “Тазым қадри-ссаләда” 2/521, әл-Хаким “әл-Мустадракта” 2/313, сондай-ақ Ибн ‘Абдуль-Барр “әт-Тамхидте”, Хишама ибн Хужайрдың иснады арқылы Тауустың Ибн ‘Аббастан жеткен сөздерінен келтіреді.

Осы Хишам әлсіз жеткізуші болып табылады, бұл туралы Ахмад, Яхья ибн Ма’ин, әл-‘Уқайли сынды имамдар т.б. айтқанындай. Қз.: «әд-Ду’афа” 4/337-338, “әл-Камиль” 7/2569.

Бірде ‘Али ибн Мадини Яхъя ибн Са’идке: “Ибн Журайж Хишам ибн Хужайрдан баяндады”, - деп оқыды. Ал Яхъя ибн Са’ид: “Тастаңдар оны”, - деді. Ибн Мадини: “Оның хабарларын тастайық па?!”, – деп сұрады. Яхъя: “Иә”, – деп жауап берді. Қз.: “Тахзиб әл-Камәл” 30/180.

‘Абдуллаһ ибн Ахмад: “Хишам ибн Хужайр Макки – хадистерде әлсіз”, - деген. Қз.: “Тахзиб әл- Камәл” 30/179.

Ибн ‘Аббастан жеткен бұл хабар сондай-ақ басқа иснад арқылы да жеткізіледі, бірақ “Куфр дуна куфр” деген сөздерсіз, “Бұда күпірлік жеткілікті” сөздерімен.

Бұл хабарды ‘Абдур-Раззақ тәпсірінде 1/191, сондай-ақ әт-Табари 6/256 және басқалар келтіреді, әрі оның иснады сенімді (сахих).

Әрә сондықтан да Хишамның хабары екі себепті әлсіз:

1. Хишамның жеткізуші ретінде әлсіздігі.

2. Бұл жеткізушінің одан күштірек болған Ибн Аббастың тәпсірін «Куфр дуна куфр» сөздерінсіз жеткізетін жеткізушілерге қайшы келуі».

Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар – кәпірлер»  (әл-Маида 5: 44) деген аятқа қатысты: «Бұл күпірліктен кіші күпірлік (Куфр дуна куфр)», – деп айтқан хабарының әлсіздігін «негіздеу (дәлелдеу)» міне осы-ақ.

Бұл адамдар Ибн ‘Аббастың: «Куфр дуна куфр», - деп айтқан хабарын дәл осылайша әлсіз етіп көрсеткен, тіпті бұдан қалса оған ол Аллаһтың түсіргеніне сәйкес үкім етпеуді үлкен күпірлік деп санағанын теліген.

Ал іс жүзінде Ибн ‘Аббастың осы дерегінің әлсіздігіне қатысты түсіндірмені дәлме-дәл  Сулейман әл-‘Ульуан, Хамуд ибн ‘Ақлә әш-Шу’айби және Абу Мухаммад әл-Мақдиси келтірген болатын.

Олардың қайсысы осыны алғаш болып жазғанын, ал қайсысы мұны тек алып оны әрі қарай мұқият зерттеместен таратқанын Аллаһ жақсырақ біледі.

Сондай-ақ осы жерде Хассан ибн ‘Абдуль-Маннан деген біреудің шағын жолдау жасағанын, әрі онда ол жоғарыда аталып кеткен нәрселерді дәйек ретінде келтіріп Ибн ‘Аббастың осы хабарының әлсіздігі туралы тұжырымдағанын атап кету қажет.

Ал осы Ибн ‘Абдуль-Маннанға қатысты айтар болсақ, ол хадистердің сенімділігіне немесе әлсіздігіне қатысты пайғамбарлық Сүннетпен  ойнайтын адам ретінде танылған. Ол ертедегі имамдар бірауызды келісімде болған және әһлю-Суннаның сенімдері негізделетін көптеген сахих хадистерді әлсіз деп атаған. Мысалы, ол мына белгілі хадисті әлсіз деп атаған: «Ақиқатында, сендерден кім ұзақ өмір сүрсе, сол көп тартыстарды көреді. Ендеше менің Сүннетім мен тура жолдағы салиқалы халифалардың Сүннетін ұстаныңдар. Осыдан азу тістеріңмен ұстаныңдар және діндегі жаңалықтардан (бидғаттардан) толық аулақ болыңдар, өйткені діндегі әрбір жаңалық  – адасушылық!»  Абу Дауд 4607, әт-Тирмизи 2676, Ибн Мажжаһ 42.

Ал осы хадистің сенімділігін әт-Тирмизи, әл-Баззар, әл-Хаким, Ибн ‘Абдуль-Барр, әд-Дыя әл-Мақдиси, ән-Науауи, Ибн Касир және басқа да көптеген имамдар растаған.

Бұл адамның еңбектері мен оның хадистану ғылымындағы оғаш мәлімдемелері таралған соң, шейх әл-Әлбани көп рет оны теріске шығарды және тіпті хадистердің сенімділігін анықтаудағы оның адасушылықтарына арналған және оны «Имамдардың кітаптарын зерттеуде жүздеген сенімді хадистерді әлсіз деп атаған Ибн ‘Абдуль-Маннанның зертеулерінен сақтандыру және насихат айту» деп атаған тұтас кітап жазды.

Ал бұл автордың жай-күйі мұсылмандарға белгілі болғаннан кейін, ол Абу Сухайб әл-Карми деген жасырын атпен жазатын болды.

Сөйтіп, бізге айқын болғанындай, Ибн ‘Аббастың хабары туралы теріс пікір білдіргендердің барлығы  хадистану ғылымындағы өздерінің ұлы зерттеулерімен танылмағандығы аз болса, бұл ғылымдағы атақты имамдарға қарсы шықты!

Осы замандастардың аталған сөздерін таратушыларға мынандай сұрақ туындайды:  «Хадистану ғылымы саласындағы білімдері ешкімде күмән туғызбаған атақты имамдарға жүгіну ғаламтор кеңістігінен тауып алған өздеріңнің құмарлықтарыңа сәйкес келетін нәрселерге жүгініп, осыларды соңына дейін біліп алмай  мұсылман бұқарасына шығарудан жақсырақ па?!»

Ибн Мас’уд: “Жамандықта көшбасшы болғаннан игілікте ілесуші болған артық”, – деп айтатын. Ибн Абу Шайба 37188, Ибн Уадах 1/78. Иснады сенімді.

Ал имам Малик: “Адам өзінен білгірлеу біреуден сұрамайынша, өзін қандай да бір нәрседе лайықты деп санамауы керек!” Қз.: “Сыфатуль-муфти” 7.

Ибн ‘Аббастың сөздерінің әлсіздігіне қатысты айтылған дау-дамайларға жауап

Іс жүзінде барлық ертедегі имамдар да, кейбір замандастардан басқа, кейінгілері де Ибн ‘Аббастың «Бұл күпірліктен кіші күпірлік (куфр дуна куфр)» деген хабарын мойындаған және оған сүйенген.

Ал әлдебіреулер солардың негізінде осы хабарды сенімсіз деп тапқан екі себепке келер болсақ, іс жүзінде бұл болуын қалаған нәрсені бар деп көрсетуден өзге ешнәрсе емес!

Бұл хабардың әлсіз екендігіне дәлел ретінде пайдаланылған бірінші себеп – бұл «куфр дуна куфр» деген хабардың жеткізушісі Хишам ибн Хужайрдың әлсіздігі.

Аллаһтың рұқсатымен, өздерін бір Американы ашқандай санап, белгілі бір адамдардың және оларға соқыр түрде ілескендердің зерттеулерімен ғана қанағаттанбастан,  Ибн ‘Аббастың бұл хабарын жан-жақтылау етіп қарастырамыз.

Шындығында да Яхья әл-Қаттан және  әл-‘Уқайли сынды имамдар Хишамды әлсіз жеткізуші деп санағандығынан бастаймыз.  Ал Суфьян ибн ‘Уяйна: “Біз Хишамның хадистеріне басқалардан растау таппасақ, оларды алмаймыз», - деп айтқан. Қз.: “Тахзиб әт-тахзиб” 11/33.

Бірақ Ибн Ма’инға келер болсақ, ода Хишамға қатысты екі пікір бар. Бір рет ол оны әлсіз деп айтқан, ал екінші рет ол оны салиқалы (ізгі) деген.

Алайда бұл хабардың әлсіздігін жақтайтындар Ибн Ма’инның «ізгі-салиқалы» деген сөздерін хадистер жеткізуде емес, дінде деп тұжырымдаған.

Ал іс жүзінде олардың бұл тұжырымдары – жорамал ғана.

Имам Ахмадтың ол туралы пікіріне қатысты жағдай да тура осындай, өйткені Ахмад Хишамды оған сүйенуге болмайтын мүлде әлсіз және қабыл етілмейтін жеткізуші деп санамаған. Ол Хишам туралы: «Хадистері әлсіз Меккелік, – сондай-ақ: – Ол күшті емес жеткізушісі», - деп айтқан.

Алайда мұндай сөздер арқылы имам Ахмад мұндай жеткізушінің хадистері қабыл етілмейді дегенді әркез меңземеген. Жиі жағдайда ол мұндай жеткізушінің хадистері  сенімді (сахих) емес, бірақ жақсы (хасан) екендігін меңзеген, мұны шейхуль-ислам Ибн Таймийя былай деп түсіндіргеніндей: “Ахмадтан оның: «Пәлен әлсіз, күшті емес жеткізуші», – деп айтқаны жеткізіледі. Алайда бұл сөздер Ахмад мұндай жеткізушінің хадистерін сенімді (сахих) деп есептемегенін, десе де ол мұндай адамның хадистерін жақсы (хасан) деп санағанын меңзейді.  Сондықтан да ол мұндай хадистерді әлсіз деп атағанымен, оларды дәлел ретінде пайдаланатын болған, өйткені іс жүзінде бұл хадистер жақсы (хасан) болған”. Қз.: “әл-Фатауа әл-кубра” 3/243.

Ал имам әз-Захаби былай деген: “Адамдар туралы жиі жағдайда «Күшті жеткізуші емес»  деп айтылатын, алайда оларға сүйенетін”. Қз.: “әл-Муқаддима әл-Мауқиза” 319.

Әрі сөз болып тұрған нәрселерді имам Ахмадтың өзі де «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар – кәпірлер» (әл-Маида 5: 44) аятына тәпсір жасағанда  Ибн ‘Аббастың осы хабарына сүйенгендігін растайды.  Оған: “Аятта қандай күпірлік туралы айтылып тұр?”, – деп сұрақ қойылғанда, ол: “Діннен шығармайтын күпірлік туралы, бұл Ибн ‘Аббастан жеткендей”, - деп жауап берді. Қз.: “Суаләт Ибн Хани” 2/192, “Масаиль Абу Дауд” 114 және “әс-Салә уа хукму тариқиха” 49.

Мұның үстіне, көпшілік имамдар Хишам ибн Хужайрды сенімді жеткізуші деп есептеген. Хафиз Ибн Хажжар Ибн Са’дтың Хишам туралы: “Ол сенімді жеткізуші болған”, – деп айтқан сөздерін жеткізген.

Имам әс-Сажжи ол туралы:  “Ол шыншыл жеткізуші”,  – деп айтқан.

А имам әл-‘Ижжли ол туралы: “Сүннеттің лайықты жақтаушысы (ілесушісі)”, - деген. Қз.: “Тахзиб әт-тахзиб” 11/33-34.

Ибн Шубрума Хишам туралы: “Меккеде ол сияқтылар жоқ», - деген.

Сондай-ақ Хишамды сенімді жеткізуші деп санағандардың қатарында  имам Ибн Хиббан да болған, сондай-ақ имам Ибн Шахин де өзінің «әс-Сиқат» (344) кітабында оны сенімді деп атаған.

Бірақ Ибн ‘Аббастың осы хабарының сенімділігін  қалай болса да жоққа шығаруға ұмтылатын замандастар: «Хишамды сенімді деп санаған имамдар негізінен жеткізушілер туралы ғылымда жұмсақтық жасайтындардан болған», – деп айтады.

Бұл мәлімдеме де бірнеше себептер бойынша шындыққа сай келмейді:

Біріншіден, аталғандардың қатарындағы жеткізушілердің сенімділігін бекітуде босаңдық жасайтындықтары туралы дәл Ибн Хиббан мен әл-‘Ижжлиді айыптайтын. Ал олардың босаңдық жасауы олар белгісіз жеткізушілерді сенімді деп санайтындықтарымен байланысты еді.  Бірақ осы қаралып жатқан жағдайда сөз белгісіз жеткізу туралы болып тұрған жоқ.

Екіншіден, аталған имамдардың жеткізушілердің сенімділігіне қатысты пікірлері өз еңбектерінде жеткізушілер туралы имамдардың даулы сөздерін қорытындылаған әз-Захаби мен Ибн Хажжар сынды едәуір кейінгі имамдардың пікірлеріне сәйкес келген жағдайда, олар қабылданып отырғандығы хадистану ғылымымен таныс әрбір адамға белгілі. Мысалы,  имам әз-Захаби Ахмадтың Хишам туралы: «Күшті баяндаушы емес», – деген сөздерін келтіргеніне қарамастан, ол туралы: «Ол сенімді жеткізуші!», - деген.  Қз.: “әл-Кашиф” 2/335.

Үшіншіден, тек босаңдық жасайтындарымен танылған имамдар ғана Хишамды сенімді деген мәлімдеме имам Абу Хатим оны сенімді деп санағандығы себепті шындыққа қайшы келеді. Мысалы, Ибн Аби Хатим Хишамды әлсіз деп санаған имамдардың айтқан сөздерін келтіріп, оның өмірбаянын өзінің әкесі Абу Хатимнің мына сөздерімен аяқтаған: “Меккелік, оның хадистерін жазып алу керек”. Қз.: “әл-Жәрх уа-тта’диль” 9/53.

Ал Абу Хатимге келер болсақ, оның абырой-беделі және оны имамдар  «әл-жарх уәт-т’адиль ғылымының имамы» деп атағаны белгілі! Имам әз-Захаби ол туралы былай деген: “Егер Абу Хатим әлдебіреуді сенімді деп атаған болса, оның сөздеріне ілес, өйткені ол хадисі сенімді (сахих) болғаннан өзге ешкімді сенімді деп атамаған!” Қз.: “әс-Сияр” 13/260.

Бірақ ең таң қалдыратыны бұл хабардың сенімділігін теріске шығарушылардың Абу Хатимның «Оның хадистерін жазып алу керек»  деген сөздері мұндай жеткізушіге сүйенуге болатындығына  нұсқамайды деп айтатындығы, бұдан қалса олар Абу Хатим осы сөздерімен Хишамды әлсіз деп санады деп мәлімдегені.

Ақиқатында, бұл бір таң қаларлық нәрсе! Хафиз Ибн Хажжар: «Кім қандай да бір ғылым туралы білімсіз сөйлесе, таң қаларлық нәрселерді айтады!», - деп ақиқатты айтқан.

Ендеше, осы терминді түсіну үшін Абу Хатимның ұлына жүгінейік.  Ибн Аби Хатим хадистану ғылымындағы терминологиялар туралы былай деп айтатын: “Егер әлдебіреу туралы: «Ол шыншыл, – немесе: – Оған қатысты  проблема жоқ», – деп айтылса, онда мұндай жеткізуші хадистерін жазып алуға және оларға қарауға болатындардың қатарынан, әрі бұл (жеткізушілердің сенімділігіне қатысты) екінші дәреже”. Қз.: “әл-Жәрх уа-та’диль” 2/37.

Имам әз-Захаби де, егер жеткізушілер туралы: «Оның хадистерін жазып алу керек, - деп, немесе: - Оған қатысты проблема жоқ, - немесе: – Шейх», - деп айтылса, онда бұл жархқа (сенімсіздендіруге) емес,  та’дильге (сенімділігін растауға) қатысты дегенді айтқан. Қз.: “әл-Муғни” 1/4.

Имамдар Хишам ибн Хужжайрдың сенімділігі туралы келіспеушілікте болғаны анық болды, алайда ешкім, тіпті оны әлсіз жеткізуші деп санаған имамдардар да, оның хабарлары қабылдануға болмайтындығы туралы ешқандай салмақты дәйектер келтірмеген. Осы себепті хафиз Ибн Хажжар ол туралы: “Шыншыл, бірақ қателіктер жіберетін”, - деп айтқан. Қз.: “әт-Тақриб” 7288.

Сондықтан да әл-Бухари мен Муслим сынды имамдар  иснадында (жеткізушілер тізбегінде) Хишам ибн Хужжайр болған кейбір хадистерді қолданатын, мысалы әл-Бухари мен Муслимде келтірілетін мына атақты хадис: «Бірде пайғамбар Сулейман ибн Дауд, оларға Аллаһтың сәлемі болсын: “Бүгінгі түннің ішінде жетпіс әйелімді өтіп шығамын, әрі олардың әрқайсысы маған Аллаһтың жолында соғысатын ұл туып береді деп ант етемін!”, – деді. Ал оған: “«Инша-Аллаһ», – деп айт”, – деп айтылғанда, ол ұмытты да,  мұны айтпады. Әрі оның әйелдерінің ешқайсысы құрсақ көтермеді, денесінің жартысы жоқ бала туған жалғыз біреуінен басқа. Ал егер ол: “Инша-Аллаһ”, – деп айтқанда,  оның қалауы іске асар еді». әл-Бухари 3424, 6639, Муслим 1654.

Тізбегінде Хишам бар бұл хадистің нұсқасы Муслимде 1654-саннан кейін 23-санмен келтіріледі.

Сөйтіп, Хишам ибн Хужжайрды жеткізуші ретінде Абу Хатим, Ибн Шубрума, Ибн Са’д, әл-‘Ижжли, Ибн Шахин, әс-Сажжи, Ибн Хиббан және әз-Захаби сынды имамдар сенімді деп санаған.

Осы айтылғандардың негізінде мұндай жеткізушінің хадистері жақсы (хасан) деңгейден төмен түсірілмейді, әрі осы себепті Ибн ‘Аббастың: «Куфр дуна куфр», - деп айтқан хабарын имам әл-Хаким, әз-Захаби, әл-Әлбани, Ибн Баз, Ибн ‘Усаймин және басқалар растаған. Бұдан қалса, бұл хабарға ертедегі имамдардың барлығы дерлік сүйенген, әрі оны сенімді (сахих) деп санап, дәлел ретінде келтірген, бұл туралы, инша-Аллаһ, төменде сөз болатынындай.

Ибн ‘Аббастың осы хабарының әлсіздігіне дәлел етілген екінші себеп – Хишамның одан сенімділеу болған және  Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар – кәпірлер» деген аятқа қатысты: «Бұл күпірлік», - деп айтқанын, әрі мұны кіші күпірлік деп атамағанын жеткізген жеткізушілерге қайшы шыққандығы-мыс. Әрі осы себепті олар Хишам  Ибн ‘Аббастың сөздерін осы мағынамен жеткізген жалғыз жеткізуші болған деп айтады.

Бұл дәйекетердің барлығы алдыңғылары сияқты, бұдан қалса, бұл мәлімдемелерге берілетін жауап, Аллаһтың рұқсатымен бірінші айыптауға жауап болған нәрселерді нығайтып күшейтеді ғана.

Біріншіден, олардың «Хишам ибн Хужжайр Ибн ‘Аббастан осындай мағынаны жеткізген жалғыз адам болды» деп айтқанына келер болсақ, бұл – не өтірік, не осы мәселедегі шынайы жағдайды білмеу. Керісінше, тура осы мағынамен айтылған сөздер Ибн ‘Аббастан басқа, онда  Хишам ибн Хужжайр жоқ иснадпен де келтіріледі. ‘Абдуллаһ ибн Салих Му’ауия ибн Салихтан, ол ‘Али ибн Аби Тальхадан, Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар – кәпірлер» деген аятқа қатысты: “Кім Аллаһтың түсіргенін жоққа шығарса, сол күпірлікке түсті. Ал кім осыны мойындаса, бірақ осыған сәйкес емес үкім етсе, сол залым және бұзақы!”, - деп айтқанын жеткізеді. әт-Табари 6/166, Ибн Аби Хатим 4/1142.

Бұл хабардың жеткізушілерінің барлығы сенімге лайықты. Алайда имамдардың арасында ‘Али ибн Аби Тальха Ибн ‘Аббастан хадистер естігендігі жөнінде келіспеушіліктер бар. Имам Абу Жа’фар ән-Нахас: “‘Али ибн Аби Тальха туралы жаман айтатындар оның Ибн ‘Аббастан хадистер естімегендігін және ол Ибн ‘Аббастан емес, Мужжахид пен ‘Икримадан тәпсір алғандығын айтады. Бұл сөздер іс жүзінде кінәлау болып табылмайды, өйткені  ‘Али ибн Аби Тальха тәпсірді екі сенімді адамнан алды, әрі өзі де сенімді әрі шыншыл болған!” Қз.: “ән-Насих уәл-мансух” 75.

Имам әс-Суюты былай деп жазатын: “Кейбіреулер Ибн Аби Тальха Ибн ‘Аббастан тәпсірді естімеген, ол тәпсірді Мужжахидтен және Са’ид ибн Жубайирден алған дейді. Хафиз Ибн Хажжар ол сенімді жеткізуші деп айтқан, әрі бұл кінәлауда салмақты ешнәрсе жоқ!» Қз.: “әл-Итқан” 2/188.

Сонымен, бұл хабардың иснады жақсы (хасан). Қз.: “Қурратуль-‘уюн” 71.

Ибн ‘Аббастан жеткен бұл хабар мағынасы бойынша  «Күпірліктен кіші күпірлік» («Куфр дуна куфр») хабарына сәйкес емес пе?! Ибн ‘Аббастың бұл аяттағы «кәпірлер» деген сөзді кіші күпір деп тәпсірлегені сол хабардан айқын болып тұрған жоқ па?!

Сондай-ақ Тауустың былай деп баяндағаны жеткізіледі: “Мен Ибн ‘Аббастан: “Кім Аллаһтың түсіргенінінің негізінде емес (басқамен) үкім етсе, сол кәпір ме?», – деп сұрадым. Ол: «Бұл күпірлік Аллаһқа, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарыларына және Қиямет күніне деген күпірлік сияқты емес!», – деді“.  әт-Табари 10/355, Ибн Батта 2/735.

Бұл хабарды әл-Хасан Абу Усаманың сөзінен, ол Суфьяннан, ол Му’мардан, ал ол Ибн Тауустан жеткізген.

Бұл хабардың барлық жеткізушілері сенімді әрі шыншыл. Әрі бұл хабар сенімді (сахих).

Алайда кері пікірдің жақтаушылары имам Ибн Са’дтың Хаммад ибн Усама деген атпен танымал Абу Усамадан ол оны шыншыл, бірақ тадлиспен айналысатын (хадистерді араластыратын) дегенін жеткізген.

Ал іс жүзінде Ибн Са’д жеткізуші Абу Усаманы ол тадлиспен айналысады деп айыптаған жалғыз адам еді, бұған қоса ол бұл айыптауына дәлел келтірмеді. Сол себептен одан бұл сөздер қабылданбаған еді. Хафиз Ибн Хажжар Абу Усама туралы: “Ол шыншылдығында бірауызды келісім болған сенімді имамдардың қатарынан еді», - деген.  Қз.: “Хадью-ссари” 399.

Ал имам әз-Захаби: “Абу Усама – лайықты (беделді) жеткізушілердің қатарынан, әрі ол туралы (ол тадлиспен айналысатын еді деп) айтылған  бұл сөздер – өтірік!” Қз.: “әл-Мизан” 1/588.

Сөйтіп, бұл хабар да дәйекті кінәлары жоқ сенімді болып табылады.

Сондай-ақ, Ибн ‘Аббастан басқа иснадпен «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар – кәпірлер» деген аятқа қатысты:  “Бұл діннен шығармайтын күпірлік!», - деп айтқаны жеткізіледі. әт-Табари 6/256, Ибн Наср 574.

Сондай-ақ ‘Ата ибн Аби Раббахтан Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар – кәпірлер»;  «Және кім Аллаһ түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар»; «Кім Аллаһтың нұсқауымен үкім етпесе, міне солар бұзақылар» (әл-Маида 5: 44, 45, 47) деген аяттар туралы: “Бұл күпірліктен кіші күпірлік, зұлымдықтан кіші зұлымдық және бұзақылықтан кіші бұзақылық”, - дегені жеткізіледі. Қз.: “Тафсир Ибн Касир” 2/97, “әд-Дур әл-мансур” 3/87.

Ибн ‘Аббастан жеткен бұл хабарлардың барлығының мағынасы бір: «Куфр дуна куфр», яғни діннен шығармайтын күпірлік. Және бұл хабарларда Хишам ибн Хужжайр жоқ.

Бірақ тіпті егер біреу бұл кейбір нұсқаларда әлсіз жеткізушілер бар деп айтса да, бұл хабарлар біртұтас жиналғанда бірін бірі күшейтеді, әрі осыда ешқандай күмән болуы мүмкін емес.

Өйткені бұл хабарларды жеткізушілердің арасында өтірікте, бұзықылықта және тадлисте айыпталған бірде-бір адам жоқ. Егер олардың арасында әлсіз деп саналған біреу-міреу болса да, сөз оның есте сақтауының әлсіздігі немесе хадистерде шатасуы туралы болған еді. Ал бірнеше әлсіз хабарлар, егер олардың жеткізу тізбектерінде өтірікшілікте, бұзақылықта немесе фальсификацияда айыпталған ешкім болмаса, бірінің сенімділік дәрежесін бірі күшейтетіні жақсы белгілі. Қз.: “Қауа’ид әт-тахдис” 90, “Шарх ән-нухба” 25.

Әрі бұл осы тақырып бойынша келетін хабарлардың ішінде иснадының сенімділігі күн секілді  хабарлар бар екендігін айтпағанның өзінде!

Сондықтан да бізге Хишамның Ибн ‘Аббастан осы хабарды  «Куфр дуна куфр» мағынасымен жеткізген жалғыз адам болмағандығы айқын болды.

Екіншіден, Ибн ‘Аббас «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар – кәпірлер» аятына қатысты: «Бұл күпірлік», – деп айтқан хабарды дәйек ретінде пайдалану айқын тадлис болып табылады! Осы дәйекті келтіргендердің ешқайсысы Тауустың баласының сөздерінен жеткізілетін бұл хабарды соңына дейін келтірмеген, ал онда Ибн  ‘Аббас: «Бұл күпірлік, – деп айтқан сөздерінен соң: – Алайда бұл Аллаһқа, Оның періштелеріне, кітаптарына және елшілеріне қатысты күпірлік сияқты емес!», - деп айтқан. Қз.: “Тафсир әт-Табари” 6/256, “Та’зыму қадри-ссалә” 570.

Ал ендеше, осындай (күмәндарды) таратып жүрген адамдардың ықыластары мен тақуалығы қайда?! Сонда өзіңнің сеніміңді, тіпті егер ол бұрмалауға негізделген болса да, кез келген жолмен дәлелдеу қажет пе?  Ал Тауустың ұлы Ибн ‘Аббастың мазхабын осы кейбір замандастардан  жақсырақ білетін еді ғой, ал Ибн ‘Аббастың шәкірті болған оның әкесінен оның: “Бұл діннен шығармайтын күпірлік!», - деп айтқаны жеткізіледі. әт-Табари 6/166, әл-Маруази 2/522. Иснады сенімді (сахих). Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 6/114.

Сондай-ақ Ибн ‘Аббастың өзінен де Тауустың ұлы атап айтқан «Бұл Аллаһқа, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына және Қиямет күніне деген күпірлік сияқты емес» деген сөздер жеткізіледі, бұл алдында келтірілгендей, әрі мұның сенімділігі дәлелденгендей.

Күмән таратушылар не деп жауап берер екен?!

Бұдан қалса «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар – кәпірлер» деген аяттың онда кіші күпірлік туралы айтылады деп айтылатын тәпсірі, Ибн ‘Аббастың шәкірттері болған Тауустан басқа да атақты ізбасарлардан (табиғиндерден) сенімді түрде жеткізіледі. Мысалы, ‘Ата бұл аятқа қатысты: “Күпірліктен кіші күпірлік, бұзақылықтан кіші бұзақылық және зұлымдықтан кіші зұлымдық!», – деп айтқан. әт-Табари 6/165, Ибн Батта 2/735. Бұл хабардың иснады сенімді (сахих), бұл туралы шейх әл-Әлбани айтқандай.

Алайда Ибн ‘Абдуль-Маннан Ибн Журайж өзінің тадлисімен белгілі, әрі ол ‘Атадан естімеген деп мәлімдеген. Қап, егер бұл адам өзі танып білгенімен ғана разы болмай, осы ғылымның имамдарына жүгінгенде еді!   Иә, Ибн Журайж өзінің тадлисімен белгілі, алайда Ибн Журайж ‘Атадан жеткізгенінің дәл өзі қабылданады, өйткені ол оның сөздерін естіген, бұл туралы оның өзі: “Егер мен: «‘Ата айтты», – деп айтсам, демек бұл менің  одан естігендігімді білдіреді!”, – деп айтқанындай. Қз.: “Тахзиб әт-тахзиб” 6/406.

Сондай-ақ осы аяттың осындай тәпсірі Ибн Аббастың Мужжахид пен ‘Икрима сынды оқушыларынан да жеткізіледі. Қз.: “Та’зыму қадри-ссалә” 2/522, “әл-Иман” 36, “Ахбаруль-қуда” 1/43.

Сонымен, құрметті мұсылмандар, Ибн ‘Аббастың «Куфр дуна куфр» деген тәпсірі сенімді, ал егер бұл хабар сенімді болмаса, онда сенімді не қалмақ?!

Ал осы күмәнға үлкен нүкте қою үшін,  Ибн ‘Аббастың осы хабарларына сүйенген және оларды дәйек ретінде қолданған ертедегі имамдардың сөздерін келтіреміз.

Ибн ‘Аббастың хабарына сүйенген және оны дәлел ретінде келтірген әйгілі имамдардың сөздері

Жоғарыда айтылғандай, Ибн ‘Аббастың осы хабарына сүйенгендердің қатарында әһлю-Сунна уәл-жама’а имамы – Ахмад ибн Ханбаль бар. Оған “Аятта қандай күпірлік туралы айтылуда?” деген сұрақ қойылғанда, ол: “Діннен шығармайтын күпірлік, бұл Ибн ‘Аббастан жеткендей”, - деп жауап берген. Қз.: “әс-Салә уа хукму тариқиха” 49, “Суаләт Ибн Хани” 2/192, “Масаиль Абу Дауд” 114.

Сондай-ақ Ибн ‘Аббастан жеткен бұл хабарға Құран  тәпсіршілерінің имамы -  Ибн Жәрир әт-Табари де сүйеніп, былай деген: “Аллаһтың түсіргенін теріске шығарып, соның негізінде үкім шығармайтынның әрбірі Аллаһқа қатысты кәпір,  мұны Ибн ‘Аббас айтқанындай!” Қз.: “Тафсир әт-Табари” 6/259.

Имам Абу ‘Убайд былай деп айтатын: “Аллаһтың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар – кәпірлер» деген сөздеріне қатысты айтар болсақ, , Ибн ‘Аббас: «Бұл күпірлік діннен шығармайды!», – деп айтқан”. Қз.: “Китабуль-иман” 47.

Имам Ибн Наср әл-Маруази, күпірлік жіктелетініне және оның Исламнан шығармайтын түрі болатынына нұсқап, былай деген: “Әрі Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар – кәпірлер» деген аятқа қатысты айтқан сөздері  осы жайында”. Қз.: “Та’зыму қадри-ссалә” 2/520.

Имам Абу әл-Музаффар әс-Сам’ани былай деген: “Ибн ‘Аббас: «Мұсылмандарға қатысты бұл аяттың мағынасы «Куфр дуна куфр» (Күпірліктен кіші күпірлік)», – деген.  Хауариждер бұл аятқа сүйеніп: «Аллаһтың түсіргенімен үкім етпейтіндер кәпірлер болып табылады», – деп айтатынын біл. Ал әһлю-Сунна: «Үкімді қалдырған кәпір болмайды», – деп айтады!” Қз.: “Тафсир әс-Сам’ани” 2/42.

Хафиз Ибн ‘Абдуль-Барр былай деп айтатын: “«Егер мұсылман адам Аллаһтың заңымен емес (басқамен) үкім етсе, бұл діннен шығаратын күпірлік емес, ол Аллаһқа, Оның періштелеріне, Кітаптарына,  пайғамбарларына және Қиямет күніне күпірлік танытпайынша», – деп айтылған. Және осы тәпсір көптеген ғалымдардан жеткізіледі, олардың арасында  Ибн ‘Аббас, Тауус және ‘Ата бар”. Қз.: “әт-Тамхид” 5/74.

Имам әл-Бағауи былай дейтін: “Ибн ‘Аббас, сондай-ақ Тауус: «Бұл – діннен шығаратын күпірлік емес!», – деп айтқан”. Қз.: “Тафсир әл-Бағауи” 3/61.

Имам әл-Қуртуби былай деп айтқан: “Кім Құранды тәрк етіп және Елшінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерін теріске шығарып, Аллаһтың түсіргенінің негізінде емес (басқамен) үкім етсе, сол кәпір, мұны  Ибн ‘Аббас пен Мужжахид айтқандарындай!” Қз.: “Тафсир әл-Қуртуби” 6/190.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Ибн ‘Аббас пен басқа саләфтар «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар – кәпірлер» деген аятқа қатысты: «Күпірліктен кіші күпірлік, бұзақылықтан кіші бұзақылық және зұлымдықтан кіші зұлымдық!», – деп айтқан. Әрі осы туралы  Ахмад, әл-Бухари және басқалар атап ескерткен”. Қз.: “Мажму’уль-фатауа” 7/522.

Бұл туралы имам әл-Бухари де айтқандығына келер болсақ,  шейхуль-Ислам имам әл-Бухари өзінің «Сахихындағы» бір тарауын «Куфран ‘ашир уа куфр дуна куфр» деп атағандығын меңзеп тұр.

Хафиз Ибн Хажжар: “Автордың  (әл-Бухаридің) «Куфр дуна куфр» сөздеріне келер болсақ, ол осынысымен ‘Ата ибн Аби Раббах пен басқалардан жеткізілген Ахмад «әл-Иманда» келтірген хабарды меңзеп тұр”, – деген. Қз.: “Фатхуль-Бари” 1/105.

Сондай-ақ имам әс-Суюты да әл-Бухаридің «Сахихына» жасаған түсіндірмесінде «Куфр дуна куфр» сөздеріне қатысты: “Бұл Ахмад «әл-Иманда» келтіретін ‘Ата ибн Аби Раббах жеткізген хабардың сөздері”, – деп айтқан. Қз.: “әт-Тауших шарх әл-Жәми’ әс-сахих” 1/193.

Хафиз Ибн Хажжар сондай-ақ, имам әл-Бухари «Зульм дуна зульм» (Зұлымдықтан кіші зұлымдық деген) деп атаған тарауына қатысты: “Бұл тараудың аты имам Ахмад  “Китаб әл-иманда” ‘Атадан келтірген хадис болып табылады. Бұл сондай-ақ Тауустың нұсқасы арқылы Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар – кәпірлер» деген аятқа қатысты айтқан сөздерінен тура сол мағынамен жеткізіледі”. Қз.: “Фатхуль-Бари” 1/109.

Осында Хафиз Ибн Хажжар Ибн ‘Аббастан жеткен осы хабардың сенімділік дәрежесін атап айтпағын айта кету қажет. Ал Ибн Хажжар «Фатх әл-Бариге» жазған алғысөзінде ол сенімділігі туралы айтпаған хабарлардың иснадын ол жақсы (хасан) деп санайтынын жазған.

Хафиз Ибн Раджаб имам әл-Бухаридің «Куфр дуна куфр» сөздері туралы былай деген: “Бұл сөздерімен ол кейбір күнәлардың күпірлік деп аталатынын меңзеп тұр, алайда мұның астарында діннен шығаратын күпірлік туралы айтылып тұрған жоқ. Бұл Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар – кәпірлер» деген аятқа қатысты: «Бұл сендер меңзеп тұрған күпірлік емес, әрі бұл діннен шығаратын күпірлік емес!  Бұл куфр дуна куфр!», – деп айтқан сөздері сияқты. Осы хабарды  әл-Хаким келтірген және: «Оның иснады сенімді (сахих)», – деген. Сондай-ақ Ибн ‘Аббастан осы аятқа қатысты басқа сөздер де жеткізіледі:  «Бұл күпірлік, алайда Аллаһқа, періштелерге, Кітаптарға, елшілерге, Қиямет күніне деген күпірліктей күпірлік емес!» Сондай-ақ ‘Ата және басқалар да: «Куфр дуна куфр», -деп, осыны айтқан”. Қз.: Ибн Ражжаб “Фатхуль-Бари” 1/137-138.

Шейх Ибн әл-Қайим былай деген: “Ибн ‘Аббас: «Күпірліктен кіші күпірлік, зұлымдықтан кіші зұлымдық және бұзақылықтан кіші бұзақылық», – деп айтқан”. Қз.: “Мадарижжу-ссаликин” 1/335.

Шейх ‘Абдур-Рахман әс-Са’ди «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар – кәпірлер» деген аятқа қатысты былай деп жазған:  “Ибн ‘Аббас: «Күпірліктен кіші күпірлік, зұлымдықтан кіші зұлымдық және бұзақылықтан кіші бұзақылық», – деп айтқан. Егер мұны (шариғаттың негізінде емес үкім шығаруды) рұқсат етілген деп есептесе, бұл үлкен зұлымдық болып табылады, әрі егер мұны рұқсат етпей жасаса, онда бұл үлкен күнә болады!»  Қз.: “Тайсируль-Карими-р-Рахман” 296.

Сондай-ақ Ибн ‘Аббастың талқыланып жатқан хабарын: «Ибн ‘Аббас: … айтты», – деп, белгісіз түрде емес, бекітілген түрде келтірген имамдардың сөздеріне де көңіл бұрыңыздар.

Хадистану ғылымында, мұны имам ән-Науауи түсіндіргеніндей, егер имамдар хадистерге немесе қандай да бір хабарларға қатысты «жеткізіледі», «айтылған» немесе «хабарланады» деген сөздерді қолданса, онда бұл жиі жағдайда олар мұндай хабарларды не әлсіз деп санайтынын, не олардың сенімділігіне күмән келтіретінін білдіретіні өте жақсы мәлім.  Алайда хабардың сенімділігі күмән туғызбаса, бұл бекітілген түрде, мысалы: «айтты», «істеді», – деп (немесе) т.с.с. айтылады.   Қз.: «әл-Мажму’» 1/63.

Уа, мұсылмандар, ойланыңыздар! Осы үмметтің жоғарыда аталған имамдарының барлығы Ибн ‘Аббастан жеткен осы хабардың сенімділігіне қатысты толық адасушылықта және білместікте болды, ал аттары аталған бірнеше замандастар ақиқатта болды дегенді елестетуге болады ма? Имам әш-Шатыби былай дейтін: “Кейінгі ұрпақ алғашқы ұрпақтарда болған басшылықтан жақсы басшылықпен келе алмайды! Әрі олар шариғатты алғашқы ұрпақтардан жақсырақ білмейді!” Қз.: “әл-Мууафақат” 3/402.

Сондай-ақ шейх әл-Әлбани былай деп айтатын: “Саляфтардан бұл аяттың тәпсірінде: «куфр дуна куфр», – деп жетті. Әрі бұл Ибн ‘Аббастан сенімді түрде жеткізіледі!” Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 6/109.

Ибн ‘Аббастың осы хабарына сүйенген және оны дәлел ретінде келтірген имамдардың сөздерін әлі ұзақ дәйексөз етуге болар еді. Бірақ қысқаша түрде Ибн ‘Аббастың бұл сөздеріне үмметіміздің мына имамдары сүйенгендігін келтірейік:

Имам әл-Хаким «әл-Мустадракта» 2/313;

Имам Ибн Батта  «әл-Ибанада» 2/723;

Имам Абу Хайян өзінің «әл-Бахр әл-мухит» тәпсірінде 3/492;

Имам әл-Уахиди «әл-Уасытта» 2/191;

Имам Абу Бакр ибн әл-‘Араби өзінің«Ахкамуль-Қуран» тәпсірінде 2/624;

Имам Ибн әл-Жәузи өзінің «Задуль-масир» тәпсірінде 2/366;

Имам әл-Хазин өзінің тәпсірінде 1/310.

Хафиз Ибн Касир өзінің «Тафсируль-Қураниль-‘Азым» тәпсірінде 2/64;

Шейх Жамалюддин әл-Қасими өзінің «Махасин әт-тауиль» тәпсірінде 6/199;

Шейх Сыддық Хасан Хан «Найлюль-марамда» 2/472;

Шейх Мухаммад Амин әш-Шанқити өзінің «Адауауль-баян» тәпсірінде 2/101;

Шейх Ахмад Шакир «Та’лиқ ‘алә Тафсир әт-Табариде».

Шейх Ибн Баз өзінің «Мажму‘уль-фатауа» пәтуалар жинағында 3/990;

Шейх Ибн ‘Усаймин «Фитнату-ттакфирде» 68.

Тұрақты Комитеттің (әл-Ләжна әд-даима) ғалымдары «Фатауа әл-Ләжнада» № 5226.

Осы айтылғандардың барлығының негізінде неліктен шейх Ибн ‘Усаймин келесі сөздерді айтқаны айқын болады: “Күпірлікте айыптауға құқығы болмай күпірлікте айыптайтындар Ибн Аббастың осы хабарына наразы болғанда: «Бұл дерек қабылданбайды және Ибн Аббастан сахих түрде жетпеген», – дейді. Біз оларға (былай деп жауап береміз): Егер бұл хабарды хадистерде сізден жоғары, сізден лайықтырақ және сізден білімдірек болғандар қабылдаған және оған сүйенген болса,  ол қалайша сахих болмайды?! Ал сендер: «Біз оны қабылдамаймыз», – дейсіңдер. Бірақ мәселе сендер айтқандарыңдай-ақ,  яғни Ибн ‘Аббастан жеткен бұл хабар сенімді емес делік. Алайда бізде күпірлік деп аталатын, бірақ іс жүзінде онымен діннен шығаратын күпірлік айтылмайтынынына нұсқайтын Құран мен Сүннеттің мәтіндері көп! Мысалы, хадисте: «Менің үмметімде екі нәрсе күпірлік болып табылады: шыққан тегін балағаттау және өлген адамды дауыстап жоқтау!», – деп айтылады.

Бұл екі нәрсе діннен шығармайды, әрі бұда ешқандай күмән жоқ. Алайда жеткіліксіз білім, сондай-ақ жалпы шариғат ережелерін түсунудегі осалдық осы адасушылықты туғызатын нәрсе болып табылады деп айтылады ғой! Әрі бұған тағы бір нәрсені қосуға болады, ал ол – бұрыс түсінуді туғызатын жаман ниет. Өйткені адам бір нәрсені қаласа, ол өзінің барлық түсінігін қалайтын нәрсесіне бағыттайды да, содан соң мәтіндерді осыған сәйкес бұрмалай бастайды.  Сондықтан да ғалымдардың атақты қағидаларының қатарына «Алдымен дәлелді қарап шық, ал содан соң оның негізінде ‘ақида құр, бірақ алдымен ‘ақиданы алып алып, содан соң оған дәлел іздеме!» деген ереже де жатады.

Сөйтіп, адасушылықты туғызатын нәрселер үшеу, олар:

1. Білімнің жетіспеушілігі;

2. Шариғаттың жалпы ережелерін осал түсіну;

3. Жаман ниетке негізделген жаман түсінік.

Ал Ибн ‘Аббастан жеткен хабарға келсек, бізге шейхуль-Ислам Ибн Таймияның, Ибн әл-Қайимның және басқалардың оған сүйенгені және оны қабылдағаны жетіп асады. Және бұл хабар сахих!”  Қз.: “Фитна әт-такфир” 68-69.

Сондай-ақ шейх әл-Әлбани де: “Ибн ‘Аббастан жеткен бұл хабар такфир жамағатына және солар сияқты шектен шығушылыққа түскендердің омыртқасын сындырады!», – деген. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 7/135.

Шейх әл-Әлбанидің шәкірті – Салим әл-Хиләли Ибн ‘Аббастың осы тәпсіріне сүйенген және оны дәлел ретінде келтірген көптеген ертедегі имамдардың аттарын атап айтып, былай деген:    “Уа, қадірлі оқырман! Есі түзу мұсылман адам осы ұлы ғалымдар бұл ғылымда (хадистануда) босаңдық жасауға жол бергендердің немесе соқыр түрде еліктеушілердің қатарында болған, ал мына  ‘Абдуль-Маннан мен оның шейхы ақиқатты айтқан екі мужтахид имамдар деп ойлауға дәті барады ма?!»  Қз.: “Қурратуль-‘уюн” 95.

Ең соңында Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар – кәпірлер» деген аятқа қатысты: «Куфр дуна куфр», – деп айтқан хабары сенімді болып табылатынын, әрі оның сенімділігіне ертедегі имамдардың ешқайсысы күмән келтірмегенін тағы да бір рет айтып кеткен жөн. Ал егер біреу мұны теріске шығарғысы келсе, онда бір ертедегі имамның болса да Ибн ‘Аббастың осы хабары сенімді емес екендігі туралы  айтқан сөзін келтірсін, кері болған жағдайда барлық заманда танылған имамдарды тастап, кейбір замандастарға жүгінудің қажеті жоқ!

www.Salaf-forum.ru

Шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузанның (Аллаһ оған есендік берсін) күпірлікте айыптау мәселесі бойынша жауаптары
Сұрақ: «Біз байқайтынымыздай, қазіргі заман мұсылман мәдениеті хауариж және муътазилә сияқты адасқан секталардың ықпалынан еркін емес. Олардың кейбірі тұтас қауымдарды және жеке адамдарды күпірлікте айыптап, мұсылмандардан болған күнәхарлар мен бұзақыларға зорлық қолдануға жол береді. Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?»

Жауап: «Бұл – кесірлі жол, өйткені Ислам шақыру ісінде күшке жүгінуге тыйым салады. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Адамдарды Рабыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен[1]  пікірталасты көркем түрде жүргіз» (ән-Нәхль сүресі, 125-аят).

Ал Муса мен Харунға, оларға Аллаһтың сәлемі болсын, Аллаһ Перғауынмен былай деп сөйлесуді бұйырды: «…және оған сыпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар немесе қорқар» (Та ха сүресі, 44- аят).

Зорлық зорлықты туғызады, қалаған нәрсеге емес, оған кері нәтижелерге әкеледі және мұсылмандарға кесірлі ықпалын тигізеді. Исламға шақыруды даналықпен,  ең жақсы әдістермен және осы шақыру бағытталған адамдарға қатысты ізгілік таныту арқылы іске асыру керек. Зорлықты қолдануға, қаттылық пен қарсыластық таныту мәселесіне келер болсақ, бұлардың Ислам дініне еш қатысы жоқ, ал шақырумен айналысатын мұсылмандар Пайғамбардың өнегесіне және қасиетті Құранның нұсқауларына ілесуі керек.

Күпірлікте айыптау белгілі шариғат ережелерін орындауды талап етеді. Күпірлік туралы шешімді шығару, қажетті дәлелдерді көрсеткен соң, белгілі біреу Сүннет пен келісім жақтаушыларынан (әһлю-Сунна уәл-жамаъадан) болған діндарлардың оған тиісті нұсқауы болған, Исламмен үйлеспейтін бір нәрсе істеп қойған жағдайда рұқсат етіледі, ал егер адам мұндай еш нәрсе жасамаған болса, ол кәпір болып табылмайды, тіпті ол, көпқұдайшылдық күнәсынан өзге, күнә жасаса да».

Сұрақ: «Құрметті шейх, бұзықтық кең таралған мұсылман мемлекеттерін белгілеп айту үшін «жахилиет» терминін қолданатын адамдар бар[2]. Мұның салдары қандай болуы мүмкіндігі туралы сіз жақсы білесіз, бірақ мұндай әрекеттерді дұрыс деп санауға болады ма?»

Жауап: «Жалпы алғанда жахилиет кезеңі, Аллаһқа мадақ, Мухаммадтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, пайғамбарлық миссиясының басталуымен және  Ақырет күніне дейін жоғалмайтын Исламның, білім мен нұрдың пайда болуымен аяқталды.  Жахилиеттің қалдықтары бар болуы мүмкін, алайда мұндай жахилиет ішінара болып табылады және жеке адамдарға және қауымдарға қатысты болады, ал жалпы алғанда ол аяқталды және ешқашан қайта оралмайды.  Міне, сондықтан шейх-уль-ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахымына бөлесін, өзінің «Иқтида әс-сират әл-мустақим» еңбегінде бұл терминді баршаға қатысты қолдануға болмайтындығына нұсқады».

Сұрақ: «Мұсылман мемлекеттерін осылайша атап белгілейтіндер олардың халқын күпірлікте айыптағысы келетінін, ал солай екен, діннен шығушылықта да айыптағысы келетінін байқау қиынға соқпайды».

Жауап: «Біртұтас қауымдарды немесе жеке тұлғаларды күпірлікте айыптау немесе олардың күпірлігі туралы айту құқығына кез келген адам ие емес.

Күпірлікте айыптау белгілі шариғат ережелерін орындауды талап етеді. Адамның күпірлігі туралы шешім ол Исламмен үйлеспейтін бір нәрсе істеген жағдайда шығарылады. Мұндай жағдайлар белгілі, ал олардың ең ауырлары – көпқұдайшылық, ғайыпты білу құқығына таласу және Аллаһтың түсірілгенінен өзге нәрсемен үкім шығару жағдайлары жатады, өйткені Аллаһ Тағала былай деді:  «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар – қарсы болушылар» (әл-Мәидә сүресі, 44-аят).

Күпірлікте айыптау өте ауыр іс болып табылады және өзгелерді күпірлікте айыптауға әркімге рұқсат етілмейді. Мұндай құзырға тек шариғат соттары (қазылары) немесе білімде мығым, адамның Исламын не нәрселер жоққа шығаратынын және нақты жағдайлар туралы білетін, адамдар мен қоғамның жағдайын зерттейтін  діндар-ғалымдар ие.

Мұндай адамдар күпірлік туралы және басқа да салмақты шешімдерді шығара алады, ал надан адамдарға және шала оқығандарға келер болсақ, олар жеке адамдарды да, қауымдарды да, мемлекеттерді де күпірлікте айыптауға құқықты емес, өйткені бұл үшін қажетті мамандық-дәрежеге ие емес».

Сұрақ: «Діни білім алуға ұмтылып жүрген кейбір адамдар мұсылман адамды діннен шыққан деп оп-оңай айта салады, бірақ бұл дегеніміз – егер осыны әмір істемесе, олар өз қалауы бойынша кез келген біреуге діннен шыққандарды жазалау құзырын да бере салады деген сөз ғой. Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?»

Жауап: «Шариғат бекіткен жазаларды орындау әрқашан да тек мұсылман әмірінің айрықша құзыры болып қала беруі тиіс және одан өзге ешкім бұл құзырды иеленбеуі керек, керісінше болған жағдайда бұл міндетті түрде анархияға, қоғамның ыдырауына және бүліктің туындауына әкеп соғады.

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кінәлі болғандарға шариғат бекіткен жазаларды қолдану керек болған нәрселер үшін бір-біріңді кешіріңдер, өйткені егер іс (туралы) әмірге (хабар) жетсе, онда Аллаһ жақтаушыны да, жақталып жатқанды да лағынеттейді[3]». ән-Насаи «Сунан», 4886 хадис; имам Малик «Мууатта», №1580 хадис.

Мұсылман әмірінің міндеттерінің бірі, шариғат соты кінәлі адамды діннен шыққандық, ұрлық немесе басқа да бір қылмыс үшін жазаға лайықты деп бекіткен соң,  шариғат бекіткен жазаларды орындау болып табылады.

Сонымен, шариғат бекіткен жазаларды орындау әмірдің айрықша құзыры болып табылады, егер мұсылмандарда әмір болмаса, онда шариғат мақұлдайтын нәрселерге талпындырумен, құпталмайтын нәрселерден қайтаруға деген талпыныспен, даналық, ізгі насихат және ең жақсы құралдармен сөйлесу арқылы  Аллаһқа шықырумен шектелу керек. Жеке тұлғалар туралы айтар болсақ, оларға жазаларды орындауға тыйым салынады, өйткені, алдын айтып өткеніміздей, бұл анархия мен бүліктерге соқтырады және пайдадан көрі көбірек зиян әкеледі, ал шариғаттың бір негізгі ережесі бойынша зиянды болдырмауға пайда келтіруге қарағанда артықшылық беріледі».

Сұрақ: «Құрметті шейх, кімді діннен шыққан деп есептеу керек? Біз сізден нақты анықтама беруіңізді сұраймыз, өйткені діннен шығу туралы айыптаулар кейде күмәнді жағдайларда тағылып жатады».

Жауап: «Діннен шыққандық туралы шешімді де, басқа да маңызды шешімдерді де, білімде мығым болған діндар-ғалымдар ғана шығаруға құзырлы, олар – шариғат соттары және құрметке ие муфтилер. Діннен шыққандық туралы шешімді шығару құқығы кез келген және барлық адамға тиесілі бола алмайды, сондай-ақ, шала білімі барларға немесе дін негізінің мәнін жеткілікті деңгейде терең түсінбегендерге де тиісті емес, өйткені бұл міндетті түрде зиян тигізеді. Мұндай адамдар діннен шыққан болып табылмайтын мұсылманды діннен шыққан деп шешім шығаруы немесе Исламнан шығаратын еш нәрсе жасамаған адамды күпірлікте айыптауы мүмкін.    Мұндай істер өте ауыр болып табылады, өйткені кім өзінің бауырын кәпір немесе пасық десе, ал ол іс жүзінде ондай болмаса, бұл сөздер оны айтқан адамның өзіне қайта оралады.

Сонымен, діннен шыққандық туралы шешімдерді тек шариғат соттарының қазылары және құрметті муфтилер шығара алады, ал шариғат бекіткен жазаларды тек мұсылман әмірлері атқара алады, ал қалғанның барлығы – анархия».

Алынған көзі: «Мұсылман діндар ғалымдарының қазіргі заманның үндеулеріне жауаптары», құрастырушы шейх Мухаммад бин Хусайн бин Саад әл-Суфран әл-Кахтани, редакциясын басқарған Сауд Арабиясы Корольдігі Ең ірі ғалымдары Комитетінің мүшесі, шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузан, Кувейт, 2008 ж.

[1] Көпқұдайшылдар меңзеліп тұр.

[2] Жахилиет – Исламға дейінгі дәуір, пұтқа табынушылық кезеңі. Кейбіреулер бұл мемлекеттерде өмір сүріп жатқан адамдарды пұтқа табынушыларға теңейді деген айтылып тұр.

[3] Шариғатқа сәйкес, әмірлерден Құранда бекітілген, бұлжытпай орындалуға тиісті  жазаларды қолданбауды сұрап баруға тыйым салынады.

Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың (Аллаһ оны рахымына бөлесін) күпірлікте айыптау мәселесі бойынша түсіндірмесі
Аллаһқа мадақ, Аллаһтың Елшісіне, оның отбасына, сахабаларына және оның жолымен жүргендердің барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Мен «Муслимун» газетінде жарияланған  шейх Мухаммад Насыруддин әл-Әлбанидің Аллаһтың түсіргеніне негізделмей үкім ететіндерді дәлелсіз күпірлікте айыптаулар туралы қойылған сұраққа берген пайдалы да, құнды жауабымен танысып шықтым.

Әрбір осындай адамды тек оның амалдарының негізінде ғана күпірлікте айыптау, егер айыптаушыға ол адамның мұны жүрегінде рұқсат етілген деп санағаны айқын болмайынша, ешкімге рұқсат етілмегендігін түсіндіріп, шейх, менің ойымша, дұрыс және мүміндердің көзқарастарына  сәйкес келетін жауап берді. Дәйек ретінде ол Ибн Аббастың, Аллаһ оған разы болсын, және басқа да біздің алдыңғы салиқалы буын өкілдеріміздің сөздеріне жүгінеді.

Оның жауабында келтірілген Аллаһтың: «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер» (әл-Мәидә сүресі, 44-аят); «Және кім Аллаһ түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар» (әл-Мәидә сүресі, 45-аят); «Кім Аллаһтың нұсқауымен үкім етпесе, міне солар бұзақылар» (Әл-Мәидә сүресі, 47-аят), – деген аяттарының тәпсірі, күмән жоқ, дұрыс болып табылады, өйткені ол күпірліктің кіші және үлкен болатынын және зұлымдық пен бұзақылықтың көрініс табуына да мұның тура сол сияқты қатысты екенін түсіндіріп берді.

Егер адам: «Аллаһтың түсіргенге сәйкес келмейтін нәрсемен үкім етуге, зина жасауға, өсімқорлықпен немесе барлық ислам ғалымдарының бірауызды келісімі бойынша тыйым салынған деп табылатын кез келген басқа іспен айналысуға болады», – десе, ол үлкен күпірлікке түскен болады, ал оның істеп жатқаны үлкен бұзақылықтың көріністеріне жатады. Ал кім мұндай амалдарды, олар рұқсат етілген деп санамай жасаса, ол кіші күпірлікке түскен болады, ал оның істеп жатқандары кіші бұзақылықтың көріністеріне жатады, бұған  Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздері нұсқайды: «Мұсылманды балағаттау – бұзақылық, ал онымен соғысу – күпірлік». әл-Бухари «Сахих», № 48 хадис; Муслим «Сахих», № 64 хадис.

Кіші бұзақылық пен кіші күпірлікті меңзеген Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мұндай нақысты сөзді адамдарда осындай қайтарылатын әрекеттерге деген жиіркенішті тудыру үшін қолданды. Бұл – Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын:  «Адамдардың (жасайтын) екі (ісі) олардың күпірлігінің (сипаты) болып табылады: (өзгелердің) шыққан тегін балағаттау және өлген адамға дауыстап жоқтау айту» (Муслим «Сахих», № 67 хадис), - деген сөздеріне, сондай-ақ, оның өзге де: «Менен кейін[1] бір-бірінің басын шабатын кәпірлерге айналмаңдар!» (әл-Бухари «Сахих», №121 хадис), – деген сөздеріне де қатысты. Басқа да осындай көптеген хадистер бар екені мәлім.

Әрбір мұсылман, әсіресе ол діндарлардан болса, барлық нәрсеге абайлықпен және даналықпен кірісуі керек. Бұл дегеніміз: ол кез келген істерді Құран мен Сүннеттің аясында қарауы, біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдерінің өнегесіне ілесуі керек және (мәселенің) қыр-сырына үңілмей шешім шығаратын көптеген адамдар түскен қауіпті жолдан сақ болуы қажет. Діндарлар Аллаһқа шақырумен міндетті түрде айналысуы керек, бүге-шігесіне дейін көңіл бөліп, адамдарға Исламның мәнін түсіндіруі керек, Құран мен Сүннеттің нұсқауларын пайдаланып, оларды Исламның қағидаттарын бұлжытпай ұстануға және бір-біріне игі насихаттар беруге талпындыруы және оларда жоғарыда аталған нұсқауларға қарсы келетін кез келген істерден қорқыныш туғызуы  қажет. Осының себебімен олар ақиқат жолын түсіндіруге және оған қайшы келетін барлық нәрседен сақтандыруға қатысты болған нәрседе Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, салиқалы шыншыл халифалардың және сахабалардың  өнегесіне ілесе алады. Мұның қажеттілігіне Аллаһтың мына сөздері нұсқайды: «Аллаһқа шақырып, игі амалдар жасап және: «Расында, мен – (Аллаһқа) мойынсұнғандардың бірімін!», – деушінің сөздерінен кімнің сөзі жақсы» (Фуссиләт сүресі, 33-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Айт: «Бұл – менің жолым. Мен және маған ілескендер Аллаһқа білім негізінде шақырамыз. Аллаһ Пәк және мен көпқұдайшылдардан емеспін» (Юсуф сүресі, 108-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Адамдарды Рабыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен[2]  пікірталасты көркем түрде жүргіз» (ән-Нахль сүресі , 125-аят), - деді.

Және мұның қажеттілігіне Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздері де нұсқап тұр: «Жақсылыққа нұсқағанға жақсылықты істегенге берілетіндей сауап (белгіленген)». Муслим «Сахих», хадис №1893.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ былай деп айтты: «Дұрыс жолға шақырған (адам) өзіне ілескендердің (барлығының) сауабына тең сауап алады, және бұл олардың сауаптарын бір түйірге де азайтпайды, ал (өзгелерді) адасуға шақырған адам өзіне ілескен адамдардың күнәларының (ауыртпалығына тең жүгін) мойнына көтеріп алады, және бұл олардың өздерінің күнәларының ауыртпалығын жеңілдетпейді». Муслим «Сахих», №2674 хадис.

Хайбар[3] үшін болған шайқаста Алиді, Аллаһ оған разы болсын, яхудилерге жіберген Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған былай деді: «…оларды Исламға шақыр және Аллаһқа қатысты оларға не міндетті екендігі туралы оларға хабарла. Және, Аллаһтың атымен ант етемін, егер Аллаһ сен арқылы бір адамды (болса да) тура жолға салса, бұл сен үшін қызыл түйелерді (иемденуден) жақсы болады[4]!» әл-Бухари «Сахих», №3009 хадис; Муслим «Сахих», №2406 хадис.

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһ ол арқылы тура жолға ең алғашқы оның сахабаларын шығармайынша, игі насихаттармен, даналықпен, сабырлықпен және өзге де ең жақсы болған әдістермен адамдарды бірқұдайшылыққа және Исламға шақырып, Меккеде он үш жыл өткізгені мәлім.

Аллаһтан бізге және біздің бауырларымызға олардың өнегесіне шынайы ықыласпен ілесуге көмектесуін, бізге және Исламға шақырумен айналысатын біздің барлық бауырларымызға көрегендік пен қырағылық, Онымен дидарласуға дейін игілік жасауға және сабырлық танытуға деген қабілеттілік беруін сұраймыз, өйткені бұл Оған тәуелді және Ол мұны істей алады. Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына, барлық сахабаларына және Ақырет күніне дейін таза жүрекпен оларға ілескендерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын[5].

[1] Яғни менің өлімімнен кейін.

[2] Көпқұдайшылдар меңзеліп тұр.

[3] Хайбар – алқаптың (оазистің) аты.

[4] Мұндай түйелер сол заманда арабтардың ең құнды мүлкі етін.

[5] «Әд-дауа әс-Саудийа» журналы, №1511, қыркүйек, 1995 ж. (жумәдә әл-улә айы, х.1416 ж.).

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің жарылыстар мен қопарушы іс-әрекеттер туралы шығарған шешімі
Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Тақуаларды ең соңында игілік күтеді, ал жауласуды тек қана залымдарға қатысты көрсету керек және Қиямет күніне дейін Аллаһтың игілігі мен сәлемі Оның жаратылыстарының ішіндегі ең абзалы – Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына, барлық сахабаларына және оның ең дұрыс басшылығының арқасында тура жолға түскендердің барлығына болсын.

Хижра жыл санауы бойынша 1409 жылы, мухаррам айының 12-нен 18-не дейін (1988 жылдың 24-тамызынан 30-тамызына дейін) әт-Таиф қаласында өткен Ең ірі ислам ғалымдарының  Комитеті Кеңесінің 32-сессия мәжілісі террористік актілердің орын алғандығы жөніндегі анықталған фактілері бойынша өткізілді. Бұл терактілердің салдарынан көп мұсылман және мұсылман емес мемлекеттерінде көптеген жазықсыз адамдар құрбан болды және қоғамдық мүлік пен қоғамдық мекемелердің жойылуы орын алды. Бұл келеңсіз уақиғаларға имандары пәс немесе тіпті иманнан жұрдай, нәпсілерін дерт және жеккөрушілік жаулап алған адамдар жауапты.

Үйлерді жару, қоғамдық мүлікті өрттеу, көпірлер мен туннельдерді жару, сондай-ақ ұшақтарды жару немесе басып алу қопарушылықтың осындай іс-әрекеттерінің мысалы  бола алады. Бірнеше алыс және жақын елдерде осындай қылмыстар жиі қайталанатындықтан және Сауд Арабиясы да басқа да елдер сияқты осындай қопарушылық іс-әрекеттерінің нысанасы болғандықтан, Ең ірі ислам ғалымдарының Кеңесі, ол іс-әрекеттер зиян тигізу немесе қоғамдық тыныштықты бұзу мақсатымен қоғамдық және үкіметтік мекемелерге немесе басқа бір нәрселерге қарсы бағытталғанына қарамастан, қопарушылық іс-әрекетімен айналысатын адамдарға ұстамды бастау бола алатын жазаны орнату мәселесін қарастыруды міндетті деп тапты.

Кеңес шариғат қағидалары жалпы алғанда бес міндетті нәрсені: нақты атап айтқанда  – дінді, өмірді, ар-намысты, ақыл-есті және мал-мүлікті – сақтап-қорғау міндетіне қатысты екендігі туралы ғалымдардың нұсқауларымен танысты. Кеңес мұсылмандардың өміріне, ар-намысына және мал-мүлкіне қол сұғу алапат қауіптермен қаншалықты қатерлі екендігіне, сондай-ақ қопарушылық іс-әрекет қоғамдық тыныштықтың бұзылуына, анархияға, бүлікке, мұсылмандарды үрейлендіруге және олардың мал-мүлкіне қауіп төнуіне әкелетіндігіне өзіне толық есеп береді.

Аллаһ Тағала, Оған мадақтар болсын, жазаларды қолдануды, олар арқылы қоғамдық және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін,  заңдастырып, адамдардың дінін, тәндерін, өмірлерін, ар-намысын, ақыл-есін және мал-мүліктерін қорғады.  Аллаһтың мына сөздері осының түсіндірмесі болады: «Соның салдарынан Исраил ұрпақтарына: «Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған[1]  біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен; және кім оны тірілтсе[2], барлық адамды тірілткенмен тең», – деп жаздық» (әл-Мәида сүресі, 32-аят).

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Аллаһпен және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы – өлтірілулері, не асылулары, яки қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері[3], немесе елден айдалулары. Бұл – олардың дүниедегі жазасы. Және олар үшін Ақыретте ірі азап бар» (әл-Мәида сүресі, 33-аят).

Осы аяттарда аталған жазаларды қолдану қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз етуге және мұсылмандардың өмірі мен мал-мүлкіне қол сұғуға нәпсісі итермелеген кез келген адамды жүгендеуге кепілдеме береді.   Негізінде ғалымдар  қалалардың ішінде соғыс әрекеттерін жүргізудің басқа жерлерде соғыс әрекеттерін жүргізуден ешбір айырмашылығы жоқ дейді, өйткені Аллаһ Тағала: «…және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің …», – деді.

Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Адамдардан кейбіреуінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, (ол) Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол – өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді» (әл-Бақара сүресі, 204-205-аяттар), – деді .

Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Жер жүзі түзетілгеннен кейін[4] бүлікшілік қылмаңдар» (әл-Ағраф сүресі, 56-аят), – деп бұйырды.

Ибн Касир, Аллаһ оны рахымына бөлесін: «Аллаһ Тағала жер бетінде бұзақылық (жасауға) және ол (жер) түзетілгеннен кейін оған зиян тигізетін нәрселерді таратуға тыйым салады, өйткені егер алғашында істер дұрыс бағытта жүрген болса, ал кейіннен барлығы бұзылған болса, бұл Аллаһтың құлдары үшін ең зиянды болып табылады, сөйтіп Аллаһ Тағала бұған тыйым салды», – деді.

Әл-Қуртуби[5]: «Аллаһ Тағала, Оған мадақтар болсын, түзетуден кейін қандай болса да кез келген бұзақылық жасауға тыйым салды және бұл (үкім) барлық (адамдарға) қатысты», – деді.

Жоғарыда баяндалғандарға негізделіп және жоғарыда аталған іс-әрекеттер материалдық немесе өзге де мүдделер үшін соғысып жүрген жақтардың  іс-әрекеттерімен салыстырғанда анағұрлым қауіптірек екендігіне сүйене отырып, өйткені қопарушылық іс-әрекетпен айналысып жүрген адамдар қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға, мұсылман үмметін қиратуға, оның сенім жүйесін жоюға және оны Раббымыз көрсеткен жолдан тайдыруға ұмтылып жатқандықтары себепті, Кеңес төмендегідей шешім шығарды:

Егер адамның қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіргені: үйлерді, мешіттерді, мектептерді, ауруханаларды, көпірлерді, қару қоймаларын, сумен қамтамасыз ету көздерін және мұнай құбырларын немесе ұшақтарды жару яки басып алу және соған ұқсас іс-әрекеттер арқылы өзге адамдардың өміріне және жеке немесе қоғамдық мүлікке қарсы қастандық жасау жолымен қопарушылық іс-әрекетімен айналысып жүргені немесе жер бетінде бұзақылықты таратып жүргені шариғатқа сәйкес анықталса, күнәлі адам өлім жазасына лайықты.

Бұған осындай әрекеттерді істеп жүргені үшін күнәлі адам өлім жазасына лайықты болады деген жоғарыда келтірілген Құранның аяттары және қопарушылық іс-әрекетпен айналысып жүрген адамдар үлкен қауіп төндіретіндігі және қарақшылардан да көп зиян әкелетіндігі нұсқау бола алады.

Жеке адамды ғана өлтіру немесе тонау арқылы оған қастандық жасаған қарақшыға Аллаһ осындай жазаны бекіткен болса, онда көптеген жазықсыз адамдарға қайғы-қасірет тигізетін лаңкестер (терроршылар) оған тіпті лайық.

Бірінші тармақта айтылған жазаны қолданудан бұрын шариғат соттары тергеу органдары мен Жоғарғы сот тарапынан іске асатын дәлелдерді жинақтау жұмыстарын жүргізуі қажет.  Бұл өз парызымызды толық өтеу үшін, абай болудың  қажетті іс-шараларын  орындау үшін және бұл мемлекет қылмыстарды тергеуге және оларға жаза белгілеуге  байланысты шариғат бекіткен барлық рәсімдерді ауытқымай ұстанатынын көрсету үшін қажет.

Кеңес мұндай жазаның бекітілгендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануы қажет деп есептейді.

Аллаһтың игілігі мен сәлемі Оның құлы және елшісі – пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына болсын.

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің Кеңесі[6]

[1] Не көпқұдайшылық, не қарақшылық, зорлық, қирату және сол сияқты қылмыстар айтылып тұр.

[2] Яғни оның өмірін сақтап қалады.

[3] Оң қолы мен сол аяғы айтылып тұр.

[4] Яғни адамдарға Аллаһтың елшілері жіберілгеннен кейін.

[5] Ибн Касир және әл-Қуртуби – Құранның  көпке әйгілі және көрнекті тәпсіршілері.

[6] Ислам фиқхы қоғамының журналы, № 2, 181-бет. ,№ 148 – Шешім, 32-ші сессиясында қабылданған  24.08.1988 ж. (х. 12.01.1409 ж.)

Әһлю-Сунна уәл-жама’а “әл-жама’а” терминін қалай түсінеді
Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен

Әһлю-Сунна уәл-жама’а  “әл-жама’а” терминін қалай түсінеді[1]

1. Әл-жама’аға ілесуге және бөлінбеуге қатаң бұйрық  туралы

Құран, Сүннет және бір ауызды келісім  (әл-ижма’) «әл-жама’аға» ілесуге нұсқап, одан бөлініп шығуға тыйым салады!

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Адамдар біртұтас қауым еді, бірақ келіспеушіліктерге түсті» (Юнус  10: 19).

Мужәхид былай деген: “Адамдар бір үммет болатын және Адамның балаларының бірі өзінің бауырын өлтірген кезден бастап өзара келіспейтін болды”. әт-Табари 13708.

Ал адамзат бытыраңқы болып, адамдар өздерінің дінінен ауытқығаннан кейін, Аллаһ Тағала оларға Өзінің елшілерін жіберді, ал олар адамдарға Оның дінін жеткізді және оларды біртұтас қауым етіп, араларын біріктіріп нығайтты. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «(Мухаммад) Аллаһ Нухқа нұсқау берген нәрселерді және саған уахи еткенімізді, сондай-ақ Ибраһимге, Мусаға және Исаға нұсқау берген нәрселерімізді сендерге діни жол қылды: «Дінді мықты орындаңдар да, дінде бөлінбеңдер» (әш-Шура 42: 13).

Имам әл-Бағауи  былай деген: “Аллаһ барлық пайғамбарларды дінді орнату үшін, әл-жама’аға ілесу үшін және келіспеушілікке түспеу үшін, әрі адамдар келіспеушілік пен бытыраңқылықты тастаулары үшін жіберді”.  Қз.: ”Тафсир әл-Бағауи” 4/122.

Әрі Аллаһ Тағала Ибраһим пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі болсын) Нухтың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) жолында (партиясында)  екенін айтты, олардың  араларында үлкен уақыт аралығы өткен болса да! Аллаһ Тағала  былай деген: «Нухқа бүкіл әлемнен сәлем болсын. Рас, Біз, ізгі іс істеушілерді осылайша сыйға бөлейміз. Өйткені ол – сенуші құлдарымыздан. Сосын басқаларын суға батырдық. Күдіксіз, Ибраһим де  Нұхтың жолында (партиясында)» (әс-Саффат 37:  79-83).

Мужәхид  былай деген: “Бұл Ибраһимнің Нұхтың манхажында[2] және Сүннетінде болғандығын білдіреді”. Әт-Табари 22557.

Ал Мухаммад Пайғамбарға  (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ Тағала Ибраһимге (оған Аллаһтың сәлемі болсын) ілесуді бұйырып: «(Мухаммад,) Сонан соң саған Ибраһимнің дініне ілесуіңді уахи еттік. Ол ханиф[3] еді және көпқұдайшылдардан емес еді» (Нахль 16: 123), – деді.

Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметіне Аллаһ Тағала былай деп бұйырды: «Тұтас барлығың Аллаһтың жібінен бекем ұстаңдар да, бөлінбеңдер» (Әли Имран 3: 103).

‘Абдуллаһ ибн Мас’уд «Аллаһтың жібі» деген сөздер туралы былай деген: “Бұл әл-жама’а!” Қз.: “Тафсируль-Китабиль-Азиз”3/182.

Хафиз Ибн Касир  былай деген: “«Тұтас барлығың Аллаһтың жібінен бекем ұстаңдар да, бөлінбеңдер» деген сөздер «жама’аға ілесіңдер де, бытыраңқылыққа салыңбаңдар!» дегенді білдіреді”. Қз.: “Тафсир Ибн Касир” 1/397.

Аллаһ Тағала сондай-ақ  былай деген: «Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін бөлініп, өзара қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне дәл соларға зор азап бар» (Әли Имран 3: 105).

Ибн ‘Аббас  былай деген: “Аллаһ Тағала мүміндерге жама’аға ілесуді бұйырды және оларға келіспеушіліктер мен бытыраңқылыққа тыйым салды, әрі оларды өздеріне дейін өмір сүргендерді Аллаһтың дініндегі айтыс-тартыстары мен келіспеушіліктері опат еткендігі туралы хабарлады”. Қз.: “Тафсир әт-Табари” 4/39.

Аллаһ сондай-ақ  былай деген: «Күдіксіз, діндерінде бөлінгендер және топтарға жіктелгендер, оларға сенің еш қатысың жоқ. Олардың ісі Аллаһтың құзырында, әрі кейінірек Ол оларға істеген істері туралы хабарлайды» (әл-Ан’ам 6: 159).

Абу Хурайра: “Бұл аят осы үмметке қатысты түсірілген”, – деп айтқан. Әт-Табари 14269.

Имам әл-Қуртуби  былай деген: “«Күдіксіз, діндерінде бөлінгендер» – олар  осы үмметтің қатарындағы діндегі жаңалықтардың, күмәндардың және адасушылықтардың жақтаушылары;  «топтарға жіктелгендер» – әрқайсысында өз пікірі бар партиялар мен ағымдар; «оларға сенің еш қатысың жоқ». Осы ағымдардан сырт қалу уәжіп (міндетті) болып табылады”. Қз.: “Тафсируль-Қуртуби” 6/150.

Аллаһ Тағала сондай-ақ  былай деген: «Әрі серік қосушылардан болмаңдар. Сондай көпқұдайшылдардың қатарында, діндерін бөлшектеп, секталарға бөлініп, әрбірі өздерінің қолдарында барына мәз болғандардың қатарында болмаңдар»  (әр-Рум 30: 31-32).

Умардан Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  былай дегені жеткізіледі: «Жама’ада болыңдар, әрі бытыранқылықтан сақтаныңдар! Ақиқатында, шайтан  жалғызбен бірге, ал екеуден ол аулақ болады. Әрі кім Жәннаттың ортасын қаласа, жама’аға ілессін!»[4] Ахмад 1/18, әл-Хаким 1/114. Хадистің сенімділігін (сахихтығын) имам Абу ‘Иса әт-Тирмизи, әл-Хаким және шейх әл-Әлбани растаған.

Әл-‘Ирбад ибн Сарийа былай деп баяндайтын: “Бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге жүрегіміз қорқынышқа бөленген, ал көздерімізден жас төгілген насихат айтты, әрі біз: «Уа, Аллаһтың Елшісі, бұл қоштасушының насихаты сияқты ғой, ендеше бізге өсиет бер!», – дедік. Ол: «Мен сендерге Аллаһтан қорқуды өсиет етемін! Тыңдаңдар және мойынсұныңдар, тіпті сендерге құл әмірлік етсе де.  Ақиқытында, сендерден кім ұзақ өмір сүрсе, сол көп тартыстарды көреді. Ендеше менің Сүннетім мен тура жолдағы салиқалы халифалардың Сүннетін ұстаныңдар. Осыдан азу тістеріңмен ұстаныңдар және діндегі жаңалықтардан (бидғаттардан) толық аулақ болыңдар, өйткені діндегі әрбір жаңалық  – адасушылық!», - деді”. Абу Дауд 4607, әт-Тирмизи 2676, Ибн Мажжәһ 42, Ибн Наср 1/21. Хадистің сахихтығын имам Абу ‘Иса әт-Тирмизи, Ибн Хиббан, әл-Хаким, әл-Баззар, Абу Ну’айм, Ибн ‘Абдуль-Барр, әд-Дыйя әл-Мақдиси, әл-Әлбани, Муқбиль растады.

Сондай-ақ Ну’ман ибн Баширден Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  былай дегені жеткізіледі: «Жама’а – рахым, ал оны қалдыру (тастау) – жаза!» Ибн Абу ‘Асым 895, Ибн Абу әд-Дунья 1/25, ‘Абду-Ллаһ ибн Ахмад 8/182. Хадистің сахихтығын шейх әл-Әлбани растаған.

Шейх Салих әл-Фаузан  былай деген: “Бөлінудің дінге қатысы жоқ, өйткені дін бізге Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолына ілесіп, дұрыс ақида (сенім) мен бірқұдайшылық үстіндегі бір жамағат, бір үммет болуды бұйырады!” Қз.: «Муражжи’ату фи фиқхиль-уақи’» 44-45.

Шейх Ибн Жибрин  былай деген: “Исламның дінді біріктіру үшін келгенін және бөлінуге тыйым салғанын біл, Аллаһ: «Тұтас барлығың Аллаһтың жібінен бекем ұстаңдар да, бөлінбеңдер» (Әли Имран 3: 103), - деп айтқанындай. Ал бөліну – бұл түрлі топтарды құру.  Осы көптеген ағымдар үмметімізге жікшілдікті салады, әрі оны партиялар мен секталарға бөледі, ал бір ақида мен жолда бірігу уәжіп болып табылады!». Қз.: “әс-Сахуату-ссаләмия” 258.

Сөйтіп, біз Аллатың және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-жама’аға ілесуді бұйырғанын және бытыраңқылық пен түрлі партиялар мен жамағаттарға бөлінуге тыйым салғанын көрудеміз.

2. Ілесу әмір етілген «әл-жама’а» деген не?!

Абу Хурайрадан, Муғауидан, ‘Ауф ибн Маликтен және ‘Абдуллаһ ибн ‘Амрдан Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  былай дегені жеткізілген: «Яхудилер 71 ағымға бөлінеді, ал христиандар – 72-ге.  Ал менің үмметім 73 ағымға бөлінеді, әрі олардың біреуінен басқасының барлығы Отта!». Оған: «Олар (құтылғандар) кімдер?», – деген сұрақ қойылды. Ол: «Бұл –әл-жама’а», - деп жауап берді. Бұл сөздің түсіндірмесін хадистің басқа бір нұсқасында Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп берген:  «Олар мен және менің сахабаларым ұстанғанды ұстанатындар!» Ахмад 4/102, Абу Дауд 2/503, әт-Тирмизи 3/367, Ибн Мәжжәһ 2/479, әд-Дарими 2/241, әл-Хаким 1/128, Ибн Абу ‘Асым 63. Бұл хадистердің сенімділігін (сахихтығын) имам Абу ‘Иса әт-Тирмизи, имам Ибн Хиббан, әл-Хаким, әз-Захаби, хафиз Ибн Хажжәр, имам әл-Бағауи, хафиз Ибн Касир, әл-Жузжәни, шейхуль-Ислам Ибн Таймия, әш-Шатыби, хафиз әл-‘Ирақи, әл-Бусайри, хафиз әс-Суюты, Ахмад Шакир, шейх әл-Әлбани және Муқбиль растаған.

Имам әл-Бағауи  былай деген: “Әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл үмметтің бөлінетіндігін, құмарлықтар мен діндегі жаңалықтардың (бидғаттардың) жақтаушыларының пайда болуын хабарлаған және құтылу оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне және оның сахабаларының Сүннетіне ілесуде екендігіне нұсқаған”. Қз.: “Шарху-с-Сунна” 1/277.

3. Үмметіміздің ұлы имамдары «әл-жама’а» термині туралы не айтқан?

Имам Ибн Хиббан  былай деген: “Жама’а – бұл сахабалар, ал сахабалардан соң бойында діні, ақыл-санасы және білімі бар адамдар, бұл өз құмарлықтарын тастағандар, тіпті мұндай адамдар аз болса да!  Және бұл қарапайым адамдардың қаратобыры емес, тіпті олар көп болса да!”. Қз.: “Сахих Ибн Хиббан” 14/126.

Имам Абу Шама  былай деген: “Ақиқатқа ілес және оны ұстан, оны ұстанатындар аз, ал оған қайшы келетіндер көп болса да! Ал ақиқат – бұл жама’а, яғни Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларының ұстанғандары. Әрі біз адасқандардың саны көп болғандығына қарамаймыз”. Қз.: “әл-Ба’ис” 22.

Имам Ибн Абиль-’Изз әл-Ханафи  былай деген: “Жама’а – бұл сахабалар және Қиямет күніне дейін соларға ілескендер. Оларға ілесу – міне осы шынайы жол, ал оларға қайшы келу – бұл адасушылық!” Қз.: »Шарху ақидати-Ттахауия» 1/430.

Имам әт-Тирмизи  былай деген: “«Әл-жама’а» сөзінің ғалымдар тарапынан берілген тәпсірі – бұл фиқхты, ілімді және хадисті білушілер (яғни ғалымдар)”. Қз.: «әл-Жәми’» 4/467.

Бірде имам Ибн әл-Мубаракқа: “Ілесу қажет жама’а не?”, – деген сұрақ қойылды және ол: “Абу Бакр мен ‘Умар!” , – деп жауап берді. Оған: “Бірақ Абу Бакр мен ‘Умар қайтыс болды ғой!”, – деп айтылды, ал ол: “Пәлен және пәлен”, – деді.  Оған: “Бірақ пәлен мен пәлен де қайтыс болды ғой!”, – деп айтылды. Ол болса: “Абу Хамза әс-Сакри (Мухаммад ибн Маймун), міне сол жама’а”, - деді. Қз.: «әл-И’тисам» 2/771. Абу ‘Иса әт-Тирмизи  былай деген: “Ол ол туралы оның көзі тірісінде айтқан”. Ол өз уақытының білімді адамы болған!

Шейх әл-Әлбани  былай деген: “Жама’а – бұл саләфтардың (сахабалардың) жолымен жүруші бір қауым, әрі олардың бір немесе әртүрлі қалаларда тұрыуына қарамастан, жолы да бір, сенімі де бір”. Қз.: «Фатауа әл-Әлбани» 106-114 ықшамдалған.

Міне осы – әл-жама’а – бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары! Және солар әһлю-с-Сунна; саләфтар (алдыңғы буын); таифатуль-мансура (жеңіске жетуші қауым); фирқату-ннәжжийя (құтылған топ) және сауадуль-а’зам (ұлы қауым)! Аллаһ Тағала Оның Пайғамбарының (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалардың жолына ілеспейтіндерді қорқытып, былай деді: «Ал біреу өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Елшіге қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да, Тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын!» (ән-Ниса 4: 115).

Салиқалы халифа ‘Умар ибн ‘Абдуль-‘Азиз  былай деген: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және одан кейінгі халифалар онымен жүру, Ұлы және Аса Құдіретті Аллаһтың Кітабына сену, өз мойынсұнушылығыңды жетілдіру және Оның дінінен бекем ұстану дегенді білдіретін жол төсеп кетті.  Ешкім бұл жолды бұрмалауға немесе өзгертуге құқықты емес. Кім олардың жолымен жүрсе, сол тура жолда, ал кім ол арқылы соқырлықтан шығуға ұмтылса, сол соқырлықтан шығады. Ал кім одан ауытқыса және мүміндердің жолы болмаған жолмен жүрсе, соны Ұлы және Құдіретті Аллаһ бұрылған жағына қарай бұрып алып кетеді де, Отқа тастайды. Ол барар жер нендей жаман!” Әл-Әжжурри 1/94.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  былай деген: «Менің сахабаларым  – үмметімнің сақтаушылары және олар бұл дүниеден кеткен кезде, менің үмметім оны ескерткен нәрселерге түседі»[5]. Муслим 2531.

Мухаммад ибн Сирин былай дейтін: “«Егер адам саләфтар ұстанғанды ұстанса, ол ақиқат жолында!» – деп айтылған”. Ибн Батта 1/357.

Имам Ахмад  былай деген: “Әһлю-с-Суннаның негізі – бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларының ұстанғанын ұстану және соған ілесу, әрі кез келген бидғаттардан алшақ жүру”. Әл-Ләликаи 1/156.

Біз Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының ұлықтығын көрудеміз, әрі ақиқатында, кім олардың жолына ілессе және онда табанды түрде тұрса, сол ұлы сый алады!  Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  былай деген: «Ақиқатында, сендерден кейін сабырлық күндері келіп жетеді және кім сондай жағдайларда сендер ұстанғанды ұстанса, сол сендердің елуіңнің алған сыйына тең сый алады». Адамдар: “Уа, Аллаһтың Пайғамбары, мүмкін олардың елуінің шығар?”, – деп сұрады. Ол: «Жоқ, дәл сендердің!», – деп жауап берді. Ибн Наср “әс-Суннада” 33, әт-Табарани “әл-Аусатта” 3142. Шейх әл-Әлбани хадистің сенімділігін растаған.

Ал Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары қайтыс болғаннан кейінгі жама’а – бұл сахабалар жүрген жолды барлығынан жақсырақ білетін ғалымдар (уляма). Исхақ ибн Рахауайх  былай деген: “Өз уақытында жама’а – бұл Абу Хамза еді, біздің кезімізде бұл Мухаммад ибн Асләм және оған ілескендер”. Ибн Рахауайх сондай-ақ былай деген: “Егер сен жахильдерден (надан адамдардан) Ұлы қауым (сауадуль-а’зам) туралы сұрасаң, олар: “Бұл адамдардың жамағаты (яғни қарапайым адамдардың қауымы, жиынтығы)», – деп жауап береді. Ал олар жама’а – бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолына ілесуші ғалым екенін және онымен бірге болғандар – міне солар жама’ада, ал кім оған қарсы келсе, міне сол жама’аны қалдырған болатынын білмейді”. Қз.: «Хилиятуль-әулия» 9/239.

Имам әш-Шатыби  былай деген: “Ғалымдар – міне осылар Ұлы қауым (сауадуль-а’зам), олардың аз болғанына қарамастан”. Қз.: ”әл-И’тисам” 2/776.

Имам әш-Шатыби сондай-ақ былай деген: “Кімдер: «Әл-жама’а – бұл жай адамдардың қауымы ғана, олардың арасында ғалым болмаса да», – деп санаса, солар қателеседі, әрі бұл ғалымдардың емес, ақымақтардың түсінігі!” Қз.: “әл-И’тисам” 2/267.

Ибн әл-Қайим  былай деген: “Ақиқатында, ижма’ да, хужжә да (дәйек), сауадуль-а’зам да (Ұлы қауым) – бұл ақиқатқа ілесуші ғалым, тіпті ол жалғыз болса да, әрі тіпті егер жер тұрғындарының барлығы оған қайшы келсе де!” Қз.: “И’ләмуль-мууақи’ин” 3/397.

Құран мен Сүннетке оларды сахабалар қалай түсінген болса, дәл солай түсініп ілесетін және пайғамбарлардың мирасқорлары – ғалымдардан ұстанатын мұсылман, міне сол – жама’аға ілесуші, тіпті ол жалғыз болса да! Ибн Мас’уд  былай деген: “Жама’а – бұл ақиқатқа сәйкес келетін нәрсе, тіпті сен жалғыз болсаң да!” Әл-Ләликаи, Ибн ‘Асакир, иснады сенімді (сахих). Қз. сондай-ақ: шейх әл-Әлбани “әл-Мишкат” 1/61.

Сол сияқты Аллаһ Тағала да кезінде жалғыз мүмін болған Ибраһимді үммет деп атап, былай деді:  «Ақиқатында, Ибраһим үммет, Аллаһқа мойынсұнушы және бірқұдайшыл еді» (ән-Нахль 16: 120).

Міне осы «әл әл-жама’а» терминінің әһлю-Сунна уәл-жама’а түсінуіндегі шынайы мазмұны!

4. “Әл-жама’а” терминінің қате түсінігі

Үлкен өкінішке орай, біздің кезімізде түрлі секталар мен топтар «әл-жама’а» терминіне оның Исламдағы мазмұнынан өзге мазмұн берді де, «жамағат» сөзін әлдебір партиялар сияқты саяси бір нәрсеге айналдырды. Бұл топтар өздерінің жамағаттарын құруда, әрі оларға қалаған адамдарын қабылдап, қалағандарын олардан шығарып тастауда. Алайда бұл біздің үмметіміздің саләфтары ұстанған нәрсеге сәйкес келмейді! Бұл адамдар бүкіл ислам үмметі Аллаһ Тағала: «Рас, үмметтерің (діндерің)  - біртұтас үммет, ал Мен – Раббыларың! Ендеше Менен қорқыңдар! Бірақ олар дінін бөлшектерге жіктеді, әрі әрбір секта өзі ие болған нәрсесіне мәз» (әл-Му’минун 23: 52-53) – деп айтқанына сәйкес әл әл-жама’а болып табылатынына қарамастан, партиялар мен қалаларға, аймақтар мен аудандарға бөлінеді.

Осындай партиялардың біреуіне кірген мұсылман адам «жамағаттық» болып шыға келеді, тіпті оның сенімдері үмметіміздің саләфтарының ұстанған нәрселеріне сәйкес келмесе де! Олар Исламды қабылдаған әрбір адамнан: «Сен жамағаттықсың ба? Қай жамағаттансың?», – деп сұрайды. Ал мұндайды  Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оның сахабалары да істемеген еді! Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Сонда егер олар тәубе етіп, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олар сендердің дін бауырларың» (әт-Тауба 9: 11).

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия  былай деген: “Кәпірлер тәубе етіп, мүміндердің бауырларына айналады, әрі сондықтан да Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде Исламды қабылдаған барлық кәпірлерге мұсылман ретінде қатынас жасалатын”. Қз.: “Минхажжу-с-Сунна” 1/20.

Және көпқұдайшылардың ешқайсысынан олар Исламды қабылдағаннан кейін Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), сахабалар да: “Сен жамағаттансың ба әлде жоқ па?”,  – деп сұрамаған.

Олардың (секта-ағымдардың) көбі көпшілік болуды ақиқаттың өлшемі (нышаны) деп есептейді, ал іс жүзінде бұл олай емес. Бірде ‘Умар ибн әл-Хаттаб “О Аллаһ, мені аз болғандардан ете гөр!” деп дұға етіп тұрған адамның жанынан өтіп бара жатып, оның осынысына таң қалды да: «Мұның не?!», - деп сұрады. Сонда ол: «Уа, мүміндердің әмірі, өйткені Аллаһ Тағала: «Бірақ онымен (Нухпен) бірге аз ғана адам иман келтірді» (Худ 11: 40), - деді ғой. Ол сондай-ақ: «Әрі құлдарымның аз бөлігі ғана шүкір етеді» (Саба 34: 13), - деді. Әрі Аллаһ сондай-ақ былай деп айтады: «Расында, серіктестердің көбі бір-біріне әділетсіздік істейді. Бірақ иман келтіріп, ізгі амал ететіндерден басқа. Бірақ ондайлар аз!»  (Сад 38: 24). Және ‘Умар: “Шындығында да, сенікі дұрыс!”, – деген екен. Ахмад “әз-Зухдта” 1/114.

‘Абдуллаһ ибн ‘Амр былай баяндайтын: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) біз оның жанында болған күндердің бірінде: «Туба[6] – оғаш болғандар үшін», – деді. Оған: “Ал бұл оғаш болғандар кімдер?”, – деген сұрақ қойылды. Ол: «Жамандыққа батқан көпшілік адамдардың қоршауында болған салиқалы адамдардың азғантай тобы. Оларға қарсы болушылар оларға мойынсұнатындарға қарағанда көп болады». Ахмад 2/177, Ибн әл-Мубарак “әз-Зухдта” 775. Шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.

Исламды Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) манхажына сәйкес келмейтін әдістермен ұлықтауға және таратуға рұқсат етілмейді. Ал «Мақсат кез келген тәсілді ақтайды!» [7] деген кең таралған ұранға келер болсақ, оның Исламға еш қатысы жоқ! Олардың (топшылдардың (хизбия). – Аудармашыдан) көбі өздерінің осындай мәлімдеме жасамайтынын алға тартады, алайда іс жүзінде олардың істері бұған қарама-қарсы куәлік береді!  Имам Малик: “Бұл үмметтің соңғылары оның алғышқылары ұстанып жетістікке жеткен нәрседен өзге нәрсемен  жетістікке қол жеткізе алмайды”, – деп ақиқатты айтты. Қз.: “әш-Шифа” 2/676.

Са’ид ибн Жубайр  былай деген: “Сөздер істермен бірге болмаса, өзгеше /өзге жайғдайда/ қабыл болмайды. Әрі сөздер мен істер дұрыс ниетпен бірге болмаса, өзгеше /өзге жағдайда/ қабыл болмайды. Және сөздер, істер, ниеттер Сүннетке сәйкес болмаса, өзгеше /өзге жағдайда/ қабыл болмайды”. Ибн Шахин, әл-Ләликаи.

Сондай-ақ мұндай жамағаттар өздерінің «жамағат» деп атайтын тобына кірмеген мұсылман мен Исламнан алыс адамдардың арасында ерекше айырмашылық көрмейді.  Олардың жақсы көруінің өлшемі Аллаһ сол үшін бүкіл болмысты жаратып, Пайғамбарларды жіберіп отырған таухид (бірқұдайшылық) емес, әрі ғибадат пен Аллаһтың тыйым салған нәрселерінен тыйылу да емес, солардың жамағатына кіру болып табылады! Сонда Аллаһ Тағалаға құлшылық ететін және көпқұдайшылық жасамайтын, күнәлардан тыйылатын адам осылардан алыс адаммен тек мұндай жамағаттар мен партияларға кірмегендігі үшін тең бе?! Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) орнатпаған мұндай өлшем-критерийлерді кім орната алмақ?!

Біздің кезіміздің мұсылмандарының үлкен көкейтесті мәселесі  – Аллаһ оларды жауапты етпеген нәрселерге өздерін жауапты (мас’уль) етіп алғандарында және шын мәнінде олар жауапты болған өздері мен өз отбасыларын тастап қойып, әлемді құтқарумен айналысып кеткендігінде.  Біз: «Мұсылмандарға көмектесудің қажеті жоқ және оларды тастап қойып, тек өздеріміздің ғана қамымызды жасаумыз қажет», – деп айтып тұрған жоқпыз, өйткені Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім мұсылмандардың істеріне қам жемесе, сол олардан емес», – деген. Әл-Баззар, әт-Табарани. Хадис сахих. Қз.: сондай-ақ “Мәджмуу-ззауаид” 1/93. Бірақ Аллаһ: «Әй мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған Оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер жуан денелі, қатал. Олар Аллаһтың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйырылса, соны орындайды» (әт-Тахрим 66: 6), – деп бұйырғанындай, алдымен өзімізден және өзіміздің отбасыларымыздан бастауымыз қажет.

Егер жамағаттың қамын істеп жүргендердің әрбірі ең бірінші кезекте өзінен және өзінің отбасынан бастаса еді, бұл дұрысырақ және жақсырақ болар еді, өйткені бүкіл әлем осы отбасылардан құралады ғой!

5. Исламда ағымдардың пайда болуының себептері

Исламдағы бөлінушілік көптеген секталар Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары ұстанған сенімдерді бұрмалағаннан кейін басталды, нәтижесінде мұндай ағымдар мен секталар әл-жама’адан бөлініп шықты, өйткені олар насихаттай бастаған бидғаттар осы ақиқат жолымен ұйқаспайды!

Сондай-ақ түрлі жамағаттардың құрылуына Исламның адамдар арасындағы дұшпандары да себеп болуда, бұл туралы шейх Ибн Баз айтқанындай. Олар мұсылман үмметін қасақана бөледі де, мұсылмандарды әлсіз етіп, қатарларына бүлік салады. Өйткені дұрыс сенімге ие  мұсылмандардың біртұтас үмметінен дұшпандар қорқады, әрі, өкінішке орай, көптеген мұсылмандар әртүрлі жамағаттар құрып, осындай айлакерліктерге бой береді. Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 3/415.

Сондай-ақ жамағаттарға жіктелу жиі жағдайда ықыласты талпыныстардың әсерімен де орын алуда. Олардың арасында сенімдерінде негізінен салиқалы алғашқы буынның (саләфтардың) жолына ілесіп, Аллаһтың Есімдері мен сипаттарын теріске шығармай және бұрмаламай, сондай-ақ ғибадаттағы бидғаттардан сақтанатындары да бар. Алайда олар әдіснама-манхаж бен шақыру-дағуатта Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолына ілеспейді де, өздері соны түсінбей, басқа бір нәрселер ойлап табады. Мұндай партиялардың көбі өздерін «фирқату-н-нәжжийя» (құтылған топ) немесе «тоифатуль-мансура» (жеңісті қауым) деп санайды, әрі осы себептен,  Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  олар туралы: «Менің үмметімнен болған бір топ ақиқатты ашық түрде ұстануын тоқтатпайды, әрі оларға қарсы шығатындар Аллаһтан үкім келгенге дейін оларға зиян тигізе алмайды!» (әл-Бухари 4/187, Муслим 6/52), – деп айтқандардың қатарынан болуды ықыласты түрде қалап, өздерінің жамағаты сияқты топтар мен ұйымдар құрады.

Бірақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Менің үмметімнен болған бір топ», – деп, көптеген топтарды емес, бір топты атады ғой!

Осы орайда тағы да «Әрқашан ақиқатты ұстанатын бұл топ кімдер?» деген сұрақ туындайды.

Ибн әл-Мубәрак: «Олар – хадис білгірлері (асхабуль-хадис)», – деді. «Шарафу асхабиль-хадис» 26.

Ибн Мадини және әл-Бухари де: «Олар – хадис білгірлері», – деп санаған. «Сунан» ат-Тирмизи, 6/356.

Имам Ахмад былай деді: «Егер олар – хадис білгірлері болмаса, онда мен олардың кім екендігін білмеймін!» әл-Хаким «Ма’рифату ‘улюмиль-хадис» 4.

Ахмад ибн Синан: «Олар – алдыңғы буын өкілдерінің (саләфтардың) жолына ілесуші білім иелері!» – деп айтқан.  «Шарафу асхабиль-хадис» 26.

Сондай-ақ Ибн Қутайба, әт-Тирмизи, Ибн Хиббан, әл-Ажжурри, әл-Хаким, Ибн Сабит, әл-Бағауи, Ибн әл-Жәузи, Ибн Таймия, әш-Шатыби, Ибн Хажжәр және ән-Науауи де осылай деген, ал соңғысы: «Ғалымдардардың “«тоифатуль-мансура» — бұл білімді алып жүрушілер” деген пікірі бір жерден шықты», – деп айтқан. Қз.: “Тахзибу асмаи уа-ллюғат” 1/18.

Бұл аз болса, Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы құтылған топ кімдер екендігіне нұсқап: «Бұл мен және менің сахабаларым ұстанғанды ұстанатындар!», – деп айтты.

Ал қазіргі заманның барлық ағымдарына және олардың ұмтылатын нәрселері мен өз мақсаттарына қалай қол жеткізуіне қатысты айтар болсақ, бұл туралы шейх  Салих әл-Фаузан келесі өте жақсы сөздерді айтты: “Біз пайғамбарлардың жолымен жүрмей, өз жолын таңдап алған Исламды таратушы қазіргі заман мұсылман топтарының сәтсіз соңын көрудеміз. Олардың көбі адамдарды бір Аллаһқа ғана құлшылық етуге шақыруға және дұрыс мұсылмандық көзқарастарды таратуға емес,  екінші кезектегі мәселелерді түсіндіруге назар бөлуде. Олардың кейбіреулері саясатқа араласып, шариғат заңдарын өмірге енгізуді  талап ете бастады. Мұның барлығы өте маңызды, бірақ одан да маңыздырақ нәрселер бар. Аллаһтың заңдары Аллаһқа серік қосушыларға қатысты қолданылмай жатқан кезде қалайша ұрылар мен зинақорларды Аллаһтың заңдары бойынша жазалауды талап етуге болады?! Шариғаттың заң ережелері пұттар мен қабірлерге құлшылық етушілерге, Аллаһтың көркем есімдері мен сипаттарын жоққа шығарушыларға, оларды өзгертіп, мағынасын бұрмалаушыларға қатысты қолданылмайынша, қалайша бір қойдың немесе түйенің себебінен болған дауды шариғаттың заң ережелеріне сәйкес шешілуін талап етуге болады?!  Бұл – зинақорлықтан да, шарап ішуден де және ұрлықтан да қорқынышты күнә емес пе?!  Адам зинақорлық және ұрлық жасап, өзге адамдардың құқықтарын бұзады, ал қабірлерге және әулиелерге құлшылық қылып және Аллаһтың есімдері мен сипаттарын жоққа шығарып, адам Құдіретті Жаратушының Өзін қорлайды! Сөзсіз, біздің Жаратушымыздың алдындағы міндеттеріміз Оның жаратылыстарының алдындағы міндеттерімізден едәуір жоғары.

Шейх-уль-ислам Ибн Таймийя «әл-Истиқама» кітабында (1/466) былай деп жазған: «Аллаһқа серік қоспаған күйде күнәлар жасау басқа күнәлар жасамай Оған серік қосудан жақсырақ».

Басқа тағы бір топ бар. Оның ілесушілері өздерін Исламның уағыздаушылары деп санайды, бірақ олар Аллаһтың пайғамбарлары мирас еткен жолдан өзге жолмен жүруде. Олар ізгі ислами сенімдердің таралуына лайықты назар бөлмей, сопылар секілді, негізінен адамдарды ғибадатқа және Аллаһты жиі зікір етуге шақырады. Олар халықты өзіне қарату үшін сапарларға шығады, бірақ адамдар жиі жағдайда дұрыс емес көзқарасқа ие екендігіне маңыз бермейді.

Мұндай топтардың барлығы бидғатшыл болып табылады. Олардың бидғаты Аллаһтың елшілерінің жолы біткен жерден-ақ бастау алады. Ақиқатында, олар -басы жоқ денені емдеп жүргендер сияқты; өйткені дұрыс сенімнің діндегі орнының маңызы бастың денедегі маңызы секілді.  Бұл топтар өздерінің көзқарастарын қайта қарап, оларды Құран мен Сүннеттің негізінде құруы қажет. Тек Аллаһтың Кітабының және хадистердің арқасында олар Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Исламды таратуда қандай әдістерді қолданғаны туралы біле алады.  Билікке жетуге және Аллаһтың заңын орнатуға ұмтылған мұсылмандар мұның барлығы біз тек дұрыс сенімге қайтып, бір ғана Аллаһқа құлшылық етіп және оған серік қоспағаннан соң ғана мүмкін болатынын білуі керек.  Бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Аллаһ сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге өздерінен бұрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер қылуды уәде етті. Сондай-ақ, олар үшін Өзі разы болған дінін нығайтып, қауіп-қатерден кейін бейбітшілікке айналдырады. Олар, Маған құлшылық қылады. Маған серік қоспайды. Кім бұдан кейін қарсы келсе, міне солар – бұзақылар» (ән-Нур 24:55).

Олар надан мұсылмандар өлілерге және олардың қабірлеріне құлшылық етуінде көрініс табатын және әл-Латқа, әл-Уззаға және Манатқа құлшылық етуден ерекшеленбейтін пұтқа табынушылығынан тазарғанға дейін-ақ ислам мемлекетін құрғысы келеді. Ақиқатында, олар мүмкін емес нәрсеге ұмтылуда!

Жер бетінде Аллаһтың шариғатын орнату, қылмыскерлерді Аллаһ Тағаланың заңдарына сәйкес жазалау, ислам мемлекетін құру, жалпы айтқанда, ізгі істерді істеп, күнәлардан аулақ болу: мұның барлығы – бір Аллаһқа ғана құлшылық қылуды толықтырып кемелдендіретін нәрселер ғана.  Ендеше, қалайша маңызы бойынша бірінші кезекті болғанды елемей қалдырып, екінші кезекті нәрселерге назар бөлуге болмақ?!

Мен Аллаһтың елшілері қолданбаған әдістерді пайдаланып Аллаһтың дінін таратушы топтардың барлығы осы әдістер жөнінде хабардар болмағандығы себепті ғана осылай істеп жүр деп есептеймін. Надан адам Исламның уағыздаушысы бола алмайды, өйткені Аллаһқа шақырушы адамға қойылатын ең маңызды талаптардың бірі дұрыс білім болып табылады. Аллаһ Тағала өзінің Пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Айт: «Менің жолым – осындай. Мен және маған ергендер Аллаһқа ашық дәлелге (кәміл сенімге) сәйкес шақырамыз. Аллаһ Пәк, әрі мен көпқұдайшылдардан емеспін», – деп айтуды бұйырғанда осыны меңзеді.

Ал өзін ақиқаттың уағыздаушылары деп атайтын, бірақ «Ислам деген не және онымен не үйлеспейді?» деген сұраққа дұрыс жауап бере алмайтын мұсылмандар қаншама! Қалайша мұндай адамдар діннің уағыздаушылары бола алады?

Мен, сондай-ақ, бұл топтардың әрбірі, басқаларынан ерекшелену үшін, өз өзіне дербес бағыт таңдап алады және өзінің әдістеріне жүгінеді деп есептеймін. Бұл міндетті түрде Мухаммад Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүрген бағыттан ауытқуға алып келеді. Аллаһтың Елшісінің жолы – бұл жалғыз ғана жол, әрі онда жан-жаққа таралған тармақтар жоқ. Аллаһ Тағала былай деді: «Айт (Мухаммад): «Менің жолым – осындай. Мен және маған ергендер Аллаһқа ашық дәлелге (кәміл сенімге) сәйкес шақырамыз…»

Демек Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық шынайы ізбасарлары бір жолмен журуде, келіспеушілікке салынбай және бөлінбей.   Олармен тек тура жолдан тайғандар ғана келіспейді, бұл жөнінде Аллаһ Тағала: «(Мухаммад, оларға айт): «Бұл жол – менің тура жолым. Оған ілесіңдер де, басқа жолдарға ілеспеңдер, әйтпесе сендерді Ол нұсқаған жолдан адастырады…» (әл-Әнғам 6:153), – деп айтқан. Ал, ақиқатпен де, бір-бірімен де келіспейтін осы сияқты топтар Исламға қауіп төндіретін болғандықтан, біз олардың қатарларына тұруды қалаған әрбір адамды осындай ағат қадамнан сақтандыруға, бұл топтардың қате көзқарастарына олардың көздерін ашуға және олардың ешқайсысының Аллаһтың дінімен ортақтығы жоқ екендігін түсіндіруге міндеттіміз. Аллаһ Тағалада да дәл осылай деп айтты: «Расында, өздерінің дінінде бөлінушілік жасағандарға және секталарға бөліңгендерге сенің қатысың жоқ» (ән-Әнғам 6:159).

Ал шынайы Исламға келер болсақ, ол адамдарды хақ жолында бірігуге шақырады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Діндеріңдегі (уәделеріңді) орындаңдар және ол жөнінде қарама-қайшылыққа түспеңдер» (әш-Шура 42:13). Ол, сондай-ақ, былай деді: «Тұтас барлығың Аллаһтың жібінен бекем ұстаңдар да, бөлінбеңдер» (Әли Имран 3:103).

Біз барлығымыз адамдарға осыны түсіндіруіміз керек және сондықтан да ізгі мұсылман діндарлары басқа мұсылмандардың назарын осы топтардың қателіктері мен адасушылықтарына қаратады, әрі олардың әдістерінің Аллаһтың пайғамбарларының жолына сәйкес келмейтіндігін ашып береді». Қз.: «Муқаддима ли Манхажиль-анбия» 5-7.

6. Кіші әмірлік туралы

Түрлі жамағаттарды құрушылар өздеріне осы жамағатқа кірушілер орындауға міндетті болатын бұйрықтарды шығаратын әмірлер сайлап алады. Осы әмірсымақтардың белгілі бір нәрселерді тыйым салатыны және рұқсат ететіні осы жамағаттың негізінің дұрыс емес екендігіне нұсқайды, бұл туралы шейх әл-Әлбани айтқанындай. Қз.: “Сильсиләтуль-худа уә-ннур” 736.

Олар кіші әмірліктің Исламда орынға ие екендігін туралы мәлімдеп, дәлел ретінде халифа мен мұсылман әмірлеріне қатысты хадистерді келтіреді. Мысалы, «Маған мойынсұнушы Аллаһқа мойынсұнады, ал кім маған мойынсұнбаса, Аллаһқа мойынсұнбайды. Кім әмірге мойынсұнса, маған мойынсұнушылық танытады, ал кім әмірге мойынсұнбаса, сол маған мойынсұнбаған болады». Әл-Бухари 2957.

Немесе мына хадис: «Кім имамы жоқ болған күйде өлсе, жәхилиет өлімімен өлген болады». Ахмад 4/96, Ибн Хиббан 4573. Хадис сахих.

Алайда осы және осы сияқты хадистерде сөз мұсылмандардың әмірлері туралы болуда, әрі Аллаһ Тағала: «Әй мүміндер. Аллаһқа бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған билік иелеріне бой ұсыныңдар» (ән-Ниса 4: 59), - деп, оларға да мойынсұнуды бұйырды.

Ибн ‘Аббас  былай деген: “«Билік иелері» – бұл ғалымдар”, – ал Абу Хурайра: “Бұл әмірлер”, – деген. Ибн әл-Қайим осы екі пікірді біріктіріп, былай деп айтқан: “Іс жүзінде әмірлерге олар білімге сүйеніп әмір еткен кезде бағынады, сондықтан да оларға бағыну ғалымдарға бағынудың нәтижесі болады». Қз.: “И’ләмуль-мууақи’ин” 1/99.

Имам Ахмадқа «Кім имамы жоқ болған күйде өлсе, жәхилиет өлімімен өлген болады» деген хадис туралы сұрақ қойылғанда, ол былай деген екен: “Имам кім екендігі туралы сендерге мәлім бе?! Ол – айналасына барлық мұсылмандар жиналған, әрі оны имам деп айтатын  (адам)”. Қз.: Аби Я’лә  “әл-Ахкам” 1/23.

Олардың дәйектерінің қатарына сондай-ақ ‘Умардың кең таралған мына сөзі де жатады: “Жамағатсыз Ислам жоқ, әмірсіз жамағат жоқ, бағынусыз әмір жоқ”.

Біріншіден, имам әд-Дарими 1/91 келтіретін бұл хабар сахих емес. Оның жеткізушілерінің тізбегінде Сафуан ибн Рустум бар, ал оны әз-Захаби және басқа имамдар белгісіз (жеткізуші) деп айтқан. Сондай-ақ бұл хадистің басқа бір нұсқасы да бар, алайда оның тізбегінде ‘Абдур-Рахман ибн Майсара аталған, ал оны ешкім сенімді деп айтпаған. Бірақ бұл асар[8] сенімді болғанның өзінде де, күмәнсіз, Умар онда үлкен билік құруды меңзеп тұр!

Екіншіден, жамағатта әмірдің болуы оның бар болуының шарты болып табылмайды. Әл-жама’аның бар болуы әмірге ешқандай байланысты емес, әрі халифа болмаған тұста бағынуға тиіс адамдар  жамағаттардың өздері  сайлап алған әмірлер емес, ғалымдар болып табылады! Бұл аз болса, егер адам сахабалар ұстанған жолда болса, оның өзі жама’а, тіпті егер айналадағы барлық адамдар бұл жолдан ауытқыған болса да. Ибн әл-Қайим  былай деген: “Әрі имам Ахмадтың кезінде жама’а болған азғантай бөлігінен басқа барлық адамдар ауытқыды! Әрі сол кезде (Құран жаратылған деп есептеген) қазылар да, муфтилер де, халифа да және олардың іздерінен ілесушілер де ауытқығандардың қатарында болды. Ал имам Ахмад сол кезде әл-жама’а еді!” Қз.: «әл-Хауадис уәл-бида’» 1/22.

Ибн Мас’уд  былай деген: “Жама’а – бұл ақиқатқа сәйкес келетін нәрсе, тіпті сен жалғыз болсаң да!” әл-Ләликаи, Ибн ‘Асакир, иснады сахих. Қз.: “әл-Мишқат” 1/61.

Сондай-ақ олардың дәлелдеріне имам Ахмад өзінің “Муснадында” ‘Абдуллаһ ибн ‘Амрдың сөздерінен келтіретін мына хадис те жатады: «Қандай да бір жер телімінде өмір сүруші үш адамға олардың біреуін әмір етіп сайламауына рұқсат етілмейді». Алайда бұл хадис сахих болып табылмайды. Толығырақ “әс-Сисльсилә әд-да’ифа уәл-мауду’аны” 589 қараңыз. Бірақ тіпті осы хадис сахих болғанның өзінде де, одан әрбір жеке топтың әмірін емес, мұсылмандардың әмірін сайлаудың маңыздылығын және қажеттілігін түсіну керек, өйткені мұндай мазмұндағы хадистерді осылайша түсіну саләфтардан келмеген!

Ал Абу Дауд (2608) келтіретін «Егер үш адам сапарға шықса, олардың біреуі әмір болсын!» деген хадиске келер болсақ, ол сахих болып табылады, алайда бұл хадис тікелей сапарға байланысты бұйрықтарға қатысты, сапар кезінде келіспеушіліктер туындамауы үшін (мысалы, қалай жүру, немен жүру, қай жерде тоқтау т.с.с., бірақ бұдан артық емес), өйткені  сапар аяқталған соң бұл әмірлік тоқтайды.  Имам әл-Хаттаби  былай деген: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан сапарда әмір сайлау бұйырылған, олардың істері біртұтас болуы және олардың көзқарастары бөлінбеуі үшін және олардың арасында келіспеушіліктер болмауы үшін”. Қз.: “Мухтасар «Сунан» Аби Дауд” 3/414.

Шейх Ибн ‘Усаймин  былай деген: “Бұл хадисте қалада және ауылда әмірлік жоқ екендігіне дәлел бар, өйткені қалада және ауылда әмір (мемлекет басшысы) тағайындаған өз әмірлері бар”. Қз.: “Шарху сиясати-шшар’ия” 462.

Бұл ислам елдеріне қатысты!

Ал кейбір ғалымдардың осы хадиске қатысты айтқан сөздеріне, мысалы  имам  әш-Шауканидің “Бұл хадисте саны үш және одан да көп адамға жеткен кез келген топқа олардың біреуін әмір ету керек дегенге дәлел бар, өйткені осыда (әмір сайлауда) келіспеушіліктен құтылу бар» (Қз.: “Найлюль-аутар” 8/265) деген сөздеріне немесе  олар кіші әмірліктің рұқсат етілгендігіне дәлел келтіретін Ибн Таймийяның “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сапардағы шағын топ адамның арасындағы біреуіне әмір болуды бұйырды, әрі бұл бұйрық мұсылмандардың басқа қауымдастықтарына да қатысты” (Қз.: “Сиясату-шшар’ия” 161) деген сөздеріне келер болсақ, бұл ғалымдардың сөздерінің шынайы мағынасында мұсылмандардың кез келген тобы, олар қай жерде болса да, әрі саны қанша болса да, өздерін басқаратын немесе олар оған ант беретін әмір сайлап алуы қажет дегенге нұсқамайды. Олардың сөздері мұсылмандардың жаппай әмірінің болуының маңыздылығына және қажеттілігіне нұсқайды.  Шейх Ибн ‘Усаймин Ибн Таймийяның сөздері туралы  былай деген: “Шейхуль-Ислам сопылардың әмірлерін де, әртүрлі топтардың әмірлерін де меңзеп тұрған жоқ.  Шейхуль-Ислам мұсылмандардың жаппай әмірін меңзеп тұр”. Қз.: “Шарху сиясати-шшар’ия” 464.

Бұған сондай-ақ Ибн Таймийяның өзінің былай деп айтқан бір мағыналы сөздері нұсқап тұр: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) билікке ие әрі сол арқылы олар адамдарды басқаратын, іс жүзінде бар болған белгілі әмірлерге бағынуды бұйырды. Әрі өз негізінде билікке де, күшке де ие емес, өзі жоқ әмірге бағыну жоқ». Қз.: «Минхажжу-с-Сунна» 1/115.

Ал кәпірлердің жерлерінде өмір сүретін әмірлер мұсылмандарды емес, өздерін де қорғай алмайтын болса, олар қандай билік пен күшке ие?!  Олар шынайы билікке де, күшке де ие емес. Осы әмірсымақтар өздеріне халифалардың өкілеттерін жүктеп алған, бірақ өздерінің қарамағындағыларға қарапайым көмек те, қорғау да көрсете алмайды! Ендеше олар қалайша әмір болып табылмақ?!

Уа, мұсылмандар! Сендерге келтірілетін кейбір жанама дәлелдерге алданбаңдар, өйткені олар ғалымдардың жалпы түсініктері мен пікірлерінің мәтіндерінен жұлып алынған үзінділер ғана!

Шейх Ахмад ән-Нажми  былай деген: “Әмірлікке келер болсақ, ол сапардан және мемлекеттен өзге басқа жағдайда шариғат тарапынан бекітілмеген, әрі бұл елде мұсылмандардың әмірінен басқа кімді болсын әмір етіп сайлауға рұқсат етілмейді! Ал «Әмірлік сапар мен мемлекетте ғана емес, өзге жағдайларда да рұқсат етілген!» деп айтатындарға келер болсақ, олар дәлел келтірсін, алайда олар оны таба алмайды!” Қз.: «әл-Маурид» 195.

Алайда “имаратуль-идария” рұқсат етіледі, бұл «әкімшілік басқару» дегенді білдіреді, мысалы, мектептің, компанияның немесе қандай да бір мекеменің директоры. Шейх әл-Әлбаниге: “Бірнеше бала бір үйде тұрады, олар өздерінің арасынан біреуін үлкені немесе әмірі етіп сайлап алуына болады ма?», – деген сұрақ қойылды.  Шейх әл-Әлбани  былай деген: “Болады, егер ол оларға көмектесетін адам болса; егер олар оған ант бермейтін болса және білім иесі ретінде сұрақтарымен жүгінбейтін болса”.

“Ал оны әмір деп атауға болады ма?” деген сұраққа ол: “ «Әмір» деген сөзді қолданбау керек, мұның ізінен осы терминді бұрыс түсіну жалғаспауы үшін”, – деп жауап берді. Тыңдаңыз: “Сильсиләту худа уа-ннур” № 224.

Ал мұсылмандардың әмірінің бұйрықтарына келер болсақ, егер олар тыйым салынған болмаса, онда оларды орындау уәжіп (міндетті) болады, бұл аға (үлкен) ретінде сайланған немесе бастық болып табылатын адамның айтқандарын орындаудан айырықша, өйткені оларға бағыну уәжіп емес, әрі мойынсұнбау күнә болмайды!

7. Ант беру туралы

Әмірлік туралы жоғарыда айтылғанның барлығы жоғарыда аталған осындай партиялар мен жамағаттардың арасында кең таралған ант беруге де қатысты. Олар осы мәселеде тереңдеп кеткені соншалықты – осы антты тек әмірсымақтың өзіне ғана емес, оның жергілікті тағайындаған әкімсымақтарына да беру керек деп есептейді.  Олардый дәйегі мына хадис: «Кім ант бермеген күйде өлсе, жәхилиет өлімімен өлген болады». Муслим 3/240.

Ал шын мәнінде бұл ант тек халифаға немесе мұсылман мемлекетінің әміріне ғана беріледі. Шейх әл-Әлбани  былай деген: “Хадистерде айтылатын ант мұсылмандардың халифасына қатысты екенін, бірақ бұл қандай да бір партия мен сектаның жетекшісіне ант беретін әртүрлі ағымдардың істеп жүргеніндей емес екенін біл!  Міне осы – Құран тыйым салған  бөліну мен бытыраңқылықтың нағыз өзі!” Қз.: “әс-Сильсилә әс-Сахиха” 2/677.

Шейх Бакр Абу Зайд та “Хукмуль-интимада”  былай деген: “Мұсылман әміріне емес (басқаға) берілген кез келген анттың шариғатта ешқандай негізі жоқ!”

Үмметіміздің саләфтарынан мұсылмандардың әмірлерінен басқа кімге болсын ант беру туралы келмеген. Ал керісін айтатын адам дәлел келтірсін!

8. Кәпірлердің елдердерінде тұратын мұсылмандарға не рұқсат етіледі?

Кәпірлердің елдерінде өмір сүретін мұсылмандар қандай да бір маңызды мәселелер бойынша ғалымдарға жүгініп, олардың айтқандарына ілесуі қажет. Олар дін істерінде бір-біріне көмектесуі керек және бірге болуы қажет, бұл туралы Аллаһ Тағала: «Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар әрі шыншылдармен бірге болыңдар!» (әт-Тауба 9: 119), - деп бұйырғанындай. Аллаһ сондай-ақ былай деген: «Біріңе бірің жақсылық пен тақуалықта көмектесіңдер де, күнә мен жауласуда көмектеспеңдер» (әл-Мәидә 5: 2).

Ал олардың әмір сайлауына келер болсақ, бұл сұраққа шейх Ибн ‘Усаймин тамаша жауап берді! Оған: “Кәпірлердің жерінде өмір сүріп жатып әмір сайлауға болады ма?», – деген сұрақ қойылды.

Ол былай деп жауап берді: “Егер ол адамдар оған өз мәселелерімен жүгінетін адам болса, онда мұның еш жамандығы жоқ. Бірақ бұл маңызды жалпы мәселелер (умуруль-‘амма) болса, онда болмайды. Егер олар өздеріне осы кәпір елінің көлеңкесінде бола тұра, осы мемлекетпен жауласуға түсіп, шариғатты іске асыратын әмірді сайлайтын болса, онда бұл рұқсат етілмейді, өйткені ол өзін опат етуге тастайды! Алайда егер ол мұсылмандардың мәселелерін шешсе, мұндайдың еш жамандығы жоқ, мысалы, олар сайлайтын муфти”. Қз.: «Шарху сиясати-шшар’ия» 465.

9. Кейбір жамағаттардың опат етуші адасушылықтары

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  былай деген: «Сендердің істерің бір адамның айналасында біртұтас болған тұста біреу келіп, сендерді қақ айыруды және жамағаттарыңды бөлуді қаласа, оның басын шауып тастаңдар!» Муслим 3/1479.

Кейбір мұсылмандар тантыққа жеткені соншалықты – олар бұл хадисті өздерінің тобының  ыңғайына бұрмалап, өздеріне қайшы келетін кез келген адамды осы хадистің үкіміне түсіріп, әрі «оны өлтіруге болады, тіпті ол мұсылман болса да» деп есептейді!!! Алайда іс жүзінде бұл жерде мұсылмандардың халифасы туралы сөз болуда, бұл туралы ғалымдар айтқандарындай. Имам ән-Науауи  былай деген: “Бұл хадисте әмірге (мемлекет басшысына) қарсы шығып, мұсылмандарды бөлгісі келген адамды өлтіру туралы бұйрық бар, әрі ол ескертуден кейін тоқтамаса, оны өлтіру керек». Қз.: “Шарху «Сахихи» Муслим” 12/241.

Имам әс-Сан’ани да  былай деген: “(Пайғамбардың) бұл сөздері төңірегіне мұсылмандар жиналған әмірге (мемлекет басшысына) қарсы шыққанды өлтіруге рұқсат етілетініне нұсқайды, Аллаһтың құлдарын зияннан құтқару үшін”. Қз.: “Субулю-с-Саләм” 3/506.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  былай деген: «Үш жағдайдан басқа кезде мұсылманның қанын төгуге рұқсат етілмейді: зинақорлық жасаған үйленген адамды өлім жазасымен жазалау кезінде; өмір үшін өмірді алған кезде; және біреу дінінен шығып жама’аны тастап шыққан кезде». Әл-Бухари 6878, Муслим 1676.

Басқа бір елге өмір сүру үшін көшіп барған мұсылманды осы хадистің негізінде, ол олардың жамағатынан бөлініп шыққандығын сылтауратып, өлтіргісі келген жағдай да болған! Бұл да терең адасушылық, өйткені хадисте сөз діннен шыққан адам немесе мұсылмандарға және олардың әміріне қарсы шыққан адам туралы болуда! Имам ән-Науауи  былай деген: “ «Дінінен шығып жама’аны тастап шыққан» деген сөздер Исламнан ауытқыған әрбір діннен шыққан адамға қатысты, әрі егер ол Исламға қайта оралмаса, оны өлтіру уәжіп (міндетті болады). Ғалымдар сондай-ақ бұл діндегі жаңалықтың немесе (қарулы) бүліктің немесе тағы да бір нәрсенің көмегімен жамағатқа қарсы шыққанның әрбіріне қатысты деген. Әрі бұл сондай-ақ хауариждерге де қатысты”.[9] Қз.: “Шарху «Сахихи» Муслим” 11/165.

Қандай да бір ғалым немесе білім талап етуші мұндай топтардың адасушылықтарын атап айтса немесе оларға нұсқаса, олардың жетекшілері оны бұзақы-пасық деп атап, ол  жама’аны теріске шығарады деп айыптай бастайды.  Олар тіршілік көзін тек жамағатта ғана көретін өз қарамағындағыларға «әлгілер жама’аны теріске шығарады» деп айтады, әрі осы бейхабар мұсылмандар көптеген хадистерде, соның ішінде орыс (қазақ) тіліне аударылған әдебиеттерде жама’а туралы жиі айтылатындығын біле тұра, қалайша оны теріске шығаруға болады деп аң-таң болып абдырап таңданып,  олардан өздерін шеттете бастайды.  Ал шындығында ешкім жама’аны теріске шығарып жатқан жоқ, бірақ жамағаттың осындай бұрмаланған түсінуін теріске шығарып сөгуде, міне бар болғаны осы-ақ!

Тұжырым

Жоғарыда баяндалғаннан мынандай қорытынды шығады:

1.         Бүкіл ислам үмметі – міне осы жамағат, ал одан ауытқығандардың барлығы жамағатқа ешқандай қатысы жоқ!

2.         Әл-жама’а – бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының ұстанғаны, әрі әл-жама’а – бұл Аллаһ Тағаланың дінін баршадан жақсы білетін ғалымдардан ұстану дегенді білдіреді, өйткені Аллаһ Тағаланың өзі түсінбеушілік туындаған кезде оларға жүгінуді бұйырып: «Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар» (ән-Нахль 16: 43), – деп бұйырған адамдар дәл солар.

3.         Біз айтып кеткеніміздей, сахабалардың түсінуіндегі Құран мен Сүннетке ілескен және түсінбеушіліктер туындаған кезде не істеуді және қалай істеуді  өздері шеше салмай, ғалымдарға жүгінетін барша мұсылмандар – міне солар жамағатқа ілеседі, тіпті егер әртүрлі мемлекеттерде өмір сүріп жатса да!

4.         Жама’аттың болуы үшін әмірдің болуы шарт емес!

5.         Ал әмір тек мемлекетте және сапарда ғана болуы мүмкін (осы әмірлік әкімшілік басқарумен ғана шектелу шартымен, бұл туралы жоғарыда айтылғандай)!

6.         Ислам жерінде өмір сүретін адамдар мұсылман әмірінің (мемлекет басшысының) көлеңкесінде кімді болсын әмір етіп сайлап алуға құқықты емес!

7.         Кәпір елдерінде өмір сүретіндерге келер болсақ, олар өздерінің біреуін жауапты етіп сайлап алуына болады, егер осыған деген қажеттілік және мұсылмандар үшін пайда болса. Бірақ ол дінді білуі, өзін және сол жерде өмір сүретін мұсылмандарды кәпірлер тарапынан қауіпке салатын мәселелерге араласпауы шартымен! Өкішінке орай, қазіргі кезде көп жағдайда осыған керісінше болуда! Сондай-ақ ол бұйрықтар бермеуге, бір нәрселерге тыйым салмауға, ант беруді талап етпеуге т.с.с. тиісті.  Алайда ол ары кетсе насихат бере алады, ал адамдар оған құлақ асады ма, әлде жоқ па – бұған ол жауапты емес, бұл туралы Аллаһ Тағала Өзінің Пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ал егер олар бет бұрса, онда саған уахиді жеткізу ғана жүктелген» (Әли Имран 3: 20), – деп айтқанындай. Мұндай адам ол жерде мұсылмандардың талақ, сауда, фиқх секілді т.с.с. мәселелерін шешетін адам сияқты.

Қорытынды

Біз барлық мұсылмандарды дінді дұрыс түсінуге және оның негіздеріне шақырамыз. Уа, мұсылмандар! Ешкім және адамдардың арасындағы ешқандай бедел мен атақ иесі оған соқыр түрде ілесуге және оның сөздерін сөзсіз қабылдауға лайықты емес! Ибн ‘Аббас  былай деген: “Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзге сөздері бұлтартпай қабылдануы қажет ешбір адам жоқ!» әт-Табарани “әл-Кәбирде” 11/229. Иснады жақсы (хасан).

Имам Ахмад былай деп айтатын: “Дініңді адамдардың ешқайсысынан соқыр түрде қабылдама! Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларынан, ал содан соң табиғиндерден келгенді ал”. Қз.: “әл-Масаиль Аби Дауд” 1793.

Дәлел талап етпей соқыр түрде білім алатындар туралы имам әш-Шафи’и былай деп тамаша айтқан: “Кім дәлелсіз білім талап етсе, сол түнделетіп отын жинайтын, отынға қоса оны шағып алатын жыланды да ұстап алған адам секілді!“ әл-Байхақи “әл- Мәдхальда” 1/211.

Өз діндеріңізді алатын адамға қараңыздар! Мухаммад ибн Сирин былай дейтін: “Ақиқатында, бұл білімдер – дін; ендеше діндеріңді кімнен алып жатқандарыңа қараңдар!” Муслим 1/23.

Араб тілін немесе діннің қарапайым негіздерін білетін кез келген адам мұсылмандардың әлемдік мәселелерін шешуге құзырлы бола бермейді! Әрі араб елінде бес, не он жыл өмір сүрген кез келген адам да ғалым болып табыла бермейді! Ол туралы басқа ғалымдар оның ғалым екендігін айтқан адам ғана ғалым болып табылады.  Имам әш-Шатыби  былай деген: “Ғалымдар «ғалым» деп танымаған ғалым, басқа ғалымдар ол туралы: «Ол – ғалым», – деп куәлік бермейінше, ғалым болып табылмайды!” Қз.: “әл-И’тисам” 2/738.

Имам Абу Шама былай деп ақиқатты айтты: “Көп жағдайда адамдар белгілі бір адамды білім иесі және тақуа деп санай бастағандықтарынан (ал ол ондай болып табылмаса) бидғаттарға түседі. Және мұндай адамдар оның сөздері мен амалдарына (үлгі ретінде) қарай бастайды. Олар осы нәрселерде оның соңынан ілеседі де, сөйтіп өз істерін күйреуге алып келеді!” Қз.: “әл-Ма’рифа уа-ттарих” 1/670.

Имам әш-Шатыби былай деді: “Адамдардың қиыншылдықтары өздері ғалым деп санайтын надандардың себебінен орын алады”. Қз.: “әл-И’тисам” 1/145.

Имам әл-Ауза’и былай дейтін: “Саләфтардың іздерінен ілес, тіпті адамдардың барлығы сенен бас тартса да. Және адамдардың пікірлерінен сақ бол, тіпті олар пікірлерін өз сөздерімен әдемі етіп көрсетсе де”. Қз.: “әш-Шари’а” 1/193.

Абу әд-Дарда, Ибн Мас’уд және Убай ибн Қа’б (Аллаһ оларға разы болсын)  былай деген: “Аз болса да, бірақ Сүннетке сәйкес іс істеу, дінге жаңалық енгізуде ыждағат танытудан жақсырақ”. Әд-Дарими 1/72, әл-Байхақи 3/19, Ибн Наср 102, Ибн Батта 232. Иснады сахих.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендер менен кейін ұлы келіспеушіліктерге түсесіңдер», – деп айтатын. ‘Абдур-Раззақ 20818, әт-Табарани “әл-Кәбирде” 3/146. Хафиз әл-Хайсами “Мажму’у-ззауаидте” 5/7,  бұл хадистің барлық жеткізушілері «Сахихта» аталатынын айтқан, ал шейх әл-Әлбани хадисті сахих деген.

Әрі Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құтылатындарға нұсқап, осы топтың ерекшеленетін сипаттарын атап:  «Бұл – әл-жама’а, - немесе: - Бұл – мен және менің сахабаларымның ұстанғанын ұстанатындар!», – деп айтқан.

Үмметіміздің алғашқы буындарынан да, кейінгі ұрпақтардан да шыққан имамдарының ақидасында жама’а нені білдіретіні – міне осы. Бұл жай ғана Құран мен Сүннетке ілесу емес, бұл Құран мен Сүннетке оларды сахабалар (саләфтар) қалай түсінген болса, дәл солай ілесу! Міне сондықтан да біз барша мұсылмандарды жамағат құру, әмір сайлау, ант беру, бағыну, сондай-ақ діннің басқа да барлық мәселелерінде үмметіміздің саләфтарының ұстанған түсінігіне қайтуға және Құран мен Сүннеттің мәтіндерін өзінше түсінумен шектелмеуге шақырамыз!

Уа, мұсылмандар! Кіші адасушылық үлкен адасушылыққа айналатынын біліңіздер! ‘Амр ибн Саләма баяндаған оқиғаны еске алыңдар: “Әркез таң намазынан бұрын біз ‘Абдуллаһ ибн Мас’удтың есігінің алдында, онымен бірге мешітке бару үшін, оны күтіп отыратынбыз. Бірде Абу Муса әл-Аш’ари келді де: “Абу ‘Абдур-Рахман шығып қойды ма?”, - деп сұрады. Біз: “Жоқ”, – деп жауап бердік. Сонда ол отырды да, ол үйінен шыққанға дейін күтті. Ал ол шыққан кезде, біз барлығымыз оған жақындадық, әрі Абу Муса  былай деді: “Уа, Абу ‘Абдуррахман, мен қазір ғана мешітте өзіме ұнамайтын бір нәрсе көрдім, бірақ Аллаһқа шүкір, игіліктен басқа еш нәрсе көрмедім», – деді.  Ибн Мас‘уд: “Не ол?” – деді.  Абу Муса оған: “Егер барсаң, оны өзің де көрерсің. Ал мен мешітте шағын шеңберлер құрып алып отырған адамдарды көрдім, олардың әрқайсысының ортасында өзінің айналасындағыларына: «Осынша рет «Субхан-Аллаһ» деп айтыңдар, “Әлхамду ли-Лләһ” деп осынша рет айтыңдар, “Аллаһу Әкбар” деп осынша рет айтыңдар», – деп айтып отырған  бір адамнан отыр. Және әрбір отырған адамның алдында ол тасбих, такбир және тахмид[10] сөздерін айтқанда шерткілеп отыратын майда тастары бар», – деп жауап берді. Ибн Мас‘уд: “Сен оларға не айттың?»,  - деп сұрады. Абу Муса: “Мен алдымен сенің пікіріңді білгім келді”, – деді[11]. Ибн Мас‘уд Абу Мусаға: “Сонда сен оларға сөгіс білдірмедің бе? Оларға мұнысының орнына өздерінің күналарын санауды бұйырып, ал олардың ізгі істеріне келер болсақ, олардың ешбірі есептелмей қалмайтынына кепілдік беруің керек еді. Сен оларға осыны айтпадың ба?!», - деді.

Содан соң біз онымен мешітке бет алдық, әрі ол осындай үйірмелердің біріне жақындап келіп тоқтап, сол жердегі адамдардан: “Сендер немен айналысып отырсыңдар?», - деп сұрады. Олар: “Уа, Абу ‘Абдур-Рахман, осы тастар арқылы біз “Аллаху Әкбар”, “Лә иләһә иллә-Ллаһ”, “Субхана Аллаһ” және “Әл-хамду ли-Лләһ” сөздерін қанша рет айтқанымызды санаймыз», - деп жауап берді. Ибн Мас’уд  сонда: “Мұның орнына күналарыңды санағандарың жақсырақ болар еді, ал ізгі істеріңе келер болсақ, олардың ешбірі есептелмей қалмайтынына кепілдік беремін. Қасірет сендерге! Уа, Мухаммадтың үмметі! Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары әлі сендердің араларыңда, оның киіп жүрген киімі әлі тозып үлгермеді, ал сендер қалай опат болуға қарай тез ұмтылдыңдар?! Жаным Қолында болғанмен (Аллаһпен) ант етемін, не сендер Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дінінен басқа туралау дін алып келдіңдер, не адасушылықтың есігін ашудасыңдар!», - деді.

Ал олар сонда былай деп айтты: “Уа, Абу ‘Абдуррахман, біз игіліктен басқа еш нәрсе қаламадық”[12] Сонда ол: “Бірақ  игілікті қалағандардың қаншасы оған жете алмайды! Ақиқатында Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге: «Құранды оқитын адамдар пайда болады, бірақ ол олардың кеңірдектерінен төмен түспейді», – деп айтатын, Аллаһпен ант етемін, білмеймін, бірақ сендердің көбің солар шығарсыңдар!”.  Кейін Ибн Мас’уд олардың қасынан кетті. ‘Амр ибн Саләма  былай деген: “Және біз олардың көбін Нахрауан шайқасы күні бізге қарсы (хауариждер жағында) соғысып жатқанын көрдік».   Әд-Дарими 1/68, әт-Табарани 8628. Шейх әл-Әлбани иснадын сахих деді.

Имам әл-Барбахари: “Амалдардағы кіші бидғаттардан сақтаныңдар, өйткені, ақиқатында, кіші бидғат үлкен болғанша ұлғайып-өседі! Өйткені бұл үмметке енгізілген әрбір бидғат өзінің алғашында кішкентай және ақиқатқа ұқсас еді, әрі осы бидғаттқа кірген адам азғырылып, кейін одан шыға алмай қалды. Сөйтіп бұл бидғат үлкен болды және олар ұстанатын дінге айналды», – деп ақиқатты айтты.  Қз.: “Шарху-с-Сунна” 61.

Мухаммад ибн Сирин  былай деген: “Қайсы адам бидғат істемесін, нәтиже оның Сүннеттен айрылуы болады»[13]. Әд-Дарими 208.

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Ал біреу өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Елшіге қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да, Тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын!» (ән-Ниса 4: 115).

Бұл аятта Аллаһ Тағала Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларына ілесу барлық істерде болуы қажеттігіне нұсқаған, әрі оларға ілесуді белгілі бір мәселемен немесе ғибадаттың түрімен шектемеген.

Ұлы Аллаһ сондай-ақ  былай деген: «Мухажирлер мен ансарлардан болған алғашқы иман келтіргендерден және жақсылықта оларға ергендерден Аллаһ разы болды. Әрі олар да Аллаһтан разы болды. Сондай-ақ Аллаһ олар үшін мәңгі қалатын, астарынан өзендер ағатын Жәннат бақтарын әзірледі. Міне осы – ұлы жетістік!» (әт-Тауба 9: 100).

Бұл жерде Аллаһ мухажирлер мен ансарларға және олардың жолына қатаң түрде ілесетіндерге ғана разы екендігін атап айтты!

Әрі соңында әлемдердің Раббысы –  Аллаһқа мақтау айтамыз! Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына, сахабаларына және олардың жолына ілескендердің барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

[1] Шейхуль-Ислам Ибн Таймийя «әһлю-с-Сунна уәл-жама’а» терминіне анықтама беріп былай деген: “Бұл – Аллаһтың Кітабына және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне, сондай-ақ мухажирлер мен ансарлардан болған (мұсылмандардың) алғашқы буындары, әрі олардың ізбасарлары біріккен нәрселерге қатаң түрде ілесушілер”. Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 2/375.

[2] Манхаж – бұл Аллаһтың әмірлерін жерде орнатудың жолы, әдіснамасы. Аллаһ Тағала былай деп айтқан: «Сендердің (пайғамбарлардың) әрбіріңе Біз шариғат пен манхаж орнаттық» (Мәидә 5: 48). Қатада былай деген: “Барлық пайғамбарлардың діні бір, ал шариғаттары әртүрлі!” әт-Табари 9544.

[3] Ханиф – ширктен (көпқұдайшылықтан) бас тартушы, өзін аулақ ұстаушы.

[4]  Әл-жама’аға ілесу туралы төменірек қараңыз.

[5] Ал бұл – діндегі жаңалықтар, соғыстар, бүліктер және көптеген келіспеушіліктер. Қз.: “Кашфуль-ғумма” 28.

[6] Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Уа, Аллаһтың Елшісі! Туба деген не?” , – деп сұрағанда, ол: «Бұл – Жәннаттағы ұзындығы жүз жыл болған ағаш», - деп жауап берген. Әл-Бухари 6/233, Муслим 2826.

[7] Яғни мақсатқа жеткізетін кез келген құралдарды қолдану орынды (аудармашыдан).

[8] Сахабалардың амалы, айтқан сөздері туралы хабар. – Аудармашыдан.

[9] Хауариждер (шыққандар) – бұл Исламдағы алғашқы секта. Олардың басты сипаттарының бірі – олар әркезде мұсылмандардың әмірлеріне не сөздермен (әмірлерді сырттай сөгіп), не қолына қару алып қарсы (бас көтеріп) шығады. Олардың кейбіреулері мұсылмандарды кәпір дей бастап, оларды өлтіру рұқсат етілген деп санады. Олар күпірлікте айыптап өлтіргендердің қатарында мүміндердің әмірі ‘Али ибн Абу Талиб те болды. Олар туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай      деп айтқан: «Ақиқатында сендердің араларыңда құлшылықта соншалықты ыждағатты, тіпті өздерін өздері таң қалдыратын халық пайда болады. Бірақ олар діннен, жебе тесілген нысанадан тесіп өтетініндей,  шығып кетеді!» Әбу Я‘лә, 3/107. Хадис сахих. Қараңыз: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 4/519.

Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хауариждер туралы былай деген: «Пұтқа табынушыларды қалдырып, иман иелерін өлтіретін болады!» әл-Бухари 3344.

Абу Са’ид әл-Худри бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдар арасында Али оған жіберген алтынды бөлген кезде, көздері ішке кіріп кеткен, жақтары кең, маңдайы шығып кеткен, қалың сақалды және басы қырып тасталған, изары жоғары көтерілген бір адамның орнынан тұрып: «Уа, Аллаһтың елшісі, Аллаһтан қорық!», – деп дауыстап жібергенін баяндаған. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қасірет саған, жер бетінде өмір сүріп жатқандардың ішінде Аллаһтан қорқуға ең лайықты мен емеспін бе?!», - деді. Сол кезде әлгі кісі кетіп қалды, ал Халид ибн Уәлид: “Уа, Аллаһтың елшісі, оның басын шауып тастайын ба?» – деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жоқ, өйткені ол намаз орындайтындардан болуы мүмкін», – деді. Халид: “Ал тілдерінде жүректеріндегісінен басқа нәрселер бар қаншама намаз орындайтындар бар!» – деп айтты. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сонда былай деген: «Ақиқатында, маған адамдардың жүретеріне қарау және олардың құрсақтарын кесіп жару әмір етілмеген!» Ал содан соң Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл адамның соңына назар тастады да, былай         деді: «Бұл адамның ұрпақтарының арасында Аллаһтың Кітабын жұмсақ дауыстарымен оқитын адамдар пайда болады, бірақ ол олардың кеңірдектерінен төмен түспейді және олар жебе нысананы тесіп өтетіні сияқты діннен шығып кетеді!» әл-Бухари 4351.

Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олар туралы: «От тұрғындарынан болған иттер!», - деген. Ахмад 4/382. Шейх әл-Әлбани хадисті жақсы (хасан) деген.

Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Олар менің үмметімнің ең жақсы адамдарын өлтіретін үмметімнің ішіндегі ең жаман адамдар!» әл-Баззар. Хафиз Ибн Хажжәр хадисті жақсы (хасан) деген. Қз.: “Фатхуль-Бари” 12/286.

Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Соңғы замандарда жаратылыстардың ең абзалының (Пайғамбардың)  сөздерін айтатын жас және ақылы бойынша зердесіз (парықсыз) адамдар пайда болады, алайда олар садақтан атылған жебе сияқты Исламнан шығады. Бұл адамдардың иманы олардың кеңірдектерінен төмен түспейді, сондықтан да оларды қай жерде кездестірсеңдер – өлтіріңдер, өйткені оларды өлтірген (адам) осы үшін Қиямет Күні сый алады». әл-Бухари 3611.

Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Олар жаратылыстардың ең жамандары, әрі Туба оларды өлтіргенге және олар өлтіргенге». әл-Хаким 2/146. Хадис сенімді (сахих).

Алайда әрбір мұсылман өзі хауариж деп санайтын адамын, тіпті егер ол сондай болса да, өлтіру керек дегенді білдірмейді, өйткені мұны мұсылман әмірі (мемлекет басшысы) оларға дәлел жеткізгеннен кейін орындайды. Яғни Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хауариждерді өлтіру туралы бұйрығы кез келген адамға емес, мұсылмандардың әмірлеріне (мемлекет басшыларына) қатысты. Имам әл-Бухари өзінің “Сахихындағы” тарауды «Хауариждерді оларға дәлел келтіргеннен кейін өлтіру туралы» деп атап, мына аятты келтірген: «Аллаһ адамдарды тура жолға салғаннан кейін, олар сақтануға тиіс болған нәрселерді ашық білдірмейінше, оларды адастырмайды»  (әт-Тауба 9: 115).

Шейхуль-Ислам Ибн Таймийя былай деп айтқан: “Бидғаттарды жақтаушылардың жетекшілері үммет үшін жай күнә жасаушылардан көбірек зиян келтіреді! Осы себептен де Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хауариждерді өлтіруді бұйырды және әмірлерге (мемлекет басшыларына) қарсы шығуға тыйым салды!” Қараңыз: “Мажму’уль-фатауа” 7/284.

‘Ади ибн Хатим былай деп баяндайтын: “Бірде біз: «Уа, Аллаһтың Елшісі, біз сенен тақуа әмірге бағыну туралы сұрап жатқан жоқпыз, бірақ егер ол пәлен және пәлен нәрселерді істесе, біз не істеуіміз қажет?» – деп сұрадық». Ал олар онысымен әділетсіздікті меңзеген болатын. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһтан қорқыңдар, (әмірді) тыңдаңдар және мойынсұныңдар», – деді. Ибн Абу Асым 2/508. Шейх әл-Әлбани хадисті сахих деді.

Уа, мұсылмандар! Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қалайша хауариждермен соғысуды бұйырғанына, әрі мұсылмандардың әмірлеріне (мемлекет басшыларына) қарсы шығуға тыйым салғанына назар аударыңыздар! Бұл шейхуль-Исламның хауариждер туралы олардан дінге және мұсылмандарға келетін зиян озбыр (тиран) әмірлерден келетін зияннан едәуір жаманырақ дегенін растайды!

[10] Тасбих – бұл “Субхан-Аллаһ”, тахмид – “Әлхамду ли-Лләһ”, такбир – “Аллаһу Әкбар” сөздері.

[11] Аллаһ Ұлы! Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына атақты сахабасының сөздеріне назар бұрыңыз. Ол өзінен білімділеу болған кісіден біліп алмайынша еш нәрсе істемеді. Ал енді біздің кезімізде орын алып жатқан нәрселерге назар бұрыңыз: дінді білуде Абу Мусаның тырнағына да жарамайтын адамдар Аллаһ Тағаланың сөздерінен қорықпастан мұсылмандардың өмірі мен өлімі туралы мәселелерді шешуге батылдары мен бетпақтықтары жетуде. Салиқалы бұрынғы буын:  “Адамдардың ішіндегі ең наданы – бәрінен бұрын пәтуа беруге асығатыны”, - деп ақиқатты айтқан. Қз.: “әл-Фақих уәл-мутафақих” 2/349.

[12] Ықыласты болған нәрсенің барлығы дұрыс болып табыла бермейді. Әрі іс-амалдар Аллаһқа жақындауы үшін, дұрыс болуы, яғни Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сәйкес болуы қажет! Бұл дүниеде қорқынышты істер істегендердің барлығы сонысын ықыласты түрде, тек жақсылықты қалап істегендерін мәлімдеген. Шариғатта мынандай маңызды қағида бар: «Изгі ниет жаман амалды игі етпейді».

[13] Аллаһ Тағала біз үшін дінімізді толық етіп аяқтады. Ислам діні – толық, кемел дін, онда кемшіліктер жоқ, әрі онда қандай да бір жаңа нәрселерге де орын жоқ! Сондықтан да Исламға қандай болсын жаңалық енгізген адам Сүннеттен бір нәрсені қалдырады және жоғалтады. Ол Сүннетті бидғатпен ауыстырады, өйткені толық, кемел нәрсеге одан бір нәрсені алып тастамай және орнын ашпай басқа бір жаңа нәрсе енгізу мүмкін емес.

Видео: Шейх Салих әс-Сухайми: «Олар – мужжахидтер ме?!»
«Олар мужжахидтер емес! Олар – жер бетінде бұзақылық таратушылар! Жер бетінде зиянкестік таратушылар! Олар яхудилер мен христиандарға қызмет етеді, өздері соны сезсе де, сезбесе де! (Еврейлер) Палестинаны жан-жаққа бөліп-тартып және Әл-Ақсаны бұзып-қиратуға тырысып жатқан кезде, олар қиратуға қай жерде ынталандырып жүр?! Еврейлердің арасында ма? Жоқ! Олар: «Мұсылман жерлерінде жарылыстар жасаймыз», – деп жүр. Сондай-ақ: «Біздің Иерусалимге деген жолымыз бірінші кезекте, – олардың өздері кәпір деп атайтындарды, – жоюдың үстіне құрылады», – дейді, ал олар – мұсылмандар. Ендеше, мұндай идеялардан сақ болыңдар! Хауариждердің идеяларынан! Ал ежелгі хауариждер біздің заманымыздың хауариждерінен жақсырақ еді! Біздің заманымыздың хауариждері – нағыз өтірікшілер! Олар өтірік айтады және айла жасайды. Ежелгі хауариждер ашық түрде майданға шығатын. Оларда өтірік жоқ еді. Өйткені олар өтірікті не деп санайтын? Күпір деп! Ал мыналар (қазіргілер) өтірікті рұқсат етеді, әйелдердің киімін киеді, тіпті… Сендер өздерің естігендей, осыдан бір-екі күн бұрын орын алғанындай: сол кезде жер бетінде бұзақылық таратып жүрген олардың екеуі келіп, (біздің елімізге) басқа бір елден кірмек болды. Әрі олар ұсталды, бұл үшін Аллаһқа    бізден барлық мақтау-мадақтар болсын. Полицейлер олардан тоқтауды талап еткен кезде, олар тоқтады. Машинаның жүргізушісі болған жігіттің артында әйел, әйел сияқты абайя және әйел киімін киген (біреу) отырған…. Полицей одан (жігіттен): «Сенің жаныңдағы кісі кім?», – деп сұрады. Ол: «Анам», – деп жауап берді. А? Міне осы ма – жихад?! Әлде бұл зиянкестік тарату ма? Әлде шайтан оларды ойыншық қылып, адастырып, көру қабілетінен айырып, соқыр еткен  бе? Міне сол өтірік үшін әйел киімін киген біреу шығып, оқ ашты. Бұл оған тез арада жазасын тарттыруға әкелді де, натижеде ол немесе оның (серігі) өлтірілді. Әрі барлық мақтау Аллаһқа тән!»

Ринат Абу Мухаммадтың Қазақстан түрмелерінде  орын алған оқиғаларға қатысты берген насихаты

Наиль Абу Салих хауариждер туралы

Сауд Арабиясы Корольдігі Ірі ғалымдар Комитетінің мәлімдемесі

Видео: Шейх Салих әл-Фаузан: «Біз жихадты жақсы көреміз, бірақ бұл – жихад емес»
Сұрақ:

Сұраушы былай деді: «Құрметті шейх, жихадқа деген  мұндай жеккөрушілік пен адамдарды оған қатыспауға ынталандыру қайдан (келуде)? Ислам үмметі жихадқа мұқтаж екендігі, ал дұшпандар оны қаламайтыны белгілі ғой. Біз неліктен олармен (дұшпандармен) келісеміз? «Турхибун»/ «қорқытыңдар»  (8:60) деген сөздің мағынасы қандай? Аллаһ сізге игілікпен қайырсын!»

Жауап:

» Біз жихадты жақсы көреміз, бірақ бұл жихад емес! Біз алдын да мұның жихад еместігін айтқан болатынбыз. Бұл қирату! Адамдарды қақысыз өлтіру жихад болып табылады ма? Ал кейде адам тіпті өзін өзі қақысыз өлтіріп жатады!   Бұл – жихад емес! Жихадтың өз ережелері, шарттары және қағидалары бар. Оған мұсылман әмірі шақырады және ол оған басшылық жасайды. Тіпті Бану Исраиль де өз пайғамбарына: «Біз Аллаһтың жолында шайқасуымыз үшін бізге патша тағайында» (2:246), – деп айтты. Олар соғысу үшін өздерімен өздері қаруланып шықпады, бірақ: «Біз Аллаһтың жолында шайқасуымыз үшін бізге патша, – яғни басшы, – тағайында», – деді. Олар мұны кімнен сұрады? Өздерінің пайғамбарларының біреуінен, әмірден!   Билік мәселелеріне қатысты жихад  әмірдің құзыры болып табылады. Ол – жихад жасауға бұйрық беруші және оны басқарушы. Ол әскерді мобилизациялайды, қару-жарақ дайындайды. Ал «қорқытыңдар» деген сөзге келер болсақ, бұл Аллаһтың дұшпандарына қатысты. «Аллаһтың дұшпанын қорқытыңдар» (8:60). Аллаһ мұсылмандарды немесе олармен келісімі барларды  (муахадин) қорқытыңдар деп айтқан жоқ. Аллаһ: «Аллаһтың дұшпанын және өз дұшпандарыңды қорқытыңдар», – деді. Ия.

Көру үшін сілтеме

Ринат Абу Мухаммадтың Қазақстанның түрмелеріндегі оқиғаларға байланысты насихаты
Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік беремін, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік беремін. Уа, Аллаһ, пайғамбарға, оның отбасы мен сахабаларына, әрі оның жолымен басшылығына Қияметке дейін ілескендердің барлығына рақымың мен берекеңді бере гөр!

Содан соң:

Балхаштағы оқиғаларды сөз етіп, осы оқиғалар орын алғанға дейін немесе орын алғаннан кейін олармен байланысты болғандардың барлығына айтпағымыз бар. Мейлі олар – бұл оқиғалардың қатысушылары, немесе осы уақиғаларды өздерінің көзқарастарының негізінде ашып көрсеткен БАҚ өкілдері, немесе олар – осы оқиғалардың барысын бақылылап отырған қарапайым Қазақстан азаматтары болсын. Мен осы мәселені қысқаша түрде, Құран мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сүйеніп түсіндіргім келеді.

Тыңдау үшін сілтеме

Наиль Абу Салих хауариждер туралы
Ақиқатында, біздің уақытымыз – ұлы бүліктер мен сынақтардың кезі, көптеген мұсылмандардың жүректерінде діннің тіректері шайқалған уақыт. Үмметімізде осы бүлік пен алауыздықты туғызған себептердің бірі хауариждер болып табылады.

«Хауариж»  сөзі «хариджа» сөзінің көпше түрі болып табылады және топ (таифа) дегенді білдіреді.  Қз: «Фатх әл-Бари» 12/296. Исламдағы ең алғашқы діни жаңалық та дәл осы топқа тиесілі. Олардың шығуы Сүннетте айтылған болатын, әрі бұл оқиға ислам үмметінің тұрмыс-тіршілігіндегі жаңа кезеңнің – бүлік пен алауыздық (бөліну) кезеңінің басталуының белгісі болды. Хауариждердің адасушылықтарын әшкерелейтін және мұсылмандарды олардан сақтандыратын Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистері және оның сахабаларының айтқан сөздері көп. Қз.: «Фатх әл-Бари» 12/296.

Хауариждер өздерінің осы атауын бұл үмметтің ең жақсы адамдарына (сахабаларға) және олар бірауызды келісіп сайлаған мұсылман әмірлеріне (джама’аға) қарсы көтеріліп шыққандығы (хуруж жасағандығы) себепті алды. Қз.: «Фатх әл-Бари» 12/297.

Тыңдау үшін сілтеме

Бүліктердің салдары мен әсерлері
Шейх Абдур-Раззақ ибн Абдуль-Мухсин әл-Бадрдың «Бүліктердің салдары» кітабын жариялауды жалғастырамыз

Бүліктердің бірінші салдары: Адамдардың ғибадатты тастауы

Бүлік кезінде адамдар ғибадат жасауды, яғни өздері сол үшін жаратылған нәрсені тастайды.  (Аллаһқа) деген мойынсұнушылық тоқырайды, жүректер тәртіпсіздікке келіп шатасады, оларды бүліктен туындаған үрей мен қобалжу билейді. Олар тыныштық пен жайбарақаттылық таба алмағандықтың салдарынан Аллаһты лайықты түрде зікір ете алмайды.

Сондықтан да бүліктер кезінде орындалатын ғибадаттар үшін, тыныштық кезіндегі жасалатын ғибадаттарға қарағанда, көбірек сауап беріледі. Мұны Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздері дәлелдейді: «Аллаһқа тынышсыз уақытта ғибадат ету (сауабы бойынша) маған қарай қоныс аудару (хижра жасау) сияқты». Муслим 2948.

Яғни кім бүліктер қызатын және адам өлтірулер жиіленетін кезде осыған кіріспей, өзін ғибадатқа арнаса, оның (Аллаһтан) алатын сыйы Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көшіп баратын адамның сыйы сияқты болады.

Бұл хадисте бүлік кезінде ғибадаттан қолы босамайтын адам жетістікке жететініне және бүліктің жамандығынан құтқарылатындығына нұсқау бар. Мұның барлығы бүліктен аулақ болу және ғибадаттың әр түрлерімен айналысу қажет екендігін, әрі сол кезде адам тыныштыққа қол жеткізіп, жайбарақаттылықта және есендікте болатынын растайды. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, сендердің араларыңдағы ең бақытты (адам) – бүліктерден алшақ болғаны», – деп айтып, осы сөздерін үш рет қайталады ғой. Абу Дауд 4263. Хадис сахих. Қз. «әс-Сильсиля әс-сахиха» 975.

Яғни бақыт пен есендік бүліктен алшақтауда, сондай-ақ Аллаһ заңдастырған түрлі ғибадаттар арқылы Ол разы болатын және Оған жақындауға себеп болатын істерді жасауда. Бұл Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелі – Умм Салямадан жеткен мына хадиспен расталады: «Бірде түнде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ұйқысынан оянып: «Аллаһ Пәк! Бүгінгі түні нендей апаттар жіберілді[1] және нендей қазыналар ашылды![2] Бөлмелердің иелерін[3] намазға оятыңдар, өйткені бұл дүниеде киінген (әйел) Ақыретте жалаңаш болып қалуы мүмкін![4]» - деп дауыстап айтты.  әл-Бухари 115, 1126, 3599.

«Бөлмелердің иелерін намазға оятыңдар, өйткені бұл дүниеде киінген (әйел) Ақыретте жалаңаш болып қалуы мүмкін!» деген сөздерде бүліктер басталған кезде, намазға, Аллаһ Тағалаға құлшылық жасауға жүгіну керек және барынша Оған жақындауға тырысу қажет дегенге пайғамбарлық нұсқау бар.

Бұған оның мына сөздері де нұсқап тұр: «Қараңғы түннің бөліктеріндей болып келетін бүліктер келіп жетпейінше игі істер жасауға асығыңдар». Муслим 118.

Бұл – бүліктер кезінде игі істер жасауға деген ынталандыру, өйткені бүліктер лап берген кезде, адамдар, Аллаһ тағала көмек пен қолдау бергендерден басқалары, ғибадат істерінен көңілі бөлінеді.

Сахабалардың ізбасарларының (таби’ун) кезінде бүлік орын алған кезде, бүліктен алыстағандардың қатарында болған Хасан әл-Басри былай деп айтқан екен: “Уа, адамдар! Аллаһпен ант етемін, Аллаһ Хажжәжға сендердің үстілеріңнен билікті тек жаза ретінде берді, сондықтан да Аллаһтың жазасын қылышпен қарсы алмаңдар! Алайда (Аллаһқа) мойынсұнушылық танытыңдар да, дұға етіп жалбарыныңдар”. Ибн ‘Асакир «Тарих әд-Димашқ» 12/178.

Өйткені Аллаһ Тағала: «Біз оларды азапқа тарттық, бірақ олар Раббыларының алдында мойынсұнушылыққа келмеді және Оның алдында жалбарынбады» (әл-Муминун 23: 76), – деп айтты ғой.

Яғни мұндай жағдайда адам бойұсынушылық танытуы және Аллаһ Тағаладан құтқаруын тілеуі керек.   Ол өзін, өзінің жағдайын түзетуі және өз үйін тәртіпке келтіруі қажет. Өзінің Раббысына Ол разы болатындай етіп мойынсұнуы қажет.

Абу Хурайрадан (оған Аллаһ разы болсын) осындай мағынадағы мына сөздер жеткізіледі: “Олардан суға батып бара жатқан адамның жалбарынуындай жалбарынудан өзге ешнәрсе құтқара алмайтын бүліктердің уақыты келіп жетеді”.[5] Ибн Абу Шайба 7/531.

Суға шөгіп бара жатқан адам қаншалықты ықыласты және ынталы түрде жалбарынатыны біздің барлығымызға белгілі. Сондықтан да: «Суға батып бара жатқан адамның жалбарынуындай жалбарынудан өзге ешнәрсе одан құтқара алмайтын», – деп айтылды.

Адам шын ықыласты түрде Аллаһ Тағалаға құтқаруын, қорғауын және сақтауын тілеп жалбарынуы қажет.

Екінші салдары: Адамдардың ғалымдардан және білімнен алшақтауы

Бүліктердің салдары мен әсеріне олардың адамдарды білім алу мәжілістерінен алыстатуы, шариғаттың заң-ережелерін үйренуден, жалпы дінді танудан алшақтатуы да жатады. Адамдар ғалымдарға жүгінуді және олардың мәжілістеріне баруды тоқтатады, өйткені жүректерін уайым қамтып алады да, оларда бүліктің оты жанып тұрады. Ал мұндай қалыптағы адам өзін білім алуға бағыштай алмайды, ғалымдармен олардың мәжілістерінде бірге бола алмайды, және (соның нәтижесінде) ол білімнен және оның иелерінен алыста қалып қояды.

Бұдан да жаманы – бүлік адамдардың ғалымдарға елемеушілілік танытып, олардың маңызы мен абырой-мәртебесін кемсітіп, оларды балағаттай және қаралай бастауына әкелетіні. Убада ибн Самиттен (оған Аллаһ разы болсын) Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Біздің үлкендерімізді құрметтемейтін, кішілерімізге мейрімділік танытпайтын және ғалымдарымызға тиістісін бермейтін – бізден емес!» Ахмад 5/323, әл-Хаким 1/139. Хадис хасан. Қз. «Сахих әл-джами’» 5443.

Бүлік кезінде көптеген адамдардың ғалымдарға ашық түрде құрметсіздік танытуға, оларды қорлауға, мазақтауға, ең жексұрын нәрселерде айыптауға батылдары барады.  Әрі осының барлығы бүліктің салдары болып табылады, Аллаһ бізді бұдан сақтасын!

Тарих осындай оқиғаларға толы, әрі олардың бірі – көптеген Құранды жатқа оқушылар мен білімді адамдар және көптеген қарапайым адамдар тартылған ‘Абдур-Рахман ибн әл-Аш‘ас[6] араңдатқан бүлік. Міне осы бүлік басталған кезде, адамдар Исламның ең ұлы имамы әрі фақихтарының бірі болған әл-Хасан әл-Басриге (оны Аллаһ рақым етсін) келіп: «Сен харам болған қанды төгіп, харам болған мал-мүлікті иемденіп жатқан, намазды тастаған және тағысын-тағы істерді жасап жатқан бұл залым патша (Хажжаж) туралы не айтасын?» – деп сұрақ қойды. Ол: “Мен сендер онымен соғысуларың керек емес деп есептеймін Егер бұл (Хажжаждың залымдықпен патшалық құруы) – Аллаһтан келген жаза болса, онда сендер Аллаһтан келген жазаны өз қылыштарыңмен тойтара алмайсыңдар. Ал егер бұл – сынақ болса, онда Аллаһтың ол туралы  үкімі орындалғанша сабыр етіңдер, өйткені Ол – үкім шығарушылардың ең жақсысы”, - деді. Сол кезде олар: «Осы «‘ильджаны»[7] тыңдаймыз ба?» – деп оның алдынан шығып кетті.  әд-Дуляби «әл-Куна уәл-асма» 3/1035, Ибн ‘Асакир «Тарих әд-Димашқ» 12/178.

Олардың бойында бүлік лаулап кетті, әрі олар өздерінің өршеленген эмоцияларына  салынып, ғалым адамнан өз құмарлықтары мен қалауларына сәйкес келмейтін және өз бейімдіктеріне қайшы келетін сөздерді естігенде, оны балағаттай бастады.

Бүлікке деген сүйіспеншілік бойына әбден сіңіп кеткен адамдардың ғалымдарды балағаттауының ежелден бастап біздің кезімізге дейін шекарасы жоқ. Оларды «жарамсақ-жағымпаз» деп атайды, әмірлердің алдында жалбақтауда айыптайды,  «тыңшылар» (агенттер) деген ат тағып, басқа да түрлі жексұрын қылықтарда айыптайды.

Яғни бүлік бұл адамдарда ғалымдарға деген құрметсіздік туындатады, әрі олар білім иелерінің абыройын түсіреді, оларды елемей, балағаттай және сөге бастайды, және бұл – адаммен бүлік кезінде орын алуы мүмкін болған ең қауіпті  нәрсе, Аллаһ бізді бұдан сақтасын!

Және Хасан әл-Басридің кеңесіне құлақ салмай, ол туралы осылай айтқан адамдар ‘Абдур-Рахман ибн әл-Аш‘аспен бірге әл-Хажжажға қарсы көтерілгендері де, барлығы өлтірілді.[8] Олар ешқандай жақсылық алып келмеді және ғалымдардың кеңестерінен ғибрат пен пайда алмады.  Өйткені ғалымдар олар үшін ешкім болмай қалды және олардың сөздері де олар үшін ешқандай маңызға ие болмады.[9]

Үшінші салдары: Парықсыздардың жетекшілерге айналуы

Бүліктердің тағы да бір салдары болып парықсыздардың (ақымақтардың) басшылыққа қол жеткізуі болып табылады. Аллаһтың діні туралы білімі де, түсінігі де жоқ адамдар алға шығады да, құрметті орындарды иемдене бастайды. Әрі олар осындай орындарды өздерінің білімдерінің себебінен де, Аллаһтың дінін жақсы түсінуінің себебінен де, сабырлық, ұстамдылық (байсалдылық), парасаттылық сияқты сипаттарының болуы себебінен де емес, тек өздерінің эмоцияларының себебімен ғана иемденеді!  Олар басшылыққа тұрады да, содан соң соқыр түрде, жорамалдап шешімдер мен үкімдер шығарып, пәтуалар жариялайды. Әрі осы олар өз білімдерімен, парасаттылығымен, дұрыс ойлаушылығымен танылмаған бола тұра іске асады. Сондықтан шейхуль-Ислам Ибн Таймия (оны Аллаһ рақым етсін) былай деп айтатын: “Бүлік басталған кезде ақылдылар ақымақтарды тоқтатуға әлсіз болады». Қз.: «Минхадж әс-Сунна» 4/187.

Бүліктер мен сынақтардың кесірі тек залым мойынсұнбаушыларға ғана емес, жазықсыз адамдарға да тиеді, бұл туралы Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Және сендерден жеке залым болғандарға ғана кесірі тиіп қалмайтын фитнадан (бүліктен) сақтаныңдар». (әл-Әнфәл 8: 25).

Бүлік басталған кезде, оның күйесі Аллаһ құтқарғандардан өзге әрбір адамға тиіп кетеді. Және біз Аллаһ Тағаладан бізді бүліктің лас күйесінен құтқаруын сұраймыз!

Төртінші салдары: Амалдар сәтсіздікпен аяқталады және олардың салдары да  жаман болады

Бүліктердің салдарына бүлікке басын сұққан адамның одан пайда алмайтыны және өзгелерге де пайда келтірмейтіні, оның ақыры міндетті түрде қайғылы болатыны және күткен нәрселерінің орындалмайтыны да жатады.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия (оны Аллаһ рақым етсін) өзінің «Минхадж әс-Сунна» атты кітабында ерте заманда орын алған бүліктерді зерттеп, өте пайдалы қорытынды жасаған. Ол былай деп айтқан: “Билікке ие болған әмірге қарсы шыққан (адам) өз әрекеттерімен пайдаға қарағанда көбірек зиян келтірген жағдайдайлар аз болмады». Кейін ол осындай бүліктердің мысалын келтіріп, бүліктердің салдары мен жемістері туралы былай деп қорытынды шығарды: “Олар дінді де орнатпады және дүниелік нәрсені де сақтап қалмады”. Қз.: «Минхадж әс-Сунна» 4/527-528.

Бұған мысал – біз ертеректе олар туралы баяндаған адамдар.  Яғни имам Ахмадтың насихаттарына құлақ салмағандар және әл-Хасан әл-Басридің кеңесін алмаған басқа топ. Олардың барлығының соңы бір болды: «Олар дінді де орнатпады және дүниелік нәрсені де сақтап қалмады». Олардың бір бөлігін өлтірді, басқаларын түрмелерге жапты, кейбіреулері қашқындарға айналды. Яғни, бір сөзбен айтқанда, олардың барлығының соңы қайғылы болды.

Басқа бір мысалды имам әз-Захаби өзінің «Сияр а‘лям ән-нубаля» деген еңбегінде Андалусияның әмірі болған әл-Хакам ибн Хишам әд-Дахыль әл-Амауидің өмірбаянында келтіреді. Ол оның мемлекетінің қаншалықты гүлденгенін, қандай қуатты болғанын және оның римдіктердің үстінен қандай жеңістерге жеткенін ұзақ баяндайды. Содан соң әз-Захаби былай дейді: “Андалусияда әл-Хакамның мемлекетінде ғалымдардың санының өскені соншалықты – «Куртубада (Кордова) ғалымдардың және білім ізденушілердің қатарынан болған төрт мың білім иелері бар» деп айтылатын. Алайда олардың опат болуының уақыты жеткенде, Аллаһтың қалауымен оларға әл-Хакамның әділетсіздігіне сабыр ету қиын болды және олар оны тақтан құлату туралы сөз байласты. Кейін олар онымен шайқасу үшін әскер жинады да, Андалусияда Ислам үшін және оның жақтаушылары үшін жамандыққа айналған ұлы бүлік лап ете түсті». Қз.: «әс-Сияр» 8/253-260.

Кейін әз-Захаби бұл бүліктің соңы не болғанын ескертіп, қаза болғандардың саны бес мың адамға жеткенін, ал аман қалғандар не түрмелерге отырғызылғанын, не қашып кеткенін баяндады. Бұл оқиға осындай көтерілістермен және бүліктермен дінге пайда келтіру мүмкін еместігін тағы да бір рет растайды.  Әрі біз алдында айтып кеткеніміздей, басқалардың қателіктерінен сабақ алған адам ақылды.[10]

Бұл бүлікке қатысқандардың көпшілігі соңында оған басын сұққандары үшін  өкінді, әрі тарихта осындай оқиғалар аз емес. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия (оны Аллаһ рақым етсін) былай деп айтатын: “Ақиқатында, Аиша сахабалардың арасында болған соғысқа қатыспады және соғысу үшін шықпады, алайда ол өзінің шығуында мұсылмандар үшін пайда бар деп есептеп, мұсылмандарды татуластыру ниетімен шықты. Бірақ кейін оған шықпағаны жақсырақ болатыны айқын болды. (Кейін) ол сол кезде шыққанын есіне алған сайын көп жылайтыны соншалықты – тіпті оның орамалы сулана түсетін.  Сол сияқты (бүлік кезінде) шайқасуға басын сұққан (кіріскен) алдыңғы өмір сүрген адамдардың көпшілігі де соңынан өкінген, мысалы, Тальха, әз-Зубайр және Али, олардың барлығына Аллаһ разы болсын”. Қз.: «Минхадж әс-Сунна» 4/316.

Айюб әс-Сахтияни (оны Аллаһ рақым етсін) Ибн әл-Аш‘астың бүлігінде қатысқан қарилар (Құранды жатқа оқитындар) туралы былай деп айтқан: «Мен өлтірілгендердің қатарынан осындай халіне өкінбеген бір де бір адамды білмеймін және аман қалғандардың қатарынан оны сақтап қалған Аллаһқа мадақ айтпаған бір де бір адамды білмеймін». Халифа ибн Хаят «әт-Тарих» 76-бет.

Осы тақырып бойынша пайдалы деректердің қатарына сондай-ақ Зубайд ибн әл-Харис әл-Ямияның оқиғасы да жатады. Ол Исламның ұлы ғалымы және алты хадис жинағының риуатшыларының (жеткізушілерінің) бірі болып табылады.[11] Ол Ибн әл-Аш‘астың бүлігіне кіргендердің біреуі еді, бірақ аман қалды және адам өлтірулерге қатыспады. Мухаммад ибн Тәлха былай деп баяндайтын: “Бірде Зубайд менің әл-‘Аля ибн ‘Абдуль-Каримнің жанында күліп тұрғанымды көріп, былай деп айтқан еді: “Егер сен бас сүйектерді көргеніңде[12], күлмес едің! Және ақиқатында мен оң қолымның шынтағымнан төмен шауып тасталуын қалар едім, тек осыған қатыспасам болды!” Халифа ибн Хаят «әт-Тарих» 76-бет.

Содан соң басқа бір бүлік басталды және Зубайд оған қатысу үшін шықырылды. Бүліктің салдарын көрген және осыдан сабақ алған Зубайдтың тамаша жауабына назар аудар: Зубайдты жиі зиярат ететін және Алидің отбасы мүшелерінің (ахль әл-байт) өлтірілулері туралы оған айтып беретін Ибн әл-Му‘тамир оны Зайд ибн Алимен бірге шығуға шақырды, бұған Зубайд: “Мен Пайғамбармен ғана шығамын, ал мен оны таппай тұрмын», – деп жауап қайырды. Я‘қуб ибн Суфьян «әт-Тарих» 3/107, Ибн ‘Асакир «Тарих әд-Димашқ» 19/473.

Бұл – бүліктің салдарын өз көзімен көрген және өз басынан өткізген адамның жауабы!

Бесінші салдары: Бүлікке қатысқан адам абыройын жоғалтады

Бүліктің кері салдарының бірі сондай-ақ егер оған білім иелерінен болған бір адам кірсе, оның абыройы мен құрметінің жоғалатыны болып табылады. Бірақ кім бүліктен құтылса, соның беделі артады және адамдар оның білімінен пайда алады. Ал бұл ғалымның аман қалуы игіліктің ары қарай жалғасатындығын білдіреді, әрі бұл тек Аллаһ Тағаланың қолдауымен ғана іске асады.

Сондықтан да Абдуллаһ ибн Аун былай деп айтатын: “Муслим ибн Ясар, әл-Хасан әл-Басриге қарағанда, адамдардың арасында үлкен құрметке және абыройға ие еді. Алайда бүлік басталған кезде, Муслим оған қарай асығыс ұмтылды, ал әл-Хасан кідіріп, оған қатыспады. Сонда Муслимнің адамдардың көзінше беделі түсті, ал әл-Хасанның беделі артты”. Ибн Абу Шайба 11/128, Ибн Са‘д «әт-Табақат» 7/165, Ибн ‘Асакир «әт-Тарих» 58/146.

‘Абдуллаһ ибн ‘Аун ол туралы осылай деп айтқан Муслим ибн Ясар Ибн әл-Аш‘астың бүлігіне кірді, бірақ осы бүлік өтіп кеткеннен кейін, ол Аллаһты мадақтайтын. Оның Абу Қилябаның жанында болып былай деп айтқан сөздері жеткізіледі: “Уа, Абу Қиляба! Мен осы бүлікте бірде-бір оқ атпағаным үшін, ешкімді найзамен жарақаттамағаным үшін және қылышпен соқпағаным үшін сенің алдыңда тұрып Аллаһты мадақтаймын!”

Яғни ол осыған қатысқанын және олардың қатарларында болғанын, алайда ешкімге садақпен атпағанын және ешкімді қылышпен ұрмағанын меңзеп тұр.

Абу Қиляба оның осы сөздеріне былай деп жауап берді: “Уа, Абу ‘Абдуллаһ! Ал сені олардың арасында көргендермен не істемекпіз? Сен адамдардың арасында мойындалған ғалым және олардың арасында беделді орынға ие емессің бе? Ал ендеше сені екі қатардың арасында көріп: «Мынау Муслим ибн Ясар ғой! Аллаһпен ант етемін, ол бұл жақты ол ақиқат болғандықтан алды!» – деп айтқандармен не істемекпіз! Сенің екі жақтың біреуінің арасында болуың және оларды қолдауың бүлікті одан сайын өршіткен нәрсе болып табылады!”

Осы сөздерден соң Муслим ибн Ясар жылап жіберді, ал оны сүреттеген Абу Қиляба былай деп айтқан: “Ол менің: «Оған ешнәрсе айтпағаным абзалырақ болар еді», – деп қалауымды білдіргеніме дейін жылай берді және жылай берді!»” Ибн Са‘д «әт-Табакат» 7/187, Халифа «әт-Тарих» 52, Ибн Асакир «әт-Тарих» 58/146.

Міне, Муслим ибн Ясарға оның бүлікте енжарлықпен қатысқаны неге әкеп соққанын ескерткен Абу Қилябаның сөздері осылайша әсер етті, ал ендеше бүлікте нағыз белсенділікпен қатысып, мұсылмандарды өлтіріп жатқан адамдар туралы не айтуға болады?

Алтыншы салдары: Ақиқат өтірікпен араласып кетеді де, оларды ажырату мүмкін болмай қалады[13]

Бүліктің тағы бір салдары – оның кезінде көпшілік ақиқатты өтіріктен ажырата алмайтыны. Адам өлтіріледі, ал ол өзінің не үшін өлтірілгенін де білмейді. Тура сол сияқты адам өлтірген де не үшін біреуді өлтіргенін білмейді. Ақиқатында, бұл – адамдардың еліруіне әкеп соғатын, жүректер өзгеретін, қауіп-қатерлерлер ауыр салдарға ие болатын, адамдарды жан-жақтан жауыздық қоршайтын және істерде түсініксіздік пайда болатын лаулаған бүлік. Абу Муса әл-Аш‘ари былай деп айтқан: “Ақиқатында, бүлік басталған кезде, ол күңгірт болады және тек ол біткенннен соң ғана оның мәні ашыла бастайды”. әт-Табари «әт-Тарих» 3/26.

Яғни адамдардың басына бүлік келіп жеткен кезде, олар оны көрмейді және ол олар үшін күңгірт (бұлынғыр) болады, ал ол кеткен соң адамдарға оның бүлік болғаны айқын болады және олар оның мәнін ұғынады.[14]

Мутарриф ибн ‘Абдуллаһ ибн әш-Шиххир былай деп айтқан: “Ақиқатында, бүлік адамдарды тура жолға шығару үшін емес, мүмінге дін істерінде зиян тигізу үшін басталады”. Ибн Са‘д «әт-Табақат» 7/142, Абу Ну‘айм «әл-Хилья» 2/204.

Бүліктен одан алдын ала ескертетін және оны тануға болатын сипаттарын түсіндіретін кезде де құтылу мүмкін емес, бұған мысал Дажжалдың бүлігі және азғыруы. Ақиқатында, бұл – ең үлкен азғыру және ең ұлы бүлік, әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз үмметіне ол туралы алдын ала ескертіп айтып кеткен еді. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ең айқын түрде оны тануға болатын және олар арқылы Дажжалды әшкерелеуге болатын сипаттарды түсіндіріп берді, бірақ осыған қарамастан, оның ізінен өте көп адамдар ілесіп кетеді. Әрі Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) насихаты – бүліктен алшақтау. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Дажжал туралы естіген әрбір (адам) одан алшақтасын, өйткені, Аллаһпен ант етемін, адам өзін мүмін деп есептеп оған келеді де, кейін ол таратып жүрген күмәндардың себебінен оған ілесіп кетеді». Ахмад 19968, Абу Дауд 4319, әл-Хаким 4/576. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-джами’» 6301.

Сондай-ақ қандай да бір іске, егер ол түсініксіз және күмәнді болса, кірісуге тыйым салынады, әсіресе бұл адамдардың өміріне қатысты болса. Муслимның «Сахих» жинағында Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны келтіріледі: «Кім бұлыңғыр (соқыр) тудың астында шайқасқан және тайпасы үшін ыза танытқан, немесе ұлтшылдыққа шақырған, немесе  тек тайпасына деген махаббатының себебінен көмектескен кезінде өлтірілген болса, сол жахилиет (Исламға дейінгі надандық) өлімімен өлген болады».[15] Муслим 1848.

Сондай-ақ осы тақырып бойынша данқты сахаба Са‘д ибн Абу Уакқастың (оған Аллаһ разы болсын) оқиғасын келтіріп,  Али ибн Абу Талиб пен Му‘ауияның (оларға Аллаһ разы болсын) арасында орын алған бүлік кезіндегі іс-әрекеттері туралы баяндау орынды болады. Абдур-Раззақ жеткізушілердің сенімді тізбегімен Мухаммад ибн Сириннен мына оқиғаны жеткізеді. Бірде Са’дқа: “Сен не үшін шайқаспайсың? Өйткені сен Кеңесте қатысқандардан (ахль аш-шура) едің ғой, сондықтан да сен басқалардан гөрі көбірек соғысуға міндеттісің!” – деп айтылды. Ол: “Сендер маған кәпірді мүміннен ажырата алатын, екі көзі, тілі және еріндері бар қылыш ұстатпағандарыңа дейін мен соғыспаймын. Мен Аллаһтың жолында шайқасқанмын, әрі мен джихадтың не екенін білемін». Абдур-Раззақ 20736, Абу Ну‘айм «Ма‘рифа әс-сахаба» 1/135.

“Сендер маған кәпірді мүміннен ажырата алатын, екі көзі, тілі және еріндері бар қылыш ұстатпағандарыңа дейін мен соғыспаймын» деген сөздердің мағынасы: маған мүмінді кәпірден ажарата алатын және мен онымен мұсылманды ұрғанда, ол шетке ыршып кететін, ал мен онымен кәпірді ұрғанда, оны өлтіретін қылыш беріңдер.  Ал “Мен Аллаһтың жолында шайқасқанмын, әрі мен джихадтың не екенін білемін», - деген сөздер «мен Аллаһтың жолында шайқасқанмын, әрі джихадтың дәл қандай болатынын білемін. Ал мұсылмандар бірін-бірі өлтіріп жатқан және олардың бастары ұшып жатқан шайқасқа мен кірмеймін, тек егер сендер маған мен суреттеген қылышты бермесеңдер ғана» дегенді білдіреді.

Кейін Са’д керемет мысал келтіріп, былай деді: “Сіз бен бізді айқын жолмен жүріп бара жатып, өршеленген қатты дауылға тап болған және соның себебінен олар жолды көру мүмкіндігін жоғалтып жолдан тайған адамдармен салыстыруға болады. Сонда олардың кейбіреулері: «Жол оң жақта!» деді. Олар айтқан жағына қарай жүріп, адасты және жолдан ауытқып кетті.  Басқалары: «Жол сол жақта!» – деп айтты да, сол жаққа бет алып, кейіннен адасып, жолдан тайды. Ал қалғандары: «Дауыл өршеле бастаған кезде біз тура жолда болатынбыз, сондықтан да біз тоқтап, осы жерде күтеміз», – деді. Таң ертең дауыл тынышталды, ал жол тағы да анық күйге келді. Соңғы (орнында қалған) топ, міне солар – «Біз Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кездестірмегенімізше оның бізге қалдырып кеткенін ұстануымыз қажет, әрі біз бүлікпен байланысты қандай да бір нәрселерге кіріспейміз!» – деп айтатын «әл-джама‘а»”. Ибн әл-А’раби «әл-Му’джам» 713, әл-Хатаби «әл-‘Узля» 72, Ибн Асакир «Тарих ад-Димашқ» 39/496.

Са’д ибн Абу Уакқас, Абдуллаһ ибн Умар және сахабалардан құралған топ Му’ауия мен ‘Алидің арасында орын алғанға қатысты «қылыш – мәселені шешуші» деп есептемеген. Олар мәселенің шешімі деп татуласуды, істердегі парасаттылықты т.с.с. есептеген.[16]

‘Алидің бұл мәселеде өз ижтихады болды,  Му’ауияның да бұл мәселеде өз ижтихады болды. Ал кім бар күш-жігерін ақиқатты және дұрыс шешімді іздеу үшін жұмсаған болса, сол өзінің тырысуы мен дұрыс шешімі үшін сауапқа ие болады. Ал егер де ол қателессе, оның қатесі кешіріледі де, шешім қабылдаудағы күш-жігер жұмсағаны үшін сауап жазылады.   Бұл туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Егер сот (шешім шығарушы) ыждағаттылық (ижтихад) көрсетіп  шешім шығарса әрі оның шешімі дұрыс болса, оған екі сауап тиісті болады, ал егер ол ыждағаттылық танытып шешім шығарса және қателессе, онда оған бір сауап тиісті болады». әл-Бухари 7352, Муслим 1716.

Жетінші салдары: Жастардың азуы (бұзылуы)

Бүліктің салдарының тағы бірі – оның жастардың оған тартылуына, олардың бұзылуына және адасуына себеп болуы. Ол жастарды салдары қатерлі және соңы қайғылы жолмен жүргізеді. Осы себепті жастар игі болып көрінетін шақыруларға, дүрліктіретін ұрандарға және көркемделген үндеулерге алданбауға міндетті. Керісінше, егер біреулер бір нәрселерге шақырып жатса, осы мәселе бойынша беделді ғалымдарға жүгіну керек. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Игілік сендердің үлкендеріңмен бірге».[17] Ибн Хиббан 559, әт-Табарани «әл-Аусат» 8991, әл-Хаким 1/131. Хадис сахих. Қз.: «әс-Сильсиля әс-сахиха» 1778.

Осы себепті (біреулер) қандай да бір іске және жолға шықырып жатса, үлкендерге – мығым білімге ие, пәтуа шығаруында және қандай да бір мәселені түсіндіріп беруде сақтығымен және абай болуымен танылған, насихат беруде парасаттылығымен және даналығымен елге белгілі ірі ғалымдарға қайту керек.

Бірақ бүліктердің кезінде (бүлікшілер) жастарды арбап опат етуші істерге тастайды, ал олар содан соң одан шығатын жол таба алмайды. Жастарды, яғни болашақта бүлікті тұтандырушыларды тарту, болмашы және әдетті болып көрінетін істерден басталады, мысалы, бір топ адамдар жинайды да, Аллаһқа, Оның періштелеріне иман келтіруде, намаз оқуда, зекет беруде т.с.с. нәрселерде бірігетіні туралы өзара келіседі.  Бірақ осыған олар кейіннен жас адамға белгілі міндеттемелерді жүктейтін тағы да басқа кейбір шарттарды қосады.  Сөйтіп ол партиядан (хизб) немесе сектадан бір-ақ шығады немесе біреулерге ант берген болып шығады және т.с.с. Ол кейіннен ойланып, кеткісі келуі де мүмкін, бірақ енді мұны істеу қиынға соғады, өйткені бұл жолда көп уақыт өткізген және опат етуші істерге белшесінен батқан болады. Осындай нәрселер ежелден бері жалғасып келуде. Мысалы, атақты таби‘ий – Мутарриф ибн ‘Абдуллаһ әш-Шиххир (оған Аллаһ разы болсын) өзінің жас кезінде орын алған оқиғаны баяндап береді. Ол былай деп баяндайтын: “Біз жиі-жиі Зайд ибн Суханға келіп тұратынбыз әрі ол: «Уа, Аллаһтың құлдары! Кең пейілді болыңдар және ең жақсы түрде амал жасаңдар! Ақиқатында, пенделердің Аллаһқа апарар жолы екі нәрседе: тақуалықта және ыждағаттылықта!» – деп айтатын. Ол уағызшы болатын, адамдарға насихат пен ескерту жасайтын, оларға Аллаһтан қорқуды сіңдіретін және оларды Аллаһқа мойынсұнуға және құлшылық жасауға жігерлендіріп ынталандыратын.  Бірде мен оның жанына келгенімде, адамдардың қолдарында шамамен «Раббымыз – Аллаһ, Пайғамбарымыз – Мухаммад, ал Құран – жетекшіміз! Және біз бізді қолдайтынмен бірге боламыз, ал кім бізге қарсы болса, оның төбесінде біздің қолымыз тұрады!» – деген мәтіні бар жазуларды көрдім».

Сөйтіп, олар сырт көзбен қарағанда адамдардың басым бөлігі үшін ешқандай қиындық туғызбайтын нәрсе жазған еді.

Мутарриф былай деп жалғастырды: “Кейін Зайд (қатысып отырғандардың) әрбіріне осы жазуды алып келіп, одан: «Уа, пәленше, сен осымен келісесің бе?» – деп сұрай бастады. Ал (олардың) әрбірі: «Иә, келісемін!» – деп жауап берді. Ол маған келгенше және: «Уа, бала, сен осымен келісесің бе?» – деп сұрағанша осылай жалғасты. Мен: «Жоқ, мен келіспеймін», – деп жауап бердім. Сонда ол: «Бұл баламен асықпаңдар! Ал сен не деп айтасың?» – деді. Мен: «Аллаһ менен Өзінің Кітабында келісім-шарт алды, әрі мен Аллаһ Өзінің Кітабында менен алған келісім-шарттан өзге ешқандай келісім-шарт жасаспаймын. Осыдан кейін олардың барлығы түгелімен өз шешімдерінен бас тартты және қатысып отырғандардан ешкім, ал олар отыз адамдай болатын, ол жазған нәрсені бекітпеді». Абу Ну’айм “әл-Хилья” 2/204, Ибн ‘Асакир “Тарих әд-Димашқ” 58/313.

Қорытынды: Бүлік көптеген жастарды түрлі ұйымдар мен партияларға алдап тартады және оларды салдары кесірлі болған әртүрлі анттармен және сол сияқты нәрселермен міндеттейді.

Сегізінші салдары: Діни бауырластық қатынастардың әлсіреуі

Бүліктердің опат ететін салдарына сондай-ақ қоғамның бөлінуі, бауырластықтың және діни байланыстың әлсіреуі, адамдардың арасында ашу-ызаның, өшпенділіктің және қастасудың таралуы да жатады.

Хузайфа былай деп баяндаған: «Әдетте адамдар Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсылық (игілік) туралы сұрақтар қоятын еді, ал мен жамандық туралы сұрайтынмын, өйткені ол (жамандық) менің басыма түседі деп қауіптенетінмін. (Бірде) мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Надандық кезінде біз ең нашар хәлде едік; кейін Аллаһ бізді осы игілікке жеткізді, ал осы игіліктен кейін жамандық қайта оралып келеді ме?» – деп сұрадым.  Ол: «Иә», - деп жауап берді.  Мен: «Ал сол жамандықтан кейін игілік қайта оралып келеді ме?» – деп сұрадым. Ол: «Иә, бірақ оған жауыздық та араласады», – деп жауап берді. әл-Бухари 3606, Муслим 1847.

Хадистің басқа бір риуаятында: «…бірақ адамдардың жүректері алдында болған жағдайына қайта келмейді», - деп айтылады. Ахмад 23282, Абу Дауд 4246. Хадис сахих. Қз.: “әс-Сильсиля әс-сахиха” 2739.

Әрі осындай мағынадағы хадистер өте көп.

Сөйтіп, бүліктер от алған кезде, жүректер ауытқиды және иманға негізделген бауырластық қатынастар жоғалады. Аллаһ Тағала былай деп айтқан: «Шын мәнінде мүміндер бауырлар ғой. Сондықтан бауырларыңның арасын жарастырыңдар. Және Аллаһтан қорқыңдар. Мүмкін рахым етілерсіңдер». (әл-Худжурат 49:10)

Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Бауыр болыңдар, уа, Аллаһтың құлдары! Өйткені мұсылман мұсылманға бауыр, әрі сондықтан да мұсылмандардан ешкім өзгелерін жәбірлемеуі, оған жеккөрушілікпен қарамауы, оны көмексіз қалдырмауы керек, ал тақуалық мына жерде жасырулы!» - деп, қолымен үш рет көкірегіне нұсқады да, сосын: «Исламдағы өз бауырын жек көрген адамға бұл зиян ретінде жетіп асады», – деді.[18] Муслим 2564.

Және осы тақырыпқа қатысты хадистер өте көп.

Тоғызыншы салдары: Адам өлтіру мен қан төгу мәселелерін елемеу

Бүліктің тағы бір қатерлі жемісіне мұсылмандардың қанының құны мен қол сұғылмаушылықтарының жоғалуы да жатады.   Адамдар бір-бірінің қанын төгуді рұқсат етеді де, адам өлтіруге батылдары барады. Абдуллаһ ибн Умардың (оған және оның әкесіне Аллаһ разы болсын) былай деп айтатыны жеткізіледі: “Бүлік кезінде адам өлтіру сендер үшін түкке тұрғысыз болады”. Ахмад 4871.

Ол қантөгіске, өзгенің мал-мүлкін иемденуге және ар-намысына қастандық жасауға өте қатаң түрде тыйым салатын. Бірде бір адам оған: «Маған білім туралы баяндап берші…», – деп хат жазған болатын. Оған Ибн Умар (оған және оның әкесіне Аллаһ разы болсын) біз жаттап алуымызға және соларға сәйкес амал етуімізге тиісті болған мына сөздерді жазып жіберді: “Уа, менің бауырымның ұлы, ақиқатында, білім – ауқымды, бірақ сен Аллаһтың алдына мұсылмандардың қанымен былғанбай, олардың мал-мүлкін (иемденуге) қатыссыз, тіліңді олардың ар-намысына тиюінен сақтап, олардың жамағатына байланған күйде бара алсаң, онда осыларды істе!” Ибн ‘Асакир «Тарих әд-Димашқ» 31/170, әз-Захаби «әс-Сияр» 3/222.

Ақиқатында, бұл – өзіне барлық білімді және барлық игілікті қамтыған ұлы өсиет![19]

Оныншы салдары: Қауіпсіздіктің жоғалуы

Бүліктің тағы бір кесірлі салдары қалыптасқан тәртіптің және қауіпсіздіктің бұзылуы болып табылады. Өйткені қауіпсіздік – Аллаһ Тағаланың мүміндерге сый еткен ең ұлы нығметтерінің бірі, бұл туралы Құранда былай деп айтылғандай:  «Ол оларды аштықтан тамақтандырып, қауіп-қатерден аман қылған». (Қурайш 106: 4).

Қауіпсіздік – ұлы нығмет! Өз өміріңнің, мал-мүлкіңнің, ар-намысыңның амандығы, адамды мазалайтын тағы да басқа нәрселеріңнің аман болғандығына тыныш және қауіпсіз болу, мұның барлығы Аллаһтың ең ұлы нығметтерінен болып табылады.

Алайда іс тәртіпсіздікке шалдыққанда және бүліктер қызған кезде, қантөгіс басталып, мал-мүліктер жойылады, балалар жетім, ал әйелдер жесір қалады, әрі салдары мақтауға келмейтін басқа да қасіреттер орын алады.[20]

Он бірінші салдары: Адасушылардың өз адасушылықтарын таратудағы белсенділігінің артуы

Бүліктің салдарының тағы біреуі – оның адамдарға адасушылықтардың есіктерін ашып беруі, мейлі олар сенімдегі адасушылықтар болсын, мейлі мінез-құлық мәселелеріндегі болсын.  Әрі адасқан адамдар бүлікті пайдаланып, өз адасушылықтарын және бұзықылық таратуға кіріседі. Өйткені осы кезде  ақиқатты жақтаушылар өздерінің бар уақытын алып қойған және оларды (Аллаһқа) шақыру мен пайда келтіруден кері бұрған бүлікке оранып үлгереді.   Осындай жағдайды пайдаланып, жауыздық пен бұзақылықтың жақтаушылары қауіптенбестен өз адасушылықтарын белсенді түрде таратады, жауыздыққа, өздерінің жалған сенімдеріне және кесірлі ілімдеріне шақырады.

Бүліктердің осындай салдары әрбір мұсылманды бүліктерге кіріп кетуден ең бекем түрде ұстауы қажет және оны одан сақтануға міндеттеуі қажет!

Он екінші салдары: Дұшпандардың үстем болуы

Бүліктердің тағы бір салдарынан – олардың Ислам дұшпандарына мұсылмандарды басып алуына және оларға үстемдік етуіне мүмкіндік беруі. Ақиқаттың жақтаушылары келіспеушілікте жүрген кезде, олардың арасында адам өлтірулер, тынышсыздықтар, бүліктер таралады, ал дұшпандар мұны пайдаланып, мүміндердің үстінен билікті тартып алады да, кейіннен оларды барынша жәбірлей бастайды[21]. Аса Құдіретті Аллаһ Тағала былай деп айтқан: «Аллаһқа әрі Елшісіне бой ұсыныңдар және өзара жанжалдаспаңдар, әйтпесе рухтарың түсіп, қуаттарың кетеді». (әл-Әнфәл 8: 46).

Мүміндерге ерекше сақтық таныту және бүліктер мен оны өршітетін нәрселердің барлығынан абай болу міндетті болып табылады. Олар Аллаһ Тағалаға ықыласты түрде жүгінулері керек және Одан ашық және жасырын бүліктерден құтқаруын жалбарынып сұраулары қажет. Олар Одан өздерінің жағдайын түзетуін және ақиқат пен тура жолда біріктіруін тілеулері қажет.

Біз Ұлы Аршының Раббысы – Аллаһ Тағаладан Оның көркем Есімдері және ең жоғары сипаттары арқылы бізді ашық және жасырын бүліктерден құтқаруын әрі бізді Өзінің қоғауына алуын сұраймыз.  Өйткені Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты шынайы құдай жоқ, Ол Өзінің рахымымен және білімімен бар болмысты қамтиды! Ақиқатында, Ол – Естуші және дұғаларға жауап Беруші!

Әрі Пайғамбарымыз Мухаммедке, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

[1] Осы түні Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол қайтыс болғаннан кейін мұсылман үмметіне көптеген апаттар мен бүліктер келіп түседі деген уахи келгені айтылып тұр.

[2] Әрі қарай бұл уахида мұсылмандарға өте үлкен қазыналар сый етілетіні хабарланды.

[3] Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері аталып тұр.

[4] Әйел кісі салиқалы адамның жары болса да, бірақ өзі ешқандай салиқалы амалдар жасамаса, оның күйеуінің салиқалығы Ақыретте оған қорғау бола алмайтыны айтылып тұр.

[5] Осы сияқты сөздер Хузайфадан да (оған Аллаһ разы болсын) жеткізіледі, мұны Ибн Абу Шайба 6/22 және әл-Хаким 1/687 келтіреді.

[6] Сөз адамдарды әл-Хажжажға қарсы көтеріліп, оны тақтан құлатуға айдап салған ‘Абдур-Рахман ибн әл-Аш‘астың  қоздырған бүлігі туралы болып тұр. Адамдар әл-Хажжажға қарсы көтерілді және мұсылмандардың арасында өте қорқынышты қанды шайқас орын алды да, онда жүз мыңнан астам мұсылмандар қаза тапты!

[7] «‘Ильдж» сөзінің мағыналары – дөрекі адам, кәпір, араб емес, жабайы есек. Қз. «Лисан әл-‘араб» 4/3065, «әл-Қамус әл-Мухит» 199.

Ал олар Хасан әл-Басриге қатысты осы сөздерді қандай мағынада айтқандарын Аллаһ жақсырақ біледі.

[8] Шейхуль-Ислам Ибн Таймия сол кезде көтерілгендер туралы былай деген болатын: “Олар өздерімен бірге болғандар сияқты жеңіліске ұшырады! Олар дінді де орнатпады және дүниелік нәрсені де түзетпеді. Аллаһ Тағала дінге немесе дүние тіршілігіне пайда келтірмейтін нәрсені істеуді әмір етпейді ғой, тіпті оны істеуші Аллаһқа жақын адамдардан, тақуалардан және Жәннат тұрғындарының қатарынан болса да! Олар Алиден, Айшадан, Тальхадан, әз-Зубайрдан және бүлік кезінде соғысқандары  үшін мақталмағандардың басқаларынан артық емес еді, әрі олар Аллаһтың алдында ұлы орынға ие  болуларына және кез келген басқа біреуден гөрі жақсырақ ниетте болғандықтарына қарамастан!” Қз.: “Минхаджу-Ссунна” 4/528.

[9] Хасан әл-Басри: “Бүлік (фитна) орын алайын деп жатқанда, ол туралы тек ғалым біледі, ал ол бітіп жатқанда, ол туралы енді әрбір надан (жахиль) біледі”, - деп ақиқатты айтатын. Ибн Са’д “әт-Табақат” 7/166.

Имам Ибн әл-Мубәрак былай дейтін: “Шынайы ғалым – халал мен харам мәселелерін түсінуші емес, өйткені бұл мәселелерді көпшілік біледі. Алайда шынайы ғалым -  пайда мен зиян мәселесін түсінуші!” Қз.: “Әлуияту-ннаср” 1/103.

[10] Осындай сөздерді ұлы сахаба – Ибн Мас’уд та былай деп айтып кеткен: “Басқалардың басына түскен нәрселерден сабақ алған адам бақытты!” Ибн Абу ‘Асым 1/67. Шейх әл-Әлбани иснадын хасан (жақсы) деген.

[11] Әйгілі «Хадистердің алты жинағы» дегенде  Әл-Бухари мен Муслимнің екі «Сахих» жинағы және Абу Даудтың, әт-Тирмизидің, Ибн Мажжаһтың және ән-Насаидің төрт  «әс-Сунан» жинағы аталып тұр.

[12] «Бас сүйектері» деп ол Ибн әл-Аш‘ас пен әл-Хажжаждың шайқасуы кезінде бір-бірін өлтірген мұсылмандардың қылыштарының соққысынан шабылып түскен бастарды меңзеп тұр. Ибн әл-Асир былай деген: “Яғни егер ол өлтірілген қарилардың және ардақты адамдардың санының соншалықты көп екенін көргенде, күлмес еді”. Қз.: “ән-Нихая” 166.

[13] Бірде Хузайфаға (оған Аллаһ разы болсын): «Қандай бүлік ең жаман?» – деп сұрақ қойылды. Ол: “Сенің алдыңда жамандық пен жақсылық тұрып, сен олардың қайсысын істеу жақсырақ екенін білмейтін кез!” Ибн ‘Абдуль-Барр “әл-Исти’аб” 1/335, Ибн әл-Асир “Асад әл-ғаба” 1/468.

[14] Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Ақиқатында, бүліктердің жамандығы  олар аяқталғаннан соң мәлім болады. Ал бүлік енді басталған кезде, ол әдемі болып көрінеді және адамдар осыда игілік бар деп ойлайды. Бірақ адамдар бүліктердің апаттар мен қасіреттер түріндегі шерін тартқан соң, олардың зиянына айқын көз жеткізеді”. Қз.: “Минхадж әс-Сунна” 4/409.

[15] Имам ән-Науауи «бұлыңғыр (соқыр) тудың астында шайқасқан» деген сөздер туралы былай деді: “(Бұл) соқыр түрде жасалатын, мәні түсініксіз болған іс. Ахмад ибн Ханбәлдің және ғалымдардың көпшілігінің пікірі осы”. Қз.: «Шарх Сахих Муслим» 12/238.

Имам әт-Тыби былай деген: “Сөз қандай да бір істің төңірегіне жиналған адамдар туралы болып тұр, және сол істің ақиқат не адасушылық екені белгісіз. Ал кейін адамдар сол үшін шайқасуға шақырылады”. Қз.: “Шарх әл-Мишкат” 7/223.

[16] Бүлік кезінде екі жақтың біреуін де қолдамаған сахабалар: Умар, Абу Хурайра, Усама ибн Зайд, Саляма ибн Акуа’, Сухайб әр-Руми, Мухаммад ибн Мәсләмә, Са’д ибн Абу Уакқас, Ирман ибн Хусайн, Абу Муса тағы да көптеген басқалар (оларға Аллаһ разы болсын). Мухаммад ибн Сирин былай деген: “Фитна басталған кезде Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының саны он мың болатын. Және онда олардан жүз, тіпті отыз адам да қатыспады!” әл-Халляль “әс-Сунна” 2/66.

Ал әш-Ша’би былай дейтін: “‘Али, ‘Аммар, Тәлха және аз-Зубайирдан өзге ешбір сахаба Түйе шайқасына қатыспады. Және егер (біреу) маған бесінші сахабаның атын атаса, онда мен – өтірікшімін!” әл-Халляль “әс-Сунна” 2/66.

[17] Имам ‘Абдуль-Қадир ибн Бадран әл-Ханбали былай деген: “Үлкендер – қалыптасқан жағдайды түсінетіндер. Олардың арасында болу және олардың пікіріне ілесу игілік болып табылады”. Қз.: “Шарх әш-Шихаб” 48.

[18] Көптеген мұсылмандар «Исламдағы бауырластық» және «мұсылмандарға деген сүйіспеншілік» деген ұғымдарға лайықты деңгейде назар бөлмейді. Ақиқатында, Аллаһ Тағала Исламдағы бауырластықты ғибадат етіп бекітті, әрі оның құндылығына  көптеген хадистер нұсқайды. Ибн Умардан (оған Аллаһ разы болсын) Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһ үшін ең сүйікті адамдар – бұл олардың ең пайдалылары, ал Ұлы Аллаһ Тағаланың алдындағы ең сүйікті амал  – бұл мұсылманға оның қайғысында көмектесуің немесе оның қарызын төлеуің, немесе оның аштығын тойдыруың арқылы оған қуаныш әкелуің.  Және ақиқатында мұсылман бауырыма оның мұқтаж болған нәрсесінде көмекке келуім мен үшін бір ай бойы мешітте жабылып иғтикаф жасаудан сүйіктірек.  Ал кім (Исламдағы) бауырына қатысты ашу-ызасын тоқтатса – Аллаһ оның кемшіліктерін жасырады, және де кім өз ашу-ызасын төге салғысы келген кезде тоқтатса – Аллаһ оның жүрегін Ақыретте ризашылықпен толтырады. Және де кім өзінің мұсылман бауырына оның мұқтаждығында көмектесуге шықса, оған көмектескенге дейін, Аллаһ оның табандарын табандар таятын Күнде нығайтады. Әрі сірке балды бұзғандай,   жаман мінез-құлық та амалдарды бұзады». Ибн Абу әд-Дунья, әт-Табарани. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-джами’» 176.

[19] Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деген: «Ақиқатында, сендерден бұрын өмір сүргендерді бір-бірінің қанын төгулері және харамды халал етулері опат етті». Муслим 2578

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Кім му`ахадты (мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірді) өлтірсе, Жәннаттың хош иісін де сезбейді, ал оның аңқыған иісі қырық жылдық жол қашықтығынан сезіледі». әл-Бухари 2995.

Хафиз Ибн Абдуль-Барр былай дейтін: “Егер тіпті қауіпсіздік кепілдігі берілген жауласушы кәпірдің қаны харам болса, онда  Аллаһтың қорғауында таңды аттыратын және күнді батыратын мумин туралы сен не ойлайсың?! Оған қатысты қиянатқа немесе оның өлтірілуіне сен қалай қарайсың?!” “әл-Истизкар” 14/84.

Ибн Умардан жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егер адамдардан кімде-кім тіпті торғайды немесе одан биіктеу болған  біреуді қақысыз өлтірсе, ол Қиямет Күні міндетті түрде ол үшін Аллаһ тарапынан сұралады». Оған: “Уа, Аллаһтың елшісі, оның қақысы не?” – деген сұрақ қойылды және ол оған: «Оны бауыздап жеу, бірақ басын жұлып алып, тастау емес!» – деп жауап берді. ән-Насаи 7/239, Ахмад 4/389. Хадистің сахихтығын имам ән-Насаи, Ибн Хиббан, әл-Хаким, хафиз әл-Мунзири, Ибн Касир және шейх әл-Әлбани растаған. Сондай-ақ “Сахих әт-тарғиб” 1/631 қараңыз.

Имам Абу Бакр Ибн әл-‘Араби былай дейтін: “Жануарды қақысыз өлтіруге тыйым салынғандығы туралы сахих түрде мәлім, және мұны жасағанға қатысты қорқытулар да бар. Ал, ендеше, Адам баласын, немесе мұсылманды, немесе Аллаһтан қорқатын және ізгі мұсылманды өлтіру туралы не айтуға болады?!” “Фатхуль-Бари” 12/196.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Мүмін тыйым салынған қанды төкпейінше өз дініндегі кеңшілікті сезінуін тоқтатпайды». әл-Бухари 6862.

Бұл хадисте харам етілген қанды төгу адамдардың тура жолдан ауытқуына себеп болатындығына нұсқау бар! Ибн Умар былай деп айтатын: “Егер біреудің басына шығар жолы жоқ (қиын) жағдай түссе, ол тыйым салынған қанды төккен болғаны!” әл-Бухари 6863.

Бірде Маруан ибн әл-Хакам Ибн Умарға кіріп: “Кел, мен саған ант берейін, өйткені сен – арабтардың мырзасысың және арабтардың мырзасының баласысын ғой!” – дегені жеткізіледі. Ибн Умар оған: “Сонда мен Ирак тұрғындарымен не істемекпін? Аллаһпен ант етемін, егер менің себебімнен тіпті бір-ақ адам өлтірілсе де, мен тіпті жетпіс жыл бойы әмірлік еткім келмейді!” Ибн Са‘д “әт-Табақат” 4/169, Ибн Абу әд-Дунья “әл-Ишраф” 7. Иснады хасан.

Мутарриф ибн ‘Абдуллаһ былай деп айтатын: “Аллаһтың менен: «Сен не үшін пәленді өлтірмедің?!» – деп сұрауы, Оның менен: «Сен не үшін пәленді өлтірдің?!» – деп сұрауынан, сүйіктірек”. Абу Ну’айм “әл-Хилья” 2/204.

[20] Ақиқатында, қауіпсіздік көптеген мұсылмандар оны жоғалтып алмайынша маңызымен құндылығын түсінбейтін ұлы нығмет болып табылады. Өйткені қауіпсіздік болмаған тұста, адам Аллаһқа тыныш жүрекпен, осыдан шынайы ләззат алып, құлшылық жасай алмайды, Аллаһ оған бұл дүниеде халал еткен отбасы, балалары, әйелдері, тамағы, мал-мүлкі  т.с.с. нәрселерден қуаныш сезіне алмайды.

Шейх Салих әл-Фаузан  былай деп айтатын: “Қауіпсіздік қажетті екендігіне және адамзат оған тамақ пен сусыннан да көбірек мұқтаж екендігіне күмән жоқ. Сондықтан да Ибраһим пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі болсын) ең алдымен қауіпсіздік, ал содан соң ғана ризық сұрап, былай деп айтқан еді: «Уа, Раббым! Бұл қаланы қауіпсіз ет және оның Аллаһ пен Ақырет күніне иман келтірген тұрғындарына жемістермен үлес бер».  (әл-Бақара 2: 126). Қорқыныш билегенде адамдар ішіп-жеуден қанағат сезе алмайды. Қорқынышпен бірге бір елден екінші елге азық-түлік тасымалданатын жолдар үзіледі, сондықтан да Аллаһ жолдарда қарақшылық және тонаушылық жасауға қатаң жаза тағайындаған. Ислам бес маңызды нәрсені (әд-даруриятуль-хамс): дінді, өмірді, ақыл-парасатты, ар-намысты және мал-мүлікті сақтап қалу үшін келген. Осыдан бір нәрсеге қастандық жасаушыға қатысты, бұл қастандық мұсылманға не кәпірге жасалған болсын оның айырмашылы жоқ, қатаң жазалар бар. Мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірге (му’ахад) мұсылманға қатысты тыйым салынған нәрселерге тыйым салынған! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Кім му’ахадты өлтірсе, Жәннаттың иісін сезбейді!» Ал қауіпсіздікті (аман) бұзатындарға келер болсақ, олар не хауариждер, не жолдардағы қарақшылар, не бүлікшілер болып табылады. Осы үш топтың барлығына қарсы өте қатаң жаза қолдану қажет”. Қараңыз: «Фатауа әш-шәр’ия фи кадая әл-‘асрия» 125.

Ал Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қауіпсіздіктің ұлықтығы мен маңыздылығын нұсқап былай деген: «Кім өзі (немесе өзінің жанұясы) үшін қауіпсіз болған күйде және бір күнге жететін тамаққа ие болып таңды аттырса, ол үшін осы бүкіл дүние оның үлесіне тигенмен тең!» әт-Тирмизи 2346, Ибн Мажжаһ 4141. Хадистің сахихтығын имам Абу Иса әт-Тирмизи, имам ән-Науауи және шейх әл-Әлбани растаған.

[21] Мұсылмандардың өзара жанжалдасуы, бірін-бірі өлтіруі және тұтқындауы олардың дұшпандардың үстемдікке жетуіне алып келетіні туралы Аллаһ Тағала Өзінің Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хабардар етті. Саубаннан (оған Аллаһ разы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, Аллаһ менің алдыма жерді жайып тастады да, мен оны шығыстан батысқа дейін (түгел) көрдім. Әрі шындығында да, менің үмметім маған көрсетілген аумақтың үстінен билік алады. Және маған екі: ақ және қызыл қазына берілді (парсылар мен византиялықтардың). Әрі мен Раббымнан Ол менің үмметіме көптеп апаттарды жіберіп опат етпеуін және оған оның өз қатарларының арасында болғаннан өзге ешқандай сырттай дұшпандарды жібермеуін және оның тұтастығын қорғауын сұрадым.  Және Раббым: “Уа, Мухаммад! Ақиқатында, егер Мен бір нәрсені шешсем, ол болмай қоймайды. Ақиқатында, Мен сенің үмметіңе Мен оған көпшілік апаттарды жіберіп опат етпейтінімді сыйладым. Әрі олар бірін-бірі құртып-жойып және тұтқындай бастамайынша, Мен олардың өздерінің ішіндегі дұшпандарынан өзге дұшпандарына үмметіңнің үстінен билікті бермеймін, тіпті барлық қалалар оған қарсы шықса да!” – деп жауап берді». Муслим 2889.

Имам Абуль-Аббас әл-Қуртуби былай деді: “Бұл хадистің мағынасы мұсылмандар бірін-бірі құртып-жойып және тұтқындай бастамайынша, дұшпандар оларға үстемдік ете алмайтынында”. Қз.: “әл-Муфхим” 7/218.

Шейх Ибн әл-Қасим бұл хадиске қатысты былай деген: “Яғни егер мұсылмандар біріне-бірі осылай жасай бастаса (өлтірсе және тұтқындаса), онда Аллаһ олардың дұшпандарына олардың үстінен билікті береді. Алайда мұсылмандар ақиқаттың үстінде бірігіп тұрғандарынша, ешкім олардан үстем бола алмайды. Бірақ олардың бөлінуінің себебінен дұшпандар олардан үстем болды, әрі бұл олар үшін жаза болып табылады». Қз.: “Хашия Китаб әт-таухид” 180.