Ислам террорға қарсы » Жанкештілер

Видео: Шейх Салих әс-Сухайми: «Олар – мужжахидтер ме?!»
«Олар мужжахидтер емес! Олар – жер бетінде бұзақылық таратушылар! Жер бетінде зиянкестік таратушылар! Олар яхудилер мен христиандарға қызмет етеді, өздері соны сезсе де, сезбесе де! (Еврейлер) Палестинаны жан-жаққа бөліп-тартып және Әл-Ақсаны бұзып-қиратуға тырысып жатқан кезде, олар қиратуға қай жерде ынталандырып жүр?! Еврейлердің арасында ма? Жоқ! Олар: «Мұсылман жерлерінде жарылыстар жасаймыз», – деп жүр. Сондай-ақ: «Біздің Иерусалимге деген жолымыз бірінші кезекте, – олардың өздері кәпір деп атайтындарды, – жоюдың үстіне құрылады», – дейді, ал олар – мұсылмандар. Ендеше, мұндай идеялардан сақ болыңдар! Хауариждердің идеяларынан! Ал ежелгі хауариждер біздің заманымыздың хауариждерінен жақсырақ еді! Біздің заманымыздың хауариждері – нағыз өтірікшілер! Олар өтірік айтады және айла жасайды. Ежелгі хауариждер ашық түрде майданға шығатын. Оларда өтірік жоқ еді. Өйткені олар өтірікті не деп санайтын? Күпір деп! Ал мыналар (қазіргілер) өтірікті рұқсат етеді, әйелдердің киімін киеді, тіпті… Сендер өздерің естігендей, осыдан бір-екі күн бұрын орын алғанындай: сол кезде жер бетінде бұзақылық таратып жүрген олардың екеуі келіп, (біздің елімізге) басқа бір елден кірмек болды. Әрі олар ұсталды, бұл үшін Аллаһқа    бізден барлық мақтау-мадақтар болсын. Полицейлер олардан тоқтауды талап еткен кезде, олар тоқтады. Машинаның жүргізушісі болған жігіттің артында әйел, әйел сияқты абайя және әйел киімін киген (біреу) отырған…. Полицей одан (жігіттен): «Сенің жаныңдағы кісі кім?», – деп сұрады. Ол: «Анам», – деп жауап берді. А? Міне осы ма – жихад?! Әлде бұл зиянкестік тарату ма? Әлде шайтан оларды ойыншық қылып, адастырып, көру қабілетінен айырып, соқыр еткен  бе? Міне сол өтірік үшін әйел киімін киген біреу шығып, оқ ашты. Бұл оған тез арада жазасын тарттыруға әкелді де, натижеде ол немесе оның (серігі) өлтірілді. Әрі барлық мақтау Аллаһқа тән!»

Ринат Абу Мухаммадтың Қазақстан түрмелерінде  орын алған оқиғаларға қатысты берген насихаты

Наиль Абу Салих хауариждер туралы

Сауд Арабиясы Корольдігі Ірі ғалымдар Комитетінің мәлімдемесі

Жер бетінде тәртіп орнатылғаннан кейін онда бұзақылық таратуға болмайды
Әбу Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Кітаптың ең көлемді бөлігін ««Шәһидтік» актілерді жақтаушылардың дәйектері және оларды теріске шығару» атты тарау алады. Онда автор адасушылардың негізгі дәйектеріне бірме-бір тоқталып, оларды Құран және Сүннеттің мәтіндерімен және ғалымдардың пікірлерімен теріске шығарады.

«Шәһидтік» актілерді рұқсат етушілер, өзге дәйектерінің қатарында Аллаһ Тағаланың мына сөздерін де атап кетеді: «Өйткені, олардың Аллаһ жолындағы  шөлге душар болуы, шаршауы, ашығуы, кәпірлерді ызаландыратын әрбір басқан қадамы және дұшпанға тигізген әрбір жеңілісі оларға міндетті түрде жақсы амал ретінде жазылады». (әт-Таубә; 120).

Дұшпанның ашуын туғызуға қабілетті әрекеттерді жасауға тек олар Шариғатқа сәйкес болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Ал, егер дұшпанның ызасын тудыратын әрекеттер Шариғатқа қайшы келсе, онда олар игі болып есептелмейді. «Шәһидтік» актілер Шариғатқа қайшы келеді, өйткені бізге кәпірлердің әйелдері мен балаларын қасақана өлтіруімізге рұқсат етілмейді, тіпті бұл жоғарыда келтірілген аятта айтылған жеңіліске жатса да. Тура сол сияқты, мұсылман адамға өзін-өзі өлтіруге де рұқсат етілмейді.

Дұшпанның бір нәрсесін ұрлау арқылы да оның ашуын туғызуға болады. Алайда Ислам ұрлықты рұқсат етеді ме? Әрине, жоқ!

Егер дұшпанның әйелін ұстап алып, онымен зина жасаса да – оның қахарын туғызуға болады. Кітаптарды, кітапханаларды және құжаттарды өртеу, көпірлерді, мектептерді, ауруханаларды, заводтарды және туннелдерді жару, ұшақтарды басып алу, өзендерді және су көздерін улау, малды өлтіру – бұл әрекеттердің барлығы дұшпанның ызасын туғыза алады. Алайда осы олардың рұқсат етілгендігін білдіреді ме? Жоқ және мың рет жоқ!

Аллаһ Тағала былай деп айтқан: «Адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол – өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді». (әл-Бақара; 204-205);

«Жер жүзі түзетілгеннен кейін бүлікшілік қылмаңдар». (әл-Әғраф; 56)

Ибн Касир, Аллаһ оны рахымына бөлесін, бұл аятқа тәпсір жасап: «Аллаһ Тағала жер бетінде бұзақылық (жасауға) және ол (жер) түзетілгеннен кейін оған зиян тигізетін нәрселерді таратуға тыйым салды. Аллаһтың құлдары үшін олардың істері тәртіпке келтірілгеннен және оларға дұрыс бағыт берілгеннен кейін жасалған бүлік пен бұзушылықтан не зиянды болады? Аллаһ Тағала бұған тыйым салды!» – деді.

Әл-Қуртуби былай деп айтқан: «Аллаһ Тағала кіші, немесе үлкен түзетуден кейін қандай болса да, көп немесе аз дәрежедегі бұзақылық пен бүлдіру жасауға тыйым салды  және ең дұрыс пікір бойынша бұл үкім барлық адамға қатысты».

Ал, егер де біреу: «Мақсатқа жеткізетін құралдарға мақсаттың өзіне қарағандай тәсілмен қарау керек», – деп айтса, біз оған былай деп жауап береміз: «Бұл ереже дұрыс, егер құралдар өздігінше тыйым салынған (харам) болмаса, өйткені біздің дінімізде мақсат құралдарды еш ақтамайды. Біздің дініміз Макиавеллидің өз мақсаттарына жету үшін кез-келген нормаларды елемеу принципін үзілді-кесілді түрде теріске шығарады».

Шейх Мухаммад бин Салих әл-Усайминннің (Аллаһ оны рахымына бөлесін) өзін-өзі өлтіру актілері туралы мәселе бойынша жауаптары
Қазылған орлардағы от-жалынға тасталып өлтірілген иман келтіргендер[1] туралы айтылатын хадистің мағынасын түсіндіріп және одан алынатын пайдаларға нұсқап, шейх, Аллаһ оны рахымына бөлесін, былай деп айтты: «Адам барша мұсылмандардың игілігі үшін өзін қиюы мүмкін. Сөйтіп, осы жасөспірім патшаға, ол оның айтқандарын жасаса, өзінің қаза болуына әкелетін нәрсені нұсқады.

Шейх-уль-ислам Ибн Таймия былай деді: «Бұл Аллаһтың жолындағы жихад болғандықтан, адамдар иман келтірді, ал ол ешнәрсе жоғалтпады, өйткені ол ерте ме, кеш пе өлер еді».

Ал өзінің денесіне жарылғыш заттарды орап алып, өзге діндегілердің аламан арасына кіріп, өзін олармен қоса жарып жіберетін кейбір адамдардың әрекеттеріне келер болсақ, бұл өзін-өзі өлтіру болып табылады, бұдан бізді Аллаһ сақтасын, өйткені өзін-өзі өлтіруші Тозақ отында мәңгі қалады, бұл жөнінде сахих хадистердің бірінде айтылады[2]. Мұндай өзін-өзі өлтірушілік мұсылмандардың мүддесіне сәйкес келмейді, өйткені адам өзі-өзін опат етсе және өзімен қоса он, жүз немесе екі жүз өзге өмірлерді алып кетіп жатса, бұл Исламға пайда әкелмейді, өйткені бұдан кейін өзге адамдар хадисте келтірілген жасөспірімнің өлімінен кейін оның дінін қабылдаған оның өлімінің куәгерлері сияқты Исламды қабылдамайды. Бұдан қалса, мұндай әрекеттер дұшпандарды одан әрі ызаландырады, сөйтіп олар мұсылмандарды ең сұрапыл тәсілдермен қыруға кіріседі.

Израиль үкіметінің палестиналықтарға қатысты істеп жатқан әрекеттері бұған мысал бола алады. Палестиналық біреу өзін-өзі жарып, бес-алты адамды өлтіргеннен кейін билік одан он есе көп палестиналықтарды тұтқындайды, ал бұл мұсылмандарға да, араларында осындай жарылыстар  орын алып жатқан адамдарға да ешқандай пайда әкелмейді.

Міне, сондықтан біз осылайша істеп жатқан адамдар хақысыз өздерін-өздері өлтіріп жатыр және бұл оларды міндетті түрде Тозаққа әкеледі деп есептейміз, Аллаһ бізді одан сақтасын. Мұндай адам шахид[3] емес. Егер ол мұны қателесіп, өзінің істеп жатқанын рұқсат етілген амал деп есептеп істесе, біз оның күнәсі кешіріледі деп үміттенеміз, алайда ол шахид болып табылмайды, өйткені ол шахид істеуге тиіс болған амал істеген жоқ.

Сұрақ: «Өзге діндегілердің ортасында, олардан кек алу үшін, өзін-өзі жарып жіберетін адам туралы қандай шариғи шешім шығару керек? Мұндай әрекеттерді өзін өлтіруді нұсқаған жасөспірім туралы хадиске жүгініп  ақтауға болады ма?»

Жауап: «Дұшпандарды өлтіру үшін өзін-өзі жарылғышпен орап алатын адам – өзін-өзі өлтіруші және бұл жөнінде сахих хадистердің бірінде айтылғандай, ол Тозақ отында өзін-өзі өлтірген нәрсесімен мәңгі азапталады.

Міне, сондықтан Аллаһ Тағаланың: «…өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер, (өйткені) ақиқатында Аллаһ сендерге рахымды» (ән-Ниса сүресі, 29-аят), – деген сөздерін оқып, кейін осындай амалдарды жасайтын адамдар таң қалдырады.  Олардың амалдарының нәтижесінде дұшпан жеңіліс табуда ма? Әлде мұндай жарылыстардан кейін, Израильде болып жатқандай, дұшпандар мұсылмандарға қатысты бұрыңғысынан да бетер тәкәппарлық пен сұрапылдық танытуда ма? Ал қазірше біз ол жақтағы соңғы референдумда арабтарды өлтіріп-жоюды қалаған оңшылдар жетістікке жеткенін көрудеміз.

Алайда біз Аллаһ Тағаладан мұндай қадамға надандықпен, осы оны Аллаһқа жақындатады деп барған адамдарды жазаламауын тілейміз.

Жасөспірім туралы хадиске жүгіну туралы айтар болсақ, онда ол жерде дұшпаннан кек алу туралы емес, адамдар Ислам қабылдағаны туралы айтылып жатқанын ұмытпау керек. Патша адамдарды жинап, жасөспірімнің қорамсағынан жебені алып: «Осы жасөспірімнің Раббысы – Аллаһтың атымен!», – деген кезде, барлық адамдар: «Бұл жасөспірімнің Раббысы Раббы болып табылады!», – деп айқайлай бастады. Сөйтіп, осының себебімен көп адамдар Исламды қабылдады. Ал егер жарылыстардан кейін де осылай болғанда, онда біз: «Бұл хадисті дәлел ретінде келтіруге болады және  Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оны бізге соған сәйкес келетін қорытындылар шығару үшін жеткізді», – деп айтар едік. Ал іс жүзінде, өз өмірін қиып, он немесе жүз шақты дұшпанды өлтіруді қажетті деп есептейтін адамдардың әрекеттері, дұшпандардың одан сайын ызалануына және өздерінің ұстанымында  одан сайын табанды тұруына әкеледі.

Алынған көзі: «Мұсылман діндар ғалымдарының қазіргі заманның үндеулеріне жауаптары», құрастырушы шейх Мухаммад бин Хусайн бин Саад әл-Суфран әл-Кахтани, редакциясын басқарған Сауд Арабиясы Корольдігі Ең ірі ғалымдары Комитетінің мүшесі, шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузан, Кувейт, 2008 ж.

[1] Муслим «Сахих», № 3005 хадис. Бұл хадисте бір патша оған өз дінінен бас тартуды бұйырған жасөспірім туралы баяндалады. Жасөспірім бұған келіспеді, сонда патша оны өлтіруді әмір етті, бірақ оның қызметкерлері бұл әмірді орындауға қанша тырысса да, оған еш нәрсе істей алмады. Әрі қарай бұл хадисте былай баяндалады:

«Жасөспірім патшаға: «Менің бұйырғанымды істемесең, Сен мені ешқашан өлтіре алмайсың!» – деді. Патша одан: «Ол не?», – деп сұрады. (Жасөспірім): «Адамдарды бір төбеге жина да, мені пальма ағашының діңгегіне байлап таста. Сосын менің қорамсағымнан жебені ал да, оны садақтың ортасына қойып: «Осы жасөспірімнің Раббысы – Аллаһтың атымен!», – деп айт та, содан соң ат. Ақиқатында, сен мені осыны істесең ғана өлтіре аласың», – деп жауап берді. Сонда (патша) бір төбеге адамдарды жинап, (жасөспірімді) пальманың діңгегіне байлап, оның қорамсағынан жебе алып, оны садақтың ортасына қойып: «Осы жасөспірімнің Раббысы – Аллаһтың атымен!», – деп оқ атты. Оқ жасөспірімнің самайына қадалды. Ол өз самайын қолымен ұстаған күйінде өлді, ал адамдар: «Біз жасөспірімнің Раббысына иман келтірдік!», – деп айта бастады.  Содан соң патшаға (оның адамдары) келіп: «Сен өзің сескенген нәрсең туралы не айтасың? Аллаһтың атымен ант етеміз, сенің қорыққан нәрсең басыңа келді, өйткені адамдар иман келтірді!», – деді. Сонда патша (қала) қақпаларының қасынан орлар (қазуды) бұйырды, ал орлар қазылып болып, оларға от жағылған соң, (патша): «Өз дінінен бас тартпағанның әрбірін отқа тастаңдар!», – деді».

[2] Бұл хадисте Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кім өзін таудан (арнайы) тастап опат етсе, өзі мәнгілікке (тасталатын) Тозақтың (отына) үздіксіз төмен қарай құлай береді; кім (қасақана) у ішіп өзін опат етсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) оны қолында ұстап, үздіксіз ішеді; кім өзін темірмен өлтірсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) сол темірді қолына ұстап, онымен өзінің қарнын үздіксіз соға береді», – деп айтқаны жеткізіледі. Әл-Бухари «Сахих», № 5778.

[3] Шахид — дін үшін болған соғыста қаза болған адам.

Шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузанның (Аллаһ оған есендік берсін) қопарушылық іс-әрекеттерге байланысты сұрақтарға берген жауаптары
Сұрақ: «Аллаһ Сізді рахымына бөлесін. Мұсылман емес мемлекеттерде адамдарды өлтіру және үкіметтік мекемелерді жару сияқты әрекеттер қажеттілік болып табылады ма, әрі осыны жихад деп атауға болады ма?[1]»

Жауап: «Адам өлтіру мен жарылыстарға тыйым салынған, өйткені олар мұсылмандарға қайғы-қасірет шақырады және олардың өлтірілуіне, сондай-ақ қудалануына әкеледі. Ал Аллаһтың жолындағы жихадқа қатысты айтар болсақ, онда тек ашық шайқас және тек белгілі шарттарға сәйкес амалдар болуы тиіс.  Бұл істе Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өнегесіне ілесу міндетті болып табылады. Ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Мәдинаға көшуге дейін Меккеде кәпірлердің арасында болған кезде мына аяттар түсті:  «Сондай оларға: «Қолдарыңды тыйындар, намазды орындап, зекет беріңдер!» – делінгендерді көрмедің бе?» (ән-Ниса сүресі, 77-аят).

Сөйтіп оған кәпірлермен соғысудан бас тарту бұйырылған еді, өйткені олардың біреу болса да өлтірілсе, кәпірлер барлық мұсылмандарды опат қылар еді. Мұсылмандар өмір сүріп жатқан елдердегі адам өлтірулер мұсылмандардың өлтірулеріне әкеп соғады, ал бұл қазір де орын алып жатыр. Мұның Ислам шақыруына (дағуатына) ешбір қатысы жоқ және де ол Аллаһтың жолындағы жихад болып табылмайды. Мұсылмандарды қайғы-қасіреттің қойнауына тастап жатқан жарылыстар туралы да осыны айтуға болады».

Сұрақ: «Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және оның сахабалары Меккеде өмір сүрген кездерінде осы сияқты әрекеттер жасады ма?»

Жауап: «Жоқ! Ешқашан, өйткені оларға бұл тыйым салынған еді».

Сұрақ: «Ол Меккеде өмір сүрген кезінде кәпірлердің мал-мүлкін жойды ма?»

Жауап: «Ешқашан, өйткені бұған тыйым салынған еді, ал оған тек Исламға шақырумен айналысу және адамдарға Аллаһтың Жолдауын жеткізу бұйырылған еді».

[1] Жихад (тілдік мағынасы – күшті барынша жұмылдыру) – мазмұны өте сыйымды ислам термині. Жалпы қолданыста дін үшін күресті білдіреді, оған жүректің жихады да (өз нәпсісінің жаман жақтарымен күресу), тілдің жихады да (жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтару), қылыштың жихады да (дінді қарумен қорғау) т.б.кіреді.

Еуропалық қоғамдық санада жихад туралы тек «қылыш жихады» деген түсінік қалыптасып қалған, алайда Құран мен Сүннетке сәйкес бұл ұғым көп мағыналы болып табылады.

Шейх Салих бин Мухаммад әл-Люхайданның (Аллаһ оған есендік берсін) АҚШ-тағы Дүниежүзілік сауда Орталығының ғимаратына жасалған әуе шабуылына байланысты айтқан сөзі
Шейх Салих бин Мухаммад әл-Люхайданның (Аллаһ оған есендік берсін) сөзі[1]

Құрметті телекөрермендер, сіздерге Аллаһтың сәлемі, игілігі және берекесі болсын.

Не орын алса да – Аллаһқа мадақ, Оның рахметімен игілік жасалып жатқан Аллаһқа мадақ, бүкіл нәрсенің тағдырын белгілеп және бекітіп қойған  Аллаһқа мадақ!

Адамдар орын алған жайтқа қатысты пікірлердің ұштаспауына не әкеп соққаны туралы және АҚШ-тың басына келген опат туралы бізге және бір-біріне сұрақтар қойып, осындай оқиғалар шариғат тұрғысынан қандай бағаланатынын білгісі келеді.

Ислам шариғаты кез келген уақиғаларға қолданыла алатын, құрамында кез келген мәселелердің шешімі бар және кез келген апаттармен – соның  ішінде жақын күндерде орын алғандары да бар – олардың көлемі туралы үкім шығаруға мүмкіндік беретін,  бүкіл нәрсені қамтитын діни заң екендігіне күмән жоқ. Көбіне адамдар «Шариғаттың осындай оқиғаларға қатынасы қандай?», «Шариғат осыны рұқсат етеді ме?»,  «Мұсылман ғалымдары осындай іс-әрекеттерді құптайды ма?» деген сұрақтарды жиі қояды.

Исламның мұндай оқиғаларға қатынасы қандай екендігі туралы не айту керек? Мұсылман ғалымдары барлық орын алып жатқан жағдайлар туралы айтуы керек және мұсылмандар мен мұсылман еместердің басына түсіп жатқан сәтсіздіктерге шариғаттың қатынасын түсіндіруі керек.

Барлық нәрсе Аллаһтың тағдыры мен үкімі бойынша орын алып жатқанына және шариғат кез келген оқиғаларға қолдануға жарамды екеніне еш күмән жоқ. Аллаһ – даналардың Ең Данасы, рахымдылардың Ең Рахымдысы және Ол Әділетті Би болып табылады. Ол әділетсіздікті (зұлымдықты) Өзіне харам етті және оны Өз құлдарының арасындағы қарым-қатынаста да харам етті, бұл жөнінде құдси хадистердің бірінде Аллаһ былай деп айтады: «Әй, Менің құлдарым, ақиқатында, Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім және Оны сендердің араларыңда харам еттім; ендеше, біріңе бірің жәбір көрсетпеңдер!» Муслим «Сахих», №6572 хадис.

Жазықсыз адам  зорлыққа ұшырап жатса және ешбір қылмыс жасамаған адам өлтіріліп жатса, бұл зұлымдықтың көрінісі болып табылады. Тек адамдарға ғана емес, жындарға да рахымшылдықтың, мейірімділіктің және жанашыршылықтың пайғамбары етіп жіберілген Мухаммад пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға барлық қажетті нұсқауларды түгел етіп берді. Ол әскери жорықтарға және соғыс әрекеттеріне қатысты, ал қолды жорыққа дайындау кезінде сарбаздарға: «Сендер баланы да, әйелді де, әлсіз қартты да, өзінің кельясында ғибадат етушіні де[2] өлтірмеуге міндеттісіңдер», - деп бұйыратын. Муслим «Сахих», №4522 хадис.

Бұл дегеніміз: Ислам басқаларды өлтіретін, соғысатын және мұсылмандарға шабуыл жасайтындарды ғана өлтіруге рұқсат береді.

Осыған орай, емізулі нәрестелер мен әйелдер, қарт шалдар мен кемпірлер, ауру мен сау адамдар құрбан болып жатқан осындай қылмыстар, мал-мүлікке және оның иелеріне зиян тигізіп жатқан қылмыстар аса үлы қылмыс және қауіпті күнә болып табылады. Шариғат оларды Ислам тыйым салған жер бетінде бұзақылық таратуға, егіндер мен мал түлігін жоюға теңестіреді, өйткені мұндай амалдарға Аллаһ және Оның Елшісі тыйым салған. Бір әскери жорық барысында өлтірілген әйелді көрген Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Онымен соғыспау керек еді», – деген. Абу Дауд «Сунан», №2669 хадис.  Ал бұл – оны (әйелді) өлтіру – мүлде тыйым салынған іс екендігін көрсетеді.

Мен теледидардан бұл ғимараттарға қалайша соққы берілгенін және олардың қирауының дәл қарсаңында адамдарды Қиямет күні басталғандай  қорқыныш баулағанын көрдім, бұл сасқандарынан қай жаққа қашуын білмей жан-жаққа ұрынғандардың жүздерінен көрінді.

Міне, сондықтан осыны жасаған адамдар және осындай қылмыстарды жасаушылардың барлығы да Ислам тұрғысынан өте қауіпті қылмыскерлер болып табылады және олар ең жаман амалдар жасап жатыр.   Ал кімде-кім: «Шариғаттың, Құран мен Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінің мақсатын білетін мұсылман діндарларының әйтеуір  біреуі осындай әрекеттерді кұптайды», – десе, ол олар туралы жаман ойда болғаны.

Мұсылман адам дұшпанынының қайғы-қасіретіне де, егер оған зұлымдық жасалған болса, қуанбайды, өйткені зұлымдыққа мүлдем рұқсат жоқ, ал жазаға лайықты емес адамға қарсы өшпенділік әрекеттер жасау харам және жиіркенішті. Ал куәгерлердің көз алдында жасалған, ол туралы хабар кең тараған және оны көзімен көрген адамдарға үрей салған қылмыс туралы не айтуға болады, әрі мұсылмандар осындай әрекеттерді құптайды деп қалайша айтуға болады?!

Орын алған оқиғаны ақтап, дәлелдеу үшін не ойланып табылса да, бұндай негіздемелер (дәлелдер) орынсыз болып табылады, ал мұндай әрекеттер, оларды Ислам критерийлерінің негізінде бағаласақ,  ақтала алмайды. Аллаһ Тағала қасиетті Құранда мұсылмандарға былай дейді:  «…және бір елдің өшпенділігі сендерді әділетсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ….» (әл-Мәидә сүресі, 8-аят).

Әділетке жер мен көктер сүйеніп тұр, ал жаппай жазалауға келер болсақ, бұл әділеттілікпен еш ұштаспайды және ол – әділетсіздіктің көрінісі, сондай-ақ зорлық-зомбырлық пен жиіркенішті амал болып жазылады.  Өйткені бір ғана жазықсыз адамды өлтірудің өзі – ұлы қылмыс, ал енді арасында сәбилер мен жас балалар және Қиямет күні келген сияқты қорыққанынан түсік тастаған болуы мүмкін жүкті әйелдер бар көптеген адамдарды өлтіру қаншалықты ауыр болмақ!

Мұсылманның ақыл-санасы бұл қылмыстың жасалу салдарынан адамдар куә болған жан түршігерлік көріністерді мақұлдай алмайды, сондай-ақ оны жасаған адамдардың ақталуы да қабылданбайды, тіпті олар мұсылман ортасында және мұсылман елінде өскен болса да; ал маңыздысы – бұл ғалымдардың айтып жатқан сөздері және шариғаттың мұндай әрекеттерді қауіпті қылмыстардың санатына жатқызатындығы.

Ұшақтарды алғашқы алып қашулар туралы хабарлар Сауд Арабиясы Корольдігінде мәлім болғанда, ол ұшақтардың арасында сол кезде бірде-бір саудиялық ұшақ жоқ болатын және бұл елдің ғалымдары мұндай әрекеттерге, ұшақтағы жолаушылар мұсылман немесе мұсылман емес болуына қарамастан, тыйым салынғандығы туралы шешім шығарған еді. Ғалымдар мұндай зұлымдық – харам (тыйым салынған), ал негізсіз зорлық-зомбырлық және адамдарға үрей салуға оқшалану ең ұлы жамандықтардың қатарына жатады және бұзақылықтың (пасықтықтың) көрінісі болып саналады деп тапты.

Ислам мемлекеті болып табылатын және шариғат нұсқауларына ілесетін Сауд Арабиясы Корольдігінің мұндай әрекеттерді және оларды жасаушыларды өз тарапынан ашық айыптауы таңданарлық жайт емес, өйткені бұл мемлекет қандай бастамаса жаса да, оның бұл жолдағы қадамдары Исламға қайшы келмеуі керек.

Бұл дегеніміз, мұндай әреккетерді айыптай отырып, мемлекет діннің қағидаларын басшылыққа алады және Ислам ұстанымы атынан сойлейді, өйткені оның аймағында екі мұсылмандық Қасиетті орындар бар және бұл жерден Исламның жолдауы жан жаққа тарала бастады, сондықтан-да оның мұндай жексұрындықты кұптамайтындығына, оны жасаушылардың қылмыстарына сөгіс жасайтынына және қылмыскерлерге пана беріп оларды жасыратындардың және олардың әрекеттерін құптайтындардың әрбірін айыптайтынына таңданудың қажеті жоқ.  Исламды ұстанатын, шариғаттың мақсаттарынан хабары бар және шариғаттың Аллаһтың құлдарына қаншалықты мейірімді және аяушы екендігін білетін мұндай әрекеттерді өте жеккөрінішті және адамдарға ең көп зиян әкелетін амалдар деп санайды.

Мен теледидарға шығуымнан алдын маған көптеген сұрақтар қойылды. Олардың көптігін және адамдардың Сауд Арабиясы Корольдігі әділет органдарының ұстанымын түсіну үшін сот мекемесі басшысының сөздерін естуді қалауын ескере отырып, мен шығып сөйлеуді және мыналарды айтуды жөн көрдім: мұндай әрекеттер айыптауға лайықты, алайда Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жасалған қылмысқа оны жасаған қылмыскердің өзі ғана айыпты», – деген сөзін ұмытпау керек.  Әт-Тирмизи «Сунан», №2159 хадис; Ибн Мажжаһ «Сунан», №3659 хадис.

Бұл дегеніміз: егер біреу қылмыс жасаса немесе белгілі қағидалар мен ережелерді бұзса, ол үшін жауапкершілікті оның өзі ғана көтереді және жауапкершіліктерді өзгелерге жүктемеу керек. Осы камераның алдына шығып сөйлеуден бірнеше сәт бұрын, мен бір газеттің сұрақтарына жауап беріп, бұл жан түршігерлік акцияның ақтауы жоқ екендігін және ол тек өшпенділіктің көрініс беруіне және мұндай әрекеттерді кұптамаған да, мақтамаған да мұсылмандарға қарсы бағытталған өш алу актілеріне әкеп соғатынын түсіндірген болатынмын.  Алайда әділеттілік пен ақыл әркім тек өзінің күнәсі үшін жауап беруін және жеке біреулерден де, адамдардың топтарынан да өзге біреулердің күнәлары үшін есеп талап етілмеуін талап етеді. Бұл жөнінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жасалған қылмысқа оны жасаған қылмыскердің өзі ғана айыпты, - деп айтқанындай. Ал Құранда былай деп айтылған: «Ешкім басқаның (күнәсінің) жүгін көтермейді» (Нәжм сүресі, 38-аят).

Бұл дегеніміз: жазықсыз адамға жамандық жасаған адамның күнәсінің айыбын жүктемеу керек, ал өзгелерге зиян тигізбейтін біреуді қылмыскердің жасаған қылмысы үшін жазаламау керек.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында  Америка халқына қатысты сұрақтар және американдықтар енді сол елде өмір сүріп жатқан мұсылмандарға немесе ол елге баратын арабтарға немесе өзге ұлт өкілдеріне белгілі бір теріс ұстаныммен қарайтын болады деген мәселелер көтерілген болатын. Адамдарды «Осы ақылға қонымды ма?» деген сұрақтар қызықтырады.

Мен алдында да айтушы едім, қазір де мынаны қайталаймын: өздерін демократияның көрнекті қорғаушылары және әділеттің  жақтаушылары деп атайтын американдықтардан олар өз азаматтарына және еліне келуші арабтарға немесе өзге мұсылмандарға немесе мұсылман емес арабтарға мұндай қарым-қатынас жасайтынын күту екіталай. Табандылығымен, ақыл-пайымымен және көптеген басқа да жақсы сипаттарымен ерекшеленетін американдықтар еш жамандық жасамаған адамдарға залымдар ретінде қарайды деу мүмкін емес, өйткені қылмыскер мен жазықсыз тең емес, ал бейбіт адамға зорлық акцияларын жасап жатқан адамның айыбын тағуға болмайды.

Мен тағы да бір рет қайталаймын: Ислам мұндай әрекеттерді мүлдем орынсыз деп санайды. Алдында мен соғыс кезінде әскери қимылдың қатысушылары әдетте бейбіт тұрғындарға тиетін зиян туралы да, олардың опат болуы туралы да ойланбайтынын айтқан болатынмын. Алайда Ислам балаларды, соғысқа қатыспайтын әйелдерді, қарт кісілерді және өз кельяларында ғибадат істерімен айналысатын монахтарды өлтіруге тыйым салған сияқты, соғыс қимылдарында қатыспайтындарды да өлтіруге тыйым салады. Осындай көзқарастарды ұстанған, Елшісі түрлі халықтарға және жеке адамдарға жіберілген діннің ұстанушылары мұндай аса зымиян залым амалдарды құптай алмайды. Бұл әрекеттер өте үлкен және бұрын орын алмаған қауіп болып табылады, ал оларға қатысу немесе болысу  барлық жағдайда қылмысқа теңестірілуі керек. Бұдан тыс, мұндай әрекеттерді болдырмауға қажетті мамандарға белгілі болған барлық шараларды қолдану керек.

Шариғат өз құрамында дененің ғана емес, әлеуметтік науқастардың да алдын алу құралдарына ие екендігіне және ауырудың алдын алу оны емдеуден жақсы екендігіне еш күмән жоқ, өйткені қауіп-қатерді болдырмау  шариғаттың мақсаттарына және ақыл санасы дұрыс адамдардың талабына жатады.

Сөзді көбейтпей-ақ, мұсылман үмметінің атынан оның ғалымдары мен саяси басшылығы мұндай әрекеттерді кұптай алмайтынын ерекше қадап айтамын. Сондай-ақ, мен Америка қоғамы да, жалпы батыс қоғамы да азаматтары оның қалауынсыз қылмыс жасап жатқан мемлекетке келіспеушік талаптарын қоя алмайды және мұндай мемлекетке қарсы, мұндай әрекеттер жасауға ешбір рұқсат алмай  және мемлекетін хабардар етпей, осындай әрекет жасаушылардың амалдары үшін, дұшпандық қадамдар жасай алмайды деп нық сенемін, өйткені осы жиіркенішті қылмысты жасаушылардың біреуі де өз ниеттері туралы өз мемлекетінің ресми өкілдерін хабардар етті деп ойламаймын. Ресми тұлғалар кез келген жерде өз отандастары туралы дұрыс және біржақты ғана болмаған пікірде болуы керек, әсіресе ол елдерде тұрақты немесе уақытша тұратын көптеген мұсылмандар оларға қарсы айыптаулар тағылған елдерден шыққандығын ескерген түрде. Ал Исламға қатысты айтар болсақ, ол мұсылмандарды түсі немесе тілі бойынша алаламайды.

Тағы да бір рет қайталаймын, АҚШ зардап тартқан іс-әрекеттер жабайы айуандардың іс-әрекеттерінен де, біз әдетте көріп үйренген лаңкестер (терроршылар) мен қылмыскерлердің іс-әрекетінен де жан түршігерлік сипатта. Орын алғанның барлығы ерекше қауіпті және жиіркенішті болып табылады.

Аллаһ Тағаладан бізді бұл дүниеде кез келген жамандықтан сақтауын, әрбір адасқанға тура жол сілтеуін, ақиқатқа және оны жақтаушыларға көмектесуін, жалғанды және оны жақтаушыларды көмексіз қалдыруын, біздің барлық істеріміз Оған ұнамды болуын және бізге рахымын төгуін тілейміз, өйткені Аллаһ Өзінің рахымына бөлемегендерге ешкім көмектесе алмайды.

Аллаһтың Елшісіне, оның бауырлары болған өзге пайғамбарлар мен елшілерге және шынайы ықыласпен ақиқатты ұстанатындарға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Әлемдердің Раббысы болған Аллаһқа мадақ, Ұлы, Жоғары Аллаһтан өзге ешкімде күш те, қуат та жоқ.

[1] Бұл жерде шейхтың Сауд Арабиясы Корольдігінің теледидарына шығып сөйлеген сөзінің мәтіні келтірілген.

[2] Яғни монахтың.

Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ әл әш-Шейхтың (Аллаһ оған есендік берсін) АҚШ-тағы Дүниежүзілік сауда Орталығының ғимаратына жасалған әуе шабуылына байланысты жасаған жолдауы
Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, пайғамбарлар мен елшілердің ең ардақтысына, оның отбасына және барлық сахабаларына игілік пен сәлем болсын.

Бізге 11-қыркүйекте АҚШ-та орын алған уақиғаларға қатысты өте көп сұрақтар келіп түсуде. Адамдар: «Шариғат бұған қалай қарайды? – және, – Осы сияқты істерді Ислам діні мақұлдайды ма?», – деп сұрайды.

Мен Аллаһтан көмек сұрап, мынаны айтамын: адамдарға Исламды сыйлаған Аллаһ бізге рахым етті. Ол бұл діннің іске асуы ретінде кез келген орын мен кез келген уақытқа жарамды, жеке адамдармен қауымдардың жағдайларын жақсылыққа қарай өзгерте алатын, ізгілікке, әділеттілікке және қайырымдылыққа шақыратын, көпқұдайшылдықтан, жамандықтан, зұлымдықтан және қиянатшылдықтан бас тартуға үндейтін кемел шариғатты бекітті.

Аллаһ бізді осы дінге қарай бағыттағаны және оның ұстанушылары мен жақтаушылары еткені Оның ұлы нығметтерінің бірі болды, өйткені шариғаттың үкімдеріне бағынатын, Аллаһтың Елшісінің Сүннетіне ілесетін және ешбір нәрседе бұл діннен ауытқымайтын мұсылман екі дүниеде де ешбір зиян шекпейді.

Мыңдаған адамдардың өліміне әкеп соқтырған АҚШ-тағы  қайғылы уақиға, күмәнсіз,  шариғат құптамайтын амалдардың қатарына жатады, Исламға ешқандай қатысы жоқ және оның шариғатының негіздерімен үйлеспейді. Бұл төменде келтірілген нұсқаулармен расталады:

1. Аллаһ Тағала әділеттен таймауға бұйырды, өйткені әділеттіліктің үстінде жер мен көктер сүйеніп тұр және адамдарға жіберілген елшілер мен көктен түскен Кітаптар оларды әділеттілікке шақырып отырды.

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Негізінде Аллаһ әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан және зорлық-зомбылықтан тыяды. Сендерге насихат береді. Әрине, түсінерсіңдер» (ән-Нахль сүресі, 90-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Расында, елшілерімізді ашық мүғжизаларымызбен[1] жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, Таразыны (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік» (әл-Хадид сүресі, 25-аят).

Сондай-ақ әділеттілігі Мінсіз, Кемел Аллаһ ешкімге өзгенің күнәсін жүктеуге болмайтындығы туралы үкім етті: «Ешкім басқаның (күнәсының) жүгін көтермейді» (ән-Нәжм сүресі, 38-аят).

2. Аллаһ, Оған мадақтар болсын, зұлымдықты Өзіне Өзі харам етті және оны құлдарының өзара қатынасында да харам деп жариялады. Бұл жөнінде сахих хадистердің бірінде Аллаһтың былай дегені жеткізілген:  «Әй, Менің құлдарым, ақиқатында, Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім және Оны сендердің араларыңда харам еттім; ендеше, біріңе бірің жәбір жасамаңдар!» Муслим «Сахих», №6572 хадис.

Бұл Оның барлық құлдарына, олардың мұсылман, мұсылман еместігіне қарамастан, қатысты айтылған,  сондықтан да олардың ешбіріне басқа біреуіне қатысты зұлымдық жасауға рұқсат етілмейді және де  ешкім бұған дұшпандықтың немесе өшпенділіктің әсерімен де  жол бермеуі керек.

Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділетсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ» (әл-Мәидә сүресі, 8-аят).

Сөйтіп, дұшпандық пен өшпенділік сезімдері зорлық пен зұлымдыққа заңды негіз бола алмайды.

Жоғарыда баяндалғандарды ескеріп, барлық елдер мен халықтар, олар Исламды ұстанатынына немесе ұстанбайтынына қарамастан, мыналарды білуге тиіс:

1.    АҚШ-та орын алған, сондай-ақ осыған ұқсас басқа да: ұшақтарды басып алып қашу, бейбіт тұрғындарға үрей салу немесе жазықсыз адамдарды өлтіру сияқты – іс-әрекеттер зұлымдық пен езгінің бір түрі болып табылады. Мұндай әрекеттерді шариғат құптамақ түгілі, оларға тыйым салады және ең ауыр күнәлар қатарына жатқызады.

2. Өз дінінің қағидаларымен таныс және іс жүзінде Құран мен өзінің пайғамбарының Сүннетінің нұсқауларын ұстанатын  мұсылман мұндай әрекеттерге қатысудан қашады, өйткені олар адамға Аллаһтың қаһарын төктіреді және зиян келтіреді.

3. Мұсылман үмметінің ғалымдары мұндай оқиғалардың шынайы мәнін көрсетуге міндетті, бүкіл әлемге шариғаттың ұстанымын және Ислам діні мұндай әрекеттерді еш құптамайтынын түсіндіруі керек.

4. Бүлік тарату, Исламды және мұсылмандарды қаралау және адамдардың жүрегінде дұшпандық сезімдерді лаулату мақсатымен мұсылмандарға қарсы айып тағып, бұл ақиқат дінді қаралап, Исламға қатысты болмаған нәрсені оған таңыған ақпарат құралдарының артында тұрғандар ақылға тоқтап, өз дінінің ереже-қағидаттарымен таныс кез келген әділетті және ақылды адам туралы былай айтуға жол берілмейтіндігін, сол сияқты оған қарсы мұндай айып тағуға болмайтындығын түсінуге тиісті. Өйткені Исламды ұстанатын халықтар ғасырлар бойы үнемі адамдардың құқықтарын құрметтейтін және зұлымдық пен зорлық көрсетуден сақтанатын.

Айтылғандардың барлығы ақиқатты түсіндіреді және түсінбеушіліктерді жояды. Аллаһтан бізге ақыл-парасат беруін, бізді бейбітшілік жолдарымен жүргізуін, Өзінің дінін нығайтуын және Өзінің Сөзін ұлықтауын тілеймін. Пайғамбарымыз Мұхаммадқа, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ бин Мухаммад Әл әш-Шейх,

Сауд Арабиясы Корольдігінің Бас мүфтиі,

Ең ірі ғалымдар Комитетінің және

Ғылыми зерттеулер мен пәтуа бойынша

Басқарманың басшысы

[1] Аллаһтың елшілері көрсеткен мұғжизалары және олар өзімен алып келген заңдары айтылып тұр.

Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың (Аллаһ оны рахымына бөлесін) мәртебелі Мекке қаласында 1989 жылы (х. 1409 ж.) орын алған жарылысқа байланысты қойылған сұрақтарға берген жауаптары
Ислам әлемі мәртебелі Меккеде 10.07.1989 ж. (х. 07.12.1409 ж.) дүйсенбі күні кешкісін орын алған жарылысқа байланысты болған келеңсіз уақиғаны қатаң айыптады.  Барша мұсылмандар мұны аса ауыр және жиіркенішті қылмыс деп санайды, өйткені ол Аллаһтың қасиетті Үйіне келген қажыларға үрей салу әрекеті, қоғамдық қауіпсіздікті бұзу,  қасиетті аймақтарда жүріп-тұру ережелеріне қатысты тыйымдарды бұзу және Аллаһтың құлдарына қатысты зұлымдықтың көрінісі болды. Аллаһ Тағала Меккені Қиямет күніне дейін Қасиетті аймақ деп жариялады және мұсылмандардың өміріне, ар-намысына және мүлкіне қол сұғуға Қиямет күніне дейін тыйым салды. Ол бұл тыйымдардың бұзылуын өте үлкен қылмыс және аса үлкен күнә деп жариялады да, Меккеде осыған ұқсас нәрсе жасауға ниет еткен адамға  қорлаушы азап тартқызатындығы туралы қорқытып айтты.

Мысалы, Аллаһ Тағала былай деді:  «…және кім бұл Мешітте зұлымдықпен жолдан шығуды қаласа[1], оған жан түршігерлік азаптың дәмін таттырамыз» (әл-Хаж сүресі, 25-аят).

Ал Қасиетті аймақта жаман (оғаш) бір нәрсе істеуді қалаған әрбір адамға қорлаушы азап уәде етілген болса, мұны іс жүзінде істеген адам туралы не айтуға болады? Мұндай қылмыстың одан да ауырлау болатындығы және қорлаушы азапқа лайықтырақ екендігі  анық. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз үмметінің мүшелеріне зұлымдық танытудан сақтануды қатаң ескерткен, бұл жөнінде көптеген хадистерде баяндалады.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің қоштасу қажылығында мұсылмандарға берген түсіндірмесі осындай ескертудің бірі болып табылады. Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, сендердің өмірлерің, мал-мүліктерің және ар-намыстарың тура осы айдағы, тура осы қаладағы, тура осы күндей қасиетті (болуы керек). Мен (осыны сендерге) жеткіздім бе?»

Бұған сахабалар былай деп жауап берді:  «Сен жеткіздің және (өзіңе жүктелгенді) орындадың, және  (үмметіңе) игі насихат бердің  деп куәлік береміз».

Содан соң Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Аллаһ, куә бол, Уа, Аллаһ, куә бол!» – деп қайта-қайта айтып, саусағымен бірде аспанға, бірде жерге көрсете берді. әл-Бухари «Сахих», №1741 хадис; Муслим «Сахих», №1679 хадис.

Жарылғыш заттарды қолданып Аллаһтың қасиетті Үйінің қасында жасалған бұл жиіркенішті қылмыс аса ауыр қылмыстар мен аса үлкен күнәлар қатарына жатады. Бұған Аллаһқа және Ақыретке иман келтірген адам бара алмас еді, ал мұндай қылмысты Исламды, мұсылмандарды және Аллаһтың Қасиетті Үйіне қарай бет алған қажыларды  жек көретін кімсе ғана жасай алады. Ол қандай ұлы зиянға ұшырады және қандай ауыр қылмыс жасады!

Біз Аллаһтан бұл қылмыскердің жаман пиғылды  амалдарын өзіне қарсы бұруын, оны өз руластары арасында масқара қылуын және Екі Қасиетті Мешіттердің Қызметкерінің үкіметіне айыптыны табуға және Оны Аллаһ белгілеп қойған жазаға тартуға көмектесуін жалбарынып сұраймыз, өйткені бұл Аллаһқа тәуелді және Ол мұны істей алады.

Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баз,

Ислам әлемі Лигасының Бас Хатшысы,

Сауд Арабиясы Корольдігінің ғылыми зерттеулер,

пәтуалар, Ислам шақыруы мен бағдарлауы

бойынша Басқармаларының Бас директоры[2]

[1] Тәпсірлердің біріне сәйкес бұл жерде Қасиетті Мешіт аймағында кез келген күнәнің жасалуы айтылып тұр.

[2] Шейх Абд әл-Азиз Ибн Баздың, Аллаһ оны рахым етсін, пәтуалары мен мақалаларының жинағы.

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің Әр-Рияд қаласында орын алған жарылыс туралы шешімі
Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ! Өзінен соң басқа пайғамбарлар келмейтін Мухаммадқа, оның отбасына және оның сахабаларына салауаттар мен сәлем болсын.

Комитет:  «Бұл қастандық – күнә, жиіркенішті қылмыс, қиянаттың көрінісі, сатқындық және адамдардың өмірі мен мал-мүлкіне қол сұғылмаушылыққа қатысты, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатысты діни тыйымдарды бұзу болып табылады», – деп шешті.

Мұндай қылмысты бойын өшпенділік, қиянатшылық, көралмаушылық, әділетсіздік, дұшпандық және өмір мен игілікке деген жиіркеніш баулап алған пасық қана істей алады. Мұсылмандар бұл қылмыстың тыйым салынғандығы, жиіркеніштілігі және өте үлкен күнә екендігі жөнінде бірауызды пікірді ұстанады, ал осы және осы сияқты қылмыстарға тыйым салынғандығына нұсқайтын Құранның аяттары мен хадистер өте көп және көпшілікке аян.

Осыдан шыға келе, Комитет бұл қылмысқа тыйым салынатындығы жөнінде шешім шығарады,  жаман ағымдарға,  бұзақы идеялық көзқарастарға және опатқа соқтыртатын бағыт-бағдарларға ілесуден сақтану керектігін ескертеді, өйткені егер адам жамандыққа үндейтін өз нәпсісіне ерік берсе, ол оны опатқа жетектейді. Тұла бойын жеккөрушілік баулап алған адамдар осы әрекеттерде өздері үгіттеп жүрген жақсаруға шақыру түріндегі өздерінің мақсаттары мен қалауларын іске асыруға мүмкіндік табады.  Ал осы қопарғыш элементтер туралы бір нәрсе болса да білген әрбір адам олар туралы құзырлы органдарға хабарлауы керек.

Құранда  Аллаһ адамдарды жамандыққа шақыратындардан және жер бетінде бұзақылық пен пасықтық жасап-таратушылардан сақтануды ескертті. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Аллаһпен және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы – өлтірілулері, не асылулары, яки қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері немесе елден айдалулары. Бұл – олардың дүниедегі жазасы. Және олар үшін Ақыретте ірі азап бар» (әл-Маида сүресі, 33-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Адамдардан кейбіреуінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, (ол) Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол – өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді. Ал қашан оған: «Аллаһтан қорық!», – делінсе, оның паңдығы ұстап, өзін күнәкар етеді. Оған Тозақ жетеді[1], (ол) нендей жаман орын» (әл-Бақара сүресі, 204-206-аяттар), – деді.

Біз Оған ғана мадақтар айтатын және Одан ғана дұға тілейтін Аллаһ Тағаладан бейтбіт тұрғындарға қастандық қылатындарды әшкерелеуін, бізден және барша мұсылмандардан зұлымдықтың бетін кері бұруын, осы және өзге де мұсылман елдерін барша жаман және айыпты нәрселерден қорғауын және біздің мұсылман  әмірлерімізге, сондай-ақ барлық мұсылман мемлекеттерінің әмірлеріне адамдар мен мемлекеттерге пайда беретін амалдар жасауға көмектесуін жалбарынып сұраймыз. Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің Кеңесі

[1] Яғни оған, осы жасағаны үшін, Тозақ жеткілікті жаза болады.

Терактілер (лаңкестік актілер) мен терроризм (лаңкестік) жихад еместігі туралы ғалымдардың айтқан сөздері
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Шейх Ибн ‘Усаймин

Шейх Ибн ‘Усаймин Аллаһ Тағаланың «Маған осы Құран, ол арқылы сендерді, сондай-ақ кімге ол жетсе, соларды қорқытуым үшін уахи етілді» (Әнғам 6: 19) деген аятына берген өзінің түсіндірмесінде былай деп айтады: «Аллаһ Тағаланың «ол арқылы сендерді… қорқытуым үшін» деген сөздері  “Мен сендерді оған қайшы келуден қорқыттым” дегенді білдіреді. «Кімге ол жетсе» деген сөздерде Кұран жетпегендерге  дәлел жетпегенгендігі көрсетіледі, тура сол сияқты, дәлел бұрмаланған түрде жеткізілген кісіге де дәлел жетпеген болып есептеледі. Алайда Ислам бұрмаланған күйде болса да жеткен кісі, Ислам мүлде жетпеген адам сияқты ақталу құқығына ие бола алмайды және өзі ақиқатты іздеуге міндетті болады.

Бүгінде Ислам діні кәпірлердің көпшілігіне өзінің тап-таза бұрмаланбаған күйінде жеткізілді ме?! Әрине, жоқ! Кейбір бауырларымыз өздерінің қалауымен ешбір даналықсыз амалдар істеп жатқанда, еуропалықтарға және басқаларға Ислам туралы бұрмаланған түсінікті қосып ұлғайтады. Мен адамдардың арасында жарылыстар ұйымдастырып, соны «Аллаһтың жолындағы жихад» дейтіндер туралы айтудамын. Шындығында, олар Исламға және мұсылмандарға пайдаға қарағанда көбірек зиян алып келуде. Олардың (қол жеткізген) нәтижелері қандай, сіздерге сұрақ: кәпірлер Исламға жақындай түсті ме, әлде одан сайын Исламнан алшақтады ма? Адамның, оны өзгелер осы қарбаластық туғызатын үрейлі топқа жатқызбауы үшін, бетін бүркеп алуға дейін жетуі – Исламнан деп ойлайсыңдар ма? Ислам бұның барлығынан алшақ, Ислам бұның барлығынан алыс! Тіпті жихад парыз болғаннан кейін де сахабалар, жихадты жүргізе алатын әмірдің туының астындағы жихадтан бөлек, кәпірлердің қауымына оларды өлтіру үшін кеткен жоқ. Ал мына террор (лаң) туралы айтар болсақ, онда Аллаһпен ант етемін, бұл – мұсылмандар үшін шектелу (тежелу) ғана. Біз (мұның) нәтижесі мен пайдасын көріп тұрған жоқпыз, керісінше, мұнда Ислам туралы түсініктің тек бұрмалануы және бұрыс болуы ғана тұр.

Егер біз даналық жолын таңдап, жүректерімізбен Аллаһтан қорқып, ең алдымен өзімізді, содан кейін айналамыздағыларды  түзесек еді, әрі шариғат жолымен жүрсек еді, онда нәтиже міндетті түрде игі болар еді!»  “Шарх усуль әт-тафсир” 1-таспа, «А» бетін тыңдаңыз.

Шейх Салих әл-Фаузан

Шейх Салих әл-Фаузанға қойылған сұрақ: «Мұсылман емес елдерінде орын алып жатқан адам өлтіру және үкімет ғимараттарын жару сияқты іс-әрекеттер қажеттілік болып табылады ма және осыларды жихад деп атауға болады ма?»

Жауап: «Адам өлтіру мен жарылыстар мүлде рұқсат етілмейді, өйткені олар мұсылмандарға қайғы-қасіреттер шақырады және олардың өлтірілуіне және қудалануына әкеледі.  Аллаһтың жолындағы жихадқа келер болсақ, бұл – тек белгілі шарттармен жүргізілетін ашық шайқасу ғана. Бұл істе Пайғамбардың (оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) өнегесіне ілесу керек. Ол Мәдинаға қоныс аудармаған және кәпірлердің арасында тұрған кезінде мына аят түсірілген еді:  «(Мухаммад) сондай оларға: «Қолдарыңды (соғыстан) тыйыңдар, намазды орындап, зекет беріңдер!», – делінгендерді көрмедің бе?» (ән-Ниса 4: 77).

Осылайша оған кәпірлермен соғысудан бас тарту бұйырылған еді, өйткені олардың (кәпірлердің) біреуі болса да өлтірілген жағдайда, кәпірлер барлық мұсылмандарды қаза қылар еді. Мұсылмандар өмір сүріп жатқан елдердегі қазір орын алып жатқандығы өздеріңізге белгілі адам өлтірулер мұсылмандардың өздерінің өлтірілуіне әкелетіні – айқын.  Мұның Исламға шақыруға еш қатысы жоқ  және Аллаһтың жолындағы жихад болып табылмайды. Мұсылмандарды қасірет тасқынына тастап жатқан жарылыстар туралы да дәл осыны айтуға болады». “Фатауа әл-аимма фи ән-науазиль әл-мудәлхима” 41.

Сұрақ: ««Ғимараттарды жару және кәпірлерге қарсы иғтияләт біздің заманымызда, ислам үмметі әлсіз және жүдеу сәтте тіпті міндетті болып табылады» деп айтатын адамның сөзіне Сіз қандай түсіндірме берер едіңіз?»

Шейх әл-Фаузанның жауабы:

«Мұның мәні неде?! Біз одан сайын әлсіреуміз үшін бе?! Қазіргі кезде әлсіз және жүдеу болған үммет біздің күнәміздің себебінен одан сайын әлсіреп, сөйтіп кәпірлер оның үстінен билеп-төстеп оны опат етуі үшін бе?! Бұлай істеу – даналық емес, даналық емес! Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  Меккеде он үш жыл өмір сүрді және билік сол кезде кәпірлердің қолында еді, алайда осыған қарамастан Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  өз сахабаларының ешқасысына кәпірлерге қарсы иғтияль жасауды, немесе біреудің үйін қиратуды,  немесе кәпірлердің біреуінің мал-мүлкін тартып алуды бұйырған жоқ. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сияқты нәрселерді бұйырмады, өйткені мұның салдары мұсылмандарға  жамандық  және ауыр зардаптар әкеледі. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  Мәдинаға хижра жасаған соң, және оның өз мемлекеті мен көмекшілері пайда болғаннан соң ғана кәпірлерге соғыс және жихад жариялады”. “Жихад уа дауабитуху-шшар’ия” 48.

Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббад:

«Ақиқатында, Әр-Риядтағы терактілердің (лаңкестік актілердің) себебімен орын алған нәрселер, әрі осы жылдың басында (х. 1424 ж.) Мекке және Мәдинада орын алған жайттар – міне осылар – шайтанның шектен шығушылықты әшекелеуіне ергендерге жасаған уәс-уәсінің (азғыруының) нәтижесі. Орын алған нәрсе – қылмыстардың ішіндегі ең лас әрекет және жер бетіндегі бұзықылық болып табылады. Бірақ шайтанның осындай іс-әрекеттерді жасаған адамдарды «Осы – жихад!» деп ойлауға мәжбүрлейтіні бұдан да лас болып табылады!   Қандай дін мен ақыл-парасат мұсылмандарды және олармен келісімде отырған кәпірлерді өлтіруді, адамдарға үрей салуды, оларды жетім-жесір етуді, сондай-ақ ғимараттарды олардың ішіндегі адамдарымен қоса қиратуды  – жихад деп  атайды?!»  “Би айи ‘ақли уа дин якуну әт-тадмир уа-ттафжир жихадан?!” 17.

Шейх Салих әс-Сухайми:

«Өзін «әл-жихад» деп атайтын, бірақ жихадқа ешқандай қатысы жоқ топ  – біздің ғасырымыздың хауариждері!  Хауариждер  ‘Усман  мен ‘Али  олар солардың қолынан қаза тапқан заманда пайда болды және олар, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл жөнінде айтқанындай, Дажжәлдің пайда болуына дейін болады. Олар пұтқа табынушыларды жайына қалдырып, мұсылмандарды өлтіреді. Олар Құранды оқиды, бірақ ол олардың кеңірдегінен төмен түспейді.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларды «Оттың иттері» деп атады. Олар ислам елдерін «кәпірлердің жері» деп, олардағы мұсылмандарды өлтіреді. Өздерінің іс-әрекетімен олар кәпірлердің Исламға және мұсылмандарға қарсы агрессиясын араңдатты және оларға кейбір мұсылман қалаларын басып алуға мүмкіндік берді. Осының барлығының артында кімдер тұрғанын: сионистер ме, массондар ма немесе басқа біреулер ме, олар осының барлығын тікелей басқарады ма әлде жоқ па – Аллаһ жақсы біледі.

Олардың бұзықтықтары таралмауы үшін әрбір мұсылманға мүмкідігі жеткенше олардың адасуларын ашу және әшкерелеу міндетті болып табылады. Және олардың ешқайсысын жасыруға болмайды, өйткені бұл  – Аллаһ Тағала: «Бір біріңе игі және тақуалық істерінде жәрдемдесіңдер де,  күнә мен дұшпандықта бір-біріңе көмектеспеңдер!», – деп айтқанындай, күнә мен дұшпандыққа көмек болып табылады. Оларды жасыратын, немесе қорғайтын, немесе олардың амалдарын жасайтын адамдарға келер болақ, ондай адамдар – олардың істеріндегі, яғни жазықсыз мұсылмандар мен бейбіт келісімшарттағы кәпірлерді  өлтіру істеріндегі сыбайласы және көмекшісі болып табылады. Және мұндай адам, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ бидғат істеген адамның өзін немесе бидғатшыны жасырған адамды лағынеттеді», – деп айтқанындай, Аллаһтың қарғысына ұшырайды (әл-Бухари 4/73, Муслим 1371)». Қз: «әл-Ирхаб асбабуху уа ‘иләжуху» 7.

Шейх ‘Абдур-Рахман әл-Баррақ:

«Кәпірлерге қатысты олардың елдерінде өмір сүріп жүрген кейбір надан мұсылмандардың: ұрлық, олардың құқықтарын бұзу, хақысыз оларды ұрып-соғу және балағаттау сияқты – қылмыстары Ислам шариғатында тыйым салынған болып табылады! Мұндай адамдардың істеп жүргендері – Исламға ешқандай қатысы жоқ! Бұдан да сорақысы – бұл түрлі мекемелерді жарып жүрген кейбір адасқандардың жасап жүрген терактілері (лаңкестік актілері). Ақиқатында, мұның Аллаһ Тағала жер бетінде әділеттілікті тарату және Өзінің Сөзін ұлықтау үшін құлдарының арасында заңдастырған  жихадқа еш қатысы жоқ! Тіпті бұл тыйым салынған бұзақылық болып табылады!» “И’тида ‘алә ғайриль-муслимин” 3.

Сауд арабиясы Корольдігі Пәтуалар және ғылыми зерттеулер бойынша Тұрақты Комитеттің (әл-Ләжнату-ддаима) пәтуасы

Ғалымдардың Жоғарғы кеңесі хижраның 02/04/1419 жылында (26.07.1998ж.) Таиф қаласында өткен 49-сессиясында күпірлікте негізсіз айыптауға қатысты мәселені түсіндіріп, өзге нәрселер қатарында мынаны жариялады:

«Кейбір елдерде орын алып жатқан жазықсыз адамдарды өлтіру, тұрғын үйлерді, көлік құралдарын, мемлекеттік және жеке мекемелерді жару туралы айтар болсақ, бұл іс-әрекеттер қылмыс болып табылады және Исламның олармен ешқандай ортақтығы жоқ.  Дәл солай, Аллаһқа және Ақыретке иман келтірген кез келген шынайы мұсылманның да мұнымен ешқандай ортақтығы жоқ. Мұндай адамдардың іс-әрекетін Исламмен де, Исламның қағидаларын басшылыққа алатын және Құран мен Сүннеттің нұсқауларына ауытқымай ілесетін мұсылмандармен де байланыстырмау керек, өйткені олардың іс-әрекеттері – сотқарлықтың таза күйіндегі көрінісі және шариғат та, адам табиғаты да тәрк ететін қылмыс болып табылады.  Мұндай іс-әрекеттерге Құран мен Сүннет тыйым салады және оларды істеп жүрген адамдармен араласудан сақ болуға үндейді. Аллаһ Тағала айтқандай: «(Мухаммад) адамдардан кейбіреуінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, (ол) Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Алайда ол -  өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады. Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді. Ал қашан оған: «Аллаһтан қорық!», – делінсе, оның тәкаппарлығы өзін күнәға итереді. Оған Тозақ жеткілікті, ол – нендей жаман орын!» (Бақара 2:204-206).

Сондай-ақ, құрамында: шейх ‘Абдуль-‘Азиз Әли Шейх, шейх Салих әл-Люхайдан, шейх ‘Абдуллаһ ибн Сулейман әл-Мани’, шейх ‘Абдуллаһ әл-Ғудаян, шейх Салих әл-Фаузан, шейх Хасан әл-‘Атми, шейх Мухаммад ибн ‘Абдуллаһ әс-Сабиль, шейх ‘Абдуллаһ ибн Мухаммад ибн Ибрахим Әли Шейх, шейх Мухаммад ибн Сулейман әл-Бадр, шейх ‘Абдуллаһ әт-Турки, шейх Мухаммад ибн Зайд Әли Сулейман, шейх Бакр Абу Зайд, шейх ‘Абдуль-Уаххаб ибн Ибраһим, шейх Салих ибн ‘Абдуллаһ ибн Хумайд, шейх Ахмад ибн ‘Али әл-Мубараки, шейх ‘Абдуллаһ ибн ‘Али әр-Рукбан және шейх ‘Абдуллаһ ибн Мухаммад әл-Мутләқ деген ғалымдар бар САК ғалымдарының Жоғарғы Кеңесі  хижраның 11/6/1424 жылы (2003г.) Әр-Риядта орын алған жарылыстан кейін жасаған өзінің мәлімдемесінде өзге нәрселердің қатарында мынаны да айтты:

«Кім: «Түрлі терактілер (лаңкестік актілер) және (жазықсыз адамдарды) өлтіру  – бұл жихад!» – деп айтса, ол – надан (жахиль) және адасқан болып табылады. Мұның барлығы Аллаһтың жолындағы жихадқа ешбір қатысы жоқ!»

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия «жихад» ұғымына анықтама беріп, былай деді:  “Жихадтың мәні – иман, салиқалы амалдар сияқты Аллаһ сүйетін  нәрселерге қол жеткізуге және күпірлік, бұзақылық, мойынсынбау сияқты Аллаһ жек көретін нәрселерді жоюға барынша ұмтылу”.  “Мәжму’уль-фатауа” 10/192.