Ислам террорға қарсы » Мұсылман еместер

Ғалымдар – дінді дұрыс түсінуге көмектесетіндер
Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен!

Аллаһ Тағала былай деп айтады:«Міне осы мысалдарды адамдар үшін көлтіреміз. Бірақ оларды білімге ие болғандар ғана түсінеді». (әл-‘Анкәбут 29: 43).

Шейх Ибн әл-Қайим өзінің танымал өлең жолдарында мынандай ұлы сөздерді айтқан: “Надандық – өлтіретін ауыру, оның шипасы екі нәрседе – Құран мен Сүннетте, ал дәрігері – дана ғалым болып табылады!” “Шәрху усули сәләсә” 18.

‘Абдуллаһ ибн ‘Аббастан жеткен деректе алты мың хауәриждерден құралған топ халифа  Али ибн Әбу Талибтен бөлініп шығып, «Харура» деген жерде қоныстанғаны туралы баяндалады. Ал адамдар Алиге келіп: «Йә, муминдердің әмірі, адамдар саған қарсы шықты!» – деп айтуын тоқтатпады. Ол бұған: «Оларды қойыңдар, өйткені, мен олармен, өздері бірінші болып бастамайынша, соғыспаймын, және олар жуық арада осыны істейді деп ойлаймын», – деп жауап беретін. Және барлығы осылайша болып тұрған кезде, Ибн Аббас бесін (зухр) намазынан кейін Алиге келіп: «Уа, муминдердің әмірі, рұқсат ет: мен ол адамдарға барып, сөйлесейін», – деді. Али оған: “Олар саған жауыздық жасайды деп қорқамын”, – деп айтты (1). Сонда Ибн Аббас: “Мен жұмсақтық танытамын және олардың ешқайсысын қорлап сөйлемеймін!” – деді. Содан соң Али оған рұқсат берді және: “Олармен Құран арқылы айтыспа, Сүннет арқылы айтыс”, – деді.  Ибн Аббас: “Мен Аллаһтың Кітабын олардан жақсы білемін!” – деп жауап берді.  Сонда Али оған: “Дұрыс, алайда Құранды әртүрлі тәпсірлеуге болады”, – деді (2).

Ол хауәриждерге түстен кейін келіп жетті және оларды түскі тамақтың үстінде кездестіріп үлгерді. Ибн Аббас былай деп баяндаған: “Оларға келіп, мен ғибадатта олардан ыждағаттырақ болған адамдарды ешқашан көрмеген адамдарды көрдім (3). Олар мені көріп, былай деді: “Сенімен амандасамыз, уа, Ибн Аббас. Сені бізге не алып келді?” Ол: “Мен сендерге Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан – мухаджирлер мен ансарлардан, және оның көкесінің баласынан келдім. Құран оларға түсірілді және олар оның мағынасын сендерден жақсырақ біледі, ал сендердің араларыңда олардың біреуі де жоқ! (4) ” – деді.

Олардың кейбіреулері: «Онымен сөйлеспеңдер!» – деп айқайлай бастады. Сонда сол кезде әлі хауәридж болып жүрген Ибн әл-Кәуә орнынан тұрды да, адамдарға қарап, оларды Ибн Аббастан сақтандырып: “Уа, Құранға ілесушілер! Егер бұл Ибн Аббасты біреулер білмесе де, оны мен білемін, міне дәл соның халқы туралы Аллаһ былай деді: «Олар – керісуші адамдар болып табылады» (әз-Зухруф 43: 58). Оны қожайынына қайтарыңдар және Аллаһтың Кітабынан қайтпаңдар!” – деді. (5)

Ал басқалары (Ибн Аббасқа) былай деді: “Айта бер, біз сені тыңдаймыз”. Және сонда Ибн Аббас оларға Алидің келесі шарттарын жеткізді: “Сендер харам етілген қанды төкпейсіңдер, жолдарда қарақшылық жасамайсыңдар, және зиммийлерді жәбірлемейсіңдер. Және осыдан бір нәрсені істесеңдер, біз сендерге қарсы соғыспен шығамыз!”(6)

Сондай-ақ, Ибн Аббас оларға былай деді: “Маған сендер Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) немере інісін, сондай-ақ оның қызының күйеуін бір нәрселерде күнәлап жатырсыңдар деген хабар жеткізілді. Ол Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) алғашқы иман келтірген адам еді, ал сендер оған наразысыңдар ма?! Шынымен де солай ма?!”

Олар: “Біз оған үш нәрсе үшін өте наразымыз“, – деді.

“Қандай?” – деп сұрады Ибн Аббас.

Олар: “Біріншіден, ол адамдарды Аллаһтың дінінде үкім шығарушылар етіп тағайындады, ал Аллаһ: «Үкім тек Аллаһқа тән», – дейді. (7) (әл-Ән’ам 6: 57).

Екіншіден, ол Муъауия және Айшамен соғысқан кезде, олжамен тұтқын алмады. Егер олар кәпір болған болса, онда бұл рұқсат етілген еді, ал егер олар мумин болған болса, онда тұтқын алуға да, олармен соғысуға да рұқсат етілмеген еді!

Үшіншіден, мұсылмандар оған ант беріп, оны өздерінің әмірі етіп тағайындаса да, ол өзінен муминдердің әмірі (амируль муъминин) деген атақты алып тастады,  ал егер ол муминдердің әмірі болмаса, онда ол кәпірлердің әмірі болып табылады! ” – деді.

Абдуллаһ: “Тағы сұрақтар бар ма?” – деп сұрады. Олар: «Жоқ, осы жеткілікті!» – деді.

Ибн Аббас: “Егер мен сендердің көзқарастарыңды Аллаһтың Кітабы және Пайғамбардың Сүннетімен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) (8) жоққа шығарсам, сендер өз пікірлеріңнен бас тартасыңдар ма?!” – дегенде, олар: “Ия”, – деп жауап берді.

Абдуллаһ сонда былай деді: “Ол адамдарды Аллаһтың дінінде үкім шығарушылар етіп тағайындауына байланысты айтар болсақ, онда Аллаһ Тағала: «Әй мүміндер! Сендер ихрамда аң өлтірмеңдер. Сендерден біреу оны қасақана өлтірсе, оның жазасы – өлтіргеніндей бір мал, оны сендерден екі әділ кісі Кағбаға баратын бір құрбанды үкім етеді», – деп айтады ғой. (әл-Мәида 5: 95).

Аллаһ Тағала, сондай-ақ, ері мен әйелінің арасындағы келіспеушіліктер туралы былай деді:  «Егерде екеуінің арасының ашылуынан қауіптенсеңдер, еркектің ағайынынан бір төреші, әйелдің ағайынынан бір төреші жіберіңдер. Егер ол екеуі жарастыруды қаласа, Аллаһ та екеуінің арасын үйлестіреді». (ән-Нисә 4: 35).

Аллаһпен сендерге жалбарынам! Айтыңдаршы, адамдардың қанына, өміріне және оларды табыстыруға қатысты  адамдардың үкім шығаруы (осылардан) маңыздырақ емес пе?!”

Олар: “Әрине, маңыздырақ“, – деді.

Ибн Аббас: “Қалай, енді бірінші мәселе бітті ме?” – деп сұрағанда, олар: “Ия, Аллаһпен ант етеміз”, – деп жауап берді.

Абдуллаһ былай деп жалғастырды: “Сендер: «Али соғысты, бірақ ол Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істегендей тұтқын да, олжа да алмады», – дедіңдер. Сонда сендер күң ретінде сендердің аналарың Айшаны алып, оған күңге қатысты істегеңдеріңді істейін деп едіңдер ме?! Егер сендер: «Ия», – деп айтсаңдар, онда күпірлікке түсесіңдер, ал егер сендер Айша – аналарың емес деп айтсаңдар да, күпірлікке түсесіңдер, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Пайғамбар муминдерге олардың өздерінен жақын, ал оның жұбайлары – олардың аналары». (әл-Әхзаб 33: 6).

Кейін Абдуллаһ былай деді: “Қалай, енді мұнымен де іс бітті ме?”

“Ия, Аллаһпен ант етеміз ”, – деп жауап берді олар.

Абдуллаһ  өз сөзін жалғастырды: «Сендер, сондай-ақ, Али өзінің муминдердің әмірі деген атағынан бас тартты дедіңдер. Худайбия бітімі жасалған күні Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшылдармен жасасқан келісім-шартта «Мухаммад – Аллаһтың Елшісі» деп жазғысы келгенде, мушриктер наразы болып: «Егер біз сенің Аллаһтың Елшісі екендігіңе сенгенде, сені қуып жібермейтін едік және сенімен соғыспайтын едік. «Мухаммад ибн Абдуллаһ» – деп жаз», – деді. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) олардың талаптарына көніп: «Әй, Али, мұны өшір де, «Абдуллаһтың ұлы Мухаммад» деп жаз, ал Аллаһ мен –  Аллаһтың Елшісі екенімді біледі!» – деді».

Осыдан кейін Ибн Аббас: “Қалай, мұнымен де біттік пе?” – деп сұрағанда, олар: “Аллаһпен ант етеміз, ия”, – деді.

Ибн Аббас былай деді: “Олардан (хауәридждерден)  екі мың адам қайтты, және адасуда қалғандары өлтірілді. Және оларды мухаджирлер мен ансарлар өлтірді”. (9) Әхмәд 1/621, ‘Абдур-Раззақ 10/157-158. әл-Хаким 2/150-152, әт-Табәрани 10/312-314, әл-Байхақи 8/309, Ибн Са’д 3/231. Бұл деректің барлық риуаяттары сахих болып табылады.

Сондай-ақ, білім иелерінің дінді дұрыс түсінуге көмектесуінің мысалы болып – ‘Уруа ибн әз-Зубәйрдың басынан өткен мына оқиға табылады: Ол былай деп баяндаған: “Бірде мен – сол кезде мен жас едім – Айшадан мына аят жөнінде сұрадым: «Ақиқатында, Сафә мен Мәруа – Аллаһтың рәсімдік белгілерінен. Және кім Қағбаға қажылық немесе умра жасаса,  олардың арасын айналып өтсе – күнәхар болмайды». (әл-Бәқара 2: 158). “Сен бұл жөнінде не айтасың? Мен бұл екі төбенің арасын (Сәфә мен Мәруа) айналып өтуді жасамауда оқа көріп тұрған жоқпын”. Ол былай деп жауап берді: “Жоқ! Егер бұл осылай болғанда, онда: «Оларды айналып өтпеген – күнә жасамайды», – деп айтылар еді. Бұл аят Исламға дейін Қажылығын Мәнәт деген пұттың алдынан бастайтын, ал Ислам келгеннен кейін олар Сәфә мен Мәруаның арасын айналып өтуден қауіптенетін ансарлар жөнінде түскен. Олар не істеуін білмеді және бұл жөнінде Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл жөнінде сұрады, және Аллаһ осы аятты түсірді ”.

‘Уруа ибн әз-Зубәйр ең жақсы табиғиндердің бірі  және Мәдинаның ең атақты жеті фәқиһтарының (10) бірі болып саналатындығына қарамастан, бұл аятты дұрыс түсінбеді.  Ал мұны оған одан көбірек білімге ие болған Айша түсіндірді!

Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өлімінен кейін зекет төлуден бас тартқандардың жағдайы да осылай, өйткені олар Аллаһ Тағаланың мына сөздеріне сүйенді: «(Мұхаммед ) олардың малдарынан садақа ал (11), ол арқылы оларды тазартып, ұлықтау үшін».  Олар бұл әмір тек Пайғамбарға (Аллаһтыңоған игілілігі мен сәлемі болсын) қатысты  деп ойлады. Бұл адамдар араб тілін жетік білді, бірақ білім иелеріне жүгінбегендігінен  адасушылыққа түсті. Сол үшін Әбу Бәкр олармен, олар зекетті қайта төлеп бастамайынша, соғысты!

Ғалымдар дінді дұрыс түсінуге көмектесетін осындай мысалдар Исламда өте көп.

Ибн Уәхб былайдейтін: “Егер мен имам Мәлик пен имам әл-Ләйс ибн Са’дты көріп үлгермегенімде, адасушылыққа түсер едім!” “Шәрх әл-Мууәтта” 1/29.

Ескертпелер:

(1) Қиянатшылдық – хауәридждердің сипаттарының бірі болып табылатын еді және болып табылады да. Олар мұсылмандарды өлтіруде еш проблема көрмейді және осы себептен Али Ибн Аббас үшін қорықты. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Хауәридждер мұсылмандар үшін яхудилер мен христиандардан да жаман. Олар өздерімен келіспейтін мұсылмандарды өлтіруде ыждағаттылық көрсетеді. Олар мұсылмандардың қанын төгуді, олардың мал-мүлкін тартып алуды, олардың балаларын өлтіруді және оларды күпірлікте айыптауды рұқсат етеді!” “Минхаджу-Ссунна” 5/248.

Хафиз Ибн Касир хауәридждер Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы Абдуллаһ ибн Хаббәбты оның жүкті болған әйелімен бірге тұтқынға алғанын баяндаған. Олар одан: «Сен кімсің?» – деп сұрайды. Ол: «Мен – Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы Абдуллаһ ибн Хаббәб, сендер маған қорқыныш ұялатудасыңдар», – деді.  Олар оған : «Қам жеме. Бізге өзіңнің әккңнен естігеніңді айтып берші», – деді. Ол: «Мен әкемнің: «Мен Аллаһтың елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Бүліктердің  уақыты келеді, ол кезде отырушы адам тұрып тұрғаннан, тұрып тұрған жүріп баратқаннан, жүріп баратқан жүгіріп баратқаннан жақсырақ болады», – деп айтқанын естігенмін», – дегенін естідім», – деді. Кейін олар оны байлап тастап өзімен бірге алып жөнелді. Жол-жөнекей олар бір зиммийге* тиісті болған доңызды көрді. Олардың біреуі оны қылышымен ұрып, терісін кесіп тастады. Басқасы оған: «Сен не үшін былай істедің? Ол зиммийдің малы ғой!» – деді. Кейін ол доңызыдың иесіне барып, оны разы болған күйінде қалдырмайынша онымен жұмсақ түрде әнгімелесті. Сондай-ақ, олардың біреуі ағаштан түскен құрманы алып жей деп жатқанда, басқасы оған: «Сен мұны рұқсат сұрамай және ол үшін ақша төлемей алдың!» – деді. Ол сол кезде оны бірден ауызынан шығарды. Алайда мұның барлығына қарамастан, олар Абдуллаһ ибн Хаббәбты сойып тастады, ал оның әйелінің: «Мен – жүкті әйелмін, сонда сендер Құдыретті Аллаһтан қорықпайсыңдар ма?» деген сөздеріне қарамастан, басын шауып, қарнын жарып, ішіндегі баласын лақтырып тастады». “әл-Бидая уә-ннихая” 10/583.

Хауәридждердің іс-әрекеттеріне назар салыңыздар! Олар екінші дәрежелі істерде тақуалық танытады да, ал мұсылманды өлтіру сияқты ұлы қылмыста олар немқұрайлы болады. Аллаһ оларға лайықты жазасын берсін!

*Зиммий – мұсылман жерлерінде өмір сүретін және джизья (салық) төлейтін кәпір. Джизья балалардан, әйелдерден, қарттардан, еш нәрсесі жоқ кедейлерден, ақыл-ессіздерден және ауырулардан алынбайды. “Әхкәму әһли-зиммә” 1/43-51, Ибн әл-Қайим.

(2) Сүннетке жүгінбей Құранды толық түсіну мүмкін емес, өйткені, егер Құранның өзі ғана жеткілікті болатын болса, Аллаһ Тағала Өзінің Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оны түсіндіруді бұйырып, былай деп айтпаған болар еді: «Саған да адамдар үшін түсірілгенді түсіндірерсің деп, Құранды түсірдік». (ән-Нәхль 16: 44). Құранды түсінудегі Сүннетті елемеу – көптеген секталардың адасуының себебі болды. Әбу Нәдр  Имран ибн Хусайн деген сахаба Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін айтып жатқан кезінде олар оның жанында болғанында, бір адам өзінің наразылығын білдіріп: «Одан да бізге Аллаһтың кітабы туралы айтқаның жақсы», – дегенді баяндайды. Сонда Имран ашуланды да: «Ақиқатында, сен – ақымақсың! Аллаһ Құранда зекетті атап өтті, ал онда екі жүз дирхамнан бесеуін төлеу керек деген нұсқау қайда?! Намазды атап өтті, ал бесін намазы төрт ракағаттан тұрады деген нұсқау қайда?! Қағбаны айналуды (тауафты) атап өтті, ал айналулар жетеу деген нұсқау қайда?! Ақиқатында, мұның барлығын Сүннет тәпсірлеп түсіндіреді!» – деді.” әл-Әджурри “әш-Шәри’а” 104. Иснәді  сахих.

(3) Адамдарды бірінші кезекте олардың сенімдеріне сәйкес бағалау керек, ал басқа артықшылықтары кейіннен келе береді. Егер адамдарды олардың ыждағатты түрде ғибадат жасауына байланысты бағалау қажет болғанда, онда хауәриждердің деңгейін сахабалардың деңгейінен де көтермелеп жіберу керек болар еді, өйткені Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, сендердің намаздарың, олардың намаздарымен салыстырғанда, және сендердің оразаларың, олардың оразаларымен салыстырғанда, сендерге болмашы болып көрінеді». Муслим 1064. Алайда, іс жүзінде бәрі басқаша. Өйткені, хауәридждер мұсылмандардың алғашқы бүлігінің және бөлінуінің себепшілері болды. Ақиқатында, дұрыс сенімдердің ізінен ғана ізгі амалдар жалғасады. Және дәл осы сипат әһлю-Суннәдан болған шынайы мұсылмандарды әртүрлі ағымдар мен жамағаттардан ерекшелейді.

(4) Тура сол сияқты адасқан секталардың және ағымдардың құрамында ешқашан ғалымдар болмаған және ешқашан болмайды да! Хафиз Ибн Раджаб: “Бидъаттар пен адасушылықтардың жақтаушыларына келер болсақ, олар ғалымдарға ұқсағысы келеді, бірақ, олар ғалымдардан емес. Олардың надандығын ашып көрсету және адасушылықтарын әшкерелеу рұқсат етілген, өйткені сол арқылы оларға ілесуден сақтандыру үшін ”, – деп жазған. “Фәрқ бәйнә ән-нәсыха уә әт-та’иир” 33.

Ибн ‘Аббастың бұл сөздерінде, сондай-ақ, дінді пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары түсінгендей түсіну маңыздылығына нұсқалады.

(5) Бұл да – хауәридждердің сипаттарының бірі – өздерін ғалымдарға мұқтаж емес деп есептеу және олардың маңызың кеміту.

(6) Хауәридждер оларды бұзатын жағдайда, Али ибн Әбу Талиб олармен соғысатындығын білдірген шарттарға  назар аударыңыздар! Ал біздің уақытымызда көптеген мұсылмандар жердің түкпір-түкпірлерінде джихадтың атымен дәл осыларды істеп жүр емес пе?! Мұсылмандар мұсылмандардың өздерін, әйелдерді, балаларды және қауіпсіздік кепілдігін алып, мұсылмандардың жеріне кірген кәпірлерді өлтіріп жүр емес пе; немесе кәпірлердің мал-мүлкін тартып алып, сонысын рұқсат етіледі деп жүр емес пе?! Мұның барлығының джихадқа еш қатысы жоқ, ал Аллаһ және Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мұндай бұзақылықтан алшақ.

Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Кім муахадты (мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірді) өлтірсе, Жәннәттың хош иісін де сезбейді, ал оның аңқыған иісі қырық жылдық жол қашықтығынан сезіледі». әл-Бухари 2995.

Ибн Хаджәр былай деп жазған: «Хадисте мұсылмандармен келісім-шарты бар кәпір туралы сөз болуда, мейлі ол – джизья төлеу, әмірмен бітім, немесе мұсылман адам тарапынан берілген қауіпсіздік кепілдігі (амән) болсын». “Фәтхуль-Бәри” 12/259.

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), сондай-ақ, былай деді: «Ақиқатында, адамға қауіпсіздік кепілдігін беріп, кейін оны өлтіргенге, тіпті өлтірілген – кәпір болса да, менің қатысым болмайды!» Әхмәд 5/223. Ибн Мәджәһ 2/896. Хадистің сахихтығын хафиз әл-Бусайри және шейх әл-Әлбәни растаған.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: “Қауіпсіздік кепілдігін кез-келген кәпірге беруге болады, және мұны кез-келген мұсылман істей алады!” “Саримуль-мәслюль” 95.

Сондай-ақ, мұсылман әйел де  қауіпсіздік кепілдігін бере алады. Меккені алғаннан кейін Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оның тұрғындарын өлтіруге және олардан өш алуға тыйым салды, мұсылмандарға қатысты өздерінің оңбағандылығымен және қиянатшылдығымен ерекше танылған бесеуінен басқа. Ал ол бесеуін, олар тіпті Қағбаның көлеңкесінде кездессе де, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өлтіруді бұйырды. Міне,  Ибн Хубәйр – сол бесеудің біреуі еді. Ал Умм Ханидің бауыры Али оны көріп қалып, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығын орындау үшін ізінен  қуып жөнелген кезде, Ибн Хубәйр Умм Ханидің үйіне кіріп кетіп, одан пана сұрады, ал ол, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) әмірі туралы білмей, оған оны берді.  Кейін ол өзі Аллаһтың Елшісімен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сөйлеспейінше, оған тиісуге тыйым салды. Имам әл-Бухариден келген хадисте Умм Хани Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кіріп: «Уа, Аллаһтың елшісі, менің бауырым (Али) мен өзімнің қорғауыма алған Хубәйрдің ұлын өлтіремін деп жатыр!» – дегенде, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Уа, Умм Хани, сен өзіңнің қорғауыңа алғанды біз өзіміздің қорғауымызға аламыз», – деді әл-Бухари 357.

Егер тіпті әйелдің берген қауіпсіздік кепілдігі есепке алынып, осы кәпірдің қаны мен мал-мүлкі басқаларға харам етілген болса, онда мемлекет беретін өз еліне кірердегі кепілдігінің орындалуы туралы не айтуға болады?!

Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Барлық мұсылманның қаны тең дәрежеде құнды, ал олардың ең ықпалсызы берген кепілдігін өзгелердің барлығы орындауға тиіс». Әбу Дауд 2751, Ибн Мәджәһ 2685, Ибн әл-Мунзир 11/151. Хадис сахих, бұл жөнінде шейх әл-Әлбәни айтқан.

Умар ибн әл-Хаттаб былай деді: “Егер мұсылман оған: «Қорықпа», – десе, ол оған қауіпсіздік кепілдігін берген болады. Және егер ол оған: «Лә тадхәл», – десе де, ол оған қауіпсіздк кепілдігін берген болады. Ақиқатында, Аллаһ барлық тілдерді біледі!” Абдур-Раззақ 5/219, Са’ид ибн Мәнсур 2599.

«Мәттарс» және «Лә тадхәл» – парсылар мен эфиоптардың тілдерінде  «қорықпа» дегенді білдіреді.

Имам Әхмәд және Ибн Таймия былай деген: “Кәпір өзіне берілген қауіпсіздік кепілдігі деп түсінген кез-келген нәрсе оған қауіпсіздік кепілдігін беретіні Сүннетте келген!” “әл-Инсаф” 10/348, “Бәяну-ддәлиль” 64.

Имам Ибн Мунасыф былай деді: “Дұшпан өзіне берілген қауіпсіздік кепілдігі (амән) деп түсінген кез-келген тілдегі кез-келген нәрсе, мейлі ол – сөз болсын, мейлі – жазу, немесе ым болсын, оған бұл кепілдікті береді, тіпті мұсылман осыны меңземеген болса да!” “әл-Инджәд” 2/45.

Жоғарыда келтірілгендердің негізінде мына нәрсе айқын болады: мұсылмандардың еліне кіріп жатқан кәпірдің төлқұжатына қойылатын виза оған қауіпсіздік кепілдігін береді. Және осыда ешқандай күмән жоқ.

Міне дәл осы – кәпірлердің елінде өмір сүріп жатқан, немесе виза, яки кіруге рұқсат алып сол жерге келген мұсылмандарға да қатысты болады. Оларға бұл кәпірлерді өлтіруге, олардың мал-мүлкін тонауға тыйым салынады, өйткені, мұның барлығы – қиянатшылдық және қауіпсіздік кепілдігін (амәнды) бұзу болып табылады. Мұның, кейбіреулер «Ақиқатында, соғыс – бұл алдау» деген хадисті дәлел ретінде пайдаланып, айтып жүрген, қулыққа еш қатысы жоқ. Егер кәпірлер мұсылмандарды өздерінің еліне кіргізген болса, онда осының өзі-ақ оның олармен келісім-шартқа отырғанын білдіреді, тіпті бұл сөйлесілмеген болса да.

Имам Ибн Джәузий “әл-Қауәнинуль-фиқхия” еңбегінде былай дейді: “Қауіпсіздік кепілдігін бұзу мен әскери қулықтың арасындағы айырмашылық – қауіпсіздік кепілдігі дұшпандарға қауіпсіздікке деген сенімділік ұсынады. Ал әскери қулық – әскери құпияларды жасыруға арналған шаралар болып табылады. Бұл шаралар дұшпанды жаңылыстырады және оны қарсыласы шегініп жатыр, немесе соғысқысы келмей жатыр деген қате ойға салады.  Бұл – дұшпанды абайсызда қалдырып, оның үстіне түсу үшін жасалады. Әскери қулықтың түрлеріне – (қарсыластың) назарын негізгі мақсаттан басқа жаққа аударып алып кету мақсатында (белгілі бір іс-әрекетті) симуляциялау, дұшпанның қатарына бөлінушілік салу, торуылдар ұйымдастыру, ұрыс барысындағы тактикалық шегіну т.б. жатады. Оған (әскери қулыққа) – өзіңді солардың бірі деп көрсету, дұшпанның дінін өтіріктен ұстану, дұшпан алдында ықыласты кеңесші ролін ойнап, сол арқылы дұшпанның сенімін пайдаланып, қиянатшылдықпен оны жәбірге ұшырату жатпайды. Бұл тәсілдерді қолдануға болмайды және олар – сатқындық болып табылады”.

Имам әл-Мәрғинәни “әл-Хидая” кітабында былай деді: “Егер мұсылман адам дұшпандардың еліне саудагер ретінде кіріп барса, ол сол елде қауіпсіздік кепілдігін алған мұсылман сияқты болады. Оған олардың мал-мүлкіне және өміріне қол сұғуға болмайды, өйткені ол өзіне берілген қауіпсіздік кепілдігінің есесіне оларға қарсы ешнәрсе істемейтініне кепілдік берді. Осыдан кейін олардың мал-мүлкі мен өміріне қол сұғу – қиянат болып табылады, ал қиянатқа тыйым салынған”.

Имам әш-Шәфи’и “әл-Умм” кітабында былай деді: “Егер дұшпандар мұсылмандардан біреуді тұтқынға алып, кейін оны азаттыққа жіберсе және қауіпсіздікпен қамтамасыз еткен болса, онда олардың берген қауіпсіздік кепілдігі – олардың өздеріне берілген қауіпсіздік кепілдігі де болып табылады, және оның оларды қиянатшылдықпен өлтіруіне және оларға сатқындық жасауына құқығы болмайды”.

Имам Ибн Қудама былай деді: “Кім дұшпан жеріне қауіпсіздік кепілдігін алып кірген болса, олардың мал-мүлкіне қиянатшылдықпен қол сұғуына, немесе олармен өсімқорлықпен айналысуына  құқығы болмайды. Олардың өздеріне қатысты қиянат туралы айтар болсақ, оған тыйым салынған, өйткені, олардың берген қауіпсіздік кепілдігі оларға қатысты сатқындық жасалмауын білдіреді.  Тіпті, бұл шарттар сөзбе-сөз келісілмеген болса да, мұның мәні әрекеттің өзінен айқын болып тұр”.  “әл-Муғни” 13/152.

Ал, кәпірлердің  мал-мүлкіне келер болсақ, ол, джихад кезінен және кәпірлердің  елі бағындырылғаннан кейінгі кезден басқа кезде, рұқсат етілмеген, бұл жөнінде  хафиз Ибн Хаджәр “Фәтхуль-Бәри”- де (341)  және Шәмсуль-Хакқ ‘Азым Абәди «‘Аунуль-Мә’буд»-та (7/318) айтып өткендеріндей.

Имам ән-Нәуәуи имам әр-Рафи’идің мына сөздерін жеткізген: “Егер адам дұшпан жеріне қауіпсіздік кепілдігімен кіріп барса, онда оған ол жерден қойма алуға рұқсат етілмейді, ол оны күштеп тартып алса да, жәй тауып алса да. Сондай-ақ, ол оларға тиісті болған нәрселерге қатысты қиянат жасай алмайды, ақиқатында, ол оларға тиістіні өздеріне қайтаруға міндетті!” «әл-Мәджму’» 6/51.

Шейх Ибн Баз басқаратын Тұрақты Комитеттің  (әл-Ляджнәту-ддаима) ғалымдарына: «Кәпірлердің елінде өмір сүріп, осы елге зиян тигізу үшін мемлекеттен электр қуатын және суды ұрлауға болады ма?» – деп сұрақ қойылды. Сондай-ақ, оларға: «Электр қуатқа, газға, телефонға т.б. төлемақы төлеуден бас тартуға болады ма?!» – деген сұрақ қойылғанда, олар: “Бұған рұқсат етілмейді, өйткені бұл – адамдардың мал-мүлкін қақысыз жеу және сенімді бұзу болып табылады”, – деп жауап берді. «Фәтауә әл-Ләджнә» 23/441.

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Кім муахадты (мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірді) жәбірлесе, немесе оның құқықтарын шектесе, немесе оған оның мүмкіндіктерінен тыс нәрселерді жүктесе, немесе одан оның қалауынсыз бір нәрсесін алса, ақиқатында, Ақырет Күні мен оған қарсы куәлік етемін». Әбу Дауд 3/437, әл-Бәйхақи 9/205. Хадистің сахихтығын шейх әл-Әлбәни растаған. Бұл мәселеде барлық имамдар бір ауызды келісімде болған, және хауәридждерден өзге ешкім келісім-шартта болған кәпірдің қаны мен мал-мүлкін халәл демеген. Имам әш-Шәхристани былай деді: “Хауәридждер келісім-шартта болған, немесе джизья төлеген кәпірлердің қаны мен мал-мүлкін халәл деген. Және осыны істемейтіндерден бас тартуды міндетті деп есептеген!” “әл-Миләлю уә-ннихәл” 1/118.

Егер кәпірлерге қатысты шариғаттың үкімі осындай болатын болса, онда олар (хауәридждер) қаны мен мал-мүлкін халәл еткен мұсылмандар туралы не айтуға болады! Хафиз Ибн Абдуль-Бәрр былай дейтін: “Егер тіпті қауіпсіздік кепілдігі берілген жауласушы кәпірдің қаны харам болса, онда  Аллаһтың қорғауында таңды аттыратын және күнді батыратын мумин туралы сен не ойлайсың?! Оған қатысты қиянатқа, немесе оның өлтірілуіне сен қалай қарайсың?!” “әл-Истизкәр” 14/84.

(7) Әбу Рафи’ былай деп баяндаған: «Хауәриждер Алиге қарсы қару алып шыққанда, олар: «Үкім Аллаһқа ғана тән!» «Үкім Аллаһқа ғана тән!»  – деп үнемі қайталай берді. Ал Али: «Өтірікті тұспалдап, ақиқатты айтып жатыр!» – деді». Муслим 1774.

Біздің кезімізде де хауәриждердің соңынан ілескен адамдар сол аяттарды келтіріп, оларды басшылыққа алып, көптеген рұқсат етілмеген нәрселерді істеп жүр. Осының өзі – хауәриждердің Құранның аяттарын және хадистерді дұрыс түсінбейтініне нұсқайды, бұл жөнінде бізге Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хауәриждер туралы: «Олар Құранды ол олардың жағында болады деп оқиды, ал ол оларға қарсы болады!» – деп айтты. Муслим 1066.

(8) Міне – Исламда не дәлел болып табылады – Аллаһтың Кітабы және Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті!

(9) Біз Ибн‘ Аббастың хауәридждермен болған пікірталасыны туралы осы сенімді деректің мазмұнын жақсылап игеріп алу үшін  бір неше рет қайталап оқуға кеңес береміз, өйткені онда ғалымдар одан алатын көптеген пайдалар бар.

(10) Фақих – фиқх мәселелерін жетік білетін ғалым.

(11) Имам ән-Нәуәуи Аллаһтың Құрандағы жолдауы  үш түрге бөлінеді дейтін: Біріншісі – барлық иман келтіргендерге деген жолдау; Екіншісі – тек Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)  деген жолдау; Үшіншісі – Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) деген, бірақ, сондай-ақ, бүкіл үмметке де қатысты жолдау. “Шәрх сахих Муслим” 2/231.

Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббад әл-Бәдрдің “Қандай ақыл-парасат және дін терактілерді джихад деп атай алады?! Уа, жастар, естеріңді жиыңдар!” кітабынан алынған

Қандай ақыл-парасат және дін терактілерді джихад деп атай алады?! Уа, жастар, естеріңді жиыңдар!
Сайтымыздың оқырмандарына шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббәдтың  енбегін ұсынамыз

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббәдтың  кіріспесі

Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз. Йә, Аллаһ, оған, оның отбасы мен сахабаларына, және Ақырет Күніне дейін оның жолы мен басшылығына ілескендердің барлығына рахметің мен игілігіңді сыйлай гөр!

Ал содан соң:

Ақиқатында, шайтаның мұсылмандарды уәс-уәстайтын және адастыратын екі жолы бар. Олардың біреуіне ол күнәларға бейім, селқостыққа және дінге деген немқұрайлыққа берілетіндерді итермелейді. Мұндай мұсылманға ол күнәларды және нәпсісінің дегенімен жүруді әдемі етіп көрсетіп, оны Аллаһқа және Оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мойынсынудан алыстатады.

Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Жәннәт (нәпсі) ұнатпайтын нәрселермен, ал Тозақ әуес-қалаулармен қоршалған». әл-Бухари 6487, Муслим 2822.

Ал басқа жолға шайтан ғибадатта және Аллаһқа бағынуда ыждағаттылық танытатындарды итермелейді. Мұндай адам үшін ол шектен шығушылықты әдемі етіп көрсетіп, дінді бұзу үшін, онда орынсыз нысапсыздық жасауға итермелейді.   Пәк Аллаһ Тағала былай деді: «Йә, Кітап Иелері! Діндеріңде нысапсыздық көрсетпеңдер және Аллаһ туралы тек шындықты айтыңдар!» (ән-Нисә 4: 171).

Аллаһ Тағала сондай-ақ, былай деді:  «Әй, Кітап иелері! Ақиқатқа қарсы діндеріңде орынсыз шектен шықпаңдар, және бұрынрақ тура жолдан тайып,  адасушылыққа түскен және өзге көпшілікті адастырған адамдардың әуесін құптай бермеңдер!» – де». (әл-Мәидә 5: 77).

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Діндегі нысапсыздықтан (орынсыз артық нәрселерден) абай болыңдар, өйткені сендерден бұрын өмір сүргендерді діндегі шектен шығушылықтары опат қылды!» – деді. Бұл хадис сахих болып табылады. Оны имам ән-Нәсәи тағы да басқалар келтіреді. Бұл хадис – Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қоштасу қажылығы кезінде айтқан хадистерінің қатарынан. Ол жөнінде толық шейх әл-Әлбәнидің «әс-Сильсилә әс-сахиха» сынан қараңыз 1283.

Және шайтанның шектен шығушыларға және нысапсыздық танытушыларға қатысты айлаларының қатарынан – бұл оның оларға өз әуес-қалауларына ілесуді және дінді бұрыс түсінуді әдемі етіп көрсетуі. Ол оларды ғалымдарға жүгінуден алыстатады, ғалымдар оларға ақиқатты түсіндіре алмауы және тура жолға нұсқай алмауы үшін, және сөйтіп оларды өз адасушылықтарымен алданып қала беруі үшін.   Аллаһ Тағала былай деді: «Және әуес-қалауға ерме, әйтпесе ол сені Аллаһтың жолынан тайдырады!» (Сад 38: 26).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

«Аллаһтың басшылығынсыз өз қалауларына ергеннен кім артығырақ адасушы болып табылады?» (әл-Қасас 28: 50).

«Сондай жаман ісі өзіне әдемі көрсетіліп, оны игілік деп санайтын біреу тура жолға ілесушімен тең бе? Аллаһ қалағанын адастырып, қалағанын тура жолга салады».(Фәтыр 35: 8).

«Ал сонда Раббысынан түскен басшылыққа ілескен біреу, өзіне жаман амалы әдемі көрсетіліп, әуестерін құптай берген біреумен тең бе?» (Мухаммад 47: 14).

«Ол – Аллаһ, саған Құранды түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар – Кітаптың негізгі іргетасы. Сондай-ақ, астарлы ұғымдағы өзге аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық таратқысы келіп, астарлы мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп, соңына түседі». (Әли ‘Имран 3: 7).

Имам әл-Бухаридің (4547) және имам Муслимнің (2665) жинақтарында Айшадан, Аллаһ оған разы болсын, жеткен мына хадис риуаят етіледі. Бірде Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жоғарыда келтірілген аятты оқыды да: «Егер айқын болмаған нәрсеге ілесушілерді көрсең, біл: міне осылар – Аллаһ олар туралы айтқандардың дәл өздері, ендеше, олардан сақ бол!» – деді.

Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Аллаһ кімге игілікті қаласа, Ол оны дінді жетік түсінуші қылады». әл-Бухари 71, Мус-лим 1037.

Бұл хадис Аллаһ өзінің құлына игілікті қалауының бір белгісі етіп оны дінді дұрыс түсінушілерден қылатынына нұсқайды.  Сондай-ақ, осыдан – кімге Аллаһ игілікті қаламаса, Ол оны дінді түсінуге алып келмейтіні де шығады. Тіпті Ол оны діннің бұрмаланған түсінігімен зақымдайды.

Діннің бұрмаланған түсінігінің мысалы – Алиге, Аллаһ оған разы болсын,  қарсы шыққан және кейіннен оны өлтірген  хауәридждердің түсінігі болып табылады. Ақиқатында, олар шариғаттың мәтіндерін сахабалардың түсінуіне қайшы келетін бұрыс түсінумен түсінді. Міне сондықтан да, Ибн Аббас оларға Құран мен Сүннеттің мәтіндерін дұрыс түсіндірген және олардың дұрыс түсінігіне нұсқаған кезде, хауаридждердің бір бөлігі тәубеге келіп, өздерінің бұрыңғы көзқарастарынан бас тартты. Бұл уақиға имам әл-Хакимнің «әл-Мустадрак» атты еңбегінде  2/150-152 санымен, имам Муслимнің шарттарына сәйкес келетін сахих иснадымен келтірілген.

Бұл тарихи деректе алты мың хауәриждерден құралған топ халифа болып табылатын Али ибн Әбу Талибтен бөлініп шығып, «Харура» деген жерде қоныстанғаны туралы баяндалады. Және адамдар Алиге келіп: «Йә, муминдердің әмірі, адамдар саған қарсы шықты!» – деп айтуын тоқтатпады. Ол бұған: «Оларды қойыңдар, өйткені, мен олармен, өздері бірінші болып бастамайынша, соғыспаймын, және олар жуық арада осыны істейді деп ойлаймын», – деп жауап беретін. Және барлығы осындай жағдайда болып тұрған кезде, Ибн Аббас бесін (зухр) намазынан кейін Алиге келіп:: «Йә, муминдердің әмірі, маған рұқсат ет: мен ол адамдарға барып, сөйлесейін», -деді. Али оған: “Олар саған жауыздық жасайды деп қорқамын”, – деп айтты.  Сонда Ибн Аббас: “Мен жұмсақтық танытамын және олардың ешқайсысын қорлап сөйлемеймін!” – деді. Содан соң Али оған рұқсат берді және: “Олармен Құран арқылы айтыспа, Сүннет арқылы айтыс”, – деп айтты.  Ибн Аббас: “Мен Аллаһтың Кітабын олардан жақсы білемін!” – деп жауап берді.  Сонда Али оған: “Дұрыс, алайда Құранды әртүрлі тәпсірлеуге болады”, – деді.

Ол хауәриждерге түстен кейін келді және оларды түскі тамақтың үстінде кездестіріп үлгерді. Ибн Аббас былай деп баяндаған: “Оларға келіп, мен ғибадатта олардан ыждағатты болған адамдарды ешқашан көрмеген адамдарды көрдім.  Мені көріп, олар былай деді: “Сенімен амандасамыз, йә, Ибн Аббас. Сені бізге не алып келді?” Ол: “Мен сендерге Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан – мухаджирлер мен ансарлардан, және оның көкесінің баласынан келдім. Құран оларға түсірілген еді, және олар оның мағынасын сендерден жақсырақ біледі, ал сендердің араларыңда олардың біреуі де жоқ! ” – деді.

Олардың кейбіреулері: «Онымен сөйлеспеңдер!» – деп айқайлай бастады. Сонда сол кезде әлі хауәридж болып жүрген Ибн әл-Кәуә орнынан тұрып, адамдарға қарап, оларды Ибн Аббастан сақтандырып: “Йә, Құранға ілесушілер! Егер бұл Ибн Аббасты біреулер білмесе де, мен оны білемін, міне соның халқы туралы Аллаһ былай деді: «Олар – керісуші адамдар болып табылады» (әз-Зухруф 43: 58). Оны қожайынына қайтарыңдар және Аллаһтың Кітабынан қайтпаңдар!” – деді.

Ал басқалары былай деді: “Айта бер, біз сені тыңдаймыз”. Және сонда Ибн Аббас оларға Алидің келесі шарттарын жеткізді: “Сендер харам етілген қанды төкпейсіңдер, жолдарда қарақшылық жасамайсыңдар, және зиммийлерді  жәбірлемейсіңдер. Және осыдан бір нәрсені істесеңдер, біз сендерге қарсы соғыспен шығамыз!”

Сондай-ақ, Ибн Аббас оларға былай деді: “Маған сендер Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) немере інісін, сондай-ақ оның қызының күйеуін бір нәрселерде күнәлап жатыр деген хабар жеткізілді. Ол Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) алғашқы иман келтірген адам еді, ал сендер оған наразысыңдар ма?! Шынымен де солай ма?!”

Олар: “Біз оған үш нәрсе үшін өте наразымыз“, – деді.

“Қандай?” – деп сұрады Ибн Аббас.

Олар: “Біріншіден, ол адамдарды Аллаһтың дінінде сот етіп тағайындады, ал Аллаһ: «Үкім тек Аллаһқа тән» , – дейді. (әл-Ан’ам 6: 57).

Екіншіден, ол Муъауия және Айшамен соғысқан кезде, олжамен тұтқын алмады. Егер олар кәпір болған болса, онда бұл рұқсат етілген еді, ал егер олар мумин болған болса, онда тұтқын алуға да, олармен соғысуға да рұқсат етілмеген еді!

Үшіншіден, мұсылмандар оған ант беріп, оны өздерінің әмірі етіп тағайындаса да, ол өзінен муминдердің әмірі (амируль муъминин) деген атақты алып тастады,  ал егер ол муминдердің әмірі болмаса, онда ол кәпірлердің әмірі болып табылады! ” – деді.

Абдуллаһ: “Тағы қандайда бір сұрақтар бар ма?” – деп сұрады. Олар: «Жоқ, осы жеткілікті!» – деді.

Ибн Аббас: “Егер мен сендердің көзқарастарыңды Аллаһтың Кітабы және Пайғамбардың Сүннетімен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)   жоққа шығарсам, сендер өз пікірлеріңнен бас тартасыңдар ма?!” – дегенде, олар: “Ия”, – деп жауап берді.

Абдуллаһ сонда былай деді: “Оның адамдарды Аллаһтың дінінде сот етіп тағайындауына байланысты айтар болсақ, онда Аллаһ Тағала: «Әй мүміндер! Сендер их-рамда аң өлтірмеңдер. Сендерден біреу оны қасақана өлтірсе, оның жазасы – өлтіргеніндей бір мал, оны сендерден екі әділ кісі Кағбаға баратын бір құрбанды үкім етеді», – деп айтады ғой. (әл-Маида 5: 95).

Аллаһ Тағала, сондай-ақ, ері мен әйелінің арасындағы келіспеушіліктер туралы былай деді:  «Егерде екеуінің арасының ашылуынан қауіптенсеңдер, еркектің ағайынынан бір төреші, әйелдің ағайынынан бір төреші жіберіңдер. Егер ол екеуі жарастыруды қаласа, Аллаһ та екеуінің арасын үйлестіреді». (ән-Нисә 4: 35).

Аллаһпен сендерге жалбарынам! Айтыңдаршы, ал адамдардың қанына, өміріне және олар-ды табыстыруға қатысты  адамдар соты маңыздырақ емес пе?!”

Олар: “Әрине, маңыздырақ“, – деді.

Ибн Аббас: “Қалай, енді бірінші іс бітті ме?” – деп сұрағанда, олар: “Ия, Аллаһпен ант етеміз”, – деп жауап берді.

Абдуллаһ былай жалғастырды: “Сендер Али соғысты, бірақ ол Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істегендей тұтқын да, олжа да алмады дедіңдер. Сонда сендер күң ретінде сендердің аналарың Айшаны алып, оған күңге қатысты істегеңдеріңді істейін деп едіңдер ме?! Егер сендер: «Ия», – деп айтсаңдар, онда күпірлікке түсесіңдер, ал егер сендер Айша – аналарың емес деп айтсаңдар да, күпірлікке түсесіңдер, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Пайғамбар муминдерге олардың өздерінен жақын, ал оның жұбайлары – олардың аналары». (әл-Ахзаб 33: 6).

Кейін Абдуллаһ былай деді: “Қалай, енді мұнымен де іс бітті ме?”

“Ия, Аллаһпен ант етеміз ”, – деп жауап берді олар.

Абдуллаһ  өз сөзін жалғастырды: «Сендер, сондай-ақ, Али өзінің муминдердің әмірі деген атағынан бас тартты дедіңдер. Худайбия бітімі жасалған күні Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшылдармен жасасқан келісім-шартта «Мухаммад – Аллаһтың Елшісі» деп жазғысы келгенде, мушриктер наразы болып: «Егер біз сенің Аллаһтың Елшісі екендігіңе сенгенде, сені қуып жібермейтін едік және сенімен соғыспайтын едік. «Мухаммад ибн Абдуллаһ» – деп жаз», – деді. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) олардың талаптарына көніп: «Йә, Али, мұны өшір де, «Абдуллаһтың ұлы Мухаммад» деп жаз, ал Аллаһ менің Аллаһтың Елшісі екенімді біледі!» – деді».

Осыдан кейін Ибн Аббас: “Қалай, мұнымен де біттік пе?” – деп сұрағанда, олар: “Аллаһпен ант етеміз, ия”, – деді.

Ибн Аббас былай деді: “Олардан (хауәридждерден)  екі мың адам қайтты, және адасуда қалғандар өлтірілді. Және оларды мухаджирлер мен ансарлар өлтірді”.

Бұл тарихи деректе екі мың хауәридждер, ибн Аббас, Аллаһ оған разы болсын, оларға айқын және бұлтартпайтын дәлел ұсынғаннан кейін, өз адасушылықтарынан бас тартты деп жеткізілген.

Бұл деректе, сондай-ақ, ғалымдарға жүгіну – жауыздықтан және бүліктерден құтылу болып табылатындығына нұсқау бар. Ал Аллаһ Тағала былай деді: «Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар». (ән-Нәхль 16: 43).

Сондай-ақ, ғалымдарға жүгіну – мұсылмандар үшін олардың дінінде де, дүние істерінде де игілік болып табылатынына дәлел болып – имам Муслим өзінің хадистер жинағында (191) Язид әл-Фақирден жеткен мына хадис те табылады:  “Бірде маған хауариждердің бір пайымдаулары ұнап қалған еді.  Біз қажылық жасауды және содан соң адамдарға қарсы шығуды қалап,  көп санды топтың құрамында сапарға шықтық. Біздің жол Мәдинаның үстінен өтті, онда мен күтпеген жерден Джәбир ибн Абдуллаһты көріп қалдым. Ол бағананың жанында адамдарға Аллаһтың Елшісі туралы (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хабарлар жеткізіп отырған болатын. Өзге нәрселер қатарында ол джәханнәмийюн   туралы да айтты . Мен оған былай дедім: «Йә, Аллаһтың елшісінің (Аллаһтың оған иглігі мен сәлемі болсын) сахабасы, сен не туралы айтып отырсың?! Аллаһ былай деді ғой: «Раббымыз! Сен кімді отқа салсаң, расында оны қорладың. Залымдардың еш жәрдемшісі жоқ!» (Әли ‘Имран 3: 192). Және Ол, сондай-ақ, былай деді: «…Қашан олар, тозақтың бейнетінен шығуды қаласа, оған қайта итеріледі…» (Хадж 22: 22). Ал сендер не деп отырсыңдар?!»  Ол: «Сен Құранды оқисын ба?» – деп сұрады.  Мен: «Ия», – дедім. Ол: «Ал сен Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) орны туралы естіп едің бе, яғни оны Аллаһ алып келетін орын туралы?» – деп сұрады. Мен: «Ия», – дедім. Сонда ол: «Бірақ,  міне осы – Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) иеленетін мақтаулы орыны ғой (мәқамун мәхмуд), Аллаһ ол арқылы Өзі Оттан шығаратындарды Оттан шығарады!» – деді.

Ал содан кейін ол сырат көпірі қалайша құрылытыны және адамдар  одан қалайша өтетіні туралы айта бастады. Басқалар оның сөздерін жақсырақ есте сақтап қалды деп қорқамын, алайда, ол: кейбір адамдар Отқа түскеннен кейін одан шығады деді. Ол деген сөз, олар кунжіттің сабақтары дүниеге шыққан сияқты шығады және Жәннәттың өзендерінің біріне кіреді, ал содан соң олар сол өзенде жуынады, ал одан шыққан кезде (тап-таза) парақ сияқты болады.

Біз қайттық және былай дедік: «Өкініш сендерге! Сонда сендер осы қария (Джәбир) Аллаһтың Елшісі туралы (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өтірік сөйледі деп ойлайсыңдар ма?!»  Және қайтып келген соң біздің ешқайсымыз ашық түрде (хауәриждердің жағына) шыққан жоқпыз, бір-ақ адамнан басқа”.

Бұл хабарда осы топтың (хауәридждердің) үлкен күнәләр істейтін мұсылмандарды күпірлікте айыптауға және осындайлар Отта мәңгі қалатынына қатысты көзқарастарымен әуестенгеніне нұсқау бар. Алайда, олар Джәбирді, Аллаһ оған разы болсын, кездестіргенде және ол оларға адасқан нәрселерін түсіндіріп берген кезде, олар өз көзқарастарын өзгертті және өздері түсіп жүрген адасушылықтан бас тартып, ол нұсқаған ақиқатты қабылдады. Бұған қоса, олар қажылықтан кейін өздері жоспарлаған мұсылмандарға қарсы шығудан бас тартты. Және бұл – мұсылман адам ғалымдарға жүгінген кезде алатын ұлы пайда болып табылады.

Діндегі нысапсыздықтың және ақиқат пен әхлю-Суннә уәл жәмәаның жолынан ауытқудың қауіптілігіне Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Хузайфә жеткізген мына хадисі де нұсқайды.  Онда Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, мен сендер үшін Құранды оқитын, және оның әдемілігі оның келбетіне шығып тұратын, және ол Исламның қорғаушысы болатын адамнан қорқамын. Кейін ол Құранды артына тастап қалдырады, өз көршісін көпқұдайшылықта (ширкте) айыптап, оған қылыш көтеріп тап береді». Хузайфә: “Йә, Аллаһтың пайғамбары, олардың қайсысы көпқұдайшылыққа жақын, айыптаушысы ма, әлде айыпталушысы ма?! ”  – деп сұрады. Ол: «Жоқ, айыптаушысы», – деді. әл-Бухари “әт-Тарих” 297, Ибн Хиббән 81. Хадистің сахихтығын имам әл-Хайсами, хафиз Ибн Кәсир және шейх әл-Әлбәни растаған. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 3201.

Сондай-ақ,  дінді бұрыс түсінудің себебі болып – жастық шақ та табылады. Бұған дәлел болып – имам әл-Бухари (4495) ‘Уруа ибн аз-Зубәйрдан келтіретін мына хадис табылады. Ол былай деп баяндаған: “Бірде мен – сол кезде мен жас едім – Айшадан мына аят жөнінде сұрадым: «Ақиқатында, Сафә мен Мәруа – Аллаһтың рәсімдік белгілерінен. Және кім Қағбаға қажылық немесе умра жасаса,  олардың арасын айналып өтсе – күнәхар болмайды». (әл-Бәқара 2: 158). “Сен бұл жөнінде не айтасың? Мен бұл екі төбенің арасын (Сәфуа мен Мәруа) айналып өтуді жасамауда проблема көріп тұрған жоқпын”. Ол былай деп жауап берді: “Жоқ! Егер бұл осылай болғанда, онда: «Оларды айналып өтпеген – күнә жа-самайды», – деп айтылар еді. Бұл аят Исламға дейін Қажылығын Манат деген пұттың алдынан бастайтын, ал Ислам келгеннен кейін олар Сәфә мен Мәруаның арасын айналып өтуден қауіптенетін ансарлар жөнінде түскен. Олар не істеуін білмеді және бұл жөнінде Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл жөнінде сұрады, және Аллаһ осы аятты түсірді ”.

‘Уруа ибн аз-Зубәйр ең жақсы табиғиндердің бірі  және Мәдинаның ең атақты жеті фәқиһтарының бірі болып саналатын. Алайда, Айшаға өз сұрағын қойған кезінде, ол әлі жас еді. Және осыда жастық шақ та – дінді бұрыс түсінудің себебі болып табылатындығына , сондай-ақ ғалымдарға жүгіну – игілік және құтылу болып табылатындығына нұсқау бар!

Қандай ақыл-парасат және дін терроризмді джихад деп атай алады?!

Осы кіріспеден және шайтан, бұл хауәридждерден және олардың идеяларын жұқтырып алғандардан байқалатындай, ғибадатта ыждағаттылық танытушыларға, олардың дінін бұзу үшін, діндегі шектен шығушылық пен нысапсыздық жағынан келетініне нұсқағаннан соң, бүліктерден құтылудың жолы – ғалымдарға жүгіну болып табылатыны келіп шығады.   Бұған мысал – Ибн Аббастың түсіндіруінен кейін тура жолға қайта оралған екі мың хауаридждер және, сондай-ақ, Джәбирді кездестірген топтың көзқарастарының түзелуі.

Міне, осы кіріспеден соң мен мынаны айтқым келеді: «Ақиқатында, терактілердің себебімен Әр-Риядта орын алған және осы жылдың (х.1424 ж.) басында Мекке мен Мәдинада орын алған нәрселер – осы міне – шайтанның уәсуәсінің нәтижесі және оның осыған беріліп кеткендерге шектен шығушылық пен нысапсыздықты әдемі етіп көрсетуі. Орын алған нәрселер – қылмыстардың ішіндегі ең жек көрінішті амал және жер бетіндегі бұзақылық болып табылады . Бірақ, бұдан да жек көрініштісі – бұл шайтанның осыны істеген адамдарды осы – джихад деп ойлауға мәжбүрлеуі!  Ал қандай ақыл-парасат және дін мұсылмандарды және муахадтарды (мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірлер) өлтіру, адамдарға зәресі ұшатындай үрей салу, жесірлер мен жетімдерді қалдыру, сондай-ақ, ғимарат-құрылыстарды ішіндегі адамдарымен қоса қирату – бұл джихад болып табылады деп айта алады?!

Мен бізден алдынғы шариғаттарда адам өлтіру күнәсінің үлкендігі және оның қауіптілігі жөнінде айтылғандарға қатысты Құран мен Сүннеттің мәтіндерін келтірдім. Сондай-ақ, мен қасақана немесе қателікпен жасалған өзін-өзі өлтіруге,  мұсылмандарды және олармен келісім-шартта болған кәпірлерді өлтіруге қатысты Құран мен Сүннеттің мәтіндерін де келтірдім. Және мен оларды, «кім жоқ болатын болса, ашық дәлел бойынша жоғалсын. Ал кім тірі қалатын болса да ашық дәлел бойынша тірі қалсын!» (әл-Анфәл 8: 42)  деген мақсатта дәлел келтіру үшін келтірдім .

Және мен Аллаһтан тура жолдан тайғандарды тура жолға салуын ,және оларды қараңғылықтардан жарыққа шығаруын, және мұсылмандарды жауыздық жасаушылардан сақтауын тілеймін, ақиқатында, Ол – Естуші және дұғаларға Жауап Беруші!

Бізден алдыңғы қауымдардың шариғатында

адам өлтіру күнәсінің ауырлығын және қауіптілігін дәлелдейтін Құран мен Сүннеттің мәтіндері.

Пәк Аллаһ Тағала Адамның ұлдарының бірі туралы былай деді: «Сонда оның нәпсісі өз туысын өлтіруге итермеледі де, ол, оны өлтіріп, зиянға ұшыраушылардан болды». (әл-Мәидә 5: 30).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Соның себебінен  Исраил ұрпақтарына: «Кім кісі өлтірмеген,  немесе жер жүзінде бұзақылық таратпаған  біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргендей болады,  және кім оны тірілтсе, (өлімнен құтқарса) – барлық адамды тірілткендей!» – деп жаздық». (әл-Мәидә 5: 32).

Ал Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Хақысыз адам өлтіру жасалған әрбір кезде, қантөгіс үшін күнә Адамның ұлына да жүктеледі, өйткені, адам өлтіруді сол бастады!» әл-Бухари 3335, Муслим 1677.

Аллаһ Тағала  Өзінің Муса пайғамбары туралы, Хидр баланы өлтірген кезде, ол оған былай деп айтқанын баяндайды: “Кісі өлтірмеген жазықсыз біреуді өлтірдің бе? Рас жаман іс істедің!” – деді»» (әл-Кахф 18: 74).

Аллаһ, сондай-ақ, Муса пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі болсын) туралы қиссасында оның өз руласына болысуы кезінде мысырлықты өлтіргенін баяндайды. Аллаһ Тағала былай деді: «Сонда өз тобынан болғаны дұшпанына қарсы Мусадан көмек тіледі. Сонда Муса оны жүдырықпен ұрганда, оған қаза жетті. (Муса): “Бұл – шайтан ісі. Өйткені, ол – ашық адастырушы дұшпан. Раббым! Рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!» – деді. Сондықтан, Аллаһ оны жарылқады. Өйткені, Ол – тым Жарылқаушы, ерекше Мейірімді». (әл-Қасас 28: 15-16).

Имам Муслимнің сахих хадистер жинағында Салим ибн Абдуллаһ ибн ‘Умардың, былай дегені келтірілген: «Әй, Ирақтың тұрғындыры, сендерді кіші (күнәлар) туралы сұрап, үлкендерін жасауға не мәжбүрлейді? Мен әкем ‘АбдуллаҺ ибн ‘Умардың былай дегенін естігенмін: “Мен Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Бүлік ана жақтан келеді», – деп, қолымен шығысқа, шайтанның мүйіздері көрініп шығатын жаққа қарай сілтегенін көргенмін. Сендер бір біріңнің бастарыңды шауып жатырсыңдар, ал Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, Перғауынның қауымынан болған (адамды) өлтірді және Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһ оған былай деді: «Және бір кісі өлтірдің. Сонда сені, ол қайғыдан құтқарған едік те, сынаулармен сынаған едік». (Та ха, 40)». Муслим № 2905.

Салим ибн Абдуллаһтың: «Сендерді кіші (күнәлар) туралы сұрап, үлкендерін жасауға не мәжбүрлейді!» – деген сөздері оның әкесі – Ибн ‘Умардың әл-Бухариде  (5994) келтірілген сөздеріне ұқсайды. Ол, Ирақтық біреудің, масаның қаны туралы қойған сұрағына былай деп жауап берген еді: “Сендер мынаған қараңдаршы, ол менен масаның қаны туралы сұрап тұр, алайда олар Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) немересін өлтірді, ал мен Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатынын естігенмін: «Олар мен үшін бұл дүниенің екі гүлі сияқты». Әл-Хасан мен әл-Хусейн туралы, Аллаһ оларға разы болсын, айтылуда.

Аллаһ Тағала Исраил ұрпақтары туралы былай деді: «Сендерден өздеріңнің қандарыңды төкпеулерің және бір-біріңді  жұрттарыңнан қуып шығармауларың жөнінде уәде алған едік. Кейін сендер осыны мақұлдап, осыған куә болған едіңдер». (әл-Бәқара 2: 84).

Ол, сондай-ақ, былай деді: «Оларға Тәуратта: жанға жан, көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құлақ, тіске тіс және жараларға – құн төлеу (қысас) жаздық». (әл-Мәидә 5: 45).

Қасақана және қателікпен өзін-өзі өлтіргендерге қатысты Құран мен Сүннеттің мәтіндері

Пәк және Ұлы Аллаһ былай деді: «Әй, мүміндер! Өзара малдарыңды бұзықтықпен жемеңдер. Бірақ өз ризалықтарыңмен саудаласу – басқа. Және бір-біріңді өлтірмеңдер. Расында, Аллаһ сендерге ерекше мейірімді. Ал кім осы айтылғанды дұшпандығы және зұлымдығымен істесе, оны жақын арада отқа сала-мыз. Бұл – Аллаһқа оңай!» (ән-Нисә 4: 29-30).

Сабит ибн Даххактан Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Кім қандайда бір нәрсемен өзін өлтірсе, Қиямет Күні сол нәрсесімен азапталады». әл-Бухари 6047, Муслим 176.

Сондай-ақ, Әбу Хурайрадан, Аллаһ одан разы болсын, оның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Кім өзін таудан (арнайы) тастап опат етсе, өзі мәнгілікке (тасталатын) Тозақтың (отына) үздіксіз төмен қарай құлай береді; кім (арнайы) у ішіп өзін опат етсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) оны өз қолымен үздіксіз ішеді; кім өзін темірмен өлтірсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) өз қолымен  сол темірмен өзінің қарнына үздіксіз соға (шанша) береді», – деп айтатын». әл-Бухари № 5778, Муслим № 175.

Сондай-ақ, Әбу Хурайрадан Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Кім өзін-өзі тұншықтырса, өзін-өзі тұншықтыруын Отта жалғастырады, ал кім өзін-өзі сойып өлтірсе, мұны Отта да істейді». әл-Бухари 1365.

Джундабәдан (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Көп жарақаттары бар бір адам өзін-өзі өлтірді, және сонда Аллаһ Тағала былай деді: «Менің құлым өз еркімен менен озды, сол үшін мен оған Жәннәтты харам еттім»». әл-Бухари 1364.

Джәбир ибн Самурадан (Аллаһ оған разы болсын): “Бірде жарақат алған бір адам өзін-өзі өлтіргенгенде, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оған жаназа намазын оқымады”.  – деп жіткізіледі.  Шейх әл-Әлбәни бұл хадистің сахихтығын растаған. “Сахих ат-тарғиб” 2457.

Қателікпен өзін-өзі өлтіргенге қатысты айтар болсақ, ол Аллаһтың мына сөздеріне сәйкес осы үшін жазаланбайды: «Егер сендер қателік жасасаңдар – күнә көтермейсіңдер, тек егер осыны істеуді жүректеріңде ниет етпеген болсаңдар». (әл-Әхзаб 33: 5).

Және, сондай-ақ, мына аятқа сәйкес: «Рабымыз! Біз ұмытсақ немесе қателескен болсақ, бізді жазалама» (әл-Бәқара, 2: 286), және бұл жалбарынуға Аллаһ Тағала былай деп жауап берді: «Мен мұны істеп қойдым», бұл жөнінде Муслимде келтірген 126-хадисте айтылатындай.

Мұсылман адамды қасақана немесе қателікпен қақысыз өлтіруге қатысты Құран мен Сүннеттің мәтіндері

Мұсылманды өлтіру қақылы да, қақысыз да орын алуы мүмкін. Қақылы өлтіру – бұл қақысыз адам өлтіру үшін тең мөлшерде есе қайтару (қасас) және белгілі қылмыстар үшін өлім жазасымен жазалау.

Мұсылманның заңсыз өлтірілуі қасақана да, кездейсоқ та болуы мүмкін. Аллаһ Тағала қасақана өлтіру туралы:

«Кім бір мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы  – ішінде мүлде  қалатын Тозак болады. Сондай-ақ, Аллаһ оған ызаланады, лағнеттейді және зор қинау әзірлеп қояды», – деді. (ән-Нисә 4: 93).

«Олар Аллаһпен бірге басқа құдайларға жалбарынбайды. Аллаһ өлтірілуін харам еткен кісіні, оған құқы болмаса, өлтірмейді, және зина жасамайды. Кімде-кім осыларды істесе – күнәға жолығады. Ал кім осылай істесе – жазасын алады. Оған Қиямет күні, еселенген азап болады. Ол онда қор болып, мүлде қалады. Бірақ, бұл –  тәубе қылғандарға, иман келтіргендерге және ізгілік жасағандарға қатысты емес. Аллаһ олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Өйткені, Аллаһ өте Жарылқаушы, ерекше Мейірімді». (әл-Фурқан 25: 68-70).

«Және де заңды болғаннан өзге Аллаһ харам еткен жанды өлтірмеңдер». (әл-Әнғәм, 6: 151).

«Кедейшіліктен қорқып, балаларыңды өлтірмеңдер. Біз оларды да, сендерді де ризықтандырамыз. Расында, оларды өлтіру – зор күнә». (әл-Исра 17: 31).

«Сондай ақымақтықпен, еш білімсіз балаларын өлтіргендер және Аллаһ туралы өтірік сөйлеп Аллаһтың өздеріне берген несібесін харам еткендер – зиянға ұшырады. Олар адасушылыққа түсті және тура жолға ілеспеді». (әл-Әнғәм 6: 140).

Ал Аллаһтың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қатысты айтар болсақ, ол былай деді: «Ақырет Күні адамдар арасындағы істердің қаралуы басталатын алғашқы нәрсе – бұл қантөгіс!» әл-Бухари 6864, Муслим 1678.

Ал өзінің қоштасу қажылығының барысында ол адамдарға құтпа айтып, онда тағы да бір рет мұсылмандардың қанының, мал-мүлкінің және ар-намысының ұлықтығына нұсқап, оларды  (сол) орын мен уақыттың ұлықтығымен салыстырды. Абу Бәкр, Аллаһ оған разы болсын, былай деп баяндайтын: “Құрбан Айт күні  Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізге құтпа айтты да, ізінен: «Ал сендер бұл не күн екенін білесіңдер ме?» – деп сұрады. Біз: «Аллаһ және оның елшісі жақсырақ біледі», – деп жауап бердік, ал ол үнсіз тұрып қалды, және біз оны өзгеше атайды ма деп ойлап қалдық. Бірақ, ол: «Бұл – Құрбан Айт күні емес пе?» – деді. Біз: “Ия”, – деп жауап бердік. Кейін ол: «Ал бұл – қандай ай?» – деп сұрады.  Біз: «Аллаһ және Оның елшісі жақсырақ біледі», – дедік. Ал ол үнсіз тұрып қалды, және біз оны басқаша атайды ма деп ойлап қалдық, бірақ ол:  «Бұл – зуль-Хижжә емес пе?» – деді.  Біз: “Ия”, – деп жауап бердік. Сонда ол былай деді: «Ақиқатында, сендердің араларыңдағы қарым-қатынастарың – сендер үшін осы қалаларыңдағы осы айларыңдағы осы күндерің қандай қасиетті болып табылса – қандарың да, мал-мүліктерің де және ар-намыстарың да сондай қасиетті болатындай болуы керек! Осында барлар мұны осында жоқтарға хабарласын. Өйткені, ақиқатында, осында бар адам бұл жөнінде осыны өзінен жақсы түсінетін адамға жеткізуі мүмкін».”. әл-Бухари 1741, Муслим 1679.

Әбу Хурайрадан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Жеті опат етуші күнәдан аулақ болыңдар!» – дегені жеткізіледі Адамдар: “Йә, Аллаһтың Елшісі, бұл – не күнәлар?” – деп сұрады. Ол: «Аллаһпен бірге кімге болсын құлшылық қылу; сиқыршылық; заңды болғаннан өзге жағдайда Аллаһ өлтіруге тыйым салған адамды өлтіру; өсімқорлық; жетімнің хақысын жеу; шайқас кезінде соғыс майданынан қашу және зина жасау туралы тіпті ойланбаған арлы, иман келтірген әйелдерді зинақорлықта айыптау», – деді. әл-Бухари 2766, Муслим 1/189.

Ибн Умардан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Мумин тыйым салынған қанды төкпейінше өз дініндегі кеңшілікті сезінуін тоқтатпайды». әл-Бухари 6862.

Ал Ибн Умардың өзі былай деп айтатын: “Егер біреудің басына шығар жолы жоқ (қиын) жағдай түссе, ол тыйым салынған қанды төккен болғаны! ” әл-Бухари 6863.

Убәда ибн әс-Самит, Аллаһ оған разы болсын, бірде Аллаһтың Елшісінің айналасына сахабалардың бір тобы жиналғанда, ол былай деп айтқанын жеткізген:  «Аллаһтан өзге ешкімге құлшылық қылмайтындарыңа, ұрлық, зинақорлық  жасамайтындарыңа, балаларыңды өлтірмейтіндеріңе, жүректеріңмен тоқылған өтірікті таратпайтындарыңа,  сендерге шариғат мақұлдаған нәрсе бұйырылғанда – мойынсынудан бас тартпайтындарыңа маған ант беріңдер. Сендерден кім осы антына берік болса, Аллаһ оны марапаттайды. Ал кім осы аталған күнәлардың біреуін істесе, ал Аллаһ оның күнәсын жасырса, онда Аллаһтың өзі шешеді, және егер қаласа – оны кешіреді, ал қаласа – жазалайды». әл-Бухари 18, Муслим 1709.

Абдуллаһ ибн Умардың, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, сөздерінен жеткен хадисте  Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Бізге қару көтерген – бізден емес ». әл-Бухари 6874, Муслим 161.

Абдуллаһ ибн Мас‘удтан, Аллаһ оған разы болсын, жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Үш жағдайдан басқа кезде мұсылманның қанын төгуге рұқсат етілмейді: зинақорлық жасаған үйленген адамды өлім жазасымен жазалау кезінде, өмір үшін өмірді алған кезде; және біреу діннен шығып үмметті тастап шыққан кезде». әл-Бухари 6878, Муслим 1676.

Сондай-ақ, Ибн Маc‘удтан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мұсылманды балағаттау – бұзақылық, ал онымен соғысу – күпірлік!» әл-Бухари 48, Муслим 116.

Ибн Аббастан, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Аллаһқа ең жек көрінішті адамдар болып мына үшеуі  табылады:  Қорықты орында  бола тұра ақиқаттан ауытқыған,   надандық (джәхилия) дәуірінің салттарын Исламда сақтағысы келген адам, және қақысы болмай біреудің қанын төккісі келген». әл-Бухари 6882.

Пәк және Ұлы Аллаһ былай деді: «Әй, мүміндер! Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді: азатқа – азат, құлға – құл, әйелге  – әйел. Дегенмен, өлтіруші өзінің бауыры тарапынан кешірілсе, онда әділдік жасап, оған дұрыс құн төлеп беруі қажет. Міне осы – Раббыларың жағынан жеңілдік және мәрхамет. Ал кімде-кім бұдан кейін шектен шықса (кек сақтаса), ол үшін Ақыретте күйзелтуші азап бар. Әй, ақыл иелері! Қысас (кісі өлтіргенді өлтіру) сендердің өмірлеріңді сақтайды. Мүмкін сендер тақуалық танытарсыңдар». (әл-Бәқара, 2: 178-179).

Ибн ‘Умар, Аллаһ оған разы болсын, мынаны баяндаған: “Бірде бір жас жігіт өлтірілгенде, Умар былай деді: «Егер оны өлтіруге тіпті бүкіл Сана (Йәмән) тұрғындары қатысса еді, мен міндетті түрде олардың барлығын өліммен жазалар едім».” . әл-Бухари 6896.

Әл-Бухаридің сахих жинағында (7152) Джундубтың, Аллаһ оған разы болсын, былай деген сөздері келтірілген: “Ақиқатында, адам бойындағы ең бірінші шіри бастайтыны – оның қарыны, ендеше кім игі нәрседен өзге ешнәрсе жемей (жүре) алса, осылай істесін, және кім өзін Жәннәттан ол төккен бір уыс қан болса да алыстата алмайтындығына қол жеткізе алса, оны төкпесін”.

Хафиз ибн Хаджәр былай деді: “Тіпті бұл хадис мауқуф түрінде (сахабадан) жеткізілген болса да,  оның жағдайы марфуъ (пайғамбардан жеткен) хадиске жатады, өйткені сахабалар мұндай нәрселер туралы өзінен айтпайтын. Бұл хадисте мұсылманды заңсыз өлтірген адамға өте үрейлі қорқыту бар. ”. “Фәтхуль-Бәри” 13/130.

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Кім менің үмметіме соғыспен қарсы шығып, олардың арасындағы иман келтіргендерді ескермей, өзі келісім-шарт жасасқандармен жасаған келісімін орындамай, ізгілер мен пасықтарды (қосып) өлтірсе, оның маған еш қатысы жоқ, ал менің – оған (еш қатысым жоқ)». Муслим № 1848.

Әл-Мунзиридің ”әт-Тарғиб уәт-тархиб” кітабындағы мына төменде келтірілген хадистер әл-Бухари мен Муслимның жинақтарында кездеспесе де, алайда, олардың сахихтығын шейх әл-Әлбәни “Сахих әт-тарғиб” еңбегінде 1/629-634 растаған:

Әл-Бәрдан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Бұл дүниенің түгелімен опат болуы Аллаһ үшін муминнің заңсыз өлтірілуінен маңыздырақ емес!»

Әбу Са‘идтен және Әбу Хурайрадан, оларға Аллаһ разы болсын, жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Егер аспандар мен жердің бүкіл тұрғындары бір муминді бірлесіп өлтіруге айыпты болған болса еді, Аллаһ міндетті түрде олардың барлығын Отқа тастар еді».

Абу Бәкрадан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткен: «Егер аспандар мен жердің тұрғындары бірігіп мұсылманды өлтірген болса еді, Аллаһ оларды міндетті түрде жүздерімен Отқа тастар еді».

Муъауиядан, Аллаһ оған разы болсын, жеткізілетін хадисте, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Аллаһ кез-келгенге оның күнәсын кешіре алады, күпірлікте өлгеннен және муминді қасақана өлтіргеннен басқа».

Абу Мусадан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ібліс өзінің әскерін жинаған кезде, оларға: «Кім бүгін мұсылманды жеңсе, оған мен тәж кігіземін», – деп айтады. Және оған шайтанның біреуі келіп: «Ол өз әйелімен ажыраспайынша мен оны уәсуәстауымды тоқтатпадым», – дейді. Бірақ, Ібіліс: «Ол оған қайта үйлене алады», – деп айтады. Сонда басқасы келіп: «Ол ата-анасына мойынсұнбаушылық танытпайынша мен оны уәсуәстауымды тоқтатпадым», – дейді. Ал Ібіліс: «Бірақ, ол оларға игі пиғыл көрсетуді қайтадан бастай алады», – дейді. Сонда үшіншісі келіп, былай дейді: «Ол көпқұдайшылыққа түспейінше мен оны уәсуәстауымды тоқтатпадым!» Ібіліс: «Сен! Сен!» – деп жауап береді. Сонда Төртіншісі келіп: «Ол адам өлтірмейінше мен оны уәсуәстауымды тоқтатпадым», – дейді. Оған ол: «Сен! Сен!» – деді және оған тәж кигізді».

Ибәд ибн Саммиттен, Аллаһ оған разы болсын, жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім муминді өлтіріп, сонысына қуанған болса, Аллаһ одан ерікті амалдарын да, парыз амалдарын да қабыл етпейді!» Бұл хадисті Абу Дауд келтіреді, және ол кейін Халид ибн Дахқанның былай дегенін жеткізеді: “Мен Яхья ибн Яхьдан «сонысына қуанған болса», деген сөздер туралы сұрадым, және ол: “Сөз, бүлік кезінде соғысатындар туралы болып тұр. Біреу екіншісін өлтіріп, өзін тура жолда деп есептейді және жасаған қылмысы үшін тәубе етпейді”.

Әбу Са‘ид әл-Худриден, Аллаһ оған разы болсын, жеткізілген хадисте Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Қиямет Күні Оттан мойын шығып: «Ақиқатында, маған (мына) үшеуді азаптау бұйырылған: әрбір тәкәппар езушіні; Аллаһқа серік қосқанды; және қақысыз адам өлтіргенді», – деп айтады. Және олардың үстінен Тозақ жабылады да, олар түпсіз тұңғиыққа тасталады». “әс-Сильсилә әс-сахиха” 2699.

Ал, мұсылманды қасақана емес өлтіру туралы айтар болсақ, Аллаһ мұндайды істеп қойған адамды құн төлеумен (дия) және өтеумен (кәффара) міндеттеді, бұл жөнінде  Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Бір мүміннің бір мүмінді өлтіруіне болмайды. Бірақ, қателікпен болса – басқа. Мүмінді қателікпен кім өлтірсе де, ол бір мүмин құл азат етіп, әрі өлгеннің отбасына құн тапсыруы керек. Бірақ, олар кешірім етсе, ол басқа. Егер өлтірілген сендермен дұшпан елдегі біреу болса, (құн төлемей) бір мүмін құл азат етуі керек. Ал егер өлтірілген сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек. Бұларды таба алмаған кісі, Аллаһқа тәубе ету ретінде тұтас екі ай ораза ұстауы керек. Аллаһ – Білуші, Дана». (ән-Нисә 4: 92).

Мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірді қасақана және кездейсоқ өлтіруге қатысты Құран мен Сүннеттің мәтіндері

Мұсылмандардың жерінде өмір сүріп, джизья төлеуші кәпірді (зиммий), және мұсылмандардың әмірі келісім-шарт жасасқан кәпірді (муахад), сондай-ақ, мұсылмандардын біреу қауіпсіздік кепілдігін берген кәпірді (мустамин) өлтіру – харам (тыйым салынған)!  Және мұны жасаған үшін қатаң жаза әзірленген.  Абдуллаһ ибн Амрдың сөздерінен, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізілген: «Кім муахадты өлтірсе – Жәннәттың иісін де сезбейді. Ал, ақиқатында, Жәннәттың исі қырық жылдық жолдың алшақтығынан сезіледі». әл-Бухари № 3166.

Бұл хадисті имам әл-Бухари өзінің жинағындағы «Муахадты заңсыз өлтіргеннің күнәсы туралы» деп атаған тарауында келтірген. Сондай-ақ, ол тура осы хадисті «Өтеулер» деген кітабында келтіріп, тарауды «Зиммийді заңсыз өлтіргеннің күнәсі» деп атаған.

Хафиз Ибн Хаджәр “Фатхуль-Бәри” (12/259) кітабында былай деп жазған: “Ол (әл-Бухари) бұл хадисті, онда муахад аталса да, зиммийге қатысты қолданған. Хадисте мұсылмандармен келісім-шарты болған кәпір туралы сөз болуда, мейлі ол – джизья төлеу, әмірмен бітім, немесе мұсылманның берген қауіпсіздік кепілдігі (амән) болсын”.

Тура осы хадисті имам ән-Нәсаи де (4749), бірақ, енді оның басқа риуаятын келтірген: «Кім зиммийді өлтірсе – жетпіс жылдық жол алшақтығынан сезілетін Жәннәттың иісін сезбейді».

Сондай-ақ, Әбу Бәкрадан Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізілген: «Рұқсат етілмеген уақытта муахадты өлтіргенге Аллаһ Жәннәтты харам етеді». Әбу Дауд 2760, ән-Нәсаи 4747. Хадистің иснәді сахих.

Ал мұсылмандармен келісім-шарты бар кәпірді өлтіру туралы айтар болсақ, мұны жасағанды Аллаһ құн (дия) төлеумен және күнәны өтеумен (кәффәра) міндеттеді. Аллаһ Тағала былай деді: «Ал егер өлтірілген сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек. Бұларды таба алмаған кісі, Аллаһқа тәубе ету ретінде тұтас екі ай ораза ұстауы керек. Аллаһ – Білуші, Дана». (ән-Нисә 4: 92).

Және соңында мен мыналарды айтқым келеді:

Уа, жастар! Аллаһтан қорқыңдар және сендерді бұл дүниеде бақытсыздыққа, ал Ақыретте азапталуға итермелейтін шайтанның олжасы болмаңдар!

Аллаһтан қорқыңдар және мұсылмандардың қарттарын, ересектерін және балаларын өлтірмеңдер!

Аллаһтан қорқыңдар және мұсылмандардың аналарын, қыздарын және апа-қарындастарын өлтірмеңдер!

Аллаһтан қорқыңдар және Аллаһқа құлшылық қылатын қарттарды және емізулі сәбилерді өлтірмеңдер!

Аллаһтан қорқыңдар, тыйым салынған қанды төкпеңдер және біреудің мал-мүлкін иемденбеңдер!

«Ендеше, отыны адамдар мен тастар болатын Оттан қорқындар». (әл-Бәқара 2: 24).

«Сендер Аллаһқа қайтарылатын күннен қорқыңдар. Сол кезде әрбір адам өзі жеткен нәрсесін толығымен алады және оларға зұлымдық жасалмайды». (әл-Бәқара 2: 281).

«Сол күні әркім істеген игілігін әзір табады да, істеген жамандығының арасымен өз арасының ұзақ қашықтықта болуын қалайды». (Әли ‘Имран 3: 30).

«Сол күні, кісі туысынан қашады: шешесінен, әкесінен, әйелінен және балаларынан. Ол күні әркімнің ісі – ауыр (әркім өз халымен әлек)». (Абәса 80: 34-37).

Ұйқыларыңнан ояныңдар және өздеріңнің ұқыпсыздықтарыңнан құтылыңдар, және жер бетінде бұзақылық таратуда шайтанның қаруы болмаңдар!

Және мен Аллаһ Тағаладан мұсылмандарды дінді дұрыс түсінуге алып келуін және оларды айқын да, жасырын да адасушылықтар мен бүліктерден сақтауын тілеймін.

Және Аллаһтың сәлемі мен игілігі Оның құлы және пайғамбары Мухаммадқа, сондай-ақ, оның отбасы мүшелеріне және сахабаларына болсын!

Жауласушы және жауласпаушы кәпірдің арасындағы айырмашылық туралы
Аллаһ Тағала кәпірлерді екі санатқа жіктеді: жауласушыларға және жауласпаушыларға.

Жауласпаушы кәпірлерге – олармен келісім-шарт немесе бітім бар, сондай-ақ, өлтіруге тыйым салынған: әйелдер, қарттар, балалар, қызметкерлер сияқты кәпірлер жатады.

Көптеген жас мұсылмандарда бұл мәселеге байланысты білімнің болмауына қарамастан, жоғарыда аталғандарға Құранда да, Сүннетте де дәлелдер көп.

Аллаһ Тағала айтады: «Аллаһ дін жайында сендермен соғыспаған және жүрттарыңнан қуып шығармағандарға жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Расында, Аллаһ турашылдарды жақсы көреді!» (әл-Мумтаханә 60: 8).

Кейбір имамдар бұл аятты күші жойылған деп есептеді, алайда бұған ешқандай дәлел жоқ.

Имам әл-Қуртуби «Бұл аяттың күші көпқұдайшылдармен соғысу әмірімен жойылған» деп есептейтін имамдардың пікірін келтіріп, былай деді: «Ал, тәпсіршілердің басым бөлігі бұл аяттың күші жойылмаған деп есептейді». “Тафсир әл-Қуртуби” 12/321.

Сондай-ақ, Құранның тәпсіршілерінің имамы болып саналатын Ибн Джәрир әт-Табәри бұл аятты жалпылама және күші жойылмаған дейтіндердің пікірі күштірек, өйткені, бұл аят «дін жайында сендермен соғыспаған және жүрттарыңнан қуып шығармағандарға» анық ерекшілік жасады дейді.  Сондықтан, мұсылмандармен дінге байланысты соғыспағандардың санатына жататын әрбір адамға жақсылық істеуге болады.  “Тафсир ат-Табәри” 10/261.

Сондай-ақ, шейх ‘Абдур-Рахмән әс-Са’ди бұл аятқа байланысты мыналарды айтты: “Аллаһ сендерге мүшриктерге қатысты, егер олар діндеріңе байланысты сендермен соғыспаса және сендерді өз үйлеріңнен қуып шығармаса, ізеттілік танытуға, туысқандық қатынастарды ұстауға, ізгі және әділетті болуға тыйым салмайды, олар сендердің туысқандарың болса да, болмаса да. Егер сендер олармен жақсы қарым-қатынасты ұстасаңыз – күнә жасаған болмайсыз, және бұда еш жамандық жоқ. Аллаһ мұсылман адамның кәпір болған ата-анасымен қандай қарым-қатынас жасауы керектігі туралы айтқанда, осыны да атап өтті:  «Егер екеуі білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуға зорласа, оларға бағынба! Бірақ, олармен дүниеде дүрыс жолдас бол…» (Луқман 31: 15). Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Аллаһ сендермен діндерің жайында соғысқандарға ғана (ізеттілік танытуға) тыйым салады…», – деді, яғни Аллаһтың дініне және оған берілгендерге деген өздерінің өшпенділігінің себебімен «сендерді үйлеріңнен қуып шығарғандарға және сендердің қуылуларыңа болысқандарға», яғни сендерді өздері қуып шыққандарға, немесе осы істе басқаларға көмектескендерге. Аллаһ Тағала оларға болысуға, оларды жақсы көруге және оларға қатысты сөзбен де, іспен де жылы сезім танытуға тыйым салады. Ал сендермен соғыспайтын көпқұдайшылдарға қатысты жақсылық жасауға келер болсақ, мұсылман адам олардың күпірлігін жақсы көрмей, оларға жақсылық жасауына болады. Тіпті оларға мұндай қарым-қатынас жасау – туысқандарға, туысқан еместерге және жалпы Адам балаларына ізгі пиғыл (ихсан) танытудың бір көрінісі болып табылады». “Тайсируль-Кәрими-Ррахмән” 773.

Бұл аятта барлық кәпірлер бірдей еместігіне, және олар жауласушы және жауласпаушы болып бөлінетініне нұсқау бар. Сондықтан, олар осыған сәйкес қарым-қатынас жасауға лайықты болады. Ибн Аббәс былай деп баяндайтын: «Көпқұдайшылдар Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және иман келтіргендерге қатысты екі санатқа бөлінетін: олармен өздері соғысатын және олар өздеріне қарсы соғысатын кәпірлер (әһлюль-харб), және олармен өздері де соғыспайтын және олар да өздеріне қарсы соғыспайтын кәпірлер (әһлюль-ахд)». әл-Бухари 3/145.

Шейх Ибн әл-Қайим былай дейтін: “Кәпір – не мұсылмандарға қарсы соғысушылардың қатарынан болады (харбий), немесе олармен келісім-шарт жасалғандардан болады (муахад). Келісім-шарт жасалған кәпірлер үш санатқа жіктеледі: мұсылман жерінде өмір сүріп, джизья төлейтін (кәпір) (зиммий); бейбіт келісім-шарт түзілген (кәпір) (муахад); және мұсылмандардың жеріне кіру үшін мұсылмандар қауіпсіздік кепілдемесін берген (кәпір) (мустамин)”. См. “Әхкәму әхли-зиммә” 2/178.

Бейбіт кәпір мен мұсылмандарға қарсы соғысушы кәпірдің арасында айырмашылық болғандықтан, шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: “Мұсылмандарға Аллаһтың дінін орнатуға қарсы шықпай жатқан кәпірдің күпірлігі өзінен өзге ешкімге зиян тигізіп жатқан жоқ!” “әс-Сиясату-шшәр’ия” 178.

Бірақ, кәпірлер бейбіт және жауласушы болып екіге бөлунуіне қарамастан, мұсылман адам олардың әрқайсысына қатысты, жасап жатқан күпірлігі үшін, жүрегімен өшпенділік танытуы керек!

Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Өздеріңе қарсы соғысқандармен Аллаһ жолында соғысыңдар, бірақ,  рұқсат етілгеннің шегінен шықпаңдар. Негізінен, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді». (әл-Бақара 2: 190).

Ибн ‘Аббас Аллаһ тағаланың осы сөздеріне түсіндірме беріп, былай деді: “Әйелдерді, балаларды, қарттарды және сендерге бейбітшілікпен бет бұрып, өздеріңмен соғыспайтындарды өлтірмеңдер! Ал егер осыны істесеңдер, онда сендер – шектен шығушысындар!” “Тафсир әт-Табәри” 2546.

Имам Ибн Джәрир әт-Табәри Аллаһ Тағаланың: «…рұқсат етілгеннің шегінен шықпаңдар. Негізінен, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді», – деген сөздері туралы былай деді: “Аллаһ өлтіруге тыйым салған мүшриктердің әйелдері мен балаларын өлтіру сияқты Өзі харам еткен нәрселерді халәл ететін, Оның шекаралары мен заңдарын бұзып шығушыларды жақсы көрмейді”. “Тафсир әт-Табәри” 2/75.

Хафиз Ибн Кәсир былай деді: “Аллаһтың жолында соғысыңдар, бірақ осыда шектен шықпаңдар. Бұған Хасан әл-Бәсри айтқанындай: мәйіттерді қорлау, олжадан ұрлау, шайқасуға көмектеспейтін әйелдерді, баларды және қарттарды өлтіру; сондай-ақ монахтар мен өз кельяларында өмір сүрушілерді өлтіру; талдарды өртеу және жануарларды пайдасыз өлтіру сияқты тыйым салынған нәрселер жатады. Бұл жөнінде Ибн Аббас, Умар ибн Абдуль Азиз, Муқатиль ибн Хаян т.б. айтқан”. “Тафсир Ибн Кәсир” 1/313.

Шейх ‘Абдур-Рахмән әс-Са’ди былай деді: “Бұл аят Аллаһтың жолында соғысу әміріне нұсқайды. Ол мұсылмандар Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін түсірілген. Мұсылмандарда күш-қуат пайда болған кезде, Аллаһ оларға соғысуды міндеттетілік етті. Аллаһ мүминдермен соғысуға әзір болған кәпірлермен соғысуды әмір етті. Бұл – мұсылмандарға қарсы әскери қимылдарға қатысатын ересек ерлерге қатысты, бірақ шешім шығармайтын және әскери қимылдарға қатыспайтын қарттарға қатысты емес.  Ал рұқсат етілгеннің шегінен шығуға тыйым туралы айтар болсақ, ол – әйелдерді, ақыл-ессіздерді, балаларды, адамдардан аулақ оңашаланып өмір сүрушілерді өлтіруге, талдарды шауып тастауға және басқа да мұсылмандарға еш пайда келтірмейтін істерге қатысты”. “Тафсир әс-Са’ди” 76.

Рабаха ибн Раби’адан, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір әскери жорық кезінде: «Халидке айтыңдар: қарттарды, әйелдерді және қызметкерлерді өлтірмесін», – деп айтқаны жеткізіледі. Әхмәд 3/488, Әбу Дауд 1/416. Хадис хасан. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 2/314.

Осы жерде айта кететін бір ескерту бар. Ол – имам әш-Шәфи’идің әйелдер мен балаларды өлтіруге тыйым олар – мұсылмандардың мүлкі болып табылатындығына байланысты деген пікірі. Алайда, бұл пікір өте әлсіз болып табылады. Және ғалымдар да бұл пікірді қабылдамаған. Бұл пікірді имам Ибн Бәттәл өзінің “Шәрх Сахих әл-Бухари” еңбегінде (5/171), сондай-ақ, басқа да көптеген имамдар жоққа шығарған. Өйткені, әйелдер мен балаларды өлтіруге тыйым салудың мәні – олар – мұсылмандардың мүлкі болып табылатындығында емес, соғысушылардың қатарынан болмағандығында. Және әйелдерді өлтіруге тыйым салудың осы себебін Пайғамбардың өзіде (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Оны өлтіруге болмайтын еді, өйткені ол – соғысушылардан емес еді!» - деп ескерткен болатын. Ибн Мәжжәһ 2/195, Ибн Хиббән 1656. Шейх әл-Әлбәни хадистің сахихтығын растаған.

Мұның үстіне, бұл пікір әш-Шәфи’идің өзінің айтқан: “Мұсылмандардың ешқайсысына мақсатты түрде әйелдер мен балаларды өлтіруге рұқсат етілмейді, өйткені Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұған тыйым салған. Олар соғысу рұқсат етілгендердің қатарына кірмейді. Сондай-ақ, монахтарды өлтіруден де, олар қай жерде болмасын: кельяларда ма, монастырларда ма, немесе шөл далада ма, тыйылу керек. Біз өзін монахтыққа бағыштаған әрбір адамды өлтіруден бас тартамыз, Әбу Бәкр, Аллаһ одан разы болсын, дәл осылай істейтін”. “әл-Умм” 4/239-240.

Сөйтіп, осы сөздерден имам әш-Шафи’и кейіннен алдын аталған пікірінен бас тартқан болуы мүмкін деген қорытынды шығаруға болады, мұның үстіне, көптеген ғалымдар кәпірлердің әйелдері мен балаларын, егер олар шайқасуға қатыспайтын болса, өлтіруге тыйым салынғандығы туралы бір ауызды келісімін (иджмәъны) жеткізген болатын. Имам ән-Нәуәуи былай деді: “Кәпірлердің әйелдері мен балаларын, егер олар шайқасуға қатыспайтын болса, өлтіруге тыйым салынғандығы туралы ғалымдар бір ауызды келісімде!” “Шәрх Сахих Муслим” 11/292.

Бұл мәселедедігі бір бір ауызды келісімнің болуы туралы, сондай-ақ, Ибн әл-Мунәсыф және имам Ибн Рушд хабарлаған. “әл-Инджәд фи абуәбиль-джихад” 372, “Бидәятуль-муджтахид” 1/386.

Шейх Ибн әл-Қайим былай дейтін: “Өлтіру күпірлік себебімен емес, соғысу себебімен рұқсат етіледі! Және дәл осы себепті соғысуға қатыспайтын әйелдер мен балаларды, келісім-шартта болғандарды, және монахтарды өлтіруге тыйым салынған еді! Мұның үстіне, біз (тек) өзімізбен соғысқандармен соғысамыз!” “Әхкәму әхли-зиммә” 1/27.

Шейх Ибн әл-Қайимның сөздерінің мағынасы Исламда тек қорғану джихады бар дегенде емес, ал тіпті шабуыл джихадында да шайқас мұсылмандармен соғысып бірқұдайшылдықтың орнатылуына қарсылық жасағандармен  ғана жүретінінде.

Аллаһ Тағала: «Жер бетінде, онда тәртіп орнатылғаннан кейін, бұзақылық таратпаңдар», – деп бұйырады. (әл-А’раф 7: 56).

Имам әл-Қуртуби былай деді: “Аллаһ Тағала тәртіп орнатылғаннан соң, бұзақылықтың кез-келгеніне тыйым салды, мейлі ол – үлкені, мейлі – кішісі болсын”. “Тафсир әл-Қуртуби” 6/145.

Және мұсылмандардың әйелдері мен балаларын өлтіріп жатқан кәпірлердің қиянатшылдығы мен озбырлығын айтып, соны сылтаулатып өздері де сондай әрекеттер жасап жүргендерге ақтау жоқ. Мұндай жағдайда бұл – Аллаһтың жолындағы джихад емес. Бүкіл нәрсені Білуші Аллаһ былай деді: «Әй мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде бекем тұрыңдар. Және адамдарға деген өшпенділік сендерді әділетсіздікке тартпасын».  (әл-Мәида 5: 8).

Имам әл-Қуртуби былай деді: “Бұл аят кәпірдің күпірлігі оған қатысты әділдік танытуға кедергі болмайтынына нұсқайды”. Ол сондай-ақ, былай деп айтты: “Кәпірлердің мәйіттерін қорлауға тыйым салынады, тіпті олар біздің әйелдеріміз бен балаларымызды өлтірсе де. Және біз олармен де осылай істеуімізге болмайды”. “Тафсир әл-Қуртуби” 5/85.

Яғни ол кәпірлер тіпті мұсылмандардың балалары мен әйелдерін өлтірсе де, мұсылмандар олардың әйелдері мен балаларын өлтіруге құқықты емес дегенді айтып тұр.

Алайда, айтылғандардың барлығына қарамастан, өз кезегінде шейх Ибн Усәйминді жек көруші адамдар оның кәпірлерлер осылай жасаса, олардың әйелдерімен балаларын өлтіруге болады деген сөздерін келтіреді.

Хафиз Ибн Кәсир бұл аят туралы былай деді: “Адамдарға деген өшпенділік сендерді оларға қатысты әділ болуды тастауға итермелемесін, керісінше, әрбір адамға қатысты, ол – дос болсын, дұшпан болсын, әділдік таныту керек”. “Тафсир Ибн Кәсир” 2/215.

Тура соны Аллаһтың Елшісі де (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтып бұйырды: «Және саған қатысты қиянат жасағанға қиянат жасама». әт-Тирмизи 1264, Әбу Дауд 3534. Хадистің сахихтығын имам әт-Тирмизи, Әбу Дауд, Ибн әс-Сакән және әл-Әлбәни растаған. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 423.

Ибн ‘Умар, ‘Абдуллаһ ибн Рауәха Хайбар яхудилеріне келгенде олар оған Пайғамбардың   (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) үстінен арыздана бастағанын, және ол оларға: «Әй, Аллаһтың дұшпандары! Аллаһпен ант етемін, мен сендерге мен үшін ең сүйікті болған адамнан келдім, ал сендер мен үшін малмылдар мен доңыздардан да жек көрініштісіңдер! Алайда, менің сендерге деген өшпенділігім және менің Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) деген махаббатым мені сендерге қатысты әділетсіздік жасауға итермелемейді!” – деп айтқанын баяндаған. Ибн Хиббән 5176, әл-Бәйхақи 6/114. Шейх әл-Әлбәни хадистің сахихтығын растаған.

Ибн ‘Аббас былай деп баяндайтын: “Фанхас деген яхуди Аллаһты – түгі жоқ пақыр, ал өздерін – бай дегенде, Әбу Бәкр оны тұмсығынан ұрып: «Жаным қолында болғанмен ант етемін, егер біздің арамыздағы сол бір келісім-шарт болмағанда, мен міндетті түрде сенің басыңды шауып алар едім, әй, Аллаһтың дұшпаны!» – деді”. әт-Табәрани 8300. Шейх Әхмәд Шәкир иснадын сахих деді.

Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кейін бұл үмметтегі ең жақсы мұсылман болған Әбу Бәкрдің әрекетіне назар аударыңдар, йә, мұсылмандар! Бұл жексұрын яхудидің соншалықты жиіркенішті сөздерінің өзі оны шектен шығып, келісім-шартты бұзуға апарған жоқ. Ал біздің кезімізде қаншама адамдар сол яхуди айтқанынан да аз болған нәрсе үшін, бұл – Аллаһтың разылығы үшін деген сылтаумен бұзақылық жасап жүр?!

Ислам – қисын мен әуестерге емес, Құран мен Сүннетке негізделген қатаң заң ережелеріне ие болған кемел дін.

Мұсылман үмметінің имамдарынан ешкім қиянатшылдықты тіпті кәпірлерге қатысты рұқсат етілген деп санамаған, ал хафиз Ибн ‘Абдуль-Бәрр былай деген: “Қиянатшылдыққа тыйым салыңғандығына имамдар бір ауызды келісімде!” “әт-Тамхид” 24/233.

Имам Абу Бәкр ибн әл-‘Араби былай дейтін: “Әділдік таныту – мұсылмандармен соғысатындарға да, соғыспайтындарға да қатысты міндетті болып табылады!” “Әхкәмуль-Қуран” 4/288.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия “Мәджму’уль-фәтауә” жинағында былай дейтін: “Барлық нәрсеге қатысты және әркімге әділдік таныту – әрбір адам үшін міндетті болып табылады. Сондай-ақ, әрбір адам үшін әділетсіздік, оның барлық формаларында және әркімге қатысты, ол – мұсылман, кәпір, жәбірлеуші болсын – харам болып табылады. Аллаһ Тағала былай дейді:  «Әй мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде бекем тұрыңдар. Және адамдарға деген өшпенділіқ сендерді әділетсіздікке тартпасын».  (әл-Мәида 5: 8), және адамдарға деген өшпенділік дегенде кәпірлерге деген өшпенділік аталып тұр”. Ол сондай-ақ, былай деген: “Әділдік – бұл онымен бірге Кітаптар және пайғамбарлар жіберілген нәрсе. Оның қарама-қайшысы – зұлымдық. Ал оған тыйым салынған, бұл жөнінде Пайғмбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің Раббысынан жеткізген хадисте: «Йә, Менің құлдарым! Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім, және сендердің араларыңда да оны харам еттім!» – деп айтылғандай”. Муслим 2577.

Сондай-ақ,  Ибн Таймия былай дейтін: “ «Ақиқатында, Аллаһ әділетті мемлекетке көмек көрсетеді, тіпті ол кәпір болса да, және әділетсіз мемлекетті көмексіз қалдырады, тіпті ол – иман келтірген болса да», – деп айтылған”. “Мәджму’уль-фәтауә” 28/63.

Шейх ‘Абдур-Рахман әл-Бәррак былай деді: “Кәпірлердің елдерінде өмір сүріп жатқан кейбір надан мұсылмандар оларға қарсы жасап жатқан: ұрлық, олардың құқықтарын бұзу, қақысыз ұрып-соғу және балағаттау сияқты қылмыстары – Ислам шариғатында харам болып табылады! Бұл адамдардың істеп жатқандарының Исламға ешқандай қатысы жоқ! Ал бұдан да жаманы – бұл түрлі мекемелерді жарып жүрген кейбір адасқандар жасап жатқан терактілер. Ақиқатында, Аллаһ  әділеттің таралуы және Оның Сөзі жер бетінде үстем болуы үшін Өзінің құлдарының арасында заңдастырған джихадқа мұның еш қатысы жоқ!  Тіпті, бұл – тыйым салынған бұзақылық болып табылады!” См. “И’тида ‘алә ғайриль-муслимин” 3.

www.salaf-forum.ru

Кәпірді жәй өлтіру Аллаһ жолындағы джихад болып табылады ма?
шейх ‘Абдур-Раззақ әл-Бәдрдің «Джихадтын даналықтары мен ережелерінен жақсы жемістер» кітабын жариялауды жалғастырамыз:

Сегізіншісі:

Кәпірді жәй өлтіру Аллаһ жолындағы джихад болып табылады ма?

Ақиқатында, дінде даусыз белгілі болған нәрсе бұл – Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһ қанның маңыздылығын көтергені, оны төгуге тыйымды күшейткені, осыған немқұрайлы болуды және оның тыйымын бұзуды үлкен күнә және ұлы бұзақылық еткені, бұл үшін Ақырет күнінде өте қорқынышты жазаны және өте ауыр азапты белгілегені болып табылады. Сондықтан, егер тірі жанды өлімге қиюдың әрбірі – мейлі ол мұсылман болсын, мейлі кәпір болсын – Аллаһ рұқсат берген және ислам шариғаты бекіткен қақысыз болса, ол шариғатқа сәйкес харам болады, және Исламда бұл – ауыр опат қылушы күнәлардың бірі болып саналады. Ал кім мұны Аллаһтың жолындағы джихад деп атаған болса, немесе рұқсат етілген амал деп белгілеп берсе, ол – мұсылмандардың бірауызды келісімен, тіпті бұрыңғы діндердің шариғаты да бірауызды болған келісімнен, шығып кеткен адасушы және өзгелерді де адастырушы болып табылады.

Аллаһ Тағала өзінің пайғамбары Муса (Оған Аллаһтың сәлемі болсын) туралы айтқан мына сөздері туралы ой қозғайықшы: «(Муса) елдің кәперсіз уақытында қалаға кірді де, онда төбелесіп жатқан екі адамды көрді. Бірі өз тобынан, біреуі дұшпан жақтан еді. Сонда өз тобынан болғаны дұшпанына қарсы Мусадан көмек тіледі. Сонда Муса оны жүдырықпен ұрганда оған қаза жетті. (Муса): “Бұл – шайтан ісі. Өйткені, ол – ашық адастырушы дұшпан. Раббым! Рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!» – деді. Сондықтан, Аллаһ оны жарылқады. Өйткені, Ол – тым Жарылқаушы, ерекше Мейірімді. (Муса): “Раббым! Маған берген нығметіңе серт! Енді күнәкарларға жәрдем етпеймін”, – деді. Қалада қорқып, алаңдықпен таң атырды. Ал және кешегі өзінен көмек тілеген кісі, тағы жалбарынып жатыр. (Тағы төбелесіп жатыр.) Муса оған: “Сен анық адасқан екенсің”, – деді. (18) Сонда Муса екеуінің де дұшпанын ұстағысы келген сәтте (ол): “Әй Муса! Кеше бір адамды өлтіргеніңдей бүгін мені өлтіресің бе? Сен бұл жерде турашылдардан болмай бір жендет болуды қалайсың ба?” – деді». (Қасас, 15-19).

Бұл қиссадан біз көретініміз: Мусадан көмек сұраған адам сырт келбетімен оның тобынан еді, яғни исраил ұрпағынан болған мұсылман еді. Ал оған қарсы көмек сұраған адам оның дұшпаны, яғни мысырлық кәпір еді. Қараңыз “Тәфсир әт-Табәри” 18/186, “Тәфсир әс-Сам’ани” 4/128.

Осы аяттардан мысырлық кәпір исраилдық мұсылманға шабуыл жасағаны көрініп тұр, және Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, оны заңды түрде қорғағысы келді және кәпір дұшпанды өлтіруге ниеттенбеген еді. Алайда, Мусаға, Аллаһтың оған сәлемі болсын, дене күші берілгендіктен, оның жұдырығының соққысы мысырлықтың өліміне әкелді. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Муса оны жүдырықпен ұрганда оған қаза жетті», яғни жұдырығымен төсіне ұрды және оның өлуін қалаған болмаса да, оны өлтірді. Қараңыз “Тәфсир әт-Табәри” 18/189-190, “Тәфсир әл-Касими” 12/4699.

Хафиз Ибн Кәсир былай деді: “Ол мысырлық – Ұлы Аллаһқа серік қосатын кәпір еді, ал Муса оны тіпті өлтіргісі келмеген еді, тек оны сөккісі және тоқтатқысы келді. Алайда, солай бола тұра Муса: “Бұл – шайтан ісі. Өйткені, ол – ашық адастырушы дұшпан”, – деді. Және ол былай деді: «Раббым! Рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!»  Аллаһ оны жарылқады. Өйткені Ол – тым Жарылқаушы, ерекше Мейірімді. Муса былай деді: “Раббым! Маған берген нығметіңе серт! Енді күнәкарларға жәрдем етпеймін”. Қараңыз  “әл-Бидәя уән-нихәя” 2/42.

Бұл жердегі мақсат – Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, оның исраилдықты жәбірлеген мысырлық кәпірге берген соққысының салдарынан болған өлім үшін тәубе етіп өкініш білдіргендігінде болып тұр. Және Муса бұл қасақана болмаған адам өлтіруді шайтанның уәс-уәсі деп есептеді, және осы арқылы ол өзіне зұлымдық жасадым деп санап, өзінің Раббысынан кешірім сұрап Оған тәубе келтірді.

әл-Хасан әл-Басридің, Аллаһ оған рахым етсін, былай деп айтқаны жеткізіледі: “Сол кезде кәпірді өлтіру рұқсат етілмеген еді, өйткені ол кез – соғысудан тыйылу кезі еді”. Қараңыз “Тәфсир әл-Куртуби” 13/173, “Тәфсир әл-Касими” 12/4699.

Бұл қисса өзіне ойлануды және назарға алуды қажет ететін ұлы ғибраттар мен сабақтарды қамтиды. Олар мынандай:

– бұл адамды өлтіру – қателік болды, және ол – қасақана және мақсатты түрде жасалған адам өлтіру емес еді;

– өлтірілген адам – Аллаһқа серік қосушы кәпір еді, және солай бола тұра ол -исраилдыққа зұлымдық танытқан жәбірлеуші де еді.

– ол Исраил ұрпақтарына деген дұшпандығы өте күшті болған халықтан еді, және олар исраилдықтардың ұл балаларын өлтіретін және әйелдерін тірі қалдыратын еді, және бұл олардан келген үлкен  сынақ  еді.

– Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, осы жағдайда оны өлтіруді шайтанның амалы, яғни оның уәс-әсі және арбауы деп санады, өйткені шайтан Адам баласын тура жолдан адасушылыққа бұрып алып кететін, өзінің адамға деген дұшпандығы әп-айқын болған оның  дұшпаны.

– Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, өзінің қателікпен кәпірді өлтіруін өзіне істеген зұлымдық деп санап: «Раббым! Рас өзіме кесір істедім», – деді.

– Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, мұны – ол үшін кешірім сұрау  қажет болған күнә және тәубе келтіру қажет болған қателік деп санады, және ол: «Мені жарылқа!» -деді.

– Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, күнәға да, қылмысқа да көмектеспеу және болыспау туралы Аллаһ Тағалаға уәде берді. Және бұл оның: «”Раббым! Маған берген нығметіңе серт! Енді күнәкарларға жәрдем етпеймін” – деген сөздерінің мәні.

– Жазықсыз жанды, оған заңды негіз болмай, өлтіру – жер бетінде бұзақылық тарату болып есептелетіні және тәртіпті орнатушы амал болып табылмайтыны дәйекті түрде бекітілді. Сондықтан, екінші мысырлық Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, мұны қасақана істеп жатыр деп ойлап: “Әй Муса! Кеше бір адамды өлтіргеніңдей бүгін мені өлтіресің бе? Сен бұл жерде турашылдардан болмай бір зорекер болуды қалайсың ба?” (Қасас, 19), – деді.

Бұл ақыл-кеңестер мен сабақтарда өлтірілуге лайық болмаған жазықсыз жанды өлтірудің, мейлі ол кәпір болса да, жиіркенішті екендігі және бұл әрекет ислам шариғатына және елшілердің басшылығына қайшы келетіндігі туралы айқын және сенімді түсіндірме бар.

Салим ибн ‘АбдуллаҺ ибн ‘Умар, Аллаһ олардың екеуінен де разы болсын былай деді: «Әй, Ирақтың тұрғындыры, сендерді кіші (күнәлар) туралы сұрап, үлкендерін жасауға не мәжбүрлейді? Мен әкем ‘АбдуллаҺ ибн ‘Умар былай дегенін естігенмін: “Мен Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Бүлік ана жақтан келеді», – деп, қолымен шығысқа, шайтанның мүйіздері көрініп шығатын жаққа, қарай сілтегенін көргенмін. Сендер бір біріңнің бастарыңды шауып жатырсыңдар, ал Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, Перғауынның қауымынан болған (адамды) өлтірді және Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһ оған былай деді: «Және бір кісі өлтірдің. Сонда сені, ол қайғыдан қүтқарған едік те, сынаулармен сынаған едік». (Та ха, 40)». Муслим № 2905.

Атақты ғалым ас-Са’ди аталған аяттармен байланысты болған үлкен пайдаларды атап өтіп, өзінің тәфсирінде былай деген сөздерін келтірді: “Бұған – онымен келісім-шарт болған немесе әдет бойынша келісім болған кәпірді өлтіруге болмайтындығы жатады, өйткені Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, мысырлық кәпірді өлтіруді күнә деп есептеді және бұл үшін Аллаһтан кешірім сұрады. Бұған, сондай-ақ, жазықсыз жандарды қақысыз өлтіруші – жер бетінде бұзақылық таратушы жендет болып табылатыны да жатады. Бұған, сондай-ақ,  тірі жандарды қақысыз өлтіріп, осынысымен жер бетінде тәртіп орнатуды және күнәхарларды қорқытуды қалайтынын жариялайтын адам өтірікші болып табылатыны да жатады. Және ол жер бетінде бұзақылықты таратушы болып табылады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала мысырлықтың ауызынан шыққан сөздерін жоққа шығармай, керісінше растап: «Сен бұл жерде турашылдардан болмай бір жендет болуды қалайсың ба?” – деді». Қараңыз “Тәфсир әл-Кәрим әр-Рахмән” с.726.

Сондай-ақ, осы аяттардың пайдаларын қорытындылай келе,  шейх ас-Са’ди былай деп айтты: “Бұған, сондай-ақ, онымен келісім бойынша, немесе әдет бойынша келісім-шарт болған кәпірді өлтіруге болмайтындығы да жатады, өйткені Муса мысырлықты өлтіргеніне өкінді, бұл үшін Аллаһ Тағаладан кешірім сұрап, Оған тәубе етті. Бұған, сондай-ақ, тірі жандарды қақысыз өлтіруші – жер бетінде бұзақылық таратушы жендет болып табылатындығы да жатады, мейлі оның ниеті қорқыту болса да, тіпті ол өзін тәртіп орнатушы деп санаса да, шариғат тірі жанды өлтіруге рұқсат бермейінше». Қараңыз “Тәйсир әл-Ләтыф әл-Мәннән” с.131.

Ескертпе:

Атақты табиғин (сахабалардың ізбасары) Мутарриф ибн ‘АбдуллаҺ: “Менен Аллаһ: «Сен не үшін пәленшені өлтірмедің?» – деп сұрағаны, Ол маған: «Сен пәленшені не үшін өлтірдің?!» – деп айтқанынан сүйіктірек?!” – деп айтатын. Әбу Ну’айм “әл-Хилья” 2/204.

Шейх Салих бин Абд әл-Азиз бин Мухаммад Әл әш-Шейхтің, Аллаһ оған есендік берсін, күпірлікте айыптау мәселесі бойынша берген жауаптары
Сұрақ: «Мен қарым-қатынас жасайтын кейбір адамдар ең ірі діндар-ғалымдарды кәпір дейді, өйткені олардың ойынша олар көпқұдайшыларды қолдап, оларға болысады мыс.  Олар өздерінің балаларын осыған үйретеді және оларды осындай рухта тәрбиелейді, әсіресе мұсылман емес мемлекеттерде жарылыстар ұйымдастыру харам екендігі жайлы пәтуалар жарияланғаннан кейін. Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?»

Жауап: «Аса құдыретті және Ұлы Аллаһқа иман келтірген әрбір адам Онымен кездесуге үміт етіп және содан қорқып, өзі білмеген нәрселері туралы сөйлеуден, және өзінде сол туралы ешбір дәлелі болмаған нәрсені  істеуден барлық күш-жігерімен сақ болуы керек. Бұл, әсіресе, сенім негіздері, иман, күпірлікте айыптау, харам мен халал мәселелеріне ерекше қатысты. Мысалы, халал мен харам туралы Аллаһ Тағала былай дейді:

«Тілдеріңнің “бұл – харам, бұл – халал” деп өтірік сипаттағанын айтпаңдар (1) , Аллаһқа өтірік жала жапсырған боласыңдар. Шынында, Аллаһқа өтірік, жала жапсырғандар, құтылмайды. Дүние – аз бір күн көрініс. Олар үшін күйзелтуші азап бар». (ән-Нәхл сүресі, 116-117-аяттар).

Бұл аят ешбір айқын дәлел келтірмей белгілі бір нәрселерді халәл немесе харам деп жариялайтын адамдарға қатысты. Бұл, сондай-ақ, адамдар өздерінде бұл жөнінде білімі болмаған нәрселерді, олар тәжірибелік сұрақтарға, фикхтың кейбір салаларына немесе олардан да маңызды болып табылатын, ақидаға қатысты болуына қарамастан, Аллаһқа  телейтін басқа да барлық жағдайларға да қатысты. Міне сондықтан Аллаһ Тағала адамға өзінде ол туралы білімі болмаған нәрсеге ілесуге тыйым салды және өзі білмеген нәрсе туралы сөйлеуге де тыйым салды. Аллаһ тағала бұл жөнінде былай деп бұйырды:

«Күдіксіз Раббым, … Аллаһ туралы білмейтін нәрселерді сөйлеулеріңді арам қылды», – де!» (әл-Ағраф сүресі, 33-аят).

Аллаһ тағала сондай-ақ былай деп айтты:

«Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, көз және жүрек; олардың барлығы одан сұралады!» (әл-Исра сүресі, 36-аят).

Ал хадистердің бірінде Пайғамбарымыздың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Егер адамға (дәлелмен нықталмаған) кеңес(2) берілсе, оның күнәсын осы кеңесті берген көтереді(3) ». Әбу Дауд «Сунан», №3657 хадис; Ибн Мәжәһ «Сунан», №53 хадис.

Ақиқаттан елеулі ауытқулар және қажетті болған анықтаусыз мұсылмандарды күпірлікте айыптау сахабалардың көзі тірісі кезінде-ақ орын алған еді, бірақ Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге мұндай ауытқулардың алғашқы сипаттары пайда болғанда не істеу керектігін үйретті.

Хадистердің бірінде хабарланғандай, Меккені алудың қарсаңында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әмірі бойынша оның сахабаларының бірі болған Хатиб бин Әбу Бәлтааның меккеліктерге жолдаған хаты қолға түсірілді. Хадисте былай деп жеткізіледі:

«(Бұл хатта Хатиб) Меккедегі көпқұдайшылардан болған адамдарды Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кейбір істері туралы хабарлаған болатын . (Хаттың мазмұнымен танысып) Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Бұл не, о Хатиб!» – деп дауыстап айтты. (Оған жауап беріп Хатиб) былай деді: «(Мені айыптауға) асықпа, йә Аллаһтың Елшісі! (Істің мәні мынада) мен құрайштердің  арасында өмір сүрдім, бірақ олардың қатарынан емес едім . Сенің жаныңдағы мухажирлердің  Меккеде туысқандары бар, ал олар олардың отбасылары мен мал-мүлкін қорғайды . Ал менің (құрайштар) арасында туысқандарым жоқ болғандықтан, мен, өзімнің жақындарымды қорғау үшін, оларға бір нәрсе істегім келді, және мен мұны күпірліктен немесе  дінімнен шыққым келгендіктен істемедім!» (Оны тыңдап болып) Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Ол расында да сендерге шындықты айтты», – деді. Ал, Омарға келер болсақ, ол: «О, Аллаһтың Елшісі, рұқсат бер, мен оның басын шауып тастайын!» – деп, дауыстап шіберді. (Бұған Пайғамбар): «Ол Бәдр  (шайқасына) қатысты ғой, ал сен қайдан білесің, мүмкін Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһ (бұл шайқастың) қатысушыларына қарады да: «Нені қаласаңдар соны істеңдер! Мен сендерді кешіріп қойдым!» – деген шығар?» әл-Бухари «Сахих», № 4890 хадис; Муслим «Сахих», №2494 хадис. Бұл хадистің Бухари (хадис №3007) жеткізген басқа риуаятында  Омар, Аллаһ оған разы болсын: «О, Аллаһтың Елшісі, рұқсат ет, менің бұл екіжүздінің басын шауып тастайын!» – дегені, ал бұған  Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Қой оны, Омар», – деп, содан соң Хатибке бұрылып одан: «О Хатиб, мұны істеуге сені не итермеледі?» – деп сұрағаны жеткізіледі.

Басқа бір хадисте Усамә бин Зәйд, Аллаһ оған разы болсын, шайқаста «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ»   деп айтқан адамды өлтірген соң, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!» дегеннен соң, сен оны қалай өлтіресің?!» – деп оған дауыстап айтқаны жеткізіледі. Усамә: «Ол мұны тек қана құтылу үшін айтты ғой!» – деп жауап қатты. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, дауыстап: «Бірақ сен Ақырет күні басталғанда «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» деген (сөздермен) не істемексің?! » – деді. әл-Бухари «Сахих», хадис №4269.

Сөйтіп, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Усамаға, ол осы сөздерді айтқан адамның Исламын мойындамағаны үшін, сөгіс айтты.

Басқа хадисте бір әскери жорықтан кейін соғыстан түскен олжаны бөлу барысында Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір адам: «Әділетті бол, йә Аллаһтың Елшісі!» – деп қарсы сөз айтқаны жеткізіледі. Аллаһтың елшісі дауыстап: «Мен әділетті болмағанда кім әділетті болмақ?» – деді де, оны жомарттықпен еңшіледі, ал содан соң ол былай деді: «Бұл тамырдан  адамдар бөлініп шығады, және сендердің кез-келгенің өзінің намаздары мен оразаларын олардың намаздары және оразаларымен салыстырғанда болмашы аз деп санайды, алайда бұл адамдар діннен қайтады…» әл-Бухари «Сахих», №3610 хадис.

Мұндай адамдар  Усманның , Аллаһ оған разы болсын, басқару тұсында  пайда болған хауариждер болды. Бұл адамдардың ауытқуына олардың: «Әмір өзіне Аллаһ жүктеген міндеттерді орындамай жатыр», – деген пікірі әкеп соқтырды. Осының салдарынан олардың кейбіреулері оны күпірлікте айыптай бастады, ал басқалары мұндай әмірді өлтіру керек деп шешті, және олар, шынымен де, оны өз бетімен кетушілікте айыптап, өлтірді.

Тура сол кезеңде олар мұсылмандардың біртұтас тобын айыптады, ал бұл жағдай Алиді  оларға қарсы шығуға итермеледі, оны да олар кейіннен күпірлікте айыптады.  Саны 120 мың адамға жеткен бұл адамдарға Ибн Аббас  барды. Ол, екі мәселе бойынша қайшылықты жою мақсатымен,  оларды насихаттауға және олармен айтысуға кірісті, олар – адамдар Аллаһтың Кітабы бойынша үкім ету қажеттігі  мәселесі және күнә жасаушы адамдарды күпірлікте айыптау мәселесі. Ибн Аббаспен болған пікірталастан кейін  кейбір адамдар оларға қайта оралды, ал кейбіреулері қайтуға келіспеді, сөйтіп сол кезден бері мұсылман үмметінде мұндай айтысулар тоқтаған емес.

Күпірлікте Усман және Али, Аллаһ олардың екеуіне де разы болсын, айыпталды және басқа да әмірлерге олардың қарсыластары осындай айыптауларды түрлі себептермен қойып отырды.

Күпірлікте айыптау діннен шыққандық туралы шешім шығаруды меңзейді. Алайда, исламды қабылдағаны анық болған мұсылманның діннен шыққандығы туралы шешімді, адамдар бұрын бұл адамның Исламы туралы қандай сенімде болған болса, оның діннен шыққандығына да сондай сенуге мүмкіндік беретін, шариғаттың сенімді нұсқауы болғанда ғана шығаруға болады.  Бұған Аллаһ Тағаланың:

«…Сондай-ақ олар Исламды қабылдағаннан кейін кәпір болды». (әт-Тәубә сүресі, 74-аят), – деген және оның басқа да:

«Сендер иман келтіргеннен кейін кәпір болдыңдар …» (әт-Тәубә сүресі, 66-аят), – деген сөздері негіз бола алады.

Аллаһ тағала сондай-ақ былай деді:

«Ал сондай иман келтіргеннен кейін күпірлікке кіргендер және күпірліктерін арттырғандар, олардың тәубесі әсте қабыл болмайды…» (Әли Имран сүресі, 90-аят).

Исламды қабылдаған немесе иман келтірген адам иманнан қайтуы мүмкін екендігіне нұсқайтын басқа да аяттар бар. Алайда, Сүннет пен келісімнің жақтаушылары діннен шыққандық туралы айыптауды көптеген мәлім болған шарттармен байланыстырады. Бұдан тыс, олар қандай да бір сөз немесе әрекет күпірлікке айғақ болады деген нұсқаулар мен шариғат үкімдерін орындауға міндетті болған мұсылманның осыны істегені арасында айырмашылықтар қояды, және осы нәрсе оны діннің шеңберінен тыс қояды ма – соны анықтайды. Іс жүзінде адам кейбір мәселелер туралы білмеуі де мүмкін, ол ақталуға лайықты немесе лайықты емес болуы мүмкін және тағысын-тағы, ал мұның барлығы белгілі шарттардың орындалуын жіне тиісті тосқауылдардың болмауын талап етеді.

Мұндай мәселелерде Сүннеттің жақтаушылары хауариждер мен муржиялардың  арасындағы қалпты ұстанады. Хауариждер адамдарды күнә жасағандықтары үшін, кәпірлермен достық қарым-қатынастарын ұстанғандары үшін және осыған ұқсас нәрселер үшін күпірлікте айыптады. Ал муржияларға келер болсақ, олар иман келтіргендерді олардың амалдары, сөздері немесе сенімдері үшін діннен шығушылықта айыптауға болмайды деп есептеді.

Сүннеттің жақтаушылары иман келтіргені белгілі адамды тек тиісті дәлелдер болған, қажетті шарттар орындалған және белгілі тосқауылдар болмаған жағдайларда ғана діннен шығушылықта  айыптауға болады деп тұжырымдап, хауариждер мен муржиялардың екі арасындағы қалыпты ұстанады.

Бірақ, бұл, сондай-ақ, барлық шарттардың орындалуының және тосқауылдардың болмауының қажеттігін ескеріп, қажетті дәлелдерді қоятын адамның шариғат тұрғысынан қажетті мамандық-дәрежеге ие болуын да білдіруде. Мұндай адамдар болып заңдарды түсіндірудің тәсілдерін игерген және барлық қажетті жағдайларға баға бере алатын шариғат судьялары табылады.

Өзге жақтан қарағанда, шариғи білімін аяқтамаған адамдар, дәлелдеу тәсілдері және осыған қатысы бар барлық нәрсе туралы білімі жеткіліксіз болғандықтан, мұндай міндеттерді орындай алмауы мүмкін. Бұл жерде белгілі біреудің күпірлікке кіргендігі жөніндегі пайымдауды дәйекті түрде негіздей алатын шариғат судьясының шешімі керек. Бұл діннен шығушылықта айыптауға душар етуі және көптеген  салдарға ие болуы  мүмкін.

Егер осы айқын болса, онда Сүннет пен келісімнің жақтаушыларынан болған дін-ғалымдарының иманын және Исламы мен сенімінің  дұрыстығын қаралаудан өзгеден де көбірек сақ болу керек. Тұтас алғанда, мұсылман діндар-ғалымдары дінге қатысты болған барлық нәрсемен айналысады. Олардан (адамдар) дінді және ақиқатты жалғаннан ажыратуды үйренеді. Міне сондықтан Пайғамбардың: «Егер адам өзінің (Исламдағы) бауырына: «Әй, кәпір!» – десе, бұл олардың біреуіне қайта оралады » әл-Бухари «Сахих», № 6104 хадис; Муслим «Сахих», №60 хадис,  – деген сөздері бірінші кезекте оларды күпірлікте айыптайтындарға қатысты, және мұндай сөздер міндетті түрде не оларды айтқан адамға, не олар кімге бағытталып айтылған болса, соған қайтуы керек. Бұл оларды айтып жатқан адамға ұлы қауіп болып табылады, өйткені егер өзге адам ол айтқандай болып табылмаса, онда кәпір деп осындай айыптауды таққан адамның өзін есептеу керек болады. Міне сондықтан осы тәрізді мәлімдемелерге оте сақтықпен қарау керек.

Діндар-ғалымдар шариғаттың, Құран мен Сүннеттің кең түсінігіне ие екеніне және шариғаттың нұсқауларын білетініне күмән жоқ, бұл оларға мәселелерді жан-жақтан қарауға мүмкіндік береді.

Фикх  мәселелерін шешу екі алғышарттарға негізделеледі. Біріншісі болып – тиісті нұсқаудың бар болуы табылады, бұл оны дәлел ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. (Нұсқау дегенде) Құран мен Сүннеттің таласты мәселе бойынша нұсқауы аталып тұр, ең алдымен оны табу керек, ал кейін түсіну қажет, нәтижесінде діндарларға осы аяттың немесе хадистің мағынасы неде екіндігі айқын болады.

Екінші алғышарттың мәні осы нұсқаудың белгілі бір шешімге қатыстылығын анықтауда, басқаша айтқанда тиісті шешім шығару үшін осы мәселені қандай да бір нұсқаумен байланыстыруға болатынын анықтауда.

Мұндай қатынасты анықтау ижтхадпен байланысты . Діндар-ғалымдар білімнің шыңына әлі жетпеген адамдардан ерекшеленеді, өйткені көптеген осындай адамдар бірінші алғышарт туралы түсінікке ие болуы мүмкін, бірақ екіншісі туралы, яғни қажетті шешім шығару үшін қандай да бір мәселені шариғаттың тиісті нұсқауымен қалайша байланыстыру туралы ешнәрсе білмеуі мүмкін.

Мұның барлығы білім ізденушіден абайлық танытуды талап етеді, ал оның ожданы таза болуы үшін ол өзі білмейтін нәрсені қараумен айналыспау қажеттігін ұмытпауы керек. Және адам өзінен көбірек білетіндердің қатарынан бір адам болса да басқа пікірді ұстанатынын көрсе, бұл оның таңдаған бағытының дұрыстығы туралы оған күмән ұялатуы мүмкін, басқа пікірді көптеген діндарлар ұстанатын жағдайды тіпті айтпағанда.

Міне сондықтан ірі діндар-ғалымдарды олар көпқұдайшыларды қолдайды деп айыптау төменде келтірілетін бірнеше себептерге байланысты өте қауіпті болып табылады.

1. Ірі діндар-ғалымдар, хауариждердің баскөтерулері кезінде сахабалар істегендей, ақиқатты түсіндіреді, және осының себебімен оларды біреу күпірлікте айыптаса, бұл әлі оның мұнысы дұрыс екендігін білдірмейді.  Мұндай адам өз-өзіне қарсы қылмыс жасауда, ал шариғат судьясы мұндай әрекеттерді тоқтату керек және күнәлі адамды өнегелі ғибратты жазаға тарту қажет, бұл оны болашақта осындай әрекеттерді жасаудан ұстап қалады. Егер ешкім де осындай жағдайларда шариғат бекіткен ғибратты жазалға тартылмаса, мұндай әңгімелер жиі жүретін болады. Бұрын судьялар мұсылманды ол өзінің бауырын ит деп атаған үшін немесе осыған ұқсас бір нәрсе айтқаны үшін ғибратты жазаға тартушы еді, өйткені бұл оның ар-намысына нұқсан келтіруші еді. Ал іс мұсылман, егер ол Аллаһтан қорықса, тағуға тиісті болмаған осындай ауыр айыптауларға қатысты болып жатса, мұндай жазаны қолдану тіпті кажет-ақ.

Енді көпқұдайшылар мен кәпірлерді қолдау туралы мәселеге келсек. Біз бірқатар кездесулерде бұл мәселені зерттеумен айналысып, тиісті түсіндірмелерді беріп, иманға ие болу – оған ұмтылу және күпірліктен аулақ болу дегенді білдіреді дегенге нұсқаған болатынбыз, өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтты:

«Шынайы түрде сендердің қамқоршыларың – тек қана Аллаһ және Оның Елшісі және намазды толық орындайтын, зекет беретін әрі рұкұғ қылушы мүміндер. Кім Аллаһқа, Елшісіне және мүміндерге жақындықты іздесе, міне солар – шынайы түрде Аллаһты жақтаушылар. Солар, жеңіске ие болады». (әл-Мәидә сүресі, 55-56 аятттар).

Және иманды болу деген – түрлі құдайлардан және оларға ғибадат етуден өзін аулақ етуді білдіреді, өйткені Аллаһ Тағала айтады:

«Сол уақытта Ибраһим әкесіне әрі еліне: “Шын мәнінде мен сендердің табынған нәрселеріңнен бездім; мені жаратқан (Аллаһқа) ғана (құлшылық етемін). Расында, Ол мені тура жолға салады”, – деді.  Ибраһим өз ұрпақтарына бұл сөзді  (айнымас) мұра етіп, қалдырды. Әрине, олар осыған қайта оралар ». (әз-Зухруф сүресі; 26-28-аяттар).

Сөйтіп, иманның негізі – оған деген жақындық және күпірліктен, Аллаһтан өзге кімге болса да ғибадат етуден өзін аулақ ұстау болып табылады, ал бұл – иман келтіргендермен достық қарым-қатынаста болып, кәпірлерге қатысы болмауды білдіреді.

Достық қатынастарды дін және дүние істерінде танытуға болады. Егер сөз дүние істері туралы болып жатса, онда бұл мұсылманды діннен шығармайды. Бұның мысалы болып –  құрмет көрсету, кішіпейілділік таныту, діңге шақыру және сөйлесу табылады. Мұсылман адам осылайша христиан-әйелімен, немесе мұсылман болмаған әкесімен қарым-қатынас жасай алады.

2. Жақындасу мақсатымен емес, тек қана ортақ дүниелік мүдделер үшін ғана болған достық қарым-қатынас, тіпті бұл дін мәселесіне қатысты кейбір кемшіліктерге соқтырса да. Бұған мына аят нұсқайды:

«Әй мүміндер! Менің дүшпандарымды да, өз дүшпандарыңды да дос түтпаңдар. Олар, сендерге келген шындыққа қарсы келсе де, оларга сүйіспеншілік көрсетесіңдер». (әл-Мумтәхинә сүресі, 1-аят).

Бұл жерде олар иман келтірмегендерге сүйіспеншілік көрсеткендігі айтылуда, дегенмен Аллаһ оларды иман келтіргендер деп атап тұр. Көптеген ислам ғалымдары Аллаһтың бұл сөздері мұндай адамдардың әрекеттері күпірліктің сипаты болмайтындығына нұсқайды деді.

Міне сондықтан, белгілі хадисте жеткізілетініндей, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Хатибтен, оның сырды жариялауын ескеріп: «О Хатиб, мұны істеуге сені не мәжбүрледі?» – деп сұрады. Хатиб, Аллаһ оған разы болсын, бұған жауап беріп, мұны діни мүдделерді емес, дүние мүдделерін көздеп істегенін айтты.

Кәпірмен оның дініне байланысты достық қарым-қатынасты ұстау: яғни сүйіспеншілік танытудың және қолдау көрсетудің себебі болып көпқұдайшылдық табылса, басқаша айтқанда кәпірді оның дініне байланысты жақсы көру. Мұндай жағдайларда достық қарым-қатынасты ұстау мұсылманды кәпір етеді, өйткені бұл – Аллаһ сақтауға бұйырған кемел дінмен үйлеспейді. Аллаһ тағала айтады:

«Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген адамдардың Аллаһқа, Елшісіне қарсы келгендерді сүйгенін көрмейсің». (Мужәдәлә сүресі, 22-аят).

Ал көпқұдайшыларға қолдау көрсетуге және оларға мұсылмандарға қарсы көмектесуге келер болсақ, мұндай әрекеттер адамды Исламның шеңберінен тыс қояды, бұған нұсқау ханбәлилердің фикх еңбектерінде келеді. Ғалымдар, солардың ішінде  шейх-уль-ислам Мұхаммед бин Абд әл-Уаххаб, бұл адамның Исламын жоққа шығаратын он нәрсенің құрамына кіреді және екі нәрсеге: қолдауға және көмекке негізделеді деген.

Шейх: «Көпқұдайшыларды қолдау және оларға мұсылмандарға қарсы көмек көрсету», – деді.  Бұл жерде кез-келген әдістермен қолдау көрсету, мұсылмандардан болған әлде кім көпқұдайшыларды, олардың жағына шығып қорғау және оларды қорғау үшін мұсылмандармен соғысу  тұспалданып тұр.

Ал көмекке келер болсақ, сөз күпірлік Исламнан үстем болуына ұмтылу туралы болып тұр, өйткені көпқұдайшылға көмек көрсетудің жай өзі ғана мұсылманның күпірлігіне айғақ бола алмайды. Сол сияқты, Хатиб та өзінің қылығымен көпқұдайшыларға Аллаһтың Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қарсы көмек көрсетті, ал бұл оның оларға Аллаһтың Елшісі жорыққа шығайын деп жатқанын хабарлап хат жазуында көрініс тапқан еді. Бұдан хабардар болған Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, одан мұның рет-жөні туралы сұрай бастады, ал бұл нәрсе егер мұсылман көпқұдайшыларға көмек көрсеткен жағдайда  істің барлық жағдайын анықтап алу қажеттігіне нұсқайды. Мұндай әрекеттер туралы Аллаһ Тағала былай деді:

«Сендерден кім бұны істесе, расында ол тура жолдан адасты». (әл-Мумтәхинә сүресі, 1-аят), дегенмен мұндай әрекет тек бір белгілі мақсатты көздеп іске асырылғанда ғана күпірлікке нұсқау бола алады. Хатиб былай деді: «Йә, Аллаһтың Елшісі! Мен мұны Исламнан кейін күпірлікке ұмтылғаннан істемедім. (Істің мәні мынада) мен құрайштердің арасында өмір сүрдім, бірақ олардың қатарынан емес едім. Сенің жаныңдағы мухажирлердің Меккеде туысқандары бар, ал олар олардың отбасылары мен мал-мүлкін қорғайды. Ал менің (құрайштар) арасында туысқандарым жоқ болғандықтан, мен, өзімнің жақындарымды қорғау үшін, оларға бір нәрсе істегім келді». (Оны тыңдап болып) Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Аллаһ Бәдр қатысушыларына қарады да: «Нені қаласаңдар соны істеңдер! Мен сендерді кешіріп қойдым!» – деді». әл-Бухари «Сахих», № 4890 хадис; Муслим «Сахих», №2494 хадис.

Хатибтің істегенінің екі аспектісін көрсетуге болады. Біріншісі – одан рет-жөні сұралған нәрсе. Ол мұны күпірлік Исламнан үстем болсын деген мақсатпен істеді ма, осыны анықтау қажет еді. Мұндай жағдайда ол күмәнсіз күпірлікте айыпталуға лайық болар еді және, Бадр соғысына қатысуына қарамастан, кешірілуге тиісті болмас еді, өйткені мұндай іс діннен шығумен пара-пар.

Екіншісі – оның адасу және күнә болатын белгілі мағынада көпқұдайшыларға көмек көрсеткен болуы мүмкін екендігі, өйткені Аллаһ Тағала былай деді:

«Әй мүміндер! Менің дүшпандарымды да, өз дүшпандарыңды да дос түтпаңдар. Олар, сендерге келген шындыққа қарсы келсе де, оларга сүйіспеншілік көрсетесіңдер». (әл-Мумтәхинә сүресі, 1-аят).

Аллаһ тағала сондай-ақ былай деп айтты:

«Сендерден кім бұны істесе, расында ол тура жолдан адасты». (әл-Мумтәхинә сүресі, 1-аят) Мұның барлығы осындай істерде істің мән-жайын анықтау қажеттілігі айқын екендігіне нұсқайды. Ал егер көпқұдайшыларға оларды қорғау мақсатымен қолдау көрсету және олармен бірге мұсылмандарға қарсы шығуға келер болсақ, мұндай әрекеттер, діндар-ғалымдар түсіндіргендей, адамның Исламын жоққа шығарады.

Мұндай сұрақтар кең және ұзақ жауаптарды талап етеді. Көптеген тиісті зерттеулер шейх Абд әл-Азиз Ибн Баз және шейх Мұхаммед бин Усаймин тарапынан  алдақашан жүргізіліп жатқанына қарамастан, мұндай сұрақтар, өкінішке орай, қайталанып қойылуда және біз өзгелерді күпірлікте айыптау  әдеті адамдардың арасында солайымен жойылмайды ма деп қорқамыз.

Хауариждер және хауариждік көзқарастар ешқашан жойылмайды, ал адамдар өздерін түзетпесе және сақтық танытпаса, үнемі бір нәрседе адасуда болады.

Біз барлығымыз сақтық танытуымыз, ақиқатты тануға тырысуымыз, бірімізді-біріміз оны ұстануға талпындыруымыз және Пайғамбарлардың мирасқорлары болған дін ғалымдарын қаралауды өзімізге рұқсат етпеуіміз керек. Ибн Асакир өзінің «Жалақордың өтірігіне нұсқау» атты кітабының басында: «Ғалымдардың еті уланған  және Аллаһ оларды қаралаушылармен не істейтіні белгілі», – деп өте жақсы айтқан. Мұның барлығы – ақиқат және тәжірибемен расталады.

Бізді де, сізді де Аллаһ қате сөздерден мен істерден және жаман көзқарастардан сақтасын, Ол адасқан мұсылмандарды ақиқат жолына шығарсын және біз бен сізге ақиқатты түсіндірсін.

Күпірлікте айыптауға және адасуға қатысты мәселелерде өзгеше көзқарастарды ұстанатын және заттарды олардың іс жүзіндегі кейпінен өзгеше көрсетуге тырысатын адамдарға қалайша жауап беру керектігін біз түсініп алуымыз қажет.

Біріншіден, өтірікке өтірікпен жауап бермеу керек, өйткені жалғанға ақиқатты қарсы қою керек. Егер каңдай да бір адам бізді күпірлікте айыптаса, біз оны бұл үшін күпірлікте айыптамауымыз керек, егер қандай да бір адам бізді діңге жаңалақ енгізушілікте айыптаса, біз осы үшін оған да осындай айып тақпауымыз керек. Мұндай жағдайларда өтірікке тек ақиқатты ғана қарсы қою керек, Сүннет пен келісім жақтаушыларының имамдарынан болған біздің алдыңғы салиқалы буын өкілдері де осылай істеген.

Екіншіден, мұндай адамдарға ақиқат жолын насихаттауға тырысу керек және оларға қандай әдістер қолайлы болатындығы жөнінде ойлану керек. Егер олар ізгі насихатқа мұқтаж болса, оларға мұндай насихатты беру керек,  ал егер күмән туғызатын нәрселерді түсіндіру керек болса, оларға қажетті түсіндірмелерді беру керек, мүмкін осылар арқылы Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһ олардың кейбіреуін ақиқат жолына, Ибн Аббас, Аллаһ оған разы болсын, арқылы хауариждердің кейбірін салғандай, салар.

Бұдан тыс, өзінің Ұлы Раббысынан ғана олардан пана таба алатын, барлық тоқыраулардың, бүліктердің және жұтаулардың кезінде,  адам Оған тілек–дұғалармен жалбарынуы керек.  Кім өзінің Раббысымен байланысын үзіп, Оған дұға-тілектерімен көмек сұрап жалбарынбаса, опат болады. Егер тіпті Аллаһтың қолдауына ие болған және ақиқатқа уахи арқылы бағытталып отырған Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің өзі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «О Аллаһ, Өзіңнің рұқсатыңмен мені, (адамдар арасында) оған қатысты қайшылық туындаған, ақиқатқа бағытта! Ақиқатында, тура жолға Сен қалағаныңды саласың!» – деп жалбарынатын болса, біз және біз сияқтылар туралы не айтуға болады? Біз, әрине, тілеу мен жалбарынуға көбірек мұқтажбыз. Біз өзіміз үшін және осындай мәселеде олар ақиқатқа қарсы шығып жатқаны бізге мәлім болғандар үшін дұға етуіміз керек.

Алайда, егер біреу басқаларды күпірлікте айыптап, адасып, адамдарға дұшпандық танытып және оларды қаралап, дұрыс істемей жатса, бұл – біз де оларға солайша жауап беруіміз керек дегенді білдірмейді. Жоқ, бұл жерде сабр танытып, мұндай адам үшін дұға етуіміз керек, өйткені білім ізденушінің мақсаты – адамдарды түзеуде. Олар сенің сөздеріңді тыңдауы не тыңдамауы мүмкін, бірақ оларды тура жолға салу міндеті саған жүктелмеген, өйткені мұны Аллаһ қалағанына нұсқайды.

(1) Яғни өздерің ойларыңнан шығарған және ешбір мығым негізі болмаған ешбір нәрсені рұқсат етпеңдер және тыйым салмаңдар.

(2)Бұл жерде қандайда бір діни-құқықтық мәселе бойынша шығарылатын шешім меңзеліп тұр.

(3)Кеңес дұрыс емес болып, ал оған ілескен адам күнә жасаған жағдай айтылып тұр.

(4)Хатиб құрайштерді Пайғамбар Меккеге жорыққа дайындалып жатқандығы туралы хабардар еткісі келді.

(5)Құрайштар – Пайғамбар Мухаммед, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, шыққан Меккелік араб тайпасы.

(6)Алдын Хатиб құрайштардың одақтасы еді және олармен бірге тұратын, бірақ шыққан тегі бойынша ол құрайш тайпасынан емес еді.

(7)Мухажирлер – Пайғамбармен бірге Меккеден Мәдинаға қоныс аударған оның сахабалары.

(8)Сөйтіп, Хатиб, егер құрайштар мұсылмандардың Меккеге жорығы туралы біліп қалса, олар Пайғамбарлардың сахабаларының өздерінің арасында қалып қойған отбасыларын құдалай бастайды деп қорықты.

(9)624 ж. болған бұл шайқаста мұсылмандар құрайштар үстінен өзінің ең алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізді. Оның қатысушылары мұсылмандардың арасында ерекше құрметке ие.

(10)Яғни Исламды қабылдағанын жариялаған адамды.

(11)Яғни сен осындай сөздерді айтқан адамды өлтіргенің Аллаһтың алдында үшін қалай ақталасың?

(12)Бұл жерде Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары аталып тұр.

(13)Үшінші ізгі халифа Усман бин Аффан 644 – 656 жж. ел басқарды.

(14)Ибн Аббас – Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, немере-інісі, мұсылмандардың арасында үлкен құрметке ие болған Құранның ең алғашқы тәпсірлеушілерінің бірі.

(15)Яғни сіздер белгілі уақыт бойы өздеріңнің мінез-құлықтарыңмен өзгелерге иман келтірген екендеріңді білдіруге тырысқан соң, өздеріңнің күпірліктеріңді білдірдіңдер.

(16)Муржиялар («иржә» – «кейінге қалдыру» сөзінен) – иманды амалдан биік қоятын және адамның бұл дүниедегі қалпы туралы үкімді «кейінге қалдыратын» түрлі догматикалық мектептерге ілесушілердің жалпы атауы.

(17)Яғни осы сөздерді айтқан адамға, немесе осы сөздер кімге қатысты айтылған болса, сол адамға.

(18)Фикх – кең мағынада мұсылмандық  құқық; мұсылманның мінез-құлық ережелері туралы доктрина.

(19)Ижтихад – Құран мен Сүннетте тікелей нұсқау келмеген діни-құқықтық сипаттағы мәселелерді дербес шешуге құқығы бар абыройлы діндар-ғалымның іс-әрекеті. Ижтихадпен тек араб тілін мүлтіксіз игерген, Құранды және оның тәпсірлерін жатқа білетін, Сүннетті және оның түсіндірмесін жетік танитын және басқа да бірқатар талаптарға сәйкес келетін тұлғалар ғана айналыса алады.

(20)«Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқ» сөздері айтылып тұр.

(21)Яғни олардың ішінен көпқұдайшылыққа түскендері бірқұдайшылықты мығым ұстанатындардың шақыруына құлақ салып, ақиқат жолына қайта оралатынына үміт етіп.

(22)Ғалымдарды қаралайтын адам өзіне Аллаһтың қаһарлы жазасын шақырып алуы мүмкін екендігіне нұсқайтын астарлы сөз.

Өзін-өзі өлтіру актілері туралы мәселе бойынша шешім
Шейх Мұхаммед бин Салих әл-Усайминннің,

Аллаһ оны рахымына бөлесін, жауаптары

Қазылған орлардағы от-жалынға тасталып өлтірілген иман келтіргендер  туралы айтылатын хадистің(1) мағынасын түсіндіріп және одан алынатын пайдаларға нұсқап, шейх, Аллаһ оны рахымына бөлесін, былай деп айтты:

«Адам барлық мұсылмандардың игілігі үшін өзін қиюы мүмкін. Сөйтіп, осы жасөспірім патшаға ол соны жасаса өзінің (жасөспірімнің) қаза болуына әкелетін нәрсені нұсқады.

Шейх-уль-ислам Ибн Тәймийә былай деді:

«Бұл – Аллаһтың жолындағы джихад болғандықтан, адамдар иман келтірді, ал ол ешнәрсе жоғалтпады, өйткені ол – ерте ме, кеш пе – өлер еді».

Ал өзінің денесіне жарылғыш заттарды байлап алып, өзге діндегілердің аламан арасына кіріп, өзін олармен қоса жарып жіберетін кейбір адамдардың әрекеттеріне келер болсақ, бұл – өзін-өзі өлтіру болып табылады, бұдан бізді Аллаһ сақтасын, өйткені өзін-өзі өлтіруші тозақ отында мәңгі қалады, бұл жөнінде сахих хадистердің бірінде айтылады(2) . Мұндай өзін-өзі өлтірушілік мұсылмандардың мүддесіне сәйкес келмейді, өйткені адам өз-өзін опат етсе және өзімен қоса он, жүз немесе екі жүз өзге өмірлерді алып кетіп жатса, бұл Исламға пайда әкелмейді, өйткені бұдан кейін өзге адамдар, хадисте келтірілген жасөспірім өлгеннен кейін оның дінін қабылдаған оның өлімінің куәгерлері сияқты Исламды қабылдамайды. Қала берсе, мұндай әрекеттер дұшпандарды одан әрі ызаландырады, сөйтіп олар мұсылмандарды ең сұрапыл тәсілдермен қыруға кіріседі.

Израиль үкіметінің палестиналықтарға қатысты істеп жатқан әрекеттері бұған мысал бола алады. Палестиналық біреу өзін-өзі жарып, бес-алты адамды өлтіргеннен кейін билік одан он есе көп палестиналықтарды тұтқындайды, ал бұл – мұсылмандарға да, араларында осындай жарылыстар  орын алып жатқан адамдарға да ешқандай пайда әкелмейді.

Міне, сондықтан біз осылайша істеп жатқан адамдар хақысыз өздерін-өздері өлтіріп жатыр, және бұл оларды міндетті түрде тозаққа әкеледі деп есептейміз, Аллаһ бізді одан сақтасын. Мұндай адам шахид болып табылмайды . Егер ол мұны қателесіп, өзінің істеп жатқанын рұқсат етілген амал деп есептеп, істесе, біз оның күнәсі кешіріледі деп үміттенеміз, алайда ол шахид болып табылмайды, өйткені ол шахид(3) істеуге тиіс болған амал істеген жоқ.

Сұрақ: «Өзге діндегілердің ортасында, олардан кек алу үшін, өзін-өзі жарып жіберетін адам туралы қандай шариғи шешім шығару керек? Мұндай әрекеттерді өзін өлтіруді нұсқаған жасөспірім туралы хадиске жүгініп  ақтауға болады ма?»

Жауап: «Дұшпандарды өлтіру үшін өзін-өзі жарылғышпен орап алатын адам – өзін-өзі өлтіруші, және бұл жөнінде сахих хадистердің бірінде айтылғандай, ол тозақ отында өзін-өзі өлтірген нәрсесімен мәңгі азапталады.

Міне сондықтан Аллаһ Тағаланың: «…өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер, (өйткені) ақиқатында Аллаһ сендерге рахымды» (ән-Нисә сүресі, 29-аят), – деген сөздерін оқып, кейін осындай амалдарды жасайтын адамдар таң қалдырады.  Олардың амалдарының нәтижесінде дұшпан жеңіліс табуда ма? Әлде мұндай жарылыстардан кейін, Израильде болып жатқандай, дұшпандар мұсылмандарға қатысты бұрыңғысынан да көбірек тәкәппарлық пен сұрапылдық танытуда ма? Ал қазірше біз ол жақтағы соңғы референдумда арабтарды өлтіріп-жоюды қалаған оңшылдар жетістікке жеткенін көрудеміз.

Алайда біз Аллаһ Тағаладан мұндай қадамға надандықпен, осы оны Аллаһқа жақындатады деп, барған адамдарды жазаламауын тілейміз.

Жасөспірім туралы хадиске жүгіну туралы айтар болсақ, онда ол жерде дұшпаннан кек алу туралы емес, адамдар Ислам қабылдағаны туралы айтылып жатқанын ұмытпау керек. Патша адамдарды жинап, жасөспірімнің жебе қабынан жебені алып: «Бұл жасөспірімнің Раббысы – Аллаһтың атымен!» – деген кезде, барлық адамдар: «Бұл жасөспірімнің Раббысы – Раббы болып табылады!» – деп айқайлай бастады. Сөйтіп, осының себебімен көп адамдар Исламды қабылдады. Ал егер жарылыстардан кейін де осылай болғанда, онда біз: «Бұл хадисті дәлел ретінде келтіруге болады және  Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оны бізге соған сәйкес келетін қорытындылар шығару үшін жеткізді», – деп айтар едік. Ал іс жүзінде, өз өмірін қиып, он немесе жүз шақты дұшпанды өлтіруді қажетті деп есептейтін адамдардың әрекеттері, дұшпандардың одан сайын ызалануына және өздерінің ұстанымында  одан сайын табанды тұруына әкеледі.

(1)Муслим «Сахих», № 3005 хадис. Бұл хадисте бір патша оған өз дінінен бас тартуды бұйырған жасөспірім туралы баяндалады. Жасөспірім бұған келіспеді, сонда патша оны өлтіруді әмір етті, бірақ, оның қызметкерлері бұл әмірді орындауға қанша тырысса да, оған еш нәрсе істей алмады. Әрі қарай бұл хадисте былай баяндалады:

«Жасөспірім патшаға: «Менің бұйырғанымды істемесең, Сен мені ешқашан өлтіре алмайсың!» – деді. Патша одан: «Ол не?» – деп сұрады. (Жасөспірім): «Адамдарды бір төбеге жина да, мені пальманың діңгегіне байлап таста. Сосын менің жебе қабымнан жебені ал да, оны садақтың ортасына қойып: «Бұл жасөспірімнің Раббысы – Аллаһтың атымен!» – деп айт, ал содан кейін ат. Ақиқатында, сен мені осыны істесең ғана өлтіре аласың», – деп жауап берді. Сонда (патша) бір төбеге адамдарды жинап, (жасөспірімді) пальманың діңгегіне байлап, оның жебе қабынан жебе алып, оны садақтың ортасына қойып: «Бұл жасөспірімнің Раббысы – Аллаһтың атымен!» – деп оқ атты, оқ жасөспірімнің самайына қадалды. Ол өз самайын қолымен ұстаған күйінде өлді, ал адамдар: «Біз бұл жасөспірімнің Раббысына иман келтірдік!» – деп айта бастады.  Содан соң патшаға (оның адамдары) келіп: «Сен өзің сескенген нәрсең туралы не айтасың? Аллаһтың атымен ант етеміз, сенің қорыққан нәрсең басыңа келді, өйткені адамдар иман келтірді!» – деді. Сонда патша (қала) қақпаларының қасынан орлар (қазуды) бұйырды, ал орлар қазылып болып, оларға от жағылған соң, (патша): «Өз дінінен бас тартпағанның әрбірін отқа тастаңдар!» – деді.

(2)Бұл хадисте Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Кім өзін таудан (арнайы) тастап опат етсе, өзі мәнгілікке (тасталатын) тозақтың (отына) үздіксіз төмен қарай құлай береді; кім (арнайы) у ішіп өзін опат етсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) тозақтың (отында) оны қолында ұстап, үздіксіз ішеді; кім өзін темірмен өлтірсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) тозақтың (отында) сол темірді қолына ұстап, онымен өзінің қарнына үздіксіз соға береді», – деп айтқаны жеткізіледі. әл-Бухари «Сахих», № 5778.

(3)Шахид — дін үшін   қаза болған адам.

Адам өлтіру мәселесі бойынша шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузанның, Аллаһ оған есендік берсін, жауаптары
Сұрақ: «Алжирдағы Исламға шақырушылардың біреуі өзінің жазған бір кітабында адам өлтіру Сүннетке сәйкес келеді, бірақ ол Сүннеттің ұмытылған әдеттеріне қатысты деп тұжырымдайды. Дәлел ретінде ол Кааб бин әл-Ашрафты және мұсылман әйеліне көз тігіп қараған яхудиді  өлтіру туралы хабарларды келтіреді. Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?»

Жауап: «Кааб бин әл-Ашрафты өлтіру туралы хабар адам өлтіруді рұқсат етуге дәлел бола алмайды, өйткені Кааб бин әл-Ашраф сол кезде әмір болған Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұйрығы бойынша өлтірілді, және Кааб бин әл-Ашраф, белгілі келісім-шартқа сәйкес, оның қоластындағылардың қатарына жататын еді. Бұл адам келісім-шарттың шарттарын бұзды да,  сатқындық жасады, ал бұл жағдай оның өлтірілуін рұқсат етті, ал мұның мақсаты бұл адамды ол мұсылмандарға тигізіп жатқан зияннан тоқтату болды. Ол, қазір туристтерді өлтіруге байланысты орын алып жатқандай, әмірден тәуелсіз түрде әрекет жасайтын жеке бір тұлғалардың немесе адамдардың топтарының үкімі бойынша өлтірілмеді. Ондай әрекеттер анархия деп бағаланады, ал Ислам оларды құптамайды, өйткені олар Исламға және мұсылмандарға үлкен зиян тигізеді».

Аллаһтың жолындағы джихадтың артықшылығы
шейх ‘Абдур-Раззақ әл-Бәдрдің «Джихадтын даналықтары мен ережелерінен жақсы жемістер» кітабын жариялауды жалғастырамыз:

Бесіншісі:

Аллаһтың жолындағы джихадтың артықшылығы

Егер осыдан алдыңғы тарау Аллаһтың жолындағы джихадтың мақсаттары мен даналығының түсіндірмесі болған болса, онда Құран мен Сүннетте джихадтың артықшылығы және оған қатысушылардың артықшылығы туралы дәлелдер келтірілгендігі – таңданатын нәрсе емес.

Атақты ғалым Ибн әл-Қаййим былай деп айтты: “Джихадтты марапаттайтын, оны жасаушыларды мақтайтын, және ол үшін  Раббылары оларға түрлі құрмет көрсетулер мен мол сыйлықтар түрінде ұлы сый дайындап қойғандығымен сүйіншілейтін Аллаһтың кітабынан аяттар және Сүннеттің мәтіндері өте көп. Және бұл үшін Аллаһ Тағаланың айтқан мына сөздері жеткілікті: «Әй мүміндер! Сендерге жан түршігерлік азаптан қүтқаратын бір сауда көрсетейін бе?» Және жандар Аса Білімді және Дана Аллаһтың нұсқаған саудасын қатты қалаған соң, Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһқа және Оның Елшісіне иман келтіріңдер және Аллаһтың жолында мал-мүліктеріңмен және жандарыңмен соғысыңдар!» – деді. Жан қауіпсіздікте өмір сүріп-тұруды қалайтын сияқты, сондықтан Аллаһ: «Егер сендер білсеңдер еді, осы сендерге қайырлы», – деді. Яғни джихад сендер үшін өз өмірлерің мен денсаулықтарыңды сақтап қалу үшін қарап отырудан жақсы. Және жан: «Ал джихадта бізге қандай енші бар?» – деп сұрап жатқан сияқты. Ал Аллаһ: «Ол сендердің күнәларыңды жарылқайды», – деп, және жарылқап: «Сендерге астарынан өзендер ағатын бейіштерге, Ғадын жәннаттарындағы орындарға кіргізеді. Зор табыс осы», – деп жауап берді. Содан соң жандар былай деп айтқандай болды: «Бұл соңғы өмірде. Ал бұл өмірде бізге не беріледі?» Және Аллаһ былай деп жауап берді: «Тағы басқа сендер жақсы көретін бір нәрсе бар: Аллаһ жақтан бір көмек және жақын бір жеңіс бар. Мүміндерді қуандыр!» (Саф, 10-13). Аллаһпен ант етемін, бұл сөздерден не тәтті болуы мүмкін! Және олардан артық жүректерге не жақын болуы мүмкін! Олар нендей күшті етіп өздеріне тартады және нендей Раббыларына апарар (керемет) жолға салады! Олардың үкімі әрбір сүйетін жүрекке нендей ізгі.  Жүректің байлығы нендей ұлы! Және осы сөздердің мәні оған жеткеннен соң оның өмірі нендей сүйсінерлі! Және біз Аллаһтан Ол бізге Өзінің рахметін жаудыруын тілейміз!  Ақиқатында, Ол – Аса Жомарт, Ерекше Рахымды!” “Тариқ әл-хиджратәйн” 583-584.

Джихадтың артықшылығын хадистер де дәлелдейді. Солардың ішінде Му’аз ибн Джәбәлдің мына хадисі де бар: «Бұл істің (діннің) басы – Ислам, тірегі – намаз, ал шыңы – Аллаһтың жолындағы джихад болып табылады». Ахмад 5/231, ат-Тирмизи № 2616.

Сондай-ақ ‘Убада ибн әс-Самиттің, Аллаһ одан разы болсын, хадисінде Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһтың жолында соғысыңдар, өйткені Аллаһтың жолындағы джихад – Аллаһ олар арқылы уайым мен қайғыдан құтқаратын  Жәннәт қақпаларының бірі болып табылады», – дегені жеткізіледі. Ахмад 5/314.

Абу Хурайраның, Аллаһ одан разы болсын, хадисінде былай деп айтылады: «Аллаһтың жолында күресуші ораза ұстаушыға, намаз орындаушыға, Аллаһтың аяттарының алдында бар ұрып, оразадан да, намаздан да шаршамайтынға ұқсас. (Және оның жағдайы) ол Аллаһтың жолынан оралғанша осылай. Және Аллаһ Өзінің жолында күресушіге оның жанын алып оны Жәннәтқа кіргізуге деген, немесе оны аман-сау сый-сыяпатпен не олжамен оралуға деген үміт берді». әл-Бухари № 2787, Муслим № 1878.

Джихадтың және Аллаһ жолында күресушілердің артықшылығы туралы және шынайы (шын ықыласты) мужәхидтерге  Аллаһ бұл және Соңғы өмірде әзірлеп қойған жоғары мәртебелер мен аса зор сыйын түсіндіретін Кұран аяттары мен пайғамбарлық хадистер оте көп.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Джихадты орындау туралы әмірлер мен оның артықшылы туралы ескертпелер Кітап пен Сүннетте соншалықты көп болғандықтан, оларды санау мүмкін емес. Сондықтан джихад адамның ерікті амалдарының ең абзалы болып табылады, және ғалымдардың бірауызды келісімі бойынша ол – қажылық пен умрадан да, нәпіл намаздан да,  нәпіл оразадан да абзал, бұл жөнінде Кітап пен Сүннет нұсқағандай…

Бұл – кең тақырып, және амалдарға берілетін сый мен олардың артықшылығында оған ұқсас ешнәрсе келтірілмеген.  Және бұл – назар салғанда әп-айқын. Өйткені джихадтан келетін пайда оны орындаушыға да, басқаларға да дін мен дүние тіршілігінде ортақ болады. Ол ішкі және сыртқы ғибадаттардың барлығын өзіне қамтиды. Ол өзіне Аллаһ Тағалаға деген махаббатты, Оған деген ықыласты, Оған деген тәуекелді,  Ол үшін жан мен мал-мүлікті пида етуді, сабр мен ұстамдылықты, Аллаһты зікір етуді және басқа да өзге амалдар қамтымайтын ғибадаттарды біріктіреді.

Және оны орындаушы тұлға немесе қауым үнемі екі игіліктің арасында болады: не жәрдем және жеңіс, не шахидттік және Жәннәт. Өйткені жаратылғандарда міндетті түрде өмір және өлім болады. Осыда (джихадта) олардың өмірі мен өлімін олардың бұл дүниеде және Ақыретте бақытқа жетуі үшін пайдалану бар.  Ал оны тастауда (қалдыруда) екі дүниеде де (бақытты болуда) қаза және кемшілік бар. Өйткені, адамдардың арасында дінде және дүние тіршілігінде қуатты амалдарды жасауға ұмтылатындар бар, алайда олардың пайдасы аз.  Ал джихад, бұл амалдардың әрқайсысымен салыстырғанда, екі өмірде де пайдалырақ. Кейде тұлға өлімге тап келер болса да, жанын жеңілдетуге ұмтылады. Ал шахидтің өлімі барлық өлімнен жеңіл және барлық өлімнен абзал”. “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/352-354.

Құрметті шейх Ибн Баз былай деп айтты: “Ақиқатында, Аллаһтың жолындағы джихад Аллаһқа жақындаудың ең жақсы жолдарына және ең үлкен ғибадаттарға жатады, және бұл тіпті Аллаһқа жақындататын нәрселердің және міндетті болған амалдардан кейін жарысатын нәрселердің ең абзалы болып табылады. Бұл – оның мүміндерге көмек көрсетудің, Аллаһтың сөзінің үстем болуының, кәпірлер мен екіжүзділерді басудың, исламға шақыруды халықтар арасында таратудың, Аллаһтың құлдарын қараңғылықтардан жарыққа шығарудың, барлық жаратылыстардың арасында исламның керемет сипаттары мен әділетті шешімдерін таратудың және мұсылмандарға келетін өзге де көптеген пайдалардың және мақтаулы нәтижелердің себебі болғандығынан”. “Мәджму’ фәтәуә уә мәкәләт мутанәууи’ә” 18/61-62 қараңыз.

Ескертпе:

Бұл артықшылықтардың барлығы шынайы, Аллаһ Тағала заңды еткен джихадқа қатысты екенінде күмән жоқ. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия айтатын: “Құран мен Сүннет джихадты жасау туралы бұйрықтарға  және оның артықшылықтарына толы. Алайда шариғатта заңдастырылған, Аллаһ және Оның Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, бұйырған джихадтпен, кейбір адасушылықтың жақтаушылары жүргізіп жүрген бидғат-джихаттың арасындағы айырмашылығын білу қажет! Олар джихадты шайтанға бағынып жүргізуде, алайда өздері джихадты Рахманға бағынып жүргізудеміз деп ойлайды. Бұл – хауаридждердің, және солар сияқты, исламның жақтаушыларымен соғысып жүрген, өз әуестерінің және діңге жаңалық енгізудің өзге де жақтаушыларының джихады сияқты!».

Джихадтың мақсаттары
шейх ‘Абдур-Раззақ әл-Бәдрдің «Джихадтын даналықтары мен ережелерінен жақсы жемістер» кітабын жариялауды жалғастырамыз:

Төртіншісі:

Джихадтың мақсаттары

Аллаһ Тағала джихадты Исламда бұйырды және оны ұлы және мақтаулы мақсаттар үшін мұсылмандарға міндетті етті. Ол мақсаттардың бір бөлігі ғалымдардың мына сөздерінде ашылып көрсетіледі.

1. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Джихадтың мақсаты болып Аллаһтың Сөзі барлық нәрседен үстем, ал дін толығымен Аллаһ Тағалаға тән болатын жағдайға қол жеткізу табылады.  Басқаша айтқанда, оның мақсаты – Аллаһтың дінін орнату”. “Мәджму’ әл-фәтәуә” 15/170, 28/23 қараңыз.

2. Ол сондай-ақ, былай деп айтты: “Және джихадтың мақсаты -адамдардың Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етіп, Оған ғана жалбарынып, Оған ғана намаз оқып, Оған ғана сәжде жасап, Ол үшін ғана Ораза ұстап, тек Оның Үйіне ғана қажылық жасап, Оған ғана арнап құрбан шалып, Ол үшін ғана нәзір беріп, Оның атымен ғана ант етіп, Оған ғана тәуекел етіп, Одан ғана қорқуына жету болып табылады.  Өйткені, Жалғыз Ол ғана игілік береді және жамандықты жояды. Жалғыз Ол ғана  өзінің жаратылыстарын тура жолмен жүргізеді. Және оларға тек қана Ол жәрдем береді. Және оларды ризықтандырып, байытатын да тек Ол ғана. Олардың күнәларын да Одан өзге ешкім кешірмейді!” “Мәджму’ әл-фәтәуә” 35/368 қараңыз.

3. Шейх ‘Абдуррахман ибн Насыр ас-Са’ди былай деп айтты: “Джихад екі түрлі болады: өзімен мұсылмандарға есендік, ақидасының, ахлағының және олардың дін және дүние істерімен байланысты болған барлық нәрселерінің түзетілуін әкелетін джихад. Сондай-ақ, бұл джихад мұсылмандарда шынайы білімдер мен амалдарды тәрбиелейді. Джихадтың міне осы түрі – оның негізі және оның мәні болып табылады, және екінші түрі, яғни Исламды және мұсылмандарды кәпірлерден, екіжүзділерден, бидғатшылардан және діннің барлық жауларынан болған дұшпандардан қорғау меңзелетін джихад оның үстіне негізделеді”. “Уджуб та’аун бәйнә әл-муслимин” 8 қараңыз.

4. Құрметті шейх Ибн Баз былай деп айтты: “Джихад екі түрлі болады: шабуыл және қорғану джихады. Және олардың әрқайсысының мақсаты болып Аллаһтың дінін тарату және адамдарды оған шақыру, оларды қараңғылықтардан жарыққа шығару, және Аллаһтың дінінің жер бетінде салтанат құруы, және барлық дін тек Жалғыз Аллаһқа ғана тән болуы табылады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала Өзінің Ардақты Кітабында «Бәқара» сүресінде былай деп айтқанындай:  «Олармен бұзақылық жойылып, дін Аллаһқа тән болғанға дейін соғысыңдар». Ол сондай-ақ, «Әнфәл» сүресінде: «Олармен бұзақылық жойылып, дін (ғибадат) Аллаһқа тән болғанға дейін соғысыңдар». Және осыған ұқсас мағынадағы аяттар көп. Сондай-ақ, Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты: «Маған адамдар  Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, және Мухаммед – Оның Елшісі екендігіне куәлік бермейінше, намазды орындап, зекет төлемейінше олармен соғысу әмір етілді. Ал егер олар мұны істесе, онда өздерінің өмірлері мен мал-мүліктерін менен қорғаған болады, ислам бұған рұқсат ететін жағдайлардан басқа, ал  жауапты олар Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһтың алдында береді». Ибн ‘Умардың, Аллаһ олардың екеуінен де разы болсын, хадисі. Оның сахих екендігіне әл-Бухари мен Муслим келіскен”. “Мәджму’ фәтәуә уа мәкәләт мутанәууи’ә” 18/70 қараңыз.

Джихадтың үкімі
шейх ‘Абдур-Раззақ әл-Бәдрдің «Джихадтын даналықтары мен ережелерінен жақсы жемістер» кітабын жариялауды жалғастырамыз:

Үшіншісі:

Джихадтың үкімі

Аллаһтың жолындағы джихад – ең ұлы ислами ұрандардың және ең маңыздың діни міндеттіліктердің бірі болып табылады. Және оның үкімі оның түрлері мен деңгейлеріне, сондай-ақ бұл міндеттілік жүктелетіндердің жағдайына байланысты өзгешеленеді.

Өз-өзімен джихад – әрбір мұсылманның міндеті болып табылады (фард айн), және оны ешкім біреу үшін орындамайды, өйткені ол әр адамның ерекшіліктерімен байланысты, және адамның бақыты мен жетістіктеріне тек оның өзі ғана қол жеткізе алады.

Сол сияқты шайтанмен джихад та әрбір тұлғаға міндетті болып табылады (фард айн), өйткені, ол негізінен әрбір адамға жеке белгіленген, бұл жөнінде Аллаһ Тағала айтқандай: «Шәксіз сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендер де оны дұшпан түтыңдар!» (Фәтыр, 6).

Атақты ғалым Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оған рахым етсін, былай деп айтты: “Шайтанға дұшпан ретінде қатынас жасау әмірі – онымен соғысуға және күресуге барлық күш-жігерді жұмсауға назар аудару болып табылады, ол – Аллаһтың құлымен жүргізетін соғысында бір демге болса да әлсіремейтін және қателіктерге бой бермейтін дұшпандай”. “Зад әл-Мә’ад” 3/6.

Кәпірлермен, екіжүзділермен және бидғаттардың және күнәлі істердің жақтаушыларымен джихадқа келер болсақ, бұл жердегі жағдай біраз өзгеше. Және джихадтың бұл түрі – әрбір мұсылманның не жүрегімен, не сөзімен, не мал-мүлкімен, не қолымен (осы түрлерінің қандай да бірімен) атқарылатын жеке міндеті болып табылады деген үкім – дұрысрақ болып табылады. Сондықтан, мұсылман осы түрлерлердің қандай да біреуін пайдаланып, күші жеткенше соғысуы керек. “Зад әл-Мә’ад” 3/72.

Жалпы үмметке қатысты ол – ұжымдық мінтеттілік (фард кифая) болып табылады. Егер мұсылмандардың жеткілікті саны оны орындаса, қалғандарынан оны орындау жауапкершілігі түседі. Олай болмаған жағдайда, егер (ол туралы) білімі және (оны орындау үшін) күші бола тұра оны орындамай қалдырса, олардың барлығы күнә жасайды. “Фәтх әл-Бари” 6/37, “Мәджму’ әл-фәтәуә Ибн Баз” 18/62 қараңыз.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Міне осылайша жақсылыққа үндеп, жамандықтан қайтару да – әрбір жеке адамға жүктелген міндеттілік (фард айн) болып табылмайды, ол, бұған Құран нұсқайтындай, ұжымдық міндеттілік (фард кифая) болып табылады. Және джихад – шақыру мен тыйым салудың ең жоғары нысаны болғандықтан, оған қатысты да осындай ұйғарым қолданылады. Бұл міндеттілік жүктелгендер оны орындамаса, оны орындауға қабілетті болғандардың әрбірі, мүмкіндіктеріне сәйкес, күнәһар болады. Өйткені, ол әрбір адамға, оның күш-қуатына сәйкес, міндетті болып табылады, бұл жөнінде Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын былай деп айтқандай: «Сендерден біреу күнәлі істі көрсе, оны қолымен өзгертсін. Егер ол мұны істеуге шамасы келмесі, онда – тілімен. Егер мұны да істеуге шамасы жетпесе, онда – жүрегімен. Және бұл – ең әлсіз иманның белгісі». “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/126 қараңыз.

Кәпірлерге қарсы джихад ұжымдық міндеттілікке жататындығы жөнінде айтылған сөзде, ғалымдардың ең тараған пікіріне сәйкес,  шабуыл джихады меңзеледі.  Олардың кейбіреулері бұл мәселеде бірауызды келісім (иджма’) бар екендігі туралы айтқан, және бұған дәлелдер де көп. Мысалы, Ұлы және Пәк Аллаһ  былай деп айтты: «Мүміндерден (соғысқа шықпай) отырушылар мен Аллаһ жолында малдары және жандарымен соғысушылар тең емес. Аллаһ малдарымен, жандарымен соғысушыларды дәрежеде арттырды. Сондай-ақ, барлығына да игілік уәде етті. Және соғысушыларды отырушылардан үстем кеңшілікке бөлеп, ірі сыйлық берді». (Нисә, 95).

Бұл аяттан ғалымдар Аллаһтың дініне шақыруды тарату мақсатымен мұсылмандар тарапынан басталған кәпірлерге қарсы джихад жеке міндеттілікке емес, ұжымдық міндеттілікке жатады, өйткені Ұлы және Құдретті Аллаһ аятты «Сондай-ақ, барлығына да игілік уәде етті» – деген сөздермен аяқтады деген  қорытынды шығарды. Өйткені, (аятта) мүминдердің екі тобы, ауыртпалықтарды бастан кешірмей (соғысқа шықпай) отырып қалғандар және соғысып жатқандар туралы айтылып жатыр, және Аллаһ олардың әрқайсысына да Аллаһ ең жақсы игіліктер уәде етті. Хафиз Ибн Касир бұған байланысты былай деп айтты: «Бұл аятта джихад жеке міндеттілік (фард айн) болып табылмайтындығына, алайда ұжымдық міндеттілікке (фард кифая) жатандығына дәлел бар”. “Тафсир Ибн Кәсир” 2/241 қараңыз.

Бұл дәлелдерге Абу Хурайраның, Аллаһ одан разы болсын, хадисі де жатады, онда Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кім Аллаһқа және оның Елшісіне иман келтіріп, намазды орындап және Рамазан айында ораза ұстаған болса, оны Аллаһ міндетті түрде Жәннәтқа кіргізеді, ол Аллаһтың жолында соғысқандығына немесе өзінің мекенінде болғанына қарамастан». Сонда сахабалар: “Йә, Аллаһтың Елшісі! Адамдарды қуантпайық па?” – деді.  Ал ол оларға былай деп жауап берді: «Ақиқатында, Жәннәтта Аллаһ жолында соғысатындар үшін Аллаһ әзірлеп қойған жүз дәреже бар. Әр дәреженің арасындағы арақашықтық жер мен аспан арасындағы арақашықтық сияқты. Және сендер Аллаһтан (Жәннәтті) сұрасаңдар, ақиқатында Жәннәттың ортасында және оның ең жоғарысында орналасқан Фирдаусты сұраңдар. Оның үстінде Рахманның Аршы орналасқан, ал одан жәннәт өзендері бастау алады». әл-Бухари № 2790.

Сондай-ақ ‘Абдуллах ибн ‘Амрдан оның мына сөздері жеткізіледі: “Бір адам Пайғамбарға, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, келіп, одан джихадқа қатысуға рұқсат сұрады. Сонда (Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), одан былай деп сұрады: «Сенің әке-шешең тірі ма?» Келген (адам): «Иә», – деп жауап берді. Ал Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты: «Ендеше оларға қызмет көрсетуде ынта таныт!». әл-Бухари № 3004, Муслим № 2549.

Ибн Кудама бұл хадиске былайша түсіндірме жасады: “Ата-анаға игілік жасау фард ‘айн (әрбір кісінің міндеті) болып табылады, ал соғысу фард кифаяға (ұжымдық міндеттілікке) жатады. Және фард ‘айнды орындау бірінші кезекте тұрады”. “әл-Муғни” 9/170 қараңыз.

Сонымен, зерттеуші-ғалымдардың тұжырымдауы бойынша, кәпірлерге қарсы джихад – фард кифая болып табылады. Дегенмен, джихад – фард ‘айн болатын, бұл жөнінде ғалымдар ескерткен, үш жағдай бар:

Бірінші жағдай мұсылман әскері дұшпанның әскерімен бет пе бет соқтығып қалған кезде орын алады. Бұл жағдайда ұрысқа қатысушының әрбірі соғысуға міндетті, және оған қашуға тыйым салынады. Өйткені, Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Ал және кім соғыс күні, соғыс майданын ауыстыру немесе топқа қосылудан басқа түрде кәпірлерге арқасын көрсетсе, әрине Аллаһтың қаһарына ұшырайды. Орны – Тозақ, нендей жаман орын!» (Әнфәл, 16).

Ескертпе:

Бұл – кәпірлердің саны мұсылмандармен тең, немесе екі есе көп болған жағдайға қатысты, алайда егер кәпірлер мұсылмандардан үш есе көп болса, онда соғыс майданында табандылық (ығыспаушылық) көрсету міндетті болып табылмайды, және әрі қарай жалғасатын жағдай пайда мен ситуацияға байланысты болады. Егер, кәпірлердің саны басым болуына қарамастан, мұсылмандар олармен шайқасуға дайындалған болса және белгілі бір шығындармен тіпті оларға тойтарыс бере алатын болса, онда олар ұрыс майданынан кетпеуі керек. Бірақ, кәпірлердің саны басым келсе және олар әскери дайындықта және қару-жарақта күшті болса, және оларға қарсы тұру мұсылмандардың ешбір мән-пайдасыз өлуінен басқа ешнәрсеге әкелмесе, онда соғыс майданынан кету керек болады, және шегінген мұсылмандарда күнә болмайды! Тіпті кейбір имамдар бірауызды келісім бойынша мұндай жағдайда шегіну міндетті  (уәжіп) болады деп айтқан, бұл жөнінде  Абу әл-Ма’али жеткізгеніндей. “Тахқық әл-джихәд” 50 қараңыз.

Ибн ‘Аббас айтатын: “ «Егер сендердің араларыңда сабырлылардан жиырмасы болса, олар екі жүзді жеңіп шығады» деген аят түскенде, бұл мұсылмандарға ауыр болды, және оларға адам санының арақатынасы бірге он болғанда қашып шегінбеу әмір етілген еді.  Кейін: «Енді Аллаһ сендердің ауыртпалықтарыңды жеңілдетті, өйткені Оған сендер әлсіз екендерің мәлім» деген жеңілдік түсірілді”. әл-Бухари 4/251.

Сондай-ақ Ибн ‘Аббас, осы екі аятты оқып болып, былай деп айтты: “Егер адам үшеуден қашса, бұл – соғыс майданынан қашу емес, қашу бұл – екеуден қашу”. Ибн әл-Мубарак 235, Са’ид ибн Мансур 2538. Иснады сенімді.

Екінші жағдай дұшпанның мұсылман мемлекетіне шабуыл жасауымен және оны қоршауға алумен байланысты. Бұл жағдайда осы елдің халқы олармен соғысуға және оларға қарсылық көрсетуге міндетті болады.

Үшінші жағдай мұсылмандардың әмірі жалпы мобилизациялау туралы жариялағанда, немесе нақты біреуді белгілі бір тапсырманы орындауға бекіткенде туындайды.

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Әй мүміндер! Сендерге не болды? «Аллаһ жолында соғысқа шығыңдар», – делінген кезде, салмақтарыңды жерге салдыңдар.» (Таубә, 38).

Сондай-ақ бұған Ибн ‘Аббастан, Аллаһтың олардың екеуінен де разы болсын, Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Меккені алған күні: «(Мекке) Алынғаннан кейін хижра жоқ, бірақ джихад және ниет қалды. Және егер сендерді шығуға шықырса, шығыңдар!» – деп айтқаны жеткен хадис те нұсқау болады. әл-Бухари № 2783, Муслим № 1353.

Сөйтіп, осы аталған үш жағдайда, джихад – әрбір мұсылманның міндеті (фард ‘айн) болады. шейхуль-ислам Ибн Таймия “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/80, “Фәтх әл-Бари” 6/37-38, шейх Ибн Баз “Маджму’ фатауа уа макалят” 18/62, 163 қараңыз.