Жоба туралы

26 Июль 2009

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын!

Бұл сайт – тек терроризм тақырыбына ғана арналып ашылған сайт! Өйткені, бүгінгі күндері көптеген надан адамдар оны Ислам дінімен байланыстырып жүр, алайда, шын мәнінде, оның  дінімізге еш қатысы жоқ!

Аллаһ Тағала Өзінің соңғы Кітабында былай деді: «Өздеріңмен соғысқандармен Алла жолында соғысыңдар да, шектен шықпаңдар. Расында, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді», (Бақара, 190).

Тағы Аллаһ айтты: «Және Аллаһ тыйым салған кісіні өлтірмеңдер, жазықты болса ғана болады», (Әнғам, 151).

Аллаһ Тағала тағы да былай деді: «Жер жүзі түзетілгеннен кейін, бұзақылық жасамаңдар!», (Ағраф, 56).

Тағы Аллаһ айтты: «Ей, иман келтіргендер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елге деген жек көрініш сендерді әділсіздікке апармасын», (Мәида, 8).

Абу Зарр жеткізген хадисте, Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:  «Аса Құдыретті, Ұлы Аллаһ былай деді: «Ей, менің құлдарым, шын мәнінде, Мен Өзіме зұлымдықты тыйым салдым және оны сендердің араларыңда да тыйым саламын. Енді біріңе-бірің зұлымдық етпеңдер!», Муслим, 2577.

Рабаха ибн Раби` келтірген хадисте, жорықтардың бірінде пайғамамбарыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқаны хабарланады: «Халидке қарияларды, әйелдер мен жұмысшыларды өлтірмесін деп айтыңдар!», Ахмад 3/488, Абу Дауд 1/416. Хадис хасан, “ас-Силсилә ас-сахиха” 2/314..

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Өзіңе опасыздық жасағанға, опасыздықпен қайтарма!», ат-Тирмизи 1264, Абу Дауд 3534. Хадис сахих, “ас-Силсилә ас-сахиха” 423.

Тағы да Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Мұсылман адамға басқа мұсылманды қорқытуы тыйым салынған!», Абу Дауд 4351, ат-Тирмизи 3/431. Шейх аль-Албани бұл хадисті сахих деген.

Тағы да Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Жәбір көрген адамның, ол кәпір болса да, дұғасынан қорқыңдар. Себебі оның дұғасы мен Аллаһтың арасында бөгет жоқ!», Ахмад, Абу Я’ля, ад-Дыя. Хадис хасан, См. «Сахих ал-джами’» 119.

Тағы да пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Кімде-кім му`аһадты өлтірсе, қырық жыл қашықтығына тарайтын жәннәтың йісін де сезбейді», Бұхари, 2995.

Хафиз ибн Хажар айтты: «Бұл хадисте джизия төлеу арқылы болсын, басшымен бейбітшілік келісім жасау арқылы болсын немесе мұсылманның берген қауіпсіздік кепілі арқылы болсын мұсылмандармен келісімі бар дінсіз (кәфир) туралы айтылуда». “Фатхул-Бари” 12/259.

Тағы да пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Шын мәнінде, мен, біреуге, ол кәпір болса да, қауіпсіздік кепілін беріп, кейін оны өлтірген адамға еш қатысым жоқ», Ахмад 5/223. Ибн Маджаһ 2/896, хадис сахих.

Тағы да Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кімде-кім му`һадқа жәбір көрсетсе немесе қысымшылық жасаса, немесе оның шамасынан тыс нәрселер жүктесе, немесе оның қалауынсыз заттарын тартып алатын болса, онда расында мен Қиямет күні оған қарсы куәлік етемін», Абу Дауд 3052, ал-Байхақи 9/205, хадис сахих.

Хафиз ибн Абдул-Барр былай деді: «Имамдардың барлығы опасыздықтың тыйым салынғандығына бірауызды келіседі». “ат-Тамхид” 24/233.

Имам Абу Бакр ибн ал-Араби айтты: «Мұсылмандармен соғыспайтын да, соғысатын да кәпірлермен әділ болу керек». “Ахкамул-Қуран” 4/288.

Имам аш-Шафи`и былай деді: «Егер соғысатын кәпір (харбий) мұсылман еліне қауіпсіздік кепілдігімен кіріп, қайтыс болса, оның мал-мүлкіне тиісуге болмайды. Әрі мұсылман басшысы оның мал-мүлкін туыстарына, олар қай жерде болса да жіберуі қажет». “ал-Умм” 4/296.

Имам Мухаммад аш-Шайбани айтты: «Егер мұсылмандардың бір тобы олармен соғысатын кәпірлерге (харбий) келіп: «Біз халифтың елшілеріміз», деп кіріп, халифтын хатын көрсететіндей, бір қағаз шығаратын болса немесе ештеңкені шығармай-ақ та қойсын, бұның барлығы көпқұдайшыларға қарсы жасалған опасыздық, сатқындық деп есептеледі. Ал егер де әлгі кәпірлер оларға: «Кіріңдер» деп, олар болса жаудың жеріне кіріп алса, онда оларға сол аймақта жүргендерінше жаулардың бірін өлтіріп, заттарынан бір нәрсе алуға тыйым салынады». “ас-Сияр ал-кабир” 2/66.

Хафиз ибн Абдул-Барр айтты: «Егер оған қауіпсіздік кепілі берілген соғысатын кәпірдің қаны тыйым салынса, онда әр таңы мен кешін Аллаһтың қорғауында қарсы алатын мұсылман туралы не десе болады?! Оған қарсы опасыздық жасау немесе оны өлтіру туралы пікірің қандай болатын еді?». “ал-Истизкар” 14/84.

Шейхул-ислам Ибн Таймийя айтты: «Сөз бар: «Шын мәнінде, Аллаһ әділдік жасайтын елге көмек береді, ол кәпір елі болса да. Және залым елді жәрдемсіз қалдырады, ол мұсылман елі болса да». “Маджму’ул-фатауа” 28/63.

Егер де біреу бұл сайттын авторларын кәпірлерге жалпақтауда немесе соған ұқсас нәрселерде кінәлауға батылы жетсе, онда Аллаһтың елшісін де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), бұл үмметтің ғалымдарын да кәпірделді жақтауда кінәласын!

Бұл сайт Аллаһ Тағала разылығы үшін әрі Исламның таза кейіпімен танысуды қалайтын адамдарға Исламның опасыздыққа, еш ақысыз адам өлтіруге, ұрлыққа, зорлық-зомбылыққа және с.с. ешқандай қатысы жоқтығын жеткізу үшін жасалған.

Проект әзірше жаңа, әрі Аллаһтың қалауымен оған жаңартулар мен толықтырулар еңгізіледі.

Бұл проекттің негізінде әйгілі www.fatwa1.com/anti-erhab атты сайт жатыр.

Осы сайттан алынған мағлұматтарды мүмкіндігінше шығарамыз.

Тағы да негіз ретінде біз, арнайы терроризм тақырыбына бөлек жұмыстарын жазған, көптеген ғалымдардың еңбектерін алғымыз келеді, мәселен:

  1. «ал-Ирһаб асбабуһу уа ‘иләджуху уа мауқиф ал-муслим минәл-фитан» шейх Салих ас-Сухайми.
  2. «аль-Ирһаб уа асаруһу ‘аля ал-афрад уал-умма» Зайд аль-Мадхали.
  3. «ал-Амн фи хаяти-ннас уа аһамиятуһу фил-Ислям» шейх ‘Абдуллах ат-Турки.
  4. «ат-Татарруф уал-ғулю уал-ирһаб»  шейх ал-Альбанидің шәкірттері: Машһур ибн Хасан Али Сальман, ‘Али аль-Халяби, Мухаммад ибн Муса Наср, Салим аль-Хиляли, Басим аль-Джауабра.
  5. «аль-Ирһаб уаль-ғулю» шейх ‘Абдур-Рахман аль-Люуайхик.
  6. «Асар ал-инхираф ал-и’тикадий ‘аля ал-ирһаб аль-‘алямий» доктор Са’д ибн ‘Али аш-Шахрани.
  7. «аль-Ирһаб фи мизан аш-шари’а» доктор ‘Адил ‘Абдуль-Джаббар.

www.fatwa1.com/anti-erhab сайты және аталған еңбектер, Аллаһтың қалауымен осы проекттің қайнар көзі болып қызмт атқарады.

Тағы да біз, осы проектке атсалысып жүрген, Медина қаласының кейбір сдуденттердің жіберген мағлұматтарына сүйендік, сол сияқты біз келесі сайттардың мағлұматтарына сүйендік:

Исламға қарай

Саләф форум

Ислам нұры

Сүннетке қарай

Комментарий жазу бөлімі бастыпқыдан-ақ алынып тасталған, өйткені бұл әр-кім өз пікірін жазатын форум емес.

Барлығымызға Аллаһ көмек берсін!

«Сондай жаман ісі өзіне әдемі көрініп, оны жақсы деп есептейтін біреу, тура жолдағымен тең бе? Расында, Аллаһ қалағанын адастырып, қалағанын тура жолға салады», (Фатыр, 8).

«Осы соңғы тұрақты (жәннәтты) Біз, жер жүзінде өзін-өзі көтеріп, бұзақылық ізденбегендерге нәсіп етеміз. Расында, соңғы табыс тақуалар үшін!», (Қасас, 83).

Комментирование отключено.