Browsing » Декабрь 2010

Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару мәселесіне қатысты қосымша тараулар

Шейх Бәндар әл-Утәйбинің «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару» тақырыбындағы ғылыми пікірталас» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. ҮШІНШІ БӨЛІМ ҚОСЫМША ТАРАУЛАР Бірінші тарау Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару мәселесіндегі түйіндеме Кім Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарса (билік құрса) және шешім шығарса, тек оның өзінің мойындауы бойынша төменде [...]

Конституция және барша үшін міндетті заңдар жасап шығару (тәшри‘ ‘ам)

ТОҒЫЗЫНШЫ ЖАҒДАЙ: Конституция және барша үшін міндетті заңдар жасап шығару (тәшри‘ ‘ам) Бұл – адамның заңдар шығарып, оларды орындауға өзінің билігі жүретіннің барлығын міндеттеуі. Ол Шариғаттың үкімдерін басқалардың үкімдерімен ауыстырады және өзінің билігі жүретіндердің барлығын оларды орындауға міндеттейді, сонымен бірге жоғарыда аталып кеткен құбылыстардың біреуі де орын алмайды. Яғни адам осыны халәл деп тұрып алмайды [...]

Өз заңдарын жасап шығару (такнин)

СЕГІЗІНШІ ЖАҒДАЙ: Өз заңдарын жасап шығару (такнин) Бұл – адамның Шариғатты басшылыққа алудың орнына өзі шығарған заңдарың және үкімдерін басшылыққа алуы. Ол өзі заңдар мен үкімдерді ойлап шығарады және сонымен бірге жоғарыда аталған құбылыстардың біреу де орын алмайды. Яғни адам осыны халәл деп тұрып алмайды (истихләл), теріске шығармайды (джухд), өтірік деп санамайды (такзиб), Шариғаттан жақсырақ [...]

Ауыстыру (истибдәл)

ЖЕТІНШІ ЖАҒДАЙ: Ауыстыру (истибдәл) Бұл – адамның Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруы (билік құруы) және шешім шығаруы және сонымен бірге жоғарыда аталған құбылыстардың ешқайсысының орын алмауы. Яғни адам осыны халәл деп тұрып алмайды (истихләл), жоққа шығармайды (джухд), өтірік деп санамайды (такзиб), Шариғаттан жақсырақ өзге қандайда-бір нәрсе бар деп айтпайды (тәфдыйль), басқа бір заңдар мен басқару [...]

Алмастыру (тәбдийль)

АЛТЫНШЫ ЖАҒДАЙ: Алмастыру (тәбдийль) Бұл – адамның Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруы (билік құруы) немесе шешім шығаруы және сонымен бірге Аллаһтың Шариғатымен басқарып (билік құрып) тұрғанын айтуы. Осы жағдайға қатысты Шәриғаттың үкімі: бұл іс-әрекет адамды кәпір ететініне және үлкен күпірліктің (куфр акбар) санатына жататынына ғалымдар бір ауызды келіскен. Дәлелдер: Ғалымдардың бір ауызды пікірі. Ибн Таймийя, [...]

Бет: 1123